Главная страница

Математика 1,2,3,4- тоқсан. Математика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып. 1тосан 45саат


Скачать 1.23 Mb.
Название1тосан 45саат
АнкорМатематика 1,2,3,4- тоқсан
Дата11.04.2023
Размер1.23 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМатематика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып.docx
ТипДокументы
#1054809
страница20 из 47
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47



Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Аудан мен периметрді табуға арналаған есептерді шығару

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

Еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру;
Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың міндеті: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларға, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру
Көрнекілігі: слайд, ұшақ макеті, сым, дәптер, әйнек, сызғыш

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Сылдыр қағып,

Таудан құлап.

Жатыр ағып,

Мөлдiр…  (Бұлақ)
Аппақ доп тауып,

Шақырды ақ…  (Тауық)
Қалғиған қос құлақты,

Теңбiл түрi көрiктi,

Мекен жерi бұлақты,

Бiлемiсiң…  (Елiктi)
Бақта өскен сәнi бар,

Гүлi майда көрiктi.

Жемiсi бар дәмi бал,

Жақсы көрем…  (Өрiктi)
Дамыл таппай бiр мезет,

Жортумен жүр сүр…  (Көжек)


Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану


Оқулықпен жұмыс.

1-топ №1,2

2-топ №2,3

3-топ 4,5

№6 Тақтада орындалады

Сергіту сәті

Бізде қанша мысық бар?

Бізде күшік бар?..

Менде де бар – бір мысық,

Сенде де бар – бір мысық.

Менде бар да көк күшік,

Сенде мүлде жоқ күшік.

Бізде: қанша мысық бар?

Бізде: қанша күшік бар?

Шешуін тез таба алсаң,

Сен мендегі күшікті ал!

Ал олардың әрқайсысының алдында үш мысықтан тағы отыр.

Сонда бұл бөлмеде қанша мысық бар?



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Математикалық диктант

Үй тапсырмасы

Тест тапсырмалары

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Өтілген материалды бекіту

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпы мақсаттар

Еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру;
Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың міндеті: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларға, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру
Көрнекілігі: слайд, ұшақ макеті, сым, дәптер, әйнек, сызғыш

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Көкте жарқылдап найзадай,

От шашты шатынап…  (Найзағай)
Күн жылынды көктем кеп,

Жонның бәрi…   (Көкпеңбек)
Жайқалып биыл шығыпты,

Тiгiп ем былтыр…  (Шыбықты)
Тор тоқып бермекшi,

Өзi ескен жiбiмен

Әлде кiмге…  (Өрмекшi)
Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы…  (Арыстан)

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану


Оқулықпен жұмыс.

1-топ №1,2

2-топ №2,3

3-топ 4,5

№6 Тақтада орындалады

Сергіту сәті

Қанша сәбіз еді?

Біздің үйде көжек көп,

Іштерінде өжет көп.

Әсіресе бес көжек

Маған нағыз дос көжек

Қолымнан кеп жем жейді,

Басқалары келмейді.

Бес көжекке достасқан

Сәбіз бердім қос-қостан.

Бір сәбізім соңында,

Қалып қойды қолымда.

Сәбізімді әуелгі

Санап берші ал енді.



Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Математикалық диктант

Үй тапсырмасы

Тест тапсырмалары

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Бақылау жұмысы №2

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Мақсаты: бірнеше есе артық (кем) сандарды табуға берілген есептерді шығару, есептің шартын дұрыс құрастыру, жақшалы және жақшасыз өрнектерді есептеу, тіктөртбұрыш салу және оның периметрін есептеу, 2-5 сандарымен кестелік көбейту және бөлу дағдыларының қалыптасу деңгейін,білім деңгейін анықтау.

Білу:

Жазбаша кестелік көбейту және бөлу тәсілдері;

Бөлу амалына берілген есептердің түрлерін шығару;

Көбейту және бөлу амалына байланысты теңдеуді шешу.

Қолдану:

Кестелік көбейту және бөлу амалдарын қолдану;

Шамаларды өлшем бірліктерінің бірінен басқа түріне өрнектей алу;

Фигураны сызып, оның периметрін және ауданын табу.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Оңға қарай,

Оқысаң да – бір халық.

Солға қарай

Оқысаң да – бір халық.

Бір буыным – құс,

Бір буыным – түс.

(Қазақ, Қаз, Ақ)

***

«К»-деп егер бастасаң,

Шомыласың суына

(Көл)

***

«Т»-дан егер бастасаң,

Төрт түліктің баласы

(Төл)

***

«Ш»-дан егер бастасаң,

Жазда аунайсың құмына.

(Шөл)

***

«С»-дан егер бастасаң,

Ақ қайыңнан аласың

(Сөл)

Қызығушылықты ояту

І-нұсқа

1 нұсқа

  1. нұсқа

1.Есепте:

35:5 9∙3 (4∙3) + (8∙3)

7∙4 24:4 60+(9:9)

45:5 8∙3 (3∙3) + (9∙3)

6∙4 32:4 40+(3:3)

2.Есепті шығар.

21 кг тосапты бірдей 7 ыдысқа бөліп, құйды. 18 кг тосапты бөліп құю үшін осындай неше ыдыс қажет болады?

28 банка кофе 7 қорапқа тең бөлініп салынды 36 банка кофені тең бөліп, салу үшін осындай неше қорап қажет болды?

3.Теңдеуді шеш.

х∙3 =20+4 6:х=9:3 х:4=185-179

х∙4 =20+8 8:х=10:5 х:3=171-162

4.Фигура сыз, периметрін, ауданын тап.

Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 2 см, ал екінші қабырғасы 4 есе артық.

Периметрін және ауданын тап.

Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 3 см, ал екінші қабырғасы 2 есе артық.

Периметрін және ауданын тап.

5.Шамаларды салыстыру «>», «<», «=».

70 дм * 70 см 450 см * 405 см

50 дм = □ см 500 см = □ м

8∙2 * 8+8+8+8 2∙5 * 5∙2

50 дм * 50 см 370 см * 307 см

70 дм = □ см 200 см = □ м

6∙2 * 6+6+6+6 4∙5 * 5∙4

6*Логикалық тапсырма.

Түйе палуан 100 кг жүк көтере алады. Егер 1 литр сынаптың массасы 13 кг болса, ол ішіне сынап толтырған 8 литрлік ыдысты көтере ала ма?

Ыдыстағы лимондар мен апельсиндер саны 3-еу, ал апельсиндер мен мандариндер саны 5- еу. Ыдыста неше лимон, неше апельсин және неше мандарин бар?

ІІ-нұсқа

1 нұсқа

2 нұсқа

1.Есепте.

2∙4 3∙3 (4∙5)-12

40:8 36:9 (45:9)+25

2∙6 4∙4 (6∙5)-18

35:7 32:8 (54:9)+33

2.Есепті шығар.

Асханаға 20 кг-нан 3 себет қияр және массасы 30 кг бір жәшік қызанақ әкелінді. Асханаға барлығы қанша килограмм жеміс әкелінді?

Кітапханаға 15 әдеби кітаптан 3 бума және 55 балалар кітабын әкелді. Кітапханаға барлығы неше кітап әкелінді?

3.Теңдеуді шеш.

32:х=4 а-254=700 380-с=330-175

5∙х=40 99-а=51 с-64=34+152

4.Фигура сыз, ауданын тап.

Қабырғаларының ұзындығы 5 см және 2см болатын тік төртбұрыштың ауданын тап.

Қабырғасының ұзындығы 6 см-ге тең шаршының ауданын тап.

5.Шамаларды салыстыру «>», «<», «=».

6 дм 8 см * 60 см 1 м * 80 см

11 кг + 30 кг * 90 кг – 60 кг 5 дм * 5 см

52 см * 5 дм 1 см 10 дм * 1 м

31 кг – 19 кг * 15 кг – 7 кг 6 дм * 6 см

6*Логикалық тапсырма.

Салтанаттан: Сендердің сыныптарыңда неше озат оқушы бар?—деп сұрағанда, ол былай деп жауап береді:

-Егер ең үлкен үш таңбалы саннан ең .үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы болған?

Шахтада лифт алдымен 115 м жердің астына түсті,содан соң 37 м жоғары көтерілді. Бұдан кейін тағы 17 метр төмен түсіп, 19 метр жоғары көтерілді. Соңында лифт қандай тереңдікте болды?










Үй тапсырмасы

Тест тапсырмалары

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47


написать администратору сайта