|
A фолликуланы_ персистенциясы. A фолликуланы персистенциясы
Жебе тәрізді жіктің жоғары тура орналасуы анатомиялық тар жамбастың қандай түрінде байқалады?
A) Қарапайым жалпақ жамбаста;
B) Спондилолистетикалық жамбаста;
C) Жалпақ мешелдік жамбаста;
D) Жалпы біркелкі тарылған жамбаста;
E) Көлденең тарылған жамбаста.
ANSWER: E
Жедел медицианлық көмек бригадасы босану бөлімшесінің қабылдау бөліміне 15 сағат 40 минутта жүктілік мерзімі 29 апта 3 күн болған 30 жастағы З. есімді қайта босанушыны жеткізді, жүктілік есеп бойынша 8-ші. Науқастың айтуы бойынша таңертеңнен бері күшті бас ауыруы, құлақта шу мазасын алған, бір сағат бұрын іштің төменгі жағында күшті ауыру пайда болып 2-3 минутқа созылған, сосын біртіндеп басылған; әрі қарай қоңырқай түсті ұсақ ұйындылары бар аздаған қанды бөлінулер пайда болған. Осы жағдайда жүктіліктің қандай асқынуы дамыды?
A) Жүктілік уақытындағы гипертензия. Қалыпты жағдайдағы плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы;
B) Жүктілік уақытындағы гипертензия. Плацентаның алда келуі;
C) Жүктілік уақытындағы гипертензия. Басталған жатыр жыртылуы;
D) Жүктілік уақытындағы гипертензия. Қауіп төндіретін жатыр жыртылуы;
E) Жүктілік уақытындағы гипертензия. Жалған толғақ.
ANSWER: A
Жетілген босану жолында (Бишопу бойынша бағалау 6 баллдан жоғары) босануды индукциялау үшін қолданылады?
A) Амниотомия, окситоцин;
B) Простагландиндер Е1;
C) Простагландиндер Е2;
D) Окситоцин;
E) Простагландиндер Е1және Е2.
ANSWER: A
Жүкті әйел 27 жаста, үш күннен бері пайда болған эпигастральды аймақтағы ауру сезімі шағымымен әйелдер кеңесіне қаралған, қаралуға дейін ауыру іштің төменгі жағында болған. 8 аптадан бері "Д" есепте тұрады, жүйелі түрде қаралады. Анамнезінде салқындап ауырулар бар және 16 жасында аппендэктомия жасаған, асқынуы жоқ. Менструальды цикл бұзылмаған. Жүктілік жетінші, соның бірін жеті жыл бұрын клиникалық тар жамбасына байланысты касар тілігі операциясымен босанған, үш медициналық аборт және осы жүктілігіне дейін алты ай бұрын 7-12 апталық мерзімде өздігінен болған түсік. Жүктіліктің бірінші жартысы 6-8 және 16-20 апталардағы жүктілікті аяғына дейін көтере алмау қауіптілігімен асқынған, екінші жартысы ешқандай асқынусыз. Гестация мерзімі 35 апта 3 күн. Объективті: жалпы жағдайы жақсы. Тері жабыны әдеттегідей және ылғал. АҚ сәйкесінше екі қолында 120 және 70 мм сынап бағ. Рs минутына 86 рет, ырғақты. Іші жатыр жүктілігіне байланысты үлкейген, түрі көлденең сопақша. Ортаңғы сызық бойында операциядан кейін қалған ұзындығы 20 см-лік кең тыртық бар, айналасындағы тіндермен жабысқан, ауырмайды. Жатыр қозғыш күйде, тонусы аздап жоғарылаған. Пальпацияда қасағадан 2 см жоғары төменгі сегментінде ауырсыну анықталады. Нәресте ұзына бойы орналасқан, басы сол жақта, жүрек тондары естілмейді, минутына ЖЖЖ 132 рет. Жатыр түбі биіктігі және нәресте өлшемі болжамданған жүктілік мерзіміне сәйкес келеді. Шарана маңы суының мөлшері қалыпты. Жыныс жолынан бөлінулер жоқ. Әрі қарай жасалатын іс-әрекет?
A) Амбулаторлы жағдайда мониторинг өткізу;
B) Шұғыл түрде кесар тілігі;
C) Гастроэнтеролог кеңесі;
D) Инфекционист кеңесі;
E) Бақылау келуін үш күннен кейінге тағайындау.
ANSWER: A
Жүкті әйел А., 18 жаста, босану бөлімшесіне жүктіліктің 39 апта 3 күн мерзімінде келіп түсті, 2 сағат бойы толғақ белсенділігі ретті. Алғашқы жүктілік. Сыртқы акушерлік тексеруде: іш шеңбері - 100 см, жатыр түбінің биіктігі - 33 см, жамбас өлшемдері: 25-27-29-19 см. diagonalis -12 см. С. vera 10 см. Нәрестенің болжамды салмағы 3300 грамм. Жамбас өлшемін анатомиялық тұрғыдан бағалаңыз:
A) I дәрежелі анатомиялық тар жамбас;
B) Жалпақ мешелдік жамбас;
C) Қарапайым жалпақ жамбас;
D) II дәрежелі анатомиялық тар жамбас;
E) Жамбас өлшемдері қалыпты.
ANSWER: C
Жүкті әйел А., 29 жаста, жүктілік мерзімі 32 апта болғанда акушер-гинеколог дәрігеріне демікпе, үзікті жөтел, ұйқысының бұзылысы шағымдарымен қаралған. Объективті: тері жабындары цианозды, тыныс актісіне қосымша тыныс бұлшықеттері қатысады, АҚ 100/60 мм сынап бағ., пульс минутына 100 рет. Өкпе аускультациясында: тыныс алуда күшейетін құрғақ сырыл анықталған. Жүкті әйелдегі бронх демікпесін емдеу мақсатында бастапқы препаратты таңдаңыз:
A) Ингаляциялық глюкокортикостероидтар;
B) Эфедрин;
C) Бромфенирамин;
D) Бетаметазон;
E) Триамцинолон.
ANSWER: A
Жүкті әйелде бронх демікпесі болған жағдайда жүктілікті сақтап қалуға қарсы көрсетілім:
A) Өкпе-жүрек жеткіліксіздігі;
B) Гормонға тәуелді түрі;
C) Жүктілік кезінде алғаш анықталған бронх демікпесі;
D) Жүктілікті үзуге қауіп төну;
E) Түнгі тұншығу ұстамалары айын 1 рет болса.
ANSWER: A
Жүкті әйелдің 50 г глюкозасымен глюкозаға толеранттыққа сағат сайын бақыланатын пероральды тесттің қалыпты көрсеткіштері:
A) Ашқарынға - >5,3 ммоль/л, 1 сағаттан соң - >7,8 ммоль/л;
B) Ашқарынға - <5,3 ммоль/л, 1 сағаттан соң - >7,8 ммоль/л;
C) Ашқарынға - <5,3 ммоль/л, 1 сағаттан соң - <7,8 ммоль/л;
D) Ашқарынға - >5,3 ммоль/л, 1 сағаттан соң - <7,8 ммоль/л;
E) Ашқарынға - <3,3 ммоль/л, 1 сағаттан соң - <5,5 ммоль/л.
ANSWER: C
Жүкті әйел З., 19 жаста, босану бөлімшесіне жүктіліктің 38 апта 4 күн мерзімінде келіп түсті, толғақ белсенділігі бір сағат бойына ретті түрде. Алғашқы жүктілік. Сыртқы акушерлік тексеруде: іш шеңбері - 100 см, жатыр түбінің биіктігі – 35 см, жамбас өлшемдері: 22-24-26-15 см. diagonalis -7 см. С. vera 6 см. Нәрестенің болжамды салмағы 3500 грамм. Жамбас өлшемдерін ескере отырып босандыру тәсілін анықтаңыз:
A) Консервативті - күте тұр арқылы босандыру;
B) Босануды акушерлік қысқыштарды салу арқылы операциямен аяқтау;
C) Босану табиғи босану жолы арқылы мүмкін емес, ұрықты бөлшектеу операциясы;
D) Босануды вакуум-экстракторды сала отырып аяқтау;
E) Босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау.
ANSWER: E
Жүкті әйел К., 26 жаста, жүктілік мерзімі 33 апта 2 күн, акушер-гинеколог дәрігеріне 2 аптаға созылған, әсіресе қуырылған тамақтан кейін болатын қыжылдау шағымымен қаралған. Жоғары тиімділік көрсететін және қосымша әсері әлсіз қандай антацидтер түрін жүкті әйелге тағайындауға болады:
A) Сіңірілмейтін;
B) Сіңірілетін;
C) Магний құрамды;
D) Алюминий құрамды;
E) Кұрамалы.
ANSWER: A
Жүкті әйел М., 27 жаста. Жүктілік мерзімі 33 апта 3 күн. Нәрестені биофизикалық профиль тексеруден өткізді, нәтижесі - 6 балл (2 балл АИ). Жүктілікті жүргізудің әрі қарайғы амалы?
A) Қалыпты нәтиже, жүктілікті әдеттегідей жүргізу;
B) Нәрестедегі РДС алдын алу курсын жүргізу;
C) Тестті 24 сағаттан соң қайталау;
D) Нәрестедегі РДС алдын алуды қарқынды бақылаумен жүргізу;
E) Босануды шұғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау.
ANSWER: C
Жүкті әйел М., жүктіліктің 34 аптасында үйінде эклампсия ұстамасын өткереді. Босану бөлімшесіне келгенде АҚ 160-110 мм сынап бағ., нәрестенің болжамды салмағы - 1500 гр. Беті мен аяқтары ісінген. Зәрдің жалпы анализінде белок табылған - 3.66 гл. Босану жолдары жетілмеген. Ауыр преэклампсияны қарқынды емдеу басталды. Науқасқа қараудың әрі қарайғы амалы қандай?
A) Ауыр преэклампсияны емдеу арқылы босануды кесар тілігі операциясы арқылы жасау;
B) Ауыр преэклампсияны емдеу арқылы жүктілікті 1-2 аптаға ұзарту;
C) Ауыр преэклампсияны емдеу арқылы жүктілікті 3-4 күнге ұзарту;
D) Ауыр преэклампсияны емдеу арқылы окситоцин немесе простагландиндермен толғақты күшейту;
E) Ауыр преэклампсияны емдеу және нәрестенің ұрықішілік жағдайын мониторингтау арқылы жүктілікті мерзіміне дейін ұзарту.
ANSWER: A
Жүкті әйел Н., 21 жаста, 40 апталық мерзімде 9 сағаттан бері босану үстінде. Бір сағаттан бері нәресте басы жылжымай тұр. Босанушы өзін мазасыз сезінеді, іштің төменгі жағынының ауыруына шағымданады, пальпацияда төменгі сегменті ауырады. Вастен белгісі оң. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 130 рет. Қынаптық тексеру: жатыр мойны толық ашылған, шарана қабы жоқ. Нәрестенің басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Жебе тәрізді жік көлденең өлшемде орналасқан. Диагноз қойыңыз?
A) Жүктілік 40 апта. Босанудың II - кезеңі. Жамбас-бас диспропорциясы. Қауіп төндіретін жатыр жыртылуы;
B) Жүктілік 40 апта. Босанудың II - кезеңі. Жамбас-бас диспропорциясы. Басталған жатыр жыртылуы;
C) Жүктілік 40 апта. Босанудың II - кезеңі. Жамбас-бас диспропорциясы. Аяқталған жатыр жыртылуы;
D) Жүктілік 40 апта. Босанудың II - кезеңі. Жамбас-бас диспропорциясы. Нәрестеде дистресс;
E) Жүктілік 40 апта. Босанудың II - кезеңі. Жамбас-бас диспропорциясы. Бастың синклитикалық тұруы.
ANSWER: A
Жүкті әйел О., жүктілік мерзімі 7-8 апта. Тәулігіне 20-25 ретке дейін жететін құсуға шағымданады. Әйелдің жалпы жағдайы ауыр. Дене салмағын 10 кг-ға дейін жоғалтан. Жүкті әйел тамақты, суды іше алмайды. Тері жабындары мен сілемейлі қабықшасы бозғылт, құрғақ. АҚ 8050 мм сынап бағ. Дене температурасы 37,3°С. Пульс минутына 120 рет. Зәр анализінде: ацетон + + + +, белок - 0,066 глитр. Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок - 54 глитр, билирубин - 25 мкмольлитр. Жүктіліктің осы асқынуын емдеудің негізгі препараты:
A) Метоклопрамид;
B) Дифенгидрамин;
C) Метионин;
D) Аскорбин қышқылы;
E) Ампициллин.
ANSWER: A
Жүктілік барысындағы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (Верльгоф ауруы) кезінде спленэктомияға көрсеткіш:
A) Тромбоциттердің 100х109/л мөлшерінде сілемейлі қабықшадан қан кетудің қайталануы;
B) Тромбоциттердің 80 х 109/л мөлшерінде сілемейлі қабықшадан қан кетудің қайталануы;
C) Тромбоциттердің 60 х 109/л мөлшерінде сілемейлі қабықшадан қан кетудің қайталануы;
D) Тромбоциттердің 30 х 109/л мөлшерінде сілемейлі қабықшадан қан кетудің қайталануы;
E) Тромбоциттердің мөлшеріне тәуелсіз сілемейлі қабықшадан қан кетудің қайталануы;
ANSWER: D
Жүктілік кезіндегі гипертензияны емдеуде қолданылатын баяу әсер ететін гипотензиялық препарат және препарат жататын топ:
A) Метилдопа - орталықты әсер ететін антигипертензиялық препарат;
B) Нифедипин - кальций каналының блокаторы;
C) Анаприлин - В-адреноблокатор;
D) Гидролазин - миотропты әсер көрсететін вазодилататор;
E) Нитропруссид натрий - миотропты әсер көрсететін вазодилататор.
ANSWER: A
Жүктілік мерзімі 32 апталық жүкті әйел ес-түссіз жеткізілді. Туысқандарының айтуынша екі күн бұрын ЖРВИ-мен ауырған, бас ауруына шағымданған, аяқтарында ісіну пайда болған. Таңертең құрысулар болған. Жағдайы ауыр, ес-түссіз. АҚ-180/100 мм сынап бағ., АҚ 190/100 мм сынап бағ. Тыныстың қозғалу жиілігі минутына 25 рет. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет. Әрі қарай жасалатын амал:
A) Акушерлік жағдайды түсіну үшін қынаптық тексерулер өткізу;
B) Невропатологтың, инфекционисттің кеңесі керек, өйткені ЖРВИ менингитпен асқынған;
C) Магнезиямен емдей отырып кешенді терапияны бастау, жетілмеген жүктілікті ескере отырып нәрестедегі тыныс бұзылысы синдромының алдын алу;
D) ӨЖЖ, магнезиямен емдеу, кесар тілігі операциясы, өйткені әйел комада, тыныс жеткіліксіздігі;
E) Магнезиямен емдеу, босану жолдарының жеткіліксіздігі кезінде простагландинмен босануға дайындық жүргізу.
ANSWER: D
Жүктілікті жасанды жолмен үзу уақытында 27 жасар әйелдің жатырына перфорация жасалынды. Лапаротомия уақытында анықталғандай: перфорация оң жақта жатыр қылтасы аймағында болған, осы орында кең байланым тарамдары арасында, жамбас қабырғасына дейін жететін, қуықтың артында гематома табылған. Оперативті емдеу көлемі:
A) Перфорациялық тесікті тігу;
B) Қосалқыларсыз қынапүстілік жатыр ампутациясы;
C) Жатырды қосалқылармен экстирпациялау;
D) Жатырды қосалқылармен экстирпациялау, ішкі мықын артерияларын байлау;
E) Жатырды түтікшелерімен қоса экстирпациялау.
ANSWER: E
Жүктіліктің 17-20 апталық мерзімінде нәрестенің генетикалық патологиясына пренатальды скринингте қосарлы биохимиялық тестті өткізгенде қандай гормондардың деңгейі тексеріледі:
A) ФСГ және АХГ;
B) АХГ және прогестерон;
C) АФП және пролактин;
D) АФП және АХГ;
E) Плацентарлы лактоген және АФП.
ANSWER: D
Жүктіліктің 34 апталық мерзімінде, мезгілінен бұрын босануға дейін қағанақ маңы суы кеткенде және хориоамнионит белгілері болғанда жүктілікті қандай тәсілмен жүргізеді:
A) Антибактериялық емдеу арқылы күте тұру тәсілі;
B) Нәрестенің тыныс алу бұзылысы синдромының алдын алу;
C) Қынаптық тексерусіз 24 сағат бойы бақылау;
D) Антибактериялық емдеу арқылы нәрестенің жүрек соғысына тұрақты түрде мониторинг жасау;
E) Кесар тілігі операциясы арқылы босандыру.
ANSWER: E
Жүктіліктің қандай асқынуында сыртқы қан кету гемодинамикалық бұзылыстарға сәйкес емес?
A) Қалыпты жағдайдағы плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы;
B) Жүктіліктің айы-күні жеткен мерзімінде плацентаның толық алда жатуында;
C) Жүктіліктің жетілмеген мерзімінде плацентаның толық емес алда жатуында;
D) Жүктілік уақытында жатырдың жыртылуы;
E) Босану уақытында жатыр мойнының жыртылуы.
ANSWER: A
Жүктіліктің қандай мерзімінде хорионды гонадотропиннің максимальды концентрациясы анықталады?
A) 5-6 аптада;
B) 8-9 аптада;
C) 9-10 аптада;
D) 11-12 аптада;
E) 13-14 аптада.
ANSWER: D
Жүктіліктің физиологиялық даму кезеңінде гемостаз жүйесінде болатын өзгерістер:
A) Гиперкоагуляция;
B) Гипокоагуляция;
C) Тұтыным коагулопатиясы;
D) Тек тамыр-тромбоцитарлы бөлімнің белсенуі;
E) Тек плазмалық бөлімнің белсенуі.
ANSWER: A
Жыныстық дамудың болмауы байланысты:
A) ерте балалы шақта басынан өткізген инфекциондық аурулар
B) пубертатты жаста басынан өткізген вирусты этиологиясы бар аурулар
C) хромосомдық ауытқұлар
D) көрсетілгендердің барлығы
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Жыныстық дамудың кідірісі кезінде қыздың сыртқы түрі:
A) евнухоидты дене бітімі
B) сүйек жасы күнтізбек жасына сәйкес келмейді
C) екінші жыныс белгілері дамымаған
D) сүт бездері дамымаған
E) көрсетілгендердің барлығы
ANSWER: A
Жыныстық дамудың кідіруі - бұл болмауы:
A) 13 жаста екіншілік жыныс белгілерінің, ал етеккірдің - 15 жаста
B) 12 жаста екіншілік жыныс белгілерінің, ал етеккірдің - 16 жаста
C) 14 жаста екіншілік жыныс белгілерінің, ал етеккірдің - 18 жаста
D) 12 жаста екіншілік жыныс белгілерінің, ал етеккірдің - 18 жаста
E) 13 жаста екіншілік жыныс белгілерінің, ал етеккірдің - 17 жаста
ANSWER: A
Жыныстық дамуының кідірісінің аналық бездік генезі байланысты:
A) аналық бездердің гормональдық функциясының күрт төмендеуімен
B) гипофиздің гипергонадотропты белсенділігімен
C) хромосомды патологиялардың болмаумен
D) көрсетілгендердің барлығы
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Жыныстық дамуының кідіруінің орталық генезінің негізгі себептері болып:
A) гипоталамустың реттейтін функциясының бұзылысы
B) гипофиздың және гипоталамустың тұқым қуалаушының кемістігі
C) инфекционды-токсикалық аурулар (созылмалы тозиллит, ревматизм, вирусты тымау)
D) күйзеліс жағдайлар
E) көрсетілгендердің барлығы
ANSWER: A
Жыныстық жетілу кезеңінде ДЖҚ бар аурулар өздерінің сау құрбыларынан айырмашылықтармен көрінеді:
A) қалыптан асқан сексуальды морфотипімен
B) интерсексуальды морфотипімен
C) инфантильды морфотипімен
D) көрсетілгендердің барлығымен
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Жыныстық жетілу кезеңінде организмде келесі негізгі өзгерістер жүреді:
A) гипофиздың гонадотропты функциясының басылуы
B) аналық бездердің гормональдық функциясының белсенділігі
C) ФСГ шығару ырғағы анықталмайды
D) ЛГ экскрециясының ретті "шындары" анықталады
E) көрсетілгендерден түк жоқ
ANSWER: A
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылдың 07 сәуіріндегі № 239 бұйрығына сәйкес акушерлік қан кетуде ЖҚП (СЗП) құюдың көрсеткіші:
A) Қан кету 1500 мл және жоғары;
B) Қан кету 500-650 мл;
C) Қан кету 650-700 мл;
D) Қан кету 1000 мл және жоғары;
E) Қан кету 2000 мл және жоғары.
ANSWER: A
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылдың 07 сәуіріндегі № 239 бұйрығына сәйкес симптомсыз бактериурия кезінде жүктілікті жүргізудің дұрыс амалын таңдаңыз:
A) Антибактериялық терапия курсы;
B) Динамикалық бақылау;
C) Зәрді 3-5 күннен кейін қайта тексеру;
D) Стационарлық емдеу;
E) Уролог кеңесі.
ANSWER: A
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2016 жылдың 8 желтоқсандағы № 17 бұйрығына сәйкес ішкі мықындық артерияны байлай отырып жатырдың экстирпациясы жасалынады:
A) Компрессиялық тігістерді салғаннан тиімділік болмай қан кеткенде;
B) Қалпына келмейтін жатыр айналуы болғанда;
C) Жедел ДВС синдромының белгілерінсіз қан кетуде;
D) Коагулопатиялық қан кетуде;
|
|
|