ИНКЛЮЗИВжауаптар. 1 Ммкіндігі шектеулі балалара оамны кзарасы
Скачать 145.14 Kb.
|
Ақпараттық технология білім беру саласында түрлі қызмет атқарады: -оқыту пәні ретінде-педагогикалық меңгеру жүйесінің компоненті ретінде; –білім беру мекмелерін басқару сыңары ретінде; -ғылыми-педагогикалық қызмет ретінде. Оқыту құралдары ретінде компютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі:топпен,жеке,жұппен.Психологиялық сипаттамаға сай беріліп отырған бағдарлама оқуға деген ынталандыруға қалай әсер етуін, қызығушылықтарын жоғарлаты мақсатында оқушылардың өзіне деген сенімсіздігін тудырмау қажет.Белгілі ғалымдар Ж.Пиаже [«Психогенездік білім» 1961ж] және Л.С.Выготский [«Оқыту үрдісінде балалардың ақыл-есінің дамуы» 1935ж] ұйымдастырылған жаңа білімге немесе жаңа әрекетпен оқыту бойынша қызмет жағдайында ғана оқыту үрдісінің тиімді дамытуына үміт арттатындығын өзінің жұмыстарында жазады. Демек кез-келген оқыту,тек білім беруден басқа түзете-дамыту жұмыстары болатын көрнекті тәжербиелік сиқырлы іс-әрекет,ол виртуал- дық іс-әрекет деңгейіндегі компютермен жұмыс істеу. Жоғарыда атап өткендей мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта оқытудың негізі жүйесі инклюзивті білім берудің практикалық адымы неғұрлым ерте ғылыми теориямен өзіндік үлес тапса,онда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген көзқарас оң нәтижесін табар еді.Сондай-ақ,инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде ақпараттық техноло-гия, интерактивті тақта сияқты білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қамтамасыз етілсе,келешекте мүмкіндігі шектеулі бала-ларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмақ емес.
Бас Ассамблея, мүше мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес өмір сүру деңгейін көтеруге, толықтай жұмыспен қамтуға және экономикалық, әлеуметтік салалардың ілгерілеуі мен дамуы үшін жағдай жасауға көмек көрсету мақсатында Ұйыммен ынтымақтастық орнатуда бірігіп, сонымен қатар жекеше түрде әрекет ету міндеттемелерін ұғына отырып, Жарғыда жарияланған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына, сондай-ақ әлемдік қағидаларға, адамның жеке басы мен әлеуметтік әділдіктің артықшылықтары мен құндылықтарына сенімін қайта растай отырып, физикалық және ақыл-ой кемтарлығынан туындаған мүгедектіліктің алдын алу, түрлі қызмет салаларында мүгедектерге өз қабілеттерін дамытуда жәрдем көрсету қажеттіліктерін, сонымен қатар барлық мүмкін болатын шаралар пайдалана отырып оларды қалыпты қоғам өміріне араластыруға қолғабыс ету қажеттілігін ескере отырып, кейбір елдердің дамудың мұндай кезеңінде аталмыш мақсаттарға тек шектеулі ғана күш жұмсайтынын мойындай отырып, осы мүгедектер құқықтары туралы Декларацияны жариялай отырып, Декларацияны келесідей құқықтарды қорғауда ұстанатын нұсқаулық негізінде және сол құқықтардың жалпы негізі қызметін атқаратын деңгейге жеткізу мақсатында ұлттық және халықаралық жоспар бойынша шаралар қолдануды сұрайды: 1. «Мүгедек» ұғымы туа біткеннен немесе басқалай пайда болған тұлғаның физикалық немесе ақыл-ой кемтарлығының себебінен өздігінен толықтай немесе жартылай қалыпты жеке және/немесе әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын кез-келген тұлға мағынасын білдіреді. 2. Мүгедектер осы Декларацияда мазмұндалған барлық құқықтарды пайдалануға міндетті. Бұл құқықтар қандай да болмасын ерекшеліктерсіз, нәсілдік белгілері, терісінің түсі, жынысы, тілі, діни сенімі, саяси немесе басқа да көзқарастары, ұлттық немесе әлеуметтік болмысы, материалдық жағдайы, туылуы немесе басқа да кез-келген факторлар бойынша қандай да бір айырмашылықтар мен дискриминациясыз сол мүгедекке немесе оның отбасына қатысы бар ма жоқ па одан тәуелсіз барлық мүгедектерге қатысты болуы тиіс. 3. Мүгедектердің өздерінің адамзатқа тән абыройын құрметтелуі болып табылатын тартып алынбайтын құқыққа ие. Мүгедектер, болмысы, зағиптылығы немесе кемтарлығының сипаты мен қиыншылығы қандай да болмасын сол жастағы басқа да азаматтар секілді дәл сондай негізгі құқықтарға ие, бұл бірінші кезекте неғұрлым қалыпты және толыққанды болатын қанағаттанарлықтай өмірге құқығына ие дегенді білдіреді. 4. Мүгедектер басқа датұлғалар секілді азаматтық және саяси құқықтарға ие; ақыл-ойы кемтар тұлғалардың құқықтары туралы Декларацияның 7 тармағы ақыл-ойы кем тұлғаларға қатысты аталмыш құқықтарды кез-келген мүмкін болатын шектеулер немесе қысым жасауға қатысты қолданылады. 5. Мүгедектер өздеріне неғұрлым дербес болу мүмкіндігін беруге бағытталған шараларға құқылы. 6. Мүгедектер медициналық, психикалық немесе функционалдық емделуге, оның ішінде протездік және ортопедиялық аппараттарға, денсаулығын және қоғамдағы жағдайын қалпына келтіруге, білім алуға, кәсіптік қолөнер дайындығына және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге, көмек алуға, кеңес алуға, жұмысқа орналастыру қызметтерін алуға және тағы басқа да оларға өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін максималды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін, олардың әлеуметтік интеграциясы немесе реинтеграциясын тездететін қызмет көрсету түрлеріне құқылы. 7. Мүгедектер экономикалық және әлеуметтік қамтамасыздандырылуға және қанағаттанарлықтай өмір деңгейіне құқылы. Олар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жұмыс орындарын алуға және сақтап қалуға немесе пайдалы, өнімді және табысты қызметпен айналасуға, кәсіподақ ұйымдардың мүшелері болуға құқылы. 8. Мүгедектер экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың барлық кезеңінде өздерінің ерекше қажеттіліктерінің назарға алынуына құқылы. 9. Мүгедектер өз отбасыларының ортасында немесе оны алмастыратын ортада өмір сүруге және шығармашылықпен немесе бос уақытын өткізуге байланысты қоғамдық қызметтің барлық түрлеріне қатысуға құқылы. Ал тұрғылықты жеріне келер болсақ, ешбір мүгедек денсаулық жағдайының себебінен немесе денсаулығының жақсаруына әкеліп соғу себебінен ерекше күтімді қажет етпейтін жағдайға ұшырамауы тиіс. Егер де мүгедектің арнайы мекемеде болуы қажет болса, онда сол мекемедегі орта мен өмір сүру жағдайлары соғұрлым сол жастағы басқа да азаматтардың қалыпты ортасы мен өмір сүру жағдайларына сәйкес болуы тиіс. 10. Мүгедектер қандай да болмасын эксплуатациядан, кез-келген регламентация түрінен және дискриминациялық, ар-намысынына тию немесе абыройын төмендету сипатындағы іс-әрекеттерден қорғалуы тиіс.
Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бірбіріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ПМПК, ТДТ, ППТК, ППТК сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша 5 түрлі куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.
Білім беру мазмұны білім алушылар өз әрекеттерімен меңгеретін, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Танымдық, репродуктивтік, шығармашылық әрекеттердің жүзеге асырылу тәжірибесі және көңіл-күй құндылықтарының қатынасы шынайы оқытылатын әрекеттердің қатынасы бойынша қызмет тәсілдеріне сәйкес: табиғатқа, мәдениетке, техникаға, әлеуметтік коммуникацияларға және білім саласының басқа да шынайы объектілеріне қолдану жолымен жүзеге асырылады. Осы объектілерге қатысты білім алушылардың тиісті білім әрекеті ұйымдастырылады, яғни кілтті құзырлылықтардың минималды тізімінде жүйелендірілген жалпы пәндік білімдер, ептіліктер, дағдылар мен тәсілдер әрекетінің қалыптасуына әкеледі. Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі: − Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы»; − Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 ж ылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы [4-12]. Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», «Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі бойынша Саламанк декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері» және т.б. [13-15]. Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген. Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ 6 олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің негізгі ортасы болуы тиіс.
Инклюзивті білім беру 1) Білім беру мекемелері олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңғыртылуға тиіс, ол, мысалы, нашар көретіндер үшін тұтқалар немесе жаяу жол орнатуды, тірек-қозғалыс аппараттары бұзылған балалар үшін пандустар мен аласа табалдырықтар және т.б. жасауды көздейді. 2) Арнайы білім беру және дағдыларға үйрету мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жүргізілуге тиіс, өйткені көптеген мұғалімдер инклюзивті сыныптарды басқаруға дайын емес. 3) Инклюзивті сыныптары бар мектептерге бір мұғалімге оқушылар санының арасалмағын жақсарту үшін де, сондай-ақ логопедтер, мұғалімдердің көмекшілері, консультанттар және т.б. секілді мамандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, оқушылар мен мұғалімдерге көмектесу үшін де қызметкерлер (мамандандырылған) көбірек қажет. 4) Жеке оқу жоспарлары оқу бағдарламаларының мүгедектігі бар балалардың мұқтаждықтарына жауап беруіне кепілдік беруі үшін мүгедектігі бар балаларға арнап әзірленуге тиіс, мұнда сыныптағы оқу қарқыны мүгедектігі бар балалар үшін де, сондай-ақ оларсыз да сәйкес келуіне ықпал ету қажет. 5) Мүгедектігі бар балаларға кәсіптік және мансаптық бағдарлар ұсынылуға тиіс. Мұнда, мүмкіндігінше, оларға болашақта нақты өндіргіш мақсаттарға қол жеткізуге көмектесе алатын жеке кәсіптік оқу бағдарламалары ұсынылуға тиіс. 6) Инклюзивті білім беруді ендіретін мектептер мұндай қайта құруларға әкелетін өзгерістерге қызметкерлерді, оқушылар мен олардың атааналарын дайындау қажет.
Арнайы және инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы Халықаралық құжаттар: • Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы • Бала құқықтары туралы Конвенция (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.) • Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (Нью-Йорк, 13 желтоқсан, 2006 жыл) • Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы: • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. • «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасын Заңы. • "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытундың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғалым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығандағы өзгерістер енгізу туралы. • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы • Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң • Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заң • Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Заң • Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Заң • Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру
1975 жылы БҰҰ Ассамблеясында қабылданған мүгедектердің құқығы туралы Декларация мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси теңдігін сақтауға негіз болады. Сонымен қатар олар өздерінің қоғамдағы интеграциялану мүмкіндіктерін қабылдау үшін максималды түрдегі арнаулы көмек түрлерін қабылдауға құқылы. БҰҰ қабылдаған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығын қорғау Декларациясы (1971) аталған категорияларға жататын тұлғалардың өмір сүру мүмкіндіктеріне түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүмкіндіктерін сақтаудағы негізгі халықаралық құжаттардың мазмұны мынадай қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді: 1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқалармен бірдей тең құқылығын сақтау принципі; 2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (саңыраулар үшін) барлық жағдайлардағы аудармашылармен қамтамасыз ету; 3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы бір ғана құжатта емес бірнеше құжаттарда баяндалады. Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994). Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға ерекше қажеттіліктерін, медициналық және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын нақты және жанжақты зерттеу керек. Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді. Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін бағалау мамандардың кешенді тексеруінің нәтижесінде, диагнозы анықталғаннан кейін, психологиялықмедициналық-педагогикалық консультацияда (ПМПК) жүзеге асырылады. Бұл жұмыс келесі бағытта жүргізіледі: 1) медициналық, әлеуметтік қызмет көрсету мен білім алуға қажеттіліктерін анықтау және растау; 2) баланы оңалтудың кешенді бағдарламасын жасау және жеке даралап оқыту бағдарын (маршрут) белгілеу. Оның құрамында: - білім қызметі (оқу бағдарламасының типін және психологиялықпедагогикалық қолдау мазмұнын анықтау); - әлеуметтік қызмет (жәрдемақылар және жеңілдіктер, техникалық көмекші құралдар мен өмір сүру ортасын бейімдеу, үйде қызмет көрсету және т.б.); - медициналық қызмет (әртүрлі мамандарға тексерілу және емделу қажеттілігі, стационарда және т.б.) - отбасына қаржылай, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету; 3) кеңес беру, үйрету және ата-аналарды педагогикалық түзету процесіне қатыстыру; 4) педагогтарға, психологтарға және мектеп ұйымының басқа да мамандарына ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; 5) психикалық даму мониторингі және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды медициналық-әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық тұрақты қолдау.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша бекітсін; 2) жарты жылдың қорытындылары бойынша 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 333-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеле алмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс [2]. Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, құзыреттіліктер бұларды саналы пайдалануды көздейді. Құзыреттілік тәсілін ескере отырып білім беру процесін жетілдіру, оқушыларды алған білімдері мен біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. Құзыреттілік оқушының жеке оқуының кіріктірілген нәтижесі ретінде олардың мағыналық, іс жүргізу және дәлелдемелік компоненттерді меңгеруі негізінде қалыптасады, оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі [25]. Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар: бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды; оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, 24 біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді. диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді; ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады; тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді [26]. Қазіргі бағалау жүйесінің кемшіліктері де бар: - оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті болатындай оқытудың жоспарланған нәтижелері жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлері жоқ; - педагог бірыңғай критерийлерге әрбір оқушының жетістігімен емес, тұтастай алғандағы сыныптың орташа білім деңгейіне сүйене отырып баға қояды; - оқушыларға қойылған бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша білім, білік, дағдыларының нақты элементтерін меңгергендігі туралы түсінік бермейді, бұл әрбір оқушының жеке оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді; - оқыту процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, бұл оқушыларды оқуға барынша ынталандыруға мүмкіндік бермейді; - түзету-дамытушылық жұмысты және балаларды қоғамдағы дербес, тәуелсіз өмірге дайындау сапасын қоса алғандағы оқушыларды оқыту сапасы туралы пайымдай алмайды; - жұмысшы мамандықтары түрлерінің бірі бойынша мамандық алу үшін арнайы мектептің түлегі өз білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы әділ пайымдай алмайды; - бір бөлігінің мүгедектігі бар балалардың өмір сапасын, оқу үдерісі сапасын жетілдіруге мүмкіндік бермейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты: - қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау; - оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату; - оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу; - жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу. Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды: - оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру; - оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету; - оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір оқушының дайындық деңгейін 25 анықтау; - әртүрлі атқарған қызметтері үшін алған бағаларының маңыздылығын саралау; - оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; - мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету; - ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету; - бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру ортасын құру; - мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу; - іс-әрекеттің диагностика-консультациялық, емдеу-сақтандырушылық, әлеуметтік-еңбекшіл бағыттары арқылы инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялық-педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру; - ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың қауымда табысты әлеуметтену моделін әзірлеу; - инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету; - сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту [27]. Шағын міндеттер: Ата-аналармен жұмыста: - ата-аналардың педагогикалық және дефектологиялық білімдері мен түсініктері аясын кеңейту арқылы олардың тәрбиелеу біліктіліктерін қалыптастыруға ықпал ету; - ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу тәсілдеріне, іс жүзінде бірлесіп әрекеттер ұйымдастыруға үйрету арқылы оларды белсенді қатысушылар ретінде білім беру үдерісіне тарту; - ата-аналарға көзқарастарын өзгертулеріне және оларды қатынастың оң тәсілдерімен қарулануларына көмектесу; - дамуының проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларының әлеуметтік кеңістігін кеңейту, ата-аналардың қоғамдастыққа бірігуіне жағдай жасау. Педагогтармен жұмыста: - сыни тұрғыда бағалаудың, пәндік жоспарланған нәтижелерді психологиялық-педагогикалық сипаттаудың, бағалауды қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің негізгі теориялық ережелерін меңгеру; - диагностикалық аспапты әзірлеу және оны білім беру үдерісінде пайдалану тәсілдерін меңгеру; - инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау; - педагогикалық қызметтің ынтасын арттыруға ықпал ету; - проблема бойынша өз бетінше білім алуға және инновациялық ісәрекеттерге педагогтарды ынталандыру [28]. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде бағалаудың әр түрлі жақтары атап көрсетілген: рөлі, бағалаудың функциясы, мұғалімнің бағалау 26 әрекетінің құрылымы және басқалар. Бірақ бұл проблеманың мына сияқты аспектілері түпкілікті шешімін тапқан жоқ: оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерінің бірыңғай жүйесін жасау, бағаның әділетсіздігі, бағаны алуға және қоюға оқушылар мен мұғалімдердің жеке басының ерекшеліктерінің әсері. Оларды шешіп алмай тұлғаны дамыту міндетін табысты жүзеге асыру қиын деп ойлаймыз |