|
A фолликуланы_ персистенциясы. A фолликуланы персистенциясы
5 жасар қызда екі жақты шап жарығы бойынша жасалған операция кезінде жарық ата бездері табылған, құрсақ ішіне салынған. Диагнозы?
A) гонадтардың дисгенезиясының таза түрі
B) гонадтардың дисгенезиясының аралас түрі
C) шын гермофродитизм
D) тестикулярлы феминизация синдромы
E) гонадтардың дисгенезиясының типті түрі
ANSWER: A
5 жастағы қыздапневмониядан кейін жыныс жолдарынан көптеген бөлінділер, қышу және вульваның гиперемиясы пайда болды. Диагнозы?
A) бактериальдық вульвит
B) атопиялық вульвит
C) вирусты вульвит
D) микотикалық вульвит
E) энтеробиоз
ANSWER: A
5 жастағы қыздың жағындысында ішінде және торшадан тыс грамм теріс диплококктар табылған. Тактикасы?
A) соз диагнозын қойып, шұғыл хабарлама қағаз жіберу
B) бактериальды егуге КВД жіберу
C) әдеттегі набой бойынша вульвовагинитті емдеу
D) ПЦР әдісімен созға зерттеу жүргізу
E) бүкіл жанұясын созға тексеру
ANSWER: A
9 жастағы қызда сүт бездерінің өсуі басталды. Бұл фактіні қалай бағалауға болады?
A) мезгілінен бұрын жыныстық дамуы, толық түрі
B) қалыпты пубертат
C) жеке телархе
D) жыныстық дамудың кідіруі
E) үдетілген пубертат
ANSWER: A
HELLP- синдромның диагностикалық белгісі:
A) Трансаминазаның 10-15 рет және одан көп күрт артуы (АСТ, АЛТ);
B) Трансаминазаның күрт төмендеуі (АСТ, АЛТ);
C) Трансаминазаның қалыпты мәні;
D) Лейкоциттер деңгейінің 10-15 ретке төмендеуі;
E) Лейкоциттер мен трансаминаза деңгейінің жоғарылауы.
ANSWER: A
III дәрежелі бұтарасы жыртылуын тігудің бірінші кезеңі:
A) Қынап сілемейін қалпына келтіру;
B) Бұтарасы бұлшықетіне тігіс салу;
C) Тік ішек сфинктерін қалпына келтіру;
D) Тік ішек қабырғасы жыртылуын тігу;
E) Бұтарасы терісіне тігіс салу.
ANSWER: D
Sadovsky әдістемесі бойынша әйел тамақ ішкеннен кейін бір сағат ағымында нәрестенің қанша рет қозғалғанын сезіне алуы тиіс?
A) Екі;
B) Үш;
C) Төрт;
D) Бес;
E) Оннан астам.
ANSWER: C
Аденомиоз термині қолданылады:
A) Жатырдың ішкі қабатында тек эндометроидты тіннің ошақты өсуінде;
B) Кез келген жағдайда эндометриозды анықтау орналасуына байланысты емес;
C) Миометрияның өсуі бұлшықет тіндерінің гиперплазиясымен бірге дамығанда;
D) Киста пайда болатын эндометриозда;
E) Тек ретроцервикальды эндометриозда.
ANSWER: A
Алғаш босанушы М., 22 жаста, жүктіліктің 40 апта 2 күндік мерзімінде басталған босану үстінде және босану 9 сағатқа созылуда. Енді ғана ашық түсті, орташа мөлшерде шарана маңы суы кетті, күшті толғақ басталды. Іш шеңбері - 98 см, жатыр түбі биіктігі - 29 см, жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см, нәрестенің жатуы ұзына бойы, басы кіші жамбаста үлкен сегментпен тірелген. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 рет. Қынаптық тексеру: қынап босанбаған әйелдікі, жатыр мойнағы жазылған, жатыр ернеуі толық ашылған, шарана қабы жоқ. Жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сегізкөзге жақын, үлкен еңбек оң жақта қасағаға жақын. Екі еңбек те бір деңгейде жатыр. Сегізкөз ойығының жоғары жартысы және қасаға байламының ішкі беткейінің үштен екісін нәресте басы алып жатыр. IV және V сегізкөз омыртқалары және шонданай қылтасы еркін сезіледі. Нәрестенің жату сипаты, позиция және жату түрі:
A) Шүйдесімен келу, артқы түр, I позиция;
B) Төбесімен келу, алдыңғы түр, I позиция;
C) Шүйдесімен келу, артқы түр, II позиция;
D) Төбесімен келу, артқы түр, I позиция;
E) Маңдаймен келу, артқы түр, I позиция.
ANSWER: A
Алғаш босанушы М., 23 жаста, жүктілік мерзімі 39 апта, толғақ басталғаннан кейін 7 сағаттан соң күшті толғақ басталды. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 136 рет. Қынаптық тексеру: жатыр ернеуі толық ашылған, шарана қабы бүтін, амниотомия жасалды, ашық түсті қағанақ маңы суы төгілді. Басымен келген, жебе тәрізді жік көлденең өлшемде, қасағаға қарай ығысқан. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Нәрестенің болжамды салмағы - 4000,0+-200,0 г. Диагноз қойыңыз?
A) Жүктілік 39 апта. Босанудың II кезеңі. Ірі нәресте.
B) Жүктілік 39 апта. Босанудың II кезеңі. Жамбаспен келу. Ірі нәресте.
C) Жүктілік 39 апта. Босанудың II кезеңі. Төбемен келу. Ірі нәресте.
D) Жүктілік 39 апта. Босанудың II кезеңі. Алдыңғы асинклитизм. Ірі нәресте.
E) Жүктілік 39 апта. Босанудың II кезеңі. Артқы асинклитизм. Ірі нәресте.
ANSWER: C
Алғаш жүкті болған А., 18 жаста, жүктіліктің 39 апта 3 күн мерзімінде 2 сағат бойы болып жатқан ретті толғақпен босану бөлімшесіне түсті. Бірінші жүктілік. Сыртқы акушерлік тексеруде: іш шеңбері-100 см, жатыр түбінің биіктігі - 33 см, жамбас өлшемдері: 26-27-31-21см. diagonalis -13см. Нәрестенің болжамды салмағы - 3300 грамм. Анатомиялық тұрғыдан жамбас өлшемдерін бағалаңыз:
A) Жамбас қалыпты өлшемде.
B) Анатомиялық тар жамбас I дәреже;
C) Жалпақ мешелдік жамбас;
D) Қарапайым жалпақ жамбас;
E) Анатомиялық тар жамбас II дәреже;
ANSWER: A
Алғаш жүкті болған, алғаш босанушы Л., 32 жаста. АҚ - 170100 мм сынап бағ., аяқтарының ісінуі байқалады. Толғақ белсенділігі ретті түрде 8 сағат бойы. Нәресте басы кіші жамбас қуысының кең бөлігінде орналасқан. Ернеу ашылуы толық. Шарана қабы бүтін. Зәр анализінде: белок - 2 глитр. Кенеттен босанушы сұрланып құсу мен іштің төменгі жағында күшті таралатын ауыру пайда болды. Пульс - минутына 100 рет. Жатырдың сол жақ бұрышы томпайып асимметриялы пішінге айналды, пальпациялауда жатыр ауырады. Нәрестенің жүрек соғысы тұйық, минутына 90 рет, ырғақсыз. Сыртқы қан кетулер жоқ. Осы жағдайда мүмкін болатын асқыну:
A) Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы
B) Эклампсия;
C) Аяқталған жатыр жыртылуы;
D) Жатырдың толық емес жыртылуы;
E) Плацентаның алдан келуі.
ANSWER: A
Алғаш жүкті болған Л., 21 жаста, жүктіліктің 34 аптасында жедел медициналық жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Жұбайының айтуы бойынша үйде бірнеше рет құрысу ұстамасы болған. Түскен кезде: ақыл есі тежелген, АҚ - 180/110 және 170/100 мм сынап бағ. Магний сульфатының бастапқы (жүктемелік) мөлшері қандай?
A) 320 мл NaCl + 80 мл 25% MgSO4;
B) MgSO4 құрғақ затынан 5 грамм немесе 20 мл 25%;
C) MgSO2 құрғақ затынан 4 грамм немесе 10 мл 20%;
D) 200 мл 25% MgSO4;
E) 500 мл NaCl-ға 20 мл 20% MgSO4.
ANSWER: B
Алғаш жүкті болған М., 24 жаста, акушерства, гинекология және перинатология Ғылыми орталығына жүктілік мерзімі 38 апта 2 күн болғанда демікпе, жүрек қағу, жылдам шаршағыштық шағымдарымен түсті. Анамнезінде: бала кезінде қызылшамен және баспамен жиі ауырған. 12 жастан жүрек ақауымен терапевте есепте тұрады. Жүктіліктің алғашқы айларында өзін жақсы сезінген. ДКК-ның (дәрігерлік-кеңестік комиссия) жүктілікті үзу туралы ұсынысынан бас тартқан, бұл шешімге жұбайы екеуінің жазбалық келісімі бар. 2 рет ауруханада емделіп шыққан. Жүктіліктің 36 апталық мерзімінде демікпе, жүрек қағысы, өршімелі шаршағыштық пайда болған. Объективті: тері және сілемейі бозғылт-көкшіл, аяқтарында ісіну, жүрек соққысы әр жерде естіледі, жүрек шекаралары солға қарай кеңейген, жүрек ұшында систоликалық және пресистоликалық шу, тарсылдаған I тон, өкпе артариясынан II тон акценті естіледі. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен. Нәрестенің орналасуы ұзына бойы, басы кіші жамбас кіреберісі жазықтығында. Нәрестенің жүрек соғысы ырғақты, анық, минутына 140 рет. Зәр анализі қалыпты. Диагноз қойыңыз?
A) Жүктілік 38 апта 2 күн. Сол жүрекше миксомасы. Үш қақпақты клапан стенозы. Қанайналым жеткіліксіздігі 1 - 2 дәреже.
B) Жүктілік 38 апта 2 күн. Митральды клапан ақауы, өкпе артериясы клапанының ақауы. Үш қақпақты клапан стенозы. Қанайналым жеткіліксіздігі 1 - 2 дәреже.
C) Жүктілік 38 апта 2 күн. Дилатациялық кардиомиопатия. Қанайналым жеткіліксіздігі 1 - 2 дәреже.
D) Жүктілік 38 апта 2 күн. Гипертрофиялық кардиомиопатия. Қанайналым жеткіліксіздігі 1 - 2 дәреже.
E) Жүктілік 38 апта 2 күн. Констриктивті перикардит Үш қақпақты клапан стенозы. Қанайналым жеткіліксіздігі 1 - 2 дәреже.
ANSWER: B
Алғаш жүкті болған М., жүктілік мерзімі 39 апта 4 күн, босану 9 сағат жалғасуда. 2 сағат бойына нәресте басы жылжымады. Босанушы мазасыз, іштің төменгі жағының ауыруына шағымданады, пальпацияда төменгі сегмент ауырады. Вастен белгісі оң. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 130 рет. Қынаптық тексеру: жатыр мойны толық ашылған, шарана қабы жоқ. Нәресте басы кіші жамбас кіреберісі жазықтығына тірелген. Жебе тәрізді жік көлденең өлшемде. Диагноз қойыңыз:
A) Жүктілік 39 апта 4 күн. Босанудың II-кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Қауіп төндіретін жатыр жыртылуы;
B) Жүктілік 39 апта 4 күн. Босанудың II-кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Басталған жатыр жыртылуы;
C) Жүктілік 39 апта 4 күн. Босанудың II-кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылған;
D) Жүктілік 39 апта 4 күн. Босанудың II-кезеңі. Анатомиялық тар жамбас. Ұзаққа созылған активті фаза;
E) Жүктілік 39 апта 4 күн. Босанудың II-кезеңі, басты синклитикалық кірістіру.
ANSWER: A
Алғаш жүкті болушы, алғаш босанушы М., 30 жаста, босанудан кейінгі ерте кезеңде жеке босану бөлмесінде жатыр. 5 минут бұрын мезгілі жеткен ер бала дүниеге келді, салмағы 4200 грамм, шүйдесімен келген. Қынап сілемейі, дәнекер тіндері және бұлшықет қабаты жыртылған. Диагноз қойыңыз?
A) Шүйдесімен келу, өздігімен мезгілінде босану 1. Бұтарасының жыртылуы 2 дәреже;
B) Шүйдесімен келу, өздігімен мезгілінде босану 1. Қынап сілемейінің жыртылуы;
C) Шүйдесімен келу, өздігімен мезгілінде босану 1. Бұтарасының жыртылуы 3 дәреже; Ірі нәресте;
D) Шүйдесімен келу, өздігімен мезгілінде босану 1. Бұтарасының жыртылуы 2 дәреже; Ірі нәресте;
E) Шүйдесімен келу, өздігімен мезгілінде босану 1. Бұтарасының жыртылуы 4 дәреже.
ANSWER: A
Алғаш жүкті болушы Н., 22 жаста, перинатальды орталықтың босану бөлімшесіне босануға дейін 2 апталыө мерзім қалғанда түсті, шағымы жоқ. Бойы 154 см, салмағы 45 кг. Жамбас өлшемдері: 20х23х26х16 см. Диагональды конъюгатасы 8,5 см. нәрестенің орналасуы ұзына бойы. Баспен келу. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 рет, кіндіктен төмен сол жақта. Жүктілік пен босануды жүргізу амалы?
A) Кесар тілігі арқылы жоспарлы босандыру.
B) Босану табиғи босану жолы арқылы мүмкін, консервативті-күту амалы;
C) Босану табиғи босану жолы арқылы мүмкін, босанудың екінші кезеңінде нәресте басына вакуум-экстракторды салу;
D) Босану табиғи босану жолы арқылы мүмкін, толғақ әлсіз болғанда босануды окситоцинмен күшейту;
E) Босану табиғи босану жолы арқылы мүмкін емес, ұрықты бөлшектеу операциясын жасау;
ANSWER: A
Алғаш жүкті болушы Н.-де 9-10 апталық жүктілік мерзімде тәулігіне 8-9 ретке дейін құсу болған. Жалпы жағдайы ауыр. Бір аптаның ішінде дене салмағын 2 кг-ға жоғалтқан. Тері жабындары мен сілемейлі қабықшалары бозғылт, құрғақ. Дене температурасы 37,1°С. Пульс минутына 90-100 рет, АҚ 9060 мм сынап бағ. Зәрде: ацетон + +. Әрі қарай қолданылатын амал:
A) Күндізгі стационарда емдеу және бақылау;
B) Амбулаторлы кезеңде емдеу және бақылау;
C) Ауруханада емдеу және бақылау;
D) Қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу;
E) Емдеу қажет етілмейді.
ANSWER: A
Алғаш жүкті болушы О., 31 жаста, ұзаққа созылған белсенді фазасы бойынша төменгі жатырлық сегментте кесар тілігі жасалды. Сусыз аралық 18 сағат 10 минутты құрады. Интраоперациялық қан кету 650 мл. Антибактериялық терапия тағайындалған (пенициллин, канамицин). Операциядан кейінгі кезеңнің 4-ші күні дене температурасы 38,6°С дейін жоғарылаған. Бір күн ағымында жағдайы ауырлай түскен. Пальпацияда іші төменгі жағында кернеулі, желдеген, күшті ауыру байқалады, ішперденің тітіркену симптомы оң. Жатырды ішінен тексеруде 12 апталық жүктілікке дейін үлкейген, жұмсақ, ауыру сезімі бар. Бөліну өте көп, іріңді. Диагноз қойыңыз:
A) {
B) Операциядан кейінгі кезең 5-ші тәулік. Перитонит;
C) Операциядан кейінгі кезең 5-ші тәулік. Эндометрит;
D) Операциядан кейінгі кезең 5-ші тәулік. Параметрит;
E) Операциядан кейінгі кезең 5-ші тәулік. Бактериялық шок;
F) Операциядан кейінгі кезең 5-ші тәулік. Жедел аппендицит.
ANSWER: B
Алдыңғы құрсақ қабырғасын ортаңғыдан төмен кесудің көлденең қасаға үстілік кесумен салыстырғандағы артықшылығы:
A) Операциядан кейінгі қабынулы асқынуда эвентрация төмен қатерлі;
B) Жақсы косметикалық тиімді;
C) Орындауы техникалық қарапайым;
D) Операциядан кейінгі кезеңде науқастың ерте тұру мүмкіншілігі және активті тәртібі;
E) Операциядан кейінгі жарықтың даму ықтималдығы төмен.
ANSWER: C
Аменорееямен ауыратын науқастарда гонадотропин сынамасы теріс болғанда жасалады:
A) Циклдік тәртіпте эстрогенмен және гестагенмен сынама қою;
B) СА-125 онкомаркер деңгейінде зерттеу;
C) Гонадаға лапароскопия және алып тастау;
D) Прогестеронды сынама;
E) Аналық безге лапароскопия және биопсия.
ANSWER: E
Аменореямен ауыратын науқаста Иценко-Кушинг ауруы болғанда аденогипофиз гормондарының гиперпродукциясы болуы мүмкін:
A) Адренокортикотропты
B) Соматотропты;
C) Тиреотропты;
D) Лютеинді;
E) Фолликуластимуляциялаушы;
ANSWER: A
Аменореяның орталық генезінің негізгі диагностикалық межелері:
A) аналық бездердің және жатырдың болуы
B) гонадотропты гормондармен оң сынамалар, гонадотропиндердің төменгі секрециясы
C) пропорциональды дене бітімі
D) көрсетілгендердің барлығы
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Аменореясы бар ауруларды емдеу эндокринологпен бірге жүргізіледі:
A) пангипопитуитризм кезінде
B) акромегалия және ....... кезінде
C) Иценко-Кушинг ауруы кезінде
D) көрсетілгендердің барлығы
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: B
Амниотикалық сұйықтық мөлшерінің азаюы қосымша көрсеткіш болып табылады:
A) Нәрестеге қауіп төнетін жағдайда;
B) Нәресте тршілігі тоқтаған жүктіліктің;
C) Нәресте дамуындағы ақаудың;
D) Мезгілі жеткен жүктіліктің;
E) Нәрестеге инфекция жұққанда.
ANSWER: A
Аналық безге экзогенді эстрогендердің көп мөлшерінің әсері:
A) Аналық без тіндерінің атрофиясы дамиды;
B) Аналық бездің эстрогендерді шығаруы жоғарылайды;
C) Аналық бездің прогесторондарды шығаруы жоғарылайды;
D) Пролактинді шығару азаяды;
E) Аналық без тіндерінің гипертрофиясы дамиды.
ANSWER: A
Анальды сфинктерді дұрыс емес тіккенен кейінгі асқынуы?
A) Зәр мен нәжісті ұстай алмау;
B) Ректовагинальды жыланкөздің (тесік) пайда болуы;
C) Парапроктит;
D) Ішек құрамы мен газдың шығуына бақылауды жоғалту;
E) Тік ішектегі бұзылған иннервация нәтижесіндегі іш қату.
ANSWER: D
Андрогендер пайда болудын субстраты болып есептеледі:
A) прогестеронның
B) эстрогендердің
C) кортикостероидтердің
D) пролактиннің
E) окситоциннің
ANSWER: A
Андрогенитальды синдром кезінде дене бітімінің өзіне тән ерекшеліктері:
A) ......... кейбір вирилизациясы
B) иықтың енінің ұлғаюы
C) тар жамбас, аяқ-қолдарының қысқаруы
D) көрсетілгендердің ерекшеліктерінің барлығы
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Андрогенитальды синдроммен іштен туған қыздың ерекшеліктері
A) иықтары тар және кең жамбас
B) ұзын аяқ-қолдары
C) бойы ұзын
D) көрсетілгендердің барлығы
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Артқы кольпорафия жасауға көрсетілім:
A) Өте кең қынап;
B) Жатырдың жартылай түсуі;
C) Зәрдің тоқтамауы;
D) Қынаптың артқы қабырғасының төмен түсуі және айналып кетуі;
E) Жатыр мойнының ұзаруы.
ANSWER: D
Біріншілік аменорея байланысты:
A) инфантилизмімен
B) жатырдың ретродевиациясымен ...
C) простагландиндердің жоғары өнімдерімен
D) көрсетілгендердің барлығы
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Біріншілік аменореясы бар 15 жасар қызды тексерген кезде анықталған: ФСГ деңгейі қалыптан 10 рет асып кеткен. Емдеу тактикасын үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
A) КЖМ УДЗ
B) бас миының КТ
C) ЛГ + тестостерон
D) зәр шығаратын жүйенің УДЗ
E) кариотипі
ANSWER: A
Босанған әйел И., босанудан кейінгі 15-ші тәулікте жедел жәрдем көрсету ауруханасына дене температурасының 38°С дейін жоғарылауы, оң жақ сүт безін ауырсыну шағымдарымен түсті. Status loсalis: оң жақ сүт безі үлкейген, ауырсынады, жоғары сыртқы квадранттағы терісі ісінген, гиперемия цианоздық белгілермен. Пальпацияда тығыз, өткір ауру сезімді инфильтрат анықталады, өлшемі 8х8 см, аймақтық қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Диагноз қойыңыз:
A) Босанудан кейінгі кезең. Серозды мастит;
B) Босанудан кейінгі кезең. Инфильтративті-іріңді мастит;
C) Босанудан кейінгі кезең. Гангренозды мастит;
D) Босанудан кейінгі кезең. Абсцесті мастит;
E) Босанудан кейінгі кезең. Флегмонозды мастит.
ANSWER: B
Босанған әйел Л., 32 жаста, босанғандар палатасында жатыр. 5 минут бұрын баланың жолдасы өздігінен ажырап бөлінді. Босанудың жалпы ұзақтығы 10 сағат 10 минут, сусыз аралық - 7 сағат. Қан жоғалту 250,0 мл және әлі жалғасуда. 10 ЕД окситоцин енгізілді. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабыны солғын-қызғылт түсті, ылғалды. Жүрек тондары естілмейді, пульс ырғақты, минутына 85 рет, толымы қанағаттанарлық және кернеулі. АҚ 11070 мм сынап бағ. келесі 7 минутта қан кету 550 мл-ді құрады және жалғасуда. Ең алғаш көрсететін іс-шара:
A) Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия, қан кету себебін іздеу;
B) Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, окситоцин енгізу, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия;
C) Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация, окситоцин енгізу және 0,9% NaCl инфузия, жатырға бимануальды компрессия;
D) Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия, жатыр қуысын қолмен тексеру, окситоцин енгізу;
E) Қызметкерлерді жұмылдыру, лаборантты шақыру, босанушының жағдайын бағалау, қан кетуді бағалау, көктамырға катетеризация және 0,9% NaCl инфузия, құрсақ аортасын басу.
ANSWER: A
Босанған әйел М., 38 жаста, ауыр дәрежелі преэклампсия, босанудан кейінгі ерте кезең атониялық қан кетумен асқынды. Қан жоғалту 550 мл, АҚ 9060 мм сынап бағ. Пульс минутына 82 рет, ырғақты, толымы қанағаттанарлық. Гемоглобин мөлшері 100 гл. Ли-Уайт бойынша қанның ұю уақыты 2-3 минут. Тромбоциттер саны 172 мың. Этанолды тест оң. Осы жағдайда қандай асқыну дамиды?
A) ДВС синдромның I фазасы;
B) Геморрагиялық шок I дәреже;
C) Геморрагиялық шок II дәреже;
D) Геморрагиялық шок III дәреже;
E) ДВС синдромның II фазасы.
ANSWER: A
Босанған әйел Н., 27 жаста, эндометритті тиімді емдеуге қарамастан, 2 аптадан кейін де дене температурасы түспеген - 38-39°С, қалтырау жалғасуда, пульс жиі, температура қалыпты емес. Бас ауруына, іштің төменгі бөлігінің ауыруына шағымданады, жатыр нашар жиырылады, жатыр қабырғалары бойынша тексеруде ауырсынады. Осындай клиникалық көрініс босанудан кейін қандай инфекцияны туындатады:
A) Метротромбофлебит;
B) Эндометрит;
C) Параметрит;
D) Пельвиоперитонит;
E) Сальпингит.
ANSWER: A
Босану бөлімшесіне 19 жастағы алғаш босанушы А. жеткізілді, жүктілік мерзімі 32 апта, қойылған диагноз: жалған толғақ. Осы жүктілігі бойынша диспансерлік есепте 29 апталық мерзімнен тұрады. Анамнезінде: некеде тұрмайды, ұзақ уақыттан бері көктамыр ішіне наркотикалық заттарды көп пайдаланады. АИВ-на ИФА нәтижесі оң. АИВ-инфекция диагнозы қандай негізде дәлелденеді:
A) ИФА-дің бір оң нәтижесі+иммуноблот;
B) ИФА-дің екі оң нәтижесі;
C) ПТР-ның бір оң нәтижесі+иммуноблот;
D) ПТР-ның екі оң нәтижесі + иммуноблот;
E) ИФА-дің екі оң нәтижесі + иммуноблот.
ANSWER: E
|
|
|