Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы Шамалар Сілтеме

  • Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі

  • Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

  • Ынтымақтастық атмосферасы

  • Сергіту сәті Логикалық есеп.

  • Сабақтың тақырыбы Теңдеу,теңдік,теңсіздік,,өрнектер Сілтеме

  • Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Топқа бөлу

  • Бағалау парақшасымен таныстыру

  • Үй тапсырмасын пысықтау Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Ой толғаныс Есепке нұсқау.

  • Сабақтың тақырыбы Бақылау жұмысы №3 Сілтеме

  • Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі Мақсаты

  • Жаңа сабақ І нұсқа.

  • Математика 1,2,3,4- тоқсан. Математика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып. 1тосан 45саат


    Скачать 1.23 Mb.
    Название1тосан 45саат
    АнкорМатематика 1,2,3,4- тоқсан
    Дата11.04.2023
    Размер1.23 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМатематика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып.docx
    ТипДокументы
    #1054809
    страница47 из 47
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47



    Математика

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім:

    Сабақтың тақырыбы

    Шамалар

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

    Сабақтың жабдығы

    суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

    Жалпы мақсаттар

    Оқыту  нәтижесі

    Мақсаты: теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу туралы білімдерін жетілдіру; алған білімдерін таныс және жаңа оқу жағдайларында пайдалана білу; математика бойынша білім - білік жүйелерін игеру деңгейлерін тексеру; логикалық ойлауларын дамыту.
    Түрі: аралас сабақ
    Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, ауызша жылдам есептеу.

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау парақшасымен таныстыру

    Топқа бөлу

    Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

    Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

    Мен бақытты баламын,

    Жан дүниемде күн нұрлы

    Жылуым мол бойымда.


    Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

    Үй тапсырмасын пысықтау


    Көбейту кестесін еске түсіру

     Математикалық диктант.
    - 7 саны 91 – ден неше есе кем? (13)
    - 68 шығу үшін 17 - ні неше есе арттыру керек? (4)
    - 8 шығу үшін 56 - ны нешеге бөлу керек? (7)
    - Азайғыш – 1000, азайтқыш – 450. Айырманың мәнін тап. (550)
    - Бөлінгіш – 320. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең? (80)
    - Санның төрттен бір бөлігі 60 - қа тең. Сан нешеге тең? (240)

    Оқушылар ауызша орындайды

    Жаңа сабақ

    Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

    Қосымша тапсырма:

    «Кім жылдам?» ойыны. Қалдықпен бөлуді орында:
    І топ --------------ІІ топ---------------- ІІІ топ ----------------- ІV топ
    529/4= ---------- 1437/6=------------358/3= ---------------- 40978/8=

    Сергіту сәті

    Логикалық есеп.
    Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрыш қалады?
    Екі стақанға бірдей су құйдық. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стақанда су көп? Неге? (Дәлелдеу)

    Ой толғаныс

    Тест жұмысы
    Қай фигураның ауданы болады?
    а) дөңгелек
    ә) шеңбер
    б) қисық сызық
    2. Қалдық неден кем болуы тиіс?
    а) бөлінгіш
    ә) бөлгіш
    б) бөлінді
    3. Теңдеудің шешуін тап: х*9=9009
    а) 1001
    ә) 3003
    б) 1000
    4. Қабырғалары 4дм және 8дм болатын тік төртбұрыштың периметрін тап:
    а) 24дм
    ә) 26дм
    б) 32дм

    Сабақты бекіту

    Бүгінгі сабақта біз не істедік?

    Саған қайсы тапсырма қиын болды?


    Үй тапсырмасы

    №7,8 161-бетте


    Оқушылар күнделіктеріне жазады

     Бағалау

    Бүгінгі сабақ ұнады ма?
    Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

    Бағалау парақшасын толтырады

    Кері байланыс



    Математика










    Сабақтың тақырыбы

    Теңдеу,теңдік,теңсіздік,,өрнектер

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

    Сабақтың жабдығы

    қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

    Жалпы мақсаттар

    Оқыту  нәтижесі

    Есепті теңдеу құру арқылы шығару қабілетін қалыптастыру,есептеу дағдысын жетілдіру.

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Топқа бөлу

    Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.

    Сол суреттерге байланысты төрт топқа бөлініп отырады

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Күн жарығын алақанға саламын.

    Жүрегіме басып ұстай қаламын.

    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

    Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

    Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

    Бағалау парақшасымен таныстыру

    Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.

    Оқушылар бағалау нұсқаларымен танысады

    Үй тапсырмасын пысықтау

    Сұрақтарға жауап беріңдер. 1)Жұмыстың жылдамдығы (өнімділік) 2) Әріппен белгіленіп,ауыспалы шамамен берілген теңдік (теңдеу) 3) Арифметикалық амал, кері көбейту (бөлу) 4) Бұрыштарды өлшеуге арналған құрал ( транспортир) 5) Бөлу амалының нәтижесі (бөлінді) Ауызша тапсырма Жай теңдеу тақтаға орындаңыз. Х+160 = 350 120+х = 205 х= 350-160 х= 205-120 х= 190 х = 85 190+160 = 350 120+85 = 205

    Жаңа сабақ

    Оқулықтағы тапсырмаларды топпен бөліп орындау.

    Дәптермен жұмыс.

    Қосымша тапсырма:

    Топтар арасындағы жарыс. Танымдық есеп.
    1т. Қой 15жыл өмір сүреді, ол қояннан 5жыл артық өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
    2т. Қой 15жыл өмір сүреді. Ал қоян одан 5жыл кем өмір сүреді. Қоян неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
    3т. Қоян 10 жыл өмір сүреді. Ол қойдан 5жыл кем өмір сүреді. Қой неше жыл өмір сүреді? Теңдеу құрып шығар.
    Теңдеу құр, шығар.

    Сергіту сәті

    «Қаражорға» биі

    Оқушылар әуенге билеп,сергиді

    Ой толғаныс

    Есепке нұсқау. 1- машина 1 доп+2 текше 1 машина+ 1 текше 2 доп 1 машина 1 доппен және 2 текшемен алмастырамыз,сода: 1 доп+ 2 текше +1 текше 2 доп,әр бөліктен бір –бір допты алып тастайсыз: 3 текше 1 доп. Есептің бастапқы шарты бойынша, 1 машина 3 текше+ 2 текше, яғни, 1 машина 5 текше.

    Шығармашылыққа тапсырма

    Айдостың есебі

    Айдос 5 дүкенге кіріп, қалтасындағы бүкіл ақшасын жұмсайды. Әр дүкенде, сол дүкенге кірер кездегі ақшасының жартысынан 1 теңге артығын жұмсайды. Айдостың үйінен шығар кезде қалтасында қанша теңге бар еді?
    Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз.

    4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге

    3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге

    2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге

    1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге

    Үй тапсырмасы

    №7,8 165- бетте

    Оқушылар күнделіктеріне жазады

     Бағалау

    Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»

    Бағалау парақшасын толтырады

    Кеі байланыс



    Математика

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім:

    Сабақтың тақырыбы

    Бақылау жұмысы №3

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

    Сабақтың жабдығы

    қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

    Жалпы мақсаттар

    Оқыту  нәтижесі

    Мақсаты: натурал сандар нумерациясын меңгеру деңгейлерін тексеру; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы арақатынас туралы білімін тексеру; есепті шығару кезіндегі алған білімдерін пайдалана білу; тік бұрышты параллелепипед көлемін есептеу.

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау парақшасымен таныстыру

    Топқа бөлу

    Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

    Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.


    Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

    Үй тапсырмасын пысықтау


    Күн жарығын алақанға саламын,

    Жүрегіме басып ұстай қаламын.

    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

    Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

    Оқушылар ауызша орындайды

    Жаңа сабақ

    І нұсқа.

    1. Есепті шығар.

    Көкөніс сақтау қоймасында 300т сәбіз болды. Бірінші күні әрқайсысына 5 тоннадан сәбіз тиелген 24 жүк машинасы жөнелтілді. Келесі күні қалған сәбізді әр машинаға 2 тоннадан тиеп тасыды. Екінші күні неше жүк машинасы қажет болды?

    Ш: (300 – 24 5) : 2 = 90 Ж: 90 жүк машина қажет

    1. Есептеулерді орында.

    20 999 + 1 = 21 000 2 000 – 1 = 1 999 200 000 – 1 =199 999 345 999 + 1 = 346 000

    52 399 + 1 = 52 400 65 999 + 1 = 66 000 318 000 – 18 000 = 300 000 765 000 – 1 = 764 999

    1. Теңдеулерді шеш.

    7 025 – Х = 240 : 10 Х : 6 = 752 – 274

    7 025 – Х = 24 Х : 6 = 478

    Х = 7 025 – 24 Х = 478 ∙ 6

    Х = 7001 Х = 2 868

    7 025 – 7 001 = 24 2 868 : 6 = 478

    24 = 24 478 = 478

    1. Бос орынды толтыр.

    6 мин 13с = 373с 4т 8ц = 4 800кг 12га =120 000м2 54 000см = 540м

    1. Параллелепипедтің биіктігі 5см, ені 6см, ұзындығы 8см. Оның көлемін есепте.

    V = 5см ∙ 6см ∙ 8см = 240 см3

    ІІ нұсқа.

    1. Есепті өрнек түрінде шығар.

    Бала 23 000 м қашықтықта орналасқан көрші ауылға жол тартты. Ол атпен 3 000 м, велосипедпен 10 000 м жер жүрді. Қалған қашықтықты жаяу жүріп өтті. Бала неше километрді жаяу жүріп өтті?

    Ш: 23 000 – (3 000 + 10 000) = 23 000 – 13 000 = 10 000 Ж: бала 10 000м жаяу жүрді.

    1. Есептеулерді орында.

    70 100 – 1 = 70 099 99 699+ 1 = 99 700 17 609 + 1 = 17 610 345 999 + 1 = 346 000

    131 148 – 1 148 =130 000 30 000 – 1 = 29 999 43 099 + 1 = 43 100 699 999 + 1 =700 000

    1. Теңдеулерді шеш.

    70 348 – Х = 312 : 2 – 9 Х : 6 = 12 756 – 989

    70 348 – Х = 147 Х : 6 = 11 767

    Х = 70 348 – 147 Х = 11 767 ∙ 6

    Х = 70 201 Х = 70 602

    70 348 – 70 201 = 147 70 602 : 6 = 11 767

    147 = 147. 11 767 = 11 767

    1. Есепте.

    2 сағ – 35 мин = 85 мин 54 000см – 5м = 540м

    15т 420кг – 9т 870кг = 5т 55кг 3 тәул. – 18 сағ 20мин = 53сағ 8 мин.

    1. Параллелепипедтің биіктігі 15см, ені 6см, ұзындығы 8см. Оның көлемін есептеп шығар.V = 15см ∙ 6см ∙ 8см = 720см3




    Сабақты бекіту

    Бүгінгі сабақта біз не істедік?

    Саған қайсы тапсырма қиын болды?

    Үй тапсырмасы

    Қайталау

    Оқушылар күнделіктеріне жазады

     Бағалау

    Бүгінгі сабақ ұнады ма?
    Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

    Бағалау парақшасын толтырады
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47


    написать администратору сайта