Главная страница

ЖДП 100 Бетон. Абсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу


Скачать 0.9 Mb.
НазваниеАбсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу
Дата19.12.2021
Размер0.9 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖДП 100 Бетон.docx
ТипДокументы
#309859
страница28 из 66
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66

B) қанның реологиялық қасиетінің бұзылысын анықтау үшін

C) жасырын коронарлық жетіспеушілікті анықтау үшін

D) синус түйінінің әлсіздік синдромының диагностикасы үшін

E) жасырын жүрек шамасыздығын анықтау үшін

ANSWER: C

Бехтерев ауруын клиникалық болжағанда, диагнозды дәлелдеуде маңызды болатын зертханалық диагностикалық көрініс:

A) ЭТЖ ұзақ уақыт жоғарлауы

B) гипохромды анемия

C) қан сарысуында СРБ және глобулиндер фракциясының жоғарлауы

D) НLА 27 антигендерінің анықталуы

E) лизосомалық ферменттердің белсенділігінің жоғарлауы

ANSWER: D

Бигуанид тобына жататын препараттар:

A) глибенкламид

B) диабетон

C) ново-норм

D) глюкофаж

E) минирин

ANSWER: D

Бірінші типті қант диабетімен ауратын науқаста Куссмауль тынысы нені білдіреді:

A) Глюкоза деңгейінің төмендеуін

B) Алкалозды

C) Кетоацедемиялық команы

D) Глюкоза деңгейінің жоғарылауын

E) Зәрде ацетоннның пайда болуын

ANSWER: C

Брадикардиясы бар науқастардың стенокардиясында таңдау препараты болып табылады:

A) пиндолол

B) пропранолол

C) верапамил

D) дилтиазем

E) нифедипин

ANSWER: A

Бронх қабырғаларының іріңді-қабынулы деструкциясы нәтижесінде бронхтардың қайтымсыз патологиялық кеңеюі қалай аталады?

A) Пневмония

B) Бронхэктаз ауруы

C) Өкпе эмфиземасы

D) Созылмалы бронхит

E) Муковисцидоз

ANSWER: B

Бүйрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі қай ауруда кездеседі?

A) созылмалы гломерулонефрит

B) жедел пиелонефрит

C) панкреатит

D) цистит

E) уретрит

ANSWER: A

Бүйрек фунциясының созылмалы шамасыздығының терминальді сатысына тән шумақтық фильтрация деңгейі:

A) 40 мл/мин

B) 30 мл/мин

C) 20 мл/мин

D) 10 мл/мин

E) 50 мл/мин

ANSWER: D

Буынның қандай патологиясында басым шеміршек, сіңірлердің фиброзды тіні, омыртқа аралық дискілер зақымдалады:

A) ЖҚЖ

B) дерматомиозит

C) жүйелі склеродермия

D) ревматоидты артрит

E) анкилоздаушы спондилоартрит

ANSWER: E

В. атты 37 жастағы науқасты бел аймағындағы ауру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақта да оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады. Төменде келтірілген аурулардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ МҮМКІН?

A) бүйрек рагы

B) пиелонефрит

C) бүйрек амилоидозы

D) бүйрек поликистозы

E) гломерулонефрит

ANSWER: B

Военкоматпен зерттелуге 18 жасты науқас бағытталған. Қалыпты дамыған. Жүрек астында 2-ші қабырға арасында кеуденің оң жағы бұрышынан ұйқы артериясына өтетің тұрпайлы систолалық шу аңықталады. Аортаның үстінде екінші тоны әлсіреген. Пульсі – минутына 64 рет, ырғақты. Иықтың артериясының АҚ – 95/75 мм.с.б., бөксе аретриясының АҚ - 110/90 мм с.б. Сіздің диагнозыныз?

A) аорта құйылысы стенозы

B) жүректің қосарлас ақауы

C) аорта коарктациясы

D) қарыншаның арасы дефекті

E) ашық артериальді жолы ақауы

ANSWER: A

В, С, Д вирусты гепатиттер, улы заттардың әсері, алкогольді ішімдіктерді қолдану, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және бауырдың веноздық ағысының обструкциясы төмендегі аурулардың қайсысының этиологиялық себебі болуы мүмкін:

A) бауыр цирроздарының

B) созылмалы гепатиттердің

C) бауырдың майлы дистрофиясының

D) гепатоцелюлярлы карциноманың

E) біріншілік склероздаушы холангиттің

ANSWER: A

Гастрин өндіріледі:

A) асқазанның антральды бөлігінде

B) асқазанның фундальды бөлігінде

C) 12-елі ішектің шырышты қабатында

D) ұйқы безінде

E) аш ішектің шырышты қабатында

ANSWER: A

Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруын диагностикалауда «маңызды» тексеру тәсілі қайсысы?

A) өңешті рентгендік зерттеу

B) рН-метрия

C) өңеш эндоскопиясы

D) гистологиялық зерттеу

E) өңеш кілегейінің биопсиясы

ANSWER: C

Г. атты 24 жастағы науқас әйелдер кеңесіне әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауру сезіміне шағымданып қаралды. Тексергенде: жүктілік 17 апталық, АҚҚ - 110/70 мм. б.б. Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1008, лейкоциттер – 14-25 к/A) Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 500, лейкоциттер – 4,5 мың, цилиндрлер - 100. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША ТИІМДІ?

A) цефазолин

B) ровамицин

C) гентамицин

D) тетрациклин

E) норфлоксацин

ANSWER: B

Геберден түйіндері дегеніміз:

A) соңғы фалангалардың эпифиздерінің шеттік сүйектік өсінділері

B) буынның сүйектік негізіне, шеміршектер мен сіңірлерге зәр қышқылы кристаллдарының шөгуі

C) құрамында липиді бар гистиоциттермен және алып клеткалармен дерманың, синовий қабықшасының инфильтрациясы

D) тері асты клетчаткасының ошақты некрозы және созылмалы қабынуы

E) тері асты клетчаткасында, бұлшық еттерде кальций тұздарының шөгуі

ANSWER: A

Гипогликемиялық команың емінде енгізуге әсерлі болып табылады:

A) К/т 5% глюкозы ерітіндісін енгізу

B) К/т 40% глюкозы ерітіндісін ақырындап енгізу

C) К/т норадреналин енгізу

D) К/т глюкокортикоидтарды енгізу

E) Тәтті емес шәй

ANSWER: B

Гломерулонефириттің салыстырмалы диагностикасы үшін зерттеу әдісі болып табылады.

A) Бүйректің пункциялық биопсиясы

B) Экскреторлы урография

C) Радиоизотопты зерттеу

D) Клиника- лабораторлы зерттеу

E) Бүйректің компьютерлі томографиясы

ANSWER: A

Гломерулонефритпен ауыратын 65 - жастағы әйел тұрақты АҚ көтерілуі, ентігу, аз мөлшерде зәр шығару; әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: беттің ісінуі. ТАЖ – 25 рет минутына, АҚ – 220/130 мм б.б. ЖЖЖ – 105 рет/мин. ЖҚА: ЭТЖ – 35 мм/сағ, креатинин – 1050 мкмоль/л, зәр – 15 ммоль/л. Төмендегі емдеу шараларының қайсысы БАРЫНША тиімді?

A) гемодиализ

B) гемосорбция

C) плазмаферез

D) бүйрек трансплантациясы

E) перитонеальді диализ

ANSWER: A

Дене салмағы шамадан тыс артық 60 жастағы ер адамда, 2 рет ашқарынға гликемия деңгейінің 8,9 және 10,9 ммоль/л дейін жоғарылауы анықталған. Емхана эндокринологы алғаш анықталған 2 типті қант диабеті диагнозын қойған. Патогенетикалық терапия мақсатында емдеу тактикасы:

A) экзогенді инсулиннің әсерін ынталандыру

B) инсулиндік рецепторлардың санын арттыру

C) инсулиндік рецепторлардың сезімталдығын төмендету

D) перифериялық тіндердің глюкозаны пайдалануын жоғарылату

E) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларының қызметін ынталандыру

ANSWER: D

Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз.

A) Созылмалы эзофагит

B) өңештің пептитті жарасы

C) Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы

D) Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

ANSWER: D

Дәрігерге 28 жастағы науқас физикалық жүктеме кезінде ентігу сезімдеріне, жүрек аймағында ауырсыну сезімдеріне жүрек қызметінің бұзылуына шағым түсіріп келді. Анамнезінен: бала кезінен жүрек ауруымен ауыратындығы анықталды. Ауыскультацияда 1 тон жүрек ұшында әлсіреген, өкпе бағанының тұсында 2 тон акценті байқалады, жүрек ұшында систололық шу, 1 тонның иррадициясы қолтық асты аймағына беріледі. АҚҚ – 130/80 мм с.б.б. ЖСЖ – 76 рет/минутына. Жүрек ақауын анықтаңыз?

A) Аорталық стеноз

B) Аорталық жеткіліксіздік

C) Митральды стеноз

D) Митральді жеткіліксіздік

E) Үшжармалы клапан стенозы

ANSWER: D

Дәрігерге 63 жастағы М. науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, ҚЖ ІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз.

A) Гипертоникалық криз

B) Гликоздті интоксикация

C) Қайталанған инфаркт миокардісі

D) Декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі

E) Ми қан айналымының бұзылуына ауысуы

ANSWER: B

Дәрігердің қабылдауында 45 жастағы ер адам аузының құрғауына, шөлдеуіне, терісінің қышуына, 1 жылдан бері дене салмағының 7-8 кг төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: 1 жыл алдын созылмалы панкреатитпен емделген. Қарағанда: бойы-172см, салмағы-75кг. АҚҚ-130/80мм с.б. Тексергенде: қандағы глюкоза -12,1ммоль\л, зәрдегі глюкоза-+++. Науқасқа сульфанилмочевина топтағы дәрілер ұсынылды:

A) глюкофаж

B) диабетон

C) глюконил

D) бисопролол

E) панкрим

ANSWER: B

Д. науқас, 38 жаста белгісіз анемиямен аурухана түсті. Қанда: Нв- 42 г/л, ретикулоцитоз 90%0, лейкоциттер-7,8•109/л, тромбоциттер-360•109/л. Болжам диагноз?

A) апластикалық анемия

B) тиреопривті анемия

C) миелодиспластикалық синдром

D) гемолитикалық анемия

E) идиопатты миелофиброз

ANSWER: D

Егер науқас сол жақ бел аймағының ауырсынуына, дене температурасының көтерілуіне, дизурияға шағымданса, ең алғаш қай диагноз туралы ойлайсыз?

A) пиелонефрит

B) амилоидоз

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

E) бүйрек шамасыздығы

ANSWER: A

Егер науқаста жіті миокард инфарктісінің 4-ші аптасында кеуде артында интенсивті қысып ауырсыну, ЭКГ болымсыз динамикасы және тағыда АСТ, АЛТ, КФК-МВ активтілігі пайда болса аурудың нашарлауын қалай квалификациялау қажет:

A) ӨАТЭ

B) миокард инфарктісінің қайталануы

C) қайталамалы миокард инфарктісі

D) Дресслер синдромының дамуы

E) нұсқаулы стенокардия

ANSWER: B

Әдетте подагралық артрит қандай буыннан басталады?

A) жамбас - сан

B) тізе

C) 1-ші табан-фалангалық

D) білезік

E) иық

ANSWER: C

Әйел адам 34 жаста, жүктіліктің 19─20 аптасы, дене салмағы жоғары, қалқанша безі 1-ші дәр, тығыз. Терісі құрғақ, тілі ісіген. Пульс─64 рет минутына,іші қату белгілері де бар. Қандағы ТТГ деңгейі жоғары, Т4 және ТГ антиденелері төмендеген. Қалқанша бездің УДЗ-і бойынша: гипоплазия. Науқаста қандай диагноз?

A) Бірінші дәрежелі диффузды токсикалық зоб

B) Аутоиммунды тиреоидит,гипертрофикалық түрі

C) Біріншілік гипотиреоз

D) Эндемиалық зоб 1 дәреже

E) Аутоиммунды тиреоидит,хаси─токсикоз

ANSWER: C

Әйел адам, дене ыстығының 390 қызбаға, ми қан айналымының бұзылуы шағымдарымен ауруханаға түскен. Соңғы 2 ай бойы қалтыраумен жүретін, дене ыстығының 390 дейін жоғарлағаның анықтаған. Тісінің экстракциясымен байланыстырады. Қарағанда: терісі, шырышты қабаттары сарғыш түсті аяқтарында нүктелі геморрагиялық бөртпелер. Тахикардия, экстрасистолия. ЭхоКС- та – қолқа қақпақшасында вегетациялар. Мүмкін болатын диагноз:

A) жедел лейкоз

B) ЖҚЖ

C) лимфогранулематоз

D) созылмалы лимфолейкоз

E) инфекционды эндокардит

ANSWER: E

Ер адам 26 жаста, дене қызуының бірнеше күн бойы 38,5о-қа дейін жоғарлауына, басының ауруына, жалпы әлсіздікке, тізе және тобық буындарындағы «қатты ауырсынуға», аяқтарының тырысып қалуына шағымданды. Жалпы қан анализі бойынша: лейкоциттер – 3,4 мың, лимфоциттер – 42%, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Рентген сурет бойынша екі жақ тізе буынындада субхондральды пластинкалардың тығыздалуы. Емдеу әрекеті қандай:

A) ампициллин

B) цефазолин

C) цефтриаксон

D) метронидазол

E) ципрофлоксацин

ANSWER: E

Ер адам, 35 жаста, стресстен кейін тердің көп бөлінуі, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтардың треморы. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. Зерттеу әдісін корсетiңiз?

A) ЭХОКГ

B) қалқанша бездің УДЗ

C) АҚҚ тәуліктік мониторингі

D) гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

E) компьютерлік томография

ANSWER: B

Ер адам, 35 жаста, стресстен кейін тердің көп бөлінуі, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтардың треморы. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. Зерттеу әдісін көрсетiңiз?

A) ЭХОКГ

B) АҚҚ тәуліктік мониторингі

C) қалқанша безінің пункциясы

D) Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу

E) гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

ANSWER: D

Ерекше варианттық Принцметал стенокардиясының себептеріне жатады:

A) тәждік артериялардың майда тармақтарының атеросклеротикалық зақымдалуы

B) тәждік ірі артериялардың күшті спазмы

C) тәждік ұсақ артериялардың спазмы

D) тәждік артериялардың тромбозы

E) қан айналым бұзылысы

ANSWER: B

Жалпы маман дәрігері 48 жастағы әйелді қарады, іштің жоғарғы бөлігінен арқаға иррадиациясымен қатты ауырсынуға, жиі құсуға, арықтауға, мерзімше іш өтуге шағымданады. Анамнезінен белгілі, өт-тасты ауруымен ауырады. Қарағанда тері жамылғысы қалыпты түсті, дене қызуы 36,7 С, АҚ 100/60 мм.с.б. Тілі ылғалды. Іші кішкене үрленген, пальпациялағанда эпигастрий аумағында және сол жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, перитонеальді симптомдары болымсыз. Аталған жағдайлардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?

A) жіті панкреатит

B) холангит

C) вирусты гепатит

D) асқазанның ойық жарасы

E) өт шығару жолдарының дискинезиясы

ANSWER: A

Жедел бронхиттің түрлері

A) катаральді

B) фибринозды

C) геморрагиялық

D) некротикалық

E) барлығы

ANSWER: E

Жедел бүйрек шамасыздығына тән емес симптом:

A) жедел басталуы

B) олигурия

C) гиперкалиемия

D) бүйрек көлемінің кішіреюі

E) дизурия

ANSWER: D

Жедел гломерулонефрит кезінде симптомдар триадасы:

A) гематурия, ісіну, гипертония

B) пиурия, бактериурия, гипертония

C) гематурия, , ісіну

D) лейкоцитурия, цилиндрурия, ісіну

E) цилиндрурия, ісіну, бактериурия

ANSWER: A

Жедел миокард инфарктісімен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау препаратын көрсетіңіз:

A) амиодарон

B) лидокаин

C) хинидин

D) верапамил

E) дилтиазем

ANSWER: B

Жедел миокард инфарктымен ауырған науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

A) зақымданған миокард көлемінің ұлғаюы

B) идиопатиялық перикардит

C) Дресслер синдром

D) миокард жарылуы

E) жүрек хордаларының үзілуі

ANSWER: C

Жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі кезінде қандай диуретикке жоғары баға бересіз:

A) диакарб

B) маннитол

C) фуросемид

D) верошпирон

E) гигротон

ANSWER: B

Жедел трансмуральды миокард инфарктісімен науқаста 20 күннен кейін тыныс алумен байланысты төс артында интенсивті ауырсыну, дене қызуының жоғарлауы, кенет әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Жүрек тондары әлсіреген, жүректің абсолютті шекарасында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Жедел миокард инфарктісінің осы асқынуында қандай препараты қолданған жөн?

A) кең спектрлі антибиотиктер

B) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

C) кальций антагонистері

D) АФАТ (АПФ) ингибиторлары

E) антикоагулянттар

ANSWER: B

Жергілікті дәрігерге 26 жастағы науқас қаралды. Шағымдары тамағының ауырсынуы, жөтел, тәбетінің төмендеуі. Қарағанда -миндалиндаердің гиперплазиясы, мойын лимфотүйіндері ұлғайған. Қанда: Нв-100 г/л, эр-4,2∙109/л, лейк-15∙109/л, тр-120∙109/л, ЭШЖ – 25 мм/сағ, формула: эоз-1%, п/я-3%, с/я-60%, лимф-24%, моноциттер- 8%, бластты жасушалар- 4%. Дұрыс тактиканы таңдаңыз:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66


написать администратору сайта