Главная страница
Навигация по странице:

  • 30-40 с ұрақты Нурай жасамады

  • Мұғалімдерге, ата-аналарға пайдалы болатын, ерекше білім алуға қажеттілігі бар баланың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру

  • Баланың қоғамға бейімделуіне, кәсіптік бағдарлануға көмектесу

  • : сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды рол атқару.

  • Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.

  • Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшелігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқал

  • Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады

  • 50. Білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру

  • 51. Білім беру үрдісіне «ерекше» баланы енгізудің дайындық кезеңдері

  • ИНКЛЮЗИВжауаптар. 1 Ммкіндігі шектеулі балалара оамны кзарасы


    Скачать 145.14 Kb.
    Название1 Ммкіндігі шектеулі балалара оамны кзарасы
    Дата21.12.2021
    Размер145.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИНКЛЮЗИВжауаптар.docx
    ТипДокументы
    #312029
    страница4 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Елбасы Жолдауында «Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы керек» дегенін білеміз. Бұл тек жеке бір мүдделі топтың ғана емес, тұтас қоғамның, әрбір тұлғаның міндеті. Бүгінгі күні ерекше қажеттілігі бар балалардың құқықтарын қорғауға, дамуындағы ақауды түзетуіне, білім алуына байланысты нақты мәселелер біртіндеп өз шешімін табуда. Соның ішіндегі ең өзектісі – инклюзивті білім беру.

    «Инклюзив» сөзі латын тілінен аударғанда “өзімді қосқанда”, ал ағылшын тілінен аударсақ, “араластырамын” деген мағына береді.

    Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан басталған. Алпауыт елдер АҚШ пен Еуропа 90 жылдарға қарай инклюзивті білім беру бағдарламасын енгізді. Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. Сондықтан, мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада айқындалған мәселе, инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беру.

    Инклюзивтің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді. Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесі. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Себебі, мүгедек балалардың ішкі шектелулері бар. Олар сырт көзден именеді. Ал біз керісінше, олардың жағдайын түсініп, қолдау көрсетуіміз керек. Осындай игілікті істер жүзеге асқан жағдайда ғана олардың өмірі айтарлықтай жеңілдейтін болады.

    Ауданда мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін білім берудің бұл жүйесі жыл сайын жақсаруда. Өткен жылдарды бүгінгімен салыстырсақ, айырмашылықтарды анық байқаймыз. Ең алдымен, аудан көлеміндегі инклюзивті білім алуды қажет ететін балалар зерттеліп, мәліметтері жинақталған. Сонымен қатар, инклюзивті арнайы сыныптар желісінің артуы, «Рауан» инклюзивті білім беру орталықтарының ашылуы, түзеу кабинеттерінің, мектептерге дефектолог, логопед мамандарының берілуі, денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер көңілге қуаныш сыйлайды.

    Дегенмен де, қиындықтардың жоқ еместігі жасырын емес. Негізгі қиындықтар – білім беру ұйымдарының біріншіден – материалдық-техникалық базасының дайын еместігі, мектеп пен балабақшалар тек «кедергісіз аймақ» (яғни, кең есік, пандус, ұстағыштар) құрумен шектелген. Екіншіден – қаржы мәселелері болса, үшіншіден – арнайы мамандардың жеткіліксіздігі. Ең басты ұстаным – мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту және қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімдеу. Осы санаттағы балалардың сапалы білім мен педагогикалық түзеу көмектерін алуына барлық мүмкіндік жыл санап жасалуда. Атап айтсақ, кенттегі №70, 204, 216, 266, 249, 234 мектептерінен дефектолог, логопед бірлігі беріліп, арнайы мамандар жұмыс жасауда. №2 «Айгөлек» балабақшасында логопедиялық пункт ашылып, сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалар логопедиялық түзеу көмектерін алуда. №234 орта мектеп базасында арнайы түзету сыныптарының желісі жылдан-жылға артып келеді. Бұл сыныптарда қазіргі таңда 72 оқушы білім алуда. Үйден оқуға – 99 бала, 263 бала жалпы мектепте оқуын жалғастыруға ұсынылса, арнаулы мектеп-интернатта 18 бала білім алуда. 62 балаға әлеуметтік көмек көрсетілуде.

    Көрсетіліп жатқан осындай қамқорлық пен игі істердің, сапалы білімнің нәтижесінде мектепте және үйде оқитын мүгедек балалардың кәсіптік білім алуы жыл сайын жоғарылап келеді. 2017 жылы арнаулы және жоғары оқу орнындарында кәсіптік білімін жалғастырушы оқушылар саны 34-ке артып отыр. Бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан өз орнын табуға ұмтылып отырғанын байқатады. Ал көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараттары бұзылған 72 бала психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде арнайы қолдау алып отыр. Балалардың шығармашылығын ұштау үшін дамыту іс-шаралары өткізіліп келеді. Бұл балалар сынып сағаттарынан бастап, мектептен тыс іс-шараларға, ертеңгіліктерге, спорттық сайыстарға, демеушілердің көмегімен ұйымдастырылған түрлі тақырыптағы шараларға белсенді қатысады. Бұл балалар арасында таланттылар да бар. Олар аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар. Өнерлі балалардың жетістігін көріп, бір қуанып қаласың. Барлық балалар бақытты болуға, білім алуға құқылы. Әлемдік медицина туа бітті, ауыр дертке шалдыққан балалардың құлан-таза айығып кетпесе де оларды ортаға бейімдеуге, белгілі бір дәрежеде білім алуға болатынын алға тартады. Ол үшін осы санаттағы балаларды қоғамға араластыру – біздің міндетіміз. Инклюзивті білім берудің құндылығы да міне осында.

    27) Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-әрекеті:
    – сабақ үлгерімін бақылау. Сабақты себепсіз қалдырмауына атсалысу;
    – оқуда үлгеруіне, достарымен қарым-қатынасының дұрыс болуына көмектесу, жағдай туғызу;
    – сынып жетекшісімен, мектеппен тығыз байланыс орнату;
    – қызығушылығын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үйірмелер, факультативтерді таңдауына көмектесу;
    – ақыл-ой еңбетін ғылыми ұйымдастыруға үйрету, ұсыныстар беру, психологпен бірге әңгімелесу;
    – араласа білуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге баулу;
    – қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу;
    – санитарлы-гигеналық дағдыларды сіңірту;

    Мектеп ата-анамеен тығыз байланыста болу керек. Баланың жағдайын екі жақ бірдей қадағалауы керек

    28) 23 пен бірдей

    29) Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала – біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.

    30) 20 ғасырдың 60-жылдарында Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде қоғамдық өмірдік көптеген саласында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді түрдле талқылана бастады, мүгедектер қоғамнан мүлем оқшуаланды және сегрегацияға ұшырады. Білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.

    АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында мектептердің білімге қолжетімділікті кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру бірнеше тұғырлары дамыды. Ұлыбританияда әлеуметтік өнертапқыштық туралы сөз болды. Мейнстриминг – мүгедектігі бар оқушылардың өз қатарластарымен мерекелерде, әртүрлі демалыс іс-шарасында қарым-қатынас жасайтын стратегияға жатады, мұндай балалар жалпы білім беретін мектептің сыныбына енгізілген жағдайда, олардың әлеуметтік байланысының мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет.

    Интеграция – психикалық және физикалық ауытқуы бар балалардың қажеттіліктерінің білім беру жүйесімен сәйкестендіруді білдіреді: жалпы білім беретін мектептер мүгедек балаларға бейімделмеген. «Интеграция» термині әдетте психфизикалық даму ерекшеліктері бар оқушыларды қалыпты жалпы білім беретін мектептерге таңдамалы түрде орналастыруды білдіреді. Аталған тұғырды жақтаушылардың пікірі бойынша, оқушы қалыпты жалпы білім беретін мектепте оқу мүмкіндігіне «ие болуы» керек, оның бағдарламасын меңгеруде өзінің «қабілеттерін» көрсетуі керек. Арнайы білім беру жүйесі біртұтас өзгермеген. Осылайша, білім берудің үш моделі бар: жалпы, арнайы және интеграциялық. Дамуында ауытқуы бар балаларға қызметтің дәстүрлі формалары көрсетіледі: олар жалпы білім беретін мектепке барады, бірақ арнайы сыныпта оқиды, қалған балалармен бірлесіп оқыту үдерісіне енгізілмейді, яғни жекеленген интеграция жүзеге асады.

    30-40 сұрақты Нурай жасамады







    40

    Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың

    оқуын  ұйымдастыру ерекшелігі  











    Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмектің тұтас жүйесін жасауда маңызды қадам ол осы балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау болып табылады





    41

    Инклюзивті білім беруде  арнайы педагогтің  қызметі: Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету.





    42

    Инклюзивті білім беруде  психолог маманының қызметі:

    Мұғалімдерге, ата-аналарға пайдалы болатын, ерекше білім алуға қажеттілігі бар баланың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпарат беру

    Ерекше білім алатын балаға деген сыныптастарының көзқарасын қалыптастыру

    Баланың өзгелерден өзін «ерекше» сезінбеуге, өзін-өзі қабылдауға, жақсы көруге жағдай жасау

    Баланың қоғамға бейімделуіне, кәсіптік бағдарлануға көмектесу





    43

     Инклюзивті білім беруде  логопед маманың қызметі: сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды рол атқару.





    44

    Баланың білім алуындағы ерекше қажеттіліктерін анықтау қызметі: Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. 





    45

    Ерекше қажеттілігі бар  балаларды инклюзивті оқытуды  ұйымдастыру: Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.





    46

    Инклюзивті сыныптағы мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету: Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшелігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалу барысында психологтар қолдау білдіру мақсатында бірге жұмыс жасау.





    47

    Инклюзивті сыныптағы мұғалімнің әдістемелік жұмысы және бағдарламалармен қамтамасыз етілуі: Инклюзивті білім беруді әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде жоғарыда көрсетілген мәселелердің ішіндегі инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады.





    48

    Саламандық декларация: саламандық декларациясы ерекше мұқтаждықтары бар жандардың білім алу процесінде саяси және
    тәжірбиелік қағидалар
    декларациясы





    49

    Қысқартылған оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, құрылымы: Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады.





    50

    Білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру



    50. Білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру

    Білім беру үрдісіндегі барлық қатысушылардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру бұл баланың проблемаларын шешуде кешенді ыңғай жасауды қамтамасыз ететін, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбилеу мен әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру үдерісінің субъектісін (бала, сынып, топ) қолдау бойынша педагогтар мен мамандардың біріккен әр түрлі әрекеті дегенді білдіреді [23]. Осылайша, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жалпы білім беру үдерісінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдауда мамандардың өзара әрекеттестігі, бұл пәнаралық ыңғай жасау үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың стратегиясын, тактикасын, мазмұны мен динамикасын жасауға, даму мүмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасының проблемаларын нәтижелі және кешенді шешуге қабілетті әр түрлі саладағы мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) біріккен күшімен жасалған жүйелі түрдегі ықпал ретінде қарастырылады.

    Бұндай өзара әрекеттестікке жатады:

    • бала проблемаларын анықтау және шешуде, әр түрлі саладағы мамандардан білікті көмек көрсетілуде кешенділік;




    • баланың тұлғалық және танымдық дамуын көпаспектілі талдау;


    баланың оқу-танымдық, сөйлеу тілдік, эмоционалды-еріктік және тұлғалық салаларының жеке жақтарын түзету және жалпы дамытудың кешенді жеке бағдарламасын жасау





    51. Білім беру үрдісіне «ерекше» баланы енгізудің дайындық кезеңдері





    Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім мүгедек балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.Көшеде өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып,біз инклюзивтік қоғам,яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларды теңдікке, тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие. Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.Ендеше бұл балаларды бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап,олардың болашағына жол ашуға көмектесейік.Әрине бұны жеңіл деп айта алиаймын.

    Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші,бізге қандай ауыр болса,оларға бізден аса ауыр. Сондықтан,даму мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек.

    Мамандардың командалық жұмысының негізгі бағыттарын қарастырайық

    Бірінші бағыт: біртұтас инклюзивті білім беру траекториясы–мектепкекелгеннен оны бітіргенше. Берілген міндетті нәтижелі жүзеге асыру шарттары:

    • әрбір кезеңдерде қалыпты даму заңдылықтары мен кезеңдерін білу;

    • оқытудың мәжбүрлеген нормативтерін емес, әрбір жастың психологиялық және педагогикалық міндеттерін түсіну;



    • «ерекше» балалардың ерекшеліктерінің себебі мен механизмдерін түсінуге сүйене отырып, психикалық дамуының спецификасын есепке алу;



    • медикаментозды көмектің мүмкіндіктері мен қандай да бір даму нұсқасының клиникалық көріністерін білу;




    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта