1-ші сынып диагностика. 1сыныпта оуа дайындыын анытауа арналан дістеме
Скачать 132.39 Kb.
|
Мақсаты: Оқушылардың өзі туралы, өзіндік бағасын білуін анықтау . Өзін жане өзгелерді дұрыс бағалауды қалыптастыру. Алдын ала оқушылармен келесі сұрақтарды қойып әңгімелесуге болады немесе тест сұрақнама түрінде ұсынуға болады . Сені мақтаса саған ұнайды ма? Сені жиі мақтай ма ? Сен жиі мақтағанды қалайсың ба? Егер сені мақтаса ,неліктен ұнамайды? Қалай ойлайсың,сенің жолдастарыңа сенімен бірге болу ұнайды ма? Балалар саған қандай роль береді ? Сен өзіңе қандай роль таңдар едің ? Сен қалай ойлайсың сенің достарың, мұғалімдер, туған-туыстарың саған әртүлі қатынас жасайды ма? Сенің ойыңша өзіндік баға деген не? Өзіндік баға жеке адамның өзін, өзінің мүмкіндіктерін бағалау - өзіңе деген талап,табыс пен сәтсіздікке деген қатынасты анықтайды Өзін бағалау адамның бейімділігі мен өзіндік жетілу ынтасына байланысты.Оған келесі формуланы қолданылады: табыс Өзіндік баға=---------------- талаптану Өзіндік бағаны анықтауға арналған “Мен қандаймын” әдістемесі 6-9 жастағы балаларға анықтауға арналған. Іс-қағазды ұсына отырып,баладан әр түрлі жағымды қасиетін бағалауын сұрайды. “Иә” жауаптары 1 ұпай “жоқ” жауаптары 0 ұпай “білмеймін” немесе “кейде” 0,5 ұпаймен бағаланады. Өзіндік бағалау деңгейі баланың барлық мінез сапалары бойынша жинаған ұпай санымен анықталады. “Мен қандаймын” әдістемесінің хаттамасы
10.Ұпай өте жоғары 2-3 төмен 8-9 –жоғары 0-1 өте төмен. 4-7 орташа Де-Греефэ бойынша оқушының өзіндік бағасын анықтау. Нұсқау: Сенің алдыңда үш шеңбер тұр. 1-ші шеңбер –мұғалімді, 2-ші шеңбер - өзіңді, 3-ші шеңбер- сенің жолдасыңды білдіреді. Әр шеңберден төмен қарай тіке сызық түсіру керек. Шеңберлердегі үш адамның қайсысы ең ақылды болса, сол адамнан ең ұзын тіке сызық түсіресің; ақылы орташа болса орташа сызық; төмен болса – қысқа сызық түсіресің. Содан кейін оқушыдан оның мұғалімінің, жолдасының есімдерін сұрап, оларды шеңберлерге жазып қоюын сұраңыз. Бала сызықтарды шеңберден төмен түсіреді. Нәтижені өңдеу. Егер оқушының сызған сызықтарының ұзындығы бірдей болса немесе ең ұзын сызықты өзіне қойса – ол оның ақыл-ойының толық жетілмегенін білдіреді; психикасы қалыпты оқушы ең ұзын сызықты мұғалім орналасқан шеңберге қояды. Егер ол орташа сызықты өзіне қойса, қысқа сызықты жолдасына қойса немесе керісінше болса, ол қалыпты жағдай. Алынған нәтижелерді басқа әдістеме көрсеткіштерімен салыстыра отырып, оқушымен әңгіме жүргізу керек. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке деген мотивациясын зерттеу әдістемесі. Нұсқау: Балаларға әңгіме оқылады: Балалар мектеп жайлы әңгімелесіп жатыр. Бірінші бала : Мені мектепке анам қинап апарады. Егерде анам апармағанда мен мектепке мүлдем бармас едім. Столдың үстінде суреті бар үлестірмелі қағаз жатады №суретте Сұқ саусағымен мектепті көрсетіп тұрған әйел бейнесі: оның алдында қолында сөмкесі бар бала. (сыртқы мотив) Екінші бала (қыз ) айтты : Маған сабақ оқыған ұнайды мен сонықтан мектепке барамын. Тіпті мектеп болмаған күннің өзінде де мен оқитын едім № 2 сурет көрсетіледі партада отырған баланың сұлбасы бейнеленген (оқу мотив) Үшінші бала айтты . Мен мектепке ойнау үшін барамын маған онда қызық, ойнайтын балалар көп. №3 сурет көрсетіледі доп ойнап тұрған екі баланың суреті бейнеленген Төртінші бала айтты. Мен мектепке үлкен болу үшін барамын, мектепте мен өзімді ересек сезінемін. Мектепке дейін мен кішкентай болдым. №4 суретте үлестірмелі қағаз көрсетіледі. Бір біріне арқасымен қарап тұрған екі бала бейнеленген: бойы ұзынның қасында портфель, бойы кішісінің қолында ойыншық автомабиль (позициялы мотив) бесінші бала айтты : Мен мектепке оқу үшін барамын. Оқусыз еш нәрсе істей алмайсың, ал оқыған адамның қолынан бәрі келеді. №5 Үлестірмелі қағаздағы сурет көрсетіледі, қолында портфелі бар бала мектепке бара жатыр ( әлеуметтік мотив) Алтыншы бала айтты мен мектепке бестік үшін барамын №6 суреті бар үлестірмелі қағаз көрсетіледі : Ашылған дәптерді ұстап тұрған бала. Әңгіме оқылып болғанан кейін сұрақтар беріледі: - Сенің ойыңша бұл балалардың қайсысы дұрыс-таңдау жасады Олардың ішінде сен қайсысымен бірге ойнар едің Олардың қасысымен бірге оқығың келеді ? неге Бала жауабында мазмұны жеткізіліксіз түрде ашылама, бақылау сұрағын қоюға болады: Бұл бала не айтады? Зерттеулерді өңдеу Жауаптар жалпы кестеге жазылып, содан кейін эксприментор бағалайды
1 таңдау сыртқы мотив –0 ұпай 4 таңдау 3ұпай 2 таңдау оқу мотив – 5 ұпай 5 таңдау - әлеуметтік таңдау 4 ұпай з таңдау ойын мотив 6 таңдау - баға 2 ұпай Бақылау көрсеткіші таңдаған ұпай санына жалпы қосылады .Оқу мотивациясы жоғарғы ұпай санымен анықталады. Мұнымен бірге өзге мотивтерді таңдауы мүмкін. Оқушыларының мектепке деген мотивациясын зерттеу әдістемесі. Балаларға « Маған мектепте не ұнайды?» тақырыбына сурет салу ұсынылады. Суреттің берілген тақырыпқа сәйкес болмауы автордың пікірінше: А) Мектепке деген мотивацияның көрінбеуі және ойын мотивінің көрінуі. Бұл жағдайда балалар машина, ойыншық соғыс әрекеттерін, өрнектер салады. Б) Баладағы жағымсыз қасиет. Бала мектеп тақырыбына сурет салудан үзілді- кесілді бас тартады, оның орнына ұнатқан суретті салу, мұндай мінез құлық мектеп талаптарына қиындықпен бейімделу деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. В) Қойылған мақсатты түсінбеу. Балалар ешқандай сурет салмаса немесе басқа балалардың суретін көшіріп алса, мұндай балаларды психалық дамуы кешеуілдеген балаларға жатқызуға болады. Мұндай жағдай 0 ұпаймен бағаланады. Суреттердің берілген тақырыпқа сәйкестігі: А) Оқу жағдайлары жоғары мектеп мотивациясын, оқу белсенділігін және оқушылардың танымдық мотивін көрсетеді. (30 ұпай) Б)Оқу жағдайына сай емес мектептің сыртқы көрінісі мектепке жағымды қатынасты көрсетеді,бірақ сыртқы мотивацияның басым болуымен ерекшеленеді. В)Мектептегі ойын жағдайларының суреті мектепке қатынастың жағымды екенін көрсетеді, бірақ ойын мотивациясы басым болуымен ерекшеленеді. Н.Г.Лусканова мектеп мотивациясының деңгейінің скрингтік базасына арналған арнайы сауалнама ұсынады, 10 сұрақтан тұратын, жауаптары 0 мен 3 ұпай арасында бағаланады, (жағымсыз 0 ұпай, нейтралды 1 ұпай жағымды 3 ұпай). 25-30 ұпай жинаған оқушылар мектепке бейімделудің жоғары деңгейін көрсетсе, 20-240 ұпай жинаған оқушылар орташа норма, 15-19 сыртқы мотивация, 10-14 төменгі мектеп мотивациясы, 10 ұпайдан төмен мектепке деген қатыныстың жағымсыздығын көрсетеді. АНКЕТА СҰРАҚТАРЫ. 1.Мектепте оқыған саған ұнай ма? Таңертең ұйқыдан оянғанда мектепке қуанышпен барасың ба , әлде үйде қалғың келе ме? 3.Егер мұғалім ертең мектепке келу барлық оқушыларға міндетті емес деп айтса, сен келер ме едің? 4.Егер қандайда бір сабақтарды өзгертсе саған ұнайды ма? 5.Үйге тапсырма берілмесе саған ұнайды ма? 6.Мектепте тек қана белгілі бір сабақтардың қалдырылуы саған ұнайды ма? 7.Сен ата-анаңа мектеп туралы жиі айтасың ба? 8.Сенің мұғаліміңнің қатал болмағанын қалар ма едің? 9.Сыныпта сенің достарың көп пе? 10.Сенің сыныптастарың саған ұнайды ма? Сауалнаманы мектеп мотивациясының динамикасын бағалау үшін қайта жүргізуге болады. Мектеп мотивациясының деңгейінің төмендеуі – баланың мектепке бейімделмеуінің көрсеткіші, жоғарылауы- даму мен оқыту динамикасының жағымдылығын анықтайды. Жүргізілген зерттеулер баланың мектепке бейімделуінің 3 деңгейін анықтауға мүмкіндік берді: Жоғары деңгей – бала мектепке жоғары қатынаста, ұсынылған талаптарды тепе-тең қабылдайды: оқу материалын жеңіл меңгеруі, мен бағдарламаны толық игеруі,ал тапсырманы сыртқы бақылаусыз толық орындайды, сыныпта беделді барлық сабақтардан өзіндік жұмыста қызығушылық көрсетеді,. Орта деңгей – бала мектепке жағымды қатынаста, оқу материалын түсінеді, бағдарламаның негізгісін игереді, типтік есептерді өз бетінше шеше алады, тапсырманы орындауда зейінді, сыныпта көп балалармен достық қарым- қатынаста ,бірақ бақылауды қажет етеді,. Төменгі деңгей – бала мектепке қатынасы жағымсыз, денсаулығына шағымданады,көңіл күйі төмен, тәртіпті бұзады,өзіндік сабақтарға қызығушылық көрсетпейді,сабаққа үнемі дайындалмайды, көмек пен бақылау талап етеді, енжар, сыныпта жақын достары жоқ. Пәндер рейтингі Мақсаты: Оқушылардың әр пәнге байланысты эмоционалды көңіл күйін анықтау Орындалуы: оқушыларға осы оқу жылында өтіліп жатқан рет – ретімен жазылған пәндер тізімі бар іс-қағазы таратылып беріледі, оларға әр пәнге қандай көңіл күймен баратындығы туралы төмендегі белгілерді белгілейді. Қажетті құралдар: пәндер тізімі жазылған іс-қағазы, қаламсап. Көңілді – 2 ұпай Бір қалыпты – 1 ұпай Көңілсіз – 0 ұпай Оқушыларға іс-қағазы төмендегі ұсынылған суреттерді белгілеу ұсынылады, кейін іс-қағазы, жиналып алынады. Нәтижені өңдеу: ұпайлардың жалпы санын есептеп, бір оқушының немесе сыныптағы барлық оқушылардың әр пәнге байланысты сабақтағы эмоционалды жағдайларының пайыздық деңгейі шығарылады, оны тізбекке орналастыруға болады.
60% жоғары – жағымды эмоционалды жағдай 50%-60%-орташаэмоционалдыжағдай 50% - төмен жағымсыз эмоционалды жағдай “Түрлі-түсті суретті” тест арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісіндегі психикалық қалпын анықтау |