Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница109 из 139
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   139

Гипоплазия дақты түрі

  • Флюороз борлы –секпелді түрі

    17. Ұсақ дәнді алмазды борлармен эмальдің кедір – бұдыр беткейін қалыптастыру және тіс беткейінің резистентті қабатын алып тастау не үшін жүргізіледі?

    1. Периодонтта қабыну ошағын жою үшін

    2. Бұзылған периодантальді тіндерді қалпына келтіру үшін

    3. Армирленген компазитпен шендеу жүргізу үшін

    4. Оптимальді окклюзионды қарым – қатынасты қалыптастыру үшін

    5. Пародонтиттің рецедивін жою үшін

    18. Науқас 30 жаста, химиялық фабрикада жұмыс істейді. Ортопед стоматолог дәрігерге тістерінің суыққа, тәттіге, ыстыққа сезімталдығының жоғарылауына, алдыңғы тістердің эстетикалық ақауына шағымданыпкелді. Қарап тексергенде, төменгі фронтальды тістердің тіс сауыты 1\3 биіктігіне төмендеген, альвеолярлы өсіндісі айқын, дентин деңгейіндегі тегіс беткейлі қажалу бар. Жоғарғы фронтальды тістеріне клиникалық талаптарға сай металсыз керамикалық сауыт орнатылған. Жасалған протездеу нәтижесінеқарап диагноз қойыңыз, ем жоспарын анықтаңыз.

    1. Гиперестезия, реминерализдеуші терапия

    2. Қышқылды некроз, қарама – қарсы салмалармен протездеу

    3. Қажалудың жоғарғы декомпенсирленген түрі, толыққұйылған сауыт

    4. Тісжегі, тура рестоврация

    5. Аса қажалудың жоғары компенсирленген түрі, металсыз керамикалы сауыт

    19. Науқас 34 жаста, төменгі жақсүйегінің оң жағындағы тістің ыстиықтан пайда болатын сыздап ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: тіс бұрын қатты ауырған. Қарау барысында 47 тістің түсі өзгерген, кең ашылған тіс қуысымен жалғасқан терең кариозды қуыс анықталды. Түбір өзегі сағаларының аймағында зондтау ауырсыну тудырады. ЭОД – 80 мкА. Диагноз қойыңыз:

    1. Созылмалы фиброзды пульпит

    2. Созылмалы гипертрофиялық пульпит

    3. Созылмалы гангренозды пульпит

    4. Созылмалы фиброзды пульпиттің асқынуы

    5. Жедел диффузды пульпит

    20. Науқас 50 жаста, жоғарғы сол жақ тісінде керу сезіміне және сыздап ауырсынуына шағымданады. Қарау барысында: 27 тістің түсі өзгерген, медиальды – шайнау беткейінде тіс ұуысымен байланысқан терең тісжегілік қуыс. Тістің перкуссиясы ауырсынусыз, түбір ұшы аймағының шырышты қабаты цианозды, жыланкөзден тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбірұшы аймағында сүйек тіні шекарасы айқын емес, өлшемі 4мм жететін ыдырау ошағы анықталды. Қайсысы диагноз болуы мүмкін?

    1. Созылмалы фиброзды периодонтит

    2. Созылмалы гранулемотозды периодонтит

    3. Созылмалы гранулденген периодонтит

    4. Созылмалы гангренозды пульпит

    5. Созылмалы фиброзды пульпит

    21. Науқас 32 жаста, жоғарғы жақсүйектің оң жағындағы тісте температуралық тітіркендіргіштерге болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 16 тістің медиальді – шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Кіреукенің салбыраған жиектері көрінеді. Суыққа қысқа мерзімді ауырсынады. Тісжегі қуысын зондтағанда ауырады. Перкуссия ауырсынбайды. ЭОД – 12 мкА. Диагноз қойыңыз.

    1. Орташа кариес

    2. Терең кариес

    3. Созылмалы фиброзды пульпит

    4. Жедел диффузды пульпит

    5. Жедел ошақты пульпит

    22. 25 жастағы ер адам дәрігерге тістен жағымсыз иіс шығуына шағымданып келді. Анамнезінен бұрын тісі қатты ауырған, ыстық тамақ ішкеннен кейін ұзақ уақыт ауырады. Қарау барысында 26 тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуысы бар. Ұлпаны беткейлік зондтау ауырмайды, терең ауырады. ЭОД 80 мка. Берілген көріністер қай пульпиттің клиникасына сәйкес келеді?

    1. Созылмалы гангренозды пульпит

    2. Созылмалы фиброзды пульпит

    3. Созылмалы фиброзды периодонтит

    4. Созылмалы гранулденген периодонтит

    5. Созылмалы гранулематозды периодонтит

    23. Периодонттың мышьякпен улануын немен тоқтатуға болады?

    1. Ұлпаның экстирпациясымен және сол қабылдауда өзектерді пломбалаумен

    2. Ұлпаны алу, резорцин формалин бар тампонды салу

    3. Ұлпаны ампутациялау және ауру сезімін басатын дәрісі бар тампон уақытша таңғышпен қалдыру

    4. Ұлпаны алу, тісті 24 сағатқа ашық қалдыру

    5. Ұлпаны алу, өзектерді медикаментозды өңдеу, түбір өзектеріне құрамында йод немесе унитоп бар дәрілік заттар енгізіледі

    24. 28 жастағы әйел адам дәрігер стоматологқа бала кезінен байқаған тістер түсуінің өзгеруіне және тістер сауытының бұзылуына байланысты эстетикалық ақауға шағымданып келді. Объективті көрінісі 13, 12, 11, 21, 22, 23 тістердің сауыттары сыңғыш, сары сабан реңді, тістер пішіні өзгерген, сауыттардың биіктігі сәл төмендеген. Ең қолайлы емдеу әдісін таңдаңыз

    1. Тіс шөгінділерін алу

    2. Тістерді реставрациялау

    3. Металдан сауыттар дайындау

    4. Некроэктомия

    5. Реминералдаушы терапия

    25. Төменгі жақтың тістерінің 1 дәрежелі қозғалғыштығы бар және ошақты пародонтит бойынша комплексті ем алған науқастан Ribbond уақытша шендейтін конструкциясын шешу керек пе? Емді жалғастыру тактикасын ұсыныңыз:

    1. Жоқ; ауыздағы уақытша конструкцияның коррекциясын жүргізу

    2. Ия; уақытша шендеуден кейін тістерге реставрация жасау

    3. Ия; Копейкин бойынша тұрақты интеральді шендеуіш

    4. Жоқ; фронтальді тістердің беткейлерін жылтырату

    5. Ия; пульпарлы штифті бар Мамлок шендеуіші


    1. Стоматологиялық емханада науқас төменгі жағының екінші моляр артында қатты тұрақты шайнағанда үдейтін ауырсынуға шағымданып келді. Ауыз қуысы ашылуы шектеулі. Ауырсыну құлақ самайға беріледі. 3.8 тістің медиальді бұдыры көрінген. Рентгенограммада 3.8 тіс вертикальді бағытта. Ем тактикасын таңдаңыз:

    1. Новокаин-антибиотикті тежеу

    2. Капюшонды кесу

    3. Периостотомия

    4. 38 тісті жұлу

    5. Аппликация метрогилмен

    2. Науқас төменгі жақтың дене аймағындағы жыланкөздің болуына шағымданып келді. Жыланкөзде грануляциялы іріңді бөлініс бар. Төменгі жақ қалыңдаған. Бір ай бұрын стационарда төменгі жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті диагнозымен жатқан. Рентгенограммада жаңа түзіліс сүйек тінінің ортасында, яғни шекарасы анық сүйек тінінің резорбция ошағы төменгі жақ негізінде орналасқан. Емдеу тәсілін таңдаңыз?

    1. Кюретаж

    2. Секвестрэктомия

    3. Антибиотикотерапия

    4. Иммуномодуляторлар

    5. Биогенді стимулятор

    3. Науқаста стационарлы ернінде болуында жоғарғы еріннің сол жақ аймағында тығыз, ауырсынатын инфильтрат бар, ортасында іріңді өзек байқалады. Инфильтрат үстіндегі тері қызарған. Пальпациялауда бет көктамыры бойында тартпа анықталады. Диагноз қойыңыз:

    1. Жоғарғы еріннің іріңді шиқаны

    2. Жоғарғы еріннің іріңді шиқаны, бет көктамырының флебиті

    3. Іріңді көршиқаны

    4. Инфильтрация сатысындағы көршиқаны

    5. Одонтогенді теріасты гранулемасы

    4. Науқас стоматологиялық емханаға алынып тасталынған 2 оң жақ жоғарғы азу тіс қуысының аймағында үдемелі ауырсынуына шағымданып келді. Тісі келгеннен 3 күн бұрын жұлып тасталынған. Жергілікті қарау кезінде оң жақ жоғарғы 2 азу тіс қуысы қан ұйындысына толы, қабыну белгілері жоқ, дәрігер пальпациялағанда альвеоланың вестибулярлы беткейінде үшкір жиек анықтады. Қандай болжамды диагноз қоюға болады:

    1. 2.7 себепкер тіс периоститі

    2. Үшкіл нервтің екінші тармағының невралгиясы

    3. Қуыстың альвеолиті

    4. 2.7 тістің қуыс невриті

    5. 2.7 себепкер тіс остеомиелиті

    5. Жоғарғы еріннің шиқаны диагнозы қойылған науқаста көздің бұрышының ішкі аймағын сипап тексергенде инфильтрацияланған тіннің ауырсынған тяжы анықталды. Қандай асқынудың пайда болғанын болжауға болады?

    1. Бет көктамырының зақымдануы

    2. Беттің бұрыштық көктамырының флебиті

    3. Медиастенит

    4. Жоғарғы жақтың синусының перфорациясы

    5. Қанаттаңдай шұңқырының абцессі

    6. Вартонов өзегіндегі тасты алып тастау үшін дәрігер тіл жансыздандыруын жасады. Өзекті тастың арт жағынан қоршаған тіндермен бірге тікті. Тастың үстіндегі шырышты қабықты тігіп, тасты алып тастағансоң, жараны қабатымен тігіп шықты. Дәрігер қандай қателік жіберді?

    1. Жараға дренаж қою керек еді

    2. Операциядан кейін жараны тікпеу керек еді

    3. Анестезия дұрыс таңдалмады

    4. Тастың арт жағынан тіндерді тікпеу керек еді

    5. Дұрыс тілінбеді

    7. Жас ер кісі жарыс кезінде жарақат алды. Қарау кезінде - жоғары орталық күрек тіс қуысында, қозғалмалы, ұстағанда ауырсынады. Тіс аймағында шырышты қабат қызарған. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз?

    1. репозициялау + фиксациялау

    2. тісті жұлу

    3. тіс фиксациясы + физиоем

    4. тіс репозициясы

    5. фиксациялау

    8. Науқас А., иекасты одонтогенді флегмонасы диагнозы қойылған, ем кезінде кесуді қай жерден жасайды?

    1. Флюктуация

    2. Тілдің түбір проекциясында

    3. Тері гиперемиясы шекарасында

    4. Ауырсыну қатты жерде

    5. Инфильтраттың бүкіл еніне

    9. Науқас В., 45 жаста, ауруханаға оң жақ ұрт аймағының фиброма диагнозымен келді. Ем тағайындаңыз?

    1. Сау тіндер деңгейінде тілу

    2. Склерозирлеуші терапия

    3. Физиотерапия

    4. Медикаментозды

    5. Көмір қышқылы қарымен күйдіру

    10. Науқас мына диагнозбен: жақасты аймағының одонтогенді флегмонасы. Хирург шұғыл түрде операция жасады. Ошақты кесуге мүмкін болатын тиімді жолды тандаңыз?

    1. Иектік аймақ

    2. Төменгі жақтың қоршалған бұрышы

    3. Қанатжақтық қатпардың шырышты қабаты бойымен

    4. Төменгі жақ бұрышынан доға тәрізді бұрышқа дейін және төменгі жақ жиегіне параллельді

    5. Төменгі жақ аймағында төменгі жақ жиегінен 1,5 см шегініспен және соның бойымен

    11. Науқас А., 37 жаста. Диагноз: Жоғарғы жақ синусы түбінің перфорациясы. Ороантральды байланысудың пластикасы үшін құрылған таңдай қиығының орналасуын тандаңыз?

    1. Таңдай тігісі жағына

    2. Фронтальды тістер жағына

    3. Ороантральды байланысу жағына

    4. Жұмсақ таңдайға қарай

    5. Өтпелі қатпар жағына

    12. Анестезия жасағаннан кейін науқастың ұрт аймағында ісіну байқалады. Стоматолог хирург жоғарғы ақыл тіс жұлынды, суық басуды кеңес етті. 3 күннен кейін жоғарғы жақ аймағында ауырсыну пайда болды, ауырсыну құлақ және самайға таралады. Дене температурасы көтерілді. Қарау кезінде құмсағат симптомы бар. Ауыз ашылуы шектеулі, ІІІ ші дәрежелі контрактура. Жоғарғы жақ азу тістерінің өтпелі қатпарда жедел ауырсынуы бар. Жоғарғы ақыл тіс ұяшығында қан ұйығы бар. Болжамды диагноз қойыңыз:

    1. Иньекциядан кейінгі самай аймағының гематомасы

    2. Иньекциядан кейінгі ұрт аймағының гематомасы

    3. Иньекциядан кейінгі қанат-таңдай аймақ шұңқырының іріңдеген гематомасы

    4. Иньекциядан кейінгі самай асты шұңқыры аймағының гематомасы

    5. Иньекциядан кейінгі қанат-таңдай шұңқыры гематомасы

    13. Анасының айтуы бойынша 8 жастағы баланың тісінің бұзылуына байланысты, аузынан жағымсыз иіс шығады. Қарау кезінде 5.5 тіс қуысы ашылған, ұлпасы қою сұр тұсті және жағымсыз иісті, терең зондтау кезінде ауырсыну байқалады. Рентгенограммада тұрақты тістің ұрықтану процесімен бірге тістүбірі ұшының аймағында деструктивті өзгерістер бар екені анықталады. Қандай емдеу әдісін пайдаланған дұрыс?

    1. Пульпоэктомия

    2. Консервативті әдіс

    3. Тіс жұлу

    4. Эндодонттық ем

    5. Депофорез әдісі

    14. Науқас 23 ж., бет жақ ауруханасынын қабылдау бөлімне мына диагнозбен келіп түсті:төменші жақтың 2 жақтық сынығы, сүйек сынықтарынын ығысуымен 44 және 45 тістер арасында және 38 т бойымен. Тістесі бұзылған. Емдеу жоспары қандай:

    1. Сол буындық өсіндіні сүйектін тігіспен остеосинтездеу

    2. Төсеме салумен қоса 2 жақтық шиналау

    3. Тигерштет шиналарымен сүйек сынықтарын репозициялау және иммобилизациялау

    4. Ментальды бөлімде сүйек тігісімен остеосинтез

    5. Доньский кручинский әдісімен остеосинтез

    15. Науқас А., 25жаста. Шағымы: жоғарғы сол жағының ауырсынуына. Объективті: жоғарғы сол жағының жұмсақ тіндерінің ісігіне байланысты беттің ассиметриясы. Ауыз ашылуы ауырсынады. 26 тістің сауытының ½ бөлігі бұзылған, өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Пальпация ауырсынады. Хирургиялық емдеу әдісін тағайындаңыз.

    1. 26 тісті жұлу, остеоперфорация

    2. Остеоперфорация, 26 тісті емдеу

    3. Периостотомия, түбір резекциясы

    4. 26 тісті, периостотомия

    5. 26 тісті емдеу, периостотомия

    16. Науқас көз алмасына берілетін жоғарғы жақтың ауырсынуына шағымданып бет – жақ бөліміне келді; мұрнынан бөлініс бөлінеді, ауырлық сезімі басының ауыруына, дене температурасы 40 С, иіс сезім төмендеуі, әлсіздік, дімкәстікке. Анамнезінен – 2 күн бұрын ұрт аймағында ісінуғ мұрынның бітелуі, басының ауыруы. Ұрт және көзасты аймағы ісінген. Терісі өзгеріссіз. Үлкен түбірлі тістер аймағының ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабаты қызарған, ісінген. Пальпация ит шұңқыры аймағында ауырсынбалы. 26 тіс сауыты 1/3 бұзылған, перкуссия 25, 26, 27 тістер ауырсынбалы. Сіздің емдеу тәсіліңіз?

    1. 26 тісті жұлу және гайморотомия

    2. 26 тісті емдеу және гаймор қойнауы пункциясы

    3. Гайморотомия, 26 тісті емдеу

    4. Периостотомия, 26 тісті жұлу

    5. Сыртқы жолмен іріңдікті ашу және 26 тісті жұлу

    17. Науқас А., 39 ж., қабылдау бөліміне төменгі жақтың оң жақ аймағының ісінуіне және ауырсынуына, ауызын ашқанда, тамақ тістегенде ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінен: 2 сағат бұрын бөтен біреулерден соққыға жығылып жарақат алған. Есі анық, құсу, жүрек айнуы жоқ. Төменгі жақтың тік және бүйірлік проекциясындағы рентген суретінде оң жағында 36 тістен өтетін сынықтары ығыспаған сынық байқалады. Емдеу жоспарын анықтаңыз.

    1. Киршнер сымымен остеосинтез

    2. Сүйек тігісімен остеосинтез

    3. Түзету және ілмекті шендеуішпен бекіту

    4. Тегіс шендеуішпен шендеуіш қою

    5. Айви бойынша лигатуралық байлам

    18. 22 жасар еркек клиникаға жарақат алғаннан 1,5 айдан соң аузынын дұрыс ашылмайтынын, беттің пішінсіздігінен шағымданып келді. Тексеру барысында бет терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағының тегістелуіне байланысты беті ассиметриялы. Көз шарасының төменгі қырында баспалдақ белгісі анықталды. Сол жағынан көз асты аймағы мен мұрынның қанаты жансызданған. Осы клиникалық жағдай үшін төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады?

    1. Бет сүйегі аймағына контурлық пластика жасау

    2. Имплантация тәсілімен пішінсізденуді жою

    3. Аутотранспалнтация тәсілімен пішінсізді жою

    4. Бет сүйегін сындырып, орынына дұрыс салу

    5. Лимберг ілгегімен бет сүйегін орнына дұрыс салу

    19. 28 жастағы науқасқа төменгі жақ денесінің жалған буыны диагнозы қойылған. Бір ай бұрын тигерштед шендеуішін 1.5 аптаға салып ем жүргізген. Анамнезінен науқас инсулинге тәуелді қант диабетімен ауырады. Жалған буынның пайда болу себебін атаңыз

    1. Иммобилизация уақыты аз болған

    2. Қойылған шендеуіш құрылымы осы клиникалық жағдайға сай емес

    3. Соматикалық аурулардың әсерінен

    4. Иммобилизация уақыты ұзақ болған

    5. Сынықтары дұрыс қойылмаған

    20. 23 жастағы науқас, қабылдау бөліміне төменгі жақтың екі жақты сынығы, жылжымаған оң жақ ангулярлы 48 тістің ұрығы арқылы мен 35, 36 тістер арасындағы денесінің жылжуымен сипатталатын диагнозбен келіп түскен. Қарап тексергенде 35 тістің перкуссиясы ауырсынбайды, 36 тістің перкуссиясы ауырсынады, 36 тісте терең кариес қуысы бар. Рентгенограммада 36 тісте мезиальды түбірдің ұшында тегіс емес контурларымен периапикальды тіндердің сорылуы байқалады. Мынау сызығы бойындағы тістерге қатысты дәрігердің тактикасы қандай?

    1. 35, 36, 48 тістерді жұлу

    2. 35 тісті жұлу

    3. 36, 48 тістерді жұлу

    4. 35, 48 тістерді жұлу

    5. 48 тісті жұлу

    21. 2 жастағы бала жедел ауырады. Дене температурасы 38 С. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Бет терісінің ауыз қуысы аймағында және еріннің қызыл жиегінде көпіршіктер топтамасы анықталады. Жақасты аймағында екі жағынан да ұлғайған, тығыз, ауырсынатын лимфа түйіндері пальпацияланады. Лимфа түйіндері үстіндегі тері қызарған, қатпарға жиналады. Флюктуация анықталмайды. Болжамды диагноз:

    1. Жедел серозды одонтогенді лимфаденит
    2. 1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   139


  • написать администратору сайта