Главная страница

ЖДП 100 Бетон. Абсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу


Скачать 0.9 Mb.
НазваниеАбсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу
Дата19.12.2021
Размер0.9 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖДП 100 Бетон.docx
ТипДокументы
#309859
страница30 из 66
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66

A) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

B) лапаротомия

C) лапароскопия

D) ирригоскопия

E) холангиография

ANSWER: A

Науқас 18 жаста, бала кезінен қанағыштықпен ауырады: мұрыннан қан кетулер, гематомалар байқалған. Бір жыл бұрын тізе және тобық буындарында қан кетулер болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) ДВС-синдромының созылмалы формасы

B) гемофилия

C) геморрагиялық васкулит

D) тромбоцитопатия идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

ANSWER: B

Науқас 18 жаста, физикалық күш түскенде ентікпеге және шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде – жиі бронх-өкпелік инфекциялық аурулар. Тері жабындылары бозғылт, жүрек ұшының түрткісі күшейген, төстің сол жақ шетіндегі IV қабырғааралықта естілетін дөрекі пансистоликалық шуыл, өкпе артериасында ІІ тон акценті естіледі. ЭХОКГ –дан күтетін өзгерістер:

A) Қанның сол қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

B) Сол қарыншадан оң қарыншаға шунт

C) Қанның оң қарыншадан жүрекшеге регургитациясы

D) Сол жүрекшеден оң жүрекшеге шунт

E) Қанның аортадан сол жүрекшеге регургитациясы

ANSWER: B

Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:

A) Бауырдың билиарлы циррозы

B) Аутоиммунды гепатит

C) Созылмалы гепатит

D) Коновалов ауруы

E) Жильбер ауруы

ANSWER: C

Науқас 20 жаста, дәрігерге тамақтанудан 30 минуттан кейін эпигастральді аумақта ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға шағымданып келді. Анамнезі ерекшеліксіз. Пальпациялағанда эпигастрий аумағында ауырсыну. Сіздің алдын ала диагнозыныз?

A) гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

B) асқазан денесінің ойық жарасы

C) асқазанның пилорикалық бөлімінің ойық жарасы

D) 12-елі ішектің ойық жарасы

E) гастропатиямен асқынған, ЖТНП индуцирленген ойық жарасы

ANSWER: B

Науқас 21 жаста, психоэмоциональді стресстен кейін пайда болатын шырышпен араласқан іш өту ұстамалары мазалайды. Жиырылған сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Ректороманоскопия: патология жоқ. Болжам диагноз:

A) Крон ауруы

B) созылмалы энтероколит

C) тітіркенген тоқ ішек синдромы

D) асқазан токсикоинфекциясы

E) спецификалық емес ойық жаралық колит

ANSWER: C

Науқас 25 жаста, бір ай бойы қызбаның болуына, 6кг дене салмағының төмендеуіне, тәулігіне 5-6 рет сұйық нәжістің болуына шағымданды. Анамнезі бойынша: ошақты пневмониямен ауырған. Объективті: қолтық асты және шаптағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Өкпе туберкулезі

B) Сепсис

C) ВИЧ-инфекция

D) Іш сүзегі

E) Малярия

ANSWER: C

Науқас 25 жаста. Шағымдары:жүрек айнуға, құсуға, дене қызуының 38* С дейін жоғарлауына,тәулігіне 5─8 рет жасыл түсті, сұйық нәжістің болуына шағымданды. Болжам диагноз қойыңыз:

A) Арнайы емес жаралы колит

B) Крон ауыруы

C) ащы ішектің дивертикулезі

D) Сальмоннеллез

E) дизентерия

ANSWER: D

Науқас 27 жаста, 6 ай бойы– тәуілігіне 6-8 рет диарея, әлсіздік, қызба. Іштің оң жақ төменгі квадратында периодты ауырсынулар. Болжам диагнозыңыз:

A) карциноидты синдром

B) Крон ауруы

C) тітіркенген ішек синдромы

D) ұйқы безінің жеткіліксіздігі

E) бейспецификалық ойық-жаралы колит

ANSWER: B

Науқас 27 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы, қан аралас сұйық нәжістің күніне 8-9 рет болуына шағымданып келді. Ауырғанына бірнеше күн болған. Ректороманоскопия жүргізілді:онда ішектің қуысы тарылған, шырышты, ісінген, қызарған, эрозирленген, кей жерлерде қанталаған диметрі 0,9 смдейінгі жаралар анықталды. Науқасты жүргізу әрекетіңіз:

A) Күндізгі стационар жағдайында емдеу

B) Үйде 5-10 күн бойы бақылау

C) Жедел хирургия бөліміне жатқызу

D) Жедел инфекция бөліміне жатқызу

E) Жедел гастроэнтерология бөліміне жатқызу

ANSWER: E

Науқас 28 жаста, отбасылық дәрігер қабылдауында жеңіл физикалық жүктемеден кейін демікпеге, тез шарғауға, жүректің жиі соғысына шағымданады. Бала кезінде жиі ангинамен ауырған. Аускультацияда: жүрек ұшы қатайған және диастолалық шу бар, І тон дауысты, ІІ тон өкпе діңінің үстінде екіге бөлінуі, ІІІ тон митральді қақпақшаның ашылуы шертуі. Сіздің диагнозыныз?

A) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, трикуспидальды қақпақшаның жеткіліксіздігі

B) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі

C) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорта қақпақша стенозы

D) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, аорталы қақпақшаның жеткіліксіздігі

E) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды қақпақшаның стенозы

ANSWER: E

Науқас 29 жаста, анамнезінде цистит, субфебрильді температурға, тоңғыштыққа, оң жақ бел маңында дискомфортқа, жиі зәр шығаруға шағымдалады. Зәрде: салыстырмалы тығыздығ 1020, ақуыз 0,03 г/л, лейкоциттер- 20-30 көру аймағында, бактерия +++; Қанда креатинин 0,088 ммоль/л. Диагностикалық тесерудің келесі түрін таңдаңыз?

A) бүйректің пункционды биопсиясы

B) Нечипоренко бойынша сынама

C) Зимницкий бойынша сынама

D) бүйректің УДЗ

E) Реберг-Тареев сынамасы

ANSWER: E

Науқас 35 жаста, 15 жыл бойы ревматоидты артрит диагнозымен тіркеуде тұр. Вирусты инфекциядан кейін жөтел, қақырық, буындарда ауырсыну сезімі күшейген. Объективті: Білезік буынының ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер байқалған. Өкпесінде қатты дыбыс. Құрғақ сырылдар. Қанында: Гемолглабин 102 гр/л., эритроциттер -4,2 х 1012, лейкоциттер 3,6 х 109, ЭТЖ – 48 мм/сағ. Рентгенограммада өкпе суретінінің күшейгені байқалады, емдеу тактикасы.

A) Цитостатиктер

B) Кортикостероидтер

C) Алтын препараттары

D) Антибиотиктер

E) Аминохинолин қатардағы дәрілер

ANSWER: B

Наукас, 35 жаста, бас ауыруға, ентігуге, массивті ісіктерге шағымданып түсті. Қарағанда: бетте, алдыңғы іштің қабырғасында, аяқтарда жұмсақ, жылы ісіктер. АҚ 180/100 мм.c.б.б.; аускультацияда + төменгі бүйір бөліктерде тыныс кенет әлсіреген, ЖСЖ 100 уд/мин. Зәр анализінде: белок-3,8 г/л, эритроцит-10 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер-20-25 көру алаңында, түйіршікті цилиндрлер- 5-8 көру алаңындA) Бүйректің биопсиясы жасалды. Аурудың морфологиялық жағымды түрін таңдаңыз:

A) пролиферативті жайылмалы гломерулонефрит

B) шумақтар минимальді өзгерген гломерулонефрит.

C) фибропластикалық гломерулонефрит

D) мембранозды гломерулонефрит

E) экстракапиллярлы гломерулонефрит

ANSWER: B

Науқас 35 жаста, эпигастрий аумағында қатты ауырсыну, қан аралас құсық, әлсіздік, бас айналу себебінен дәрігерді үйге шақыртты. Анамнезінен 2 ай бұрын ойық жара ауруы бойынша емделген. Объективті: тері жамылғысы бозғылт. үлкен дәреті қара түсті. Қандай асқынысқа күдіктенуге болады?

A) қан кету

B) Пенитрация

C) Тесу

D) Тарылуы

E) малигнизациялар

ANSWER: A

Науқас 37 жаста, дәрігерге ентігуге, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге шағымданып келді. Жағдайының 5 күн бұрын нашарлауын айтады. 5 жыл бойы ауырады. Көктеммен -күз айларында аурудың өршуі байқалған. Шырышты-іріңді қақырық аурудың өршуі кезінде бірнеше ай бойы және өте көп мөлшерде бөлінеді. Темекіні 20 жылдан бері күніне 1 қорап шегеді. Объективті қарағанда: дене қызуы 37,50С. Өкпеде айқын перкуторлық дыбыс естіледі. Аускультацияда: везикулярлы тыныс әлсіреген. ТАЖ минутына 22 рет. Жүрек тоны анық, ырғақты, ЖЖЖ минутына 72 рет, АҚ 120/80мм.сн.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) пневмония

B) өкпе рагы

C) созылмалы обструктивті бронхит

D) бронхиальді демікпе

E) өкпе туберкулезі

ANSWER: C

Науқас 38 жаста, бірнеше жылдар бойы тері мен ауыз қуысының шырышты қабатында петихиальді қан құйылулар, мұрыннан қан кетулер мазалайды. Идиопатиялық тромбоцитопения диагнозы қойылған. Преднизолонмен терапия курсы қандағы тромбоцитті 80-90х109/л дейін көтереді. Бірақ геморрагиялық синдром сақталған. Емдеудің қандай жолы дұрыс емес:

A) спленэктомия жасау

B) мұрыннан қан кеткенде жергілікті гемостатикалық губка қолдану

C) преднизолонмен емді жалғастыру

D) донор тромбоцитін құю

E) цитостатиктер

ANSWER: D

Науқас 40 жаста, прекардиальді аумақты ұзақ қақсап ауыруына шағымданады, уайымданумен аңық байланыссыз, кеуденің сол жағында «тесілуі» сезімі. Қарағанда патологиялары аңықталмаған, ЭКГ ерекшеліктерсіз. Науқастың қарауын қандай зерттеуінен бастау керек?

A) қантқа және холестеринге қан анализін зерттеуден бастаймыз

B) липопротеидтерге қанды зерттеуден

C) эхокардиографиядан

D) велоэргометриядан

E) фонокардиографиядан

ANSWER: D

Науқас 42 жаста эпигастральді аймағының ауырсынуына, құсуына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ тер бөлінеді. АҚҚ – 100/50 мм с.б.б. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Болжам диагнозыңыз:

A) Қан кету

B) Перфорация

C) Стеноз

D) Пенетрация

E) Малигнизация

ANSWER: B

Науқас 45 жаста, оң жақ табанның бірінші саусағындағы қатты ауырсынуға, тері түсінің өзгеруіне шағымданады. Анамнезі бойынша: жақында алкоголь қабылдаған. Осы көрініс артиттің қандай түріне тән:

A) Туберкулезді

B) Ревматикалық

C) Деформирлеуші

D) Ревматоидты

E) Подагралық

ANSWER: E

Науқас 46 жаста іштің жоғарғы жағында ауырсынуға, іш өтуге, арықтауға шағымданып отбасылық дәрігерге келді. Анамнезінен: 10 жыл бойы алкогольді ішеді. Объективті: дене салмағының дефициті байқалды, тері жамылғысы құрғақ, кеуде және іш терісінде кішкентай қызыл дақтар бар, басқаннаң кейін кетпейді. Пальпациялағанда ауырсыну сезімі болды. үлкен дәреті майлы жылтырмен, тәулігіне 3 ретке дейін. Сіздің алдын ала диагнозыныз?

A) созылмалы гепатит

B) созылмалы холецистит

C) созылмалы гастрит

D) созылмалы панкреатит

E) созылмалы колит

ANSWER: D

Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалды. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз:

A) ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек

B) ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындау

C) Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек.

D) ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек.

E) ЖИА. Принцметалл стенокардиясы

ANSWER: D

Науқас 48 жаста, 2 жыл бұрын холецистоэктомияны басынан кешірген, содан кейін іштің желденуін және іш өтуі тоқтамаған. Осы жағдайда қандай дәріні қолданылады:

A) Креон

B) фестал

C) Урсосан

D) Маалокс

E) Мезим-форте

ANSWER: B

Науқас 50 жаста ауруханаға төс артындағы қарқынды ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын ауырсынуға шағымданумен түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ=110/70 мм.с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Жедел көмек көрсетуге бұл науқасқа тағайындалады:

A) промедол

B) стрептодеказа

C) гепарин

D) строфантин

E) перлинганит

ANSWER: A

Науқас 51 жаста, ұзақ уақыт оң жақ қабырға астында ауырсынуларды белгіледі. Объективті зерттеуде сарысу ауруы жоқ, дене темпаратурасы қалыпты, өт қабы нүктесі пальпациясында ауырсынуы жоғарлайды. Алдын ала диагнозы:

A) созылмалы холецистит асқыныс кезеңінде

B) өт қуығының гиперкинетикалық дискинезиясы

C) өттас ауруы

D) өт қуығының гипокинетикалық дискинезиясы

E) созылмалы холангит

ANSWER: D

Науқас 52 жаста жүрек аумағында қысқа уақытты ауырсынуға шағымданады. ЖРА кейін 2 апта ауру. ЭКГ-де – SТ сегменті 1,5 мм төмендеген және болымсыз Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз:

A) климактерикалық кардиомиопатия

B) ЖИА

C) НЦД

D) миокардит

E) перикардит

ANSWER: D

Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:

A) Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия

B) Аутоиммунды генездегі цирроз

C) Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация

D) Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия,декомпенсация

E) Бауырдың холестатикалық циррозы

ANSWER: D

Науқас 53 жаста, тыныштық жағдайында айқын ауа жеткіліксіздігіне, өлімнен қорқу сезіміне, кеуде клеткасында түсініксіз ауырсынуға шығымданады. Объективті: жағдайы ауыр, тері жамылғысы цианотикалық, қамытты венаның пульсациясы. ЖЖЖ 38 рет минутына, АҚ 150/90 мм.с.б. Жіті оң жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің пайда болуына жиі кездесетің себебін атаңыз:

A) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B) аорталық ақау

C) гипертониялық криз

D) стенокардия

E) вегетативтік криз

ANSWER: A

Науқас, 55 жаста соңғы жылдары 15 минут бойы созылатын төсінің жоғарғы 3/1 бөлігіндегі ауырсыну сезімдеріне шағымданады, нитроглициерин қабылдағаннан кейін ауырсыну сезімдері басылады; АҚ – 120/80 мм с.б. пульс – 62 рет, ЭКГ – де патологиялық ауытқу жоқ. Физикалық жүктемеден кейін, жоғарғы толерантылық байқалмайды. Ауырсыну кезінде ЭКГ-да кеуде тіркемелерінде ST сегментінің жоғарылағанын байқауға болады. Сіздің диагнозыңыз қандай:

A) Кардиалгия

B) Нейроциркуляторлы дистония

C) Күш түсу стенокордиясы

D) Вариантты стенокардия

E) Обструктивті кардиопатия

ANSWER: D

Науқас 56 жаста дене қызуы 38ºС дейін жоғарлауы, эпигастрий аумағында тоқтамайтың интенсивті ауырсынуы, жүрек айынуы, құсу себебінен дәрігерді үйге шақыртты. Анамнезінен: көп жылдар бойы өттастық аурумен ауырады. Объективті: тері жамылғысы көгерген, геморрагий. АҚ 90/60 мм.с.б., ЖЖЖ минутына 96 рет. Іші кішкене үрленген, қатты, ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализінде амилаза, липаза жоғарланған, АЛТ, АСТ жоғарланған, гипергликемия, СРБ денгейі жоғары. Зәрде амилаза жоғарланған. Сіздің алдын ала диагнозыныз және одан әрі тактиканыз.

A) ішектің механикалық өтпеуі, хирургиялық бөлікте госпитализациялау

B) жедел холецистит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау

C) холедохолитиаз, хирургиялық бөлімге жоспарлы госпитализациялау

D) жедел панкреатит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау

E) жедел аппендицит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау

ANSWER: D

Науқас 57 жаста, ұзақ уақыт бойы қыжылдаумен, тамақтанудаң кейін, физикалық жүктемеден кейін күшейетің қышқыл кекірумен азап шегеді. Объективті ерекшеліктерсіз. Сіздің алдын ала диагнозыныз?

A) созылмалы гастрит

B) созылмалы холецистит

C) гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

D) 12-елі ішектің ойық жара ауруы

E) асқызанның ойық жара ауруы

ANSWER: C

Науқас 62 жаста, ойық жаралық анамнезі қысқа және асқазан ойық жарасы ұзақ уақыт тыртықтанбады. Әлсіздікке, жүрек айнуға, тәбетінің төмендеуіне, эпигастри аймағында тұрақты ауырсынуға, арықтауға шағымданады. Бұл жағдайда қай асқыну жайлы ойлау керек:

A) асқазанның шығу бөлігінің стенозы

B) ойық жараның пенетрациясы

C) ойық жарадан микро қан кетулер

D) ойық жараның перфорациясы

E) ойық жараның малигнизациясы

ANSWER: E

Науқас 73 жаста кеуде артындағы, арқаға, бұғана арасы аумағына иррадиацияланатың ауырсынуға, физикалық күштемеден күшейетің тамақты құсып тастауына шағымданады. Анамнезінен: 6 жыл бойы өз-өзін ауыру деп санайды. Осы асқынысты физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: тері жамылғысы қалыпты түсті, тері астындағы майы қалыптысынаң жоғары көлемде дамыған. Сorа тондары аңық, ритмикалық. АҚ 130/90 мм.с.б., ЖЖЖ 68 рет минутына. Іші кішкене үрленген, ауырсынады. Сіздің диагнозыныз және одан әрі тактиканыз.

A) ЖИА, ЭКГ түсіру

B) ЖИА, ауруханаға жатқызу

C) ЖИА, ЭКГ, велоэргометрия

D) ГЭРА, ФГДС, ЭКГ, велоэргометрия

E) ГЭРА, ЭКГ, велоэргометрия

ANSWER: D

Науқас 79 жаста ұзақ уақытты, қатты, құрғақ жөтелге шағымданып келді, соңғы аптада қатты тағамды жұтқанда ауырсынуы, дауысының қарлыққан, дене салмағының төмендеуі пайда болды. Анамнезінен: 7 жыл бойы АГ, ААФ ингибиторларын қабылдайды, эндокринологта түйінді зобпен есебінде тұр. өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Көп жылдар бойы қыжылдауды, сүтті ішкеннен кейін ауамен, қышқыл кекірікті байқайды. Объективті: тері асты майы қалыпты дамыған. Пальпациялағанда қалқанша безі үлкейген, қозғалады, ауырсынусыз. өкпеде тынысы везикулярлы, қырылдамайды. Cor тондарының ритмдері дұрыс. АҚ 130/90 мм.с.б., ЖЖЖ 68 рет минутына. Іші жұмысақ, ауырсынусыз. үлкен дәреті қалыпты. Сіздің алдын ала диагнозыныз.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66


написать администратору сайта