Главная страница
Навигация по странице:

  • Босанудың екінші кезеңінде босанушының қандай позициясы көп қан жоғалтуға әкеп соқтырады

  • Әйелде жүктілік немесе босану кезінде массивті, толықтырылмаған қан кету болғанда қандай патологиялық синдром дамиды

  • A фолликуланы_ персистенциясы. A фолликуланы персистенциясы


    Скачать 379.97 Kb.
    НазваниеA фолликуланы персистенциясы
    Дата29.04.2023
    Размер379.97 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаA фолликуланы_ персистенциясы.docx
    ТипДокументы
    #1097711
    страница3 из 21
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


    Босанудан кейінгі ерте кезеңде анықталған, ұлғаюға бейім қынап гематомасы кезіндегі емдеу шарасы қандай?

    A) Гематома аймағына мөлшермен суық басу;

    B) Қынапқа тампонада жасау;

    C) Дицинон енгізу;

    D) Гематоманы тілу, қанталаған тамырларға лигатура салу, гематома орнын тігу;

    E) Бақылау, гематома ұлғайғанда және ауырсыну симптомы пайда болғанда тілу және орнын тігу.

    ANSWER: D

    Босанудан кейінгі ерте кезеңде жатыр жағдайына бақылау келесі жиілікпен және ұзақтықпен атқарылады:

    A) Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 15 минутта 1 сағат бойы, босанудан кейін әрбір 30 минутта 2 сағат бойы және келесі күндерде күніне бір рет;

    B) Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 15 минутта 2 сағат бойы, босанудан кейін әрбір 30 минутта 3 сағат бойы және келесі күндерде күніне бір рет;

    C) Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 15 минутта 1 сағат бойы, босанудан кейін әрбір 30 минутта 2 сағат бойы және басанудан кейінгі әрбір 6 сағатта тәулік бойына;

    D) Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 30 минутта, босанудан кейін алғашқы 2 сағатта, әрі қарай тәулігіне әрбір 4 сағатта;

    E) Бала жолдасы туылғаннан кейін әрбір 15 минутта 1 сағат бойы, босанудан кейін әрбір 30 минутта 2 сағат бойы және әрі қарай тәулігіне әрбір 4 сағатта.

    ANSWER: E

    Босанудан кейінгі қан кету жағдайында Б-Линч (B-Lynch) әдістемесі бойынша хирургиялық компрессиялық тігіс салу көрсеткіштері:

    A) ДВС-синдром белгілерінсіз атониялық қан кетуде, Кювелер жатыры белгілері болмағанда, жатыр мойны жарақаты болмағанда;

    B) ДВС-синдром белгілерінсіз атониялық қан кетуде, Кювелер жатыры белгілері болмағанда, жатыр мойны жарақаты болмағанда, простагландиндерді енгізуде тиімділік болмағанда;

    C) ДВС-синдром белгілерінсіз атониялық қан кетуде, компрессиялық тігіс салу тиімді болмағанда, босану жолдары жарақаты болмағанда. Кювелер жатыры белгілері болмағанда, жатырдың қалпына келмес бұратылуында. Плацентаның шынайы өсуінде;

    D) Қан кетуде, және/немесе Кювелер жатыры болғанда, және/немесе жатыр мойны жарақаты болғанда. Жатыр жыртылуы болғанда. Плацентаның шынайы өсуінде, жатыр мойнына бекітілуінде;

    E) Атониялық қан кету мен ДВС-синдромы белгілерінде. Коагулопатиялық қан кетуде.

    ANSWER: B

    Босанудың биомеханизм мәліметтері қандай жамбасқа сәйкес келеді: нәресте басының ұзақ уақыт кіші жамбас кіреберісі жазықтығында орташа бүгілген күйде болуы; жебе тәрізді жік көлденең өлшемде; алдыңғы және артқы асинклитизм; басын ішке бұру жатыр түбінде басталады және аяқталады; жебе тәрізді жік төмен көлденең өлшемде; басын бүгу; иығын ішке бұру және басын сыртқа бұру. Босану ісігі төбе сүйегінің алдында немесе артында үлкен еңбекке жақын орналасқан:

    A) Жамбастың қалыпты түріне;

    B) Көлденең тарылған жамбасқа;

    C) Жалпы біркелкі тарылған жамбасқа;

    D) Қарапайым жалпақ жамбасқа;

    E) Жалпақ мешелдік жамбасқа.

    ANSWER: D

    Босанудың биомеханизм мәліметтері қандай жамбасқа сәйкес келеді: нәресте басының ұзақ уақыт кіші жамбас кіреберісі жазықтығында орташа бүгілу күйінде болуы; жебе тәрізді жік көлденең өлшемде; алдыңғы және артқы асинклитизм; басының ішкі бұрылуы тез жасалады, басын бүгу; иығын ішке бұру және басын сыртқа бұру. Босану ісігі төбе сүйегінің алдында немесе артында үлкен еңбекке жақын орналасқан:

    A) Қарапайым жалпақ жамбасқа;

    B) Жалпақ мешелдік жамбасқа;

    C) Жалпы біркелкі тарылған жамбасқа;

    D) Жамбастың қалыпты түріне;

    E) Көлденең тарылған жамбасқа.

    ANSWER: A


    Босанудың екінші кезеңінде босанушының қандай позициясы көп қан жоғалтуға әкеп соқтырады?

    A) Бүйірмен жату;

    B) Корточкада;

    C) Тұру позициясында;

    D) Аяқты көтеріп арқамен жатқанда;

    E) Тізе-шынтақ жағдайында.

    ANSWER: C

    Босанудың екінші кезеңінен 40 минут өткен соң 33 жастағы қайта босанушы К-де жыныс жолынан қанды бөлінулер пайда болды. АҚ 110/60 мм сынап бағ. Толғақ күші жақсы, әрбір 1-2 минут сайын 50 секундтан. Жатыр толғақтардан тыс уақытта баяу босаңсиды, пальпация кезінде төменгі сегменті ауырады, жамбас өлшемдері 26-27-30-18 см. Нәрестенің жүрек соғысы тұйық. Қуық катетеризациясын механикалық кедергіге байланысты жүргізу мүмкін емес. Қынаптық тексеруде: жатыр ернеуінің ашылуы толық, нәресте басы кіші жамбас кіру жазықтығына тірелген, басында үлкен босану ісігі бар. Жебе тәрізді жік алға қарай ығысқан, бір деңгейде орналасқан үлкен және кіші еңбектеріне қол жетеді. Диагноз қойыңыз?

    A) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, нәрестеде дистресс;

    B) Клиникалық тар жамбас, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, нәрестеде дистресс;

    C) Клиникалық тар жамбас, басталған жатыр жыртылуы, нәрестеде дистресс;

    D) Жалпақ мешелдік жамбас, тарылудың II дәрежесі, нәрестеде дистресс;

    E) Жалпы біркелкі тарылған жамбас I дәреже. Жатыр жыртылуы, нәрестеде дистресс.

    ANSWER: C

    Босанушы Б., 28 жаста, бала жолдасы туылғаннан кейінгі ерте босанудан кейінгі кезеңде, оның тұтастығын қарағанда қабықша үзігі орнында плацентарлы тіннен қабықшаға тарайтын үңірейген тамырлар көрінеді. Әрі қарай жасалатын іс-амал?

    A) Жатыр қуысына қолмен тексеру жүргізу;

    B) Босанудан кейін жатырды және босану жолынан бөлінділерді бақылау;

    C) 10 ЕД окситоцинді көктамырішіне қайта енгізу;

    D) Жатыр қуысын қырнауды жүргізу;

    E) Қан кету пайда болғанша - жатырға массаж, күте тұру амалы.

    ANSWER: A

    Босанушы К., 30 жаста, босану ұзақтығы әлсіз толғақпен 19 сағатқа созылды. Салмағы 3300 грамм нәресте туылғаннан кейін 15 минуттан соң қан кету басталды. Қан жоғалту 300 мл және әлі жалғасуда. Баланың жолдасы бөлініп алынды, бүтін. Қан жоғалту 500 мл және әлі жалғасуда. 10 ЕД окситоцин енгізілді, 15 минутта 1 литр 0,9% NaCl-мен инфузия жасалынды. Массаждан кейін жатыр жиырылды, бірақ қан кету қайтадан басталды. Жатыр мойны мен қынап бүтіндігі бұзылмаған. Диагноз қойыңыз?

    A) Босанудан кейінгі ерте кезеңдегі атоникалық қан кету.

    B) Босанудан кейінгі ерте кезең. Жұмсақ босану жолының жыртылуы, қан кету.

    C) Босанудан кейінгі ерте кезең. ДВС-синдром.

    D) Бала жолдасының бір бөлігі қалып қойғандықтан босанудан кейінгі қан кету.

    E) Босанудан кейінгі ерте кезең. Жатыр жыртылуы, қан кету.

    ANSWER: A

    Босанушы К., 31 жаста, жүктіліктің 39 апта 3 күн мерзімінде өз күшімен босанғанып босану бөлімшесінде жатыр, ірі ұл нәресте, салмағы 4200 грамм, қан кетумен асқынған. Қан кету 1300,0 мл құрады және әлі жалғасуда. Жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде. АҚ 90/60 мм сынап бағ. Пульс - минутына 110 рет. Диагно қойыңыз:

    A) Шүйдемен келу, өз күшімен мезгілінде босану. Ірі нәресте. Босанудан кейінгі ерте кезең. Атониялық қан кету. Геморрагиялық шок I дәреже.

    B) Шүйдемен келу, өз күшімен мезгілінде босану. Ірі нәресте. Босанудан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок II дәреже.

    C) Шүйдемен кеу, өз күшімен мезгілінде босану. Ірі нәресте. Босанудан кейінгі ерте кезең. Атониялық қан кету. Геморрагиялық шок II дәреже.

    D) Шүйдемен келу, өз күшімен мезгілінде босану. Ірі нәресте. Босанудан кейінгі ерте кезең. Гипотониялық қан кету. Геморрагиялық шок III дәреже.

    E) Шүйдемен келу, өз күшімен мезгілінде босану. Ірі нәресте. Босанудан кейінгі ерте кезең. Атониялық қан кету. Геморрагиялық шок I дәреже.

    ANSWER: C

    Босанушы М., 23 жаста, жедел медициналық жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Фельдшердің айтуы бойынша құрсақ қабырғасы кернеулі, контракциялық сақина кіндік деңгейінде, нәрестенің жүрек соғысы жиілеген, толғақ құрыспалы сипатта, босанушы күшті ауырсынудан өзін қоярға жер таппайды. Объективті: алдыңғы құрсақ қабырғасы босаңсыған, контракциялық сақина жоғалып кеткен, алдыңғы құрсақ қабырғасын пальпациялағанда нәресте бөліктері анық анықталады, нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Диагноз қойыңыз?

    A) Қауіп төндіретін жатыр жыртылуы;

    B) Басталған жатыр жыртылуы;

    C) Аяқталған жатыр жыртылуы;

    D) Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы;

    E) Жатырдың қалыпсыз белсенділігі, басталған жатыр жыртылуы.

    ANSWER: C

    Босанушы М., босанудан кейінгі 3-ші күні жалпы әлсіздікке, қалтырауға, іштің төменгі жағының ауыруына шағымданады. Осы босануы шарана маңы суының мезгілінен бұрын ағуымен асқынған (сусыз кезең 20 сағат), ұзаққа созылған латентті фаза. Объективті: тері жабыны орташа гиперемиялы, дене температурасы 39 ?С, пульс минутына 96 рет, АҚ 120

    70 мм сынап бағ. Қынаптық тексеру: жатыр мойны қалыптасқан, цервикальды канал 1 см-ге өтпелі, жатыр босаңсуы жеткіліксіз, дөңгелек пішінді, пальпацияда ауырады. Қошқыл түсті, жағымсыз иісті бөліну. Диагноз қойыңыз?

    A) Босанудан кейінгі кезең. Метроэндометрит;

    B) Босанудан кейінгі кезең. Босанудан кейінгі жара;

    C) Босанудан кейінгі кезең. Пельвиоперитонит;

    D) Босанудан кейінгі кезең. Септицемия;

    E) Босанудан кейінгі кезең. Септикопиемия.

    ANSWER: A

    Босанушы М., ұзаққа созылған босану процесінен кейін мезгілінде туылған, салмағы 3500 гр ұл баланы дүниеге әкелді. Жаңа туылған нәрестенің жағдайы: жүрек тондары тұйық, ЖЖЖ - минутына 96 рет, тынысы сирек тыныс ретінде беткейлі, дауысы шықпады, бұлшықет тонусы нашар. Мұрын мен ауыздың сілемейлі қабықшасы, аяқ басы табаны тітіркендіруге әлсіз жауап қайтарады, терісі бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышы айқын көкшіл түсті. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:

    A) {

    B) 3 балл;

    C) 0 балл;

    D) 5 балл;

    E) 6 балл;

    F) 7 балл.

    ANSWER: B

    Босанушы П., 26 жаста, босанудан кейінгі 5-ші тәулікте әлсіздік, оң жақ жіліншік аймағында ауыру сезімі, қалтырау пайда болды, дене температурасы 38°С, пульс минутына 92 рет, кіндік пен қасаға арасындағы қашықтық ортасында жатыр түбі орналасқан, жатыр ауырмайды, лохия серозды-қанды, иісі жоқ, екі аяғы жіліншігінің және аяқ басының көктамырлары қатты кеңейген, сол жақ жіліншіктің ішкі беткейінде үлкен теріасты көктамыры жолымен терінің қызаруы байқалады. Бартельс-Сазонов жіктемесі бойынша осы патология қандай кезеңге жатады?

    A) Екінші кезеңге;

    B) Бірінші кезеңге;

    C) Үшінші кезеңге;

    D) Төртінші кезеңге;

    E) Бесінші кезеңге.

    ANSWER: A

    Босанушы П., 36 жаста, жүктілік мерзімі 39 апта 2 күн, босанудың II-кезеңінде кенеттен демікпе, акроцианоз, көпіршікті қақырық бөлумен жөтел пайда болды, өкпеде әртүрлі калибрлі ылғалды сырыл естіледі. Анамнезінде: кардиолог кеңесінде болған, "Ревматизм, активсіз фаза. Митралды клапан стенозы" диагнозы қойылған. Күшті толғақ, 50-55 секундтан 1-2 минут сайын, нәресте ұзына бойы орналасқан, нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген, нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 170 рет. Диагноз?

    A) Жүктілік 39 апта 2 күн. Босанудың II кезеңі. Митралды клапан стенозы. Өкпе ісінуі. Нәрестеде дистресс;

    B) Жүктілік 39 апта 2 күн. Босанудың II кезеңі. Митралды стеноз. ҚЖ IIА. Нәрестеде дистресс;

    C) Жүктілік 39 апта 2 күн. Босанудың II кезеңі. Митралды стеноз. ҚЖ IА. Нәрестеде дистресс;

    D) Жүктілік 39 апта 2 күн. Босанудың II кезеңі. Митралды стеноз. Қағанақ маңы суымен болған эмболия. Нәрестеде дистресс;

    E) Жүктілік 39 апта 2 күн. Митралды клапан стенозы. ТЖ IIА. Нәрестеде дистресс.

    ANSWER: A

    Босанушы С., 40 жаста, босану ұзақтығы әлсіз толғақпен 15 сағатқа созылды. Нәресте 4150,0 граммен туылғаннан кейін 15 минуттан соң қан кету басталды. Қан жоғалту 300 мл және әлі жалғасуда. Баланың жолдасы өздігінен бөлінді. Қан жоғалту 550 мл және жалғасуда. Окситоцин енгізілді, 15 минутта 1 литр 0,9% NaCl-мен инфузия жасалынды. Массаждан кейін жатыр жиырылды, бірақ қан кету қайтадан басталды. Жатыр мойнағы мен қынап бүтін. Диагноз қойыңыз?

    A) Босанудан кейінгі ерте кезеңдегі атоникалық қан кету.

    B) Босанудан кейінгі ерте кезең. Жұмсақ босану жолының жыртылуы, қан кету.

    C) Босанудан кейінгі ерте кезең. ДВС-синдром.

    D) Бала жолдасының бір бөлігі қалып қойғандықтан босанудан кейінгі қан кету.

    E) Босанудан кейінгі ерте кезең. Жатыр жыртылуы, қан кету.

    ANSWER: A

    Босанушы Ш., 32 жаста, толғақ күшінің әлсіздігінен босану 18 сағатқа созылды. Салмағы 3700 грамм нәресте туылған соң 10 минуттан кейін қан кету басталды, жылдам қан жоғалту 350 мл жетті және әлі жалғасуда. Баланың жолдасы бөлініп алынды, тұтас. Қан жоғалту жалғасуда, 550 мл жетті. 10 ЕД окситоцин бұлшықет ішіне, 0,9% NaCl-дың 500 мл мен 10 ЕД окситоцин көктамыр ішіне енгізілді, 15 минутта 1 литр 0,9% NaCl-мен инфузия жасалынды. Жатыр болбыр, массаждан кейін жиырылады, бірақ қан кету қайтадан басталды. Жатыр мойны мен қынапты айнадан қарағанда бүтін. Қан кету 850 мл құрады. Әрі қарай жасалатын тәсіл қандай:

    A) Мизопростолды ректальды енгізе отырып жатырды бимануальды компрессиялау;

    B) 5 ЕД окситоцинді көктамыр ішіне қосымша енгізу;

    C) Қынаптың алдыңғы күмбезі арқылы жатыр денесіне энзопрост енгізу;

    D) Лапаротомия, хирургиялық гемостаз;

    E) Лапаротомия, жатырды қосалқыларсыз экстирпациялау.

    ANSWER: A

    Бүйрек үсті бездің қыртысының шүмақшасының зонасында пайда болады:

    A) глюкокортикоидтер

    B) альдостерон

    C) норадреналин

    D) андрогендер

    E) көрсетілгендердің барлығы

    ANSWER: A

    Вагинальды тексеруде: жатыр мойны толық ашылған, шарана қабы жоқ. Нәресте басы сегізкөз ойығын және қасаға байламасын алып жатыр, шонданай төмпегі және құйымшақ ұшы сезіледі. Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақ алдында. Нәрестенің басы қайда орналасқан:

    A) Кіші жамбас қуысының тар бөлігінде;

    B) Кіші жамбас кіреберісінің үлкен сегментінде;

    C) Кіші жамбас қуысының кең бөлігінде;

    D) Жамбас түбінде;

    E) Кіші жамбастың шығу қуысында.

    ANSWER: A

    Генитальды инфантилизм кезінде жатырдың денесі мен мойнының қарым-қатынасы әдетте сәйкес келеді:

    A) 1:3

    B) 1:2

    C) 1:1

    D) 3:1

    E) 2:1

    ANSWER: A

    Гестагендер келесі әсермен ие болады:

    A) қандағы холестериннің құрамын төмендетеді

    B) біріншілік және екіншілік жыныс белгілерінің дамуын анықтайды

    C) жатырдың ширақтылығын артырады

    D) көрсетілгендердің барлығы

    E) көрсетілгендерден түк жоқ

    ANSWER: A

    Гестагендер организмге келесі әсерімен ие болады

    A) гипертермиялық

    B) өттің шығаруының тежейді

    C) эндометрияның секреторлық тасымалдауын ................... етеді

    D) көрсетілгендердің барлығы

    E) көрсетілгендерден түк жоқ

    ANSWER: A

    Гигантизм кезіндегі аменорея байланысты:

    A) Жыныстық жетілуге дейінгі кезеңде АКТГ гиперпродукциясымен;

    B) Жыныстық жетілуге дейінгі кезеңде СТГ гиперпродукциясымен;

    C) Жыныстық жетілу кезең аяқталғанда АКТГ гиперпродукциясымен;

    D) Жыныстық жетілу кезеңі аяқталғанда СТГ гиперпродукциясымен;

    E) Жыныстық жетілу кезеңіндегі АКТГ гиперпродукциясымен.

    ANSWER: B

    Гиперандрогенияның бүйрек үсті безінің генезінің клиникалық көрінісіне тән:

    A) вирильды синдромның ерте көрінуі, гирсутизмнің бірінші етеккірге дейін немесе басталғаннан кейін болуы

    B) бірінші етеккір кешігуі немесе өз уақытында болуы мүмкін

    C) сүт бездерінің гипоплазиясы

    D) көрсетілгендердің барлығы

    E) көрсетілгендерден түк жоқ

    ANSWER: A

    Дексаметазон сынамасының (кіші тест) оң болуы нақтылайды:

    A) Гиперандрогения көзі аналық без болып табылады;

    B) Гиперандрогения көзі бүйрек үсті безі болып табылады;

    C) Гиперандрогения гипофиз аденомасымен байланысты;

    D) Гиперандрогения көзі гипоталамус болып табылады;

    E) Гиперандрогения бүйрек үсті безі кортикостеромасымен қамтылған.

    ANSWER: B

    Дене салмағының кемістігі, ереже бойынша, себептердің бірі болады:

    A) бірінші етеккірдің басталуының кідіруі

    B) менструальдық функцияның ұзақорнығуы

    C) менструальдық функцияның бұзылыстарының тереңдеуі немесе дамуы

    D) көрсетілгендердің барлығы

    E) көрсетілгендерден түк жоқ

    ANSWER: A

    Егер босанудың үшінші кезеңінде жатырды бұра отырып кіндікті бақылай отырып тартқан 30-40 секундта плацента түспесе жасау керек:

    A) Жатырдың кезекті жақсы жиырылуын күту және кіндікті тартуды қайталау;

    B) 10 ЕД окситоцинді көктамыр ішіне қайта енгізу;

    C) Бала жолдасының бөліну және шығу белгілерін күту;

    D) Толғақ кезінде кіндіктен тартуды жалғастыру, әйелдің күшенуін сұрану керек;

    E) Көктамыр ішіне метилэргометрин енгізу.

    ANSWER: A

    Егіздерді босану кезеңі, бірінші нәрестенің туылуынан кейін екінші нәрестенің көлденең орналасуы анықталынды. Нәрестенің жүрек соғысы тұйық, минутына 100 рет. Босандыруды жүргізу тәсілі қандай?

    A) Жедел түрдегі кесар тілігі;

    B) Көктамыр ішіне окситоцин енгізу;

    C) Классикалық акушерлік тәсілмен бұру;

    D) Босануға дейінгі толғақ күшенісін күту;

    E) Сыртқы акушерлік бұру.

    ANSWER: A


    Әйелде жүктілік немесе босану кезінде массивті, толықтырылмаған қан кету болғанда қандай патологиялық синдром дамиды?

    A) Шихан синдромы;

    B) Симмондс синдромы;

    C) Бабинский - Фрелих синдромы;

    D) Киари - Фроммель синдромы;

    E) Посткастракциялық синдром.

    ANSWER: A

    Әйелдер кеңесі дәрігеріне 23 жастағы алғаш жүкті болған әйел 9 аптадан бері менструациясының келмеуі шағымымен қаралды. Анамнезінде суықтан болған аурулар, жиі баспа және созылмалы пиелонефрит бар. 12 жасында гландасы алынып тасталған, операция қан кетумен асқынған. Гематологқа қаралғанда идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура диагнозы қойылған. Ауру екі рет қайталанған, соңғысы 18 жасында, глюкокортикоидтарды қабылдау тиімділік көрсеткен. Бес жылдан бері аурудың клиникалық көрінісі болмаған. Менструальды цикл ретті. Ағзалар мен жүйелерді объективті қарауда патология анықталмаған. Гинекологиялық тексеруде 8-9 апталық жүктілік мерзімі қойылды. Босануды жүргізу ерекшелігі?

    A) Жоспарлы кесар тілігі;

    B) Босану табиғи босану жолымен, екінші кезеңді вакуум-экстрактор салумен аяқтау;

    C) Босану барысында 15-30 мг мөлшерде преднизолон тағайындау қажет;

    D) Босану барысында орын ауыстыратын қан құю қажет;

    E) Босану барысында тромбацитарлы масса құю қажет.

    ANSWER: C

    Әйелдер кеңесіне 27 жастағы әйел үш айдан бері менструациясының келмеуіне байланысты қаралды. Бала кезде суықтап жиі ауырған, 15 жасында біріншілікті созылмалы пиелонефрит анықталған. Бір жыл бұрын профилактикалық қаралуда қант диабеті (сусамыр) диагнозы қойылған, эндокринолог дәрігерде диспансерлік есепте тұрады, күнделікті инсулин инъекциясын алады. Қант диабетімен анасы және әкесі жағына әжесі ауырады. Менструальды цикл 15 жастан, жүйелі түрде келеді. Гинекологиялық анамнез жағдайды ауырлатпайды. Жыныстық қатынас 25 жастан, некеге тұрмаған. Баланы "өзі үшін" туып алғысы келеді. Объективті қарауда жүктіліктің 11 апталық мерзімде екендігі анықталды. Әйелдер кеңесі дәрігерінің жасайтын амалы қандай?

    A) Медициналық көрсеткіштер бойынша гинекологиялық стационарға жүктілікті үзуге жолдама беру;

    B) Диспансерлік есепке алу және жүктілік бойынша бақылау;

    C) Көп салалы аурухананың маманданған бөліміне жолдама беру;

    D) Жүктілікті әрі қарай созу мүмкін болмағандықтан әйелдің ата-анасын сөйлесуге шақыру;

    E) Сол жерге жедел жәрдем бригадасын шақыру және гинекологиялық стационарға жатқызу.

    ANSWER: C

    Әйелдер кеңесіне 28 жастағы әйел Н. 4 жылдан бері қойылған екіншілікті бедеулік шағымымен қаралды. Бірінші жүктілігі криминальды абортпен аяқталған. Менструальды циклі бұзылмаған. Гинекологиялық тексеру: қынап тумаған әйелдікіндей, жатыр қалыпты өлшемде, дұрыс орналасқан, қозғалмалы, ауырмайды. Жатыр қосалқылары екі жақтан тығызданған, қозғалғыштығы шектелген, ауыру сезімі орташа. Жатыр мойнында эрозия жоқ, бөлінді сілемейлі, мөлдір. Осы жағдайда бедеуліктің қандай факторы орын алып тұр?

    A) Жатыр түтіктерінің патологиясы;

    B) Цервикальды фактор;

    C) Ановуляция;

    D) Эндометриоз;

    E) Жыныс ағзалары дамуының аномалиясы.

    ANSWER: A

    Әйелдер кеңесіне 28 жастағы қайта жүкті болған К. есімді әйел қаралды, іштің төменгі жағының және бел тұсының сыздап ауыруына шағымданады. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде бір босану және 3 жасанды аборт бар. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ұзындығы 2,5 см, жатыр мойны каналы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сай үлкейген, жыныс жолынан орташа мөлшерде сілемей бөлінеді. Болжамды диагнозды атаңыз?

    A) Қауіп төндіретін аборт;

    B) Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы;

    C) Болмай қалған түсік;

    D) Көпіршікті кірме;

    E) Өздігінен болған аборт.

    ANSWER: A

    Әйелдер кеңесіне 29 жастағы қайта босанушы жүктіліктің 41 апта 2 күн мерзімінде қаралды, екі күннен бері іштегі нәресте қозғалмаған. "Д" есепте 6 аптадан тұрады, жүйелі қаралған. Қабылдауда жеті күн бұрын болған, акушер қарау барысында жүктілік ағымында ешқандай ауытқулар анықталмаған. Соматикалық дені сау. Менструальды цикл 12 жастан, бұзылыстар болмаған. Жүктіліктің бірінші жартысы асқынусыз өткен. 24 және 32 апталарда температурасы жоғарылап жедел респираторлы инфекциямен ауырған, өздігінше емделген. 36 аптада зәр анализінде бактериурия және персистенциялық протеинурия анықталған. Дене температурасы көтерілмеген. Екі рет урологқа қаралған, екі жағдайда да урологиялық жиынтық ішуді тағайындаған. Зәрдің соңғы анализінде белок = 0, 125 г/л, көру өрісінде 15 – 20 лейкоциттер, бактериялар. Соңғы екі аптада 2 кг-ға жүдеген. Жүктілік ағымында АҚ жоғарыламаған. Дене салмағы жалпы 6 кг-ға артқан. Объективті: дене тұлғасы астеникалық, тамаққа тәбеті төмен (бойы 172 см, жүктілікке дейінгі салмағы 50 кг). Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабыны мен көзге көрінетін сілемейі бозғылт-қызғылт, таза. Дене температурасы 36,60°С. Тынысы везикулярлы. АҚ 100 және 60; 105 және 60 мм сынап бағ. Рs минутына 80 рет, ырғақты. Аңқа қалыпты. Тілі ылғалды, түбі ақ өңезбен жабылған. Іштің шеңбері 86 см, жатыр түбі биіктігі 34 см. Жамбас өлшемдері қалыпты. Жатыр қозғыш күйде, базальды тонус төменгі сегментте біраз артқан, пальпацияяда сезілмейді. Шарана маңы суы қалыптан аз. Нәрестенің орналасуы ұзына бойы, нәрестенің басы кіші жамбас кіреберіс жазықтығына тірелген, жүрек тондары естілмейді. Жыныс жолынан бөлінділер бөлінбейді. Сүйек-омыртқалы бұрыш бойынша ұрғылау симптомы оң жақта әлсіз. Кіші дәретке жиі барады, ауырсынбайды. Осындай жағдайда қандай асқынуды анықтағанда босандыру тәсілі өзгереді?

    A) Плацентаның уақытынан ерте ажырауы;

    B) Нәрестенің антенатальды шетінуі;

    C) Гестациялық пиелонефрит;

    D) Плацентарлы трансфузия синдромы;

    E) Қағанақ суының аздығы.

    ANSWER: A

    Әйелдер кеңесінен босану бөлімшесіне жедел медициналық көмек бригадасымен 29 жастағы алғаш жүкті болушы А., жеткізілді, жүктілік мерзімі 38 апта 2 күн, күшті бас ауыруына, көрудің нашарлауына шағымданады. АҚ 14590 мм сынап бағ. Аяқтарында ісіну пайда болған. Зәр анализінде белок табылды - 0, 66 гл. Диагноз қойыңыз:

    A) Жүктілік 38 апта 2 күн. Ауыр дәрежедегі преэклампсия;

    B) Жүктілік 38 апта 2 күн. Созылмалы артериялық гипертензия;

    C) Жүктілік 38 апта 2 күн. Гестациялық гипертензия;

    D) Жүктілік 38 апта 2 күн. Жеңіл дәрежедегі преэкламспия;

    E) Жүктілік 38 апта 2 күн. Эклампсия.

    ANSWER: A

    Әйел Э., 34 жаста, жалпы тәжірибелі дәрігерге тұрақты түрде бас ауруына шағымданып қаралған, 1 жыл ағымындпғы екіншілікті аменорея және салмақ қосқан. АҚ 85/60 мм сынап бағ. Соңғы кездерде ешқандай препарат қабылдамаған. Тексеру нәтижесі төмендегідей: пролактин - 55 нг/мл (қалыпта 2-25),ТТГ- 40 мкЕ/мл (қалыпта 0,1-4,5), Т4- 1,8 мкг/дцл (қалыпта 4,5-12). Осы науқасқа тағайындауға болады:

    A) Дофамин агонистерін;

    B) Антиэстрогендерді;

    C) Тироксинді;

    D) Кешенді оральды контрацептивтерді;

    E) Антиандрогендерді.

    ANSWER: C

    Жамбас түбінің ішкі қабатының бұлшықеттері:

    A) Шонданай-үңгірлі, буылтық-кеуекті, бұтарасының беткейлі көлденең бұлшықеті және артқы айналшықты қысатын сыртқы бұлшықет;

    B) Зәр жыныс диафрагмасы;

    C) Артқы айналшықты көтеретін бұлшықет;

    D) Зәр жыныс диафрагмасы және жамбас диафрагмасы;

    E) Шонданай-үңгірлі, буылтық-кеуекті бұлшықеті және жамбас диафрагмасы.

    ANSWER: A

    Жаңа босанған әйел Л., 32 жаста, 17-ші тәулікте гинекология бөлімшесіне түскендегі шағымдары: дене қызуы 39°С жоғарылаған, қынаптан шіріген иісті іріңді көп бөлінулер, бел тұсының ауыруы, жалпы әлсіздік. 16 тәулік бұрын мезгілінде 2-ші рет босану болған; босанудың жалпы ұзақтығы 10 сағат 10 минут, сусыз аралық – 9 сағат. Босанудан кейінгі кезеңде жатырдың субинволюциясы байқалған. Босанудан кейінгі 4-ші тәулікте дене қызуы 39°С жоғарылаған. Объективті түрде: жалпы жағдайы ауыр, ақыл-есі тежелген. Тері жабындары бозарған, ылғалды. Жүрек тондары естілмейді, пульс ырғақты, минутына 112 рет, толымы мен кернеулігі қанағаттанарлық. АҚ 110/70 мм сынап бағ. Тілі ылғалды, сұр қабықпен жабылған. Іші жұмсақ, желденбеген, пальпацияда төменгі бөлімдерінде ауырсыну байқалады; ішперденің тітіркену симптомдары жоқ. Гинекологиялық тексеру: цервикальды канал 1 см көлденең саусақ үшін өтпелі. Жатыр жұмсақ, 10 апталық жүктіліктегідей үлкейген, ауырсынады. Жатыр тамырлары проекциясында үлкейген және ауыру сезімді жіпшелер пальпацияланады. Бөлінуді өте көп, іріңді, өткір жағымсыз иісті. Осы жағдай Бартельс-Сазонов жіктемесіне сәйкес іріңді-септикалық инфекциялардың қандай кезеңіне жатады:

    A) I кезеңге;

    B) II кезеңге;

    C) III кезеңге;

    D) IV кезеңге;

    E) V кезеңге.

    ANSWER: C

    Жаңа тұған қыздың жатырының анатомиялық ерекшеліктері жатады:

    A) жатырдың денесі және мойны өзара ұзындығына және қалыңдығына тең

    B) жатыр денесі кішкентай, мойны анық емес дерлік

    C) жатыр үлкен емес, мойнының ұзындығы жатыр денесінің ұзындығынан 3 есе көп дерлік

    D) жатыр екімүйізді пішінді

    E) көрсетілгендерден түк жоқ

    ANSWER: A

    Жас әйелде алты жыл бұрын (19 жаста) ешқандай себепсіз менструациясы тоқтап қалған, жүктілік ешқашан да болмаған. Әйелдік фенотип. Соңғы уақытта көруінің нашарлағанын байқаған. Қан сарысуындағы ФСГ концентрациясы 0,3мМЕ/мл (қалып 2-20), пролактин - 16 нг/мл (қалып 2-25). Гестаген және эстроген сынамалары теріс. Осы жағдайдағы аменореяның түрі?

    A) Физиологиялық;

    B) Гипофизарлы;

    C) Аналық безді;

    D) Жатырлық;

    E) Жалған.

    ANSWER: B

    Жас әйелдің клиторын қатыстыра отырып вульваның қатерлі ісігінің I кезеңіндегі оперативті емдеу көлемі;

    A) Қарапайым вульвэктомия;

    B) Шат-сан лимфаденэктомиясымен қоса кеңейтілген вульвэктомия;

    C) Шат-мықын лимфаденэктомиясымен қоса кеңейтілген вульвэктомия;

    D) Қарапайым вульвэктомиямен қоса жатырдың қынапүсті ампутациясы;

    E) Клитор резекциясы.

    ANSWER: B

    Жасөспірім жаста ДЖҚ емдеуге қосылады:

    A) физиотерапевтикалық ем

    B) ауыздық контрацептивтер

    C) утеротоникалық

    D) витаминдер

    E) көрсетілгендердің барлығы

    ANSWER: A

    Жатыр мойнының прицельді биопсиясын өткізуге көрсеткіш:

    A) Жұқа лейкоплакия;

    B) Наботова кистасы;

    C) Жатыр мойнағының эктопиясы;

    D) Қабынулы генезді шынайы эрозия;

    E) Жатыр мойнағының гипертрофиясы.

    ANSWER: A

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


    написать администратору сайта