Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница105 из 139
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   139


#Ортопед-стоматолог дәрігер 52 жастағы науқасты қарау кезінде төменгі жақсүйегіне бюгельді протезді ұсынды. Параллелометрияда ғанышты үлгіні анализдеуде, Нея жүйесі бойынша 5 типті тірек-ұстаушы кламмерді ұсынды. Науқастың тіс қатарындағы ақауды көрсетіңіз?

-екіжақты шектелген ақау- премолярлармен шектелген

-біржақты шектелген ақау- премолярлармен шектелген

+бүйір бөлігіндегі шектелген ақаумен жалғыз тұрған молярлармен

-алдыңғы бөлігіндегі шектелген ақаумен жалғыз тұрған премолярлармен

-төменгі және жоғарғы жақсүйекте жалғыз тұрған премоляр


#Пациент Н. стоматологиялық клиникаға алдын ала тексеру мақсатымен келген. Пациентті қарап тексергенде, 3.6 тістің шайнау бетінде тамақ қалдығымен толы терең келген тісжегі қуысы анықталды. Қуыстың түбі мен қабырғаларында қатты пигменттелген дентин анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында аздап ауру сезімі бар. Суықтан әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі пайда болады. ЭОД – 5 мкА. Көрсетілген объективті мәліметтер қандай аурудың клиникасына сәйкес келеді:

+баяу дамыған терең тісжегі

-жедел ошақты ұлпа қабынуы

-тез дамыған терең тісжегі

-созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы

-баяу дамыған орта тісжегі


#Пациент, химиялық кәсіпорнының жұмысшысы. Жоғарғы жақтың тістерінде ақаулардың пайда болуына шағымданып келген. Объективті көрінісі: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің вестибулярлы беткейінде эмаль және дентиннің жоғарғы қабаттың ішінде сопақ пішінді ойықтар анықталады. Ойықтардың қабырғалары мен табаны тегіс және тығыз. Шұқып тексергенде эмаль-дентин шекарасында сәл ғана ауру сезімі бар. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы қысқа мерзімді. Дәрігер пациентке жұмыс уақытында міндетті түрде жеке қорғаныс затты қолдануға кеңес берді. Осындай ақаулар кезінде қандай қосымша ем жүргізу керек:

-Реминералдау терапия курсы

+Қуыстарды егеп, композициялық материалмен пломбылау

-Ақау бар тістерді жылтырататын пастамен өңдеу

-Реминералдау терапия курсын жүргізіп, композиттік материалмен пломбылау, кейін ремтерапия курсын қайталау

-Ақау аумағын «Белак» құралмен жабу


#Пациентті қарап тексергенде 1.4 тістің мойын бөлігінде тісжегі қуыс анықталған. Қуыстың табаны дентин-кіреуке шекарасынан тереңірек орналасқан. Тістің түсі өзгермеген. Шұқып тексергенде табаны ауырмайды, қабырғаларында ауру сезімі бар. Қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?

-Беткей тісжегі

+Терең тісжегі

-Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы

-Жедел ошақты ұлпа қабынуы

-Жергілікті гипоплазия


#Сірке қышқылымен жедел улануда асқазанды жуатын ерітінді:

-калий перманганатының әлсіз ерітіндісі

-1% натрий гидрокорбонатының ерітіндісі

-лимон қышқылының аз конецентрациялы ерітіндісі

+таза су

-3% натрий хлоридінің ерітіндісі


#Стоматологиялық кабинетке науқас М., 19 жаста анасымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Анамнезінен - қыз бала невропатологта Даун ауруы диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұр. Қараған кезде жоғарғы және төменгі жақта көптеген бұзылған тістер (түбірлер) анықталды. Кілегей қабық ашық-қызыл түсті. Регионарлы лимфа түйіндері ерекшеліксіз. Жансыздандыру әдісін таңдаңыз?

+жалпы жансыздандыру

-инфильтрациялық

-нейролептаналгезия

-аппликациялық

-атралгезия


#Тістерді армирленген композитті талшықпен шендеу кезінде, коффердамды орнатқаннан кейін, ағаш сыналарды тіс аралығына енгізеді. Бұл процедура не үшін жүргізіледі:

-реставрация түсіп қалмау үшін

-композит шеті түсінің боялуының алдын алу үшін

+қызыл иек емізікшелеріне сұйық композит тимеу үшін

-шендеуден кейін тістердің қозғалғыштығын тоқтату үшін

-физиологиялық қозғалғыштық болу үшін саңылау қалыптастыру


#Пациент 46 жаста. 4.5 тістің мойын бөлігіндегі терең тісжегіні емдеген кезде, тіс сауытының кездейсоқ ашылуы байқалды. Пациент қант диабетімен дәрігерлік тіркеуде тұрады және анамнезінде жергілікті анестетиктерге аллергиясы бар. Тістің емдеу әдісін таңдаңыз:

-биологиялық әдіс

-виталды ампутация

-виталды экстирпация

-девиталды ампутация

+девиталды экстирпация


#24 жастағы пациент К. 2 күн бойы төменгі оң жақ тісінің өз бетімен басталып ұстама тәрізді, ұзақ ауратынына (ауырсынусыз аралығы қысқа мерзімді) шағымданады. Ауру сезімі шүйдеге қарай тарайды және кешкі уакытта күшейе түседі. Тіс барлық тітіркендіргіштер әсерінен ұстама тәрізді ауырады. Осыған дейін тістегі ауру сезімі тітіркендіргіштер әсерінен қысқа мерзімді ауратын. Қосалқы аурулары және аллергиясы жоқ. Объективті: 4.6 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуыс. Зондпен шұқып тексергенде ауру сезімі түбі бойы байқалады. Температуралық тітіркендіргіштер әсерінен ұзақ мерзімді, тез басылмайтын ауру сезімі пайда болады. Қағып тексергенде сәл ауырсынады. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз:

+витальді экстирпация

-биологиялық әдіс

-девитальді экстирпация

-витальді ампутация

-аралас әдіс


#34 жастағы науқас жоғарғы сол жақ тістің ұстамалы өздігінен ауыратынына шағымданады. Ауру сезімі самайға қарай тарайды. Тіс барлық тітіркендіргіштерден ұзақ ұстамалы ауырсынады. Тіс бұрын ауырған. Объективті: 2.6 тістің шайнау-медиалды беткейінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс, ашылған ұлпа мүйізін зондтау қатты ауру сезімін тудырады. ЭОМ – 45 мкА. Алғашқы диагнозды қойыныз:

-Жедел түбір ұшы периодонтиті

-Жедел диффузды ұлпа қабынуы

-Өршу сатысындағы созылмалы периодонт қабынуы

-Созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі

+Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі


#Сынық бөліктерді біріктіру кезінде ит тістер мен бірінші молярдың контакттілік беттерін алдын-ала сепарациялауды қажет ететін шендеуіш:

-Порта

-Шура

-Вебер

-Збаржа

+Ванкевич


#19 жасар науқас ортодонт-дәрігерге жоғарғы жақ тістерінің дұрыс орналпауына шағымданды. Науқас ортопантомографиялық суретке жіберілді. Ортопантомографиялық суреттті талдау барысында оң жақта сүйір тістің дистопиясы анықталды. Сүйір тістер дистопиясы кезінде олардың қатар тұрған тіске қарым-қатынасы және тіс қатарларына байланысты орналасуынан басқа нені ескеру қажет:

+орталық және бүйір күрек тістер түбірлерінің резорбциясының болуы

-сүйек тіндерінің қайтадан түзілуі

-тістер ұш маңайында патологиялық ошақтың болуы

-периодонтальды саңылаудың кеңеюі

-сүйек тіндерінің некрозының болуы


#70 жастағы науқасқа жартылай алынбалы пластиналы протезбен протездеу барысында 1-ші клиникалық кезеңінде альгинатты массамен толық анатомиялық үлгі алынған. Анатомиялық үлгінің сапасына кандай талаптар қойылады?

-Үлгі стандарттық қасыққа жақсы орналасып протез орнын толық көрсетеді. Жиектері тегістелген, бетінде көпіршіктері жоқ қасықтан 1,5-2 см шығып тұрады.

-Үлгіде протез орнының рельефі жақсы көрінеді, тістің мойындары айқын үлгінің қалыңдығы 6 мм. көпіршіксіз.

-Протез орнының микро рельефін, өтпелі қатпарды, тіс рельефтерін, тіс аралық кеңістіктер мен мойнын айқын көрсетеді. Көпіршіксіз, ауа кеуектері жоқ үлгінің қалыңдығы 2 мм.

-Үлгіде протез орнының рельефі жақсы айқындалған жиектері тегіс, дөңгелектенген.

+Үлгі бір-бірімен тығыз байланысқан улгіде протез орнының рельефі өтпелі қатпар айқын көрінеді. Үлгінің қалыңдығы стандартты қасықтан 3-4 мм –ге шыққан жиіектері тегіс.


#Анасы 3 жастағы баласымен келді. Баланың дене қызуы 2 күннен бері 39.8º С дейін көтерілген, жоғарғы алдыңғы тісте ауырсыну бар. Ауыз қуысында: 5.1–тісте қуыс, дентині жұмсарған пигменттелген, сүңгелеген кезде тіс қуысымен қатысады, қатты ауырсыну. Перкуссияда ауырады, тістің айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген. кп = 2. Диагноз болжаңыз.

-жедел периодонтит

-жедел іріңді пульпит

-жедел сірлі периодонтит

-созылмалы периодонтиттің асқынуы

+периодонтитпен асқынған жедел іріңді пульпит


#Ортопантомографиялық сурет анализдеу барысында физиологиялық тістесу жағдайында 3-ші азу тістер қисаю бұрышы орталық сагиттальді сызыққа қарағанда қарым-қатынасы 53,0± 0,9о. ал дистальді окклюзиясы бар науқастарда ол ұлғаяды шамамен://

-3± 4о//

-2± 1о

+5,0± 0,9о

-1,5о

-2.5о


#Ахмедов бойынша штифтті тіспен протездеу кезінде, егер штифті канал ұзындығының 1/3 бөлігіне дейін ғана енгізсе, қандай асқыну пайда болады:

-антогонист тістің қозғалмалығы

+штифт цементінің ыдырауы

-екіншілікті тісжегі дамуы мүмкін

-периодонтта қабыну пайда болады

-қызыл иек жиегінде қабыну пайда болады


#Бала 10 жаста, созылмалы периодонтит себебінен 3.6 тісті жұлғаннан соң, 2 күннен кейін жұлынған тістің ұяшығындағы үнемі солқылдаған ауру сезіміне, ас қабылдау кезінде үдейтіндігіне, ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығуына шағымданып қайта келді. Объективті: жұлынған тістің айналасындағы қызыл иек қызарған, ұяшық сұр түсті ыдыраған ұйындыға толы. Диагноз қойыңыз:

-неврит

+альвеолит

-парестезия

-жақтың сынуы

-жақтың остеомиелиті


#Емханаға 16 жастағы Д. науқас 1.6 тістің аймағында тұрақты және жедел ауырсыну, «өскен тіс» сезімі, тістегенде ауырсынудың күшеюі шағымымен келді. Объективті: беті симметриялы. Тері жамылғысы таза, аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, 1.6 тістің аймағында кілегей қабығы қызарған, ісінген. 1.6 тістің таңдайлық бетінде жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс бар, зондтау ауырсынусыз, перкуссиясы күрт ауырсынады. Рентгенограммада 1.6 тістің түбір ұшы және бифуркация аймағында диаметрі 0,3 х 0,3 см-ге дейін, дөңгелек пішінді, анық тегіс контурлары бар сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Клиникалық диагнозды қойыңыз және 1.6 тісті жұлу үшін құралды таңдаңыз:

+1.6 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі, сол жақ тісшемен S- тәрізді қысқаш

-1.6 тістің созылмалы периодонтиті, тіке элеватор

-1.6 тістің жедел периодонтиті, S-тәрізді жымдасқан қысқаш

-1.6 тістің жедел пульпиті, тіке қысқаш

-1.6 тістің созылмалы пульпиті, оң жақ тісшемен S-тәрізді қысқаш
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   139


написать администратору сайта