АИТ 2. 1. Синусті тахикардия бл жжж жоарылауы a минутына 60 рет
Скачать 163.7 Kb.
|
Е) созылмалы вирусты гепатит 401. 49 жастағы әйел адам, шағымдары оң қабырға астында ауыру сезімі, терісінің қышуы, терісінің құрғауы, қалтырау, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік. Ауру алақан терісінің күңгірттенуінен, тері қышуынан басталған. Об-ті: тері жабындысы мен склералары сарғыштанған, қасыған іздер, көз қабақтарында, шынтағында, алақандарында ксантомалар, алақан гиперпигментациясы. Бауыр қабырға доғасынан 6 см шығып тұр, тығыз, қыры үшкірленген. ЖҚА: Нв 87 г/л, эритроциттер 3,0х10¹²/л, тромбоциттер 90 мың. Қанның биохимиялық анализі: қандағы билирубин – 63,8 мкмоль/л, холестерин - 7,9 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 8 мкмоль/л. Бауыр гистологиясы: өт жолдарының пролиферациясы, септальды фиброз. Таңдаулы препарат болып табылады: +А) урсофальк В) ламивудин С) омепразол D) сульфасалазин Е) мотилиум 402. 53 жастағы В ер адам, емханаға келесі шағымдармен келді: жиі қанмен құсу, әлсіздік, тершеңдік. Анамнезінде: бауыр циррозы бойынша есепте тұр; жағдайының осылай нашарлауы соңғы бір тәулік ішінде көп көлемді тағам және алкогольді ішімдіктер қабылдаудан соң болды. Об-ті: беті ісінген, тері жабындылары бозғылт, склералары сарғыш, қасынған іздер, дене салмағының индексі төмендеген, АҚҚ 90/50 мм.с.б.б., пульс 104 соққы/мин. Іші «бақа тәріздес». Бауыры – қабырға доғасымен,тығыз. Науқаста қандай асқыну дамыды: А) гиперспленизм синдромы B) бауырлық энцефалопатия +C) өңештен қан кету D) асқазан диспепсия E) гепаторенальды синдром 403. 53 жастағы әйел адам, емханаға келесі шағымдармен келді: жиі қанмен құсу, әлсіздік, тершеңдік. Анамнезінде: бауыр циррозы бойынша есепте тұр; жағдайының осылай нашарлауы соңғы бір тәулік ішінде көп көлемді тағам және алкогольді ішімдіктер қабылдаудан соң болды. Об-ті: беті ісінген, тері жабындылары бозғылт, склералары сарғыш, қасынған іздер, дене салмағының индексі төмендеген, АҚҚ 90/50 мм.с.б.б., пульс 104 соққы/мин. Іші «бақа тәріздес». Бауыры – қабырға доғасымен,тығыз.Сіздің тәсіліңіз: А) күндізгі стационарға жіберу B) эрадикационды терапия C) үйде стационар ұйымдастыру +D) хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау E) антисекреторлы препараттарды тағайындау 404. 61 жастағы әйел адам, шағымдары ентегу, әлсіздік, тібеті нашарлаған,эпигастрий аймағында ауырлық сезімі, іші кепкен, зәр шығаруының шектелуі соңғы 2 ай бойы мазалайды. Анамнезінде: бауыр циррозы бойынша есепте тұр. Об-ті: жағдайы ауыр. Склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см, шығып тұр, қыры үшкір. ЖҚА: Нв-118 г/л, тромб-194 мың.ЭТЖ-21 мм/сағ. Қанның б/х: креатинин 152 мкмоль/л. ЖЗА: белок 0,099 г/л. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 450 мл, меншікті салмағы 1014-1020.Науқаста қандай асқыну дамыды: А) гиперспленизм синдромы B) бауырлық энцефалопатия C) өңеш көк тамырларынан қан кету D) асқазандық диспепсия +E) гепаторенальды синдром 405. 56 жастағы С ер адам, шағымдары әлсіздік, тез шаршағыштық, оң қабырға астында ауыру сезімі, қызыл иектен қан кетулер, себепсіз көгерулер пайда болады. Анамнезінде: бауыр циррозы бойынша есепте тұр. Об-ті: склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Денсеінде аяқ, қолдарында бірлі жарым «көгерулер». Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр,тығыз. Спленомегалия. ЖҚА: Нв-70 г/л, тромб-50 мың., лейкоциттер – 2,1 мың. Науқаста қандай асқыну дамыды: +А) гиперспленизм синдромы B) бауырлық энцефалопатия C) өңеш көк тамырларынан қан кету D) асқазандық диспепсия E) гепаторенальды синдром 406. 52 жастағы әйел адам, шағымдары оң қабырға астында ауыру сезімі, қалтырау, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, терісінің қышуы. Анамнезінде: 3 жыл бұрын - өт тас бұрын холецистэктомия. Об-ті:тері жабындылары мен склералары сарғыштан, қасынған іздер. Бауыр қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, қыры үшкірленген. Қанның биохимиясы: қанның билирубині – 63,8 мкмоль/л, холестерин - 7,9 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 8 мкмоль/л. Ретроградты холангиография: жалпы өт жолының обструкциясының белгілері. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?: А) созылмалы аутоиммунды гепатит В) біріншілік билиарлы бауыр циррозы +С) екіншілік билиарнлы бауыр циррозы D) постхолецистэктомиялық синдром Е) созылмалы калькулездік холангит 407. 48 жастағы ер адам, шағымдары оң қабырға астында ауыру сезімі,қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік. Об-ті: тері жабындысы мен склералары сарғыштанған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, тығыз, қыры үшкірленген. Спленомегалия. Қанның биохимиясы: трансаминазалардың, билирубиннің дәрежесі жоғарылаған. Серологиялық диагностика: анти-HCV – оң. ПТР: HCV-РНК анықталған, гепотип 1b. ФЭГДС: өңештің көк тамырлары варикозды кеңейген. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?: А) алкогольды бауыр циррозы В) біріншілік билиарлы бауыр циррозы С) екіншілік билиарлы бауыр циррозы +D) вирусты бауыр циррозы Е) созылмалы аутоиммунды гепатит Гематология 408. Темір тапшылықты анемияға тән: A) ретикулоцитоз B) эртитроциттердің макроцитозы C) темірдің тіндерде жиналуы +D) гипохромды анемия E) гиперхромды анемия 409. Төмендегі қан анализі қай ауруға тән: эр-тер 2,9 млн, Нв – 78 г/л, ТК- 0,8, лей-тер-4,0 мың, тр-тер-200 мың: +A) темір тапшылықты анемияға B) В12-тапшылықты анемияға C) гемолитикалық анемияға D) гипопластикалық анемияға E) сидероахрестиалық анемияға 410. Анемияның қай типіне төмендегі клиникалық белгілер тән: тәбеттің бұрмалануы, койлонихиялар, шаштардың түсуі, терінің құрғақтығы және қабыршақтануы? +A) темір тапшылықты B) В12-тапшылықты C) гемолитикалық D) гипопластикалық E) сидероахрестикалық 411. Қандай синдром төмендегі белгілермен жүреді: тері жабындысының құрғақтығы, тырнақтардың сынғыштығы, шаштардың түсуі дәне ерте ағаруы, тәбеттің және дәмнің бұрмалануы? A) циркуляторлы-гипоксиялық +В)сидеропениялық C) интоксикациялық D) геморрагиялық E) гиперпластикалық 412.Темір тапшылықты анемияның диагностикалық критерийлеріне жатады, біреуінен басқа: A) гемоглобин деңгейінің төмендеуі (ниже 110 г/л төмен) B) түстік көрсеткіштің төмендеуі (0.85 төмен). C) қан сарысуының төмендеуі +D)сарысудың жалпы темір байланыстыратын қабілетінің төмендеуі E) сарысудың жалпы темір байланыстыратын қабілетінің артуы 413.22 жасар студентка, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: ентігу, жүрек қағулары, құлағында шу, тәбетінің бұрмалануы (бор, ұн жегісі келеді), тәбетінің төмендеуі, әлсіздік. 2 жылдан бері ауырады, соңғы 1,5 жылда -гиперполименоррея. Об-ті: науқас дене бітімі арық, тері жабындысы және шырышты қабаттары бозғылт, тырнақтары деформацияланған, иілген. Өкпе және жүрегі – өзгерісі жоқ, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қан анализі: эр-2,9 млн, Нв-72 г/л, ТК-0,7, лейк- 4.0мың, ЭТЖ-26мм/сағ, анизоцитоз++, пойкилоцитоз+. Диагнозды дәлелдеу үшін сай тексеруді таңдаңыз: A) қан протеинограммасы +B) қан сарысуындағы темірді анықтау C)Кумбс сынамасы D) цитохимиялық реакциялар E) Хем сынамасы 414. Қай анемияда фуникулярлы миелоз дамиды: A) гемолитикалық B) гипопластикалық C) талассемия D) темір тапшылықты +E) В12-тпшылықты 415. Темір тапшылықты анемияға барлығы тән, біреуінен басқа: A) созылмалы қан кетулер –аурудың негізгі себебі B) циркуляторлық-гипоксиялық және сидеропениялық синдромдар-анемияның негізгі клиникалық көріністері C) диетамен темір тапшылыұын толтыра алмаймыз D)темір препараттарын ұзақ қолдану керек, 2-3 айдан кем емес +E) Темір тапшылықты анемияда сарысулық темір деңгейі жоғары (11,6 мкмоль/л артық) 416. Анемияның қай түріне тән: тілде күйдіру сезімі, парестезиялар, іштегі ауыру сезімі, лакталған тіл,бауыр және көкбауырдың ұлғаюы? A) темір тапшылықты + B) В12-тапшылықты C) гемолитикалық D) гипопластикалық E) жедел постгеморрагиялық 417. Қай анемия төмендегі клиникалық синдромдармен көрінеді – гастроэнтерологиялық, неврологиялық және циркуляторлы-гипоксиялық? A) темір тапшылықты +B) В12-тапшылықты C) гемолитикалық D) гипопластикалық E) сидероахрестикалық 418. 28 жасар ер адам эпигастральды аймақта ауырсыну бойынша госпитализацияданды. Анамнезінде –асқазанның ойық жара ауруы. Об-ті: выраженная тері жабындыларының бозаруы. Қан анализінде: эр-тер – 3,5 млн, Нв-85 г/л, ТК – 0,7, тр-тер – 180,0 мың. Билирубин -12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4.5 мкмоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?: A) гемолитикалық анемия B) жедел постгеморрагиялық анемия +C) созылмалы постгеморрагиялық анемия D) апластикалық анемия E) В12-тапшылықты анемия 419. Мегалобластты анемиямен науқаста цианокобаламинмен емдеу барысында 6-күні қан анализінде ретикулоцитоз жоқ. Сіздің әрі қарай әрекетіңіз? A) темір препараттары B) В12 витамин мөлшерін арттыру C) гемотрансфузия жүргізу +D) фолий қышқылын тағайындау E) преднизолон 420. 78 жастағы әйел адам, учаскелік дәрігерге жалпы әлсіздікке,ентігуге,тамақ қабылдағаннан кейінгі эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне,шіріген иіспен кекіруге,оң жақ аяқтың төменгі бөлігінде «жыбырлаған»сезімге шағымданып келді. Жалпы қан анализінде: эр- 2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, Тр-тер- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?: A) вирусты гепатит B) темір тапшылықты анемия C) гипопластикалық анемия D) гемолитикалық анемия +E) В12-тапшылықты анемия 421. 78 жастағы әйел адам, учаскелік дәрігерге жалпы әлсіздікке,ентігуге,тамақ қабылдағаннан кейінгі эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне,шіріген иіспен кекіруге,оң жақ аяқтың төменгі бөлігінде «жыбырлаған»сезімге шағымданып келді. Жалпы қан анализінде: эр- 2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, Тр-тер- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л. Ем тағайындаңыз: A) темір препараттары +B) витамин В12 C) кортикостероидтар D) эритромасса E) гепатопротекторлар 422. 30 жастағы ер адам клиникаға мұрыннан,қызыл иектен қан кетумен,айқын әлсіздік,ентігумен келіп түсті.Жалпы қарағанда:тері жабындылары бозғылт,бүкіл денеде көгерулер.Перифериялық лимфа түйіндер ұлғаймаған.Жүрек тондары бәсеңдеген,барлық нүктелерде систоликалық шу.ЖСЖ-100 рет минутына.АҚ-100/70 мм.с.б.б.Басқа ағзаларында өзгеріс жоқ.Қан анализі: эр. 2,0 млн, Нв-60 г/л, ТК-0,9, лейк.-1,5 мың, тр.-тер-50 мың. Трепанобиопсияда – сүйек миында майдың жоғары болуы. Қандай зерттеу әдісі диагнозды көрсетеді? A) стернальды пункция B) люмбальды пункция C) плевральды пункция +D) мықын сүйегінің трепанобиопсиясы E) коагулограмма 423. 30 жастағы ер адам клиникаға мұрыннан,қызыл иектен қан кетумен,айқын әлсіздік,ентігумен келіп түсті.Жалпы қарағанда: тері жабындылары бозғылт,бүкіл денеде көгерулер.Перифериялық лимфа түйіндер ұлғаймаған.Жүрек тондары бәсеңдеген,барлық нүктелерде систоликалық шу.ЖСЖ-100 рет минутына.АҚ-100/70 мм.с.б.б.Басқа ағзаларында өзгеріс жоқ.Қан анализі: эр. 2,0 млн, Нв-60 г/л, ТК-0,9, лейк.-1,5 мың, тр.-тер-50 мың. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы: A)ЛОР дәрігер кеңесіне жіберу B) гематолог кеңесіне жіберу C) күндізгі стационарда емдеу +D) стационарға жолдама беру E) амбулаторлы емдеу 424.Қандай анемия гипохромды болып табылады? +A) темір тапшылықты B) темір бөлуші C) гипопластикалық D) фолий тапшылықты E) В12-тапшылықты 425.Қандай гематологиялық белгі В12-тапшылықты анемияны көрсетеді: +A) қан түзілудің мегалобласттық түрі B) сүйек кемігінде эритрокариоциттердің азаюы C) түстік көрсеткіштің төмендеуі D)түстік көрсеткіштің артуы E) миелокариоциттердің санының азаюы 426.28 жастағы әйел адам әлсіздікке,ентігуге,жүрек қағуына,соңғы жарты жыл ішіндегі меноррагияларға шағымданады. Об-ті:терісі және шырышты қабаттары бозғылт,тырнақтарында көлденең жолақтар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-тер 3,2 млн, Нв – 86 г/л, лейк.-4,0мың, ЭТЖ-15 мм/сағ, анизоцитоз++ , пойкилоцитоз++. Миелограммада сидеробластар-12%.Сарысулық темір-7,0 мкмоль/л. |