Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауап мына жағдайда қате болады

  • Бастауыш сынып оқушыларының зейін деңгейін анықтау әдісі

  • Ландольт сақиналары әдістемесі /зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау./ Мақсаты

  • Зейіннің бөлінушілік қасиетін бағалау.

  • «Ойлан, тап» Нұсқау

  • «Пиктограмма» Мақсаты

  • Есте сақтау типін зерттеу Мақсаты

  • Қажетті құралдар

  • Санды есте сақта Мақсаты

  • Нұсқау

  • Сөздерді жатта. Мақсаты

  • 1-ші сынып диагностика. 1сыныпта оуа дайындыын анытауа арналан дістеме


    Скачать 132.39 Kb.
    Название1сыныпта оуа дайындыын анытауа арналан дістеме
    Дата03.11.2022
    Размер132.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-ші сынып диагностика.docx
    ТипДокументы
    #769276
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6

    1-сыныпта оқуға дайындығын анықтауға  арналған  әдістеме.

     

    1. Сенің аты-жөнің кім ?

    2. Ата-анаңның есімдері кім ?

    3 .Сенің ата-анаң кім болып жұмыс істейді ?

    1. Сен қай жерде тұрасың ?

    2. Сен ұлсың ба ,әлде қызсың ба? Өскенде әпке боласың ба, тәте боласың ба ?

    3. Сенің ағаң немесе әпкең бар ма ? Олардың қайсысы үлкен ?

    4. Сен нешедесің, бір жылдан кейін неше жаста боласың, екі жылдан соң нешеге толасың ?

    5. Қазір кеш мезгілі ме, әлде түс мезгілі ме ?

    6. Сен таңғы асты таңертең ішесің бе, әлде кешке ішесің бе ?

    7. Алдымен кешкі асты іше ме, әлде түскі асты іше ме ?

    11.Қазір қай жыл мезгілі:қыс па әлде көктем бе ; жаз ба, күз бе?  

       Неге олай  ойлайсың ?

    1. Шанамен қай кезде сырғанайды, қыста ма, әлде жазда ма ?

    2. Не үшін қар қыста жауады, неге жазда жаумайды ?

    3. Почташы не істейді? Мұғалім ше, дәрігер ше ?

    4. Мектепте қоңырау не үшін беріледі ? Парта, сумка не үшін

         қажет ?

    1. Сенің мектепке барғың келе ме ? Не үшін барғың келеді ?

    2. Оқушы жауап бергісі келсе қай қолын көтереді ?

    3. Сенің сурет салғың келе ме? Сенің қарындашыңның түсі қандай?

    4. Оң көзің қайсы, сол құлағыңды көрсетші. Құлақ пен көз не үшін

         керек ?

    1. Қандай жануарларды , құстарды білесің ?

    2. Сиыр үлкен бе, ешкі үлкен бе ; құс үлкен бе ,ара ма ? Иттің аяғы

         көп пе, әтештің  аяғы көп пе ?

    1. Қай сан үлкен: 8 әлде 5; 5 әлде 3 ? 6-дан 9-ға дейін және 5-

         тен 3-ке дейін   сана.

    1. Біреудің затын сындырып алсаң, не істер едің ?


    Нәтижені   өңдеу.

    1.Барлық сұраққа дұрыс жауабы  үшін - 1    ұпай беріледі

     (бақылау жұмысынан бөлек).

    2.Бала дұрыс ,бірақ толық емес жауабы үшін - 0,5 ұпай ала алады.

    3.Дұрыс жауап деп, сұраққа мағыналас жауап беруді есептеуге болады.

      Мысалы:”Менің әкем Қарағанды шахтасында істейді”,  “Әтешке қарағанда иттің   аяғы көп: итте 4 аяқ,  әтеште 2 аяқ ”.

    Жауап  мына жағдайда қате болады:

    «Мама Айша»,   “Әкем 1 жұмыста істейді”  және     жылдардың белгілерін білмесе немесе ажырата  алмаса;   «көп»,  «аз» ұғымдарын ажырата алмаса.

    4.Зерттеуге келесі сұрақтар  жатады:   4 , 7, 10,  14,22.

    Олар былай бағаланады:  4- қаланың атын атап,  толық мекенін айту- 2 ұпай;

    7- егерде бала өзінің нешеде екенін білсе -1 ұпай,  егер айын есептей алса- 3 ұпай;

    10- жыл мезгілдерін белгілеріне сәйкес айта білсе (ең болмағанда 3 белгісін)- 2 ұпай;  3-ке дейін атаса -1 ұпай;

    14- мектеп атрибуттарын дұрыс атаса- 1 ұпай;

    22-дұрыс жауапқа –2 ұпай;

    1. 15-ші сұрақ 14 және 16-шы сұрақтар бойынша бағаланады.  Егер ұпай саны  14-сұраққа-3 ұпай және 15,16 сұрақтарына дұрыс жауап берсе--«Мектепте оқуға дайын» деп саналады.

     

    Бастауыш сынып оқушыларының  зейін деңгейін анықтау әдісі

     

    1. Мыналардың ішінде асық ойыны қайсысы ?

    а) көкпар, ә) ханталапай, б) тоғызқұмалақ

    1. Мыналардың қайсысы үй жануары ?

    а) мысық, ә) тиін, б) түлкі

    1. Төрт түлік малға қайсысы жатады ?

    а) қабылан, ә) түйе, б) қасқыр

    1. Ішекті музыкалық аспап қайсысы ?

    а) сыбызғы, ә) домбыра, б) керней

     

                       Зейіннің бөлінуін анықтау

     Жүргізуші шағын сөйлемді дауыстап оқып отырып қарындашпен  столды  ақырын  тықылдатып отырады. Балалар мәтінді естерінде  сақтап қалуы, әрі неше рет тықылдатқанын  есептеулері   керек.

             Оқылатын сөйлемдер:

    «Жақсы сөз жарым ырыс»

    1. Ақылды бол, арлы бол,

    бақытты бол, малды бол,

    өз қатарыңның алды бол.

     

    Қорытынды баға

     

    Тапсырма

    Баға

    Ұпай

    Түгел есінде сақтап, дұрыс есептеген

    Жоғары

    10

    2-3 қате жіберген

    Орташа

    7

    Жартысын есінде сақтаған, дұрыс есептемеген

    Төмен

    5

    Есінде сақтай алмаған

    Өте төмен

    3

     

    Ландольт сақиналары  әдістемесі  /зейіннің   тұрақтылық және  өнімділік  қасиетін  анықтау./

     

    Мақсаты: Баланың зейінінің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау көрсетілген нұсқауы арқылы жүргізіледі.

    Нұсқау:  “Мен сенімен қазір ойын ойнаймын, бұл ойынның аты “Мұқият бол және жылдам жұмыс жасауға  талпын”. Бұл ойында сен басқа балалармен жарысасың, одан кейін біз сенің қандай нәтижеге қол  жеткізгеніңді байқаймыз. Менің ойымша, сен басқа балалардан гөрі жақсы орындайсың.” 

    Ары қарай балаға Ландольттың сақиналар бейнеленген іс қағаз көрсетіліп, түсіндіріледі: ол сақиналар қатарын мұқият қарап шығып, бір жерден үзілген сақиналарды тауып белгілеу керек.

    Тапсырма 5 минутқа созылады. Әр минут сайын жүргізуші   «белгілеу» деген сөзді  айтып тұрады және сол  уақытта бала бұйрық берілген кезде тоқтаған     сақинаны белгілеу керек.

    5 минут өткен соң жүргізуші «бітіреміз» дейді. Осындай сөзден кейін, бала келген жерінен тоқтау керек және тігінен екі белгі қояды.

             Нәтижені өңдеуде жүргізуші баланың әр минут сайын және бес минут аралығында қарастырған сақина санын анықтайды.  Сонымен қатар әр минутта жіберілген қателер саны анықталады. Мына формула бойынша баланың зейінінің тұрақтылығын және өнімділігін анықтауға болады

     

     

    S = 0,5 N – 2,8 n ,

                           60

    бұл жердегі: S –зейіннің өнімділігі мен тұрақтылығы;

                        N – баланың бір минутта қарастырған сақина саны

     (егерде осы формуланың көмегімен зейіннің 5 минут ішіндегі тұрақтылық өнімділігі анықталатын болса, онда N – бес минут аралығында қарастырылған сақинаның  санына  тең болады, ал келесі  n  көрсеткіші –бес минут аралығында жіберілген сандардың қатесіне тең. Ал осы формуланың бөлгіші – 300);  

             n – баланың осы уақыт аралығында жіберген қателер саны.

    Нәтижені өңдеу барысында әр минуттық S көрсеткіші және барлық бес минутқа байланысты S көрсеткіші есептеледі. Алған нәтижелері бойынша график сызылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың интерпретациясы сияқты жүргізіледі.

     

    Зейіннің бөлінушілік қасиетін бағалау. 

     

    Мұнда Ландольттың шеңбер әдістемесіндей нұсқау беріледі. Сол ынталандырушы  материалы  қолданылады. Бірақ бұл жағдайда балалар әр жерінен үзілген екі түрлі сақинаны тауып бір мезгілде әр түрлі етіп белгілейді, мысалы: жоғарыдан және сол жағынан, сонымен қатар бірінші сақинаны бір тәсілмен ал екіншісін басқа тәсілмен белгілеу қажет.  

             Сандық өңдеу процедурасы мен нәтижелерді график түрінде көрсету тәсілі алдыңғы әдістемедегідей, бірақ нәтижелері зейіннің бөлінушілік қасиетін белгілейтін мәліметтер ретінде  қарастырылады.

     

     

     

     

     

     

     

     

    «Ойлан, тап»

    Нұсқау: жанармай құюшы қызметкер жүргізушіге қай майдан құюды ұсынып тұр? (қарындаш немесе қаламсап қолдануға болмайды)

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     «Пиктограмма»

     

             Мақсаты: Тікелей емес есте сақтауды  зерттеуге  бағытталған 

          Ынталандырғыш  құрал:  Пиктограмма  жүргізу  үшін балаға  ақ парақ (А4), қалам және есте сақтау үшін сөздер жинағы  беріледі. 5-10 жастағы балалар үшін келесі 12 сөз  жинағы қолданылады:

    Көңілді мейрам                              алдау

    Дәмді кешкілік ас                           қоштасу

    Қатал тәрбиеші                             даму

    Ауыр жұмыс                                  соқыр бала

    Жылы жел                                    қорқыныш

    Ауру                                             көңілді  орта

     

             Нұсқау: «Мен қазір саған сөздерді  оқимын, сен оларды есіңде сақтап сабақтың соңында қайталауың керек. Сөздер көп,  сондықтан есте сақтау қиын,  тапсырманы жеңілдету үшін параққа  осы сөз  сен үшін  нені еске түсіреді, соны салуыңа  болады. Бірақ әріптерді емес  суреттерді салу керек. Сөздер көп, ал парақ біреу ақ болғандықтан суреттерді параққа  сыятындай етіп сал. Суреттің сапасы емес сөздің  дұрыс мағынасы маңызды болып табылады.

             Тесттің жүргізілуі:  Балаларға жоғарыдағы берілген сөздер және сөз тіркестері  асықпай оқылады. Сонымен қатар зерттеуші  бала әріптерді емес, бейнелерді салуын бақылайды. Егер бала  парақтың көп бөлігін алатын үлкен фигуралар сала бастаса оған ескерту жасау керек. Ескерту 2-3 сөзден кейін бір рет айтылады.

             Егер зертеуші  баланың  ешқандай мақсатсыз және мағынасыз, ойына келген, сөзбен ешқандай қатысы жоқ суретті салып жатқанына яғни ол нұсқауды естімегеніне  және түсінбегеніне  күдіктенсе, баладан  оның қандай сурет салып жатқанын және оның  сөзге  қандай қатысы  бар екенін сұрау керек. Баланың сөзді ұмытпағанын анықтау керек.

             Әр сөзді салуға берілетін уақыт шектелген және 1-2 минуттан аспау керек. Егер балалар суретке қызығып, алғашқы суреттерге бөлшектер салып жатса,  зерттеуші балаға суреттің сапасы емес, оның айтылған сөзбен байланысы маңызды екенін ескертеді.

             Жұмыс аяқталған соң, зерттеуші қай сурет қай сөзге жататыны  көріну үшін суреттерді нөмірлеу керек. 20-30 минуттан соң балаларға өздерінің сурет салған парақтары беріледі, оларға қарап бала сөздерді есіне түсіру керек. Еске түсіргенде  дұрыс еске түсірілген сөздер саны және қателер саны есептеледі. Сондай-ақ «дәмді кешкілік ас» – «тәтті кешкілік ас» немесе «қоштасу» – айырылысу сияқты сөздер дұрыс болып табылады.

             Нәтижені талдау. Ең алдымен дұрыс еске түсірілген  сөздердің  саны есептеледі. Бұл жастағы балалар үшін  қалыпты норма 10-12 сөздер (яғни 100% еске түсіру).

             Бейнелі ойлаудың даму деңгейі суреттерді талдау арқылы зерттеледі. Сондай-ақ ойлау деңгейі төмен балалардың суреттерінің тақырыппен байланысы аз, ал бейнелі ойлау деңгейі жоғары дамыған балалардың  суреттері заттың  мағынасын нақты көрсетеді. Мысалы: дәмді кешкілік асқа торт, тағам түрі салынады. Балалардың бір типті, сөздің мағынасымен байланысы жоқ суреттерді салуын ескеру керек. Бірақ  бала сөздерді дұрыс еске түсіреді. Бұл жағдайда ойлаудың төменгі  деңгейі жақсы механикалық есте сақтаумен орны толтырылады.

             Суреттердің парақта бір келкі емес, орналасуы, шектен тыс үлкен болуы ұйымдастырушылықтың төменгі деңгейін көрсетеді.

     

    Есте сақтау типін зерттеу

    Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау түрлерінің (көру, есту, қимыл-қозғалысты) ерекшеліктерін және деңгейін зерттеу.

    Қажетті құралдар:  Есте сақтауға арналған тесттік сөздер жиынтығы.

    Орындалуы: Оқушыларға есте сақтау үшін 4 топтағы сөздер  біртіндеп ұсынылады.

    • бөлім

    Нұсқау: «Мен қазір сендерге бірқатар сөздерді оқимын. Сіздер зейін қойып тыңдаңыздар және барлық сөздер ұсынылып  болғаннан кейін естеріңде қалған сөздерді жазыңдар»

    Бірінші жиындағы сөздер арасында 4-5 секунд үзіліс болады (оқу барысында). 10 секундтық үзілістен кейін оқушы есінде қалған сөздерді  жазып шығады.

             Бірнеше уақыттан кейін (10 минут) оқушыларға көру арқылы есте сақтауға  арналған сөздердің екінші жиынтығы ұсынылады.

    • бөлім:

    Нұсқау: «Қазір тақтада жазылған сөздерді  зейін қойып оқып алып, соңынан есінде  сақтағаның бойынша  жазып шығасың». 

    • бөлім:

    Нұсқау: «Қазір мен сөздерді дауыстап оқимын, ал сен  артынша  сөздерді  саусақтарыңмен ауада жазып отырасың. Барлық сөздер оқылып болғаннан кейін, есіңде  қалған сөздерді параққа  жазып шығуың қажет».

    5-10 минуттық  үзілістен кейін көру-қозғалысты есту арқылы  есте сақтауға  арналған  сөздер ұсынылады.

    • бөлім:

    Нұсқау: «Қазір мен сөздерді  оқимын,  ал сендер осы уақытта үлестірмелі қағаз бойынша  сөздерді  байқап және әр сөздерді іштей жәймен қайталаңдар. Соңынан естеріңде  қалған  сөздерді жазыңдар».

    Нәтижелерді өңдеу:

    Алдымен әр жобада дұрыс жаңғыртылған  сөздер анықталады.

     

    Оқушылардың аты-жөні

    Есте сақтау типтері

    Көру 0,7

    Есту 0,5

    Қозғалысты 0,6

    Көру-қозғалысты 0,8

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

     

     

     

     

    Алынған көрсеткіштер келесі  кестеге енгізіледі:


    Топтық көрсеткіштер бойынша негізгі талдау:

    - Сынып оқушыларының есте сақтауының  басым типі қандай ?

    - Есте сақтаудың қандай  типі  жақсы дамыған ?

    - Топ мүшелерінен ерекшеленетін жеке нәтижелер бар ма ?

     

    Зерттеуге арналған қосымша сұрақтар:

    • Есту есте сақтауға арналған:

    қанат, тау, ағаш, сарай, таяқ, қағаз, сия, ара, қияр, терезе.

    • Бейнелі есте сақтауға арналған:

        жер, шаш, теңіз, тас, қабық, үй, белгі, тышқан, тал, ертегі.

    • Қозғалысты есте сақтауға арналған:

        дене, оқ, аспан, құм, кітап, бұтақ, шатыр, шам, ит, жұмбақ

    • Көру-қозғалысты есте сақтауға арналған:

    өзен, өсімдік, арба, ешкі, мұғалім, апельсин, шөп, қасқыр, карта, саңырау құлақ.

     

    Санды есте сақта

     

             Мақсаты: Бұл әдіс баланың қысқа уақытта есту есінің 

                                       көлемін анықтауға  арналған.

    Нұсқау:  «Қазір мен саған сандарды айтамын, ал сен    

                     тез қайталап айтуың  керек.

             Орындалуы: Ары  қарай зерттеуші  балаға ретімен  төмендегі суретте берілген сандарды жоғарыдан төмен қарай оқиды , әр санды атағанда  арасы 1 секунд болу керек. Әр қатардағы сандарды оқығаннан кейін  бала зерттеушінің ізінен кейін қайталауы керек. Бала қате жібергенше жалғаса  береді. Егер дәл сондай қате жіберілген сан  қатарына ұқсайтын қате жіберілсе,  оң жақтағы сан қатарын қайталап,  балаға еске түсіруін сұрайды. Егер бала екінші рет  сан қатарын еске сақтап,  атағанда да дәл солай қателессе,  онда мына берілген бөлімдегі психодиагностикалық зерттеу аяқталады, өткен қатардағы ең болмаса бір рет толығымен  және қатесіз  есте сақтаған қатардың  ұзындығы белгіленеді және қарама-қарсы реттегі сандарды оқиды. (А,Б суреті)

             Нәтижесінде  баланың қысқа уақытта есту еске сақтау көлемі анықталады. 

     

    Қорытынды баға

     

    Тапсырма

    Ұпай

    Бала орташа 9 санды дұрыс атаса

    10

    Бала орташа 7-8 санды дұрыс атаса

    8-9

    Бала орташа 5-6 санды дұрыс атаса

    6-7

    Бала орташа 4 санды дұрыс атаса

    4-5

    Бала орташа 3 санды дұрыс атаса

    2-3

    Бала орташа 0-2 санды дұрыс атаса

    0-1

     

     

    10 ұпай - өте жақсы

    8-9 ұпай –жоғары

    4-7 ұпай –орташа

    2-3 ұпай –төмен

    0-1 ұпай -өте төмен

     

    А

    Б

    1

    3

    24

    79

    386

    154

    1585

    6852

    46239

    35961

    489173

    796483

    5174238

    9852163

    14259763

    42701895

    А

    Б

    19163258

    45719283

    8592346

    1795846

    165298

    317692

    41372

    28591

    9265

    4937

    417

    152

    25

    83

    3

    6

     

                              

                                 

     

     

     Сөздерді жатта.

       Мақсаты:   Осы әдістеменің көмегімен ес процесінің  қайта жаңғырту түрін  анықтаймыз.

     Орындалуы: Бала бірнеше мүмкіншіліктен кейін қатесіз 12 сөзді айтып шығуы керек. Олар : ағаш, қуыршақ, шанышқы, гүл, телефон, стакан, құс, пальто, шам, сурет, адам, кітап.

         Қатарды есте сақтау былай жүреді. Әрбір естіген сөзден кейін бала барлық қатарды қайта жаңғыртуға мүмкіндік алады. Жүргізуші баланың еске түсірген және дұрыс атаған сөзінің сапасын белгілейді, одан кейін сол қатарды одан әрі есептей береді. Мұнан кейін барлық нәтиже толық алынып болғанға дейін алты  мүмкіндік жасалады. Жаттығудың нәтижесі келесі графикте көрсетіледі, графиктегі көлденең баланың жаңғыртқан қатары. Тігінен әрбір мүмкіндікте баланың дұрыс айтқан сөзінің сапасы.

     
      1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта