Главная страница

тесты по ВАР. Тесты по ВАР. 4 курс Жалпы медицина гастроэнтерологиядан сРАтар 1


Скачать 199.5 Kb.
Название4 курс Жалпы медицина гастроэнтерологиядан сРАтар 1
Анкортесты по ВАР
Дата14.11.2020
Размер199.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаТесты по ВАР.doc
ТипДокументы
#150525

4 КУРС «Жалпы медицина» ГАСТРОЭНТЕРОЛОГИЯДАН СҰРАҚТАР

1 вариант

1. 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) кардия ахалазиясының

B) өңеш дискинезиясының

C) өңештің пептикалық жарасының

D) +гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

E) көкеттің өңештік тесігінің жарығының

2. 66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) жедел холециститтің

B) жедел аппендициттің

C) созылмалы дуодениттің өршуі

D) +созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі

E) 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

3. Созылмалы гастрит диагнозын қоюда ең маңызды:

  1. +фиброгастродуоденоскопия биопсиямен

  2. клиникалық көрінісі

  3. асқазан сөлін зерттеу

  4. ретгендік зерттеу

Е) рН метрия

4. Төмендегi дәрмектердiң қайсысы Н2-гистамин рецепторларын блоктайды?

  1. димедрол

  2. +ранитидин

  3. метацин

  4. альмагель

  5. атропин

5. Көп жылдан берi асқазанның жара ауруымен сырқаттанатын науқаста арқаға берiлетiн тұрақты ауырсыну пайда болған. Қандай асқынудан күдiктену керек?

  1. +ұйқы безiне пенетрация

  2. қалтқының стенозы

  3. малигнизация

  4. жараның жарылуы

  5. демпинг-синдромы

6. Менетрие ауруы – бұл:

  1. ригидтік гастрит

  2. +гиганттық гипертрофиялық гастрит

  3. полипозды гастрит

  4. лимфоцитарлық гастрит

  5. кистоздық гастрит

7. Тітіркенген ішек синдромының ішектен тыс көріністеріне қайсысының жатуы барынша мүмкін:

  1. іш қату

  2. іш ауруы

  3. жиі сұйық дәрет

  4. іш қатудың іш өтумен кезектесуі

  5. +депрессивті - қорқыныш синдромы

8. 29 жастағы науқас әйел ұзақ мерзім жыныс жолымен берілетін ауруға байланысты антибактериальды препараттарды қабылдаған. Нәжістің бактериальды анализін жүргізгенде Candida туқымды саңырауқұлақтар анықталған. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы тиімді:

  1. имодиум + креон + смекта

  2. клацид + линекс + бактисубтил

  3. амоксиклав + дицетел + смекта

  4. +флуканазол + хилак форте + энтерол

  5. линекс + лактулоза + бифидумбактерии

9. Өт жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде нені қолдануға болмайды:

  1. жылу процедураларын

  2. спазмолитиктерді

  3. +холецистокинетиктерді

  4. холинолитиктерді

  5. седативтік дәрілерді

10. Ұйқы безінің секрециясын басу үшін қолданылмайды:

  1. +антикоагулянттар

  2. аштық

  3. эпигастрий ацмағына салқын басу

  4. Н2- гистаминорецепторлардың блокаторлары

  5. антиферменттік препараттар

11. Созылмалы панкреатитпен сырқат науқастарда метеоризм дамуы байланысты:

  1. +ұйқы безінің ферменттік жетіспеушілігімен

  2. ісінген ұйқы безі басының 12-елі ішекті басуы

  3. тоқтаусыз жиі құсумен

  4. панкреаздық гормондар тапшығымен

  5. ұйқы безінің инкреторлық қызметінің төмендеуімен

12. Шунт синдромының индикаторлары:

  1. +аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтрансфера-заның жоғарылауы

  3. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  4. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  5. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

13. Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен айырмашылығы:

  1. +портокавальді және кава-кавальді анастомоздардың болуы

  2. холестаз синдромы

  3. цитолиздік синдромы

  4. холемия синдромы

  5. паренхималық сарғаю

14. Бауырдың біріншілік билиарлы циррозының ерте белгісіне жатады:

А) спленомегалия

В) диспепсиялық өзгерістер

С) +терінің қышуы

D) оң қабырға астындағы ауыру сезімі

Е) геморрагиялық синдром

15. Бауыр циррозы бар 40 жастағы науқаста асқазан – ішек жолдарынан қан кету эпизоды дамыды. Медикаментозды гемостатикалық терапия жүргізіле бастады. Осы жағдайда келесі дәрігердің жүргізу тактикасы:

А) назогастральды аспирация

В)+ шұғыл эндоскопия

С) седация

D) ультрасонографиия

Е) асқазанның рентгенографиясы

2 вариант

1. Баррет өңеші анықталған науқаста малигнизация қаупін төмендету үшін қандай препараттарды тағайындаған тиімді:

A) реглан, квамателды

B) де-нол, ранитидинді

C) маалокс, фамотидинді

D) +омепразол, мотилиумды

E) гастроципин, церукалды

2. 28 жастағы әйел, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауыру сезімі, ауыздағы қышқыл дәм, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамаларының мазалағанына 10 жыл болған. Көк тамырішілік холангиографияда: жалпы өт жолы аздап ұлғайған. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, қатпар түзбей толады, түбінде үлкен тас бар. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

A) өт қабы ісігінің

B) созылмалы дуодениттің өршуі

C) өт қабы дискинезиясының гипотониялық түрі

D) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

E) +созылмалы калькулезды холециститтің, өршу фазасы

3. Атрофиялық гастриттi анықтайтын маңызды әдiс:

  1. +гастроскопия биопсиямен

  2. хеликобактерді анықтау

  3. рентгенологиялық зерттеу

  4. асқазан сөлiн зерттеу

  5. тыстаушы жасушаларға антиденелердiң болуын

4. Асқазанның секрециялық-қышқыл түзу қызметiнiң төмендеуi қандай ауруда байқалады?

  1. Золлингер-Эллисон синдромы

  2. созылмалы антрум-гастрит

  3. созылмалы гипертрофиялық гастрит

  4. +созылмалы атрофиялық гастрит

  5. аталғандардың барлығында

5. Омепразол қандай препараттар тобына жатады:

  1. гистамин Н2-рецепторларының блокаторлары

  2. адреноблокатор

  3. М-холиноблокатор

  4. гистамин Н1-рецепторларының блокаторлары

  5. +протондық насостың блокаторлары

6. Асқазан жара ауруына тән ауырсыну:

  1. түнгі

  2. кеш

  3. аш қарында

  4. +ерте

  5. тұрақты

7. 42 жастағы науқас тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауру сезімі, 2-3 күн іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін:

  1. Крон ауруы

  2. жуан ішектің қатерлі ісігі

  3. +іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы

  4. іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы

  5. шамадан тыс микробты контаминация синдромы

8. Креаторея кезінде нәжісте ненің мөлшері көбейеді:

  1. бейтарап майлардың

  2. май қышқылдарының

  3. +бұлшық ет талшықтарының

  4. стеркобилиннің

  5. крахмалдың

9. НР +12 елі ішектің жара ауруын емдеу үшін препараттар комбинациясы:

  1. омепразол+висмут субцитрат(де-нол)

  2. домперидон(мотилиум)+рабепрозол(париет)

  3. маалокс+фамотидин

  4. +омепразол+амоксициллин+кларитромицин

  5. омепразол+трихопол+тетрациклин

10. Науқас 15 жыл бойы созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Ұйқы безінің кальцинозын қандай қарапайым әдіспен анықтауға болады:

  1. +құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

  2. лапаротомия

  3. лапароскопия

  4. ирригоскопия

  5. холангиография

11. Созылмалы вирусты, жоғары белсендiлiктi гепатит емiнiң ең тиiмдi схемасын таңдаңыз:

  1. +интерферон, нуклеозидер аналогтары, гепатопротекторлар

  2. азатиоприн

  3. декарис және интерферон

  4. делагил және В тобының витаминдерi

  5. глютамин қышқылы және декарис

12. Регенерация және ісіктік өсу синдромын дәлелдейтін көрсеткіш:

  1. +Α-фетопротеиндер құрамының жоғарылауы

  2. қан сары суындағы альбуминдер деңгейінің жоғарылауы

  3. қандағы Т-хелперлер құрамының жоғарылауы

  4. сары судағы ХЭ белсенділігінің төмендеуі

  5. қандағы Т-супрессор құрамының жоғарылауы

13. 74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюсси симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) жедел аппендециттің

B) созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

C) өт қабы дискенезиясының гипотониялық түрі

D)+ созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

E) созылмалы токсикалық гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі

14. В, С, Д вирусты гепатиттер, улы заттардың әсері, алкогольді ішімдіктерді қолдану, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және бауырдың веноздық ағысының обструкциясы төмендегі аурулардың қайсысының этиологиялық себебі болуы мүмкін:

A) +бауыр цирроздарының

B) созылмалы гепатиттердің

C) бауырдың майлы дистрофиясының

D) гепатоцелюлярлы карциноманың

E) біріншілік склероздаушы холангиттің

15. 47 жастағы науқас соңғы 3 жыл бойы қыжылға шағымдалған, эндоскопиялық зерттеуде өңештің дистальды бөлігіннің шырышты қабатының 50% беткейін өзара жабысқан эрозиялар анықталды. Адекватты емду кестесін таңдаңыз:

А) прокинетиктер + гелдік антацидтер

В) +протонды помпаның ингибиторы + прокинетиктер +мукоцитопротекторлар

С) прокинетиктер+ цитостатиктер

D) хирургиялық ем (Ниссен бойынша фундопликация)

Е) қыжыл кезінде гелдік антацидтер
3 вариант

1. 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) асқазан полипінің

B) Менетрие ауруының

C) +асқазанның жаралы қатерлі ісігінің

D) асқазан ойық жарасының

E) асқазан ойық жарасының пенетрациясының

2. Өңештің төменгі сфинктерінің гипертонусы тән:

  1. +өңеш ахалазиясына, өңештің диффузды тарылуына

  2. эзофагитке

  3. склеродермияға

  4. өңеш дивертикулына

  5. фарингитке

3. Созылмалы дуоденумдiк жара қандай патологияда дамымайды?

  1. APUD-жасушалық iсiкте

  2. өкпенiң созылмалы шамасыздығында

  3. Золлингер-Элиссон синдромында

  4. +күйiктер

  5. бауыр циррозында

4. Асқазан жарасының малигнизациясының болу-болмауын дәлелдеу үшiн қай тәсiл тиiмдi?

  1. асқазан секрециясын гистаминдiк сынамамен зерттеу

  2. рентгенологиялық

  3. эндоскопиялық

  4. нәжiстi жасырын қанға тексеру

  5. +эндоскопиялық биопсия

5. Созылмалы хеликобактериялық гастритті кең таралған емдеу кестесі:

  1. ацидин – пепсин, но-шпа, панзинорм

  2. алмагель, ранитидин, церукал

  3. +денол, метронидазол, омепразол

  4. фамотидин, церукал, валериана тұнбасы

  5. церукал, омепразол

6. Жара ауруының дамуына мүмкіндік тудыратын агрессиялық факторлар:

  1. бикарбонаттар

  2. простагландиндер

  3. +тұз қышқылы мен пепсиннің көбеюі

  4. гастромукопротеидтер

  5. кілегейдің бөлінуі

7. 29 жастағы науқас толғақ тәрізді ауру сезімі, патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды стреспен байланыстырады. Колоноскопия жүргізгенде - жуан ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Емдеу шараларының жоспарына қосқан барынша тиімді:

  1. креон + де-нол

  2. +дицетел + дюфалак

  3. дюфалак + имодиум

  4. имодиум + грандаксин

  5. интетрикс + хилак-форте

8. Ремиссия сатысындағы созылмалы холециститі бар науқасқа тән:

  1. аталғандардың ешқайсысы емес

  2. диареяның іш қатумен алмасуы

  3. оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы

  4. +майлы тағамды көтере алмау

  5. қыжыл

9. Созылмалы холецистит кезінде науқастар шағымданады:

  1. +жүрек айну, аузына ащы дәм келу, майлы және қуырылған асты қорыта алмау

  2. қышқылмен кекіру, қыжылдау, іш қату

  3. оң жақ қабырға астының ауруы

  4. іштің жоғарғы бөлімінің ауруы, арқаға берілуі, кезектесіп іш өту және іш қату

  5. эпигастрии және пилородуоденалды аймақтың «аш қарында» ауырсынуы, қыжылдау, ол тамақ ішкеннен кейін басылады

10. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметінің бұзылуына тән барлық симптомдарды көрсетіңіз:

  1. +дене салмағының төмендеуі, креаторея, стеаторея

  2. терінің құрғақ болуы

  3. гипергликемия

  4. іштің алдыңғы қабырғасы веналарының кеңеюі

  5. бүйрек-бауыр жетіспеушілігі

11. Цитолиз синдромының индикаторлары:

  1. + АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтранс-феразаның жоғарылауы

  2. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  3. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцеллериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  4. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

  5. аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

12. Созылмалы гепатит сатыларын неге сүйене отырып бөледі:

  1. +фиброз дәрежесіне

  2. гистологиялық индекс белсенділігіне

  3. бауырлық жетіспеушіліктің ауырлығына

  4. асқынулардың болуына

  5. бауыр паренхимасындағы «сатылық» және «көпір тәріздес» некроз-дардың болуына байланысты

13. 49 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, өт аралас құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, склерасы субиктериялы, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда- лямблиялар. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған тиімді?

A) цефазолинді

B) гентамицинді

C) левомицетинді

D) эритромицинді

E)+ метронидазолды

14. Oң қабырға астындағы ауру сезімі, бұралған кезде және еңкею кезіндегі күшеюі, оң қолының қатты қозғалысы кезінде де ауыру сезімінің күшеюі симптомдары созылмалы холециститтің қандай асқынуына тән?

A) +перихолециститке

B) реактивті гепатитке

C) созылмалы дуоденитке

D) реактивті панкреатитке

E) созылмалы дуоденальды іркіліске

15. HВeAg-позитивтік созылмалы гепатитке қан сары суындағы тән емес көрсеткіш:

  1. HВeAg

  2. HBV-ДНК > 200 нг/л

  3. ДНК-полимераза

  4. анти-НВе

  5. +HbsAbIgM


4 вариант

1. 56 жастағы ер адам, әлсіздік, бас айналу, қаратүсті нәжіске шағымданады. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

A) асқазан ойық жарасының перфорациясының

B) асқазан ойық жарасы, өршу фазасының

C) созылмалы атрофиялық гастриттің, өршу сатысы

D) созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршу сатысы

E) +12- елі ішектің жара ауруының, өршу сатысы, қан кету

2. Он екі елi ішектiң жара ауруы 2 жыл бойы ремиссияда жүрген науқаста аурудың рецидивi пайда болды. Жараның рецидивi фиброгастродуоденоскопия бойынша дәлелдендi. Iшiнiң қатты ауырсынуына, қышқылмен құсуына байланысты науқасқа жедел көмек көрсету керек. Диетамен, тәртiппен бiрге науқасқа мына дәрмектiң қайсысын бірінші бересiз?

  1. промедол

  2. атропин

  3. +церукал

  4. анальгин

  5. морфин

3. Келесі белгілер жараның асқазанның жоғарғы бөлігінде орналасқанын көрсетеді:

  1. +тамақтанудан кейін бірден пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну

  2. төс артындағы ауырсыну

  3. тамақтанудан 30 мин кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну

  4. тамақтануға байланыссыз ауырсыну

  5. оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы

4. Асқазан жара ауруымен сырқаттанған науқас аурудың соңғы өршуiнде “шiрiген жұмыртқа” иiстi кекiруiне кеше жеген тамақпен құсуына шағымданады. Тұжырымыңыз?

  1. перфорация

  2. пенетрация

  3. +қалтқы стенозы

  4. қан кету

  5. малигнизация

5. Науқас ашқарында және тамақтан 1,5-2 сағаттан кейiн эпигастрий аймағының ауырсынуына шағымданды. Бұл симптом қай аурудан күдiктендiредi?

  1. +он екі елi ішектiң жара ауруынан

  2. созылмалы гастриттен

  3. асқазан жара ауруынан

  4. холециститтен

  5. панкреатиттен

6. Жара ауруының малигнизациясын анықтауда ең тиімді әдіс:

  1. асқазан секрециясын зерттеу

  2. рентгеноскопия

  3. фиброгастродуоденоскопия

  4. +фиброгастродуоденоскопия биопсиямен

  5. іш қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу

7. Үлкен дәретке барғысы келгендей сезім болуы - бұл:

  1. іш кебуі

  2. мелена

  3. +тенезмдер

  4. полифекалия

  5. креаторея

8. Калькулездi холециститтi анықтайтын әдiстердiң ең тиiмдiсi:

  1. +ультрадыбысты зерттеу және холецистография

  2. дуоденальдiк зондылау

  3. асқазан рентгеноскопиясы

  4. ретроградты панкреато-холангиография

  5. ЭКГ

9. Созылмалы тассыз холециститтің өршу сатысына тән синдромды таңда:

  1. +тамақ тәртібін бұзуға байланысты ауырсыну синдром

  2. геморрагиялық

  3. лимфоденопатия

  4. астено-вегетативтік

  5. ішектік диспепсия

10. Жедел панкреатиттің дамуындағы басты себеп:

  1. +аутоферменттік агрессия

  2. микробты флора

  3. микроциркуляторлық бұзылыстар

  4. веноздық іркіліс

  5. құрттармен зақымдану

11. Холестаз синдромының индикаторлары:

  1. +сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтрансфера-заның жоғарылауы

  3. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  4. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

  5. аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

12. Созылмалы гепатитті анықтаудағы ең мәліметті тексеру әдісі:

  1. +пункциялық биопсия

  2. индикаторлық ферменттер белсенділігінің өзгеруі

  3. гепатодепрессия индикаторлары белсенділігінің өзгеруі

  4. бауырды ультрадыбысты зерттеу

  5. компьютерлік томография.

13. Семіздікпен ауыратын 50 жастағы әйелде, оң бұғана үстіне берілетін кенеттен оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болды. Әйел мазасыз, төсекте тынышсыз. Қарағанда: терісінің түсі қалыпты, сипағанда өт қабы нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі қалыпты. Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте жүргізу қажет?

A) ирригоскопия

B) холецистография

C) эзофагогастродуоденоскопия

D) +құрсақ қуысының ультрадыбысты зерттеу

E) көзделген бипсиямен лапароскопия

14. 18 жастағы қыз бала, антацид қабылдағаннан кейін басылатын аш қарындағы және түнгі кезеңдегі эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Эпигастрий аймағын сипағанда ауырады. Рентген: асқазаннан контрасты заттың жылдам өтуі. Эндоскопия жасағанда патология анықталмады. Helicobacter pylori анықталынған жоқ. Жоғарыдағы жағдай төмендегі функциональды жарасыз диспепсия варианттарының қайсысына тән болуы мүмкін?

A) моторлық түріне

B) дискинетикалық түріне

C)+ жара тәрізді түріне

D) бейспецификалық түріне

E) рефлюкс тәрізді түріне

15. Созылмалы гепатиттің циррозға айналуының ең маңызды белгісі болып табылатын синдром:

А) сарғаю

В) +портальды гипертензия

С) астеновегетативті

D) артериальды гипертензия

Е) қан айналымының жеткіліксіздігі

5 вариант

1. Асқазанның ойық жарасымен ауыратын ер адам эпигастрий аймағындағы ауырсыну және тойған сезімге, алдында ішкен тағаммен жағымсыз иісті құсық, жүдеуге шағымданады. Айқын шолпыл шуылы мен асқазан аймағында көзге көрінетін перистальтика байқалады. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

A) 12 елі ішектің ойық жарасының

B) асқазан ойық жарасы, пенетрациямен асқынуының

C) асқазан ойық жарасы, перфорациямен асқынуының

D) асқазан ойық жарасы, қан ағумен асқынуының

E) +асқазан ойық жарасы, 12-елі ішекке кіре беріс стенозымен асқынуының

2. Қай гастритке Helicobacter pylori-мен зақымдану тән:

  1. +антральді гастрит

  2. фундальді гастрит

  3. аутоиммунды гастрит

  4. химиялық (реакциялық) гастрит

  5. эозинофилді гастрит

3. Шіріген жұмыртқа иісімен кекіру қай жағдайға тән?

  1. он екі елі ішектегі химустың асқазанға кері өтуіне

  2. +пилоростеноздың нәтижесінде асқазанда тағамның ұзақ уақыт тұрып

қалуына

  1. өттің өңешке өтуіне

  2. асқазан сөлінің гиперсекрециясына

  3. асқазан сөлінің өңешке өтуіне

4. Бауыр циррозының қандай түрінде урсодезоксихол қышқылын тағайындайды:

А) аутоиммунды гепатиттің нәтижесінде дамыған цирроз

В) созылмалы вирусты гепатит В фонында дамыған цирроз

С) +біріншілікті биллиарлы бауыр циррозы

D) гемохроматоз кезіндегі цирроз

Е) алкогольді бауыр циррозы

5. Рентгенологиялық зерттеу кезінде жара ауруының тікелей белгісі:

  1. + «ойық жара (ниша)» симптомы

  2. қабырғасының деформациясы

  3. гиперсекреция

  4. «тіннің өсу» симптомы

  5. гипосекреция

6. Ішектің тітіркену синдромы – бұл:

  1. +іштің 3 айдан аса ауырсынуы және ішек қызметінің бұзылуымен сипатталатын қызметтік комплексі

  2. ішектің кілегей қабығының жедел қабыну салдарынан диарея, іштің ауырсынуы және интоксикация синдромдарымен білінетін процесс

  3. ішектің жедел өтімсіздігінің бір түрі

  4. ағзалардың органикалық зақымдану

  5. барлығы

7. 30 жастағы науқасқа оң қабырға астының ұстамалы ауырсынуына байланысты пероральдiк холецистография жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде өт қабының гипертонустық дискинезиясы анықталды. Осы диагнозды рентгендiк белгiлердiң қайсысы дәлелдейдi:

  1. +өт қабының жылдам және қатты жиырылуы

  2. өт қабының концентрациялық қызметiнiң төмендеуi

  3. контрастталмайтын өт қабы

  4. өт қабының деформациясы

  5. ұлғайған өт қабының толық жиырылуы

8. Созылмалы панкреатиттің өршуі кезінде ұйқы безі ферменттерінің белсенділігін басу мақсатында қолданылады:

  1. +контрикал

  2. анальгин

  3. панкреатин

  4. циметидин

  5. но-шпа

9. Бауырдың созылмалы ауруларының iшiнде иммунодепрессиялық емнiң классикалық көрсетпесi болып табылатыны:

  1. +созылмалы аутоиммунды белсенді гепатит

  2. екiншiлiк билиарлы цирроз

  3. созылмалы вирусты гепатит

  4. бауыр iсiктерi

  5. бiреуi де емес

10. Бауыр-клеткалық шамасыздық синдромының индикаторлары:

  1. +альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамил-трансферазаның жоғарылауы

  3. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  4. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

  5. аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

11. Созылмалы вирусты гепатиттерді емдеуде қолданылатын вирусқа қарсы заттарға қайсысы жатпайды:

  1. +D-пеницилламин

  2. интрон А

  3. реаферон

  4. циклоферон

  5. пегинтрон (пегасис)

12. 25 жастағы ер адам 40оС дейін дене қызуымен құрсақ қуысындағы жайылмалы ауырсынумен ауыр жағдайда түсті. УДЗ - өт қабының өзегінде көлемі 3,5 мм тас. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, сілтілі фосфатаза 3 есе жоғары, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Қандай емдеу шарасын жүргізу қажет?

A) өт айдайтын препараттар

B) +оперативті ем

C) антибактериалды терапия

D) наркотикалық емес анальгетиктер

E) спазмолитиктер-холинолитиктер

13. Іштің айқын жайылған сезімталдылығы, ішекте органикалық патологиясы болмағаны мен жеңіл сипағандағы ауырсыну мынада мүмкін?

A) жаралы колитте

B) коллагенді колитте

C) инфекциядан кейінгі колитте

D) псевдомембранозды колитте

E) +іштің тітіркену синдромында

14. Бауырдағы мезенхималды-қабыну синдромы, қандағы ненің жоғарлауымен сипатталады:

А) +тимол сынамасының

В) холестериннің

С) сілтілі фосфатазаның

D) билирубиннің

Е) альбуминнің

15. Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатына цитопротективті әсері бар:

А) атропин

В) гастроцепин

С) фамотидин

D) В тобының дәрумендері

Е) +де-нол және сукральфат

6 вариант

1. 22 жастағы әйелде эзофагогастродуоденоскопияда асқазанның антральді бөлігінде жара анықталған. Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте тағайындау қажет?

A) компьютерлік томографияны

B) эндоскопиялық рН- метрияны

C) асқазан сөлін зерттеуді

D) құрсақ қуысының УДЗ

E) +уреазды сынамасы мен цитологиялық зерттеуді

2. Гиперсекреция синдромы бар созылмалы гастритте берiледi –

  1. +омепразол

  2. бетацид

  3. панзинорм

  4. преднизолон

  5. табиғи асқазан сөлi

3. Он екі елi ішектiң жара ауруындағы ауырсынудың сипаттамасы қандай?

  1. тамаққа байланыссыз үнемi сыздап ауыру

  2. тамақ iшкенде кезде эпигастрий аймағының салмақ батқан тәрiздi сыздап ауырсынуы

  3. майлы тағамды iшкен соң оң қабырға астының ұстамалы шаншып ауыруы, ауырудың оң иыққа тарауы

  4. +эпигастрийдiң ашқарында немесе тамақтанған соң 2-3 сағаттан кейiн ауырсынуы

  5. тамақтан соң 30 минуттан кейiн пайда болатын ауырсыну

4. Төс сүйегінің төменгі жағында қыжыл сезімінің болуы неге байланысты?

  1. өңештегі рН-тың сілтілі болуына

  2. өңештің төменгі сфинктрінің тонусы жоғарылауына

  3. он екі елі ішектегі химустың асқазанға кері өтуіне

  4. +асқазан сөлінің өңешке өтуіне

  5. өттің өңешке өтуіне

5. Тітіркенген ішек синдромының барынша мүмкін себептері?

  1. жарақаттар

  2. инфекция

  3. дисгормоналды

  4. ішектің ісіктері

  5. +стрестік факторлар

6. Тітіркенген ішек синдромы байқалады:

  1. +30-40 жастағы әйелдерде 2-4 есе көбірек

  2. 20-30 жастағы ерлерде жиі кездеседі

  3. ерлер мен әйелдерде бірдей

  4. бала жасынан байқалады

  5. тек қарт адамдарда байқалады.

7. Өт жолдары дискинезиясы негізінде не жатыр:

  1. +нейрогуморальдық реттеудің бұзылуы

  2. ретсіз тамақтану

  3. конституциялық бейімділік

  4. гиподинамия

  5. психоэмоциональдық стресстер

8. Созылмалы панкреатиттің өршуі кезінде қан сары суындағы негізгі биохимиялық көрсеткіш:

  1. +амилаза

  2. мочевина;

  3. жалпы белок;

  4. сүт қышқылы;

  5. холестерин

9. 35 жастағы науқас осыдан 5 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған. Қарағанда: көзi сарғайған, бауыры шамалы ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз. Талақ пальпацияланбайды. Қанда: жалпы билирубин – 36,6 мкмоль/л, тiкелей емес 25,5 мкмоль/л, АСТ, АЛТ белсендiлiгi екi есе жоғары, сiлтiлi фосфатаза қалыпты. Болжам диагноз?

  1. постгепатиттiк гипербилирубинемия

  2. +созылмалы вирусты гепатит

  3. холангит

  4. бауыр циррозы

  5. созылмалы холестаздық гепатит

10. Иммундық қабыну синдромының индикаторлары:

  1. +-глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтрансфера-заның жоғарылауы

  3. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  4. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

11. Аутоиммунды гепатит диагнозын неге сүйене отырып қояды:

  1. +бауырдан тыс жүйелі көріністерге

  2. бауырдың мақсатты биопсиясына

  3. иммуносерологиялық белгілердің (аутоантиденелердің) болмауына

  4. сары суда В, С және D вирустық гепатиттер маркерларының болмауы

  5. трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы

12. Алкогольді ішімдіктерді көп қолдану, туберкулостатиктерді, парацетамолды бақылаусыз қабылдау қандай ауруға әкелуі мүмкін:

A) созылмалы панкреатитке

B) Вильсон-Коновалов ауруына

C) созылмалы вирусты гепатитке

D) +созылмалы токсикалық гепатитке

E) бауырдың екіншілік билиарлы циррозына

13. 68 жастағы ер адам, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Объективті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ - 44 мм/сағ, жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Төменде аталған диагноздың қайсысы дұрыс деп ойлайсыз?

A) бауырдың циррозы, компенсация сатысы

B) бауырдың біріншілік билиарлы циррозы

C) бауырдың екіншілік билиарлы циррозы

D) созылмалы гепатит, минимальды белсенділік дәрежесі

E) +бауыр циррозы, декомпенсация. Қақпалық гипертензия.

14. Бауыр циррозының ең жиі кездесетін асқынуы:

А) бауырлы кома

В) +асқазан жән өңештің варикозды- кеңейген көк тамырларынан қан кетулер

С) спонтантты бактериалды перитонит

D) бактериалды инфекция

Е) гепатореналды синдром

15. Созылмалы панкретитке тән ауру сезім симптомының ерекшелігі:

А) + іштің жоғарғы бөлігінде интенсивті, белдеме тәрізді ауру сезімі, Шоффар, Губергриц зоналарында ауру сезімі, тамақпен басылмайды, күннің екінші жартысында, түнде пайда болады

В) тамақ қабылдаумен байланысты емес, эпигастрий аймағында қатты өсетін ауру сезімі, арқаға жатқанда жоғарлайтын

С) 15 минуттан 5 сағ дейін созылатын, оң жақ қабырға астында орналасатын, жиі кешке, түнде пайда болатын ауру сезімі , Мерфи, Мюсси- Георгиевский симптомдары оң

D) оң жақ қабырға астындағы қарқынды емес сырқыраған ауру сезімі, көп мөлшерде майлы тағамды қабылдаумен шақырылатын эпигастрий аймағындағы аурлық сезімі

Е) эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін, антацидтерді қабылдағаннан кейін басылатын ауру сезімі, Мендель симптомы оң




1 вар

2 вар

3 вар

4 вар

5 вар

6 вар

1

D

D

C

E

E

E

2

D

E

A

C

A

A

3

A

A

D

A

B

D

4

B

D

E

C

C

D

5

A

E

C

A

A

E

6

B

D

C

D

A

A

7

E

C

B

C

A

A

8

D

C

D

A

A

A

9

C

D

A

A

A

B

10

A

A

A

A

A

A

11

A

A

A

A

A

A

12

A

A

A

A

B

D

13

A

D

E

D

E

E

14

C

A

A

C

A

B

15

B

B

E

B

E

A


написать администратору сайта