Главная страница
Навигация по странице:

  • Ата-ана баланы оның кемістігімен бірге қабылдауы

  • Теріске шығару, мойындамау реакциясы

  • Шектен тыс қорғау реакцияс

  • Баладан ашық бас тарту, шеттету

  • Инклюзивті білім беруге қатысты ұғымдармен түсініктер бойынша глосарийлер даярлау

  • М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды

  • ИНКЛЮЗИВжауаптар. 1 Ммкіндігі шектеулі балалара оамны кзарасы


    Скачать 145.14 Kb.
    Название1 Ммкіндігі шектеулі балалара оамны кзарасы
    Дата21.12.2021
    Размер145.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИНКЛЮЗИВжауаптар.docx
    ТипДокументы
    #312029
    страница8 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Инклюзивті білім беруде ата-аналарға арналған кеңестер даярлау 

    Әр мүмкіндігі шектеулігі бар бала өзінің жарық дүние есігін кемтар болып ашуын қалаған емес, мүмкіндігі шектеулі болып дүниеге келгені үшін кінәлі емес. Олар да ел қатарлы өмір сүріп, білімнен нәр алып, дені сау азамат болуды қалады. Бірақ әр сәбидің маңдайына жазылған өз тағдыры бар. Олар біздің аяушылығымызға тіптен зәру емес. Баланың аты – бала. Тағдыры қиын болғанымен, балалық бақыттың дәмін сезініп өсуге, ел қатарлы, тең дәрежеде білім алып, ешкімнен кем болмай өмір сүруіне әр бала лайықты.

    Әр ата-ана баласы ауру болып туады деп күтпейді, ешкім де балалардың жетілуіндегі түрлі текті шектеулерге себеп болатын кездейсоқ қасіреттен және өмірдің шым-шытырығынан сақтандырылмаған. Әр отбасы кез келген материалдық, әлеуметтік және білім деңгейіндегі сынға тап болуы мүмкін. Даму мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) сәбидің дүниеге келуі – отбасы үшін беріктікке сын, әрине ол ата-анаға өте ауыр соққы болып тиеді. Ол үйреншікті өмір желісін бұзып, болашаққа деген жоспарларды өзгертуге, құндылықтарды қайта бағалауға мәжбүрлейді. Осы жағдаят негізінде ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар бұзылады, кейбір жағдайларда ата-аналар ажырасады немесе баладан мүлдем бас тартады. Кеміс баланың дүниеге келуі барлық ата-анаға бірдей әсер етпейді, бірақ басым көпшілігін күшті психологиялық күйзеліске ұшыратады, сөйтіп психиканың бұзылуына әкеліп соқтырады.

    Кемістігі бар бала ата-ана үшін теріс эмоционалдық сезімдер туғызып қана қоймайды, ол отбасының үйреншікті тұрмысын, өмір сүру жағдайын өзгертеді, отбасындағы басқа балаларға деген көзқарас пен олармен қарым-қатынасты да өзгертеді. Кейбір отбасылар ел көзіне түспеуге тырысып тасаланады, аяушылыққа немесе мазаққа тап болудан қорқады, басқа туыстарымен қарым-қатынастарын шектейді. Мұның барлығы қоғамның кеміс балаларды қабылдауға даярлығының деңгейіне байланысты, өкінішке орай, қоғам әлі де бұған дайын емес. Қоғам қоғам болғалы дені сау адамдар мен даму мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында болатын «психологиялық бөгет» әлі де жоғалған жоқ. Бұл жағдайдан адамдардың моральдық қатігездігі арта түседі, өзге адамдардың бақытсыздығы мен қасіретіне деген сезімталдық жоғалады..

    Дамуында қандай да бір ауытқуы бар бала өсіріп отырған ата-аналардың мінез-құлқының бірнеше түрін ажыратады:

    Ата-ана баланы оның кемістігімен бірге қабылдауы – баланың кемістігін қабылдайды, адекватты бағалайды және балаға шынайы адалдық көрсетеді, оның кемістігіне деген жағымсыз көзқарас немесе өзін де, баланы да кінәлау сезімі болмайды.

    Теріске шығару, мойындамау реакциясы – баланың кемістігі мен мүмкіндіктерінің шектелуі теріске шығарылады, сондықтан баласының қабілетінің жоғары болуын талап етеді.

    Шектен тыс қорғау реакциясы – бұл тым күшті қамқорлық жасау, балаға аяныш сезімімен қарау және шектен тыс жақсы көру. Баланың орындайтын істерін өздері орындайды, нәтижесінде бала өздігімен әрекеттенуге дәрменсіз, өмір бойы инфантильдік деңгейде қалып қояды.

    Баладан жасырын бас тарту, шеттету – мұнда кемістік масқара, ұят болып саналады. Ата-аналар өздерінің жиреніш, жеккөрініш сезімдерін шектен тыс қамқорлықпен бүркемелейді.

    Баладан ашық бас тарту, шеттету – мұнда ата-аналар өздерінің жауығу, жеккөру сезімдерін жасырмайды. Ата-аналар өздерінің бақытсыздығына қоғамды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кіналайды, балаға да оның кемістігіне де адекватты емес көзқараспен қарайды.

                                                                                    .

    Қалыпты ортада мүмкіндігі шектеулі бала жан-жағына қарап талпынады, тырмысады, баланы білесіз, не көрсе, соны істейді, үйренеді, бір-біріне үйретеді, бұл дегеніміз жанындағы балаларға қарап ынталанады деген сөз. Мен біздің тәжірибемізден өтіп өз нәтижесін берген тәсіл болған соң айтып отырмын.

    Инклюзивті білім берудің нәтижесінде бала оқып қана қоймай, бір-біріне жанашырлық танытып, өзара ынтымақ та қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты балалармен бірге оқығанда олардың ынтасы артады, олар да қалыпты балалармен бірдей сөйлейді, қимылдайды, бірге ойнайды, осыдан келіп өмір сүруге құштарлығы оянып, өзін басқаша сезінбейді.

    Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік реабилитация жасауды оның өзінен емес, ата-анасынан бастаған дұрыс, нақтылап айтқанда олардың даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуге деген психологиялық  даярлығын қалыптастырудан бастаған жөн

    1. Инклюзивті білім беруге қатысты ұғымдармен түсініктер бойынша глосарийлер даярлау

    :

    Инклюзивті білім беру – білім алушылардың өзге санаттарымен тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу.

    Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына мұқтаж адамдар.

    Әлеуметтік бейімделу – мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру және қабылдау, мақсатты әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде еңбек дайындығы арқылы әлеуметтік орта жағдайларына белсенді бейімделуі.

    Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар – қалыптасқан мән-жайлардың нәтижесінде тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.

    Өмірлік қиын жағдай – осы Заңда көзделген негіздер бойынша адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзады деп танылған, ол оны өз бетінше еңсере алмайды.

    Мүгедек бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам.

    Білім алу үшін арнайы жағдайлар – Арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын және оқытудың арнайы әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, оларсыз мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын білім алу үшін жағдайлар.

    Кемсітушілік – нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, экономикалық жағдайына немесе туылуына байланысты кез-келген айырмашылық, алып тастау, шектеу немесе артықшылық. білім беру саласындағы қатынастардың теңдігін жою немесе бұзу, атап айтқанда:

    - қандай да бір тұлға немесе адамдар тобы үшін кез келген сатыдағы немесе түрдегі білімге қол жеткізуді жабу;

    - қандай да бір тұлға немесе білім деңгейі төмен адамдар тобы үшін білім беруді шектеу;

    - осы Конвенцияның 2-бабының ережесінде көзделген жағдайлардан басқа, қандай да бір адамдар немесе адамдар тобы үшін бөлек білім беру жүйелерін немесе оқу орындарын құру немесе сақтау;

    - адамның қадір-қасиетіне сәйкес келмейтін, оған кез-келген адам немесе адамдар тобы орналастырылған ереже.

    Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау – Кемтар балаларға тыныс-тіршілігінің шектелуін еңсеру және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.

    Кемтар бала (балалар) – белгіленген тәртіппен Расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелген, дене және (немесе) психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар).

    Арнайы білім беру бағдарламалары – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар.

    Арнайы білім – мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдай жасай отырып берілетін білім.

    Арнайы білім беру жағдайлары – техникалық және өзге де қосалқы құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын өзге де көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, арнайы білім алуға арналған жағдайлар.

    Арнаулы білім беру ұйымдары – кемтар балаларды диагностикалау және консультация беру, оқыту және тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, Оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, балабақшалар, мектептер жанындағы логопедтік пункттер және басқа да ұйымдар.

    Дене кемістігі – ағзалар (мүшелер) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ мерзімді әлеуметтік, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды талап ететін тұрақты бұзылуы.

    Психикалық кемістік – адам психикасының дамуындағы және (немесе) жұмыс істеуіндегі уақытша немесе тұрақты кемістік, оның ішінде: сенсорлық бұзылулардың салдары; сөйлеудің бұзылуы; эмоциялық-еріктік саланың бұзылуы; мидың зақымдану салдары; ақыл-ой дамуының бұзылуы, оның ішінде ақыл-ой кемістігі; психикалық дамудың тежелуі және осыған байланысты оқудағы ерекше қиындықтар.

    Ауыр кемшілік – мемлекеттік (оның ішінде арнайы) білім беру стандарттарына сәйкес білім алу қол жетімсіз болып табылатын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған орта туралы қарапайым білімді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежеде көрінетін психикалық және (немесе) дене кемістігі.

    Арнайы түзету ұйымдары – даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ұйымдар:

    -есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар);

    -көру қабілеті бұзылған (көрмейтіндер, нашар көретіндер, поздноослепшие);

    -тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған;

    -сөйлеу қабілеті бұзылған;

    -ақыл-есі кеміс;

    -психикалық дамуы тежелген;

    -эмоционалды-еріктік сала мен мінез-құлықтың бұзылуымен;

    -күрделі бұзылулармен, оның ішінде соқырлықпен.

    Психологиялық тексеру – мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық жай-күйі мен ақыл-ой дамуының ықтимал мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін анықтау.

    Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балалар үшін жас нормативтерін ескере отырып, физикалық Тәуелсіздіктің, ұтқырлықтың, әдеттегі қызметпен айналысу қабілетінің, экономикалық дербестіктің және қоғамға кірігу қабілетінің шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік жетіспеушілік дәрежесін айқындау.

    Педагогикалық тексеру – тиісті жастағы балалар үшін жас нормативтерін ескере отырып, балалардың зияткерлік даму ерекшеліктерін және олардың ойын іс-әрекетіне, білім алуға және қарым-қатынас жасауға әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау.

    Мүмкіндіктері шектеулі баланы оңалтудың жеке бағдарламасы – баланың соматикалық жай-күйінің деңгейін, психофизикалық төзімділігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін және әлеуметтік инфрақұрылым мүмкіндіктерін болжауды ескере отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына, мүдделерінің шеңберіне, талап қою деңгейіне сәйкес оның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік қызметке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар тізбесі.

    Ең төмен әлеуметтік стандарт – әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтардың іске асырылуын қамтамасыз ететін, көрсетілетін қызметтердің, ақшалай төлемдердің және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптардың ең төмен көлемі.

    Әлеуметтік құқықтар – Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген, Мемлекет кепілдік берген әлеуметтік саладағы құқықтар.

    Әлеуметтік кепілдіктер – мемлекеттің Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, әлеуметтік құқықтарды іске асыруға бағытталған міндеттемелері.

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені.

    Әлеуметтік бейімделу – адамның әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуінің бұзылуы.

    Әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айыру.

    7.


    Инклюзивті білім беру жағдайында оқитын балалардың ата-аналарына сауалнамадаярлау

    Сауалнамада «кәдімгі балалар» ата-аналарының инклюзивті білім беру жөнінде ақпарат алуға бағытталған және оның әлеуметті адал қоғамды дамытудағы маңызы, сонымен қатар олардың балаларын ДМШ балалармен бірге оқытуға жеке көзқарасын анықтау туралы сұрақтар бар. Ата-аналарға арналған сауалнама Құрметті ата-аналар, сіздер сау және «ерекше» балалар – ДМШ балалар (сөйлеу, көру, есту қабілеттері, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, ақыл-есі бұзылған) бар екенін білетін шығарсыздар. Бірқатар елдерде инклюзивті оқыту және қос топтың оқушыларын тәрбиелеу практикасы бар. Сіздерден оларды бірге оқыту мүмкіндігіне қатысты өз пікірлеріңізді білдіруді сұраймыз. Жауап бергендеріңіз үшін алдын ала алғыс айтамыз! № 1 сауалнама 1. __________________________________________________________________________ 2. __________________________________________________________________________ 3

    88.

    Инклюзивті білім беруде ерекше білім алуда қажеттілігі бар  балалардың бос уақыттарын ұйымдастыру 

    Алайда жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың көптеген проблемалары теориялық тұрғыдан да шешімін таппаған. Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың қажеттілігі мен оның педагогикалық ерекшеліктерін айқындамағандығы, технологиясының жасалмағандығы  қарама – қайшылықты туындатады. Бұл қарама – қайшылық  жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері неде  деген  проблеманы тұжырымдауға мүмкіндік жасайды. Сол себепті біздің магистрлық диссертациямыздың тақырыбы « Жалпы білім беретін мектептерде мүгедек балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері » деп аламыз.

    Қазақстан Республикасы 2002 жылы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңның қабылдауы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуына маңызды әсерін тигізді. Аталмыш заң қабылданған соң мүмкіндігі шектеулі балаларға түзеу арқылы қолдаудың жаңа түрлерін анықтау, сол жаңа үлгідегі мекемелердің белсенді ашылуына жол ашты.

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында күрделі әлеуметтік-саяси өзгерістерге тәуелді мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл әлемдегі беталысқа сәйкес келтіру шаралары басталуда.

    2011 – 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті оқыту білім жүйесін дамытудың ең бір өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2002 жылы олардың саны 120 мың құраса, 2009 жылы 149 246 мыңды құрағыны, олардың 38% - ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғаны жазылған. Алға қойған мақсаттарға жету үшін міндеттерді орындау қажеттілігі қатарында жалпы білім беретін  мектептерде инклюзивті білім беруді жетілдіру көрсетілген. Сондай- ақ  барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзету- педагогикалық қолдау көрсету үшін және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 %  - тен 70 % -ға дейін артатыны көрсетілген.[1]          

    Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы жылдары енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып  оқытудың маңыздылығы қажеттігі және тиімділігі педагогикалық жұртшылық мойындай бастады. Дегенмен инклюзивті оқыту отандық мектеп тәжірибесі үшін жаңалық болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология – педагогикалық, ұйымдастырыушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие.

    89.

    Инклюзивті білім беруде ерекше білім алуға қажеттілігі бар баланың танымдық процестерін (есте сақтау, ойлау, зейін аудару, көріп қабылдау, естіп қабылдау т.б) дамытуға арналған  тапсырмалар даярлау үлгілері 

    Білім беру мекемелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктері философиялық құндылық негіздерімен түсіндіріледі.

    Бұл түсінікті инклюзивті білім беру үрдісінің психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу Концепциясында табуға болады.Ұсынылған міндеттерді және жағдайларды, мамандандырылған психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын іске асырылмаған жағдайда мүмкіндігі шектелген физикалық және психикалық жетіспеушіліктері бар балаларды жалпы білім беру ортасына кіріктіру мүмкін емес.

    Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді баланың барлық өмірлік іс әрекет аймақтарының кешенді үрдісі ретінде қарастыру қажет.

    Инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жеке және топты түрде ұйымдастырылады.

    22

    Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу білім берудің барлық кезендерінде іске асырылады. Осыған орай, сүйемелдеу үрдісінің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

    Сүйемелдеудің маңыздылығы мен өнімділігі оның жүйелілігімен анықталады. Оның ішінде отбасы, білім беру ортасын құру, оқыту мен тәрбиелеу, өзін-өзі тану және тұлғалық іске асырылуы қарастырылады.

    Отбасын сүйемелдеу дегеніміз, тек мүмкіндігі шектелген психофизикалық ерекшеліктері бар отбасын қолдау емес. Ол «ерекше» балаларға әлеуметтік қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.

    Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының басшылыққа алатын принципі – әр балаға және отбасына жекешелендірілген тәртіппен қолдау көрсету.

    Инклюззивті білім үрдісінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің келесі принциптерін анықтауға болады:

    1)үздіксіздігі;

    2)жүйелілігі

    3)жекелендірілген тәсіл;

    4)білім беру үрдісінің жағымды эмоционалдық қалыптарын қамтамасыз ету; 5)сүйемелдеу мамандарының конмандасында пәнаралық іс-әрекеттестік;

    90.


    М.Монтессорий педагогикасының жүйесі 

     

    М.Монтессори педагогикасы немесе Монтессори жүйесі ХХ – ғасырдың бірінші жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі ойшыл Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес , дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын өздері таңдай отырып, балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған. Кезкелген ата – ана баласы үшін өмір сүреді. Халқымыз «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» - деп бекер айтпаса керек.  Мария Монтессори (1870-1952) 31 тамыз айында Италияда дүниеге келген, сол елдегі  медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Бұл жүйені 100 жыл бұрын М.Монтессори ойлап тапқандықтан, соның атымен аталып кеткен. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйке - психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды  тұжырымды құруға мүмкіндік берді.  Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірбиесі М.Монтессоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударды, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б. белгілі философ, педагог және дәрігердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Бүгінгі күні Монтессори педагогика атақтылыққа екінші рет ие болуда. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады. Сонымен қатар М.Монтессори жүйесі 146 мемлекетте қолданыладын.Монтессоридің ілімі мен жүйесі әр түрлі балалар мекемелерінде: балалар үйі, мектептер, балабақшалар, балалар оңалту орталықтарында кеңінен қолданыла бастады. М.Монтессори: «Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның  ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау» - деген екен.

    Бұл Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу  керек, яғни балаға бостандық беру.

    Бала дамуының сензитивті кезеңдері келген кезде, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра  бастайды, бірақ қалай, қай бағытта жүзеге асатыныны оны қоршаған ортаға байланысты. Үлкендер баланың дамуына жағдай жасайтын арнайы ортаны дайындап, оған бағыт –бағдар беріп отыруы керек. Монтессори педагогикасы кабинеті бірнеше аймақтарғы бөлінген және бұл аймақтар баланың жан –жақты дамуына жағдай жасайтын «дайындалған орта» болып есептеледі. 3 және 6 жас аралығындағы балалардың өзін –өзі дамытуы үшін аймақтарда орналасқан жаттығулар зор ықпалын тигізді: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, математика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру. Қазіргі таңда Қарақия ауданы Құрық ауылындағы МКҚК «Айгөлек» балабақшасы М.Монтессори технологиясы бойынша жұмыс жасауда. Орталық Еуразия Қорының қолдауымен және ТОО «Ерсай» компаниясының қаржылай комегімен 2 тәрбиеші болып өз біліктіліктерімізді көтеру мақсатында Алматы қаласын дағы «Монтессори класс» оқыту орталығына барып оқып келдік. Ж.Джумагазиева мен өзім  осы технология бойынша жұмыс жасаудамын.

    М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды:
    1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту;
    2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету;
    3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта