Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.4.2. НИКОТИНГЕ СЕЗТМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ

  • Вегетативті ганглийлерде

  • Афферентті жйкелер штарыны сезімталдыын тмендететін немесе оларды озуына


    Скачать 0.56 Mb.
    НазваниеАфферентті жйкелер штарыны сезімталдыын тмендететін немесе оларды озуына
    Дата22.02.2021
    Размер0.56 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаö_èÇç_51-97.doc
    ТипДокументы
    #178527
    страница7 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    84

    хеморецепторларына айқын ынталандырғыш әсер көрсетеді. Тежелу кезеңі қанда никотиннің жоғары концентрациясы жиналғанда байқалады.

    Аз мөлшерде никотин бүйрек үсті безінің хромаффинді жасушаларының Н - холинорецепторларын қоздырады, осыған байланысты адреналиннің бөлінуі күшейеді, көп мөлшерде қарама-қарсы әсер көрсетеді. Вегетативті ганглийлерге әсер ету үшін шамадан тыс мөлшерлер қолданғанда жүйке-бұлшык еттік берілуді алғашқыда жеңілдетеді, кейіннен тежейді.

    Никотин ОЖЖ-не де айкын әсер көрсетеді. Бұл кезде де екі кезеңдік әсер көрсетеді: оны аз мелшерде қолданғанда- қозу, көп мөлшерде - тежелу

    алады. Никотиннің бас миының қыртысына әсер етуіне байланысты субъективті жағдай да барынша өзгереді. Никотиннің тыныс алу орталығын күшті қоздырады (көп мөлшерде тежейді). Көп мөлшерде никотин тырысу шақырады.

    Никотиннің антидиуретикалык қасиетін де оның орталық әсерлерімен байланыстырады (гипофиздің артқы бөлігінен антидиуретикалык гормонның бөлінуін күшейтуіне байланысты болар).

    Никотиннің түрлі мүшелер мен жүйелерге әсері оның шеткі және орталық әсерлерімен байланысты.

    Жүректің жиырылу жиілігі алғашқыда төмендейді (кезбе жүйкенің орталығын және интрамуралды парасимпатикалық ганглийлерді қоздырады). кейіннен күшейеді (заттың симпатикалық ганглийлерге қоздырғыш әсері және бүйрек үсті безінің милы қабатынан адреналиннің бөлінуі).

    Никотии аз мөлшерде артериялық қысымды жоғарылатады. Бұл симпатикалык ганглийлер мен тамыр қозғалтқыш орталығының қозуына, адреналиннің бөлінуінін жоғарылауына және заттың тікелей тамырларды тарылтатын миотропты әсеріне байлнысты.

    Никотиннің әсерінен жиі лоқсу болады (орталыктан дамыған), кұсу болуы мүмкін. Ішектің моторикасы жоғарылайды. Көп мөлшерде никотин ішектің моторикасын төмендетеді.

    Сілекей және бронх бездерінің секреторлық қызметі алғашқыда жоғарылайды, кейіннен тежелу кезеңі жүреді. Никотинге баяулап бейімделу дамиды.

    Никотин шырышты қабаттардан және тері бетінен жақсы сіңеді. Ағзада оның айтарлықтай бөлігі негізінен бауырда, сондай-ак бүйректе және өкпеде биотрансформацияға түседі. Никотин және оның ыдырағандағы өнімдері бүйрек арқылы алғашқы 10-15 сағатта шығады.

    Никотинмен жедел уланганда гиперсаливация, лоқсу, кұсу, диарея байқалады. Брадикардия тахикардияға ауысады. Артериялық қысым жоғары, ентігу тыныс алудың тежелуіне ауысады. Қарашықтар басында тарылған,

    85

    кейіннеи кеңейеді. Көрудің, естудің бұзылыстары, сондай-ак тырысулар болады. Көмек көбінесе тыныс алуды қалыпты ұстауға бағытталған, өйткені өлім тыныс алу орталығының салдануынан болады. Никотиннің детоксикациясында қажетті уакытқа жасанды тыныспен камтамасыз еткен жөн.

    Никотинмен созылмалы улану темекі шегумен байланысты. Бірақ, темекі түтінінде басқа да уытты заттардың бар екенін ескеру кажет. Созылмалы уланудың көріністері әр түрлі. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуы, гиперсаливация байкалады. Асқазан сөлінің қышкылдығы төмендеуі мүмкін. Тоқ ішектің моторикасы жоғарылайды.

    Өзгерістердің ішінде кан айналымы жағынан артериялык қысымының жоғарылауынан және жүректің жиырылу ырғағының жылдамдауынан басқа экстрасистолия және пароксизмалды тахикардия болуы мүмкін. Никотин стенокардия ұсамаларының дамуына ықпал жасайды, кейде көруді нашарлатады. ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімдері жағынан айтарлыктай өзгерістер байқалады.

    Темекі шегу денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Бұл жүректін ишемиялык ауруларының, өкпе ісігінің, созылмалы бронхиттің, өкпе эмфиземаларынын және т.б. дамуына ықпал жасайды. Темекіні шамадан тыс шегетін адамдар ішінде ерте дамитын өлім және мүгедектік жоғарылап барады.

    Н-холиномиметиктер ішінен дәрілік заттар ретінде тыныс алуды рефлекторлы қоздыратын лобелин және цитизии колданылады.

    Лобелин- Lobelia inflataөсімдігінің кұрамында болатын алколоид. Химиялық кұрылымы бойынша үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың рецепторларына (сопақша мидың басқа да орталыктарына4! холиномиметикалык әсер көрсетіп, тыныс алуды рефлекторлы қоздырады. Алғашында қысқа уакытқа артериялық қысымды төмендетеді (кезбе жүйкенін орталыктары мен ганглийлері белсенеді), кейіннен жоғарылайды (көбінесе симпатикалық ганглийлерге және бүйрек үсті безінің милы заттарына ынталандырғыш әсер етуімен байланысты).

    Тыныстың айкын қозуы ракитник (Cytisuslaburnum) жэне термопсис (Thermopsislanceolata) өсімдіктерінің кұрамындағы алколоид - цитизинді қолданғанда байқалады.

    Химиялық кұрылымы бойынша цитизии екіншілік аминдерге жатады.
    Н-холинорецепторларды қоздыруына байланысты негізгі әссрлерінін түрлері
    лобелинге ұқсас. Жоғары концентрацияда бұл алколоидтар Н-
    холинорецепторларды тежейді. 0,15% цитизин ерітіндісі ц и т и т о н деген
    атпен шығарылады. .

    Екі препарат та кейде тыныс алуды ынталандыру үшін (егер тыныс

    86

    орталығының рефлекторлы қозғыштығы сақталса) қолданылады. Көк тамырға енгізсді. Әсерлері өте қысқа мерзімді.

    Сонымен қатар бұл алколоидтарды темекі шегуден айығуды женілдетін препараттардың негізгі компоненттері ретінде қолданады (цитизин -"Табекс" таблеткасында, лобелин - "Л о б е-сил"таблеткасында бар) .

    3.4.2. НИКОТИНГЕ СЕЗТМТАЛ ХОЛИНОРЕЦЕПТОРЛАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРМЕН БАЙЛАНЫСҚАН ИОНДЫҚ КАНАЛДАРДЫ ТЕЖЕЙТН ЗАТТАР

    Бұл топка ганглиоблокаторлық заттар, жүйке-бұлшық еттік синапстардың тежегіштері және кейбір ортальқ холиноблокаторлар жатады.

    а) Вегетативті ганглийлерде козудың өтуін тежейтіп заттар (ганглиоблокаторлар)

    Ганглиоблокаторлык заттар симпатикалық және парасимпатикалык ганглийлерді, сонымен қатар бүйрек үсті безінін милы затының және каротидті шумакгардыц Н-холинорецепторларын тежейді.

    Химиялық кұрылымы бойынша негізгі ганпгаоблокаторлар топтары келесі түрде берілуі мүмкін:

    І.Бис-төртіншілік аммоний қосылыстары Бензогексоний' Пентамин Гигроний

    2. Үшіншілік аминдер
    Пирилен2 Пахикарпин гидройодиді

    Медициналық практикада қолданылатын ганглиоблокаторлар әсер ету механизмі бойынша деполяризацияға қарсы заттарға жатады. Бірқатар ганглиоблокаторлар (гексоний, пирилен) Н-холинорецепторларды емес ашық иондық каналдарды тежейді. Сонымен қатар басқа да ганглиоблокаторлар (мысалы, арфонад) Н-холинорецепторларды тежейді (холинорецепторларды танитындар).

    Ганглиоблокаторлардың резорбтивті әсерлерінде байқалатын фармакотерапиялық маңызы бар негізгі қасиеттерге келесілер жатады. Симпатикалық ганглийлерді тежеуіне байланысты қан тамырлары кеңейеді (артериялық, көк тамырлық), артериялық және көк тамырлық қысымдар

    1 Дийодидтер және дибромидтер түрінде ұқсас гексаметоний, гексоиий және т.б.
    аттармен препараттары шығарылады.

    2 Шетелде битартрат түрінде ұксас пемпидин және т.б. аттармсн препарат
    шығарылады.

    87

    төмендейді. Шеткі тамырларды кеңейту (мысалы аяктың тамырларын) аталган жердегі қан айналымьн жақсартады. Парасимпатикалык ганглийлерде импульстің өтуін тежеу сілекей, асқазан бездері секрециясының төмендеуімсн және ас қорыту жолдары моторикасының бәсеңдеуімен байқалады. Ганглиоблокаторлардың вегетативті ганглийлерге тежегіш әсері ішкі мүшелердің рефлекторлы реакцияларының төмендеуінің себебі болады.

    Ганглиоблокаторлық әсерлердің айқындығы аталған орталықтардың бастапқы тұрғыдағы тонусына байланысты екенін ескеру керек. Егер экспериментте тамыр козғалтқыш орталығы бұзылған болса ганглиоблокаторлар артериялык қысымды төмендетпейді. Керісінше, адренергиялык (симпатикалык) иннервацияның жоғары тонусында анық байқалады.

    Препараттардың екі түрлері бар. Біріншісі ұзак колдануға арналған. Мұндай заттарға келесі негізгі талаптар қойылады: әр түрлі жолмен енгізгенде олардың белсенділігі жоғары, әсері ұзақ, уыттығы төмен болуы тиіс және күрделі жанама әсерлері болмауы керек. Оларға бейімделу баяу дамуы немесе мүлде дамымауы керек.

    Көрсетілген препараттар ішінен үзак колдапуға колайлы үшіншілік аминдер, мысалы п и р и л е н (пемпидин тозилаты). Ол асқазан-ішек жолдарынан жаксы сінеді. белсенділігі айқын және әсері ұзақ (8 сағ және одан да ұзақ). Белсенділігі жағынан ол бензогексонийге (төменді қара) ұксас, бірақ уыттығы төмен. Үшіншілік аминдерді тағайындағанда төртіншілік аммоний тұздарынан айырмашылығы олардың гематоэнцефалды тосқауылдан жақсы өтетінін ескеру керек. Бұл қасиеті ОЖЖ-нің кызметіне теріс әсерінің себебі болуы мүмкін (пириленді қолданғанда кейде жылдам басталатын психикалык бұзылыстар, дірілдеу және т.б. байқалады).

    Үшіншілік амиидерге, сондай-ақ ганглиоблокатор пахикарпин гидроподиді жатады. Бұл есекмия (софора толстоплодный) (Sорһоrа раһусаrра) өсімдігі құрамындағы алколоидтың тұзы. Ганглиоблокаторлардың белсенділігі төмен және әсері ұзақ емес. Миометрияға ынталандырғыш әсер көрсетеді. Ол жіңішке ішектен жақсы сіңеді.

    Бис-төртіншілік аммоний тұзы-бензогексонийдің жетерліктей жоғары белсенділігі мен айқын таңдамалы әсері бар, бірак әсерінің ұзақтығы шамалы (3-4 сағ). Сонымен қатар асқазан-ішек жолдарынан бензогексоний нашар сіңеді. Осыған орай парентералды енгізгені жөн, бұл оның айтарлыктай кемшілігі. Аталған касиеттерді пентамин де (азаметоний бромиді, пендиомид) қамтиды. Ол әсерінің белсенділігі және ұзақтығы жағынан бензогексонийден кем.

    Қарастырылған ганглиоблокаторлар ойық жараларда, облитерациялық эндоартериитте, өкпенің ісінуінде, артериялык эмболияда, сирек гипертониялык ауруларда (көбінесе гипертензивті криздерде) қолданылады.

    Практикалық медицинада қысқа уақытқа колдануға арналған препараттар көп кызығушылық танытуда. Мұндай жағдайларда қысқа әсер (10-20 мин) шақыратын ганглиоблокаторлар қолданылады. Оларға гигроний және арфонад (триметафан камфорсульфонаты1) жатады. Басқа да ганглиоблокаторлар тәрізді бұлар да артериялық қысымды симпатикалық ганглийлерді тежеу аркылы төмендетеді. Арфонад гистаминнің босап шығуына ықпал жасайды және оның біраз тамырларды миотропты түрде кенейтетін әсері бар. Гигроний айқын таңдамалы ганглиоблокаторлық әсерімен сипатталады. Сонымен қатар оның уыттығы арфонадқа қарағанда 5-6 есе төмен.

    Қысқа әсерлі ганглиоблокаторлар басқарылатын гипотензияда қолданылады. Көк тамырға тамшылатып немесе бөлшектеп енгізеді. Заттарды енгізуді тоқтатқаннан кейін (10-15 мин кейін) артериялық қысым бастапқы деңгейгс тез келеді. Хирургияда баскарылатын гипотензия жүрек пен тамырларга операция кезінде қолайлы және шеткі тіңдерде қан айналымды жақсартады. Артериялық кысымның томендеуі мен операция жасайтын жерде тамырлардан қан кетудің азаюы тиреоидоэктомия, мастоэктомия сияқты операцияларды жүргізуді жеңілдетеді. Нейрохирургияда бұл заттардың гипотензивті әсері ми ісінуінің даму мүмкіндігін азайтады.

    Сондай-ақ ганглиоблокаторларды қолдану операция кездерінде жүректе, тамырларда және баска да ішкі мүшелердс мүмкін болатын теріс рефлекстердің белгілі дәрежеде алдын алады.

    Ганглиоблокаторларды қолдануда байқалатын жанама әсерлер негізінен
    негетативті ганглийлердің тежелуімен байланысты. Оларға тән жанама
    әсерлердің бірі - ортостатикалык коллапс. Ол дененің қалпын күрт
    өзгерткенде дамиды (мысалы, горизонталды жағдайдан вертикалдыға
    ауысқанда артериялық қысымның айқын және тез түсуі байқалады). Аса
    күшті гипотензияның салдарынан естен тану болуы мүмкін. Ортостатикалық
    коллапстың алдын алу үшін препаратты қабылдағаннан кейін наукас 2
    сағаттай жатуы тиіс. Ганглиоблокаторларды қолдануда іштің қатуын
    (обстипация) тудыратын асказан-ішек жолдары моторикасының төмендеуі
    жиі байқалады. Салдық илеустің2 болуы да мүмкін. Мидриаз,
    аккомодациянын бұзылуы, дизартрия3, дисфагия4, зәр шығуының кідіруі
    болуы мүмкін.

    ' Арфонадтакатион орталығының рөлін оң зарядталған күкіртатомы орындайды.

    2 Ішектік өтпеу (туйілу). Грек тілінен еііео - бұрамын.

    3 Анық сөйлеудін бұзылуы. Грек тілінсн dуз - жоқка шыгару, агіһгоо -косамын,
    біріктіремін.


    * Жұтынудын бұзылуы. Грск тілінен рһаgіа - жұту.

    89

    Ганглиоблокаторларды қолданғанда кауіпті асқынулар сирек кездеседі Өлім себептері әдетте тыныстың тежелуіне байланысты болады Ганглиоблокаторларды мөлшерден тыс енгізгенде оттегін беру, жасанды тыныс беру, аналептиктер тағайындау, сонымен қатар осы топтың антагонист болып келетін прозеринді енгізу қажет. Артериялық қысымды жоғарылату мақсатымен α–адреномиметикалык заттарды қолданған жөн (4; 4.1 тарауды қара). М-холинорецепторларды қоздыратын заттар (мысалы, карбахолии, ацсклидин) аккомодацияның бұзылуында карашықтың кеңеюінде, сонымен қатар асқазан-ішек жолдары тонусының төмеңдеуінде, қуыкгың атониясындй тиімді болады.

    Гангпиоблокаторларды ұзак қолданғанда оларга әдетте бейімделу пайда болады (төртіншілік аммоний тұздарына қарағанда пириленге баяу).

    Ганглиоблокаторлық заттар гипотензияда, айқын атеросклерозда. тәждік қан айналымның жетіспеушілігінде, глаукомада, бүйрек кызметінің төмендеуінде және миокардтың органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.

    б) Жүйке-булшық еттік берілуді тежейтін заттар (кураре тәрізді заттар нсмссе шеткі әссрлі миорелаксанттар')

    Бұл фармакологиялық заттар тобының негізгі әсерлері жүйке-бұлшық еттік козудың берілуін тежей отырып, каңқа бүлшык еттсрінің босаңсуын шақыру. Алғашқыда мұндай касиеттер курареден байқалған, сондыктан осы топтың заттарын кураре тәрізді заттар деп атайды.

    Кураре Оңтүстік Америкада өсетін Struhnosжәне Сһопdodendronөсімдіктерінің сығындысы. Көптеген жүз жылдар бойы кураре садақ уы ретінде қолданылған. XX г. 40-шы жылдары оны медицинадақ қолдана бастады. Кураре құрамында бірталай алколоидтар бар: негізгілерінің бірі -тубокурарин (препаратын өсімдік шикізатынан алады). Соңымен қатар, басқа да кураре тәрізді синтетикалық, жартылай синтетикалык және өсімдіктерден; алынатын препараттар бар. Олардың бәрі козғалтқыш жүйкелерінен каңқа бұлшық еттеріне қозудың берілуін тежейді.

    Химиялық кұрылымы бойьшша кураре тәрізді заттардың көпшілігі

    ' Миорелаксанттар — бұлшық еттерді босансытатын заттар. Грек тілінен туs- бұлшық еттер және лат. тілінен relaxatio-босаңсыту. Шеткі әсерлі миорслаксанттармен қатар ор талық әсерлі миорслаксанттар, мысалы м и д о к а л м (толпсризон), сирдалуд(тизаиидин), диазепам (анксиолитиктерді қара)бар.

    90

    төртіншілік аммоний қосылыстарына жатады. Келесі препараттар кеңінен қолданылады: тубокурарин хлориді1, панкуроний бромиді, атракурий,

    дитилин2.

    Төртіншілік аммоний қосылыстарында екі катиондык орталыктары (оң зарядталған азот атомдары) бар. Кураре тәрізді белсенділігі катиондық орталықтары зарядтарының концентрациясына, оларды жабушы радикалдардың сипатына, азот атомдарының ара қашықтықтарына және молекуланың орталық бөлігінің кұрылымына байланысты. Катиондық орталықтарына орай Н-холинорецепторлардың анионды құрылысымен

    полярлық байланыстар жүреді. Сонымен қатар полярлы емес байланыстар белгілі бір рөл атқарады. Катиондық орталықгардың арақашықтығы Н-холинорецепторлардың анионды кұрылысының бір бірінен алыстығын көрсетеді деп санайды. Көптеген кураре тәрізді заттарга азот атомдарының арақашықтығы 1,4-1,5 нм (14-15 Е; шамамен 10 көміртектік атомдар тізбегінің ұзындығына сай). Катиондық орталықтардың арақашыктығы (басқаша препараттар да белгілі, бұл холинорецепторлардың аниондық орталықтарының арақашыктығытын әр түрлілігімен түсіндіріледі.

    Кураре тәрізді заттар шектеуші пластинкалардың Н-холинорецепторларымен байланысып, постсинаптикалық мембрана деңгейінде жүйке-бұлшық еттік қозудың берілуін тежейді. Бірак, әр түрлі кураре тәрізді заттармен шақырылған жүйке-бұлшық еттік тежелудің генезі әр калай болуы мүмкін. Әсер ету механизміне байланысты олар келесі негізгі топтарға бөлінеді:

    1. Деполяризацияға қарсы (деполяризацияламайтын) заттар
      Тубокурарин хлориді Панкуроний бромиді Пипекуроний бромиді

    2. Деполяризациялаушы заттар
      Дитилин

    3. Әсері аралас заттар
      Диоксоний

    Деполярюацияға қарсы препараттар Н-холинорецепторларды тежеп, ацетилхолиннің деполяризациялаушы әсеріне кедергі жасайды. Иондық каналдарға тежегіш әсері екінші дәрежелі болып қалады. Деполяризацияға қарсы заттар бәсекелес және бәсекелес емес Н-холиноблокаторлар болуы ықтимал. Осылай, Н-холинорецепторларга әсер етуіне байланысты кураре тәрізді заттар (мысалы, тубокурарин) мен ацетихолин арасында нағыз

    1 Синонимі; тубарин. Тубокураринде азот атомының біреуі төртіншілік, екіншісі
    -үшіншілік. г

    2 Дихлорид және дибромид түрлерінде ұқсас препараттар келесі аттармен белгілі:
    суксаметоний хлориді, листенон, миорелаксин, сукцинилхолиний хлориді және т.б.

    91

    бәсекелес антагонизм болуы мүмкін. Тубокураринмен шақырылған жүйке бұлшық еттік тежелуінде шектеуші пластинкалардын Н-холинорецепторлар аймағында ацетихолиннің концентрациясын жоғарылатса бұл жүйке-бұлшық еттік берілуді бастапқы қалпына әкеледі (бәсекелес әсерлі ацетихолин холинорецепторлармен байланысып тұрған тубокураринді ығыстырып шығарады). Егер мұнда қайталап тубокурариннің концентрациясьн жоғарылатса, онда тежегіш әсерлер қайта дамиды. Осындай принциппен әсер ететін кураре тәрізді заттар бәсекелес деп аталады. Бәсекелес әсерлі препараттарға, сондай-ақ панкуроний (павулон), пипекуро н и й (ардуан), векуроний, атракурий жатады. Одан басқа әсері бәсекелес емес препараттар бар (мысалы, п р е с т о н а л). Бұл жағдайда кураре тәрізді препараттар және ацетихолин әр түрлі, бірақ өзара байланысқан шектеуші пластинкалардың рецепторлық субстраттарымен байланысады. Деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттардың әсерлерінің белсенділігі мен ұзактығы наркозға арналған заттардыц әсерімен өзгеру мүмкін. Сонымен, эфир және аз дәрежеде фторотан деполяризацияға қарсы кураре тәрізді заттардың миопаралитикалық әсерлерін күшейтеді және ұзартады, азоттың шала тотығы мен циклопропан олардын белсенділігіне әсер етпейді. Деполяризацияға қарсы кураре тәрізді препараттардың тежегіш әсері гексенал немесе натрий тиопенталының қатысында сәл күшеюі мүмкін Деполяризациялаушы заттар ысалы, дитилин) Н-холинорецептор ларды қоздырып, постсинаптикалық мембрананың тұрақты деполяризациясын шақырады. Деполяризациянын алғашқы басталуында бұлшық еттің тартылуы - фасцикуляция болады (жүйке-бұлшық еттік берілу қысқа уақытқа жеңілдейді). Аз уақыттан кейін миопаралитикалық әсер басталады.

    Жеке кураре тәрізді заттар аралас әсерлерімен сипатталады (деполяризациялаушы және деполяризацияға қарсы әсерлері бірге жүреді). Бұл топқа диоксоний (деполяризацнялаушы бәсекелес емес препарат) жатады. Алғашында қысқа уакытқа дсполяризация шакырады, кейіннен ол әсер деполяризацияламайтын тежеуге айналады.

    Жоғарыда айтылғандай кураре тәрізді заттардың негізгі қасиеті олардың миопаралитикалық әсері. Белсенділігіне байланысты (мөлшерлерін салыстыра отырып) негізгі препараттарды келесі түрде ретке қоюға болады: пипекуроний > панкуроний > тубокурарин > дитилин.

    Кураре тәрізді заттар бұлшық еттерді белгілі бір ретпен босаңсытады. Олардың көбі бірінші жақ пен мойынның, кейіннен қол-аяқтың, кеуденің бұлшық еттерінің жүйке-бұлшық еттік синапстарын тежейді. Заттардың
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта