Главная страница
Навигация по странице:

  • Ем-шара

  • 17.Емханаға 6 апталық мерзімдегі жүкті әйел келді. Анамнезде жалғыз бүйрек, соңғы 4 жыл пиелонефритпен ауырады. Соңғы өршуі бір жыл бұрын, дәрігерге қаралмаған. Жағдайды талдап, келесі тактиканы

  • Дәрігерге 6 апталық жүкті әйел қаралуда. Тұқымқуалайтын қант диабетінің 1 типімен ауырады. Инсулин қабылдайды. Жағдайды талдап, жүктілікті жүргізу тактикасы, ана мен бала үшін қауіптілігін анықтаңыз.

  • Инструментальды зерттеу

  • Лабораторлық зерттеу

  • Емдеу

  • Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

  • Негізгі диагностикалық шаралар: *

  • Қосымша

  • 50-балл Диагностикалы? критерийлерді ба?алап, ?ауіп т?ндіретін т. 50балл Диагностикалы критерийлерді баалап, ауіп тндіретін тсікті жне жатырдан тыс жкітілікпен салыстырыыз


    Скачать 71.26 Kb.
    Название50балл Диагностикалы критерийлерді баалап, ауіп тндіретін тсікті жне жатырдан тыс жкітілікпен салыстырыыз
    Дата30.09.2022
    Размер71.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла50-балл Диагностикалы? критерийлерді ба?алап, ?ауіп т?ндіретін т.docx
    ТипДокументы
    #706495
    страница3 из 3
    1   2   3

    15. Жүкті әйел жыныс жолдарыннан қанды бөліндінің бөлінуімен түсті. УДЗ-де ұрық өлшемдері 35апталық жүктілікке сәйкес келеді, плацента жатырдың алдыңғы қабырғасында, ішкі ернеуден 2 см жоғары орналасқан. Плацентаның базалды беті мен жатыр қабырғасының аралығында 4х1 см көлемінде эхонегативті тығыздалу анықталады. Қағанақ маңы суы орташа көлемде. Ұрықтың жүрек соғысы аритмді 100 соққы/мин. Жағдайды бағалап, диагноз қойыңыз, жүктілікті жүргізу тактикасын қарастырыңыз. Науқасты жағдайы қарау кезінде орташа дәрежелі. Науқас шағымдарын ,жыныс жолдарынан қан кетуін, ауырсынудың болмауын, УДЗ мәліметтерін ескере отырып : Болжам диагноз: Жүктілік 35-апта. Қан кетумен асқынған плацентаның төмен орналасуы,І-дәреже.

    Асқынуы: Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Диагнозды жетілдіру және емнің нәтижелілігін арттыру мақсатында тексеру шараларын ұйымдастырамыз. Жалпы қарау: АҚҚ,пульс,сатурация және температура өлшеу. -аурудың шағымдары мен анамнезін жинау; Физикалық тексеру,яғни льеопольд әдісі бойынша ұрықтың орналасуын анықтау, іш айналымын өлшеу. Лабораторлық зерттеу:-ЖҚА,Коагулограмма, резус фактор және қан тобын анықтау. Инструментальды зерттеу: кіші жамбас ағзаларының УДЗ. Ұрықты УДЗ. Ұрық Дооплерометриясы Ем-шара:

    Режим: Қозғалысты шектеу Жедел түрде жедел кесарь тілігін жасау мақсатында 3 деңгейлі перинатальды орталыққа жолдаймыз.

    16. Емханаға 22жастағы әйел отбасын жоспарлау сұрағымен келді. Анамнезде балалық шақта жиі ангина, 5 жастан бастап ревматологтың Д- есебінде жүректің митралды ақауы бойынша. Сол жақ жүрекше-қарыншалық тесіктің стенозы диагнозымен тұрады. Шағымы жоқ. Уақытылы ем алған. 3 жылда өршу анықталмаған. Гемодинамикалық бұзылыс орта ауырлықта. Жағдайды талдап, ЭГА-на байланысты отбасын жоспарлауда дұрыс кеңес беріңіз. Пациент жағдайы қарау кезінде қанағаттанарлық дәрежелі. Митральды ақауы бар соңғы 2жылда өршуі анықталмаған, митральды стеноз 1 дәрежелі болса жүктіліктің ағымы қолай болады. Дәл қазіргі пациентте соңғы өршу уақыты 3 жылдан асқан,бірақ Митральды стеноз 2-дәрежелі болуы себепті жүктілік қарсы көрсетіледі. Пациентке жүктілік болған жағдайда жүрек жетіспеушілігінің белгілері жүктілік басталысымен манифестациялануы мүмкіндігін, Жиі жыбыр аритмиясы, көктамырлық іркіліс, өкпе шемені пайда болуын, жыбыр аритмиясымен қосарланған сол жүрекшенің дилятациясында тромбоэмболиялық асқынулар қаупі жоғарылайды, ал ана өлімі осындай қадамдардан 17% жеткенін жаймендеп түсіндіріп айту қажет. Пациентке қазіргі кездегі жетілген кардиохирургиялық қызметтерді ұсынып мүмкін болған жағдайда жасанды митралды протез қақпақшаларды орнату мүмкіншілігі бар екенін,және жүктілікті сол кезде жоспарлаған дұрыс болатынын түсіндіруіміз қажет. Жүрекке жасалған сәтті операциядан кейін жүктілікті бір жылға дейін жоспарламау керек. Рестеноз даму каупіне байланысты жүктілікке дейін ұзак уақыт салуда кажет емес. Протезделген қақпакшалары бар жүкті әйелдерді жүктілік кезінде мамандандырылған кардио-акушерлік бөлімге үш рет госпитализациялайды: жүктіліктің 12-аптасына дейін анасынын гемодинамикалык жағдайын бағалау және кұрамына антикоагулянттар кіретін терапияны тандау мақсатында; 26—28-аптасында — анасының терапиясын коррекциялау және үрықтың өсу динамикасын бағалау үшін; 36-аптада босануға дайындау және босандыру әдісін таңдау үшін. Ал ол мини инвазивті отаға дейін егерде аллергиялық реакция болмаса, жыныс мүшелері қабыну аурулары болмаған жағдайда уақытша контрацепция ЖІС қойып жүктіліктен қорғанған дұрыстығын түсіндіру қажет. Пациент қалауына әрбір контрацепцияның артықшылығымен кемшілігін түсіндіріп таңдауымыз керек.


    17.Емханаға 6 апталық мерзімдегі жүкті әйел келді. Анамнезде жалғыз бүйрек, соңғы 4 жыл пиелонефритпен ауырады. Соңғы өршуі бір жыл бұрын, дәрігерге қаралмаған. Жағдайды талдап, келесі тактиканы қарастырыңыз. Бұл пациенттің толық шағымдарын және анамнезін жинап нақты жалғыз бүйректе қазіргі кезде жедел ауру бар жоқтығын және бүйрек созылмалы шамасыздығы дәрежесін анықтап жүктілікті сақтау немесе сақтамау қажеттігін айтамыз. ҚР ДСМ-122/2020 Бұйрық
    2-қосымшаға сәйкес әйелде бүйрек шамасыздығы болған жағдайда және комиссия қорытындысына байланысты жүктілікті үзуге медициналық көрсеткіш болып табылады. Пациентке егер жүктілікті үзуге қарсы болған жағдайында өзінің және ұрықтың денсаулығын босанғаннан 42 кейінге дейін өз мойнына алатыны жайлы түсіндіріп жазбаша келісімін алу қажет. Негізінен жұмысы қалыпты жалғыз бүйрек ҚР-ында жүктілікті үзуге медициналық көрсеткіш емес.Алайда пациенттегі созылмалы пиелонефриттің жиі асқынуына,қатерліліктің жоғары болуына байланысты нефролог,уролог дәрігерлерге консультацияға жіберуді қажет етеді. Инструментальды және лабораторлы тексеру: * клинический анализ крови и мочи; * анализ мочи по Нечипоренко; *проба по Зимницкому; *бактериологическое исследование мочи с определением чувствительности выделенных микроорганизмов к основным противомикробным JIC; *биохимический анализ крови (определение содержания в сыворотке крови общего белка, сывороточного железа, креатинина, мочевины, глюкозы, калия, натрия, хлора); *исследование клиренса креатинина; *УЗИ почек;

    *допплерографическое исследование почек. Пациентке зерттеу жұмыстары жасалып шамасыздық анықталса және қарсы көрсеткіштер көп болған жағдайда әйелге жүктілікті үзіп ары қарай контрацепция әдістері ұсынылады.

    18. Дәрігерге 6 апталық жүкті әйел қаралуда. Тұқымқуалайтын қант диабетінің 1 типімен ауырады. Инсулин қабылдайды. Жағдайды талдап, жүктілікті жүргізу тактикасы, ана мен бала үшін қауіптілігін анықтаңыз. Қант диабеті жүктілік кезінде ана және ұрық даму үшін қауіпті аурулар қатарына жатады.Қант диабеті І тип немес ІІ тип болсада компенсация сатысына жеткізіп жүктілікті жоспарлау қажет. Пациент бірінші қаралуына 6 апталық жүкті. Қарау кезінде шағымдарын анамнезін мұқият жинап қажетті зерттеулер жүргізілуі қажет. Физикалық зерттеу: антропометрия,іш айналымын өлшеу,гинекологиялық текскеріс АҚҚ,Пульс сатурация,дене температурасын анықтап ЖҚА,ЖЗА,Биохимиялық қан анализі оның ішінде глюкоза деңгейіне аса мән беру керек. Инструментальды зерттеулерден Кіші жамбас астауы УДЗ,Ұрық УДЗ ,Іш қуысы УДЗ, ЭКГ жүргізіледі. Зерттеулерден соң әйелмен түсіндірме жүргізіп 92 бұйрыққа сәйкес арнайыландырған Эндокринологиялық бөлімшеге жолдамамен госпитализациялануы қажет. Оның мақсаты жүктілік кезіндегі инсулинге тәуелділікті реттеу және ұрықтағы аномалиялардың алдын алу қант диабетінің кеш аскынуларын аныктауға, олардың ауырлығын және үдеу белгілерін (диабеттік микроангиопатиялар, нейропатиялар) аныктауға; жүктілікті созу мүмкіндігі туралы сүракты шешуге негізделеді. Жүкті әйелді кандағы глюкоза деңгейін өзі анықтау әдістеріне (әсіресе кант диабеті алғаш анықталған жүктілерге), сондай-ак жүктілік кезіндегі диетотерапия принциптеріне үйретеді. Қайталамалы госпитализация жүктілік мерзіміне және кант диабетінің типіне тәуелсіз жүктіліктін 18—20-аптасында, бұл кезде ұрыктың даму акауларын терістеу және акушерлік асқынулардың (гестоз, суегіздік және т.б.) ерте белгілерін анықтау максатында жүргізіледі. Қант диабетінің декомпенсациясы белгілерін және/немесе басқа кандай да бір акушерлік асқынуларын анықтаған кезде жүктіліктің кай мерзімінде болмасын госпитализациялайды. Инсулинотерапия кабылдайтын, қант диабетімен жүкті әйелдің босануға дейінгі госпитализациясы толык тексеру және босандыру мерзімі мен әдісін шешу үшін 34-аптадан кеш болмауы тиіс. Қант диабетімен жүктілерді босандыру арнайы акушерлік орталықтарда немесе жалпы маманданған ауруханалардың акушерлік стационарларында жүргізеді. Босандыру мерзімі негізгі ауру ауырлығымен, оның компенсациясымен, ұрык жағдайымен, акушерлік асқынулармен анықталады. Қант диабетімен жүктілерде ұрыктың кеш жетілуі босандыру алдында ұрыктың жетілуін бағалауды талап етеді. ¥рык жетілуін УДЗ мәліметтерін (сан сүйегі ұзындығын өлшеумен, сүйектену ядроларының визуализациясымен ұрык биометриясы, өкпе мен плацента жетілуін анықтау), амниоцентез жолымен алынған қағанақ суының биохимиялық параметрлерін (лецитин/сфингомиелин катынасы) ескере отырып анықтайды. ¥ры қ жетілмеген болса (жүктіліктің 34-аптасына дейін) респираторлы дистресс-синдромның алдын алу үшін кортикостероидтарды колданады (дексаметазон, бетаметазон). Босандыру үшін оптимальды мерзім жүктіліктін 37—38-аптасы болып табылады. Қант диабетімен жүктілерде босану жоспарланған болуы тиіс

    19. Жүкті әйел 28 жаста 3 сағат көлемінде іштің төменгі жағы мен белдегі ауырсынумен шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 25-26 апта. Анамнезінде үш рет мерзімінен бұрын босану және үш рет жасанды түсік. Жағдайы қанағаттанарлық.Т-36,6С, АҚ- 120\80мм с.б.б.., Пульс -80 соққы мин. Жағдайды талдап, дәрігер амалын қарастырыңыз. Науқасты жағдайы қарау кезінде шағымдары,анамнезін ауырсыну синдромына байланысты қанағаттанарлық дәрежелі.

    Науқас шағымдарын анамнезін,симптомдарын ескере отырып. Болжам диагноз: Мерзімінен бұрын босану каупі. Диагнозды жетілдіру және емнің нәтижелілігін арттыру мақсатында тексеру шараларын ұйымдастырамыз. Жалпы қарау: 1. Жатыр мойны мен іншекті айнамен қарау. Іншекте қағанақ суының барлығына көңіл бөлу. 2. Қағанақ суының мерзімінен бұрын ағып кетпеуіне және бала жолдасының орналасуына. Көз жеткізгеннен кейін іншектік зерттеулер жүргізеді. Ішкі аңқаның ашылу дәрежесін, жатыр мойнының ұзындығы мен констистенциясын, іштегі нәрестенің позициясын және кіші жамбасқа түсу дәрежесін бағалайды. Іншектік зерттеулерді әр 30-60 минут сайын қайталайды. Егер 4-6 сағаттың ішінде жатыр мойны ашылса, мерзімінен бұрын босану диагнозы қойылып, емдеуді бастайды.
    Қағанақ суының мерзімінен бұрын ағып кетпеуіне күдіктенген кезде іншектік зерттеулерден бас тартамыз. Бала жолдасының орналасуына күдіктенген кезде іншектік зерттеулер УДЗ-ден кейін жүргізу керек. Инструментальды зерттеу: Жатырды УДЗ ПОНРП диагнозын растауға көмектеседі - локализация және плацента жағдайы;
    *ұрықтың жағдайы (жүрек жиырылу жиілігі, ұрықтың қозғалыстық белсенділігі);
    *УДЗ - диагностика. Лабораторлық зерттеу: - гемоглобин және гематокрит деңгейін анықтау; *ұю жүйесі көрсеткіштерін, қанның ұю уақытында тромбоциттер санын зерттеу *қан тобы мен Rh-факторды анықтау; *зәрдің жалпы анализі. Жатыр мойны өзегінен бөлінгеннен Streptococcus agalactiae, Chlamydia trachomatis, Ureaplasma urealyticum, Neisseria gonorrhoeae анықтау үшін, урогенитальдық инфекцияны жоқтығын анықтау үшін себінді алу керек. 1. Термометрия ( әр 3 сағат сайын).
    2. Іштегі нәрестенің жүрек соғысының жиілігі (әр 4 сағат сайын). 3. Қандағы лейкоциттердің санын және ЭТЖ-н анықтау (күніне 2 рет). 4.Қанның   клиникалық  анализі (әр 5 күн сайын). 5. Жыныс жолдарынан бөлінгеннің бактериологиялық зерттеулері. Ем-шара: Режим: емдік-сақтандыру, күйзелісті стрессті шектеу,қозалысты шектеу. Диета:15 стол Токолиз жүргізу үшін В-адреномиметиктер (партусистен, гинипрал, ритодрин), окситоцин рецепторларының блокаторлары (атосибан), кальций каналдарының блокаторлары (нифедипин), гормондар (утрожестан), простагландинсинтетазы ингибиторлары (индометацин), магний сульфаты колданылады. Ем нәтижесін бақылап отырамыз , мезгілінен бұрын босану симптомдары байқалса стационарға жолдама береміз.

    20. Жүктілік 35-36 апта. Шағымдары жыныс жолдарынан 150-200 мл көлемінде алқызыл қанды бөлінді. Жатыр анық шекаралы, ауырсынусыз. Ұрықтың орналасуы ұзынабойлық, ұрық басы жамбас кіре берісінде. Жүрек соғысы анық 145 соққы/ мин. Жаймасында 7-7 cм алқызыл дақ. Жағдайды талдаңыз, болжам диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. Науқасты жағдайы қарау кезінде қанағаттанарлық дәрежелі. Науқас шағымдарын ,жыныс жолдарынан қан кетуін, ауырсынудың болмауын, ұрықтың орналасу деңгейін ескере отырып :

    Болжам диагноз: Жүктілік 35-36-апта. Қан кетумен асқынған плацентаның төмен орналасуы. Диагнозды жетілдіру және емнің нәтижелілігін арттыру мақсатында тексеру шараларын ұйымдастырамыз. Жалпы қарау: АҚҚ,пульс,сатурация және температура өлшеу. -аурудың шағымдары мен анамнезін жинау; Физикалық тексеру,яғни льеопольд әдісі бойынша ұрықтың орналасуын анықтау, іш айналымын өлшеу. Лабораторлық зерттеу:-ЖҚА,Коагулограмма, резус фактор және қан тобын анықтау. Инструментальды зерттеу: кіші жамбас ағзаларының УДЗ. Ұрықты УДЗ. Ұрық Дооплерометриясы Ем-шара: Режим: Қозғалысты шектеу Жедел түрде жедел кесарь тілігін жасау мақсатында 3 деңгейлі перинатальды орталыққа жолдаймыз.
    21. Алғаш жүкті әйел Н. 20 жаста, жүктілік мерзімі 7 – 8 апта, жүрек айну, құсу 10 рет күніне, дене салмағының 2 кг төмендеуі. Жағдайы қанағаттанарлық, апатия, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, АҚ 110/70 мм с.б.б., пульс 80 соққы минутына. Жалпы қан талдауы –қалыпты. Диурез өзгермеген. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз. Пациент жағдайы шағымдарын, клииникалық көрінісін және объективті тексеру нәтижелерін есепке ала отырып жағдайы орташа ауырлықты дәрежелі деп айтуға болады. Болжам диагноз: Жүктілік 7-8 апта. Жүктілік токсикоз,орташа дәрежелі. Диагнозды нақтылау және емдеу шараларын адекватты жүргізу үшін науқасқа лабораторлық және инструментальды зерттеулер жүргізілуі қажет. *-физикалық тексеру (дене салмағын бақылау). Науқастың алдынғы салмағын білсе сол салмақтан қаншалықты жоғалтқанын немесе емдеу барысында салмағын бақылап отыру қажет. Қосымша науқастан -ЖҚА;,-ЖНА;,-қанның биохимиялық талдауы (билирубин, қалдық азот, несепнәр, электролиттер - калий, натрий, хлоридтер, жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар, -трансаминазалар, глюкоза, креатинин)-құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ,,-бүйректің УДЗ Ұрық УДЗ.зерттеулерін жасау қажет. Емдеу – сулы-тұзды теңгерімді, метаболизмді, өмірлік маңызды ағзалардың қызметтерін қалпына келтіруге бағытталуы керек. Ем:

    Режим: І емдік-қорғау, теріс эмоцияларды жою. Емдәм: жеңіл сіңірілетін, дәруменге бай әртүрлі тағамдар. Тағамды аз мөлшермен жиі қабылдау. Қорытуға ауыр болатын өнімдерді – қақталған өнімдерді, майлы етті, ащы және тұзды тағамдарды тұтынуды шектеу (ДД III). Сусын: сілтілі – минералды газдалмаған су, шөп шайлар, лимон қосылған қою емес шай, бөлме температурасындағы немесе салқын сұйықтықтар ұсынылады. Имбирь қосылған шай. метоклопрамид 2 мл (10 мг) б/і немесе в/і күніне 1-2 рет – 5-7 күн Құсу тоқтаған кезде таблетка түріне өткіземіз. Бір рет амбулаториялық деңгейде су тұз алмасуын коррекциялау мақсатында трисоль (1000 мл), ерітінді, құты 500 мл; В/і енгізуіміз қажет. Ем шаралары қатаң бақылаумен жасалу қажет. Егерде жағдайы ауырлаған жағдайда бірден стационарлық емге жолдауымыз қажет.
    22. Алғаш жүкті әйел Л. 31 жаста, жүктіліктің 35 аптасы балтырда ісінудің болуымен емханаға келді. АҚ – 140/90 мм с.б.б., 150/100 мм с.б.б., зәрде ақуыз 1,0 г/л. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз. Науқас жағдайы қарау кезінде қанағаттанарлық дәрежелі. Науқас қан қысымынын 140/90-150/100мм.сын бағ,ісінулерді,протеинурияны есепке ала отырып науқасқа мынандай диагноз қойылды: Диагноз: Жүктілік 35 апта. Преэклампсия,жеңіл дәрежелі ауырлықта. Гипертензиялық бұзылыстар кезінде жүкті əйелдерге негізгі диагностикалық шаралар тізімі 2 аптада 1 рет немесе көрсетілім бойынша одан да жиі жүргізілуі қажет: 1. ЖҚА(Гемоглобин, гематокритті анықтау); 2. Тромбоциттер шоғырлануын анықтау; 3. Белоктың сыртқа шығу деңгейін анықтау; 4. Қан сарысуы креатининінің шоғырлануын анықтау; 5. Қан сарысуында зəр қышқылының шоғырлануын анықтау; 6. Сарысулық трансаминаздың қоюлығын анықтау;

    7. Сарысулық албуминді, лактатдегидрогеназды анықтау; 8. Коагуляция кескінін анықтау; 9. туғанға дейін ай сайын УДЗ . Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

    1. ЭКГ; 2. Қан тобын анықтау, Rh –фактор; 3. Мерезге серологиялық тексеру; 4. Зəрді бактериологиялық зерттеу; 5. Нечипоренко бойынша сынама; 6. Бүйректі УДЗ;

    7. Нефрологтың консультациясы; Клиникалық протоколға(2014) сәйкес жеңіл дәрежелі преэклампсияда арнайы емшара жасалмайды. АҚҚ 150/100 мм сын бағ болғандықтан ұзартылған әсерлі гипотензивті препараттарды тағайындауымызға болады және науқас келісімімен үйіне қайтарып немесе күндізгі стационарда бақылауға аламыз. Бақылау тығыз болуы шарт. Егерде асқыну байғалған жағдайда жедел түрде магнезиялық терапия жасап стационарға жеткізу қажет. Науқасқа ем-шара:

    Режим: шектелген жартылай төсектік режим,стресс көңіл күй бұзылыстарынан аулақ болу Диета: #7 белок көмірсуларға бай тағамдарды,тұзды шектеу. Лимон-жалбыз қосылған шайларды ішу,газды сусындарды шектеу.

    Метилдопа-250 мг нан күніне 3рет ішке тағайындаймыз.

    23. Босанғаннан кейін 3 тәулікте 23 жастағы науқас температурасы 38,5С, сол жақ сүт безінде ауру сезім,әлсіздікке шағымданды.Жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ сүт безі сыртқы-жоғарғы квадранты гиперемирленген, тығыздалған, ауру сезімді.Жалпы қан талдауы: лейкоциттер-13000,Hb-120г/л, нейтрофильдердің солға ығысуы, ЭТЖ- 35 мм/cағ. дейін. Мүмкін болатын диагноз қойыңыз.

    Науқасты қарау кезінде жағдайы интоксикация синдромына, гипертермияға, ауырсыну синдромына байланысты орташа дәрежелі ауырлықта. Дене температурасының 38,50С болуы,жергілікті тығыздалу гиперемиясы және ауырсынуына,интоксикация синдромының айқын болуына байланысты : Болжам диагноз: Сол жақты жедел лактациялық іріңді мастит? Диагнозды жетілдіру және емнің нәтижелілігін арттыру мақсатында тексеру шараларын ұйымдастырамыз. Жалпы қарау: АҚҚ,пульс және температура өлшеу. Жергілікті екі жақты сүт бездері пальпациясы,регионарлық лимфа түйіндерінің пальпациясы. Инструментальды зерттеу: Сүт бездері УДЗ.

    Лабораторлық зерттеу:ЖҚА,ЖЗА және Сүтті бак. Егу Ем-шара: Режим: емдік-сақтандыру, күйзелісті шектеу. Диета:15 стол Флюктуация симптомы оң болып, УДЗ бойынша ірің анықталса стационарға жедел жолдама беріп хирургиялық емге жолдаймыз. Хирургиялық ем: жергілікті анестезия арқылы іріңдікті ашып,дренаждап ары қарай антибактериальды ем,ауырсыну басушы ем,дезинтоксикациялық ем жасалып іріңді хирургия бөлімінде жатады. Егерде инфильтративті мастит болса: Ибупрофен -200мг нан күніне 2-3 рет 5күнге ішке тағайындалады Цефазолин 1г*новокаин 5.0 күніне 3реттен б/е 10 күнге тағайындалады Сызатты емдеу мақсатында жиі емізікті жылы калий перманганаты қосылған қызғылт сумен жуу және медела жақпа майын жағу ұсынылады. Науқасқа жарақаттанған емшекпен емізбеуді түсіндіріп,емнің нәтижелігін бақылап отырамыз. Егерде ем нәтиже бермесе хирургиялық емге жолдау қажет. Консультация: хирург.

    24. 20 жастағы әйел емханаға есепке тұруға келді. Өзін жүктімін деп санайды (етеккірі 10 күнге кідірген). Обьективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Іші пальпация жасағанда жұмсақ, ауырсыну жоқ. АҚ 120/80 мм с.б., пульсі 72 рет/мин. Гинекологиялық зертеуде: жатыр қалыпты мөлшерде, оң жақ қосалқылары ұлғайған, қынаптың кілегей қабатында цианоз байқалады. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз. Науқасты қарау кезінде жағдайы қанағаттанарлық дәрежелі. Науқас шағымдарын,физикалық тексеру нәтижелеріне сүйене отырып : Болжам диагноз: Жатырдан тыс жүктілік. Оң жақ түтіктік,үдеуші формасы. Диагнозды жетілдіру және емнің нәтижелілігін арттыру мақсатында тексеру шараларын ұйымдастырамыз. Жалпы қарау: АҚҚ,пульс және температура өлшеу. Екі жақты сүт бездері пальпациясы,гинекологиялық тексеру,Динамикада ұлғайған қосалқылар пальпациясы. Негізгі диагностикалық шаралар: *- Жатыр мойнын айнаның көмегімен қарау; *- Бимануальды зерттеу

    - Қанның жалпы анализі (гемоглабин, лейкоцитарлық формула, ЭТЖ); *- Зəрдегі ХГ-ні анықтау бойынша иммунды тестілік əдіс (жүктіліктің қалыпты өту кезінде ХГ деңгейі 48 сағат сайын 66 ℅-ке ұлғайды. Дефференциальды диагностика жүргізген кезде қан сарысуындағы ХГ деңгейін жəнеУДЗ нəтижесін ескеру аса қажет. ХГ қан сарысуында 1000 МЕ/мл - ден жоғары болғанда, УДЗ негізінде жатыр қуысында ұрықтық аналық бездің болмауы кезінде 100℅ жағдай эктопикалық жүктілік екенін дəлелдейді).

    - УДЗ диагностикасы; Қосымша:- Қандағы прогестеронды анықтау бойынша иммунді тестілік əдіс; *- Диагностикалық лапароскопия стационарлық деңгейде жасауға болады

    Ем-шара: Режим: емдік-сақтандыру, күйзелісті шектеу.Диета:15 столАппендицит, түсік түсіру қаупі,жатырлық жүктіліктен ажыратпа диагностикасын жүргізіп,Диагноз расталған жағдайда стационарға хирургиялық емге шұғыл немесе жоспарлы түрде жолдау қажет. Консультация: хирург.

    25. Алғаш жүкті әйел Д. 25 жаста, жүктілік мерзімі 11– 12 апта, жүрек айну, құсу 10 рет күніне, дене салмағының 2 кг төмендеуі. Жағдайы қанағаттанарлық, апатия, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, АҚ 110/70 мм с.б.б., пульс 80 соққы минутына. Жалпы қан талдауы –қалыпты. Диурез өзгермеген. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз. Пациент жағдайы шағымдарын, клииникалық көрінісін және объективті тексеру нәтижелерін есепке ала отырып жағдайы қанағаттанарлық дәрежелі деп айтуға болады. Болжам диагноз: Жүктілік 11-12 апта. Жүктілік токсикоз,орташа дәрежелі. Диагнозды нақтылау және емдеу шараларын адекватты жүргізу үшін науқасқа лабораторлық және инструментальды зерттеулер жүргізілуі қажет. *-физикалық тексеру (дене салмағын бақылау). Науқастың алдынғы салмағын білсе сол салмақтан қаншалықты жоғалтқанын немесе емдеу барысында салмағын бақылап отыру қажет. Қосымша науқастан -ЖҚА;,-ЖНА;,-қанның биохимиялық талдауы (билирубин, қалдық азот, несепнәр, электролиттер - калий, натрий, хлоридтер, жалпы ақуыз және ақуыздық фракциялар, -трансаминазалар, глюкоза, креатинин)-құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ,,-бүйректің УДЗ Ұрық УДЗ.зерттеулерін жасау қажет. Емдеу – сулы-тұзды теңгерімді, метаболизмді, өмірлік маңызды ағзалардың қызметтерін қалпына келтіруге бағытталуы керек. Ем: Режим: І емдік-қорғау, теріс эмоцияларды жою. Емдәм: жеңіл сіңірілетін, дәруменге бай әртүрлі тағамдар. Тағамды аз мөлшермен жиі қабылдау. Қорытуға ауыр болатын өнімдерді – қақталған өнімдерді, майлы етті, ащы және тұзды тағамдарды тұтынуды шектеу (ДД III). Сусын: сілтілі – минералды газдалмаған су, шөп шайлар, лимон қосылған қою емес шай, бөлме температурасындағы немесе салқын сұйықтықтар ұсынылады. Имбирь қосылған шай. метоклопрамид 2 мл (10 мг) б/і немесе в/і күніне 1-2 рет – 5-7 күн Құсу тоқтаған кезде таблетка түріне өткіземіз. Бір рет амбулаториялық деңгейде су тұз алмасуын коррекциялау мақсатында трисоль (1000 мл), ерітінді, құты 500 мл; В/і енгізуіміз қажет. Ем шаралары қатаң бақылаумен жасалу қажет. Егерде жағдайы ауырлаған жағдайда бірден стационарлық емге жолдауымыз қажет.

    1   2   3


    написать администратору сайта