Главная страница

24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры. 24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы


Скачать 1.24 Mb.
Название24Жаралы гингивит диагнозына тн рентгенологиялы зерттеу орытындысы
Дата22.05.2022
Размер1.24 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла24«Жаралы гингивит» диагнозына т_н рентгенологиялы_ зерттеу _оры.docx
ТипДокументы
#543896
страница59 из 139
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   139

Науқас А, 18 жаста. Эстетикалық ақауға, жоғарғы жақ тістерінің жоқтығына шағымданады. Тістері жарақат түріне байланысты жұлынған. Қарап тексергенде:


п 0 0 п

876 5 4321I12345 6 78

п п пп

Сыртқы өзгерістер жоқ. Кілегей қабығы ақшыл-қызғылт түсті, патологиялық көрсеткіш теріс. Ең тиімді болып табылатын ем:

Күміс-палладий құймасыннан көпір тектес протез

Алтыннан көпір тектес протез

Штампталған көпір тектес протез

+Металлопластмассадан көпір тектес протез

Алтыннан толық құйылған көпір тектес протез

***
Науқас А, 55 жаста, жоғарғы жақ алдыңғы бөлігіндегі тістердің арасының ашылуына шағымданады. Эстетикалық ақау. Өзін сау деп санайды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек кілегейі ақшыл- қызыл түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалталары жоқ. Тістері берік, 1.1, 2.1 тістер аймағында 5 мм-лі диастема, 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің арасы желдеткіш тәрізді иіліп ашылған. Тістесуі терең. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады:
Формалинді сынама жүргізу

Гигиеналық индекстерді анықтау

Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу

+Рентгенография

Пародонтальды индексті анықтау

***

Науқас А. , 23 жаста. Ортопедиялық стоматология кабинетіне эстетикалық ақауға және сөйлеу қызметінің қиындауына шағымданып келді. Тістері бірнеше рет пломбаланған. Қарап тексергенде:


п п

8 7 6 5 4 3 2 1 І 1 2 3 4 5 6 7 8

11, 12 тістер сауыты бұзылған, пломба қалдықтары бар, тістер тұрақты, үрып тексергенде ауырмайды. Ең тиімді болып табылатын ем:

+Металлокерамикалық сауыттар 11, 12 тістерге

КПҚ(СПС) сауыттар 11, 12 тістерге

Алтыннан толық құйылған сауыттар 11, 12 тістерге

Штампталған сауыттар 11, 12 тістерге

Көпір тәріздес протез

***
Науқас А., 25 жаста. Шағымы: жоғарғы сол жағының ауырсынуына. Объективті: жоғарғы сол жағынаң жұмсақ тіндерінің ісігіне байланысты беттің ассиметриясы. Ауыз ашылуы ауырсынады. 26 тістің сауытының ½ бөлігі бұзылған, өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Пальпация ауырсынады. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:
26 тісті жұлу, остеоперфорация

Остеоперфорация, 26 тісті емдеу

Периостотомия, түбір резекциясы

+26 тісті жұлу, периостотомия

26 тісті емдеу, периостотомия

***
Науқас А., 25 жаста. Эстетикалық ақаудың болуына шағымданып келді. Анамнезінен 21 тісін бірнеше мәрте емдеген, бірақ пломба бірнеше рет түсіп қалған. Қарап тексергенде: 21 тістің кесу-дистальды бетінде терең тіс жегі қуысы бар, ол тіс сауытының 2\3 көлемін алып тұр. Қуыс түбінде пломбалық материалдың қалдықтары көрінеді. Сіздің тиімді іс-әрекетіңіз:
Металокерамикалық көпір тектес протез

+Металлокерамикалық сауыт

Дәнекерленген-штамптталған көпір текес протез

Консольді протез

Доғалы протез

***

Науқас А., 26 жаста. Диагноз: Жоғарғы еріннің туа пайда болған толық жырығы. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:


+Хейлопластика

Уранопластика

Вестибулопластика

Френуллопластика

Стафилопластика

***
Науқас А., 28 жаста. Анамнезінен: 25 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: сол жақ жоғарғы жақ аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 25 тістің сауыты 2/3 бұзылған, перкуссия ауырсынады. Тістің айнала шырышты қабаты қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. 25 тісті жұлу үшін құралды таңданыз:
Тіке қысқаш

Тіке элеватор

Құстұмсық қосылатын қысқаш

Құстұмсық қосылмайтын қысқаш

+S-тәрізді иілген қысқаш

***

Науқас А., 34 жаста, ерін құрғауына, тартуы сезіміне, қабыршақтануына шағымданады. Нақты аурудың дамуы: аллергологиялық анамнезі теріс, науқастың мамандығы ұзақ уақыт суық ауада болуына байланысты. Объективті: төменгі еріннің қызыл жиегі гиперемияланған және инфильтрленген, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ерін маңының шырышты қабаты және терісі патологиялық өзгеріссіз. Көптеген тісжегі қуысы, борпылдақ тіс шөгінділері анықталады. Берілген клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?

Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі

+Метеорологиялық хейлит

Гландулярлы хейлит

Контактты аллергиялық хейлит

Актиникалық хейлит

***

Науқас А., 40 жаста. 2.6 – шы тісін жұлғаннан 3 күннен кейін аузын шайғанда

сұйықтықтың мұрын қуысына өтуін байқаған. Болжамалы диагноз:

Жедел іріңді гайморит

Жедел токсикалық гайморит

+Гаймор қуысының жедел перфорация

Гаймор қуысының созылмалы перфорация

Мұрын түбінің жедел перфорация

***

Науқас алынған жарақаттан соң жақтарды түйістіру кезіндегі ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде мұрын-ерін қатпарлары тегістелген, беті ұзарған, ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабатында қан құйылыстар байқалады, окклюзиялық өзара қатынас бұзылған (ашық тістем), пальпация кезінде мұрын және бет сүйектерінің қатысынсыз жоғарғы жақ қозғалысы анықталды. Рентген суреттегі көрініс қандай?

Бас ми сүйектерінен бет және мұрын сүйектерінің ажырауы байқалады.

Сынық сызығы кеңсіріктен көз түбіне өтіп, бетжақ тігісінен қанат тәрізді өсіндіге өтеді.

+Альвеолярлы және таңдай өсінділерінің бөлінуі.

Сынық сызығы кеңсіріктен көз түбіне және негізгі сүйекке қарай өтеді.

Бас қаңқасынан таңдай және бет өсінділерінен бөлінуі.

***

Науқас ауыз қуысының құрғақтығына, тағам қабылдағанда, сөйлегенде ауру сезім болатына, күйдіру және дәмнін бұзылуына шағымданады. Қай ауруда осы симптомдар байқалады?

лейкоплакия (жазық және веррукозды түрі)

қызыл жалпақ теміреткі (әдеттегі түрі)

+жедел атрофиялық кандидоз

актиниялық хейлит

аллергиялық стоматит

***
Науқас Б. 29 жас. Тіс дәрігеріне келгенде шағымы аузының ашылуының шектелуі, төменгі сол жақ тісінде ауру сезімі бар. Қарап тексеріп көрген кезде: 38 тісітің дистальді және шайнау беті ісінген, қызарған, тісті ұрып тексергенде ауырсынусыз. Рентген көрінісінде ретромоляр аймағында ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Сіздің нақтамаңыз:
38 тісте созылмалы периодонтит

+38 тісітің қиналып шығуы, перикоронарит асқынуы

38 тісте жедел ұлпа қабынуы

38 тісте жедел іріңді периостит

38 тісте жедел периодонтит

***
Науқас Б. –ны қарап тексергенде тістердің қатты тіндерінің патологиялық аса қажалуы, барлық тістердің патологиялық қажалудан биіктігінің төмендегені, альвеолааралық биіктіктің төмендегені және беттің төменгі бөлігінің төмендегені байқалады. Ең дұрыс болатын нақтамасы:
Тістің қатты тіндерінің компенсирленген жайылмалы аса патологиялық қажалуы

Тістердің жергілікті компенсирленген патологиялық қажалуы

Тістердің жергілікті компенсирленбеген патологиялық қажалуы

Тістердің жайылмалы субкомпенсирленген аса патологиялық қажалуы

+Тістердің жайылмалы компенсирленбеген аса патологиялық қажалуы

***
Науқас Б., 30 жаста. Төменгі жақта жартылай тістерінің болмауына, эстетикалық ақауға, сөйлеу және шайнау қызметінің бұзылуына шағымданып келді. Анамнезі: тістері 8 жыл ішінде тіс жегінің асқынуымен жұлынған. Қарап тексергенде:
к к п п п к п п

8 7 6 5 4 3 2 1 І 1 2 3 4 5 6 7 8

п к п к 0 0 0 0 0

Ең тиімді болып табылатын нақтама:

Гаврилов бойынша III класс

+Кеннеди бойынша II класс

Гаврилов бойынша IV класс

Кеннеди бойынша I класс

Кеннеди бойынша IV

***

Науқас Б., 32 жасар бет-жақ хиругиялық бөлімшесіне қаралған, шағымдары ауыру сезімінің жұтыну кезінді пайда болуы, ауызының шектеліп ашылуы, тістесуінің бұзылуы, ас шайнай алмауы. Анамнезден белгісіз адамдар соғып-сабап кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Ауыз ашуының шектелуі II дәрежелі. Жақ бұрышында "басып тексеру" симптомы оң нәтиже береді. Болжамалы диагноз:

Ле-фор I

Ле-фор II

Ле-фор III

+төменгі жақ сынуы

гаймор қуысы түбінің сынуы

***

Науқас Б., 32 жасар бет-жақ хиругиялық бөлімшесіне қаралған, шағымдары ауыру сезімінің жұтыну кезінді пайда болуы, ауызының шектеліп ашылуы, тістесуінің бұзылуы, ас шайнай алмауы. Анамнезден белгісіз адамдар соғып-сабап кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Ауыз ашуының шектелуі II дәрежелі. Жақ бұрышында "басып тексеру" симптомы оң нәтиже береді. Анағұрлым қолданылатын тексеру әдісі:

мұрын қосалқы қуыстары рентгенографиясы

+бет қаңқасы сүйектерінің рентгенографиясы

жақтың аксиалды проекциясындағы рентгенографиясы

компьютерлік томография

эхоэнцефалография

***

Науқас Б., 32 жасар бет-жақ хиругиялық бөлімшесіне қаралған, шағымдары ауыру сезімінің жұтыну кезінді пайда болуы, ауызының шектеліп ашылуы, тістесуінің бұзылуы, ас шайнай алмауы. Анамнезден белгісіз адамдар соғып-сабап кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Ауыз ашуының шектелуі II дәрежелі. Жақ бұрышында "басып тексеру" симптомы оң нәтиже береді. Анағұрлым қолданылатын емдеу әдісі:

Померанцев-Урбанская шендеуіші

Збарж шендеуіші

Фальтин- Адамс бойынша бекіту

+Тигерштедт шендеуіші

тікелей емес остеосинтез

***
Науқас Б., жасы 24. Тістерінің түсі өзгеріп, косметикалық ыңғайсыздық туғызуына шағымданады. Анамнезі бойынша тістердің түсінің өзгеруі бала шағында болған. Сонымен қатар бұндай белгілер туысқандар арасында бар екенін айтады. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы тістердің кіреуке беттері кесу қырларында, төмпешіктерінде, сауыттың экваторында орналасқан ашық-қоңыр түсті дақпен жабылған. 2% метилен көгі ерітіндісімен бояғанда дақтар боялмайды. Диагнозын қойыңыз:
тіс жегінің дақты кезеңі

+флюороз

жергілікті гипоплазия

жүйелі гипоплазия

гиперплазия

***
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   139


написать администратору сайта