Главная страница
Навигация по странице:

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Алимбаев аслан есемканович


    Скачать 263.17 Kb.
    НазваниеАлимбаев аслан есемканович
    Дата29.11.2021
    Размер263.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаalimbaeva-a-e-phd-povtorno.docx
    ТипДиссертация
    #285965
    страница8 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    ҚОРЫТЫНДЫ
    Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс»,– деген болатын. Аталған мақала қоғамға серпіліс беріп, өткенімізге оралып, болашағымызға байыппен қарауға бағыттағаны рас. Осы тұрғыдан алғанда аталған диссертациялық жұмысымыздың өзекті болып табылады. Себебі, өткенді зерделемей алға қадам басуымыз мүмкін емес. Халқымыздың дәстүрлерінің рухани тамырлары, арғы тамыры түркі мәдениетінде жатқандығы белгілі. «Іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау - бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы» [64, б. 18], - дейді философ А.Х. Қасымжанов.

    «Мәңгілік Ел» болу біздің, қазіргі жас ұрпақтың арманы емес, ата-бабаларымыздың ертедегі арман мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін сыртқы жаудан елін, жерін қорғау жолында аянбай күресті. Түркі жұрты енгізген «Мәңгілік Ел» идеясын бүгін де қайта жаңғыртып, ұлттық идеямызға айналдыруымыздың өзі ел болып қалуға жұмылдыруда өзекті мәселе болмақ. Көне түркі халқының ескерткішттері көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен ақпарат беретін қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарының ортақ мұрасына айналды.

    Түркі халықтарының ертедегі мәдениеті, өткен тарихы, жалпы даму кезеңдері көне түркі әдебиетінің қалыптасуына да негіз болды. Ерлік эпосына жататын түркі ескерткіштерінен-ақ, ел мен жер қорғаудағы жойқын жорықтарынан түркі халқының ел болудағы ізгі арманын, мақсат-мүддесін байқаймыз.

    «Көне түркі әдебиетіндегі «Мәңгілік Ел» идеясының жырлануы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысымызда «Мәңгілік ел» идеясының түп төркінін көне түркі әдебиетінен де, фольклорлық туындылардан да байқай отырып, аталған зерттеу жұмысымызда көне түркі әдебиетіндегі Мәңгілік Ел идеясының мәселелерін жан-жақты қарастыруға арнадық.

    Зерттеу аясында қазақ әдебиетінің түркілік кезеңіндегі ел билеу негіздері мен бағыттары, елдің әлеуметтік, мәдени, рухани өмірінің тасқа қашап жазылған жырлардан және түркілік кезеңнен кейінгі ойшылдардың жекелеген туындыларының негізінде қарастырылды.

    Мәңгілік Ел идеясының түркі жазба ескерткішінде қалыптасып, түркілердің әдеби-саяси өмірінде орнығуы мен дамуының тарихын, соған байланысты туындаған теориялық негіздерді пайымдауға және тиісті тұжырымдарды жасауды көздейді.

    Түркілік кезең және орта ғасырға дейінгі дереккөздер, түркі дәуіріндегі ескерткіштер, фольклорлық мұраларындағы Мәңгілік Ел идеясының шығармашылық сабақтастығы көрсетіліп, ұлы дала ойшылдары (Әл-Фараби, А. Иүгінеки, Ж. Баласағұни, Қ. Яссауи) еңбектерінде жалғасын тапқандығы зерделеніп, ізгілікті қоғам, тұғыры берік мемлекет болудың сипаттары талданды, тұжырымдар жасалды.

    Зерттеу объектісіне алынған «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқының Мәңгілік Ел болу үшін елін сыртқы жаудан азат етудегі күресін көрсету. Кейінгі түркі жұртына береке-бірлікті сақтап, тәуелсіз ел болуға үндеу. Күлтегін 10 жасында ер атанады. 16 жасынан бастап табғаштарға қарсы күрес ашады, 47 жасында ерлікпен қаза табады. Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырады. Жырда батырды жерлеуге жер-жерден көптеген атақты елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер келгені айтылады. Ескерткішті тұрғызуға, оны өрнектеп, тасқа қашап жазу үшін мықты шеберлердің атсалысқаны туралы да анық жазылған.

    Түркі халықтарының ішкі бірлігін жыр еткен «Күлтегін» жырының елдің идеялық мазмұны «Тоныкөк» жырымен үндес келеді. Бұл жырлардың көркемдік дәрежесі де жоғары. «Тоныкөк» жыры 313 өлең жолынан тұрады. Түркологтардың есептеуінше ескерткіш таста 62 руналық жазу жолынан тұрады. Жырда 14 оқиға бар. Жырдың композициялық тұтастығы сақталынған. Түркі қағанатының белгілі басшылары: Елтеріс, Қапаған, Білге қағандарға кеңесші болған ақын, жауынгер Тоныкөк «түрік әскерінің саяси жетекшісі» деген лауазымға ие болған. Тоныкөк табғаш елінде туып, сонда білім алғаны жырда анық айтылған. VІІІ ғасырда жазылған «Тоныкөк» жыры кейіпкердің: «Білге Тоныкөк, мен өзім табғаш елінде тәрбиелендім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп өзін таныстырумен басталады. Демек, Қытай елінде жүріп, олардың түркілерге көрсеткен қорлық-зорлығының бәрін көріп, біліп өскен Тоныкөк 683 жылы Құтылыққа қосылып, қытайларға қарсы көтеріліске шығады. Осы жолы түркі халқы жеңіске жетіп, Екінші Шығыс Түркі қағанатын құрып, Құтылық «қаған» болып сайланады. Табғаштардың айдап салуымен көтеріліске шыққан оғыздарды жеңіп, қолға түскен тұтқындарды Тоныкөктің ақылымен Құтылық қаған босатып, еліне қайтарады.

    Түркі халқының елдігінен айрылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар мұнда Мәңгілік Ел ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.

    Мәңгілік Ел идеясының негізін, оның көркемдігі мен эстетикалық құдыретін біз көне дәуірлерден іздейтін болсақ, әлбетте, фольклорлық шығармалардан табамыз. Фольклорлық туындылардағы сюжеттерді жинақтап, талдап, саралайтын болсақ, елдік мұраттың негізін анықтаймыз. Фольклор ел арасында ауызша тараған шығармалар ғана емес. Себебі, фольклортану кең мағынада қолданылады. Оған халық өлеңін, халық музыкасын, халық биін, халық әдебиетін, халық театрын, халық қолөнерін, халық қолданатын салттар мен наным-сенімдерді ырымдар мен ғұрыптарды жатқызады. Демек, фольклор дегеніміз – халықтың бұрынғы замандарда өмір сүрген бабалары шығарып, пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа аманат қылып, қазіргі заманға жеткізген рухани байлық. Фольклор көп салалы, көп функциялы синкертті өнер. Бұған дәлел бүгінгі күнге дейін өз сипатынан айырылмай жетіп отырған айтыс өнерін айтуға болады. Фольклорлық шығармалар өте ерте заманда туып, жүздеген ғасырлар бойы өмір сүргендіктен көне дәуір дүниетанымын осы күнге дейін жеткізген бірден бір құнды ақпарат көзі. Мәселен, жылқы атаулары жөніндегі алғашқы мәліметтер көне түркілер жазған Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен азбан, ат, йылқы, йунт, арқун, айғыр, бие, қысырақ, қатыр, тай, құлын деген сияқты атаулар кездестіреміз. Халық ауыз әдебиетінде жылқы, ат түрлеріне қатысты фольклорлық шығармалар өте көп. Жылқы малы ұғымына байланысты туған мақал-мәтелдердің өзі халықтың тұрмыс тіршілігінің жылқымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Ел қорғаған атақты батырлармен бірге олардың ерекше қасиетке ие тұлпарлары қатар айтылады. Әсіресе осындай сәйгүліктердің есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы т.б. аттар батырдың сенімді серігі болып жырланады. Көне түркі жырларында да сипатталған жылқыларды тарауларда талдадық. Айырмашылығы көне түркі эпостарындағы батыр мінген аттар ақылды, қаһарман болып келсе, ауыз әдебиетіндегі батырдың жылқыларына тіл бітіп, сөйлейді, тылсым іс-әрекеттер көп кездеседі.

    Мәңгілік Ел идеясын фольклор және әдебиеттану контексінде зерттеу әдістемесінің негізі ежелгі таным-түсініктен бастау алады. Ұлт болмысының ерекшеліктері оның дүниетанымы рухани дүниесі арқылы анықталғаннан әдебиеттану ғылымы да елдікті сақтап, оның жетілдіру мақсатында атқаратын қызметі зор. Адамзаттық таным-түсініктің қоғамдық құрылысқа сай дамып, сараланып, даралануы ұлттық сипат, ұлттық еркешеліктің қалыптасуына алып келеді. Жер бетіндегі халықтардың өмір-салтын, тұрмыс-тіршілігін, мәдени құндылықтарын қалыптастыратын, ұлт ретінде өмір сүруіне кепіл болатын, оның өрлеуі мен дәуірлеуіне негіз болатын да ұлттық руханияты болып табылады.

    Түркілік дәуірде негізі қалаған бұл идеяның өміршендігі бекер емес. Заманалар ауысып, аумалы-төкпелі кезеңдерден ұмыт қалмай, осы күні жаңғыруы түркілердің асқақ рухы мен түп негіздің мықтылығында.

    Зерттеу еңбегімізде түркі жазба ескерткіштері, фольклорлық шығармалардан «мәңгілік ел» мотивінің кеңінен орын алғандығын байқаймыз. Түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігінен, өзіндік дәстүрінен ақпарат беретін «Мәңгілік бейне», «Мәңгілік су», «Мәңгілік өмір», «Мәңгілік алау», «Мәңгілік Ел», «Мәңгілік тас», «Мәңгілік жарық» мотивтерінің астарында түркі халықтарының наным-сенімдері жатқандығын дәлелдедік. Мәселен, күнге табыну, көк тәңіріне табыну, отқа табыну, табиғатқа табыну т.б. мифтік наным-сенімдері түркі дүниетанымының өзіне тән ерекшеліктерін байқауға болады. Бұл мотивтерден ұққанымыз адам баласының бойындағы мәңгілікке деген құштарлықтың басымдығы, я болмаса жаратушыны тануға деген болмыстан туған деп ұғынуымызға болады.

    Түркі халықтарының наным-сенімдерінде осы жазба ескерткіштерден байқауға болады. Көк тәңіріне сену, ел болу үшін тәңірге сыйыну мотивтерінен басталады. Демек, «Мәңгілік Ел» болудың мәселесі арыдан алсақ, көне түркі ескерткіштерінен бастау алып, түркі жұртының ұлы ойшылдарынан жалғастығын тауып, бүгінде іргелі мемлекет болу идеясымен сабақтасып жатыр. Мәселен, Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала» шығармасында, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» т.б. еңбектеріндегі ізгілікті қоғам, тұғыры берік мемлекет болудың сипаттары талданса, қазіргі тәуелсіз елдің ұстанған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқының ұстанымы ғана емес, барша түркі әлемі интеграциясының феноменіне айналып отыр. Ұлттық идеяны жүзеге асыру жолында әлі де көркем туындылар, тың зерттеулер дүниеге келері анық.

    Бірінші тарауда елдікті сақтау, соғыс, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, т.б. ұлтты сақтап қалу жолдарының әдістерін талдай келе, елдікті сақтап қалып, оны Мәңгілік Ел, яғни шексіз мемлекетке айналдырудың жолында не істеу керек деген сауалға жауап іздедік. Бұл сауалға жауапты түркі халқының ойшылдарының еңбектеріне назар аудардық.

    Әл-Фарабидің азаматтық ғылымға қосқан үлесін көрсету үшін біз ойшылдың «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында», «Мемлекеттік қайраткердің афоризмдері» және т.б. трактаттарын жұмысымыздың ізгілікті қоғам орнату мен Мәңгілік Ел болу арналарының бір өзегі ретінде алдық.

    Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасының ішінде мемлекет пен адам туралы ілімнің мазмұны арқылы көрсетілген адамзатқа үлкен махабатқа ие болу, ақиқат, жақсылық, әділдік пен сұлулықты идеалға айналдыру сияқты адам мен мемлекет туралы адамгершілік қамқорлығынан асқан игілікті және қайырымды іс жоқ. Әділ қоғам, адамдар арасындағы түсінушілік пен қайырымдылық, бақытқа жету жолында бір-біріне жәрдем беру, тәлім мен тәрбие, бейбітшілік пен достық, жаман мінез бен соғысты сөгу идеялары әлемдік әлеуметтік-саяси теорияның біртұтас бөлігіне айналып кетті.

    Зерттеу еңбегімізде Әл-Фараби армандаған ізгілікті қоғамның бейнесін көрсету үшін «Қайырымды қала» және «Қайырымды қалаға теріс қалалар»

    деп көрсеткен пікірін жан-жақты талдадық. Сондай-ақ, қоғамды рухани жетілдіруді мақсат тұтқан орта ғасырлық әдеби мұралардың бірі – Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» дастанына да назар аудардық. ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» дастаны сол кезеңде ел өмірінде маңызды орын алғаны тарихтан белгілі. Тіпті авторға осы еңбегі үшін «хас хаджиб» лауазымы берілгені анық. Заманынан озып туған Жүсіп Баласағұнның еңбегі сан салалы зерттеу нысанасына алынды. Бұл еңбектің қанша заман, қанша дәуір өтсе де, өз құндылығын жоймайтын құнды тарихи жәдігер екені айдан анық нәрсе. Аталған дастанның басты мақсаты – бақытты қоғам құру, берекелі де құтты ел түзу. Адам баласы өз өзін тәрбиелеп, жетілдіріп отыруына көп көңіл бөлсе, болашақта үлгілі отбасы, мықты мемлекет, бақытты қоғам құруға болатынын ойшылдың дастанының идеясынан анық байқадық.

    ХІІ ғасырдың аяғы – ХІІІ ғасырдың бас кезінде жарық көрген Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегіне де назар аударып, мықты мемлекет құру үшін, алдымен адам өзін-өзі тәрбиелеу керек деген идеясын байқадық. Ахмет Йүгінеки қоғам ақиқатын астарлай бере отырып, адамгершілік, этика тұрғысынан ақыл-кеңес береді.

    Тарихшы ғалым С. Сыздықов ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясын үш тұғырда қарастырады: оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі – Әл-Фарабидің философиялық шығармаларының бірі «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Осы рухани жәдігерлер бабалар мұратымен жалғасын тауып, «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтаса байланысады [19, б. 31].

    Көне түркі жазбалары мен фольклорлық эпостардың мотивтерінде «Мәңгілік Ел» ұғымының, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндестік тауып, еркіндік пен азаттықтың, сондай-ақ тәуелсіздікке жетудің нышандарын айғақтайды.

    Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік тұрғысынан алып қарасақ, өмір сүріп жатқан кеңістігіміз сол болғанымен, уақыт басқа деп айтып жатамыз. Қазақта «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген мақал бар. Озығы – осы күнге дейін жеткен елдігіміздің белгісі, нақты айғағы деп айтуға толық құқылымыз. Бұл тұста археология ғылымы нақты дәлелдеп, көк түркілердің тікелей ұрпағы екенімізге шек туғызбайды. Обалар мен қорғандардан табылып жатқан жәдігерлер – осының айғағы. Әр ойды тұжырымдап, қорытынды жасап, «осы күнге дейін үзілмей келе жатыр», «дәстүр сабақтастығы», «үйлесімділік пен үндестік» деп аяқтап отыруымыздың мәні Мәңгілік Ел идеясының өміршеңдігін көрсеткіміз келгендігінде. Мәңгілік Ел болу үшін сонау көне түркілерден бері қарай сақталып келе жатқан салт-дәстүрлерімізді сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу басты міндет, қанға сіңген қасиет болып қала беру керек.

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1. Назарбаев Н. Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ // https://www.akorda.kz/kz/addresses/ addresses_of_president/kazakstan. 17.01.2014.

    2. Аманжолов А. Тексты орхонских памятников. – Алматы: ҚМКӘБ, 1998. – Т. 1. – 177 с.

    3. Малов С. Памятники древнетюркской письменности. – М.; Л., 1951. – 181 с. 

    4. Оркун Х. Eski turk vazitlari. – Ankara, 1994. – 571 s.

    5. Tekin T.A. Grammar of Orkhon Turcic. – The Hague: Indiana Univirsity Publications, 1968. – 465 s.

    6. Айдаров Ғ. Күлтегiн ескерткiшi. – Алматы: Жазушы, 1996. – 177 б.  

    7. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. – Астана: Елорда, 2001. – 224 б.

    8. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 264 б.

    9. Келімбетов Н. Көне түркі әдебиеті туралы зерттеулер. – Алматы: Жазушы. – 2014. – 402 б.

    10. Стеблева И.В. Поэзия тюрков VI-VIII веков. – М., 1965. – 256 с.

    11. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1967. – 322 с.

    12. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.

    13. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы: Жазушы, 1958. – 110 б.

    14. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы: Санат, 1996. – 128 б.

    15. Көне түрк жазба ескерткіштерінде аталатын шетел этнонимдері // http://atalarmirasi.org/257-kone-turk-zhazba-eskertkishterinde-atalatyn. 18.06.2019.

    16. Жолдасбеков М. Асыл арналар. – Астана: Күлтегін, 2012. – Т. 1. – 521 б.

    17. Кенжеахмет Н. Ежелгі түркі (Орхон) ескерткіштеріндегі топонимдер // Известия НАН РК. – 2009. – №1(268). – С. 257-267.

    18. Кенжебаев Б. Көне түркі әдебиеті туралы зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 2014. – 402 б.

    19. Сыздықов С., Қанаев С., Жеңіс Ж. Мәңгілік ел идеясы: қалыптасуы, үш негізі тарихи сабақтастық. – Астана: Фолиант, 2013. – 320 б.

    20. Әл-Фараби. Таңдамалы трактаттары / құраст. Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиев, Ж. Сандыбаев. – Алматы: Арыс, 2009. – 656 б.

    21. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары: 20 т. / құраст. Ә. Нысанбаев, С. Нұрмұратов. – Астана: Аударма, 2005. – Т. 5. – 528 б.

    22. Алтаев Ж. Әл-Фараби - шығыстың ұлы ойшылы. – Алматы: Сардар, 2020. – 394 б. 

    23. Әдеби жәдігерлер: 20 т. / құраст. Ж. Баласағұн. – Алматы: Таймас, 2007. – Т. 5. – 536 б.

    24. Құнанбайұлы А. Қалың елім, қазағым: өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 224 б.

    25. Әдеби жәдігерлер: 20 т. / құраст. А. Әлібекұлы, С. Дәуітұлы, Б. Сағындықұлы. – Алматы: Таймас, 2008. – Т. 6. – 488 б.

    26. Мырзахметов А. Абай және шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 205 б.

    27. Әлемдік философиялық мұра: 20 т. / құраст. Қ.Ә. Әбішев. – Алматы: Жазушы, 2005. – Т. 3. – 567 б.

    28. Томас М. Утопия. – М.: Наука, 1978. – 414 с.

    29. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы (Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиеті бастаулары): зерттеу. – Астана: Елорда, 2000. – 288 б.

    30. Батырлар жыры / құраст. О. Нұрмағамбетова. – Алматы: Жазушы. – 1977. – Т. 1. – 456 б.

    31. Әдеби жәдігерлер: 20 т. / құраст. Ш. Ахметұлы, А. Әлібекұлы және т.б. – Алматы: «Таймас» баспай үйі, 2007. – Т. 1. – 504 б.

    32. Сартқожаұлы Қ. Қазақ қолжазбалары. Көне түркі жазба әдеби үлгілері: Орхон мұралары. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – Т. 2. – 340 б.

    33. Айдаров Ғ. Тоныкөк ескерткішнің (VІІІ ғасыр) тілі. – Алматы: Қазақстан, 2000. – 120 б.

    34. Бабалар сөзі: 100 т. / құраст. Қ. Алпысбаев, Т. Әлібеков, С. Қосан. – Астана: Фолиант, 2010. – Т. 65. – 488 б.

    35. Қасқабасов С. Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2011. – Т. 1. – 568 б.

    36. Молдаханов Ә. Мұхтар Әуезов – фольклортанушы. – Алматы: Ғылым, 1997. – 152 б.

    37. Фольклор және қазіргі қазақ әдебиеті / құраст. Р.Т. Әлмұханова. – Алматы: Арда, 2011. – 480 б.

    38. Байтанасова Қ. Қаламгер шығармашылығы және фольклорлық дәстүр: монография. – Нұр-Сұлтан: «Мастер По» ЖШС, 2019. – 112 б.

    39. Әдебиеттану: терминдер сөздігі / құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбай. – Семей; Новосибирск: Талер-Пресс, 2006. – 398 б.

    40. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.

    41. Оспанова Б.А., Бейсембаева К.Д. Акмеология: оқулық. – Алматы, 2014. – 392 б.

    42. Бабалар сөз: 100 т. / құраст. С.А. Қасқабасов, Д. Жақан. – Астана: Фолиант, 2011. – T. 75. – 424 б.

    43. Мырзаханов Ж. Тарих қойнауынан: тарихи очерктер. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2004. – 240 б.

    44. Түймебаев Ж., Ескеева М., Сағидолда Г. «Мәңгілік Ел» идеясын дамытудың лингвистикалық негізі. – Алматы, 2017. – 360 б.

    45. Салғараұлы Қ. Өмірбаян туған күннен басталады. – Астана: Фолиант, 2018. – 480 б.

    46. Гумилев Л.Н. Көне түріктер: көпшілік оқырман қауымға арналған. Алматы: Білім, 1994. – 480 б.

    47. Аймұхамбет Ж. Миф және қазіргі әдебиет: оқулық. – Астана: Фолиант, 2012. – 304 б.

    48. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Алматыкітап. – 2017. – 312 б.

    49. Жүнісұлы А. Пәниден бақиға дейін: әдет-ғұрып әліппесі. – Алматы: Жазушы, 2001. – 296 б.

    50. Пропп В.Я. Поэтика фольклора: собрание тр. – М., 1998. – 351 с.

    51. Стеблева И.В. Развитие тюркских поэтических форм в ХІ веке. – М.: Наука, 1971. – 285 с.

    52. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлi жүйесi: энциклопедия / құраст. Н. Әлімбай. – Алматы: 2011. – Т. 21. – 738 б.

    53. Уәлиханов Ш.Ш. Көп томдық шығармалар жинағы. – Бас. 2-ші. – Алматы: Толағай групп, 2010. – Т. 1. – 376 б.

    54. Назарбаев Н. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы // https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences. 12.04.2019.

    55. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі: замана асуы. – Алматы: Ғылым, 1998. – Кіт. 1. – 344 б.

    56. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / ред. Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

    57. Ақан М. Рухани жаңғыру: Прагматизм деген не? // https://massaget.kz/mangilik_el/47766. 26.08.2020.

    58. Мамаділ Қ. Түркілік интеграциядағы тіл мәселесі туралы // Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. – 2019. – №2. – Б. 118-123.

    59. Назарбаев Н. «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences. 21.11.2018.

    60. Алимбаев А. Хәкімнің тойы – сөзден іске көшетін той // https://qalamger.kz/literature/ruhaniyat/h-kimni-tojy-s-zden-iske. 13.01.2020.

    61. Көне түркі әдебиетінің типологиясы / құраст. С.Қосанов. – Алматы, «Evo Press», 2014 – 416 б28

    62. Alimbayev A.E., Daurenbekova L.N., Kemenger K.R. et al. The Idea of Eternal Country in the First Epic Poems of the Turkic People // Rupkatha Journal on Interdisciplinary Studies in Humanities. – 2020. – Vol. 12, №4. – Р. 1-11.

    63. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы: Мектеп, 1986. – 182 б.

    64. Касымжанов А.Х., Рыскиева А.А. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі түркілік дүниетанымның рәміздік негіздері. – Алматы – 2009. – 30 б.


    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта