Главная страница

тест. A бронхоспазм


Скачать 444.57 Kb.
НазваниеA бронхоспазм
Дата16.12.2022
Размер444.57 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаkaz.docx
ТипДокументы
#848096
страница3 из 30
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Науқас М атты 60 жастағы ер адам медициналық тексерілуге келді. АҚ 150/90 мм.сб. Қауіп тобы бойынша қай топқа жатады?

A) қауіп жоқ

B) төменгі қауіп

C) орта қауіп

D) өте жоғарғы

E) жоғарғы қауіп

ANSWER: B

Науқас М., эпигастрий аймағының ауырсынатынына шағымданды, оң жаққа таралады, түнгі мерзімде мазалайды, сүт ішкенде басылады. Пилородуаденалды аймақты ұстағанда ауырады. Болжамалы диагнозыңыз:

A) асқазанның жара ауруы

B) созылмалы панкреатит

C) созылмалы холецистит

D) 12-елі ішектің жара ауруы

E) ұйқы безінің қатерлі ісігі

ANSWER: A

Науқас сатыдан құлап кеткендігі белгілі. Кома, брадикардия. Брадипноэ. Айқын анизокория. Патологиялық табан белгілері. Мұрыннан қан кету іздері. Сіздің диагнозыңыз

A) ми соғылуының жеңіл дəрежесі

B) ми соғылуының ауыр дəрежесі

C) ми соғылуының орта ауырлықты дəрежесі

D) бас сүйектің күмбезі мен негізінің сынуы

E) субдуральды гематома

ANSWER: B

Науқас сол жақ қабырға тұсына қатты соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарағанда: терісі бозарған, тахикардия және гипотония анықталады, перкуторлы қарабауры ұлғайған, пальпацияда ішінің сол жақ аумағы ауырсынады, іш пердесінің тітіркену симптомы теріс. Науқаста болуы мүмкін:

A) Бауырдың жаншылуы

B) Көкбауырдың капсуласының жыртылуы

C) Іш қуысы қабырғасының жаншылуы

D) Көлдеңен тоқ ішектің жыртылуы

E) Сол бүйректің жаншылуы

ANSWER: B

Науқас сол жақ қабырға тұсына қатты соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарағанда: терісі бозарған, тахикардия және гипотония анықталады, перкуссияда көкбауыры ұлғайған, пальпацияда ішінің сол жақ аумағы ауырсынады, іш пердесінің тітіркену симптомы теріс. Науқаста болуы мүмкін:

A) Бауырдың жаншылуы

B) Көкбауырдың капсуласының жыртылуы

C) Іш қуысы қабырғасының жаншылуы

D) Көлденең тоқ ішектің жыртылуы

E) Сол бүйректің жаншылуы

ANSWER: B

Науқаста анурия 24 сағаттан бері. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) зәр жолдарының обструкциясы

B) шокты бүйрек

C) жедел бүйрек жеткіліксіздігімен асқынған жедел токсикалық нефрит

D) созылмалы гломерулонефриттің асқынуы

E) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі терминальды сатысы

ANSWER: A

Науқаста жүрек маңында күйдіріп ауырсыну, жалпы әлсіздік, суық тер пайда болды. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның артқы–төменгі қабырғасының миокард инфарктісі анықталды, бұл өзгеріс қай тіркемеде байқалады?

A) І, AVL

B) V1-V2

C) I, AVL, V5-V6

D) III, AVF

E) V3-V4

ANSWER: D

Науқаста кеуде артындағы ұстама тәрізді ауырсыну және орта жастағы ер адамдарда эпигастрий аймағындағы ауырсынуларда, диагностиканы неден бастау қажет:

A) гастродуоденоскопия

B) уропепсинге зәрді тексеру

C) ЭКГ

D) рентгеноскопия АІЖ

E) асқазанды зондтау

ANSWER: C

Науқаста симпатоадреналді криз. Ауруханаға дейінгі этапта таңдамалы ем қандай:

A) Дегидратациялаушылар

B) Тырысуға қарсы дәрілер

C) Холинолитиктер

D) Симпатолитиктер

E) Кардиотониктер

ANSWER: D

Науқаста сірке суымен уланғаннан кейін дауысының қырылдауы, тыныс алудың қиындауы, тұншығу сезімі анықталады. Шұғыл жасалатын іс әрекет.

A) 4% натрий гидрокарбонат ерітіндісін асқазан зонды арқылы енгізу

B) аснтигистаминді препараттарды н/е эуфиллинді парентеральды

C) кордиамин және кофеин енгізу

D) трахея интубациясын н/е көрсеткіш болған жағдайда коникотомия жасау

E) оротрахеальды ауа өткізгішті енгізу

ANSWER: D

Науқас төс артындағы жұтынған кезде күшейетін ауырсынуға, гиперсаливацияға шағымданады. Сөйлеуі тыныш, баяу, бас қозғалысы шектеулі. Объективті: гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты, дене температурасы - 36.7 град.С. Сіздің диагнозыңыз

A) диафрагма өңеш бөлімінің жарығы

B) кардиоспазм

C) өңеш дивертикулдары

D) фарингальды абсцесс

E) өңештегі бөгде дене

ANSWER: E

Науқастың қатты басы ауырып, әлсіздікке шағымданады. Шақыртуға келген жедел жәрдем дәрігері қарағанда: склера тамырларының бір жағы қызарған. Пальпаторлы: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайған. Бауыр мен көкбауырдың ұлғайғаны байқалады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Бадамша бездері нүкте және аралшалар түріндегі ақшыл болбыр жабынмен жабылып, ұлғайған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Реовирусты инфекция орташа ауырлықта

B) Аденовирусты инфекция орташа ауырлықта

C) Риновирусты инфекция орташа ауырлықта

D) Парагриппозды инфекция орташа ауырлықта

E) Микоплазмалы инфекция орташа ауырлықта

ANSWER: B

Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюссе симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін

A) созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

B) жедел аппендециттің

C) өт қабы дискенезиясының гипотониялық түрі

D) созылмалы токсикалық гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі

E) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

ANSWER: E

Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюссе симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін

A) созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

B) жедел аппендециттің

C) өт қабы дискенезиясының гипотониялық түрі

D) созылмалы токсикалық гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі

E) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

ANSWER: E

Өкпе абсцессі бар науқаста антибиотикотерапияның бастауында кенеттен әлсіздік және мұздай тер пайда болды. АҚ-70/30 мм.рт.ст. ЖСС 120 мин.Қандай асқыну болуы мүмкін?

A) Пневмоторакс

B) бактериальді токсикалық шок

C) Пульмоногенді сепсис

D) қан кету

E) Респираторлы-дистресс синдромы

ANSWER: B

Өкпе іріңдігі бар науқаста жөтелгенде кеуденің оң жағында кенеттен ауырсыну пайда болады, ентігудің үдеуі, мұздай тер,кеуденің оң жағында қорап тәрізді дыбыс. Абсцесстің қандай асқынуы туралы ойлауға болады.

A) Пневмоторакс

B) Респираторлы-дистресс синдромы

C) Бактериемиялық шок

D) сол өкпені зақымдануы

E) Кеуде торының флегмонасы

ANSWER: A

Өкпенің іріңдеуі бар науқаста жөтел кезінде кеуденің оң жақ аймағында кенеттен ауырсыну, ентігу, суық тер, оң жақта қорапша дыбысы, тыныс алу естілмейді. Абсцесстің қандай асқынуы туралы ойлану керек?

A) Кеуде қабырғасының флегмоны

B) Респираторлы-дистресс синдром

C) Бактериемиялық шок

D) Пневмоторакс

E) Қарама-қарсы өкпенің зақымдануы

ANSWER: D

Өкпенің іріңдеуі бар науқаста жөтел кезінде кеуденің оң жақ аймағында кенеттен ауырсыну, ентігу, суық тер, оң жақта қорапша дыбысы, тыныс алу естілмейді. Абсцесстің қандай асқынуы туралы ойлану керек?

A) Қарама-қарсы өкпенің зақымдануы

B) Пневмоторакс

C) Респираторлы-дистресс синдром

D) Бактериемиялық шок

E) Кеуде қабырғасының флегмоны

ANSWER: B

Өкпенің көптеген абсцессі бар науқаста өкпенің ісіну белгілері байқалады-цианоз, ентігу, мол қақырықпен жөтел, өкпенің барлық бетінде ылғалды сырылдар және крепитация. Абсцесстің қандай асқынуы туралы ойлану керек?

A) Пневмония

B) Респираторлы-дистресс синдром

C) Бактериалды шок

D) Пульмогенді сепсис

E) Пневмоторакс

ANSWER: D

Өкпенің көптік абсцессі бар науқаста өкпе ісіну белгілері анықталады-цианоз, ентігудің үдеуі,көп мөлшердегі қақырықпен жөтел, өкпенің барлық бетінен ылғалды сырылдар. Абсцесстің қандай асқынуын ойлауға болады

A) Пневмоторакс

B) Пульмогенді сепсис

C) Респираторлы-дистресс синдромы

D) Пневмония

E) Бактериальді шок

ANSWER: B

Орта жастағы адамдар тобында, жағдайды ауырлататын факторларсыз, терең күйіктер қандай ауқымды алған кезде күйіктік шок дамиды:

A) дене бетінің 20% жоғары

B) дене бетінің 30% жоғары

C) дене бетінің 5%

D) дене бетінің 10%

E) дене бетінің 15%

ANSWER: D

Өрт сөндіру кезінде 32 жастағы науқаста қысқа мерзімді есінен айрылу, қозу және құрысу болды. Қарау кезінде: АҚ-170/100 мм.с.ст., ЧС 110 минутына. Дәрігердің тактикасы:

A) ерте және мол оксигенотерапия, сірке қышқылы буындарын жұту, бемегрид, кордиамин, токсикология бөліміне жедел жеткізу

B) асқазанды жуу, бемегрид, кордиамин, оттегімен ингаляция токсикология бөліміне жедел жеткізу

C) ерте және көлемді оксигенотерапия, к/т 5% глюкозаны, 0,5% новокаин және шұғыл токсикологиялық бөлімге жеткізу

D) асқазанды қайта жуу, налоксон в / в, кордиамин токсикология бөліміне жедел жеткізу

E) асқазанды көп мөлшерде кордиамин, аминазин, оттегімен ингаляция жасау токсикология бөліміне жедел жеткізу

ANSWER: C

Регидратация баланың құсу мен іш өтуі тоқтағанша жүргізіледі. Баланың жағдайы жақсарғанның өзінде диарея қалатын болса, әр үлкен дәреттен кейін балаға суды (ішуге) қандай есеппен беру қажет:

A) 20 мл/кг

B) 30 мл/кг

C) 10 мл/кг

D) 50 мл/кг

E) 5 мл/кг

ANSWER: C

Сiзге, ашқарында және тамақтан 1,5-2 сағаттан кейiн эпигастрий аймағының ауырсынуы мазалайтын науқас қаралды. Бұл симптом қай аурудан күдiктендiредi?

A) созылмалы гастриттен

B) холециститтен

C) асқазан жара ауруынан

D) панкреатиттен

E) он екі елi ішектiң жара ауруынан

ANSWER: E

Саяжайда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, құрылысшының қол ұшына бөрене түсіп кетті. Ісіну, қатты ауырсыну, қол ұшының деформациясы және сүйектен қытырлаған дыбыстың шығуы қолдың сынғандығын көрсетеді. Сізге алғашқы медициналық көмек көрсету керек. Сіздің көмек көрсету үшін жасайтын іс-әрекетіңіз қандай?

A) Ауырсынуды басатын дәрі беру

B) Алақанына оралған мақта-дәкелік валик немесе доп қою

C) Білек пен қол ұшынжәнесаусақтың соңынан бастап білектің ортасына дейін таңып тастау

D) Білек пен қол ұшын шинамен бекіту, саусақтың ұшынан бастап білектің ортасына дейін

E) Жараны залалсыздандыратын ерітіндімен сүрту

ANSWER: D

Саяжайда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, құрылысшының қол ұшына бөрене түсіп кетті. Ісіну, қатты ауырсыну, қол ұшының деформациясы және сүйектен қытырлаған дыбыстың шығуы байқалады. Сіздің алғашқы болжам диагнозыңыз:

A) Шығу

B) Сыну

C) Соққы алу

D) Сіңір созылу

E) Басылу

ANSWER: B

Сіз жедел жәрдем дәрігерісіз. 0,5 сағат алдын кайнаған суы бар каструляны үстіне төгіп алған 5 жасар балаға келдіңіз.Бала бозарған ,айкайлайды , акроцианоз және бір рет құскан. Денесінің алдынғы жағы және гиперемияланған эпидермисі ажыраған, кейбір аумақтарда жараның беті акшыл.Сіздің диагнозыңыз? Алғашқы көмек көрсетіңіз.

A) Күйіктік ауру ,күйіктік шок кезеңі. Ауырсынуды басу,жылы су беру новокаинмен асептикалық танғыш баланы хирургиялық стоционарға жеткізу(жедел жәрдем станциясында инфузиялық терапияны бастайды).

B) Күйіктік ауру ,күйіктік шок кезеңі. Ауырсынуды басу ,жылы су беру новокаинмен асептикалық танғыш баланы хирургиялық стоционарға жеткізу

C) Күйіктік шок .Күйіктік ауру

D) Ауырсыздандыру, жылы су беру

E) Термиялық күйік II дәреже Ауырсынуды басу ,жылы су беру новокаинмен асептикалық танғыш баланы хирургиялық стоционарға жеткізу(жедел жәрдем станциясында инфузиялық терапияны бастайды).

ANSWER: A

Созылмалы обструктивті бронхит және өкпе текті жүрек белгілері бар науқаста қарыншалық тахикардияның пароксизмі пайда болды. Пароксизмді басу үшін препаратты көрсетіңіз:

A) Пропранолол

B) Верапамил

C) Дигоксин

D) Лидокаин

E) Панангин

ANSWER: B

Созылмалы обструктивті бронхитпен ауыратын 60 жастағы науқаста соңғы уақытта жүрекшенің жыпылықтауы пароксизмді түрімен ауысты. Пароксизмнің алдын алу үшін қандай препаратты тағайындауға болмайды:

A) обзидан

B) коринфар

C) дигоксин

D) кордарон

E) новокаинамид

ANSWER: A

Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуральды миокард инфарктісі бар науқас 3-ші аптада ЭКГ көрсеткендей, кеуде V1-V4 тіркемелерінде ST сегментін жоғарылауы,тропонинінің жоғарылауы сақталды. Бұл жағдайды қалай дұрыс бағалауға болады?

A) Дресслер синдромы

B) эпистенокардтық перикардит

C) қайталама миокард инфарктісі

D) миокард тыртығының қалыпты сатысы

E) жүрек аневризмасы

ANSWER: E

Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуральды миокард инфарктісі бар науқаста 3-ші аптада ЭКГ - да V1-V4 кеуде бұрылыстарында ST сегментінің элевациясы анықталды, жүрек тропонині деңгейінің жоғарылауы сақталған. Бұл жағдайды қалай дұрыс бағалауға болады?

A) Дресслер синдромы

B) жүрек аневризмасы

C) эпистенокардиялық перикардит

D) миокардтың қайталанған инфарктісі

E) миокард тыртығының қалыпты сатысы

ANSWER: B

Сол қарыншаның төменгі-диафрагмалды бөлігінің жіті интрамуральды инфарктісі бар науқаста толық АВ блокада дамыды. ЧС-минутына 52. АҚ 120/70 мм.сын.бағ. дұрыс тактиканы таңдаңыз:

A) бета-адреностимуляторларды қолдану

B) шұғыл электрокардиостимуляция

C) глюкокортикоидтарды қолдану

D) салуретиктерді қолдану

E) динамикалық бақылау

ANSWER: E

Стенокардиямен ауыратын 42 жастағы науқаста алғаш рет 30 минутқа созылатын, сол жақ жаққа берілетін, төс артындағы айқын ауырсынулар мазалайды. Тіл астына 5 минуттық үзіліспен нитроглицериннің 2 таблеткасын және аспириннің 1 таблеткасын қабылдады. Ауырсыну төзімсіз бола бастады. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ауырсыну ұстамасын басу үшін қандай емдік шаралар оптималды

A) Нейролептаналгезия

B) Оксигенотерапия

C) Бета-блокаторлар

D) Тіл астына нитроглицериннің 1 таблеткасы

E) К/т тамшылатып нитроглицерин енгізу

ANSWER: A

Стенокардия ұстамаларының айқындылығы мен жиілігінің азаюы, систолалық артериялық қысымның бастапқы қан қысымының 10-15% - ға төмендеуі, ЖСС минутына 7-10-ға көтерілуі, миокард ишемиясы белгілерінің жоғалуы қандай топтағы препараттарға жатады?

A) кордаронға

B) В-адреноблокаторларға

C) нитраттарға

D) кальций антагонистеріне

E) калий арналарының активтенуі

ANSWER: C

Тахи-брадикардия фонында қысқа уақытта есінен таңу,тыныстың, қан тамыр соғысының жоғалуы, қан қысымының төмендеуі, терінің бозаруы, құрысулар, еріксіз зәрдің бөлінуі және жалпы жағдайының өз бетінше қайта қалпына келуімен жүретін жағдай:

A) Қарыншалардың дефибрилляциясы

B) Гипергликемиялық жағдай

C) Эпилептикалық статус

D) Морганьи-Эдамс-Стокс синдромы

E) Ортостатикалық коллапс

ANSWER: D

Төмендегі ауру үшін жүректегі ауырсынуды басу үшін, 1-5 минут ішінде пероралды нитроглицеринді қабылдау тән:

A) Перикардит

B) Қолқаның қабаттасқан аневризмасы

C) Миокард инфарктісіне

D) Тұрақсыз стенокардияға

E) Тұрақты стенокардияға

ANSWER: E

Тыныс алғанда прекардиалды аймақта ауырсыну сезімінің күшеюі, ұзаруы, инспираторлы ентігу, жүрек тондарының тұйықталуы, тахикардия, мойын веналарының ісінуі, сегментінің барлық тіркемелерде жоғарлауымен көрінетін клиникалық жағдай:

A) Перикардит

B) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

C) Эндокардит

D) Миокардит

E) Айналмалы миокард инфарктысы

ANSWER: A

Ұзак уақыттан бері АГ ауыратын 67 жастағы науқаста гипертониялық криз нәтижесінде субарахноидальды қан құйылу пайда болды. Гипотензивті терапияны қай препараттан бастау керек:

A) бисопролол

B) лазикс

C) клофелин

D) номодипин

E) нитроглицирин

ANSWER: D

Феохромоцитомасы бар науқастың AҚҚ төмендету үшін лайықты препаратты ата

A) Нитроглицерин

B) Нитропруссид

C) Пентамин

D) Фентоламин

E) Индерал

ANSWER: D

Феохромоцитомасы бар науқастың AҚҚ төмендету үшін лайықты препаратты ата:

A) Нитропруссид

B) Фентоламин

C) Нитроглицерин

D) Пентамин

E) Индерал

ANSWER: B

Шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігін жолда тоқтатып, көшеде жатқан жәбірленушіге көмек көрсетуді талап етсе, жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс әрекетін таңдаңыз:

A) Тоқтап, жәбірленушінің бар екендігіне көз жеткізу, өз әрекетін аға дәрігермен келісіп, науқасқа жедел жәрдем көрсету

B) Диспетчер арқылы шақыртуды басқа жедел жәрдем бригадасына хабарлау

C) Тоқтап көмек көрсете алмайтынын түсіндіру және басқа жедел жәрдем бригадасын шақыртуды ұсынып, кетіп қалу

D) Тоқтамай, қасынан өтіп кету

E) Болған жағдайды диспетчерге хабарлап, жанынан өтіп кету

ANSWER: A

Шақыртуға барып науқасты қарау кезінде: тері жамылғылары бозғылт, терлеген. Мойын көктамырлары ісінген. АҚҚ - 180/100 мм.сб.б. (бірінші сағаттарда Жүрек перкуссиясы кезінде тамыр шоғырының кенейгені анықталады. Аускультативті: қолқа жолдарында систоликалық шу, (қолқа регургитациясының ерте диастоликалық шуы). Пульс ассимитриясы, тахикардия. Пальпаторлы: іші жұмсақ, пульсті түзіліс анықталады. Тропонинмен экспресс сынама теріс. ЭКГ-да: коронарлы жетіспеушілік белгілері, миокардтағы ошақты өзгерістер. Қарыншаның гипертрофиясы. ЭКГ-дағы өзгерістер мен көрсетілген симптомдардың себептері не болуы мүмкін?

A) Гипертоникалық ауру

B) Гипертониялық криз

C) Тұрақсыз стенокардия

D) Қолқаның қабаттасқан аневризмасы

E) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

ANSWER: D

ЭКГ-мониторлы бақылаумен жүрген науқаста кенеттен естің жоғалуы, көз қарашықтарының кенеюі пайда болды. Тері жамылғылары боз-сұр түсті. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары бұзылған. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 600 рет. Науқастағы мүмкін болатын себебі не?

A) Қарыншаның жыбыры

B) Қарыншалық аритмиялар

C) Қарыншалық тахикардия

D) Жыбыр аритмиясы

E) Қарынша фибрилляциясы

ANSWER: E

Экзогенді интоксикацияға күдік туғанда немесе улануға шақырту кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық комплекс ретінде тағы қандай диагностикалық шара жүргізіледі.

A) ЭКГ регистрациясын жасау

B) Асқазан РН тексеру

C) Қандағы токсикалық заттарды анықтау

D) ЦВД өлшеп анықтау

E) Асқазан шайындысындағы токсикалық заттарды анықтау

ANSWER: A

Эклампсиясы бар науқаста клоникалық құрысулар кезеңінде дәрігердің тактикасы:

A) литикалық қоспаны енгізу

B) зақымданулардың және тілін тістеудің алдын алу

C) оксигенотерапия

D) ингаляционды кезең

E) бровкин бойынша магнезиальді терапия

ANSWER: B

Электрожарақат салдарынан қысқа уақытқа есінен таңған зардап шегушіге жедел жәрдем дәрігері барғанда: жағдайы қаңағаттанарлық, есі анық, шағым айтпайды, АҚҚ-120/75 мм.с.б.б., тамыр соғысы 80 рет минутына. Дәрігердің тактикасы:

A) 3-4 күнге жұмыстан босату

B) Стационарға тасымалдау

C) Жұмыс орнына жіберу

D) Зардап шегушіні бақылау

E) Седативті препараттарды тағайындау

ANSWER: B

Эндокринологиялық бөлімге дәрігер шақырылды. Науқас 25 жаста санасын жоғалтқанына 30 минут болған, қант диабетінің І түрімен ауырады, тері жамылғысы ылғалды, тыныс алуы минутына 16 рет, ҚҚ 160/90 ЖСЖ минутына 95 рет, бұлшық еттерінің жыбырлы жиырылуы байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

A) гипогликемиялық кома

B) гиперосмолярлы кома

C) гиперлактоацидозды кома

D) ми қан айналысының жедел бұзылысы

E) кетоацидозды кома

ANSWER: A

18 жастағы науқаста артериальді гипертензия анықталды (АҚ қолдарында 180/120 мм сн бн., аяғында 120/80 мм сн бн.)Сіздің болжам диагнозыңыз.

A) Аорта коарктациясы

B) Артериальді гипертензия

C) Реноваскулярлы гипертония

D) Феохромоцитома

E) Конн синдромы

ANSWER: A

38 жастағы үдемелі коронарлы жетіспеушілігі бар науқас ЭКГ-сында: синусты ритм, РQ интервалының біртіндеп ұзаруы мен бірге QRS комплексінің төмендеуі анықталды. Бұл науқасқа қандай препаратты тағайындауға болмайды.

A) Гепарин

B) Нифедипин

C) Изокет

D) Финоптин

E) Нитросорбит

ANSWER: D

3 айдан 1 жасқа дейінгі балаларда асқазанды шаюға қанша сұйықтық керек

A) 200-500 мл сұйықтық

B) 500 мл - 1 л сұйықтық

C) 1-1.5 л сұйықтық

D) 1.5-2 л сұйықтық

E) 2.0-2.5 л сұйықтықтар

ANSWER: B

III - IV дәрежелі стенозирлеуші ларингитте шұғыл жәрдем:

A) бұлшықетке және тамыр ішіне антиоксиданттар енгізу

B) бұлшықетке гормональды препараттар енгізу

C) асқазанды зондтау

D) трахея интубациясы немесе коникотомия

E) жатқызып тасымалдау

ANSWER: D

III дәрежелі үсікке тән:

A) Терінің барлық қалыңдығының некрозы

B) Эпидермис некрозы

C) Кулдіреуіктер көпіршіктерден бастап ішіндегі геморрагиялық суйықтықпен

D) Перифериялық қан айналымының қайтымды бұзылуы

E) Терінің қызаруы

ANSWER: C

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


написать администратору сайта