Главная страница
Навигация по странице:

  • +ас суында фтор құрамының шамадан артық болуы

  • +дақтарды 2% метилен көгінің ерітіндісімен бояу

  • +1-клиникалық кезең, қалып дұрыс алынбаған

  • +Тексеру, рентген суретін қарау, дигноз қою, құрылым таңдау, жансыздандыру, егелеу, кертпе жасау, қызыл иек жиектерін ретракциялау, қос қабатты үлгі алу

  • +Созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі

  • +Толық құйылған металлды штифті- тұқылды салма.

  • +Тексеру, жансыздандыру, тісті егелеу, үлгі алу, қалпақшаны шақтап келтіру, түсін анықтау, сауытты шақтап келтіру, тапсыру.

  • 24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


    Скачать 1.24 Mb.
    Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
    Дата22.05.2022
    Размер1.24 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
    ТипДокументы
    #543896
    страница101 из 139
    1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   139


    #18 жастағы пациент тістердегі ақ және ал қоңыр түстес дақтардың болуына шағымданып келген. Анамнезінен – тістер түсінің өзгеруі бала кезінен анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Қарап тексергенде – жоғарғы және төменгі жақ тістер кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда ал қоңыр түстес дақтар анықталады, олар тістердің бүкіл беттерінде орналасқан. Дақтар аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Осы аурудың себебі не болуы мүмкін:

    -ауыз қуысы гигиенасын сақтамау

    -көмірсуларды артық қолдану

    +ас суында фтор құрамының шамадан артық болуы

    -ас суында фтор құрамының аз болуы

    -бала жасындағы аурулар (3 жасқа дейін)


    #23 жастағы науқас Л. Клиникаға 1.2 тістің түбір ұшы резекциясы операциясына келді. Операцияны өткізу үшін жансыздандырудың түрін таңдаңыз:

    -инфраорбитальды+инфильтрациялық

    +инфраорбитальды+күрек тістік

    -туберальды+таңдайлық

    -инфильтрациялық+таңдайлық

    -туберальды+күрек тістік


    #24 жастағы пациент стоматологиялық клиникаға жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданып келген. Анамнез - тістердің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың ортаңғы мен бүйір күрек тістердің вестибулярлы беткейінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде көлемдері бірдей, симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар анықталады. Дақтардың беті тегіс, жылтыр, шекаралары айқын. Ауру диагнозын дәлелдеу үшін қосымша қолданатын тексеру әдіс:

    +дақтарды 2% метилен көгінің ерітіндісімен бояу

    -электроодонтодиагностика

    -тістер рентгенографиясы

    -тістер перкуссиясы

    -тістердің температуралық тітіркендіргішке реакциясы


    #25 жастағы науқас ортопедиялық стоматология клиникасына үнемі пломбаның түсе беретініне шағымданып қаралды. Тексеру кезінде 2.6 тісте тіс сауытының 1/3 бөлігі бұзылған, тіс пломбаланған, антагонист тістермен түйіспейді. Дәрігер 1-клиникалық кезеңде 2.6 тісті егеп, жоғарғы жақтан жартылай анатомиялық үлгі алды. 2.6 тіске металл штампталған сауыт жасалды. Сауытты өлшеп тексеруде сауыт окклюзияны көтеріп тұр. Қай кезеңде қателік жіберілді, тістем неге көтерілді?

    -1-лабораториялық кезең, тіс дұрыс мүсінделмеген

    -1-лабораториялық кезең, сауыт дұрыс штампталмаған

    +1-клиникалық кезең, қалып дұрыс алынбаған

    -1-клиникалық кезең, тіс дұрыс егелмеген

    -1- лабораториялық кезең, модель дұрыс алынбаған


    #25 жастағы науқаста 11-ші тісте сауытты бөлігінің ақауы. Блэк бойынша 4 класс. Металлокерамикалық қаптама дайындаудың 1-ші клиникалық кезеңіне жатады.

    -Тексеру, диагноз қою, протез құрылымын таңдау, тісті егелеу, жансыздандыру, қос қабатты үлгі алу

    +Тексеру, рентген суретін қарау, дигноз қою, құрылым таңдау, жансыздандыру, егелеу, кертпе жасау, қызыл иек жиектерін ретракциялау, қос қабатты үлгі алу

    -Диагноз қою, құрылымды таңдау, жансыздандыру, қос қабатты үлгі алу

    -Тексеру, диагноз қою, құрылымды таңдау, тісті егелеу, үлгі алу

    -Тексеру, үлгі алу, тісті егелеу


    #27 жастағы пациент ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Қарап тексергенде: 3.6 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған дентинге толы, орташа көлемді тісжегі қуыс анықталған. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысы аймағында ауру сезімі байқалады, түбі бойы - ауырмайды. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Электроодонтодиагностикасының мүмкін болатын көрсеткіштері:

    -0-2 мкА

    +2-6 мкА

    -7-9 мкА

    -10-12 мкА

    -15-18 мкА


    #27 жастағы пациент жоғарғы сол жақ тісте дақтың пайда болуына шағымданып келген. Анамнезі бойынша - дақ шамамен 1 ай бұрын пайда болған. Объективті: 2.2 тістің мойын бөлігінде жекелеген бортәрізді дақ анықталады. Дақ беті тегіс, күңгірт, жылтырлығы жойылған. Дақ 2% метилен көгінің ерітіндісімен боялады. Қандай ем жүргізу қажет?

    -Дақты егеп-тазалап, композиттік материалмен пломбылау

    -Дақты абразивті жылтырататын пастамен өндеу

    -Дақты егеп-тазалап, шыныиономерлі цементпен пломбылау

    +Реминералдаушы терапия курсы

    -Дақты бор көмегімен егеп-тазалау


    #29 жастағы пациент стоматологиялық клиникаға жоғарғы оң жақ тістің өз бетімен сыздап ұзақ мерзімімен ауратынына (ауырсынусыз аралықтары сирек байқалады), тістен жағымсыз шіріген иістің шығуына шағымданып келген. Анамнезі бойынша: тіс бұрында қатты ауырған. Тіс дәрігеріне бармаған. Объективті: 1.7 тісте тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен тереңірек шұқып тексергенде ауру сезімі пайда болады, перкуссияда тіс аздап ғана ауырады. ЭОД – 85 мкА. Көрсетілген клиникалық көрінісі қандай ауру диагнозына сәйкес:

    -Жедел периодонт қабынуы, улану сатысы

    -Созылмалы фиброзды периодонт қабынуының өршуі

    -Жедел диффузды ұлпа қабынуы

    -Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

    +Созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі


    #30 жастағы пациент жоғарғы сол жақ тістің тамақ ішкен кезде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 2.7 тістің дистальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, мөлшері көп, ақ түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылады. Диагноз қойыңыз:

    -баяу дамыған терең тісжегі

    -тез дамыған орта тісжегі

    -созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы

    -жедел ошақты ұлпа қабынуы

    +тез дамыған терең тісжегі


    #35 жастағы науқаста жақ сүйектердің панараммды суретінде: Сауытты бөлігі 55%-ға бұзылған 46-ші тістің қабырғасы сақталған түбі тегіс . Тіс қуысын толық құйылған салмаға қалыптастыру үшін фальцті мынадай бұрышпен жасайды.

    -15 градус

    -30 градус

    +45 градус

    -60 градус

    -90 градус


    #36 жастағы А. науқасқа 3.6 тісті жұлу операциясы көрсетілген. Тісті жұлу кезінде дәрігер айналмалы байламды толық ажыратпады. Тісті ұяшықтан шығару кезінде тілдік жағынан кілегей қабықтың таспа тәрізді формалы ажыратылуы жүрді. Тісті жұлу кезінде дамыған асқынуды анықтаңыз:

    -гематома

    -тістің сынығы

    -тістің орнынан таюы

    -альвеолит

    +қан кету


    #37 жастағы пациент ауыз қуысын сауықтыру мақсатында стоматологқа келген. Қарап тексергенде: 3.7 тістің шайнау бетінде іші жұмсарған дентинге толы, орташа көлемді тісжегі қуыс анықталған. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысы аймағында ауру сезімі байқалады, түбі бойы - ауырмайды. Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Қандай диагноз қоюға болады:

    -беткей тісжегі

    +орта тісжегі

    -терең тісжегі

    -созылмалы периодонтит

    -сына тәрізді ақау


    #39 жастағы пациент қышқыл, қантты тағамдарды жеген кезде жоғарғы оң жақ тістің қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 1.5 тістің мойын бөлігінде кіреуке деңгейінде орналасқан тісжегі қуыс анықталады. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі жоқ. Суыққа әлсіз, қысқа мерзімді ауру сезімі бар. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?

    +тістің қатты тіндерінің эрозиясы

    -бастапқы тісжегі

    -флюороз, жолақтәрізді түрі (штрихті)

    -терең тісжегі

    -гипоплазия, дақты түрі


    #4 жастағы балада кариес белсенділігі І дәрежелі. 8.4 тістің шайнау беткейінде қуыс бар, қырлары тегіс, дентині пигменттелген тығыз, құрғақ, сүңгілегенде кіреуке-дентин шекарасында ауырады. Қандай пломбалық материалды қолданылады?

    -химиялық қататын композит

    -емдік төсем, силидонт

    +шыныиономерлі цемент

    -фосфат-цемент

    -компомер


    #40 жастағы науқас стоматологиялық емханасына шағымданып келді. Ауыз қуысын тексеріп қараған уақытта 23 тістің сауытты бөлігінің «ТОББИ индексі В.Ю.Миликеевич бойынша 0,9 (90%) бұзылған». Рентген суретінде түбір өзегі түбір ұшына дейін бітемеленген. Қабыну көріністері жоқ. Металлдыкерамикалық қаптаманы қолданғанда қандай штифті тұқылды құрылым көрсетілген.

    -Шыныталшықты штифт және композиттен тұқыл.

    -Стандартты анкерлі титанды штифт және композиттен тұқыл.

    -Стандартты анкерлі қола штифт және композиттен тұқыл.

    -Стандартты анкерлі титанды штифт тот баспайтын болаттан және композиттен тұқыл.

    +Толық құйылған металлды штифті- тұқылды салма.


    #45 жастағы науқас стоматологиялық емханасына 12,11,22,21 тістерге металлокерамикалық қаптама жасау мақсатымен келді. Металлокерамикалық каптама дайындаудың клиникалық кезеңдерінң реттілігін атап көрсету керек.

    +Тексеру, жансыздандыру, тісті егелеу, үлгі алу, қалпақшаны шақтап келтіру, түсін анықтау, сауытты шақтап келтіру, тапсыру.

    -Тексеру, үлгі алу, егелеу, түсін анықтау, тапсыру.

    -Үлгі алу, қалпақшаны шақтап келтіру, жансыздандыру, сауытты тапсыру.

    -Тісті егелеу, тексеру, шақтап келтіру, түсін анықтау, тапсыру.

    -Тексеру, егелеу, жансыздандыру, қаптаманы цементке бекіту


    #46 жастағы науқасты 12,21 тірек тістерге металлдыкерамикалық көпіртектес протез жасағандааралық бөлігінің пішіні қандай болады?

    +Жанаспалы

    -Ер тәрізді

    -Орақ тәрізді

    -Жуылмалы

    -Қызыл иектің жағдайына байланысты


    #46 жастағы пациент төменгі оң жақ тістің суық және ыстық тамақ ішкен кезде қысқа уақытпен ауырып басылатын ауратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 4.6 тістің медиальды бетінде үлкен емес, бірақ терең тісжегі қуысы бар, мөлшері көп, ақшыл түсті, жұмсарған дентинмен толы. Шұқып тексергенде қуыстың табанында ауру сезімі бар, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Суық температураға ауру сезісі қысқа, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылады. Салыстырмалы диагностикасы қандай аурумен жүргізіледі?

    +Жедел ошақты ұлпа қабынуы

    -Беткей тісжегі

    -Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

    -Созылмалы фиброзды периодонт қабынуы

    -Жедел диффузды ұлпа қабынуы


    #52 жастағы науқастың ортопедиялық қабылдауда ауыз қуысын тексеру барысында төменгі жақ сүйегінің бір жақты шектелген ақауы байқалды. Бұл Кеннеди жіктемесі бойынша қай классқа жатады?

    -1

    +2

    -3

    -4

    -7
    1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   139


    написать администратору сайта