Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.3. ҚАПТАУШЫ ЗАТТАР

  • Тітіркен

  • Рефлекторлы

  • Рефлекторлы әсерлі а

  • Афферентті жйкелер штарыны сезімталдыын тмендететін немесе оларды озуына


    Скачать 0.56 Mb.
    НазваниеАфферентті жйкелер штарыны сезімталдыын тмендететін немесе оларды озуына
    Дата22.02.2021
    Размер0.56 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаö_èÇç_51-97.doc
    ТипДокументы
    #178527
    страница2 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    56

    Лидокаинді адреналинмен бірге қолданған жөн (уыттығы төмендейді және анестезияның ұзақтығы ұлғаяды).

    Лидокаинмен уланғанда ұйқышылдык, көру қабілетінің бұзылуы, лоқсу, дірілдеу, тырысу байқалады. Ауыр жағдайларда жүрек-тамыр бұзылыстары мен тыныстың тежелуі дамиды.

    Жалпы айтқанда лидокаин универсалды қолданылатын бағалы анестетик болды. Лидокаин және оның метаболиттері сульфаниламидтермен бәсекелес әрекеттесуге түспейді. Әсіресе лидокаин (немесе тримекаин) новокаинді және парааминобензой қышқылының туындылары жақпаған кездерде тағайындалады. Лидокаинге аритмияға қарсы тиімді зат ретінде көп көңіл бөлінеді (14.2тарауды қара).

    Лидокаинге химиялық кұрылысы және фармакологиялық қасиеттері жағынан бупивакаин гидрохлориді ұқсас. Белсенділігі жоғары және ұзақ әсерлі жергілікті анестетик. Инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияларда қолданылады. Әсері 5-10 мин ішінде басталады. Эпидуралды енгізгенде анестезия 3-4 сағ; қабырғааралық жүйкелерді тежегенде - 7-14 сағ; бірқатар жағдайларда 24 сағ және одан да ұзақ уақытқа сақталады.

    Наркозға арналған заттардың, наркотикалық қасиеті бар ұйықтатқыш заттардың, психозға қарсы заттардың опиоидты анальгетиктердің қатысында анестезиялаушы заттардың әсерлері күшейеді, ал ОЖЖ-нің қоздырғыштарымен (аналептиктермен) жұптастырса төмендейді.

    1.2. ҚАРМАУШЫ ЗАТТАР

    Қармаушы заттар әсері жергілікті қабынуға қарсы (антифлогистикалық1) препараттарға жатады (қабынуға қарсы заттар жайлы 24 тарауды қара). Оларды шырышты қабаттардың және терінің қабыну үрдістерін емдеу үшін қолданады. Бұл пепараттарды енгізген жерлерде жасушадан тыс сұйықтың, шырыштың, экссудаттың, жасуша бетінің (жасуша мембранасы) коллоидтарының тығыздалуы (белоктардың жартылай коагуляциясы) байқалады. Осылай пайда болған қабық сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды және ауыру сезімі төмендейді. Сонымен қатар жергілікті тамырлардың тарылуын, олардың өткізгіштігінің төмендеуін, экссудаттың азаюын, сонымен қатар ферменттердің ыдырауын шақырады. Осы көрністің бәрі қабыну үрдістерінің дамуына кедергі жасайды.

    Қармаушы заттар келесі топтарға бөлінеді:

    а) Органикалық
    Танин Емен қабығының қайнатпасы

    Грек тілінен phlogizo- өртеймін.

    57

    6) Бейорганикалық

    Қорғасын ацетаты Висмуттың негізгі нитраты Ашудас

    Мырыш тотығы Мырыш сульфаты Мыс сульфаты

    Күміс нитраты

    Т а н и н - галлоилікті (галлодубильная) қышқыл. Кіші азиялық еменнің немесе сумах тұкымдас өсімдіктердің өскіншегі болып келетін сия жаңғақтарынан(чернильные орешки) (Gаllае tиrсісае) алынады. Ерітінділер және жағылмалар түрінде тағайындалады.

    Емен қабығынан дайындалған қайнатпада қармаушы әсер көрсететін илік заттардың айтарлықтай мөлшері бар.

    Бейорганикалық қосылыстардың ішінен қорғасынның - қорғасын ацетаты [РЬ(СН3СОО)2• ЗН2О]; висмуттың - висмуттың не-гізгі нитраты [ВіNO)3(ОН)2. ВіОNО3 жәнеВіООН]; алюминийдің - а ш у д а с КАІ(SО4)2 • 12Н2О; мырыштың - м ы р ы ш т о т ы ғ ы (ZпО) және мырыш сульфаты (ZпSО4 . 7Н2О); мыстың - м ы с с у л ь-ф а т ы (СuSО4 . 5H2О); күмістің -күміс нитратыgNО3) препараттарына көп көңіл бөлінеді. Аз концентрацияда олар қармаушы, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер (альбуминаттар түзіледі, белоктар тұнбаға түседі) көрсетеді. Металдар тұздарының жергілікті әсері бөлініп шығатын анионға да (қышқылдар) байланысты. Қармаушы әсер алуда бөлініп шыққанда қоршаған тіндерді зақымдамайтын тығыз альбуминаттар (қорғасын, алюминий) мен әлсіз қышқылдар түзетін металдар тұздары өте қолайлы.

    Қармаушы заттар тері бетінің, шырышты қабаттардың қабынуларында жуғыш, жағылғыш, шайғыш, қынапты жуғыш және себілгіштер түрінде сыртқа тағайындалады. Кейбір жағдайларда оларды ас қорыту жолдарының қабыну үрдістерінде (энтеритте, колитте) ішке (висмут препараттары, таниннің белокты препараты -танальбин) қабылдайды. Танин ерітіндісін күйіктерде жергілікті және ауыр металдардың тұздарымен, алколоидтар тұздарымен уланғанда ішке (егер олар ішекте болса) енгізеді. Соңғыларымен танин олардың сіңуіне кедергі жасай отырып, ерімейтін қосылыс түзеді. Бірақ кейбір алколоидтармен (морфин, атропин және т.б.) тұрақсыз кешен түзеді, сондықтан асқазанды тез шаю кажет.

    1.3. ҚАПТАУШЫ ЗАТТАР

    Қаптаушы заттар шырышты қабаттарды жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын тітіркенуден сақтайды. Қаптаушы заттарға крахмалдың шырышы, жібек дәнінің шырышы және т.б. жатады. Оларды көбіне асқазан-ішек

    58
    жолдарының қабыну үрдістерінде, сонымен қатар тітіркендіргіш қасиеті бар заттармен бірге қолданады. Қаптаушы заттар резорбтивті әсер көрсетпейді.

    1.4. АДСОРБЦИЯЛАУШЫ ЗАТТАР

    Адсорбциялаушы (сорып алушы заттар) заттар суда ерімейтін, тіндерді

    тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті

    заттар. Теріге немесе шырышты қабаттарға қолданғанда олар химиялық

    қосылыстарды өзінің бетіне адсорбциялап, сезімтал жүйке ұштарын

    тітіркендіргіш әсерлерден қорғайды. Сонымен қатар адсорбциялаушы заттар

    тері бетін немесе шырышты қабаттарды жұка қабатпен жаба отырып, сезімтал жүйке ұштарын механикалық түрде қорғайды. Мысалы, т а л ь к (4SіО23МgОН2О) тері бетіне қолданылғанда бездердің бөлінділерін адсорбциялайды, теріні кептіреді және оны механикалық тітіркенуден қорғайды. Адсорбциялаушы заттарды (мысалы, белсендірілген

    к ө м і р д і) химиялық қосылыстармен уланғанда қолдану өте маңызды.

    Белсендірілген көмір ішке тағайыңдалғанда уытты заттарды адсорбциялайды,

    олардың сіңуін баяулатады немесе тоқтатады және мүмкін болатын жедел улануды басады. Сонымен қатар адсорбенттер диареяда (уытты заттарды

    адсорбциялайды), метеоризмде (күкіртгі сутекті сіңіреді) қолданылады.

    2 Т а р а у

    АФФЕРЕНТТІ ЖҮЙКЕ ҰШТАРЫН ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР

    Берілген тарауда тері мен шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарын таңдамалы қоздыратын және қоршаған тіндерді зақымдамайтын заттар қаралып отыр. Бұл кезде пайда болған рефлекстер түрлі патологиялық жағдайларды емдеуде пайдалы болуы мүмкін. Осындай типті негізгі дәрілік заттар келесі топтарга жатады:

    Тітіркендіргіш заттар

    Қыша қағазы Ментол

    Тазартылған терпентин майы Аммиак ерітіндісі

    Рефлекторлы әсерлі қақырық түсіретін заттар

    (13 тарауды қара "Тыныс алу мүшелерінің қызметіне әсер ететін заттар").

    Рефлекторлы әсерлі ащы, іш жүргізетін және өт айдайтын

    заттар

    (15 тарауды қара "Ас қорыту мүшелерінің қызметіне әсер ететін заттар").

    59

    2.1. ТІТІРКЕНДІРГІШ ЗАТТАР

    Бұл топтың препараттары тері мен шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына ынталандырғыш әсер көрсетеді.

    Қыша қағазы (горчичник) майсызданған қышаның жұқа қабатымен жабылған. Оның тітіркендіргіш әсері қышаның эфирлік майына (алилизотиоцианат) байланысты. Қышаның кұрамында синигрин гликозиді мен мирозин ферменті бар. Қыша қағазын жылы (40 °С жоғары емес) сумен сулағанда мирозиннің әсерінен синигрин ферменттік ыдырауға түсіп, айқын тітіркендіргіш әсер көрсететін қышаның эфирлік майын түзеді. Қыша қағаздарын көбінесе тыныс алу мүшелерінің ауруларында, стенокардияда, сонымен қатар невралгияларда, миалгияларда қолданылады.

    Эфир майларына кәдімі қарағайдың шырынын айыру арқылы алынатын тазартылған терпентин майы жатады. Негізгі әсер етуші зат болып α-пинен (терпендер тобынан - жартылай немесе толығымен гидрирленген ароматикалық көмірсулар туындыларынан тұратын көптеген эфирлік майлар) саналады, оның айтарлықтай липофилділігі бар, сондықтан эпидермис арқылы сіңіп, сезімтал жүйке ұштарына тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Құрамында тазартылған терпентин майы бар препараттар көбінесе жергілікті невралгияларда, миалгияларда, буынның ауыруларында ысқылап жағу үшін қолданылады.

    Аталған тітіркендірігіш заттар екі мақсатпен қолданылады. Біріншіден, ауыру сезімін басу үшін зақымдалған мүшенің немесе тіннің аймағына әсері - алаңдатушы әсер деп аталады. Екіншіден, патологиялық үрдістер орын алған ішкі мүшелердің(тіндердің) трофикасын жақсарту үшін.

    Алаңдатушы әсері ОЖЖ-де тітіркендірудің екі ағынының өзара әсерлесуі мүмкіндігімен түсіндіріледі - патологиялық өзгерген ішкі мүшелер мен тітіркендіргіш заттардың әсер ететін жерлеріндегі тері беті. Бұл жағдайда висцералды мүшелерден афферентті импульсацияға берілу әлсірейді. Бірақ мұндай көзқарас аса болжамалы, висцералды және соматикалық импульстердің өзара әсерлесуі физиологиялық дәлелденген. Бұл жайлы клиникалық көрсеткіштер де куә болады. Сонымен, ішкі мүшелердің ауруында терінің белгілі бір жерлерінде (Захарин-Гед аймағы) сезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Мысалы, стенокардияда науқастар жауырынның тұсында немесе сол жақ қолында ауыру сезімін байқайды. Тітіркендіргіш заттардың әсерінен ОЖЖ-де ауыру сезімдерін басатын қасиеті бар заттар энкефалиндердің бөлінуі жоққа шығарылмаған (8 тарауды қара).

    Одан басқа қоздырғыш заттар ішкі мүшелерге оң трофикалық әсер көрсетеді. Бұл бірқатар механизмдерге байланысты болуы мүмкін. Сонымен,

    60

    трофикалық кәдімгі тері-висцералды рефлекстермен және постганглионарлы симпатикалық талшықтармен антидромды түрде (аксон-рефлекс түрінде) іске асады деп болжайды. Екінші варианттағы қоздырғыштар ОЖЖ-нен тыс тері рецепторынан ішкі мүшелерге барады. Ауыру сезімдерін басатын тітіркендіргіш заттардың алаңдатушы әсері трофикада жағымды рөл атқарады. Теріні тітіркендіргенде биологиялық белсенді заттардың (гистамин және т.б.) бөлінуінің белгілі бір маңызы бар екендігі де ескеріледі.

    Тітіркендіргіш заттарды қойған жерлерде тері қызарып, біраз ісінулер пайда болады. Бірақ бұл жергілікті әсерлердің ешқандай емдік маңызы жоқ.

    Гиперемия артериолдар мен капиллярлардың рефлекторлы кеңеюімен түсіндіріледі. Бұл көбінесе аксон-рефлекске байланысты жүреді. Қозу тері рецепторларынан сезімтал талшықтарға, кейін коллатералдар арқылы (ОЖЖ-нен тыс) тері тамырларына барады. Сонымен қатар тітіркендіргіш заттарды қойған жерде биологиялық белсенді заттар, мысалы, гистамин бөлінеді. Ол да тамырларды кеңейтіп, капиллярлардың өткізгіштігін жоғарылатады (соңғысы экссудацияның жоғарылауымен және тіндердіңаздап ісінуімен жүреді).

    Кейбір тітіркендіргіш заттар терінің және шырышты қабаттардың сезімтал жүйке ұштарына аталған әсерлерді көрсетуден басқа жүрек қызметінің, тамырлардың тонусының және тыныс алудың рефлекторлы өзгеруін шақырады. Мұндай препараттарға ментол және аммиак қосылыстары жатады.

    М е н т о л бұрыш жалбызы эфир майларының негізгі компоненті. Терпендік қатардың спирті. Тоңу сезімдерін шақыратын суықтық рецепторларға таңдамалы қоздырғыш әсер көрсетеді. Тітіркендіргіш әсер әлсіз анестезиялық әсерге ауысуы мүмкін. Ментол беткейлік тамырлардың да, терең орналасқан жәнс ішкі мүшелердің тамырларының да тонусын рефлекторлы өзгертеді.

    Ментол жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуымен жүретін ауруларда (тамшы, жағу, интратрахеалды құюлар, ингаляция түрінде) қолданылады. Ол стенокардияда тіл астына тағайындалатын валидолдың негізгі ингредиенті. Препарат ауыз қуысына сіңіп, жиырылып қалған жүрек тамырларын рефлекторлы кеңейтеді. Ментолды невралгияда, миалгияда және артралгияда тері бетіне ысқылап жағу үшін қолданылады. Бастың сақинасында (мигренъ) оны самайдың тұсына (кұрамында 20 бөлік ментолы және 80 бөлік парафині бар ментолды қарандаш қолданылады) ысқылап жағады.

    Аммиактың айқын тітіркендіргіш әсері бар.Аммиак ерітіндісінің (мүсәтір спирті - NН4ОН) буын иіскеу жоғарғы тыныс алу жолдарының
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта