1-ші сынып диагностика. 1сыныпта оуа дайындыын анытауа арналан дістеме
Скачать 132.39 Kb.
|
Бағалау нәтижесі. 10 ұпай – бала қатесіз 12 сөзді айтып 6 мүмкіндік жасады. 8-9 ұпай - бала 6 мүмкіндікте 10-11 сөзді айтты. 6-7 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 8-9 сөзді атады. 4-5 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 4-5 сөз атады. 2-3 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 5-4 сөз атады. 0-1 ұпай – бала қатесіз 6 мүмкіндікте 3 сөзден артық айта алмады. 10 ұпай -өте жоғары. 8-9 ұпай - жоғары. 4-7 ұпай - орташа. 2-3 ұпай -төмен. 0-1 ұпай-өте төмен. Ілмек әдісі Мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы баланың санды есте сақтауын анықау . Қажетті құралдар: үлкен анық етіп жазылған 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандары Нұсқау: «Қазір мен сендерге әр санды жеке-жеке 3 секунд аралығында көрсетіп шығамын, содан кейін сендер әр санды бейнесіне қарай неге ұқсатасыңдар, сол бойынша сандарды бейнемен ауыстырыңдар». Үлгі: 0 – шеңбер 1 – ілмек 2 – құлақ 3 – «З» әрпі 4 – орындық 5 – жұлдыз 6 – ожау 7 – қазына-нота 8 - өрмекші, т.с.с 0 1 3 4 5 6 7 8 Есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшеліктері Орындалуы: Балаға 10 сөзден тұратын сөздер қатары беріледі. Әрбір реттің қайталануынан бала қателеспейтіндей қатардағы сөздің саны анықталады. Балаға есте сақтау үшін сөздер қатарының ішінен біреуін таңдау ұсынылады: Үй, парта, ақ, жақсы, алмұрт, бор, күшті, кесе, шырақ, үстел; Мысық, қаламсап, қызыл, машина, биік, бояу жаққыш, мама, кітап, тауық; Ит, терезе, гүл, кілем, төмен, конверт, аспан, әріп, түс; Сағат, жел, балық, жұлдыз, піл, кәмпит, қағаз, стөл, жіп; Ескерту. Бастауыш сыныптағы және мектепке енді баратын балалардың есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшеліктерін анықтауда , әртүрлі сөздердің жинағын тиімді қолдануға болады. Қайталаудың саны және оның қайта жаңғырту бұл әдісте 6 рет қана жасалады. Есте сақтауды тексеру қорытындылары график түрінде беріледі. График негізінде есте сақтаудың 2 түрлі динамикалық көрсеткіші анықталады. есте сақтау динамикасы есте сақтау жемістілігі Сөз қатарының қайталану саны. Есте сақтау процесінің динамикасы мінез бойынша қисық құрылады. Қайталаудан қайталауға дейін қисық жоғары бағытталса, бұл жеткілікті динамикалық болып табылады. Егер қайталаудан қайталауға дейін нәтиже жақсармаса, орташа динамикалық болып табылады. Егер керісінше жақсарса динамикалық емес процесс болып табылады. Нәтиже бағасы Алынған мәліметтер бойынша келесі шкалалар бойынша 3 бағаның біреуіне ие болады. Есте сақтаудың жеткілікті динамикасы -өте жақсы. Орташа динамикалық – қанағаттандырарлық. Динамикалық емес – қанағатсыз. Есте сақтау өнімділігі ұпай бойынша көрсетіледі. 10 ұпай – бала 10 сөзді де қатесіз есте сақтайды. 8-9 ұпай – бала 6 рет қайталанғанда 10 сөзді есте сақтайды. 6-7 ұпай - 6 рет қайталанғанда бала 7-9 сөзді дұрыс есте сақтайды. 4-5 ұпай - 6 рет қайталанғанда бала 4-6 сөзді дұрыс есте сақтайды 2-3 ұпай - бала тек 2-3 сөзді ғана есте сақтады.0-1 ұпай -6 рет қайталанғанда бала тек 1 ғана сөзді есте сақтайды. Тікелей емес есті анықтау Қажетті құралдар: парақ, қағаз, қалам. Нұсқау: «Мен қазір саған әр түрлі сөздер мен сөйлемдерді айтамын, мұнан кейін шағын үзіліс болады. Бұл уақытта сен параққа суретін саласың немесе есіңде қалған сөздерді жазуың керек. Суреттерді немесе жазбаларды тез арада орындау қажет, әйтпесе біз барлық тапсырмаларды орындап үлгермейміз. Сөздер мен сөйлемдердің айтылуын міндетті түрде есте сақтау керек». Үй. Таяқ. Ағаш. Жоғары секіру. Күн жарқырап тұр. Көңілді адам. Балалар доп ойнап жүр. Сағат тоқтап тұр. Қайық өзеннің бойында жүзіп жүр. Мысық балық жеп отыр. Балаға әрбір сөзді немесе сөз тіркестерін оқығаннан соң зерттеуші 20 секунд үзіліс жасайды. Осы уақыттың ішінде бала параққа бір нәрсені бейнелеп үлгеру керек, сол сурет арқылы ол қажетті сөздерді және айтылуын еске түсіреді. Егер осы берілген уақытта бала тапсырманы орындай алмаса, онда зерттеуші оны тоқтатып келесі сөздерді оқиды. Зерттеуді аяқтаған соң психолог баладан суретті және жазуларды қолдану арқылы оқыған сөздерді еске түсіруін сұрайды. Бағалау нәтижесі Әрбір дұрыс айтылған өзіндік сурет немесе жазылған сөздер және сөз тіркестеріне бала 1 ұпай алады. Дұрыс айтылған сөздер мен сөз тіркестері есептеліп қана қоймай, есте сақтаудың қалпына келуі тура мағыналы сөздермен тексеріледі. Шамамен дұрыс айтылғандар 0,5 ұпаймен,ал қате сөздер 0 ұпаймен бағаланады. Әдістеме қорытындысы бойынша жоғары баға 10 ұпайға тең. Мұндай бағаны бала тек қана сөздер мен сөздің айтылуын дұрыс еске түсіргенде алады. Төменгі баға - 0 ұпай: бала өзінің суреті бойынша және жазылуы бойынша бірде – бір сөзді жаза алмайды, сурет сала алмағандықтан есіне түсіре алмайды. Даму деңгейінің қорытындысы. 10 ұпай - өте жоғары дамыған есту есі; 8-9 ұпай – жоғарғы дамыған есту есі; 4-7 ұпай – орташа дамыған есту есі; 2-3 ұпай – төмен дамыған есту есу; 0-1 ұпай - өте төмен дамыған есту есту Естің әртүрлі қасиетін зерттеуге арналған тесттер Тест. (6-8 жас) Көру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есті бағалау. Балаға таныс заттар бейнеленген 10 суретті кезекпен көрсетеді, әр суретті көрсету уақыты 1-2 секунд. Барлық 10 суретпен танысып болғаннан кейін, баладан еске сақтаған заттарды кезекпен айтып шығу сұралады. Рет саны маңызды емес. Баланың есте жалпы саннан қанша затты атағаны ескеріледі. Балаға ұмытып қалған суретті қайта көрсетіңіз. 10 минуттан кейін барлық суреттерді еске түсіруі сұралады. Нәтижені белгілеп қойыңыз. 1 сағаттан кейін суреттердің барлығын еске түсіру ұсынылады. Әдетте, 6-7 жастағы бала 10 заттың 7-8 сіздің көмегіңіз арқылы қайта жаңғыртады. Тест. « Сөзді еске сақта » Ұзақ және қысқы мерзімді – есту есін бағалау. Балаға келесі он сөз оқылады – үстел, дәптер, сағат, ат, аға, алма, ит, терезе, шам, от. Жүргізуші осы сөздердің есте қалғанын айтып шығуды өтінеді. 6 – 7 жасар бала 5 – 6 сөзді қайталайды. Бұл қысқа мерзімді ес үшін жақсы көрсеткіш. Бала атамаған сөздерді атау және 5 рет қайталау, әдетте 5 қайталағанда бала 9 – 10 сөздің бәрін айтады. Бір сағаттан кейін бұл жаттығуға қайта оралып баладан еске түсіру сұралады. 6 – 7 жастағы бала үшін 7 – 8 сөзді еске түсірсе жақсы көрсеткіш Тест. «Сөз тіркесін есіңе сақта» Мағыналық есті бағалау. Балаға сөз тіркестерін оқу, мысалы: Күзде жауын жауады. Балалар ойнағанды ұнатады. Бақта алма мен алмұрт өседі. Әуеде ұшақ ұшады. Бала апасына көмектеседі. Баладан есте қалған сөз тіркесін қайталау ұсынылады. Мұнда ең бастысы сөзбе-сөз қайталау міндетті емес, әрбір сөз тіркесінің мағынасын жеткізсе болады. Бірінші рет бала сөз тіркесінің бәрін айта алмаса тағы бір рет қайталаңыз. Есту, көру, моторлы-естуді анықтау. Көру есі (8 жасар) Оқушыларға 10 сөзді көру арқылы қабылдау ұсынылады (сыныпта тақтаға баған түрінде жазылады). Мұнан кейін балаларға еске сақтаған сөздерін жазып шығу айтылады. Алты қайта жаңғыртылған сөз көру есінің дамуы. Моторлы – есту есі (8 жастан) Келесі сөзді дауыстап оқимыз – дене, оқ, құм, кітап, жел, шам, ит, жұмбақ, аспан, жаңбыр. Балалардан осы сөздерді ауада жазу ұсынылады. Мұнан кейін осы сөздерді дәптерді жазулары қажет. «Әңгіме құрайық» әдістемесі Мақсаты: Қиял деңгейін анықтауға арналған. Орындалуы: Балаға әңгіме құрауға тапсырма беріледі. Ойланып, әңгіме құруға 1 минут, ал оны қайталап айтуға 2 минут уақыт беріледі. Қорытынды баға Бұл әдістемеде баланың қиялының даму деңгейі төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады: Әңгімені ойлану жылдамдығы; Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі; Әңгімеге пайдаланған бейнені түрлендіру; Әңгімеде алынған бейнені анықтауы және талдауы; Әңгімеде алынған бейненің сезімділігі, әсерлілігі; Әрбір көрсеткіш бойынша төмендегі тәртіппен 0,1 не 2 ұпай қойылады: көрсеткіш бойынша: а) Егер бала әңгіме құруға 30 сек уақыт жұмсаса –2 ұпай б) 30 секундтан 1 минутқа дейін уақыт жұмсаса –1 ұпай в) 1 минут ішінде әңгіме ойлап таба алмаса – 0 ұпай 2 – көрсеткіш бойынша: а) Егер бала бұрын көргенін, не естігенін жай жаттанды түрде әңгімелесе –0 ұпай б) Бұрын көргеніне, не естігеніне өз ойын қосса – 1 ұпай в) Әңгіменің құрылымы мен ерекшелігін түгел өзі ойлап тапса –2 ұпай 3 – көрсеткіш бойынша: а) Егер бала әңгіменің басынан аяғына дейін бір кейіпкердің (жағдайын, затын) мінез-құлқын жалаң түрде қайталап айта берсе – 0 ұпай б) Әңгімеде әртүрлі бейне қолданса, 2-3 кейіпкер кездессе және оларға әртүрлі мінездеме берілсе – 1 ұпай в) Әңгімеде 4 және одан да көп кейіпкерлер болса және әңгімелеуші оларға әртүрлі бағытта мінездеме берсе – 2 ұпай 4 –көрсеткіш бойынша: а) Егер бала әңгімеде кейіпкерді атап қойып, оған қосымша мінездеме бермесе – 0 ұпай б) Әңгімеде кейіпкерді атаса және басқа 1-2 белгі көрсетсе –1 ұпай в) Әңгімеде айтылған зат үш және одан да көп белгімен сипатталса – 2 ұпай 5 – көрсеткіш бойынша: а) Егер әңгімедегі бейне тыңдаушыға ешқандай әсер қалдырмаса, әңгімелеуші өз тарапынан ешқандай сезім тудырмаса –0 ұпай б) Әңгімелеуші өз сезімін жеткізе алмаса, тыңдаушы оны әсерсіз қабылдаса –1 ұпай в) Әңгімелеуші әңгімесін үлкен сезіммен, мәнерлеп жеткізсе және тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырса –2 ұпай Қиял деңгейінің көрсеткіші 10 ұпай - өте жоғары 8-9 ұпай – жоғары 4-7 ұпай – орташа 2-3 ұпай – төмен ұпай - өте төмен Ойлау. Нысаналардың ұқсастығы, айырмашылығы және себебін анықтау. Себептерді анықтау, түсініктің анықталуы – бұл бала дамуындағы интеллектуалдық процесті бағалай отырып ойлау операциясы болып табылады. Ойлаудың ерекшеліктері баланың келесі сұрақтарға дұрыс жауап беруімен анықталады. Жануардың қайсысы үлкен: ат немесе ит? Адамдар таңертеңгілікті азанда ішеді. Түскі және кешкі тамақты ішіп не істейді? (түстенеді, кешкі тамақты ішеді). Күндіз көшеде жарық, ал кешке? (қараңғы) Аспан көк, ал шөп ? (жасыл) Алма, шие, өрік, алмұрт –(жеміс –жидектер) Поезд жүргенде, неге шлагбаумды жабады? Москва, Киев, Хабаровск? (қалалар) Қазір сағат қанша (балаға сағат көрсетіп, сұрайды) Кішкентай сиырды бұзау дейді. Ал кішкентай күшік пен кішкентай қойды не деп атайды? (күшік, қозы) Ит қайсысына көбірек ұқсайды? Мысыққа немесе тауыққа? (өз ойынша түсіндіру керек) Машинаға тежегіш не үшін керек? Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсайды? (ұқсас қызмет атқаратын құралдар) Мысық пен тиіннің өзара қандай ұқсастықтары болуы мүмкін, ортақ? Бұл сұрақта екі мағынада болуы керек, мысалы; бұл талға міне алатын, жұмсақ терісі, құйрығы, төрт аяғы бар жануар) Шеге, винт және шуруптың бір бірінен қандай айырмашылығы бар? (Дұрыс жауап: шегенің беті тегіс, ал винт және шуруп кесілген, шегені балғамен ұрады, ал винт пен шурупты бұрайды) Футбол, ұзындыққа секіру, теннис, шомылу бұлар не ? (спорт түрлері) Көліктің қандай түрлерін білесің? (кем дегенде көліктің екі түрін атау керек) Кәрі адам жас адамнан қалай ажыратылады? (қарттардың жастардан айырмашылығының екі белгісін атау керек) Адамдар спорт және дене тәрбиесімен не үшін айналысады? (денсаулық сақтау, мықты, әдемі, ұзын болу үшін) Егер адам жұмыс істегісі келмесе, неге оны жаман деп санайды? (дұрыс жауаптар: себебі барлақ адамдар жұмыс істеу керек, жақсы өмір сүру үшін, жұмыс істемесе тамақ, үйің, киімің болмайды) Неге хатқа марка жабыстыру қажет? ( дұрыс жауап: марка – бұл хат жіберу үшін төленген ақының белгісі) Нәтижесін шығару Бала әрбір дұрыс жауабы үшін 0,5 ұпай алады. Сондықтан бұл әдісте бала ең жоғарғы 10 ұпайға ие болады. Ескерту. Дұрыс жауап осы мысалдарға сәйкес келетіні ғана емес, баланың басқа дұрыс жауаптары да есептеледі. Егер баланың дұрыс жауап бергеніне сенімсіз болсаңыз, онда 0,25 ұпай қоюға болады. Даму деңгейінің қорытындысы 10 ұпай - өте үлкен 8-9 ұпай –үлкен 4-7 ұпай –орташа 2-3 ұпай –төмен 0-1 ұпай - өте төмен Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау. (З.Ф.Замбициявич ұсынған) Вербальды тапсырмаларды қосқанда тест төрт субтестен тұрады,бастауыш сыныптардың бағдарламалық материалынан жинақталып алынған. Субтест.Заттардың нақты белгілерін ,дифференциациясын және нақты емес белгілердің пайда болуын және сыналушы білім деңгейін зерттеу. 2.Субтест.Нақты заттардың белгілерін және пайда болуын ажырата білу қабілеті,жалпылау және бұрмалау операцияларын зерттеу. Субтест.Логикалық ойлау қабілетін және түсініктер аралығындағы қатынасты зерттеу. Субтест.Жалпылау қасиетін анықтау. Бұл тест сыналушы мен жеке өткізілгені дұрыс.Бұл қосымша сұрақтар арқылы қателіктерін анықтауға және ойын зерттеуге көмек береді. Жүргізуші тапсырманы дауыстап оқиды,себебі бала бірге ішінен қайталап отырады. Субтест. а) етікте бар …(бау,тоқыма,табан,белбеулер,түймелер) б) жылы жақта өмір сүреді… (аю,бұғы,түйе,тюлень) в) бір жылда…(24,3,12,4,7) айлар бар. г) қыс айы …(қыркүйек,қазан,ақпан,қараша,наурыз) д) ең үлкен құс …(қарға,түйеқұс,қаршыға,торғай,бүркіт,үкі) е) раушан-бұл… (жеміс-жидек,гүл ,тал) ж) үкі әрқашан ұйықтайды (түнде,таңертең,күндіз,кешке) з) су әрқашан (мөлдір,суық,сұйық,ақ,тәтті,) и)талда әрқашан бар… (жапырақ,гүл,жеміс,тамыр,көлеңке) к)Ресей қаласы (Париж,Москва,Лондон,Варшава,София) 2-Субтест.Бұл жерде әр қатарда бес сөз берілген,бұлардың төртеуін топқа біріктіре бір ұғым береміз,ал бір сөз бұл топқа жатпайды.Осы артық сөздің астын сызып көрсет. а)жауқазын,лилия,ас бұршақ,түймедақ,қоңырау гүл. б)өзен,көл,теңіз,көпір,саз. в)қуыршақ,қонжық,құм,доп,күрек. г)Киев, Харьков, Москва, Донецк,Одесса. д)ақ қайың,жаңғақ тал,үйеңкі,терек,қарағай е)шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш,тіктөртбұрыш,шаршы. ж)Иван,Петр,Кестеров,Макар,Андрей з)тауық,қораз,аққу,қаз,үндік. и)күні,бөлу,қосу,көбейту. к)көңілді,тез,мұңлы,тәтті,ұқыпты. 3-Субтест.Мына мысалдарды мұқият оқы.Бір-бірімен байланысты бір топ сөздер сол жақ бағанада жазылған.(мысалы,орман,талдар). Оң жақта асты сызылған бір сөз (мысалы,кітапхана) және сызықтың астында бес сөз (мысалы,бақша,аула,қала,театр,кітаптар).Саған сызықтың астындағы бес сөздің біреуін таңдап алып,сызықтың үстіндегі бір сөзбен қосу керек.Бірінші мысалдағыдай. Мысалдар: Орман (ағаш =кітапхана)бақша,аула,қала,театр, кітаптар. Жүгіру (тұру=айқайлау) Үндемеу,еңбектеу,шулау,шақыру,жылау. Яғни,сол жақ пен оң жақ сөздер арасындағы байланысты табу керек. а) қияр георгин ------------ = --------- ----- -------------------------- жидек арам шөп,шық,бақша,гүл,жер б)мұғалім дәрігер -------- --------------------------------------------- оқушы төсек,науқастар,палата,термометр в)бақша бау-бақша ----------- ------------------------------------------------ сәбіз дарбаза,алма тал,құдық,орындық,гүл г) гүл құс --------- ------------------------------------------------ құмыра тұмсық,шағала,құстың ұясы, жұмыртқа қолғап етік д) ---------- ------------------------------------------------- қол шұлық,табан,тері,аяқ,шөтке е) қараңғы дымқыл ----------- ----------------------------------------------- жарық жарық,сырғанақ,құрғақ,жылы,суық ж) сағат термометр --------- ----------------------------------------------- уақыт шыны,температура,төсек,науқас,дәрі з) машина қайық ----------- ----------------------------------------------- матор өзен,теңізші,саз,желкен,толқын и) орындық ине ------------- ---------------------------------------------- ағаш өткір,жұқа жылтыр,қысқа,темір к) стол еден ------------ ------------------------------------------------- скатерть жиқаз,кілем,шаң,тақтай,шегелер. Субтест.Бұл жұп сөздерді бір ұғым мен атауға болады. Мысалы;сым,көйлек,...киім,ұшбұрыш ,тік төртбұрыш...фигура. Әр жұптарға ат ойлап тап. а)сыпырғы,күрек... б)окунь,карась... в)жаз,қыс... г)қияр,қызанақ... д)сирень,итмұрын... е)шкаф,диван... ж)күн,түн... з)піл,құмырсқа... и)маусым,шілде... к)ағаш,гүл.... Дұрыс жауаптар. а)Асбұршақ б)көпір в)құм г)Москва д)жаңғақ тал е)укзка ж)Нестеров з)Аққу и)күні к)тәтті 1-Субтест а)табан б)тұйе в)12 г)ақпан д)түйеқұс е)гүлдер ж)күн з)сұйық и)тамыр к)Москва 3-Субтест. а)георгин,гүл б)дәрігер,науқас в)бақша,алма ағаш г)құс,ұя д)етік,аяқ е)дымқыл,құрғақ ж)термометр,ткмпература з)қайық,желкен и)ине,темір к)еден,кілем 4-Субтест а)жұмыс құралдары б)балық в)жыл мерзімі г)жидек д)куст е)жиһаз ж)өсімдік з)тәулік мерзімі и)жануар к)жаз айы Баға және интерпретация қорытындысы. 1-Субтест. Егер бірінші тапсырманың жауабы дұрыс болса,не үшін бау емес?деген сұрақ қойылады.Дұрыс түсіндірілгеннен кейін дұрыс жауап 0,5 ұпаймен бағаланады.Егер жауап қате болса,балаға дұрыс ойланып жауап таңдау үшін көмек беріледі.Екінші мүмкіндіктен кейін дұрыс жауапқа 0,5 ұпай беріледі.Бұл субтестіге е және к дайындықтарына жауап қайта қате болса,онда әрқашан сөзінің мағынасы зерттеледі.Дұрыс жауап-сұрақтары үшін – субтестіге дайындық сұрақтары қойылмайды. 2-Субтест.Егерде 1 сұраққа жауап дұрыс болса, “неге ?” сұрағы қойылады.Дұрыс түсндірілген жауапқа 1 ұпай,ал дұрыс емес жауапқа 0,5 ұпаймен бағаланады.Егер де жауап қате болса,жоғарыда айтылғандай қолданылады. Екінші мүмкіндіктен кейін дұрыс жауап үшін 0,5 ұпай қойылады. 2 Субтест дайындықтарына да қосымша сұрақтар қойылмайды. 3-Субтест.Дұрыс жауап үшін -1 ұпай,- мүмкіндіктен кейінгі жауап үшін 0,5 ұпай. 4-Субтест.Егер де жауап қате болса,тағы да келтірілген жауаптарға бағалар теңдестірілген.3-4 субтестерді шешкен кезде анықтаушы сұрақтар қойылмайды. Қорытындыларды зерттеу үшін әр баланың алған әр субтесте алынған және барлық субтестерді қоса алынғандағы ұпай сандары есептелінеді.Әр зерттелуші барлық субтестерді қосқанда ең жоғары 40 ұпай алу керек(100 пайыздық үлгеріммен).Сонымен қатар 2 мүмкіндіктен кейін алынған дұрыс жауаптар ұпайларын есептеу дұрыс болады.Экспериментатор балаға қайта ойлануға мүмкіндік бергеннен кейін,дұрыс жауаптар көбейетін болса,бұл баланың алғашқы зейінінің дұрыс еместігін және ойланбай жауап бергендігін көрсетеді. 2 Мүмкіндіктің дұрыс жауаптарының ұпайларын қосу – баланың психикалық дамуында кешеуілдеу бар екенін және қай кезеңіне жататынын анықтауға мүмкіндік береді. Субтестердің үлгерімділік бағасының шешуі мына формула арқылы шешіледі ҮБ=X.100% Мұндағы Х-сыналушы адам алған ұпай саны. Ұпайлау негізінде жекелік белгілерін бөлу үшін келесі үлгерімділік деңгейлері таңдалды; 4 .үлгерімділік деңгейі -32 ұпай және одан жоғары (80-100%ҮБ). 3 .үлгерімділік деңгейі-31,5-26 ұпайлар (79,9-65%) 2 .үлгерімділік деңгейі 25,5-20 ұпайлар (64,9-50) 1.үлгерімділік деңгейі 19,5 және одан төмен ұпйлар (49,9% және одан төмен) Оқушылардың өзін бағалауын зерттеу әдістемесі Егер сен осы сұрақтарға жауап берсең,міндетті түрде өзіңді тағы бір қырынан танитын боласың.Тестің сұрақтарын оқы. Ойлан.Толған. Оларға жауап бер. 1.Сабақ үстінде сен өзіңнің парталас бір досыңмен бір маңызды тақырыпқа сөйлесіп отырсыңдар. Сен мұғалімнің сендер жаққа жақтырмай қарағанын аңғардың. Сонда сен не істейсің? А.Түк болмағандай сөзіңді жалғастыра бересің -1 ұпай; Ә.Мұғалімнің ары қарағанын күтіп, көршіңе қайта бұрыласың -2 ұпай; Б. Сен ескерту алатыныңды түсінесің -3 ұпай; В.Сол сәттен қоңырау соғылғанға дейін тыныш отырасың -4 ұпай. Анаң сен ұнататын 200 грамм кәмпит сатып әкелді. Бұл тәттілер сенің үйіңде қанша күн сақталады ? А. 200 грамм ба? Ол аз. Мен оны бір отырғанда-ақ жеп қоямын! -1 ұпай; Ә. Мен сол сәтте кем дегенде оның жартысын жеймін – 2 ұпай; Б.Мен бірден бірнешеуін жеп,қалғанын кейінге қалдырамын – 3ұпай; В. Мен асықпаймын. Рахаттана түсу үшін,күніне бір тал кәмпиттен ғана жеп отырамын -4 ұпай; 3.Жұма күні саған дүйсенбіге дейін орындалуы тиіс үй тапсырмасы берілді. Сен оны орындаауға қашан кірісесің? А.Оны орындамасам да болады ... -1ұпай; Ә. Жексенбі күні кешкісін -2 ұпай; Б. Сенбі күні -3 ұпай ; В.Тура жұма күні мектептен келісімен -4 ұпай; 4.Досың сенің көзіңше бір күлкілі жағдайға ұшырады. Сен оны қанша уақытқа дейін мазақтап жүресің? А.Ұзақ уақыт сол оқиға ұмтылғанша -1ұпай; Ә. Бірнеше күн деп ойлаймын -2 ұпай; Б. Бір-екі күн күліп ұмытып кетемін -3 ұпай; В. Мен оны мүлдем мазақтамаймын – 4ұпай; Сенің туған күніңе әжең 500 теңге сыйлады. Сен оны қашан, қалай жұмсайсың? А. Сол күні-ақ дүкенге барып,сағыз,газды сусын, шокалад,балмұздақ сатып аламын -1 ұпай; Ә. Мен оны жұмсамас бұрын ойланамын. Содан кейін барып керек затымды аламын – 2 ұпай; Б. Мен асықпаймын. Қашан маған керегі болғанша ,оны сақтап қоямын -3 ұпай; В.Мен өзім жинап жүрген қорыма қосып қоямын -4 ұпай; Мінекеи, көктем де келді! Кешқұрым жылы, қараңғылық кештеу түседі ... Сен достарыңмен қызықты ойын ойнап жатырсың. Үйге кешігіп келуің мүмкін бе? А.Әрине! Мен бір нәрсемен айналысып жатқанда, дүниенің бәрін ұмытып кетемін -1 ұпай; Ә. Егер шынымен қызықты болса ,мен ойынды жағастыра бермін -2 ұпай; Б. Әрдайым мен уақытты бақылай білемін – 3 ұпай; В. Мен ойын барысында да үйге кеш бармау үшін, сағатыма қарап отырамын -4 ұпай; Сен айтысуды қашан тоқтатасың? А. Мен қарсыласымды мойындатқанда ғана тоқтаймын -1 ұпай; Ә. Өз пікірімді айтып болғаннан кейін – 2 ұпай; Б. Айтысудың қажетсіз екеніне көзім жеткенде ғана -3 ұпай; В. Айтысуды мүлдем ұнатпаймын -4 ұпай; Әлбетте ,компьютерлік ойындарды жақсы көресің. Саған керемет бір ойын кездесті. Сен онымен қанша уақыт ойнай аласың? А. Өмір бойы – 1ұпай; Ә. Күні бойы – 2 ұпай; Б.Бірнеше сағат -3 ұпай; В.Бір сағаттан артық емес. Өйткені компьютерде ұзақ отыру денсаулыққа зиянды -4 ұпай; 9.Өміріңде таңғажайып бір оқиға болды. Мысалы,ата-анаң саған туристік жолдама алып келді, немесе армандап жүрген затыңды сыйлады, немесе журналда сенің суретің басылды. Осы жайында кімге айтар едің? А.Барлығына -тіпті мысығыма да , итіме де -1 ұпай; Ә. Сыныптастарыма,мұғалімдеріме, туыстарыма, достарыма,жақындарыма, көршілеріме -2 ұпай; Б.Достарым мен туыстарыма -3ұпай; В. Ең жақын адамдарыма -4 ұпай; Ал, енді жинаған ұпайларыңды қос. Оның қорытындысы сенің қандай адам ееніңді көрсетеді. -9 дан 14 ұпайға дейін жинасаң: «қанағат сезімі» сен үшін белгісіз. Сенің талаптарың мен тілектеріңді аз ғана шектеу керек. Ол қасиетің сенің болашақтақтағы естияр өміріңе көмегін тигізеді; -15 тен 22 ұпайға дейін жинасаң: албырт,қызыққұмар адамсың. Сен өзіңнің ішкі «Меніңді» басқарып үйренуің қажет.Оған «ақыл», «ой», «сезім», «әрекет» секілді құндылықтар көмектеседі. -23 тен 30 ұпайға дейің жинасаң: сен «қанағат» сезімін жақсы білесің,сол себепті өзіңнің сезіміңді,ойыңды,әрекетіңді басқара аласың; -31- ден 36 ұпайға дейін жинасаң: сен бір әрекетті жасарда,немесе сөзді айтарда артық кетпеу үшін жалтақтап тұрасың. Оның қажеті шамалы. Өзіңді-өзің еркін ұстауды үйрен. |