1-ші сынып диагностика. 1сыныпта оуа дайындыын анытауа арналан дістеме
Скачать 132.39 Kb.
|
Сіз өзге балалардан қалай ерекшеленесіз. (“Адам салу” тесті)Ф.Гудифактың тестіне негізделіп,1946ж К:Маховер жасаған.Әдістеменің мақсаты:Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау. Нұсқау: “Өзіңе ұнайтын адамның суретін сал”.Егер бала салғысы келмесе ,оны қызықтыру қажет.Қойылған барлық сұрақтарға жанама түрде жауап беру қажет.Мысалы:”сен бастасаң”әрі қарай тез салынатын болады.1.Кім бейнеленген.2.Автордың сөзі бойынша ол дәл қазір не істеп жатыр.3. Фигураның пропорционадығы және бөлек бөлшектердің орналасу ерекшеліктері беріледі 4. Бояулы және көркемделуі.5.Қосымша жабдықтар болуы.6.Сызықтың сапасы Нәтижені өңдеу.Бас.Интеллектуалдқ сферасының символы.Егер маңдай болмаса, онда бала сапалы түрде ақыл-ой сферасын жоққа шығарады. Бас пен дененің бөліктері баланың физикалық және рухани қатынастар арасын көрсетеді.Бастың үстіндегі бейнеленген зат,мысалы:шляпа сыртқы әлемнің әсерінен қорғануды білдіреді.Бет-әлпет қарым-қатынас бейнесі.Қарым-қатынаста қиыншылықтары бар бала бет әлпетті нақты салмайды немесе оны ең соңында салады. Егер бала беттің барлық бөліктерін дұрыс салынса,онда бала өз-өзіне қатты қызығады әдемі көз,ұзын кірпік-эстетеиканың басымдылығын,ал қыздарда жыныстық сәйкестікті көрсетеді.Құлақ-егер олар бар болса онда қабылдаудың ашықтығын немесе қоршаған ортаға байланысты сақтықты көретеді.Көз –егер көз үлкен және қарашықтары бояулы немесе қарашықсыз,бірақ штрихталған болса,онда ол қорқыныштың немесе алаңдаушылықтың белгісі. Ауыз- егер ол ашық болса онда ол агрессияның немесе агрессивті мінездің вербальді бөлінділігін көрсетеді.Тістің бейнеленуі ол да агрессия болып саналады. Ерін- жыныстық жетілуді көрсетеді,қыздардың суретіндегі толық ерін жыныстық сәйкестікті көрсетеді.Мұрын- бөлек өңделмейді. Беттегі кейбір бөліктердің жоқтығы интеллектуалдық жетіспеушіліктің деңгейін көрсетеді. Мойын -өзінің ішкі сырларын қалыпта ұстау.Ұзын-мойын әуесқойлылықты көрсетеді. Қол –белсенділікпен қарым-қатынасты бейнелейді.Қолдардың жан-жаққа салынуы –қарым—қатынасқа тез түсетіндігін білдіреді.Қолдарды қалтаға салып қою немесе артында көрсетпей ұстау –қарым-қатынасқа тез түсе алмайды,тұйық қанағатсыздық бар. Егер саусақтар жақсы нақты салынса басқаруға және жаңа құрылымдарға қабілетті .Тырнақтары бар ұзын саусақтар және жұдырықтың салынуы –агрессияның белгілері.Қолсыз алынған дене енжарлықты біліреді Аяқ- тәжірибелік бағдарлауға бағытталған тіректің тұрақтылықтың белгісі СОЦИОМЕТРИЯ (1 сынып) 1 тоқсан соңында өткізіледі. өткізілу мақсаты: ұжым қалыптасуының алғашқы кезеңінде шеттетілген баланы анықтау. Балалар мерекелік дастархан және 4 үстелі бар сурет кескінделген парақтар алады. Психолог:Сиқыршы келіп әрқайсысымыздың туған күніміз болатындай жасайды. Ал туған күнге не қажет? Балалар: Мерекелік үстел қонақтар. Психолог: Мерекелік үстел сіздерде бар. өздеріңі отыратын үстелді таңдаңыздар да баспа әріпімен өздеріңіздің атыңызды қойыңыздар.мысалы: мен – Айбек Айтбеков,… оның қанша қонағы болатынын кім біледі? Балалар: үшеу Психолог: қонаққа сіздер тек өз сыныптарыңыздан шақыра аласыздар. Сиқыршы осылай айтты. Бос үстел жанына шақырылған қонағыңыздың аты мен фамилиясының бас әріпін жазыңыз. Қорытынды кезең. Психолог:туған күнде міндетті түрде тағы не болады? Балалар: сыйлықтар. Психолог: сиқыршы біздің барлығымызға ерекше силық дайындады. Ол сіздердің аяулы тілектеріңізді орындауға даяр. Парақты екінші жағына аударып тілектеріңізді жазыңыздар. Егер тілегіңіз шын мәнінде аяулы болса , ол міндетті түрде орындалады. Кім жазып болса ешкімге көрсетпей , ешкімге әңгімелемей жәй ғана маған әкеп өткізіңіздер. “ Мұғалім және мен” қазан айында 1 сыныпта өткізіледі. өткізілу мақсаты: мұғалім мен бірінші сынып арасындағы мәселені анықтау өткізілу уақытында мұғалім қатыспайды. Балалар түрлі қарындаш, таза А –4 қағазын алады. Нұсқау: сіздерге өздеріңіздің мұғалімдеріңіз өзіңіздің суретіңіздің жанына не салғыларыңыз келсе сол суретті салыңыздар. Нәтижені талдау. мұғалім мен өзара әрекеттестік типі мүмкін оқу, қарым-қатынас немесе ойын суреттегі бейне өзара әрекеттестік типін көрсетеді. Сабақ жағдайымен байланысты (тақта, парта…) оқу типі Қарапайым 2 фигура қарым-қатынас Мұғалім мен бала суреті арасындағы ағаш, ит , ойыншық – ойын типіне жатды. эмоцианалды-жылылық қатынас мұғалімнің киім кию түсінен ажыратамыз. Ашық жағымды түстер баланың мұғалімге қатынасының жылылығын көрсетеді баланың мұғалімге қатынасындағы қобалжуы: мысалы: мұғалім суретін айқын сызылған қара бояумен немесе бала өзінің суретін салмағанынан көрінеді. жабық болуға қорғануға талпыныс. Оқушы фигурасы мен мұғалімнің арасында қандай да бір зат салынса бала қорғанысы және ашылғысы келмейді. ролдік позицияның араласып кетуі. Мұны оқушымен мұғалімнің суретте бойының бірдей болуынан көрінеді. “ мұғалім және Мен” өткізілген күні ---------- сыныбы ------------------
Бернс әдісі Отбасы кинестетикалық суреті Нұсқау: Өзіңің отбасыңың суретін салшы. Отбасында кімді салсаң да өз еркің, суретті түрлі –түсті бояулармен боя. Нәтижені өңдеу. Бұл тапсырмада отбасы мүшелерінің бірі мақсатты түрде суретке салудан қалдырып кету –оның артында тұрған қандай да бір мақсатты білдіреді. (ол адамнан құтылғысы келеді, ол отбасының берекесін кетірген, оны жақыным деп қабылдамайды). Адамдардың формасын өте үлкен болуы немесе болмыстан мүлде кішірейтіп бейнелеу – ол адам туралы баланың пікірін білдіреді. (зор мықты адам немесе кішкентай). Ал адамның қандай да бір дене мүшесін зорайтып көрсету баланың эмоциялық қатынасын білдіреді, мұндай жағдайда баланы әңгімеге тарту арқылы анықтауға тырысу керек. Бала әңгімесі мен суреті сәйкес келсе зерттеу шындыққа жақынырақ. Кеңістікте орналасу. Өзін басқалардан зорайтып бейнелеу – отбасы өзінің маңызын білдіргісі келетіндігі, ал отбасы мүшесін зорайтып бейнелеу – отбасындағы олардың ролін баса көрсету. Бала ата –анасын неғұрлым жақсы көрсе оны белгілейтін бояу түсі де соғұрлым ашық, қанық, әдемі. Мысалы: анасын қызылмен байланыстыру –анасының белсенділігін білдіреді. Баланың өзін-өзі белгілеуде бояу неғұрлым түстік реттеудегі аз санға ие болса, соғұрлым бала өзіне -өзі сенімді, әрі өзін-өзі түстес етіп бояуы олардың арасындағы күшті байланыста дәлелдейді. Түстік реттеуде өзі ата – анасынан бұрын тұрса – мен олардан жақсымын дегендігі, олардан кейін тұрса – олар менен жақсы, олардың арасында тұрса –екеуіне ортақ, аралық қатынасты білдіреді. Адамның мінезін (көңіл –күйін) топтастырған түстер: Қызыл - белсенділік Көк - жоғары адамгершілік баға Жасыл - басымдылық Сары - өте төмен Күлгін - өзімшілдік, жалғандық Қоңыр - әлсіздік, біреуге тәуелділік Нәтижесі: Оқушының тәрбиелілік деңгейін анықтау. Осы сұрақтарға қарап, өзіңнің қандай адам екеніңді анықта: Еңбексүйгішсің бе,әлде жалқаусың ба ? 1.Жазғы демалыс аяқталып,мектепке баратын кез келді.Демалыстан оқуға ауысу саған қиындық тудырмай ма? А.Әрине қиын. Көндіккенше екі жұма өтуі керек. Ә.Үйреншікті жағдай. Қайда қашып құтыласың?! Б.Мен іске бірден қосылып кетемін. 2.Сенің ата-анаң бір апта сайын үй ішін жинастырып, тәртіпке келтіреді. Сен оларға көмектесесің бе? А.Ия,мен өз бөлмемді тазалаймын. Ә. Әрине! Б. Жоқ! Мен ондай кезде үйден тезірек кетіп қаламын. 3.Сен шалбарыңа дақ түсіріп алдың. Тазаламақ болып едің, бірақ дақ кетпеді. Сонда сен не істейсің ? А. Дақты қалайда кетіруді қарастырамын. Ә. Ешнәрсе етпейді. Солай жүре бермін. Б.Дақ кетіруге арналған зат сатып аламын Далада бұрқасын. Сен үйде кітап оқып отырсың. Кенет досың тез кел деп сен үйіне шақырды. Сенің әрекетің? А. Кешірім сұрап , ауырып жатырмын дер едім. Қолайсыз ауа райында далаға шыққым келмейді. Ә. Білмеймін! Б. Әрине барамын! Ол менің досым емес пе! 5.Сен досыңмен кездескенше үйді жинастырып, шашыңды алдыруың керек. Бірақ,үлгірген жоқсың. Осыған ренжір ме едің? А. Ия ,сәл ғана! Ә. Өте. Сол күні қатты қапаланып ұйқтай алмас едім. Б.Мен оған ренжіп жатпас едім. 6, Ата-анаң достарына бір аптаға қыдырып кетті. Сен жалғыз үйде қалдың. Үйде тазалықты сақтайсың ба ? А. Міндетті түрде! Ә. Ол кімге керек? Маған қажеті жоқ! Б. Білмеймін. Бірақ, ата-анам келердің алдында жинастырамын. Досың саған спортпен айналысып, таңертең жүгіруді ұсынды. Сен оның бұл ұсынысын қабылдайсың ба? А.Байқап көруге болады. Ә. Жоқ, себебі мен таңертең тұрғым келмейді. Б.Әрине. «Іс тұра тұрсын, ертең де күн бар ғой» деген мақалды саған лайықты ма? А. Осы мақалды құптаймын. Ә. Жағдайға байланысты. Б.Жоқ! Менің ойымша, еріншектік – барлық келеңсіздіктің себебі. Тест нәтижесінің қорытындысы. Өзіңе қатысты ұпайларды қос. Ұпайлар қосындысы нәтижені көрсетеді.
Егер сен қорытынды бойынша : -0 –ден 21 ұпайға дейін жинасаң - өкінішке орай , жалқаусың. Бұл сөзді сен үлкендерден, достарың мен таныстардан күнде бірнеше рет еститін шығарсың. Саған бөлмені жинату, ыдысты жуғызу,дүкенге жіберу мүмкін емес. Еріншектік пен көңіл көтерушілік –сенің мінезіңе тән қасиет. Одан қалай құтылуға болады? Ойлан. -24 –тен 33 ұпайға дейін жинасаң –сені аса еңбекқор адам деп атауға болмайды, бірақ кейде өзге істермен айналысуды ұнатып тұрсаң да , жұмыстан себепсіз қашпайсың. Көп жағдайларда сенің мінезің көңіл-күйіңе байланысты. Негізінен, бұл дұрыс та, жұмыс істеп те, демала да білу керек. Ең бастысы, өзіңнің парызың –атқаратын міндетіңді ұмытпа! 36- дан 48 ұпайға дейін жинасаң, онда сен -еңбекқорсың. Сен өз мінез-құлқыңмен мақсатыңа жету ұшін, көп мезгіл қиын жұмыстармен айналысуға бейімсің. Жарты жолда тұрып қалуды қаламайсың. Кез-келген жұмыс сені қуанышқа бөлейді, ал жұмыссыз қарап жүру жаныңды қинайды. Жарайсың! |