Афферентті жйкелер штарыны сезімталдыын тмендететін немесе оларды озуына
Скачать 0.56 Mb.
|
74 әсерлер ішек және қуықтьң атониясын жою үшін қолданылады. Холинэстеразаға қарсы препараттар жүйке-бұлшық етінің берілуін жеңілдетуіне орай миастенияда, сонымсн қатар деполяризацияға қарсы (бәсекелес) әсері бар кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде қолданылады (3, 4 тарауды қара). Препараттарды таңдау олардың белсенділігімен, тіндік тосқауылдардан өту қабілетімен, әсерінің ұзақтығымен, тітіркендіргіш қасиетімен, уыттылығымен анықталады. Глаукомада прозерин (неостигмин метилсульфаты), физостигмин, армин (бұлардың ерітінділерін конъюнктивалды қуысқа тамызады) қолданылады. Галантамин мұндай мақсатпен қолданылмайды, өйткені ол тітіркендіргіш қасиет көрсетіп, конъюнктиваның ісінуін шакырады. Резорбтивті әсер үшін (миастенияда, ішек пен қуықтың атониясында, полиомиелиттен кейін, деполяризацияға қарсы әсері бар кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде) әдетте уыттығы төмен заттар прозерин және галантамин қолданылады, сирек - физостигмин. Гематоэнцефалды тосқауылдан галантамин (нивалин) және физостигмин (үшіншілік аминдер) өтеді. Осыған байланысты полиомиелиттен кейін калған көріністерде холинергиялық берілулерді тек шетте ғана емес, сондай-ақ ОЖЖ-де де белсендіру үшін галантамин қолданылады. Ересек және қарт жастағы адамдарда прогрессивті деменцияның бастапқы кезеңдерінде (Альцгеймер ауруы секілді) физостигмин есте сақтау қабілетін жақсартады. Осы мақсатпен галантаминді1 де қолдануға болады. Физостигмин М-холиноблокаторлармен және әсер спектрінде айқын М-холиноблокаторлық компоненті бар орталық әсерлі заттармен (мысалы, кейбір психотропты заттармен) уланғанда қолданылады. Резорбтивті әсер ету үшін прозеринге қарағанда әсерлері ұзағырақ пиридостигмин бромиді (местинон) және о к с а з и л (амбеноний хлориді) қолданылады. Эдрофоний (тензилон) өте қысқа уақыт әсер етеді, сондықтан деполяризацияға қарсы әсері бар кураре тәрізді заттардың антагонисті ретінде қолданылады. 1 Альцгсймер ауруын емдеуде холинэстеразаға қарсы препарат ривастигмин (экселон) ұсынылған. Мидың ацетил- және бутирилхолинэстеразасы оның тежегіш әсерлерінің негізгі нысаналары. Тәжірибеде ривастигмин шеткі тіндерге (жүрсктін, қаңқа бұлшық еттерінің және т.б.) қарағанда гиппокамп пен бас ми қыртысының ацетилхолинэстсразасын белсенді түрде тежейтіні анықталды. Сонымен, ОЖЖ-де холинергиялық берілудің жүйкслік импульстері жаймсн қалпына кследі. Препаратты курспен қолдану Альцгеймер ауруының көріністерін төмендетіп, наукастың жағдайының жақсаруына әкеледі. 75 Холинэстеразаға қарсы препараттармен улану мүмкін. Бұл негізінде ағзада ацетилхолиннің көп мөлшерінің жиналуына және холинорецепторларды тікелей қоздыруына байланысты. Аса жиі уланулар ФОҚ-ды1 қолданғанда байқалады. Олар өздерінің айқын липофилділігіне байланысты кез-келген жолмен енгізгенде жақсы сіңеді (тері бетіне енгізгенде де) және ацетилхолинэстеразаны ұзақ уакытқа тежейді. ФОҚ-мен жедел улану кідірместен дәрігердің көмегін талап етеді. Ең бірінші енгізілген жерден ФОҚ-ты шығару керек. Егер бұл тері беті немесе шырышты қабаттар болса оларды натрий гидрокарбонатының 3-5% ерітіндісімен барынша шаю қажет. Заттардың ас корыту жолдарына түсуінде асқазанды шаяды, адсорбциялаушы және іш жүргізгіш заттар береді және жоғары сифонды клизмалар тағайындалады. Бұл шаралар интоксикация көрінісі жойылғанша көп рет қайталана береді. Егер ФОҚ қанға түссе олардың зәр арқылы шығуын (күшейтілген диурез кемегімен) жеделдету керек. Қанды ФОҚ-дан тазартудың тиімді әдістері гемосорбция, гемодиализ және перитонеалды диализ. ФОҚ-мен жедел улануды емдеудің маңызды компоненттері - М-холиноблокаторларды (атропин, атропин тәрізді заттар 3; 3.3 тарауды қара), сонымен қатар холинэстераза реактиваторларын қолдану. Соңғысына молекуласында оксим (-NОН) топтары бар бір қатар қосылыстар жатады: дипироксим (тримедоксим бромиді, ТМВ-4), изонитрозин. Олар ацетилхолинэстеразамен байланысқан ФОҚ-дың қалдықтарымен байланысады да ферментті босатып, оның физиологиялық белсенділігін калпына келтіреді. ОЖЖ-не төртіншілік аммонилік қосылыс дипироксим нашар, ал үшіншілік аммонилік қосылыс изонитрозин жақсы енеді. Холинэстераза реактиваторлары уланудан кейін тек бірінші сағаттарда тиімді екенін ескеру керек, ал кешіккен жағдайларда олар ацетилхолинэстеразаның тек аз мөлшерін калыпты жағдайға әкеледі. Бұл препараттардың әсерлерінін баяу дамуымен байланысты ФОҚ-мен улануларда холинэстераза реактиваторларымен М-холиноблокаторларды жұптастырып қолданған жөн. Холинэстераза реактиваторларын парентералды тағайындайды. Қажет болған жағдайларда бірнеше рет енгізеді. Сонымен қатар симптоматикалык терапия жүргізу кажет. Науқастың тыныс алуын бақылау керек. ФОҚ бездердің гиперсекрециясын 1 ФОҚ-ға дәрілік препараттар қатарынан басқа, сондай-ақ жәндіктерді жоюға арналған инсектицидтердің (латын тілінен іпsесtит - жәндік, саеdrе - өлтіру) үлкен тобы және басқа да ауыл шаруашылығында қолданылатын препараттар (фунгидцидтер, гербицидтер, дефолианттар және т.б.) жатады. Хлорофос, карбофос, дихлофос сиякты және т.б. инсектицидтер кең таралған. 76 шақыратынын ескере отырып, ауыз қуысын шайып және кеңірдек пен бронхтардағы бөлінділерді шығарып отыру қажет. Керекті жағдайларда көмекші немесе жасанды тыныс беру қолданылады. Психомоторлық қозуларда аминазин, сибазон (диазепам), натрий оксибутираты және тағы басқа тежегіш қасиеті бар препараттар қолданылады. 3.3. МУСКАРИНГЕ СЕЗІМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР 3.3.1. М-ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЗАТТАР (М-ХОЛИНОМИМЕТИКТЕР НЕМЕСЕ МУСКАРИНОМИМЕТИКАЛЫҚ ЗАТТАР) М-холиномиметиктер М-холинорецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді. Мұндай заттардың эталоны болып М-холинорецепторларға таңдамалы әсері бар мускарин алколоиды жүреді. Мухоморларда кездесетін мускарин жедел уланулардың себептері болуы мүмкін. Дәрілік заттар ретінде қолданылмайды. Медициналық практикада М-холиномиметиктерден үшіншілік аминдерге жататын пилокарпии мен ацеклидин кеңінен қолданылады. Пилокарпин-Оңтүстік Америкада өсетін Pilocarpus pennatifolius Jaborandiөсімдігінің кұрамында болатын алколоид. Синтетикалык жолмен алынған; метилимидазол туындысы. Тікелей М-холиномиметикалық әсер көрсетеді. Вегетативті холинергиялық жүйкелерді қоздырғанда байқалатын қасиеттерге ұқсас әсерлер көрсетеді (3.3. кестені қара). Пилокарпин әсіресе бездердің секрециясын жоғарылатады. Ол көз қарашығын тарылтады және көз іші қысымын төмендетеді. Сонымен қатар аккомодация спазмын шақырады. Осылай, берілген параметрлер холинэстеразаға қарсы заттардың әсеріне ұқсас өзгереді. Негізгі айырмашылығы - пилокарпин көз бұлшық еттерінің М-холинорецепторларына тікелей әсер көрсетеді, ал холинэстеразага қарсы заттар ацитилхолинэстеразаны тежеу аркылы. Практикалық медицинада пилокарпин глаукоманы емдеуде көз тамшылары түрінде қолданылады. Резорбтивті әсер үшін ол қолданылмайды. Ацеклидин- тікелей әсерлі синтетикалык М-холиномиметик. Бұл 3-оксихинуклидиннің күрделі эфирі. Жергілікті және резорбтивті түрде қолданылады. Ацеклидин глаукомада, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының, қуықтың, жатырдың атониясында тағайындалады. Ацеклидинді және басқа да М-холиномиметиктерді мөлшерден тыс енгізгенде физиологиялық антагонистер ретінде М-холиноблокаторлар (атропин, атропин тәрізді заттар) қолданылады. 77 3.3. Кесте. М-холинорецепторлардың агонистері мен антагонистерінің кейбір әсерлері
|