Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница51 из 139
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139

Қыз 15 жаста. Қарап тексергенде 46.47 тістерінің мезиальды ығысуы анықталды. Тістерді жылжыту үшін не жасау қажет:


тілдің қысқа үзбесінің пластикасы

комплекті тістерді жұлу

кілегей қабаттың пластикасы

+алдын ала компактоостеотомия

жоғарғы еріннің пластикасы

***

Қыз 18 жаст* Эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Бет көрсеткіштерін бағалағанда анықталды: жоғарғы ерін алға шыққан, иегі артқа ығысқан, жоғарғы күрек тістердің кесу қыры төменгі ерінде орналасқан.

Ауыз қуысын тексергенде: тістер қатарын үйреншікті түйістіргенде бірінші тұрақты азу тістің алдыңғы ұрт төмпешігі қарсы тістің артқы ұрт төмпешігімен түйіседі, алдыңғы бөлікте – сагиттальды саңылауы бар протрузия-8 мм.

Аталған клиникалық жағдай Энгльдің жіктемесі бойынша қай класы мен подкласына жатады?

I класс

II класс

+II класс Iподкласс

II класс II подкласс

III класс

***
Қыз 18 жаста, тағам тістеп алуының қиындығына шағымданып келді. Объективті: профилі дөңес, иегі ығысқан. Ауыз қуысында: алдыңғы тістерінің арасында диастема, тремалар, сагиттальды саңылау – 7мм, азу тістердің түйісуінің бұзылуы – 3мм.
Төменде аталған емдеу жоспарының қайсысы ЕҢ бірінші?

+Жоғарғы алдыңғы тістерді артқа жылжыту

Жоғарғы алдыңғы тістерді алға жылжыту

16,26 тістерді дистализациялап, төменгі жақты алға шығару

Төменгі жақты алға жылжыту

Тістер қатарының мөлшерін қысқарту

***
Қыз 5 жаста, тістесуінің дұрыс болмауына және жоғарғы ернінің ішке қарай енуіне шағым айта келді. Ауыз қуысын қарау кезінде, балада сүт тістер және бірінші тұрақты үлкен азу тістер анықталды. Жақтардың пішіні жартылай шеңбер, фронтальды тістер арасында тремалар жоқ. Күрек тістердің кері жабылуы байқалады, үлкен азу тістердің түйісуі дұрыс. З.Н.Долгополова бойынша модельдерді антропометриялық зерттеу нәтижесінде жоғарғы тіс қатарының 5.2 және 6.2 1мм-ге, 5.3 және 6.3 3 мм-ге тарылуы, 3,5 мм тіс қатарының қысқаруы анықталды. Төменгі тіс қатары ит тістері және бірінші сүт үлкен азу тістері арасында 1 мм-ге тарылуы, алдыңғы бөлігінде 2 мм-ге қысқаруы бар. Осы ақау үшін қандай емдеу әдісін таңдауға болады:
+жоғарғы тіс қатарын кеңейту

жоғарғы тіс қатарын ұзарту

төменгі тіс қатарын кеңейту

төменгі және жоғарғы тіс қатарларын ұзарту

төменгі және жоғарғы тіс қатарларын кеңейту

***

Қыз бала 10 жаста, эстетикалық кемістікке шағымданады. Сырт қарағанда: бетінің профилі дөңес, иегі кесілген, тыныс алуы аралас, жұтуы инфантильді. Клиникалық сынама жүргізгенде беттің профилі жақсарады.

Аталған ортодонтиялық аппараттың қайсысын тағайындау лайықты болады:

Вестибулярлы доғасы және бұраңдасы бар табақша

+Андрезен-Гойпль активаторы

Хургина табақшасы

Шварц аппараты

Брюкль аппараты

***

Қыз бала 11 жаста, эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданып келді. Ауыз қуысында тістерін түйістіргенде алдыңғы бөлікте сагиттальды чсаңылау 2 ммбайқалады, азу тістер аймағында салалы-бұдырлы түйісу.

Төменде аталған алғашқы диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

+Фронтальдыпрогнатия

Жалғанпрогнатия

Дистальдытістем

Шынайыпрогнатия

Прогнатия

***

Қыз бала 12 жаста Ата-анасы төменгі еріндерін тістеп ала беруіне шағымданады. Ауыз қуысында: сагиттальды саңылау 13 мм, жоғарғы күрек тістердің протрузиясы және төменгі күрек тістердің ретрузиясы. Цефалометриялық талдау негізінде ІІ класс, 1 подкласс, көлден типті өсу деп диагноз қойылды.Аталған шаралардың қайсысы емдеу жоспарына лайықты:

18, 28, 38, 48 тістердің ұрығын жұлып, ортодонтиялық емдеу

16,26,36,46 тістерді дистализациялап, ортодонтиялық емдеу

24,34,44 тістерді дистализациялап, ортодонтиялық емдеу

Тістер доғаларын кейтіп, ортодонтиялық емдеу

+Тістерді жұлмай ортодонтиялық емдеу

***

Қыз бала 13 жаста, сүйкімсіз сырт кел бетіне шағымданады. Сырт қарағанда беттің төменгі 1/3 бөлігі ұзарғаны анықталады, ауыздың дөңгелек бұлшық еті ширыққан, иегі артқа ығысқын. Ауыз қуысында: сагиттальді саңылау 6 мм, вертикальді саңылау 4 мм, бүйір аймақта аттас тістермен түйіседі.

Алғаш қойылған диагноздың қайсысы шынайы:

+Прогнатиялық ашық тістесу

Прогнатиялық тер тістесу

Прогениялық ашық тістесу

Прогениялық тер тістесу

Айқасқан тістесу

***

Қыз бала 20 жаста Эстетикалық кемістікке шағымданады. Сырт қарағанда беттің 1/3 бөлігінің ұзаруы анықталады, бет-әлпеті симметриялы. Ауыз қуысын қарағанда: Энгль бойынша ІІ класс, 1 подкласс, сагиттальді саңылау 7 мм. Эшлер-Битнердің клиникалық сынамасын жүргізгенде беттің профилі жақсарады.

Аталған нұсқаның қайсысы шынайы себеп:

Жоғарғы жақтың алда орналасуы

Төменгі жақтың алда орналасуы

+Төменгі жақтың артта орналасуы

Жоғарғы жақтың протрузиясы

Жоғарғы жақтың артта орналасуы

***
Қыз бала 6 жаста. Шағымы: жоғарғы сол жақ аймағында ауырсынуына. Объективті: жоғарғы сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынады. 65 тістің сауыты 1/2 бұзылған, өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:
65 тісті жұлу, остеоперфорация

Остеоперфорация, 65 тісті емдеу

Периостотомия, түбірдің резекциясы

+65 тісті жұлу, периостотомия

65 тісті емдеу, периостотомия

***
Қызыл иек бозарған, жоғарғы және төменгі жақтарда желпеуіш тәрізді тістердің айырылысы анықталған. Пародонтальді қалталары, тістердің қозғалыштығы жоқ, рентгенограммада – тісаралық қалқан сүйектерінің биіктігі біркелкі 1/3-ге дейін төмендеген, кортикальді пластинаның бүтінділігі бұзылмаған. Сіздің диагнозыңыз:
жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит

ремиссия кезеңіндегі созылмалы жайылмалы орта дәрежелі пародонтит

ауыр дәрежелі созылмалы жайылмалы пародонтит

+жеңіл дәрежелі пародонтоз

орта дәрежелі пародонтоз

***
Қызыл иекке тиіп кеткенде қансырайды. Төмеңгі жақтын сол жағынан кіші азу және осы жақтың оң жағынан күрек тістерінің қозғалғыштығы І дәрежеде, төмеңгі жақтын кіші азу және сол жағынан жоғарғы кіші азу тістердің пародонтальді калталарының тереңдігі 3-3,5 мм. Сіздің қойылатын диагнозыңыз:
жайылмалы ортаңғы дәрежелі созылмалы пародонтит

+жайылмалы жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит

созылмалы катаральді гингивит

жайылмалы ауыр дәрежелі ремиссия кезеңіндегі пародонтит

жеңіл дәрежелі пародонтоз

***
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   139


написать администратору сайта