Главная страница
Навигация по странице:

  • М-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ

  • 1

  • Атропин D

  • Іштің қатуы. Латын тілінен

  • Афферентті жйкелер штарыны сезімталдыын тмендететін немесе оларды озуына


    Скачать 0.56 Mb.
    НазваниеАфферентті жйкелер штарыны сезімталдыын тмендететін немесе оларды озуына
    Дата22.02.2021
    Размер0.56 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаö_èÇç_51-97.doc
    ТипДокументы
    #178527
    страница6 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    1 Эндотелиалдық жасушалардың М-холиинорецепторларын ынталандырғанда дамитын әсер N0 арқылы жүреді (эндотелиалды релаксациялаушы фактор).

    78

    3.3.2. М-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР

    (М-ХОЛИНОБЛОКАТОРЛАР НЕМЕСЕ АТРОПИН ТӘРІЗДІ ЗАТТАР)

    М-холиноблокаторлар - бұл М-холинорецепторларды тежейтін заттар. Берілген топтың барынша зерттелген өкілінің бірі - атропин. Осыған байланысты М- холиноблокаторларды көбінесе атропин тәрізді заттар деп атайды. М-холипоблокаторлардың негізгі әсерлері атқарушы жасушалар мембраналарының (постганглионарлы холинергиялык талшықтардың ұштарында) шеткі М-холинорецепторларьш тежеуіне байланысты. Сондай-ақ олар ОЖЖ-дегі (егер гематоэнцефалды тосқауылдан өтсе) М-холинорсцепторларды тежейді.

    М-холиноблокаторлардың әсерлерінің принципі М-холинорецепторларды тежей отырьп, олардың ацетилхалин1 медиаторымен байланысуына кедергі жасайды. М-холиноблокаторлар холинергиялық (постсинаптикалық) жүйкелердің және М-холиномиметикалық белсенділігі бар (ацетилхолинніц және оның аналогтары , холинестеразаға қарсы заттар, сонымен қатар мускариномиметикалық заттар) заттардың тітіркендіргіш қасиетін азайтады немесе жояды.

    М-холиноблокаторлар химиялық құрылымы бойынша үшіншілік аминдер және төртіншілік аммоний тұздары болып келеді. Жоғары таңдамалы әсерлі М-холиноблокатор — атропин бірқатар өсімдіктерде болатын алколоид: белладоннада (Atropabelladonna), мендуанада (Нуохсуаmusniger), сасық мендуанада (Daturastramonium). Химиялық кұрылымы бойынша бұл тропиннің және D, L-тропты қышқылының2 күрделі эфирі. Синтетикалық жолмен алынған. Атропиннің, әсіресе спазмалитикалык қасиеті айқын байқалады. М-холинорецепторларды тежей отырып, атропин кептеген тегіс бұлшық етті мүшелердің холинергиялық (парасимпатикалық) жүйкесінің ынталандырғыш қасиетін жояды. Оның әсерінен асказан-ішек жолдарының, өт жолдарының және өт қапшығының, бронхтардың, куық бұлшық еттерінін тонусы төмендейді.

    Атропин көздің бұлшық еттерінің тонусына әсер етеді. Нұрлы қабаттың айналма бұлшық еттерінің М-холинорецепторларын тежеу көз қарашығының кеңеюін (мидриаз) шақырады. Көздің алдыңғы камерасынан сұйықтықтың ағып өтуі нашарлайды және көз іші қысымы жоғарылайды (әсіресе глаукамада).

    1 М-холипоблокаторлар пресинаптикалық М-холинорецепторларды тежей
    отырып, ацитилхолинның босап шығуын едәуір жоғарылатады. Бірақ бұл әсер
    байқалмайды, өйткені постсинаптикалық М-холинорецепторлар жабық.

    2 Атропин D- және L>-гиосциаминнің қоспасы.

    79

    Кірпікше бұлшық еттерінің М-холинорецепторларын тежеу олардың босаңсуына әкеледі, бұл циннов байламы тарылуының жоғарылауын шақырады және көз бұршағының дөңестігін кішірейтеді. Аккомодацияның салдануын шақырады және көз алыстан көруге бейімделеді.

    Атропиннің жүрек-тамыр жүйесіне әсері негізінен жүрек жағынан байқалады. Жүректе кезбе жүйкенің холинергиялык әсерінің төмендеуімен түсіндірілетін тахикардия пайда болады. Бұл кезде адренергиялык (симпатикалык) иннервацияның тонусы орын алады. Сонымен бірге кезбе жүйке болып келетін эфферентті доғамен жүрекке теріс рефлексті жояды немесе оның алдын алады. Атриовентрикулярлы өткізгіштік жақсарады. Тамырларға және артериялык кысымға атропин мүлде әсер етпейді, бірақ холиномиметикалык3 заттардың гипотензивті әсеріне кедергі жасайды.

    Атропиннің қажетті касиеттерінің біріне бездердің - бронхиалды, мұрын-жұткыншақ, ас қорыту (әсіресе сілекей), тер және жас секрециясын тежеу жатады. Бүл ауыз қуысының шырышты қабатының және терінің кұрғауымен, дауыс тембрының өзгеруімен сипатталады. Тер бөлінуінің төмендеуі дене температурасының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

    Атропин бездердің холинергиялык иннервациясы тежеуден басқа, холиномиметикалық заттардың ынталандырғыш әсерін жояды. Әсер ету механизмі басқаша қосылыстардың (мысалы, гистамин) бездер секрециясына ынталандырғыш әсері атропинді енгізгеннен кейін де аса өзгермейді. Осы себептерге байланысты гормондармен реттелетін сүт бездерінің секреторлык кызметі мүлде өзгермейді.

    Атропиннің жергілікті қолдануда байқалатын анестезиялық белсенділігі бар.

    Атропин ОЖЖ-дегі М-холинорецепторларының козуына байланысты эндогенді ацетилхолин мен холинэстеразаға қарсы заттардың әсерлерінің дамуына кедергі жасайды. Орталық холиноблокаторлык касиетіне байланысты ол экстрапирамидтік жүйенің холинорецепторларын1 тежей отырып, козғалыстың кейбір бұзылуларында (паркинсонизмде) тиімді әсер көрсетеді.

    1 Көптеген тамырлардың тонусы тек адренергиялық иннервациямен реттеледі.
    Сонымен қатар мұндай тамырларда иннервацияланбайтын М-холинорецепторлар да
    бар. Экспериментте эндотелийлерде қоздырғанда тамырлардың кенеюін шақыратын
    М-холинорецепторлар орналасқаны көрсетілген. Сонғысы N0- эндотелиді
    релаксациялаушы фактрдың босап шығуына байланысты.

    2 ОЖЖ-нің холинорецепторларын тандамалы тежейтін заттардың арнайы тобы
    бар -орталық холиноблокаторлар. Оларға кейбір анксиолитиктер (амизил).
    паркинсонизмді емдеуде қолданылатын1 заттардың (циклодол) бір қатары және т.б.
    жатады.

    80

    Атропин асқазан-ішек жолдарынан, сонымен қатар шырышты қабаттардан жақсы сіңеді. Атропин және оның метаболиттері көбінесе бүйрек арқылы шығады. Резорбтивті қолданғанда әсерінің ұзақтығы шамамен 6 сағат. Көздің шырышты қабатына жергілікті енгізгенде аккомодация 3-4 күнге бұзылады, мидриаз 7 және одан да көп күнге дейін сақталады.

    Атропин тегіс бұлшық етті мүшелердің спазмында спазмолитик ретінде қолданылады: ас қорыту жолдарының, өт жолдарының. Ауыру сезімімен (шаншу) жүретін спастикалық көріністер атропинді қабылдағаннан кейін басылады немесе жойылады. Бронхаспазмда да тиімді.

    Атропиннің бездер секрециясын төмендету қасиетін асқазанның және он екі елі ішектің ойық жараларында, жедел панкреатитте, гиперсаливацияда,паркинсализмде, ауыр металдар тұздарымен уланғанда) басу үшін анады.

    Атропиннің операция алдында премедикация үшін кеңінен қолданылуы оның сілекей, мұрын-жұтқыншақ және трахеобронхиалды бездердің секреииясын басуына байланысты. Сонымен қатар, жүректің М-холинорецепторларын тежей отырып (ваголитикалық әсері), атропин жүрекке теріс рефлекстердің, сондай-ақ оның рефлекторлы тоқтауынын жоғарғы тыныс алу жолдарын тітіркендіретін ингаляцияға арналған қолданғанда) алдын алады.

    М-холиноблокаторлық қасиеті вагустық әсерге байланысты атриовентрикулярлык тежелулерде, кейбір жағдайларда стенокардияда жүрекке жағымды.

    Көз практикасында атропиннің мидриатикалык әсері диагностикалық (көзілдірік таңдаганда тор қабатын зерттеу үшін) және көздің кейбір ауруларында (иридоциклит және т.б.) қолданылады. Атропинді М-холиномиметиктермен және холинэстеразаға қарсы заттармен улануды емдеуде қолданады.

    Атропиннің жанама әсері негізінен оның М-холиноблокаторлық қасиетіне байланысты. Көбінесе ол ауыз қуысының кұрғауымен, аккомодацияның бұзылуымен, тахикардиямен байқалады. Көз іші қысымының жоғарылауы (атропинді глаукомада қолдануға болмайды) остипация1, зәр бөлінуінің бұзылуы мүмкін.

    Атропинмен уланғанда холинергиялық әсерлердін басылуымен және заттың ОЖЖ-не әсерімен байланысты симптомдар дамиды. Жұтынудын және сөйлеудің бұзылуымен жүретін ауыз куысы мен мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатының құрғауы байқалады. Тері кұрғайды. Дене

    Іштің қатуы. Латын тілінен оbstipatio - толу.

    81

    температурасы жоғарылайды. Қарашықтар кең, фотофобия1 тән. Қозғалыс және сөйлеу қозулары жүреді, есте сақтау кабілеті мен бағдары бұзылады, галлюцинациялар болады. Улану психоздың жедел түріне ұқсас жүреді.

    Атропинмен улану көбінесе балаларда болады. Бұл препаратты мөлшерден тыс енгізгенде немесе осы алколоиды бар өсімдіктің (беладонна, меңдуана) жемісін жегенде дамиды. Емдеуде асқазан-ішек жолдарынан әлі сіңе қоймаған атропинді шығару (асқазанды шаю, танин, белсендірілген көмір тұзды іш айдағыштар), заттың ағзадан шығуын жеделдету (форсирленген диурез, гемосорбция) және физиологиялық антагонистерді (мысалы, ОЖЖ не жаксы өтетін холинэстеразаға қарсы заттарды) қолдану қажет. Айқын қозуларда диазепам (сибазон), кейде қысқа әсерлі барбитураттар тағайындалады. Аса шексіз тахикардияда Р-адреноблокаторларды қолданған жөн. Дене қызуын сырттан суыту арқылы төмендетеді. Қажетті жағдайларда жасанды тыныс қолданылады. Фотофобияның салдарынан мұндай науқастарды қараңғы бөлмелерге орналастыру қажет.

    Құрамында атропині бар дәрілік заттардың, ішінде кәдімгі беладонна препараттары, мысалы, сығындылары (қою және кұрғақ) қолданылады.

    Атропин тәріздес алколоидтарға скополамин (L- гиосцин) жатады. Химиялық құрылымы бойынша ол скопин мен L-тропты қышқылдын күрделі эфирі. Скополамин Scopila carniolica өсімдігінде және аз мөлшерде құрамында атропині бар басқа да өсімдіктерде кездеседі. Айқын М-холиноблокаторлық қасиеті бар. Атропин жүрекке, бронхқа, ас қорыту жолдарына, ал скополамин - көзге және бірқатар экскреторлық бездердің секрециясына күшті әсер көрсетеді. Скополамин атропинге қарағанда әсері қысқа.

    ОЖЖ-не әсері жағынан скополаминнің атропиннен айтарлықтай айырмашылығы бар. Скополамин емдік мөлшерде тыныштандырғыш, ұйқышылдық әсер және ұйқы шақырады. Экстрапирамидалык жүйеге және пирамидті жолдардан мотонейрондарға козудың берілуіне тежегіш әсер көрсетеді.

    Қолдану көрсеткіштері атропингс ұқсас, наркоз алдындагы зат ретінде (әдетте морфинмен бірге), сонымен қатар теңіз және әуе ауруларының ("Аэрон" таблеткасының құрамына кіреді) алдын алу үшін, кейде -паркинсонизмде қолданылады.

    1 Жарыктан қорқу. Грек тілінен рһоs, ілік септ. рһоtos- жарық, рһоbosқоркыныш, жасқану.

    82

    Көз практикасында қолдану үшін синтетикалық атропин тәрізді препарат гоматропин (тропин мен миндаль қышқылының күрделі эфирі) ұсынылды. Ол қарашықтың кеңеюін және аккомодацияның салдануын шақырады. Атропинге қарағанда әсері қысқа (15-20 сағ).

    Әсері одан да қысқа пепарат -тропикамид (2-6 сағ).

    Өсімдік шикі затынан алатын алколоидтоптарына платифиллин

    (метилпирролизидин туындысы) жатады. Жалпақ жапырақты зиягүл

    (крестовник широколистный) өсімдігінің құрамында кездеседі (Senecio platyphyllus ). М-холиноблокаторлық қасиеті жағынан атропиннен кем.

    Айтарлыктай ганглиоблокаторлық және тікелей миотропты спазмолитикалық

    (папаверин тәрізді) әсер көрсетеді. Тамыр қозғалтқыш орталығын тежейді.

    Платифиллин негізінен спазмолитик зат ретінде асқазанның, ішектің,

    өт жолдарының, өт қапшығының, қуықтың спазмдарында қолданылады.

    Мидың және тәждік тамырлар тонусының патологиялық жоғарылауы басу

    үшін де қолданылады. Кейбір жағдайларда платифиллин офтальмологияда

    қолданылады. Ол қарашықты қысқа уакытқа кеңейтеді. Аккомодацияға аз

    әсер етеді.

    Көзге әсер ету ұзақтығына байланысты қаралған препараттарды келесі тәртіппен қоюға болады: атропин > скополамин > гоматропин > платифиллин >тропикамид.

    Синтетикалық препарат м е т а ц и н моно-төртіншілік аммоний қосылыстарына жатады. Осыған орай ол гематоэнцефалды тосқауылдан нашар өтеді, сондықтан оның барлық әсерлері көбінесе шеткі М-холиноблокаторлық болып келеді. ОЖЖ-не әсер етпейді. Атропиннен айырмашылығы оның айқын бронхолитикалык қасиетінде. Көзге әсері жағынан атропинен кем.

    Метацин спазмолитик ретінде бронхиалдык демікпеде, ойық жараларда, бауырдың шаншуында, анестезиологияда премедикация үшін (бронх бездерінің секрециясын төмендетеді және жүрекке, бронхқа кезбе жүйкенің қозуының берілуін тежейді) қолданылады.

    Төртіншілік аммоний қосылыстарына бронходилататор ретінде қолданылатын ипратропий бромиді және тровентол жатады (13 тарауды қара).

    Аталған препараттар таңдамалы емес М-холиноблокаторларға жатады. Осыған байланысты М-холинорецепторларды таңдамалы тежейтін препараттар (мысалы, пирензепин) синтезделген. Оларды асқазанның және он екі елі ішектің ойық жараларын емдеуде қолданады (15.3 тарауды қара).

    3.4.НИКОТИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР

    Никотинге сезімтал холинорецепторлар (Н-холинорецепторлар) әр жерде шоғырланған. Олар вегетативті ганглийлерде, бүйрек үсті безінің милы заттарында, жүйке-бұлшық еттік синапстарда, каротидті шумақтағы афферентті импульстардың хеморецепциясы мен таралуларында, сонымен қатар ОЖЖ-де нейронаралық қозудың өтуінде афферентті импульстерді берілуіне қатысады.

    Әр жерде шоғырланған Н-холинорецепторлардың сезімталдығы химиялық қосылыстарға әр түрлі, бұл олардың кұрылысының айырмашылығына байланысты болуы мүмкін. Осыған орай вегетативті ганглийлерге, жүйке-бұлшықеттік синапстарының холинорецепторларына ОЖЖ-не таңдамалы әсер ету үшін заттарды алуға мүмкіндік берілген.

    Н-холинорецепторларды қоздыратын заттар Н-холиномиметиктер (никотиномиметиктер), ал тежегіштері - Н-холиноблокаторлар (никотиноблокаторлар) деп аталады.

    3.4.1. НИКОТИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ

    ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (Н-ХОЛИНОМИМЕТИКТЕР)

    Бұл топқа никотин, лобелин, цитизин алколоидтары жатады. Олар Н- холинорецепторларға екі кезеңдік әсер көрсетеді (қозу кезеңі тежеу әсеріне ауысады).

    Никотин - темекі (Nicotianatabacum және Nicotianarustica ) жапырағының алколоиды, химиялық кұрылымы бойынша пиридинметилпирролидин.

    Емдік бағалығы жоқ. Эксперименталды фармакологияда заттардың әсер ету механизмін талдау үшін қолданылады. Сонымен қатар темекі шегу кең тарағандықтан никотиннің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасьн білу токсикология жағынан маңызы бар.

    Никотин шеткі және орталык Н-холинорецепторларға әсер етеді. Әсіресе, оған екі кезеңдік әсер көрсететін вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторлары сезімтал. Бірінші кезең (қозу) ганглионарлы нейрондар мембранасының деполяризациясымен, екіншісі (тежеу) ацетилхолинмен бәсекелес антагониздігімен сипатталады. Никотин ацетилхолиинің синтезіне, босап шығуына және гидролизіне әсер етпейді.

    Никотин тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарының рефлекторлы қозуын шақыратын синокаротидті аймақтың
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта