ИНКЛЮЗИВжауаптар. 1 Ммкіндігі шектеулі балалара оамны кзарасы
Скачать 145.14 Kb.
|
13 Білім беру үрдісінде ерекше қажеттілікке мұқтаж балаларға кешенді қолдау көрсетуді ұйымдастыру Жалпыға білім беру ұйымында оқитын қажеттіліктері ерекше балаларға кешенді Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің мақсаты – баланың дұрыс дамуын, социумға табысты енуін қамтамасыз ету. Жалпыға білім беру мектебінде оқитын қажеттіліктері ерекше балаларға психологиялық педагогикалық қолдау көрсетудің міндеттері: • бала дамуында қиындықтардың пайда болуының алдын-алу; • балаға дамудың, білім алудың, әлеуметтенудің өзекті мәселелерін шешуге көмек (қолдау) көрсету: сабақ оқудағы қиындықтар, білім алу мен кәсіп таңдау мәселелері, эмоционалдық-жігерлік саланың бұзылуы, қатарларымен, мұғалімдерімен, ата-аналарымен қарым-қатынастағы қиындықтар; • білім беру бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету; • оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың құзіреттіліктерін жетілдіру кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету екі келісілген үдерістерді қамтамасыз етуге бағытталған : Баланың дамуына қолдау көрсетуге және оны оқыту үдерісіне, орын алған бұзылушылықты түзетуге немесе азайтуға бағытталған түзету жұмысына, және баланың жасырын мүмкіндіктерін ашуға, даму деңгейін жоғарлатуға бағытталған дамыту жұмыстарына қолдау көрсету, Кешенді технология – балаға қолдау көрсетуді оған даму, білім мен тәрбие алу, әлеуметтену мәселелерін шешудегі көмек көрсетудің ерекше жолы. Қажеттіліктері ерекше балалар үшін біртұтас түзете-дамыту жүйесін құру, әртүрлі жан-жақты мамандарды тартуды талап ететін қиын шаруа. кіріктірілген мектеп жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету білім беру үдерісінің барлық мүшелерімен әрекеттесіп жүзеге асқан жағдайда ғана тиімді болады 14 Арнайы сыныптардың қызметін ұйымдастыру ұстанымдары Арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру ұстанымы оқушылардың Ерекше білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктері сәйкес сапалы білім алу құқықтары ұстанымы негізінде іске асырылады. Негізгі ұйымдастыру ұстанымдарына келесіні жатқызуға болады: оқушылардың ерекше білім беруге қажеттіліктерін ескеру; орта білім беру ұйымдарында арнайы білім беруге жағдай жасау; ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды іске асыруда командалық тәсіл; арнайы сыныпта оқитын оқушылардың кез-келген оқыту кезеңінде жалпы білім беруге бірігуі. Арнайы білім беру ұйымдарына: 1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары; 2) арнайы түзету жеке, топтық және шағын топтық дамытушы, диагностикалық бағдарламаларды іске асыратын ұйымдар; 3) әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау үшін көрсеткіштерді белгілеу, арнайы білім беру бағдарламаларының үлгісін айқындау және білім беру ұйымына жіберу мақсатында мүмкіндіктері шектеулі балалардың психологиялық-дене дамуындағы бұзылыстарды диагностикалауды жүзеге асыратын ұйымдар (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар) жатады. 4. Арнайы бiлiм беру ұйымдары жалпы бiлiм беру ұйымымен негiзгі мiндеттердi шеше отырып, бiр мезгiлде жоғалтқан функцияларды қалпына келтiруге, бастапқы және қайталама ауытқуды түзетуге, сақталған талдауыштардың функцияларын дамытуға бағытталған бейіндік функцияларды орындайды. 15 Жалпы білім беретін мектептердегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамыта қолдау Есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi, жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды арнайы сыныптар жағдайында түзете-дамыту қолдау осы санаттағы оқушылардың нақты ерекшеліктері ескерілген олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағанттарндыруды кешенді тәсілмен қамтылады. Кешенді тәсілдер компоненттері арасынан: − оқу процесін мейлінше жекелендіруге және педагогикалық қорғау тәртібін қамтуға мүмкіндік беретін сыныпты ең көп толықтыруды; − дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес эмоционалды, сенсорлы, моторлы және когнитивті дамуын ынталандыруды қамтамасыз ететін пәндік-кеңестік және әлеуметтік ортаны; − дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар оқушылардың қажеттіліктерін ескеретін арнайы дидактикалық материалдарды қолдануымен Арнайы және бейімделген бағдарламалар, оқулықтар бойынша оқытуды; − бұзылған қызметін жоюға және/немесе теңелтуге бағытталыған, әр санаттағы оқушылардың өзіндік түзету бағытындағы Арнайы пәндерді оқу жоспарына енгізуді; − мамандармен (логопедпен, арнайы педагог-дефектологпен, психологпен, ЕДШ инструкторымен) жеке және топтық түзету сабақтарын; − арнайы педагогикалық технологияларды, техникалық құралдарды (мысалы, дыбысты күшейтуші аппаратура, оқу машиналары) мен АКТ-ны қолданылатын барлық оқу-тәрбие процесінің түзету бағытын; − арнайы сыныптарды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға педагогтердің кәсіби дайындығын; − балалардың үйлесімді қарым-қатынас жасауға бағытталған мүмкіндіктері шектеулі және дені сау балалардың әлеуметтік өзара әлеуметтік қарым-қатынастарды ұйымдастыру атау керек. Әр санаттағы оқушыларды оқыту процесінде түзете-дамыта қолдауды қамтамасыз ету үшін кешенді тәсіл ағзаның сақталған және бұзылған қызметінің сабақтасу ерекшеліктерін ескерілуімен іске асырылады. 16 Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсету Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жан-жақты дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе. ППҚ қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары : -ППҚ қолдауының мақсаттылығы -ППҚ қолдаудың үздіксіздігі - ППҚ қолдаудың бірізділігі -ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі мамандарының біріккен жұмысы) - ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігі. 17 Білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау шарттары “Ерекше” балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдау жүргізіледі: Ата-анасының жазбаша өтініші немесе өзге де заңды тұлғалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының сараптамасы бойынша (оқыту формасын ұсынды). “Ерекше” балаларды оқытатын сыныптар: Кіріктірілген оқыту сыныптары – 3-тен кем емес “ерекше” баланың жалпы білім беру үдерісіне қатысуы; Жартылай кіріктірілген – жалпы білім беретін мектепте арнайы білім беру және материалдық-техникалық жағдай жасау. Коррекциялық – педагогикалық қолдау дефектолог, психолог, әлеуметтік пелагогпен бірлестікте жүргізіледі. 18 Психологиялық-педагогикалық консилиум Педагогикалық – психологиялық консилиум мақсаты: Сынып ұжымы мен әрбір жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттеу; - Әрбір оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдайларды ұйымдастыру, білімі мен біліктілік дағдысындағы кемшіліктерді жоюдың педагогикалық шаралар жүйесін, белгілі бір бір педагогикалық көзқарасын туғызу Педконсилиумның міндеттері: Мұғалімнің оқушыны білім беру барысында субьект ретінде түсінуін кеңейту; Аталған сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерін әрбір оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру; Оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, білім беруде келесі мәселелерді шешуге және жұмыс барысында кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстарды жазу; Мұғалімнің аталған сыныппен жүргізетін іс – әрекетінің негізгі педагогикалық – психологиялық бағыттарын анықтау Педагогикалық психологиялық консилиум тиімділігі: Оқушыларға жекелеме ықпал жасау тәжірибесімен ортақтасу көзделеді Сыныпқа оқу – тәрбие жұмысында біріңғай талап қоюға, сабақтың міндеттерін дәл қоюға, мұғалімнің уақытын үнемдеуге, жан – жақты дамытып жетілдіру үшін оқыту және тәрбиелеу шараларын белгілеуге көмектеседі Үлгермеушілікті және оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің жетіспеу себептерін анықтауға мүмкіндік береді Оқушыны жан – жақты дұрыс білуге бағыттайды 19 Инклюзивті білім беру жағдайында мамандардың өзара ортақ қызметтері Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғалімі: оған берілген балалардың денсаулығы мен өмірі үшін тікелей жауапты мектеп сабақтарын, экскурсиялар, сыныптан тыс шаралар мен ойын-сауықты балалардың жасына сай, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және бағдарламалық материалдарға сәйкес жоспарлайды және жүзеге асырады; сыныпта типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін жағдай жасайды; басқа мамандармен және мұғалімдермен бірге мерекелер, ойын-сауық және спорттық іс-шараларды дайындайды; барлық оқушылардың біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады (басқа мамандармен бірге); мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әрбір оқушыға жеке ыңғай жасайды Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғаліміне қойылатын тағы бір маңызды талап – медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің басты мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар, қазіргі таңда педагогтардың барлығы өздерінің белгілі бір салада «білмейтіндіктерін» мойындап, әріптесінің көмегін қабылдай алмайды. Инклюзивті білім берудің «алтын ережесі» - топта жұмыс жасау, осыған педагогтарды даярлауда ерекше мән беру керек. Арнайы педагогика саласында өзінің кемшіліктерін мойындау, әріптестері мен мамандардың көмегін қабылдау, мамандармен тұрақты байланысуға дайын болу қабілеті – топтағы жұмыстың негізі болып табылады. 20 Инклюзивті білім беру жүйесінде педагогтың оқушымен және ата-аналармен жұмыс барысы Мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу жағдайындағы білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналарға келесі ережелерді сақтау ұсынылады: - әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу; - өзін мамандар тобының мүшесі ретінде мойындау; - бір-біріне сыйластықпен қарау; - көмек беруге және алуға, кеңестер беруге, сыни ескертулер жасауға және оны тыңдауға дайын болады. - топтың ортақ мақсатын мойындау және сол мақсатқа жету үшін еңбектенуге тырысу. Ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізіледі. Баламен жасалған жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстырылып отырады. Ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіріліп отырады. Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А. Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана – бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден-бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпараттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Бала – ата-ана – педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ. 20) Мүмкіндігі шектеулі баланың білім беру және оңалту маршрутын, сондай-ақ оның білім беру ортасына интеграциялау формалары мен деңгейін таңдау мәселесі баланың дамуы мен мүмкіндіктері ескеріліп, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумда, оның ата-аналарының (заңды өкілдерінің) тікелей қатысуымен шешіледі. Балалар үшін дербестілігін біртіндеп ұлғайтуға, өз іс-әрекетін ересек адамның көмегіне жүгіндіруге, оқушылардың өз күшіне деген сенімін ұялататын тәжірибешілік немесе жеңілдетілген тапсырмаларға көшуге бағытталған түзету-дамыту жұмысы жоспарланады, Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыс формалары 1. Оқушылармен жеке және топтық түзету жұмыстары. 2. Үйде оқыту 3. Сабақтан тыс іс-әрекет. Жобалау іс-әрекеті мен түрлі бағыттағы үйірме жұмыстары оқушылардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. мүмкіндігі шектеулі балалар дамуының динамикасы мен жеке түзету-дамыту бағдарламаларының тиімділігін қадағалау; · түзету-дамыту жұмысын перспективтік жоспарлау. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум нақты оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыс жоспарының орындалуын талдайды, оқытудың келесі кезеңі үшін ұсынымдар береді. Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді. - даму бұзылыстарын ерте түзету; - балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау; - оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту; - өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру; - ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің айрықша ерекшелігі оның кешенділігі және арнайы педагогикалық көмекті қажет ететін балаларды уақытында анықтауға бағдарлану болып табылады. Қызмет әрекетінің мазмұны оқушылармен түзете-дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, балалардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын бейімдеу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара түсіністік пен әрекеттестікті нығайтуға ықпал ету. 21) 22) Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек [17]. Сонымен қатар, оларға қажет: − балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау; − әрекеттерді бекітілген оқу жоспарына емес, жағдайға байланысты жоспарлау; − барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін атааналармен өзара әрекеттесу; − сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен, шығармащылықпен орындау; − әр сыныпта оқушылардың белгілі бір бөлігінің оқуында қиындықтары болатындығын білу. Сонымен бірге, [17] балаға бағдарланған оқытудың белсенді әдістерін қолдануды ұсынады. Ол әдістер: − барлық балаларға ойнауға, оқуға және жауапкершілікті бөлуге көмектесу; − оқудағы қиындықтардың дәрежесі мен ауырлығын төмендетіп, қиындықтың ары қарай дамуына жол бермеу; − мінез-құлық проблемаларын шешу; − оқу жоспарында күнделікті өмірде қолданатын дағдыларды пайдалану; − оқуды қызықты түрде жасау; 14 − өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру; − балалардың қызығушылығын сақтау және оларға өздерінің жеке темптерімен сәйкес оқуға мүмкіндік жасау үшін оқыту жылдамдығы мен әдістерін түрлендіру; − сыныпта өзара қарым-қатынасты жақсарту; − мұғалімге өз дағдыларын жетілдіруге көмектесу. Тағы бір ресейлік автор Панасенкова М.М. пікірінше, жақсы, түсінікті сөйлесу де оқыту мен білім беруде маңызды болып табылады. Оның ойынша, педагогтар: − қарапайым, түсінікті тілде сөйлеп, материалды логикалық, дәйекті түрде түсіндіруге; − вербалды емес тілдің тәсілдерін білу және дұрыс өңдеу, дене тілін түсіну, дауыстың ырғағын, бет әлпетінің өзгерісін айыруға, т.б.; − көбіне сөйлесуде бақылайтын емес, қолдайтын және мадақтайтын тәсілдерді қолдануға; − сөйлеу тілімен қолдана алмайтын, нашар еститін немесе ана тілі оқу тілінен басқа даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу үшін сөйлесу әдістерін қолдануда иілгіштік танытуға; − балалардың шаршауын алдын алу үшін үнемі үзілістер жасап отыруға; − оқу материалының барынша аудиовизуалды қолжетімділігін қадағалауға тырысу керек 23) Мұғалім өз жұмысында басым рөлден жаңа түсінікке ауысуы, яғни арнайы педагогика саласындағы білім жеткіліксіздігін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дене және психологиялық ерекшеліктерін түсінуі, мамандардан көмек сұрай және қабылдай алу маңызды. Мұғалім өзінің «кәсіби Мен» дегенді басқа мамандардың білімдеріне «бағындыра алу» қабілеті - мұғалімнің барлық әрекеті мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне нәтижелі қосуға бағытталған «инклюзивті білім берудің алтын ережесіне» жатады. Педагогтар мен мамандардың өзара әрекеттестігі - бұл баланың проблемаларын шешуде кешенді ыңғай жасауды қамтамасыз ететін, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбилеу мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру үдерісінің субъектісін (бала, сынып, топ) қолдау бойынша педагогтар мен мамандардың біріккен әр түрлі әрекеті дегенді білдіреді [9]. Осылайша, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жалпы білім беру үдерісінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдауда мамандардың өзара әрекеттестігі, бұл пәнаралық ыңғай жасау үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың стратегиясын, тактикасын, мазмұны мен динамикасын жасауға, даму мүмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасының проблемаларын нәтижелі және кешенді шешуге қабілетті әр түрлі саладағы мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) біріккен күшімен жасалған жүйелі түрдегі ықпал ретінде қарастырылады. 24) Психологиялық кеңес беру жұмыстары ата-аналарға, пән мұғалімдеріне, оқушылардың өздеріне жеке жүргізіледі.Ата-аналарға жиналыстарда топтық кеңес беру,әр баланың үйіне барғанда, мектепке шақырып жеке кеңес беру жүзеге асса,пән мұғалімдеріне кеңес беру жұмысы педагогикалық кеңесте,әдістемелік кеңесте,педагогикалық консилиум барысында жүргізіледі.Мысалы, ТДО сыныбының мұғалімдеріне арналған кеңес-жадынамалар: -оқушының мүмкіндігіне және жұмыс істеу темпі мен жылдамдығына сәйкес келетін тапсырмалар жинағын беру; -баланың жеке және даму мүмкіндіктерін есепке алу; -баланың динамикалық (шаршау, қозу т.б.) өзгерістерінің пайда болуына байланысты жұмыс жетекшілігінің тактикасын өзгертіп отыру; -сабақта жетісікке әкелетін, жалпы нәтиже беретін,топтық және жеке жұмыс әдістемесін қолдану; -сабақ арасында сергітетін жеңіл физикалық жаттығулар немесе босаңсу жаттығуларын жасау; -оқыту үрдісіне ойын,жарыс элементтерін,дидактикалық ойындарды пайдалану; -оқушы өзінің мықты жақтарын көрсете алатын табыстылық жағдайларын туғызу; -баланың кез келген жетістігі мен өз бетіндік жұмысын мадақтап, көтермелеп отыру; -балаға қойылатын талаптардың біресе көтеріліп,біресе төмендеуінен аулақ болу; -өте белсенді (гиперактивті) балалардың күшін пайдалы жаққа қолдану (тақта сүрту, дәптерді жинау т.б.) -жақсы тәртібі мен оқудағы жетістігін көтермелеп, балаға мадақтау сөздерін айту; -психолог маман бірге отырып,балалардың сынып,мектеп өміріне бейімделуіне,оқу дағдыларына,қарым-қатынас жасау дағдыларына тәрбиелеу, әлеуметтік орта туралы түсініктерін қалыптастыру. 25) Қазақстандағы инклюзивті білім беру жөнінде. Елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу. Негізгі бағыттары. Инклюзивті білім берудің технологиясы даму қарқынында. Педагогтар мен мамандарға арналған ұсынымдар: даму мүмкіндігі шектеулі балалар бір-біріне ұқсамайды; диагноз-оқытудың дәлме-дәл жорамалына негіз бола алмайды. Естуінде,көруінде ауытқууы бар,дене кемістігі бар,оқу материалын меңгерумен байланысты ерекше қажеттілігі бар баламен,ерекше коммуникативті қажеттілігі бар баламен,психикалық дамуында кемістігі бар балалармен жұмыс кезіндегі нақты стратегиялар. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында инклюзивтік білім беруді жетілдіру мен дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылған. 2015 жылға дейін инклюзивтік білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған мектеп үлесі 30%-ға жету керек. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектепте дені сау балалармен қатар білім алуына жағдай жасайды. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, ата-анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп-интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алады. Қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата-анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады. Жалпы білім беретін мектептердің жанынан инклюзивтік бағыттағы сыныптар ашудың тағы бір басымдығы – онда мүмкіндігі шектеулі балалар өздерін басқалардан кемсінбей, өзге дені сау балалармен тең құқылы екенін сезінеді. 26) Қоғам үшін баланың бәрі бірдей. Алайда жастайынан тағдыр тауқыметіне тап келген мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандардың өмірге бейімделуі, білім алуы, еңбек етуі, кәсіп игеріп шығуы оңай емес. Мұның барлығы үлкен қамқорлықтың, зор қолдаудың, тынымсыз баулудың арқасында ғана іске аспақ. Мүгедектер мәселесі бүгін ғана пайда болған жоқ, бұрыннан өзекті. Ал бүгіндері мүмкіндігі шектеулі азаматтар өзгелермен тең дәрежеде қызмет істеу, білім алу құқықтарына ие болып отыр. Мұның өзі еліміздегі жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың жемісі деуге болады. |