Главная страница
Навигация по странице:

  • Қорқынышты анықтау әдістемесі.

  • Үрейлікті анықтау.

  • Кіші мектеп жасындағылардың жекелік ерекшелігін зерттеуге арналған тесті.

  • Айзенк сұрақнамасы Мақсаты

  • Қажетті құралдар

  • Тест жүргізу.

  • Нәтижені талдау.

  • 1-ші сынып диагностика. 1сыныпта оуа дайындыын анытауа арналан дістеме


    Скачать 132.39 Kb.
    Название1сыныпта оуа дайындыын анытауа арналан дістеме
    Дата03.11.2022
    Размер132.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-ші сынып диагностика.docx
    ТипДокументы
    #769276
    страница4 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Авторлар:   А.О. Прохоров, Г.Н. Генинг

    Мақсаты:     Бастауыш сынып оқушыларының психикалық қалпын анықтау

    Қажетті құралдар:   ақ парақ, қаламдар: қызыл, сары, көк, жасыл, қара,          қоңыр, қызыл-сары, көгілдір, ашық қызыл (розовый);          парақтың сол жағында 50x50 мм төртбұрыш болу қажет.

    1 Нұсқау:     «Балалар! Алдарыңда ақ қағаз және түрлі түсті  қаламдар бар.   Парақтың сол жағында төртбұрыш бар. Сол төртбұрыштың ішіне әр түрлі түстермен өздерінің көңіл-күйлеріңді бейнелейсіңдер. Төртбұрышты бөлшектерге бөлуге болады және бірнеше түстерді қолдануға болады».

    2 Нүсқау:    «Балалар! Қазір сендер өздеріңнің     үйлеріңді түспен боядыңдар, ал енді ойланып көріңдер, көңіл-күйлеріңіз қандай     затқа немесе бейнеге ұқсайды. Ол мүмкін айналадағы заттар шығар. Мысалы: доп, гүл, жаңбыр, жел, күн және т.б.  

    Суретті оң жағына салу керек».

    Әдістің нәтижесін өңдеу

     



    Түс

    Сурет

    Күй

    1

    Қызыл

    Дәптер, парта, сынып, тақта ж.т.б. оқу құралдары

    Белсенділік

    2

    Қызыл- сары        (бірге)

    Кемпірқосақ, Жаңа жыл, шырша, торт, балмұздақ, кәмпит, сыйлық, төмпек, «5» (баға), күн, үрлейтін шар

    Қуаныш

    3

    Жасыл

    Бағдаршам,машина, теледидар, жол, цирктегі жанглер, сыныптағы тақта

    Зейінділік)

    4

    Ашық қызыл

    (розовый)

    Работ, машина, компьютер, қуыршақ (кукла), принцесса

    Қиял, армандаушылық

    5

    Қара

    Жаңбыр, дақ, партаның үстінде үйықтау.

     

     

     

     

     

     

    Жатқан оқушы

    шаршау

    6

    Қызыл түсті сары (оранжевый)

    Гүл, ойнап түрған балалар, жануарлар, бала

    Достық қалып, жылы шырай, мейірімділік

     

     

     

    кәрі әжеге көмектесу

     

    7

    Сары

    Сынған ваза, мүғаліммен, анамен тұрған бала

    Адалдық

    8

    Ашық көк

    Душ, бассейн, теңіз

    Сергектік, ширақтық

    9

    Көк

    Волейбол, футбол, көтеріліп түрған қоп, жіппен секіру

    Құмарлылық

    10

    Көк

    Мұғаліммен және басқа үлкендермен түрған бала

    Сыйлау

    11

    Қоңыр

    «жедел жәрдем», айдала, мола, құлаған бала, анасы баласының басынан сипап жатыр

    Жан ашу, көңіл білдіру, қайғыға ортақтасу

     

    Түрлі-түсті суретті тест арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу процесіндегі психикалық қалпын анықтап, келесі қорытындыларды жасауға болады: оқушылардың психикалық қалпы тұрақты, көбінесе қуаныш, жылы шырай, белсенділік күйлері байқалады немесе оқушыларда қобалжу бар екенін білдіреді.

    Қорқынышты анықтау  әдістемесі.

    Қоқынышты анықтау әдістемесі балада келесі тізбек сұрақтары бойынша өткізуге болады.Балаға келесі  сұрақ қойылады: ”өтінемін айтшы, сен неден қорқасың?” деп бастаған жөн.

    1. Жалғыз өзің қалғанда ма?

    2. Ауырып қаламын деп пе?

    3. Өлімнен бе?

    4. Қандай да бір балалардан ба?

    5. Тәрбиешіден бе?

    6. Сені жазалаудан ба?

    7. Жалмауыз кемпірден бе, ?

    8. Қорқынышты түстерден бе?

    9. Қараңғыдан ба?

    10. Қасқырдан, иттен аюдан, шаяннан, жыланнан ба?

    11. Машинадан, поездан, ұшақтан ба?

    12. Дауылдан, найзағайдан, қатты желден, су тасқынынан ба?

    13. Биіктіктен бе?

    14. Тар бөлмеден, әжетханадан ба?

    15. Судан ба?

    16. Оттан ба?

    17. Соғыстан ба?

    18. Дәрігерлерден бе?

    19. Қаннан ба?

    20. Дәрі егуден бе?

    21. Ауырғаннан ба?

    22. Кенеттен шыққан дыбыстан ба?

    Психолог берілген сұрақтарға алынған жауаптар негізінде  балаларда    қорқыныш болу деңгейі   туралы қорытынды жасайды.

    Балада көптеген түрлі қорқыныштың  болуы – алғашқы  жағдайдың маңызды көрсеткішін көрсетеді.

    Мұндай балаларды бірінші  кезекте “тәуекел” тобына жатқызу керек және олармен арнайы  түзету  жұмыстарды жүргізу керек.

    Барлық айтылған қорқыныштарды бірнеше топқа бөлуге болады: медициналық (ауыру, укол, дәрігер…)

    Денеге зиян келетін қорқыныш (кенеттен шыққан дыбыс, көлік, от, өрт, апат, соғыс)

    өлім қорқынышы (өзінен)

    ертегі кейіпкерінен  алынған жануарлар қорқынышы

    қорқынышты түстер мен қараңғылық қорқынышы :

     әлеуметтік жанама қорқынышы (адамдардан, балалардан, жазалаудан,кешігуден, жалғыздықтан)

    “ кеңістік” қорқынышы  (биіктен, судан)

     

    Үрейлікті анықтау.

    Үрейлену тестін мақсатқа сәйкес кейбір жағдайларда қолданамыз, яғни 4-7 жас аралығындағы балалардың өмірдегі жағдайда басқа адамдармен қатынас кезінде типтік қатар бойынша үрейленуін анықтауға  мүмкіндік береді.

    Үрейлікті эмоционалды жағдай түрлері ретінде және жеке деңгейде  субъектінің қауіпсіздігін қамтамасыз  етуден  тұратын міндет

     ретінде қарастырады. Үрейдің жоғары деңгейі баланың басқа әлеуметтік жағдайда эмоционалды бейімділіктің жеткіліксіздігі туралы дәлелдейді.

    Үрейлік деңгейін білу – бұл баланың ішкі қатынасын (әлемін) белгілі жағдай типін бағалауға немесе баланың үлкендермен, жолдастарымен қатынасы туралы отбасында бала-бақшада, мектептегі әрекеттестік мінезі туралы жанама ақпарат беруге көмектеседі.

     

    1. Кіші жастағы балалармен ойын (бала екі баламен ойнап жатыр)

    2. Бала және ана нәрестемен  (бала қоларбамен нәрестені алып келе жатқан анасының жанында келе жатыр.)

    3. Агрессия нысанасы (бала өзін ренжіткен қатарласынан қашып келеді)

    4. Киіну (бала үстелде отырып бәтеңкесін киіп жатыр.)

    5. Үлкен балалармен ойын (бала ересек балалармен ойнап жатыр)

    6. Жалғыздықта ұйықтау. (бала өз төсегіне келе жатыр, ал ата-аналары оған арқасымен жұмсақ орындықта отыр)

    7. Жуыну (бала жуынатын бөлмеде жуынып жатыр)

    8. Сөгіс (анасы баласын сұқ саусағымен бұлғап ұрысып жатыр.)

    9. Шындықты елемеу (әкесі баласымен ойнап жатыр, ал бала жалғызсырап тұр)

    10. Агрессивті шабуыл (қатарласы баладан ойыншығын алып жатыр)

    11. Ойыншықтарды жинау (анасы мен баласы ойыншықтарды жинап жатыр)

    12. Жалғыз қалу (екі бала жалғыз жылап тұрған сәбиден қашады)

    13. Бала ата-анасымен( бала әкесі мен анасының ортасында тұр.)

    14. Жалғыздықта тамақтану (бала үстелде қолында стақанымен жалғыз отыр)

    Әрбір аталған өмірлік жағдайлар екі  нұсқада орындалған: ұлдарға және қыздарға арналған.

    Суреттер балаға берілген қатармен қатаң тәртіппен ұсынылады,

    әңгімелесу бөлек бөлмеде өтеді. Суретті көрсетіп болған соң психолог келесіні сұрайды: “ сен қалай ойлайсың, баланың әлпеті көңілді ,ме көңілсіз бе? Ол нәрестемен ойнап жатыр”

    Он төртінші  сұрақтарға дейін осы сөздер қайталанады.

    Баланың танымдық таңдауы дұрыс болу үшін нұсқаудағы атаудың түрі кезектесіп отыру қажет. Балаға қосымша сұрақ қоюға болмайды.

    Баланың сәйкестелген бейнені (көңілді немесе көңілсіз) таңдауын және адамдардың ауызша пікірлерін арнайы алдын ала дайындалған   хаттамаға жазылады.

    Ұсынылған суреттерді жағдайлар өзінің эмоционалды түстерімен ерекшеленеді.

    Сонымен , 1,5 және 13 суреттер ұнамды түсті

    3,8,10 және 12  суреттер эмоцианалды ұнамсыз бейне

    2,4,6,7,9,11 және 14 суреттер екі ойлы бейне

     

    Екі ойлы бейнелер негізі танымдық ауыртпалық әкеледі – бала қандай эмоцианалдық ой береді және бұл ойлар баланың дүние танымдық түсінігіне   бағытталады.

     Әр баланың хаттамасы сандық және сапалық талдау бойынша жүргізіледі.

     

    Сандық талдау

    Берілген хаттама негізінде баланың  үрейлік индексін есептеп шығару керек.

     

    ҮР*   эмоцианалды-жағымсыз таңдау саны

              -----------------------------------------------  х 100%

                                      14

     

     Үрейлік индексі бойынша 3,5-7 жас аралығында балалар үш топқа бөлінеді.

    1. жоғары деңгейлі үрей (үр х50 пайыздан жоғары)

    2. орташа деңгейлі үрей (үр 20 пайыздан х50 пайызға дейін)

    3. төмен деңгейлі үрей (0-ден 20 пайызға дейін)

     

     

    Сапалық талдау.

    Баланың әр жауабын бөлек талдау керек. баланың қазіргі жағдайдағы қазіргі тәжәрибесі туралы қорытынды жасалынады.

    әсіресе 4(киіну), 6(жалғыздықта ұйықтау), және 14-ші суреттер (жалғыздықта тамақтану) жоғарғы танымдық мағыналы суреттер.

    Осы аталған суреттегі жағдайда эмоцианалды таңдау жасаған балалардың үрейлік индексі  жоғары дәрежелі мүмкіндікке ие.

    2-ші (нәресте және бала анасымен), 7(ояну), 9 (шындықты елемеу), 11 (ойыншықты жинау) суреттердегі жағдайда эмоцианалды жағымсыз таңдау жасаған балалардың үрейі жоғары немесе орташа дәрежедегі үлкен мүмкіндікке ие.үрейліктің жоғарғы деңгейін  ”бала – бала”  (кішкентай балалармен ойын, агрессиялық нысана. Үлкен балалармен ойын, агрессивті шабуыл.оңашалану.) жағдайдағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде көбінесе эмоцианалды жағымсыз таңдау саны бар,сонымен бірге үлкен балалар (5-7жас) кіші жастағы балаларға қарағанда үрейлік деңгейін жоғары көрсетеді.

    Ал мына суреттегі үрейлік деңгейі “бала-ересек” (сәби және нәрестемен анасы. Жаза. Шындықты елемеу. Бала ата-анасымен.) және күнделікті әрекетті жағдайда: (Жуыну. Жалғыз ұйықтау.Киіну. Ойыншық жинау. Жалғыз тамақтану.) анағұрлым төмен.

     

     Кіші мектеп жасындағылардың жекелік ерекшелігін зерттеуге арналған тесті.

    2 нұсқа (қыздарға арналған)

    1. Сенімен жақсы қарым-қатынасты, кейбір адамдар ғана жасайды ма

    2. Таңертең ұйқыдан оянғанда бірден көңілденесің бе ,әлде сен көңілсіз болып тұрасың ба?

    3. Басқаларға қарағанда сен жұмысты тез аяқтайсың ба ,әлде саған көп уақыт қажет пе?

    4. Кейде өзіңе сенімсіз боласың ба , әлде сенімдісің бе?

    5. Сен мектептегі достарыңды көргенде әрқашан қуанасың ба, әлде кейде сен ешкімді көргің келмей ме?

    6. Саған анаң жұмысты жай орындайсың деп айтады ма, әлде сен барлығын тез жасайсың ба?

    7. Басқа балалар сенің ұсынысыңды қолдайды ма, әлде бұл оларға әрқашан ұнамайды ма?

    8. Мектепте барлығын қалай талап етсе солай орындайсың ба, әлде мұғалімнің айтқанын нақты орындамайсың ба?

    9. Балалар сені алдап кеткісі келеді деп ойлайсың ба ,әлде олар сенімен дос па?

    10. Сен барлығын әрқашан жақсы орындайсың ба ,әлде сенде ойыңдағыдай  болмай қалатын уақыт болады ма?

    11. Көбінесе “ мұзбен”, “бумен”, “қармен” ортақтас “су” ма әлде “боран” әлде “қыс” па?

    12. Сен сабақ уақытында сабырлы отырасың ба ,әлде қозғалғанды ұнатасың ба?

    13. Кейде сен өзіңнің анаңа қарсы  жауап айтасың ба, әлде сен одан қорқасың ба?

    14. Саған шаңғымен сырғанау көбірек ұнайды ма, әлде биік тауларға шығу ұнайды ма?

    15. “жүру”, “жүгіру” сөзіне қатысы бар “жәй”, “жоғары”, “еңбектеу” сөздері ме әлде “жылдам” сөзіне қатысы бар ма?

    16. Сен өзіңді әрқашан сыпайымын деп санайсың ба, әлде жалықтырып жібересің бе?

    17. Сенімен келісу қиын деп айтады ма, әлде сенімен жұмыс жасау жеңіл ме?

    18. Мектептегі балалардың бірімен оқу құралдарын ауыстырған кезің болды ма, әлде мұны ешқашан жасаған жоқсың ба?

    19. Сандар қатары берілген: 7,5,3 – қай сан ұнайды әлде келесі 2,1,9 саны ұнайды ма?

    20. Кейде тіл алғыш болғың келмейді ме , әлде сенде мұндай ешқашан болған емес пе?

    21. Сенің  құрбыларың саған қарағанда барлығын жақсы орындай ма әлде жиі сенің ұсынысыңды жөн көре ме?

    22. Егер сен жабайы жануарды  елестеткеніңде  жылқыға ұқсағың келе , әлде жолбарысқа ма?

    23. Сөздер тобы берілген: “кейбіреу”, “барлығы”, “жиі”,  “ешкім”. Бір сөз қалғанына сәйкес келмейді “жиі”, әлде “ешкім” әлде “бәрі” қайсысы сәйкес келмейді?

    24. Саған жағымды жаңалық жеткізсе сен жәй ғана қуанасың ба әлде қуаныштан секіргің келе ме?

    25. Егер саған біреу жаман қарым-қатынаста болса сен оны кешіресің бе әлде оған да сондай қатынас жасайсың ба?

    26. Саған белсенді жүзу көбірек ұнай ма әлде биіктен секіру ме?

    27. Саят Самғаттан жас, Айбек Саяттан жас қайсысы үлкен, Самғат па әлде Саят па әлде Айбек пе?

    28. Мұғалім кейде сенің зейінділігің төмен, дәптерге көп қателер жібересің деп айтады ма, әлде ол мұны ешқашан айтпайды ма?

    29. Таласта өзің қалап тұрғанды не болса да дәлелдеп шығуға талпынасың ба ,әлде жәйбарақат орын бересің бе?

    30. Сен соғыс туралы тарихты тыңдағанды ұнатасың ба ,әлде  жануарлар өмірі туралы тыңдағанды ұнатасың ба?

    31. Сен сыныпқа келген жаңа оқушыға әрдайым көмектесесің , әлде мұны әдетте басқалар жасайды ма?

    32. Жағымсыз жағдайлар ұзақ уақыт есіңде бола ма әлде ол туралы тез ұмытып кетесің бе?

    33. Кешкі киім үлгілерін тігу саған көбірек ұнай ма әлде балерина болу ұнай ма?

    34. Егер анаң саған ұрысса  көңілсіз боласың ба ,әлде көңіл күйің бұзылмай ма?

    35. Сөмкеңді кешке түгендеп қоясың ба, әлде мұны таңертең жасайтын кезің бола ма?

    36. Сені мұғалім мақтайды ма әлде сен туралы аз айтады ма?

    37. Өрмекшіге жақындай аласың ба әлде ол саған жағымсыз ба?

    38. Сен жиі өкпелейсің бе әлде бұл сенде сирек кездеседі ме?

    39. Ата-анаң саған ұйықтау қажеттігін айтқанда өз ісіңді жалғастыра бересің бе әлде бірден барасың ба?

    40. Таныс емес адамдармен сөйлескенде ұяласың ба ,әлде тіпті ұялмайсың ба?

    41. Сенің суретші болғың келе ме әлде жақсы шаштаразшы ма?

    42. Сенде барлығы сәтті шыға ма әлде сәтсіздіктер бола ма?

    43. Егер сен есептің шартын түсінбесең балалардан көмек сұрайсың ба әлде мұғалімге барасың ба?

    44. Қызықты оқиғаларды барлығы күлетіндей етіп айта аласың ба әлде мұның оңай емес екенін білесің бе?

    45. Сабақтан кейін сен аздаған уақыт мұғалімнің қасында болғың келе ме әлде бірден дәлізге шыққың келе ме?

    46. Жұмыссыз отырғанда өзіңді нашар сезінесің бе әлде мұндай нәрсе болмайды ма?

    47. Мектептен қайтар жолда ойынға тоқтайсың ба әлде бірден үйге қайтасың ба?

    48. Сенің ата-анаң сені әрқашан тыңдай ма әлде олардың қолы бос болмайды ма?

    49. Үйден шыға алмай қалған кезде саған бәрібір ме әлде көңілсіз боласың ба?

    50. Сенде қиындықтар аз ба әлде көп пе?

    51. Бос уақытыңда сенің киноға барғаның дұрыс па әлде аулаға гүл отырғызар ма едің?

    52. Анаңа мектептегі іс туралы айтасың ба әлде қыдыру,саяхат туралы айтасың ба?

    53. Егер сенің достарың сенің заттарыңды сұраусыз алса сен ызаланасың ба әлде онда тұрған ешнәрсе жоқ деп санайсың ба?

    54. Кенеттен шыққан дыбысқа селт етесің бе әлде жәй қарайсың ба?

    55. Саған қыздармен бір нәрсе туралы әңгімелескен ұнайды ма әлде олармен ойнаған ұнайды ма?

    56. Қобалжыған кезде дауыс көтересің бе әлде әрқашан жай сөйлейсің бе?

    57. Сабаққа барғың келе ме әлде фигуристердің өнерін тамашалағың келе ме?

    58. Егер сен радио немесе теледидар көріп отырған кезде өзге әңгімелер кедергі келтіре ме әлде сен оларды байқамайсың ба?

    59. Саған мектепте қиын болған кез болды ма әлде саған онда жеңіл ме?

    60. Егер сені үйде бірнәрсемен ашуландырса сен бөлмеден жайбарақат шығасың ба әлде есікті қатты жауып кетесің бе?

     

    Кеттелл сұрақнамасының кілті

      

     

    1              +-    А

    2              -+     А

    3              +-     С

    4              -+     С

    5              +-     А

    6              -+     С

    7              +-     А

    8              +-     С

    9              -+     А

    10         +-     С

    11         +- -   В

    12         -+     Д

    13         +-     Е

    14         -+     F

    15         - -+   B

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    16    -+     D

    17     +-     E

    18     +-    F

    19     -+          

    20    +-     D
    21    -+     E

    22     -+     F

    23            +- -  B

    24     -+    D

    25     -+    E

    26     -+    F

    27            - - + B

    28            +-    B

    29            +-    E

    30            +-   F

     

    31     +-    G

    32     -+    H

    33      -+   I

    34      +-    O
    35      +-    G

    36      +-     H

    37      -+    I

    38      +-     O

    39      +-     G
    40      -+    H

    41      +-     I

    42      -+     O

    43      -+     G

    44      -+     H

    45      +-      I

     

     

    46    +-    O

    47     -+    G

    48     +-    H

    49     +-     I

    50     -+      O

    51     -+     Q3

    53     -+      Q3

    54      +-    Q4

    55       -+    Q3

    56      +-      Q4

    57      +-      Q3

    58      +-     Q4

    59      -+     Q3

    60      -+      Q4

     

    Kіші мектеп жасындағылардың жекелік ерекшелігін зерттеуге арналған

    тест (Р.Б. Кеттелл және Р.Д. Хаон  жасаған)

    1 нұсқа  ( ер балалар үшін)

     

    1. Сен үй тапсырмасын тез орындайсың ба, әлде оны ұзақ орындайсың ба?

    2. Егер саған әзілдесе сен аздап өкпелейсің бе ,әлде күлесің бе?

    3. Бәрін ойдағыдай орындадым деп ойлайсың ба, әлде кейбір тапсырмаларды ғана орындайсың ба?

    4. Қатені жиі жасайсың ба ,әлде оны мүлдем жасамайсың ба?

    5. Сенің достарың көп пе, әлде онша көп емес пе?

    6. Өзге балалар сенен артық жасайды ма әлде сенде олардан кем жасамайсың ба?

    7. Адамдардың атын әрқашан жақсы еске сақтайсың ба әлде кейде сен ұмытып қаласың ба?

    8. Сен көп оқисың ба әлде көпшілігі сенен көп оқиды ма?

    9. Мұғалім сенің істегің келген жұмысқа басқа баланы таңдаса сен өкпелейсің бе әлде сен бұл туралы тез ұмытып кетесің бе?

    10. Сенің ойлаған ойларың дұрыс әрі жақсы деп санайсың ба әлде бұған сенімсізсің бе?

    11. “Жинау” сөзінің мағынасына қай сөз қарама-қайшы болады: “тарату” немесе “жинау” әлде “сақтау”

    12. Сен  әдетте үндемейсің бе әлде көп сөйлейсің бе?

    13. Егер анаң саған қапаланса бұл кейде оның қателігі ме әлде сен бірнәрсені дұрыс орындамадың ба?

    14. Саған кітапханада кітаптармен айналысқан ұнайды ма әлде алысқа жүзуге қатысқан ұнайды ма?

    15. Келесі әріптердің “С”, “Т”, “У” қайсысының қалған екеуінен айырмасы бар?

    16. Сен кешке ұзақ уақыт тыныш отыра аласың ба әлде қозғалыста боласың ба?

    17. Егер балалар сен жақсы білетін жер туралы әңгіме айта бастаса сен де қосыласың ба әлде олардың әңгіме айтып болғанын күтесің бе?

    18. Ғарышкер бола аласың ба әлде бұл өте күрделі деп ойлайсың ба?

    19. 2,4,8 сандар қатары берілген. Бұл қатарда келесі сан қайсы 10 әлде 16 әлде 12?

    20. Сенің анаң сені пысық әрі мазасыз деп айтады ма әлде сен тыныш әрі байсалдысың ба?

    21. Балалардың біреуі әңгіме айтса беріліп тыңдайсың ба әлде өзіңнің әңгіме айтқаның көбірек ұнайды ма?

    22. Бос уақытыңда сен кітап оқығанды ұнатасың ба әлде доп ойнағанды ма?

    23. Сөздер тобы берілген “Суық”, “Ыстық”, “Дымқыл”, “Жылы”. Бір сөз мағынасы жағынан басқаларға сәйкес келмейді. Қ,айсысы? “Дымқыл” әлде “Суық” әлде “Жылы”?

    24. Сен өзіңнің қозғалысыңа әрқашан абайсың ба, әлде жүгіргенде заттарды қағып кетесің бе?

    25. Сені жазалайды деп қобалжисың ба ,әлде бұл сені ойландырмайды ма?

    26. Сен үлкейгенде үй соққан ұнайды ма, әлде ұшқыш болу ұнайды ма?

    27. Қазір Айгүл қаншада болса ,Абай да сол жаста,, ал Айбек олардан үлкен еді,. Бұлардың қайсысы жас? Айгүл ме Абай ма әлде Айбек пе?

    28. Мұғалім саған сабақта жиі ескерту жасайды ма әлде өзіңе қалай ұнаса  солай жүр деп айтады ма?

    29. Сенің достарың бірнәрсеге таласып жатса сен олардың таласына араласасың ба әлде үндемей қаласың ба?

    30. Сыныпта басқа балалар әңгіме айтып күліп жатса сен сабақ оқи аласың ба әлде сабақ оқығанда тыныштық болу керек пе?

    31. Сен теледидардан “Хабар” тыңдайсың ба әлде ол басталғанда сен ойнауға кетесің бе?

    32. Сені үлкендер өкпелетеді ме әлде сені олар жақсы түсінеді ме?

    33. Үлкен қозғалыс болып жатқан көшеден сабырмен өтесің бе әлде аздап қобалжисың ба?

    34. Сенде үлкен жағымсыз жайттар бола ма әлде ұсақ, майда, мағынасыз жайттар ма?

    35. Егер сен сұраққа жауапты білсең бірден қол көтересің бе әлде сені атағанға дейін үндемей отыра бересің бе?

    36. Сыныпқа жаңадан бала келсе басқа балалар сияқты тез танысып кете аласың ба әлде саған көп уақыт қажет пе?

    37. Қандайда бір көліктің жүргізушісі болғың келе ме әлде дәрігер болғың келе ме?

    38. Бір нәрсе болмай жатса жиі қапаланасың ба әлде сирек болады ма?

    39. Балалардың біреуі сен оларға бақылау жұмысына көмектесуіңді сұраса өзің шығар деп айтасың ба әлде мұғалім көріп қоймаса көмектесесің бе?

    40. Сен отырғанда үлкендер бір-бірімен әңгімелеседі ме әлде сені тыңдайды ма?

    41. Сенің жоспарыңның көпшілігі орындалады ма әлде кейде сен ойлағандай болмай қалады ма?

    42. Егер сен көңілсіз әңгіме естігенде көзіңе жас келеді ме әлде мұндай болмайды ма?

    43. Анаң үйге шақырып жатса сен ойынды жалғастыра бересің бе әлде бірден барасың ба?

    44. Сыныпта еркін тұрып бір нәрсені айта аласың ба әлде қысылып, ұяласың ба?

    45. Кішкентай балалармен қалу саған ұнайды ма әлде саған олармен қалу ұнамайды ма?

    46. Сенде жалғыз және көңілсіз кез болды ма әлде мұндай нәрсе сенімен болған емес пе?

    47. Сабақты үйде әртүлі уақытта орындайсың ба әлде тәуліктің бір уақытында орындайсың ба?

    48. Жақсы тұрасың ба әлде керісінше нашар тұрасың ба?

    49. Қала сыртына табиғатты тамашалауға аса ынтызарлықпен аттанар ма едің әлде қазіргі машиналар көрмесіне барар ма едің?

    50. Егер саған ескерту жасап ұрысса байсалдылықпен жақсы көңіл күйіңді сақтай аласың ба әлде сен қатты қапаланасың ба?

    51. Саған кондитерлік фабрикада жұмыс жасау ұнайды ма әлде мұғалім болу ұнайды ма?

    52. Сыныпта балалар шулап жатса сен тыныштық сақтап отырасың ба әлде солармен бірге шулайсың ба?

    53. Егер сені автобуста итерсе ,сен еш нәрсе болған жақ деп ойлайсың ба әлде сен қапаланасың ба?

    54. Мұны саған жасау қажет болмаса да сен жасаған кездерің болды ма ,әлде сенде мұндай болған емес пе?

    55. Еркелеп, жүгіріп ойнайтын достарыңды ұнатасың ба әлде саған байсалды достар ұнайды ма?

    56. Бір нәрсенің басталуын тыныш отырып күтуде мазасызданып ашуланасың ба әлде саған көп күту саған ешқандай қиындық тудырмайды ма?

    57. Мектепке қазір барғың келе ме әлде автомобильмен саяхатқа шығар ма едің?

    58. Барлығына ашуланатын кездерің бола ма әлде бәріне ризасың ба?

    59. Саған қандай мұғалім ұнайды:  мінезі жұмсақ па  әлде қатал мұғалім бе?

    60. Үйде саған ұсынғанның бәрін жейсің бе әлде саған ұнамайтын асты бергенде қарсыласасың ба?

     

    Кеттелл сұрақнамасының кілті.

     

     

    1   +-    А

    2       -+    А

    3         +-   С

    4       -+    С

    5         +-  А

    6         -+   С

    7         +-   А

    8         +-    С

    9       -+     А

    10      +-  С

    11     +-- В

    12  -+Д

    13  +-Е

    14  -+ F

    15   --+B

     

    16  -+D

    17    +-E

    18  +-F

    19  -+B

    20  +-D

    21  -+E

    22  -+F

    23  +--B

    24  -+D

    25  -+E

    26  -+F

    27  --+B

    28  +-D

    29  +-E

    30  +-F

     

    31  +-G

    32  -+H

    33  -+I

    34  +-O

    35  +-G

    36  +-H

    37  -+I

    38  +-O

    39  +-G

    40  -+H

    41  +-I

    42  -+O

    43  -+G

    44  +-H

    45  +-I

     

    46  +-O

    47  -+G

    48  +-H

    49  +-I

    50  -+O

    51  -+Q3

    52  +-Q3

    53  -+Q4

    54  +-Q4

    55  -+Q4

    56  +-Q4

    57  +-Q3

    58  +-Q4

    59  -+Q3

    60  -+Q4

     

     

    Кіші мектеп жасындағылардың жекелік ерекшелігін зерттеуге арналған тестті талдау .

     

    Берілген нұсқада  12 шкаладан тұратын жекелік қасиеттің көріну деңгейін анықтауға арналған. Төменде сұрақнаманың 12 шкаласына қысқаша интерпретация келтірілген.

     

    1. Фактор А  (қарым-қатынас салқындығы, тілектестік қарым-қатынас)

    Жоғары баға - сабырлықты, бірқалыптылық, мінез- құлықтың орындылығын көрсетсе,төмен баға – қыңырлық, тұрақсыз, қиындықтан қашу қарым – қатынас пен қызығушылықтың құбылмалылығы.

    1. Фактор С (эмоционалды, тұрақты-тұрақсыз)

    2. Фактор Д  (бірқалыптылық- әсерленгіштік) 

    Бұл шкала мазасыздық, қозғыштық, сыртқы тітіркенуге шектен тыс жауап қайтаруды анықтайды.

     Д шкаласы бойынша жоғары баға алған оқушыларды жұмыс күйінен жеңіл шығуға, болмашыға өкпелейді, ұйықтағанда мазасыз, азғана сәтсіздікке қызу қарайды.

    Төмен баға – эмоционалды алаңсыз тыныш және сабырлы көрсеткішті көрсетеді.

    1. Фактор Е (көнгіштік – тәуелсіздік). Бұл шкаладан жоғары баға алған бала белсенді, әрекетшіл, табанды, бірбеткей көнгіш. Төмен баға алған бала – көнгіш болып келеді. Кіші мектеп жасында бірбеткейлік балалар ойыны кезінде көсем болуға талпыныстың үстем болуы. Сондықтан бұл шкала бойынша жоғары баға алғандар жиі мінез-құлықтың және тәртіп бұзушылықты көрсетеді, бірақ көсем болуға талпынысты педагог конструктивті пайдаланса, онда бала дамуы сәтті болуы мүмкін.

    2. Фактор F (уайымшыл – бейқамдық)

    Шкала бойынша жоғары баға – жарқындықты, шапшаңдықты, өзіне сенімділікті, ал төмен баға – ақылдылық, сақтықты, елгезектікті көрсетеді.

    Зерттеу нәтижесі шкала бойынша жоғары баға алған балалар берік, тұрақты отбасында тәрбиеленсе, төмен баға – толық емес, тұрақсыз отбасында тәрбиеленген балаларды көрсетеді.

    1. Фактор G  (төмен-жоғары адалниеттілік)

    Бала үлкендер әлеміне тән, құндылық жүйесіне қосылған.

    1. Фактор Н ( икемсіз-батылдық)

    А факторы секілді Н факторы да экстроверия-интроверсия компоненті және баланың көпшілдік деңгейін өлшейді. Бірақ егер оқушы А факторы бойынша жоғары баға алса, адамдар арасында болғанды ұнатса, Н шкаласы бойынша жоғары баға алған оқушы – көпшіл, өйткені, адамдармен өзара әрекетте жеңіл және батыл. Н шкаласы бойынша төмен баға – сенімсіздік, епсіз қатынастан , топтан қашады.

    1. Фактор І ( қаттылык – жұмсақтық). Шкала бойынша жоғары баға – сәнді, қимыл, қиялы бай да, төмен баға – қаттылық, қатаңдық, қайраттылықты көрсетеді.

    2. Фактор У (қуатты – ұстамды). Бұл шкала бойынша жоғары баға алған оқушылар ерекшеленіп, жекешеленуге бейім, өзгелердің талабына сынмен қарайды, төмен баға алған балалар өз сезімін білдіруде еркін, ортақ іс-әрекетті ұнатады, зейінді, топтық қызығушылықтарға келісіммен әрекет жасайды.

    3. Фактор N  (момындық – қулық) бұл фактор бойынша үлкен топтағы мектеп оқушылары үлкен баға алса – есепшіл, епті болса төмен баға алғандар – аңқау, сентиментальды, сенгіш болады.

    4. Фактор О (өзіне сенімділік – бұйығы) 

    Бұл фактор психикалық бұзылыстың пайда болуын көрсетеді. О факторы бойынша жоғары баға – неврозды, депрессияны немесе психологиялық соққының салдарын көрсетеді.

    1. Фактор Q4 (әлсіздік – қызулық)

    Бұл шкала бойынша жоғары баға қозуды, мазасыздықты, абыржуды көрсетсе, төмен баға – сабырлылық, өзіне толық қанағаттану, енжарлықты көрсетеді.

                                                                                                

                                                                                                                Айзенк сұрақнамасы

            

             Мақсаты: баланың үш жеке қасиеті – интраверттілік – экстраверттілік, нейротизм және жалғандықты зерттеуге бағытталған.

             Қажетті құралдар: жауап беру іс-қағазы  60 сұрақтан тұрады.

             Нұсқау: “Мені мұқият тыңда. Қазір мен саған сұрақтар оқимын, сен оларға “ия” немесе “жоқ” деп жауап беруің керек. Сен алдыңдағы сұрақтардың  нөмірлері жазылған парақты белгілейсің. “Ия” деп жауап берсең бірінші қатарға қанат белгісін қоясың. Егер келіспесең және “жоқ” деп жауап  берсең екінші қатарға қанат белгісін қоясың.

             Тест жүргізу. Балаға жауап беру іс -қағазы беріледі, кейін нұсқау  оқылады. Жауапқа 1-1,5 минут беріледі. Егер бала үлгере алмай жатса, оған тез жауап беруін сұрау керек. Соңынан барлық сұрақтар түсінікті болғанын және жіберілген сұрақтарды қайтара  оқиды.

             Нәтижені талдау. Алынған материалды өңдеуде баланың үш шкала – экстра – интраверсия, нейротизм, жалғандық бойынша жинаған  ұпай саны есептеледі. Қосымшада  берілген кілт бойынша есептеледі. Егер бала сұраққа “кілтте” берілгендей жауап берсе  бір ұпай алады. Керісінше жауапта – 0 ұпай. Мысалы: бірінші экстра – интраверсия  қасиеті бойынша  ұпай санын есептегенде бала бірінші және тоғызыншы сұраққа “иә” деп жауап берсе, әрқайсысына 1 ұпайдан алады. 3 және 11 сұрақтарға – “жоқ” жауабына 0 ұпай. Сонымен қатар 6 және 33 сұрақтарға керісінше, “жоқ” жауабына 1 ұпай және “иә” жауабына 0 ұпай, осылайша  әр шкала бойынша жалпы ұпай саны есептеледі.

    1. “Экстра- интраверсия” шкала бойынша максималды ұпай саны – 24 (19+5)

             Бірінші шкала бойынша 12 және одан жоғары ұпай жинаған балалар – экстраверттер, 12 ұпайдан төмен – интроверттер. Экстраверттерге қарым-қатынасқа талпыну тән. Олар ашық және мейірімді және  адамдар да өзіне сондай қатынаста екендігіне сенімді, олар барлық адамдарға осындай қатынас жасайды. Олардың достары көп. Бұл балаларға қызбалық, белсенділік, көтеріңкі көңіл күй тән.

             Интраверт балалар – тұйық, байланысқа көп түсе бермейді, әсіресе өзінің сенімсіздігі мен  ұялшақтығынан бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспейді. Бірақ жақын адамдарымен  қарым-қатынаста өз жағын көрсетуге тырысады. Бұл балалар өз әрекеттерін алдын ала жоспарлағысы келеді.

    1. “Нейротизм” шкаласы бойынша максималды ұпай саны – 24.

             Екінші  шкала бойынша 12 ұпайдан жоғары жинаған балалар эмоционалды тұрақсыз. Олар сезімтал, әлсіз, теріс эмоцияларды – реніш, алаңдаушылықты жеңе алмайды және олар  ашу –ызаға, агрессияға ауысып кетуі мүмкін. Сонымен қатар біреудің жылы сөзі, жымиюы оның көңіл  күйін көтереді. Нейротизімі төменгі деңгейдегі балалар (12 ұпайдан төмен) эмоционалды бұзылыстарға  төмен бейімделген, олардың өзге адамдарға тәуелділігі аз. Бірақ олардың ашуын  және агрессиясын тоқтату және өзге адамға жағымсыз (немесе жағымды) қатынасын өзгерту оңай емес.

    1. “Жалғандық” шкаласы бойынша максималды ұпай саны –12 (5+7)

    “Жалғандық” шкаласы бойынша  ең төменгі ұпай –5 –6. 5 ұпайдан жоғары жинаған балалар өздерінің шынайы болмысынан жақсы көрінуге тырысады.

    Олар да өзін көрсету басым, яғни өздеріне кез-келген тәсілмен көңіл аудартуға тырысады, ол үшін өтірік айтуға тура келсе де. Оларға өзін-өзі жоғары бағалау, топта лидерлік тән. Бірақ бұл балалар  өздерін жақсы жағынан  көрсету үшін басқа сұрақтар бойынша  өтірік айтады. Материалды өңдегенде осы жағдайды ескеру қажет.

    Жеке шкалалар бойынша ұпайларды есептеген соң балаға толық мінездеме беру үшін бұл көрсеткіштерді өзара байланыстыру керек. Бұл тестті салыстыра отырып, Айзенк психодинамикалық қасиеттер адамның темпераменті мен мінез белгілерімен байланысты екендігін көрсетеді. Бұл байланыс “Айзенк шеңберімен“ көрсетіледі, онда жоғары (жоғарғы сол бұрыш) және төменгі (төменгі сол бұрыш) нейротизм деңгейлі интровертті баланың белгілері көрсетіледі. Оң жақта жоғарғы (жоғарғы бұрыш) немесе төменгі (төменгі бұрыш) нейротизм деңгейлі экстраверт балаларға тән белгілер көрсетілген.

     
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта