Главная страница

дипломная работа. 3-др-5В011100-Акерке Жаңыл-cонғы. 1. информатика сабаында оушыларды логикалы ойлауын дамытуды теориялы аспектілері


Скачать 1.08 Mb.
Название1. информатика сабаында оушыларды логикалы ойлауын дамытуды теориялы аспектілері
Анкордипломная работа
Дата24.05.2020
Размер1.08 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файла3-др-5В011100-Акерке Жаңыл-cонғы.doc
ТипДокументы
#125071
страница1 из 3
  1   2   3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Психология мен педагогика тұрғысынан ойлау

1.2. Оқыту процесінде ойлауды дамыту мәселесі

1.3. Информатика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жолдары мен құралдары

2. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Мектеп бағадарламасындағы логикалық есептердің классификациясы

2.2 Логикалық есептерге байланысты негізгі ұғымдар

2.3 Логикалық есептерді шешудің ерекшеліктері.

3. ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ

3.1 Информатика пәнінен логикалық есептер шешу бойынша әдістемелік ұсыныстар

3.2 Информатика пәнінен логикалық есептерді шешу әдістемесі бойынша сабақтар жүйесі

3.3 Әзірленген әдістемелік жүйені қолдану нәтижелеріне талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

Кіріспе
Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту”, - деп атап көрсетілген.

Адамның қасиеттерінің бірі - есепті дұрыс шеше білу. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан әрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті – қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, логикалық есептерді шеше білу.

Логикалық есептер – адамның жеке ойлау қабілетін жаттықтыратын және сынау қажеттілігін қамтамасыз ететін өзіндік  «ой гимнастикасы» болып табылады. 

Логика дегеніміз - спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды, сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де үлкен өнер.

Ой-әрекетті дамыту үшін оқу материалдарына теориялық талдау жасауға, өз бетінше қорытындыға келуге айрықша мән беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.

Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін жақсартады. Логикалық есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс істеу әрбір оқушыға тиімді. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптасады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Информатика сабақтарындағы логикалық есептерді шешуге үйрету әдістемесін жасау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • тақырыпқа сәйкес мәліметтер жинақтау, әдебиеттер тізімімен танысу,

  • оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың теориялық аспектілерін қарастыр,

  • мектеп бағдарламасында логикалық есептерді қолдану ерекшеліктерін қарастыру,

  • информатика сабақтарындағы логикалық есептерді шешуге үйрету әдістемесін әзірлеу.



1. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Психология мен педагогика тұрғысынан ойлау
Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала.

Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.

Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы.

Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйымдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан:

  • терапевттік,

  • қоғамдық,

  • кәсіпкерлік,

  • кей жағдайда саясаттық және теологиялық.

Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым —қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.

Психологияның зерттеу әдістері


Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері

1

Психология салалары

Сипаттама

1

Еңбек психологиясы

Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

2

Педагогикалық психология

Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы.

Тармақтары:

1. Оқыту;

2. тәрбие;

3. Ұстаз.

3

Медициналық психология

Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.

4

Инженерлік психология

Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор

5

Жас ерекшелік психологиясы

Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы.

Тармақтары:

1. Балалар;

2. Жеткіншектер; #3. Жастар;

4. Ересектер (акмиология);

5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).

6

Арнаулы психология

Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары:

1. Олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі;

2. Сурдопсихология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді;

3. Тифлопсихология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.

7

Салыстырмалы психология

Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

8

Әлеуметтік психология

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.

9

Әскери психология

Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.


Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:

1) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.

2) Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.

Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.

Педагогикалық психология — балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты.

Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады:

тәрбие психологиясы, 

оқыту психологиясы, 

мұғалім психологиясы.

Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі — педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.

1.2. Оқыту процесінде ойлауды дамыту мәселесі

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.(5.28)

Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.

Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасынөзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

1.Практикалық іс-әрекеттілік.

2. Көрнекі-бейнелік

3.Сөздік – логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.

1/ Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/

2/ Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау/ т.б.

3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

5/  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.

Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.

Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.

Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:

-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:

-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ,синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б./ оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/

-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.

-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.

-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.

-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б./

-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.

-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі (6.32)

Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.(7.57)

Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:

1.Ойлаудың икемділігі.

2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.

3.Ойлаудың сынилығы.

4.Ойлаудың мақсаттылығы.

5.Ойлаудың жалпылығы.

6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.

7.Анықтылығы,дәлелдігі.

Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың  интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.

Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.

Ақыл-ой еңбегі мәдениеті --- ойлау мәдениеті--- сыншыл ойлау мәдениеті.

Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.

Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында ол “Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері”. Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу (8.43).

Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды.

Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуы/мұғалімі тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды машиналармен/ жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі басқару және өзін өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оныңмеңгерген өзіндік жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды керекті себептендіруді /мотивация/ тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға /рационализация/ қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады.

Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз.

Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай  етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ.

Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.

Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/ дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.

Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады.

Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: “оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын (9.102)

Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді.

Ол, шын мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.

Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады.

Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша өзекті мәселеге айналдырды.

Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады.

Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады:

1.структуралық/құрылымдық/-оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы жағынан;

2.функционалды /қызметтік/ - оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан;

3.информативтік /ақпараттық/ - осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан;

Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі.

Ұстаз оқушының танымдық әрекетін мақсатты түрде басқару арқылы нәтижесінде оқушыда белгілі бір анық білім қоры, дағдылар мен тіліктер қалыптасады.

К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: “оқыту процесі оқушының кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет” (10.97).

Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады.

Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы, оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренімділіктің, оқытылымдықтың өсуі, яғни барынша үнемді түрде мүмкін болғанша неғұрлым мол білімділік және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады.

Өзіндік жұмыстар арқылы оқушыларды оқытудың әдістері мен психологтар мен дидактиктер жасаған оқушыны ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан бұл тәсілдер де оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады. Ақыл-ой әрекетінің кең көлемді тәсілдерін, яғни ойлау әрекетінің әртүрлі жағдайында қолданылатын және оқу материалдарының көптеген түрлеріне ортақ болатын жалпы тәсілдерді және әрекеттің тар белгілері бір жағдайында ғана пайдаланылатын арнаулы тәсілдерді ажыратып, екіге бөліп қарастырылғанымен, бұл екеуінің арасында қатаң шекара жоқ. Екеуі де ақыл-ой тәрбиесіне көмегін тигізеді, бірақ олардың ықпалдығы бірдей дәрежеде емес.

Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі. Ал мектептегі білім беруде әрекет етудің бұл салалары оқу пәндеріне айналатыны белгілі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады.

Педагогика мен психологияны да дамытудың көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы, Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді:

1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет;

2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне ауыстырылып қолдана білуі болып табылады;

3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең және оның шарттары да күрделі бола түседі, бұл оқушының қаншалықты дамуын, яғни даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттарының көптігі мектепте дамытуға қажетті танымдық сапалардың көптігін береді.

Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі керек. Бір сабақтарда даму және меңгеру анық көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін.

Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды шешудің оқу танымындағы жолына қарай ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына және таным процесінің заңдылықтарына байланысты анықталады: бірқатар оқушылар жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз болады, бірқатар оқушылар талдау жасай алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан келе бермейді.

Оқушылардың бұлайша әр деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды құрастырудың объективті негізі ретінде танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру қажет болады.

1.3. Информатика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту жолдары мен құралдары

Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту”, - деп атап көрсетілген.

Қазіргі таңда мұғалім оқушыға ақпарат ағыны өміріндегі жол сілтеушісі, бағыттаушысы болу керек. Сондықтан да өзінің ісіне берілген және пәнге деген қызығушылығы зор мұғалім, келешекте оның шәкірттерінен бәсекеге қабілетті, білімді, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына өз үлесін қосуды армандайды. «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әр сыныптың мүшесіне үлгілі қасиеттерді дарытып, бойына сініру арқасында болашақ тұлғаны жасайтын жоғары деңгейде маманданған кəсіпқой мұғалім.

Мектеп әрқашанда оқушыларға терең де, нақты білім беруге тырысады. Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық қабілеттерін қалыптастыру мәселесі – қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Оқушы бойындағы шығармашылық қабілет әрдайым қолдау тауып, ынталандырылып отыруы керек.

Шығармашылық – бұл адамның өзіндік ұмтылуы, ізденісі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам өз бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың жоғалып кетуіне жол бермеуі керек, себебі бұл қабілеттер өмірден өз орнын табуға септігін тигізеді.

Шығармашылық қабілетті дер кезінде дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда ол шектеліп, тоқырап қалуы мүмкін.

Осыған байланысты шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі – өзіне өзі сенбеу, екіншісі – өз ісіне риза болмау, ал үшіншісі - жалқаулық. Осындай жағдайға жол бермеу үшін мына шарттарды орындау керек.

1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру)

2. Қызығушылық пен белсенділікті арттыру.

3. Оқушы қабілеті мен жас ерекшелігіне сай әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды орындау.

4. Кездесетін қиындықтар мен сұрақтарды шешуге көмек көрсету.

5. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу кезінде теория мен практика әрдайым кезектесіп жүру керек.

Шығармашылық жұмыстардың арқасында оқушылар өздерін еркін ұстап, әр түрлі жұмыс түрлерін өздері жасайды. Оқытушы өз шығармашылығы, тапқырлығы негізінде оқушының шығармашылығын қалыптастырады, оны дамыту жолдарын қарастырады.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктері ашып көрсету. Кез келген оқушы менің басшылығымен немесе арнайы берілген шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Балалардың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылу мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетін мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмалар қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек. «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз :

- барлық логикалық ойлау операцияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру ;

- ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;

- трансформация әрекетін, яғни, объектіні өзгерте білу қабілеттерін жетілдіру.

Ұсынылып отырған анықтаманың негізінде бастауыш сыныптарда логикалық ойлауды дамыту жүйесі анықталды.Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады.

1.Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру:

-талдау;

-жинақтау;

-салыстыру;

-жалпылау;

-саралау.

2.Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту:

- әртүрлі болжам, пікір айта білу;

- мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.

3.Трансформация әрекеттін жетілдіру:

- заттарды бөліктері арқылы құрастыру;

- объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.

1.Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру жолдары:

- заттардың, сөздердің, сандардың қасиеттерін сипаттау.

- берілген қасиеттерге сай заттарды тану;

-заттардың, сөздердің, сандардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау;

- заттардың мәнді қасиеттерін белгілеу;

- заттарды, сөздерді, сандарды өзара салыстыра білуге үйрету;

- заттарды, сөздерді, сандарды топтау;

- оқиғаның тізбектілігін анықтау;

- қарама-қарсы құбылыстар жайлы пайымдау;

- әртүрлі ұғымдарға анықтама беру.

2.Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту жолдары:

- проблемалық жағдайлар тұрғызу;

- проблемалық сұрақ қою;

- шағын пікірталас өткізу;

- табиғат құбылыстарын, әртүрлі адамдардың іс-әрекетін, көңіл- күйлерін бақылау, қорытынды шығару.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Олар мынадай:

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.

3. Шығармашылыққа бағытталған практикалық және лабороториялық жұмыстар беру.

Қорытынды : өзіміздің іс-тәжірибемді қорыта келгенде мынадай ой түюге болады.

1. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолданып, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.

2. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.

3. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық іс-әрекетке қабілеттері артады.

Қорыта айтқанда сабақ барысында шығармашылық қабілеттеі дамыту келешекте бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлауға септігін тигізеді.
2. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Мектеп бағадарламасындағы логикалық есептердің классификациясы

Логикалық тапсырмалар классификацияларының түрлі сараптама нәтижелері олардың қандай да бір жіктелімнің негізі болуына обьектілердің өзара қатынасы әсер ететінін және сол арқылы кейбір типтегі тапсырмалардың шешімі құралатынын көрсетті. Сондықтан оқушының тапсырманың қай типтегі тапсырма екенін түсінуі, оның өз әрекеттерін саралай алатындығының бірден бір көрсеткіші болып табылады. Яғни, оқушыларды логикалық тапсырмаларды шешудің түрлі тәсілдеріне үйрету үшін - әр түрлі шешімі бар тапсырмалар тобын байланыстыру арқылы, қолданыстағы классификацияларды жүйелендіру қажет екенін көреміз.

Әдебиеттерді саралау барысында логикалық тапсырмалардың түрлі классификациялары бар екені анықталды. Қолданыстағы логикалық тапсырмалардың классификацияларын жүйелендіру үшін олардық қандай классификациялық тараулардан тұратынын саралауымыз қажет. Сараптама нәтижесінде логикалық тапсырмалардың қолданыстағы классификациялары 31 классификациялық тараудан тұратынына көз жеткіздік.Аталмыш классификациялық тарауларды келесідей негіздерге бөлейік:

А) Сюжеттік логикалық тапсырмалар:

1) Қатынас тапсырмалары

1.1) транзитті қатынас тапсырмалары, 1.2) қате шарттары бар тапсырмалар, 1.3) ауыспалы емес қатынас тапсырмалары, 1.4) бірнеше қатынастағы тапсырмалар 1.5) теңдік қатынастағы тапсыралар, 1.6) қатынастағы элементтерді салыстыру ;

  1   2   3


написать администратору сайта