Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың тақырыбы Есептер шығару Сілтеме

  • Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі Мақсаты

  • Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

  • Ынтымақтастық атмосферасы

  • Сабақты бекіту Үй тапсырмасы

  • Сабақтың тақырыбы Өздік жұмысы №3 Сілтеме

  • Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі Сабақтың мақсаты

  • Жаңа сабақ І нұсқа.

  • Сабақтың тақырыбы Кестелік және кестеден тыс көбейту мен бөлу Сілтеме

  • Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі

  • Математика 1,2,3,4- тоқсан. Математика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып. 1тосан 45саат


    Скачать 1.23 Mb.
    Название1тосан 45саат
    АнкорМатематика 1,2,3,4- тоқсан
    Дата11.04.2023
    Размер1.23 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМатематика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып.docx
    ТипДокументы
    #1054809
    страница46 из 47
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47



    Математика

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім:

    Сабақтың тақырыбы

    Есептер шығару

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

    Сабақтың жабдығы

    қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

    Жалпы мақсаттар

    Оқыту  нәтижесі

    Мақсаты: Үш таңбалы сандарды ауызша есептеуді орындауға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру; есеп шығаруды меңгерту; ой-өрісін, зейінін дамыту, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау парақшасымен таныстыру

    Топқа бөлу

    Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

    Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.


    Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

    Үй тапсырмасын пысықтау


    Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: 1. Көркем жазу минуты.

    А). 5 миллион, 23 мың, 6 бірлікті жаз. Оны 4 бірлікке арттыр. Нәтижесін жаз. Алдыңғы санды жаз. Оны 100 мыңға арттыр. Оны 0-ге көбейт.

    1. Математикалық диктант. 1). 75 пен 2 сандарының көбейтіндісі (150)

    2). Мен бір сан ойладым, оны 2 есе арттырғанда, 500 саны шықты. Қандай сан ойладық? (250)

    3). 780 мен 3 сандарының бөліндісінің мәні нешеге тең? (260).

    230-ды 10 есе арттыр (2 300); 70 001 санынан 1-ді кеміт (70 000)

    Оқушылар ауызша орындайды

    Жаңа сабақ


    Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

    Дәптермен жұмысы.

    Қосымша тапсырма:

    1. Дүкендегі жүзімдер 2 кг - нан 40 пакет қалтаға салынған. 15 пакет қалта сатылған болса, дүкенде неше кг және неше пакет жүзім қалған?
    2. 6 тәрелкеге бауырсақтар салынды. Біріншісіне 1 бауырсақ, екіншісіне 2 бауырсақ, солай әрбір келесіге бір - бірден артық салынды. Бауырсақтарды тәрелкелерден алмай үш жаққа бірдей етіп қалай бөлуге болады?
    3. Егер әр қайыққа 3 адамнан алса, жағада 6 адам қалады. Ал егер 4 адамнан алса, жағада 3 адам қалады. Сонда қайық нешеу, адам саны нешеу?
    4. 95 шелек сыятын суқоймаға 2 құбырмен су құйылады. Бір құбырдан минутына 12 шелек, ал екіншісінен минутына 7 шелек су ағады. Егер екі құбырды да қосып қойса, суқойма неше минутта толар еді?
    5. Саудагер 7600 теңгеге 38 метр мата сатып алды. Тез арада ол алған матасының екіден бір бөлігін 5700 теңгеге сатты. Саудагер 1 метр матадан қанша пайда түсірді?

    Сергіту сәті

    Орманда кірпі келеді,

    Саңырауқұлақ тереді.

    Кездесті, міне, керегі:

    Екеуі қайың астынан.

    Біреуі терек қасынан.

    Қанша олар болмақ есепте,

    Тоқылған салса себетке?

    Ой толғаныс

    1. Жүк машинасы70км/сағ жылдамдықпен 280 км жүрді. Ол жолда неше сағат болды?
    А) 4сағ
    Б) 3сағ
    С) 2сағ
    Д) 1сағ
    2. 6 бірдей жейдеге 36 м мата жұмсалды. Осындай 9 жейдеге неше м мата жұмсалды?
    А) 48м
    Б) 28м
    С) 65м
    Д) 54м
    3.Перимерті 230см болатын тіктөртбұрыштың ені 2 см. Ұзындығын тап.
    А) 10см
    Б) 8см
    С) 6см
    Д) 4см
    4. Алпыс жеті мың 435 санын белгіле
    А) 67435
    Б) 67400
    С) 60740
    Д) 67040

    Сабақты бекіту

    Үй тапсырмасы

    №7,8 151-бетте

    Оқушылар күнделіктеріне жазады

     Бағалау

    Бүгінгі сабақ ұнады ма?
    Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

    Бағалау парақшасын толтырады



    Математика

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім:

    Сабақтың тақырыбы

    Өздік жұмысы №3

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

    Сабақтың жабдығы

    қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

    Жалпы мақсаттар

    Оқыту  нәтижесі

    Сабақтың мақсаты: көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындай алу деңгейлерін бақылау; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы, арақатынас туралыбілімін тексеру; алған білімдерін есептерді шығару кезінде пайдалана алу; теңдеуді шешу.

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау парақшасымен таныстыру

    Топқа бөлу

    Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

    Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді.


    Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

    Үй тапсырмасын пысықтау


    Үй жұмысы дәптерлерін тексеру

    Оқушылар ауызша орындайды

    Жаңа сабақ
    І нұсқа.

    1. Есепті шығар.

    Кондитер фабрикасы 10 күн ішінде 60 000 қорап шоколад шығарды. Осындай өнімділікпен 30 күн ішінде неше қорап шоколад дайындалады?

    Ш: 60 000 : 10 ∙ 30 = 180 000 Ж: 180 000 қорап шоколад дайындалады.

    1. Есепте.

    458 256 + 78 954 = 537 210 1 000 000 – 454 367 = 545 633

    85 256 + 101 456 = 186 712 563 409 – 56 743 = 506 666

    1. Теңдеулерді шеш:

    7 000 – х = 5 400 – 10 х : 2 = 2 110 – 1 090

    7 000 – х = 5 390 х : 2 = 1 020

    х = 7 000 – 5 390 х = 1 020 ∙ 2

    х = 1 610 х = 2 040

    7 000 – 1 610 = 5 390 2 040 : 2 = 1 040

    1. 390 = 5 390 1 040 = 1 040

    3.Бос орынды толтыр.

    3 мин 15с = 195 с 9 т 8ц = 9 800кг 24га = 240 000м2 63 000см = 630 м

    ІІ нұсқа.

    1. Есеп бойынша өрнектер құрастыр.

    А). Қоян 3 айда С кг шөп жейді. Оған S шөп қанша айға жетеді? Ш: S : (С : 3) ;

    Ә). Қаламның бағасы п теңге тұрады, ал фломастеродан 4 есе қымбат. Қаламға қарағанда фломастер неше теңгеге қымбат? Ш: п ∙ 4 – п

    1. Есепте.

    1 000 000 – 234 = 999 766 869 004 + 771 001 = 98 003

    100 568 – 90 854 = 9 714 778 992 + 524 100 = 1 303 092

    1. Теңдеулерді шеш.

    70 000 – х = 214 2 х : 2 + 10 009 =2 110 000

    70 000 – х = 428 х : 2 = 2 110 000 – 10 009

    Х = 70 000 – 428 х : 2 = 2 099 991

    Х = 69 572 х = 2 099 991 ∙ 2

    70 000 – 69 572 = 428 х = 4 199 982

    1. = 428 4 199 982 : 2 + 10 009 = 2 110 000

    2 110 000 = 2 110 000


    Ой толғаныс

    БББ кестесі

    Оқушылар толтырады

    Үй тапсырмасы

    Қайталау


    Оқушылар күнделіктеріне жазады

     Бағалау

    Бүгінгі сабақ ұнады ма?
    Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

    Бағалау парақшасын толтырады



    Математика

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім:

    Сабақтың тақырыбы

    Кестелік және кестеден тыс көбейту мен бөлу

    Сілтеме

    Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

    Сабақтың жабдығы

    суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

    Жалпы мақсаттар

    Оқыту  нәтижесі

    а)   Санды сандарға көбейту және бөлу жайлы       оқушылардың білімдерін бекіту жалпылау. ә)  Тәрбиелік: Балаларды  ұйымшылдыққа, адалдаққа, белсенділікке,  ұқыптылыққа тәрбиелеу.

    б) Дамытушылық:  есеп шығара отырып  ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін,  ой белсенділігін өздіктерінен ізденісте түсулерін дамыту.

    Көрнекіліктер:  тақта, кітап, дәптер, дидактикалық материалдар.

    Оқыту түрі:       Ауызша, жазбаша ізденушілік, көрнекілік, (зерттеушілік) сұрақ,жауап, ойын, ауызекі жауап беру.

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау парақшасымен таныстыру

    Топқа бөлу

    Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

    Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

    Ынтымақтастық атмосферасы

    Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

    Мен бақытты баламын,

    Жан дүниемде күн нұрлы

    Жылуым мол бойымда.


    Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

    Үй тапсырмасын пысықтау


    Көбейту кестесін еске түсіру

    Оқушылар ауызша орындайды

    Жаңа сабақ

    Ортақ тапсырма:

    1-тапсырманы орындау.

    А) 2 х 10 = 20                          23 х 10 = 230                    234 х 10 = 2340

    2 х 100= 200                      23 х 100 = 2300                234 х 100 = 23400

    2 х 1000 = 2000                  23 х 1000 = 23000            234 х 1000 = 234000

    Санды 10-ға , 100-ге, 1000-ға көбейту үшін  сол санға 0 дерді тіркеп қосып жазамыз.

    Б) 230 : 10 = 23                             20 : 10 =  2

    2300 : 100 = 23                         200 : 100 = 2

    23000 : 1000 =  23                     2000 : 1000 = 2

    Санды 0-ге бөлгенде 2, 3, 4  нөлдерін алып тастаймын.

    I топ

    Мына сандарды 10, 100ге  1000 ға есе  кеміту

    50   560,   5600

    II топ

    Мына сандарды 100, 1000   есе кеміту

    400,  45000,    4560000

    ІІІ топ    1000,  10 000,  100 000 есе кеміту

    4000,    45 0000       456 00000

    Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

    Дәптермен жұмыс.

    Қосымша тапсырма:

    Сергіту сәті

    Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

    Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

    Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

    Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

    Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

    Тағы жаңа жаттығулар істедік.

    Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

    Отырайық көңілді енді марқайтып.

    /Б.Бөрiбаев/

    Ой толғаныс

    1 ғасырда неше жыл бар?

    100 жыл. Яғни 21 ғасырда неше жыл? 2000 жыл. 21 ғасырда 2 жылы бұл қандай сол 2002 ж. Осы 21 ғасыр деген санға байланысты ана тілінің өтілген  тақпақ, өлең шумағын еске түсіріп, кім оқып береді. (Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатайұлын) еске алу.

    Уақыт жылдам өтеді. Минут, секунт, сағат, апта, ай, жыл, ғасыр. Жылдар, ғасырлар өтсе де біз ерлер есімін ел естен шығармайды.

    Уақыт деген сөзді ести отырып осыған байланысты қандай есептер шығарып едік? Жылдамдықты, уақытты,  қашықтықты табу.

    Сабақты бекіту

    Бүгінгі сабақта біз не істедік?

    Саған қайсы тапсырма қиын болды?

    Үй тапсырмасы

    №6,7 158-бетте

    Оқушылар күнделіктеріне жазады

     Бағалау

    Бүгінгі сабақ ұнады ма?
    Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

    Бағалау парақшасын толтырады

    Кері байланыс
    1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47


    написать администратору сайта