Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.3 Ежелгі жыр-дастандардағы елдік пен қаһармандық

  • Алимбаев аслан есемканович


    Скачать 263.17 Kb.
    НазваниеАлимбаев аслан есемканович
    Дата29.11.2021
    Размер263.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаalimbaeva-a-e-phd-povtorno.docx
    ТипДиссертация
    #285965
    страница4 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    • Өзара қарым-қатынас туралы (О взаимном общении)

    – Утопистердің саяхаты туралы (О путешествиях утопийцев)

    – Құлдар туралы (О рабах)

    – Соғыс жұмысы туралы (О военном деле)

    • Утопистердің діні туралы (О религиях утопийцев)

    Автор бірінші кітабында көрнекті мемлекет қайраткері Англия королі Генрих сегізінші жайлы сөзбен бастайды. Бас каһарман Рафаил Гитлодейді былайша суреттейді, латын тілін меңгерген, грек тілін өте жақсы біледі. Рим тіліне қарағанда осы тілмен көбірек айналысқан. Сондықтан Сенека және Цицерон шығармаларын өзі философ ғалым болғасын философиялық тұрғыдан зерттеген. Рафаилдың әр елді қалай аралағыны, олармен қалай тіл басықаны жайлы жазып келіп, автор кейіпкердің туыстары жайлы айтқын сөзін былай жазады: «Что касается моих близких, – возразил Рафаил, – то я не очень волнуюсь из-зи них. Я считаю, что посильно выполнил лежавший на мне долг по отношению к ним. Именно, будучи не только вполне здоровым и бодрым, но и молодым человеком, я распределил между родственниками и друзьями свое имущество. А обычно другие отступают от него только под старость и при болезни, да и тогда даже отступаются с трудом, будучи не в силах более удержать его. Думаю, что мои близкие должный быть довольный этой моей милостью и не будут требовать и ждать того, чтобы ради них я пошол служить царя [28, с. 7].

    Рафаил туғандары мен достарына өз байлығын бөліп беру арқылы адам бойындағы ізгі қасиеттерді сіңіруді үгіттеуді автор негізгі нысанға алған. Қазынасын дені сау, есі дұрыс кезінде бөліп бергенінің астары билікті де дер кезінде ауыстыру керек екендігін ашық түрде айтпаса да, жанама, астарлы түрде оқырманға жеткізеді.

    Сол кезде елде ұрлық жасаған адамдарды дарға асып, өлім жазасына кесетін болған, халық соны біле тұрса да ұрлық жасауын қоймаған. Рафаил кардиналға қарсы шығып, ұрлық үшін адам өмірін қию қате дейді. Қарсы шығып қана қоймай, ұрыларды тура жолға түсудің маханизмін ұсынады. Рафил сөзін былай жалғайды: «Во всяком случае, всемилостивейший владыка, – отвечаю я, – по моему мнению, совершенно несправедливо отнимать жизнь у человека за отнятие денег. Я считаю, что человеческую жизнь по ее ценности нельзя уравновесить всеми благами мира. А если мне говорят, что это наказание есть возмездие не за деньги, а за попрание справедливости, за нарушение законов, то почему тогда не назвать с полным основанием это высшее право высшею несправедливостью?» [28, с. 12].

    Иә, жер бетінде адам жанынан қымбат ештеңе жоқ екені ақиқат. Адам өмірін тек қана Жаратушы, яғни Алланың ғана құзыретіндегі іс дегені шығармада айқын көрініс тапқан.

    Ал, бұндай қатыгездіктің шешу жолын Рафаил былай жазады: «Так вот, у полилеритов пойманные при краже возвращают утащенное хозяину, а не государю, как это обычно делается в других местах: по мнению этого народа, у государя столько же прав на украденную вещь, как и у самого вора. Если же вещь пропадет, то после оценки стоимость ее выплачивается из имущества воров, остальное же отдается целиком их женам и детям, а сами воры осуждаются на общественные работы. Если совершение кражи не осложнено преступлением, то похитителей не сажают в тюрьму, избавляют от кандалов, и они свободно и беспрепятственно занимаются общественными работами. Если же преступники уклоняются от них или производят их слишком вяло, то их не столько наказывают кандалами, сколько поощряют ударами. Работающие усердно избавлены от оскорблений; только ночью, после поименного счета, их запирают по камерам. Кроме постоянного труда, их жизнь не представляет никаких неприятностей. Питаются они не скудно: работающие для государства - на казенный счет, в других случаях - по-разному. Иногда траты на них собираются путем милостыни; хотя это путь очень ненадежный, однако, в силу присущего данному народу милосердия, он дает результат, лучший всякого другого; в других местах назначаются для этого известные общественные доходы. В иных местах для этой потребности устанавливают определенный поголовный налог. Наконец, в некоторых местностях преступники не исполняют никаких общественных работ; но если то или иное частное лицо нуждается в наемных рабочих, оно нанимает на рынке любого из них за определенную плату, несколько дешевле по сравнению со свободным человеком; кроме того, раба за его леность позволяется наказать бичом» [28, с. 14].

    Бұндай тәртіптің орнағанына талай ғасыр болды. Дегенменде, жоғардыға айтылған мәселе сол шешілмеген күйінде әлі келе жатыр. Жасалатын ұрлық әлі де жасалуда. Бұл туындыда да насихаттайтыны адамгершілік, адам бойында ізгі қасиеттерді арттырудың жолы. Қылымстардың алдын-алу алғышарттары. Мұның бәрі де қоғамды ізгіледіретұғын істер.
    1.3 Ежелгі жыр-дастандардағы елдік пен қаһармандық

    Әлем жаралғаннан бері өмір сүру үшін күрес тоқтаусыз жүріп жатқан үдеріс. Күштілер жеңеді, әлсіздер жеңіледі. Бұл жаратылғандар жасағанша жасай беретін күрес. Тіпті жер бетінен жойылудың алдында тұрған дүниелердің өзі уақыт өте келе гүлденіп, құлпырып қайта жаңғыруы мүмкін немесе бүгін гүлденіп, жайнап тұрған дүние ертең түбірімен жоқ болып кетуі ғажап емес. Бар болуды немесе жоқ болуды, жеңуді немесе жеңілуді анықтайтын нәрсе – соғыс, жарыс т.б. Тасқа қашап жазылған туындыларда соғыстың басталу себептері, не үшін соғысты, нені сақтап қалу үшін соғысты деген сауалдарға жауап табуға болады. Гүлденіп, алып империя болу үшін де соғысудың керек екенін көреміз. Соғыста жеңіліп барып, қайта жеңудің озық үлгілерін мәңгі тасқа қашалған жазулардан көруге болады.

    Жаратушы адамзатты жер бетіне қоныстандырып, жерді бөліп, бір-біріне ұқсамас үшін, әртүрлі тілдер, киімдер, түрлі терінің, көздің, шаштың түстерін жаратты. Ал адамзат осы бөліністердің негізінде мемлекеттер құра бастады.

    Күшіне сенген мықтылар, өзгелердің жері кең, құнарлығы мол екенін түсінгенде, тартып алу, өзгенікін иемдену тілегі туындады, сол себепті олар өздеріне ұқсастарды жойып жіберу қаруларын жасап үйренді, уақыт өте келе бұл қарулар одан да қорқынышты, одан да мейірімсіз бола түсті. Мұның салдары ел мен елдің жау болып, соғысуына алып келді. Жерді кеңейту, шексіз билікті мақсат еткен соғыстар басталды.

    Тек соғысты мақсат тұтып, елді қирату – түркілердің мақсаты болмағанын тастағы жырлардан байқаймыз. Көк түркілердің елдік мұрат пен бейбіт өмірді сүйетіндігін төмендегідей дастандарда көрініс табатынын аңғарамыз.

    Сақ патшасы «Тұмар патша» туралы аңыз – солардың бірі. Ғалым А. Қыраубаева «Ежелгі әдебиет» еңбегінде Геродоттың «Тарих» атты кітабынан үзінді келтіреді. Тұмар патшаның он алтыдан асқан ұлын бір шайқаста Кирдің әскері тұтқынға алады. Тұмар Кирге сәлем жолдап: «Сен менің тұтқындағы ұлымды қайтар, аман-сауыңда еліне кет. Бұл айтқанымды тыңдамасаң, қанға тоймас басынды қанға тұншықтырам!» дейді [7, б. 10]. Тұмар патшаның Кирге сәлемдеме жолдауының өзі түркілердің бейбітшілікті, тыныштықты сүйетініне дәлел. Әскер күші жағынан кем түспейтін Тұмар патша ескертусіз-ақ Кирдің басын алуына болар еді, дегенмен ескерту жасап барып шайқасқа аттанады.

    Мұндай отансүйгіштік қасиеттерді Дарий әскерін алдап, шөл далада қырғынға ұшыратып, өзі мерт болған Шырақ батыр жайлы аңыздардан да көреміз. Жалпы, елін, жерін қорғау үшін – ел басқарушының да, батырдың да, қатардағы кісілікті азаматтың да бас қасиеті деп саналған.

    Құланның үйірін қуып жүрген түркілердің арулары жау қоршауында қалып қойып, Мидия патшасының баласы – ханзаданың қолына түскен Зарина сұлу жайлы аңыздарда бұл идея айқын көрінеді. Тұтқындағы Зарина ханзададан қашып бара жатқанда патша баласы жетіп алып, қыз екенін көріп, ғашық болып қалады. Қыз да жігітті ұнатып, бірақ ел, жер, атамекен тағдырын ойлаған қос ғашық қосылмайды. Бұның себебін Заринаның сөзімен келтірсек: «Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ әйелің бола алмаймын. Оның себебі, екеуміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Менімен қоса артымдағы елім де саған бағынышты болады. Мен сүйгеніме қосылып, бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айырылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ. Қош, сүйіктім» [7, б. 12]. Бұдан түркілердің елі мен жері үшін жеке басының пайдасынан гөрі елдік мұратты жоғары қоятынын байқаймыз.

    Ел мүддесін бірінші орынға қоятын тағы бір тарихи тұлға – Мөде батыр. Батыр жайлы аңыздар тарихи деректерде көптеп кездеседі. Мөдемен жауласқан көршілері Мөдеден әкесі Түмен ханнан қалған, күніне мың шақырым жүгіретін тұлпарын сұратады, ел тыныштығын ойлаған Мөде тұлпарды беріп жібереді. Бұған тоймаған жаудың билеушісі Мөденің бір ханымын сұратады. Халықтың жайын ойлаған хан бір ханымын беріп жібереді. Үшінші рет жау мың шақырым болатын жерін сұрайды. Сонда Мөде «Жер – елдің байлығы. Өз байлығымды берсем де, ел байлығын бермеймін», – деп жауға шабады [7, б. 12].

    Осыдан-ақ халқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, тарихи сабақтастықта жетілген жеке тұлғалық қасиеттер, елдің гүлденуіне, оның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани жетілуіне бірден бір әсер етуші фактор екенін түсінуге болады.

    Көне түркі қаһармандық дастандарындағы тарихи тұлғалар, яғни батырлар мен ел билеушілірінің бойындағы асыл қасиеттер данышпан, еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшықеттері ойнаған, хас батыр сынды сипаттаулар ортақ болып келеді. Мысалы: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде Алып Ер Тоңға жайлы:

    Ол әр данышпан, әрі ержүрек болуға міндетті еді,

    Өйткені билікті онсыз нығайту мүмкін емес...

    Хас батырлар туралы айтқан жақсы сөз:

    «Қиын түйінді нағыз ерлер ғана шешеді».

    Ел әміршісі қашанда айбарлы болу керек:

    Өйткені тек үрейлі арыстанға ғана

    құлан мойынсынады [29, б. 78].

    Ал Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуында қағандар мен бектер туралы былай деп жазады:

    Білге қағандар екен.

    Алып қағандар екен.

    Әміршілері де бірге болған екен,

    Алып болған екен.

    Бектері де, халқы да

    Сенімді екен.

    Сол үшін де елін сонша (ұзақ) билеген екен,

    Ел ұстап, төрелік еткен,

    Өздері қаза болған [16, б. 49].

    Бұл аталған екі қаған тұсында көк түрк елінің атақ-даңқы артып, елдің іші де, сырты да бейбіт өмір сүргендігін көреміз. Бейбіт өмір сүру салты түркі халықтарының ата-бабаларынан, яғни сақтар заманынан бастау алса, қазақ халқы тарих сахнасына Мәңгілік Ел идеясы ретінде жалғастырып келеді.

    «Күлтегін», «Тоны көк», «Білге қаған» т.б. жырлар Ұлы Түрк империясының тарихи шежіресі екені анық. Осы туынды арқылы қатпар-қатпар тарихтың жұмбақ беттерін ашуға болады. Әдеби туынды деп қараған күннің өзінде шығарманы оқи отырып, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетінен, я болмаса автордың өз жанынан эмоциялық көңіл күйін білдіретін тұстарын кездестірмейміз. Алайда көркем шығарма емес деп те айта алмаймыз. Бұл тасқа қашап жазылған шығармалар әдеби туынды ма, туынды емес пе деген тартыс түркология саласында бұрыннан келе жатыр.

    Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі соғыстар не үшін болғанына көз жүгіртіп шықсақ. Қазақ ауыз әдебиетінде батыр соғысқа аттануының бірнеше себептері бар: жар іздеу, бауырларын құтқару, елдікті сақтау және т.б.

    Батырлық жырларда соғыс барысы фантастикалық сюжеттерден құрылған. Мұнда қиял-ғажайып көріністер, батырдың жер астына түсуі, батырдың адам қолынан келмейтін іс-әрекеттер жасауы жиі кездесіп, көбіне батырлардың жекпе-жек күрестері баяндалады.

    «Қобыланды батыр» жырында:

    «...Артымда жау қалдырман,

    Берсе құдай несіпті», – деп

    Мініп алып атына

    Қызыл ерге келеді,

    Келіп те сөйлей береді:

    «Қобыланды келді шықсын» деп,

    Дауыстап хабар береді.

    Шықпағасын Қызыл ер

    Жүгіріп үйге енеді.

    Төсекте жатып Қызыл ер

    Қобыландыны көреді.

    Аяғыммен күрес деп

    Бір аяғын береді.

    Алпыс құлаш ала арқан

    Қызыл ердің ілулі

    Босаға да тұр еді.

    Іліп алып аяққа,

    Мініп алып торы атқа

    Дүрілдетіп жөнелді.

    Қызыл ерді сүйретті,

    Сүйреткі қылып үйретті.

    Ішінде шеңгел-тікенге

    Өкпе, бауырын түйретті,

    Тақымға салып сүйретті,

    Қабырғасын күйретті,

    Менсінбеген дұшпанды

    Ақыл тауып үйретті [30, б. 20].

    Таңғұттарға қарсы күрес жырларында батырлардың жекпе-жек күрестері:

    Таңғұт жау тиді айлалы,

    Қатұнсін тісін қайрады,

    Жайратпай жауын таймады,

    Бауыздап жанын қинады.

    Тұрмады бектер алдасып,

    Жекпе-жек шықты арбасып,

    Қылыштың жүзін қан басып,

    Қынабына қайта сыймады.

    Домалап жаудың бастары,

    Иықтан түсіп қашқаны,

    Әлсіреп дұшпан сасқаны,

    Қылыштар қанға малынды [31, б. 32].

    Екі үзіндідегі айырмашылық, ерекшеліктерді бірден байқамаймыз. Шайқас үстіндегі қимыл-қозғалыс, жауды жеңуі, қарсы жақтың қалай жеңіліп жатқанын егжей-тегжейлі баяндау екі жырда да бар.

    Батырлардың жауды жеңуін жырларда «сүйретті», «түйретті», «күйретті»,«айлалы», «қайрады», «таймады», «қинады», «сасқаны», «қашқаны», т.б. бейнелі сөздермен суреттеледі. Ал Күлтегін жырында ел билеушілер жан жағындағы елдерді жаулап алып, бейбіт, тату ел құрғандығы туралы баян етіледі. Бұл жырда қиял-ғажайып оқиғалар болмайды. Тек наным-сенімге, дәстүрге қатысты жөн-жоралғылар баяндалады.

    «Төрт тараптағылар қарсы жау болған. Қол аттандырып төрт тараптағы халықты бағындырып, иеленген. Бағындырып бейбіт қылған. Бастыны жүгіндірдік, тізеліні бүктірген [32, б. 69].

    Жалпы түркілер бірінші болып, соғыс ашпаған ел. Бейбітшілік пен халықтар арасындағы татулықты сақтауға тырысқан империя. Бұл туралы «Шырақ батыр», «Шора батыр», «Томирис», т.б. аңыздармен қатар мысал келітіріп отырған Күлтегін жырының басталуы да дәлел бола алады.

    Жетістігі мол, халқы бай, дәстүр жалғастығы мықты болған елдердің жаулары көп болатыны түсінікті жағдай. Осындай кемеліне жеткен мемлекеттердің бірі Көне түрктердің империясы болды. Мұндай елге барлығы да жау еді. «Күлтегін» жырында: «Төрт тараптағылар қарсы жау болған» деуінде, яғни, көзалартып отырған елдердің көп болғаны, олардың мүдделері алпауыт елді құлату еді. Түрктер болса төрт тараптағы елді жауалап алып, бейбіт қылғаны туралы жырда баяндайды. Осындай алып империяны басқарып отыру үшін де басшының бойында қандай қасиеттер болу керек екенін, қағандарының мінез-құлқы, адал іс-әрекеттері де сөз болады. Автор басшыға мына тіркестер арқылы сипаттамалар береді «білікті қағандар», «алып қағандар», «бектері да, халқы да түз адал» . Ел басқарып отырған бектерінің бойында осындай қасиеттерінің арқасында елі бай-қуатты болған деп келіп, бектері бұл дүниеден өткеннен кейінгі қиын жағдайдың себебін баян етеді. Таққа талас елдің жағдайын нашарлатады.

    «Інісі ағасындай болмады, ұлы әкесіндей болмады. Біліксіз қағандар отырған еді. Әлсіз қағандар отырған еді» [32, б. 69]. Байқағанымыздай, автор шыңнан төмен құлдилауды суреттеп тұр. Ата-баба дәстүрін, ата жолын дұрыс жалғастыра алмаған ұрпақтарының кесірінен түрк мемлекетінің жағдайы нашарлауы жырларда баян етілген. Алдыңғы буыннан кейінгі буынның осал, не мықты болуы – табиғат заңдылығы. Өмір философиясындағы ақ пен қара алмасқандай, биліктегі ауыс-түйіс елдің болашағына үлкен өзгерістер алып келетіні ақиқат. Мұндай тарихи сәттер мен өзгерістер – әр халықтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде молынан қозғалған тақырыптардың бірі. Халқымыздың маңдайына біткен ұлы тұлғалар көп. Солардың бірегейі – Төле би Әлібекұлы ұрпақ жалғастығы туралы «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп түйіндейді.

    Бәрі өзгеріп, дамып немесе керісінше күйрейтін кездер – тарихта әрқашан болған, бола беретін құбылыс. «Күлтегін» жырында 50 жыл жауларына құл болғаны туралы ашына жазылады. Ата-бабаларының жолын жалғастырмауы себепті билік басындағылардың ағасындай не әкесіндей болмады деуі осыдан. Ата-бабалары шығыста Қадырхан жынысына дейін, батыста Темір-қақпаға дейінгі осындай байтақ өлкені мекен еткен түркілердің ұрпақтары осал болғаны ма деп күйіне жазып, түркілердің рухын көтеріп, жауларына қайта шабады. Бұл жөнінде жырда:

    Күллі қара халқы былай десті: «Елді халық едім, елім енді қайда? Кімге елдік құрамыз?» десті. «Қағанды халық едім, Қағаным қайда? Қай қағанға күш-қуатымызды береміз?» десті. Осылай деп Табғач халқына жау болды. Жау болып, қарсы тұрып, әркет етіп, құлады. [Табғачқа] қайта бағынды. Бүйтіп күш-қуатын бергілері келмеді. (өйткенше) «Түрік халқы» қырылайық, ұрпақсыз қалайық» десті. [Түрік халқы] жойылып бара жатты [32, б. 70]. «Ерді намыс, қоянды қамыс» өлтіреді деген мақал бүгінгі тілдік қолданысымызда жиі кездеседі. Түріктер намысты, батыл, өжет екені біз нысанаға алып отырған дастандардан көріп отырмыз. «Түрік халқы» қырылайық, ұрпақсыз қалайық» [32, б. 70] деп Күлтегін жырында күйіне жазуы да елдің намысын оятып, жауды жеңуге рух беру мақсатында айтылған деп ойлаймыз. Себебі айламен, алдаумен түрік елін жеңген жаулары елдің тұрмыс-жағдайының нашарлағаны туралы да жырда баяндалады. Жеңілістің себебі неде деген сауалға да жырдан жауап таптық.

    Жаратушы жаратқандарын жұп-жұбымен, екі-екіден жаратқаны баршамызға аян. Ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, соғыс пен бейбітшілік, қарапайым мен күрделі, еркек пен әйел, т.б. Кез келген заттың, кез келген жағдайдың екі жағының болуы заңдылық. «Тұй-ұқық» жырында түркілердің жауларына жан-жақты сипаттама беріледі. Әрине, бұл тек осы жырда ғана көрініс тапты деген тұжырым емес. Бұл жерде түрік халқының жауларынан жеңіліп, өлімші халі суреттеледі. Және оның себеп-салдары да әр туындыда пішіні өзге болғанымен мазмұны бір. Ел билеушісінен айырылып, өзге елдің боданы болғаны туралы былай делінелі: «Түрік халқының қағаны жоқ еді. Табғачтан бөлініп, қағанды болды. Қағанынан айырылып, Табғачқа және бағынды. Тәңірі былай деген-ді: Қаған бердім Қағаныңды жойып, [басқаға] бағындың. Бағынғандығың үшін Тәңірі сені өлімші етті. Түрік халқы қырылды, алқынды, жоқ болды. Түрік-есір /тақ/ халқы жерінде Бөд (тақ киесі) қалмады» [32, б. 152].

    «...Бумын қаған қайтыс болғаннан соң түркі тайпалары арасында қиыншылықтар, алауыздықтар, бақталастықтар түркі мемлекетінің бұдан былай әлсіреуіне әкеліп соқты. Мұның бәрі бағзы заманнан көз алартып келе жатқан табғаштардың пайдасына шешілді» – деп ғалым Ғ. Айдаров өзінің зерттеулерінде айтқан [33].

    Көріп отырғанымыздай жырдағы соғыстың себебі бар, мақсаты бар. Ендеше бұл жырларда нақты тарихи шындықтар ғана айтылды деп нақты айтуымызға болады. Ал батырлық дастандарда батырдың соғысы мақсатсыз дей алмаймыз. Батыр тікелей соғысқа аттанбайды. Батыр қалындығын, я болмаса бауырларын іздеу барысында кедергілерге ұшырайды. Ол кедергілер жаулары болады. Мысалы Қобыланды жырында:

    Күнде киік аулайды,

    Кездессе жауын жаулайды... [30, б. 17]

    Жырдағы соғыс мотиві әрі қарай өрбіп, соғыстың барысы, соғыстың бағыты мен қимылы, кімдермен соғысқаны туралы баяндалады. «Біздің заманымыздың 630 жылдарының аяғында әлсіреген түркі мемлекеті құлайды. Түркі мемлекетін құлатқан табғаштар бұдан былайғы жерде түркі тайпаларына өз дегенін істете бастайды» [33, б. 5]. Ол жөнінде ескерткіштің ғалым Ғ. Айдаровтың аудармасында былай жазылған:

    Түркі халқы қырылды,

    Алқынды, жоқ болды.

    Түркі есір /тұтқын/ халқы жерінде ештеңе қалмады [33, б. 104].

    Мәңгі тасқа қашап жазғылған жырларда «біз жеңілдік», «осымен ел болмаймыз», «құрып кетейік» деп үмітсіздік тудыратын ақпараттар кездескенімен, соңы жарқын жеңіс пен болашаққа деген үлкен сеніммен аяқталатынын байқадық. «Жеңіліп, әлсіреп, жаудың күші мықты екенін айта келіп, ерлікпен женгендігі туралы сюжеттер көптеп кездеседі. Әскері үш мың екен. Біз екі мың едік. Соғыстық. Тәңірі жарылқады, жеңдік. Өзенге түсті, жеңдік, жолда да олар көп қырылды. Одан кейін оғыз қопарыла келді. Күшпен бағындырдым [32, б. 153].

    Осы жерде жеңістің босқа келмегендігі, оған тылсым күштің әсері барын екені туралы нақтылап айтылған. «Көк тәңірі түрктердің түсінегіндегі Құдай. «Тәңірі күш бергені үшін Әкем-қағанның әскері бөрі сияқты еді» [32, б. 70]. Түрктер өздерін көк бөріден тарағандығы туралы мифтер мен аңыздар көп. Қазақтардың жауға «әруақ» деп шабуы осы танымнан, түсініктен қалған деп болжам жасауымызға болады. Түркілерге ислам діні келгенге дейінгі түсінік пен таным бүгінгі кезеңге дейін жетіп, исламның шарттарымен біте қайнасқан. Осылайша ата-баба жолы ислам дінімен біте қабысып, жаңа бір деңгейге көтерілген деп айтуға толық сенім бар.

    Жалпы түркілердің діні, наным-сенімі туралы қайшы пікірлер көп. Ол туралы кейінгі тарауда қарастырамыз.

    Тұй-ұқұқ жыры мен Күлтегін жырында оқиға қайталанғанымен, туындының өзіне тән ерекшеліктері бар. Атап айтар болсақ батырдың адал серігі болатын жылқы жануары туралы Тоныкөк жырында көп айтылмайды. Ғалым Қ. Сартқожаұлы Қазақ қолжазбалары. Көне түркі жазба әдеби үлгілері атты еңбегіндегі Тұй-Ұқұқ жырының қазақша нұсқасында жылқы жануары туралы төмендегідей қысқа ғана береді.

    «Ақтермелді кеше желе жорыттым. Ат үстінде тұрып қарды сөктік /бұздық/. Жоғары ат жетелеп, жаяулап ағаштардың арасымен жүріп өттік» [32, б. 154].

    Ал Күлтегін жырында батыр жауларына әр түрлі ат мініп, атының түсін, оның күшін эпитеттік тіркестермен сипаттап, қалай өлгендігі туралы жазады. Айталық, «боз ат», «торы ат», «ақ айғыр», «боз қасқа ат», «алып шалысты ағы», «азбан ағы», «аз қаракерін», «аз қарагерді», «жетімек ағы» деп батыр мінген атын жырда төмендегідей суреттеп жазады.

    Табғачтарға қарсы соғыста Күлтегін жиырма бір жасында екі рет «боз ат» мініп шайқасады. Үшінші рет кежімді «торы ат» мініп шайқасады. Қырғызға қарсы соғыста «Байырқуыдың ақ айғырын» мініп күреске түседі. Түргеш халқына «боз қасқа ат» мініп жауларына ойсырата жеңеді. Автор батыр тұлғасын, оның күштілігін жан жақты сипаттау мақсатында жылқы жануары туралы жазады. Мәтіндегі түпнұсқада төмендегідей жазылған. Күлтегін жиырма бір жасында Чача-сеңүнмен соғысты. Ең ілкі рет Тадықын-чордың боз атын мініп айқасты. Ол ат онда өлді. Екінші рет Ышбара Ямтардың боз атын мініп айқасты. Ол ат онда өлді. Үшінші рет Иеген-сіліг /жиен-сіліг/-бектің кежімді торы атын мініп айқасты. Ол ат онда өлді. Сауытына, қалқанына жүзден артық оқ тиді. Жүзіне басына бірін де тигізбеді [32, б. 73].

    Табғачтарға – боз ат,

    қырғызға – ақ айғыр,

    түргештерге – боз қасқа,

    қара-түргештерге – ақ ат,

    қарлұқтар мен ізгіл халқына – алып шалысты ағы,

    тоғыз-оғыз халқына – азбан ағы,

    едіз бен оғыздарға – аз қаракерін.

    Жылқы атаулары жөніндегі алғашқы мәліметтер көне түркілер жазған Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінен азбан, ат, йылқы, йунт, арқун, айғыр, бие, қысырақ, қатыр, тай, құлын деген сияқты атаулар кездестіреміз.

    Ұлтымыз үшін жылқы жануары ерекше қасиетті. Жылқыға қатысты халық ауыз әдебиетінде, авторлық ауыз әдебиеті мен көркем шығармалар көп жазылған. Жылқы малы ұғымына байланысты туған мақал-мәтелдердің өзі халықтың тұрмыс тіршілігінің жылқымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Атқа мінбеген қазақ баласы болмайтынын, жылқы ер жігіттің сенімді серігі екендігін, жылқы достықтың дәнекершісі бір сөзбен айтқанда, жылқы қазақ халқымен бірге біте қайнасқандығын төмендегі мақал-мәтелдер дәлелдей түседі. Көшпелі халық – көне түркілер үшін жылқы малы ерекше болғаны осы тасқа қашап жазылған жырлар мен мақал-мәтелдерден көрінеді.

    1. Ат – шабысына қарай шабады,

    Ер – намысына қарай шабады.

    1. Атқа мінбеген – таққа мінбейді

    2. Ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат.

    3. Арқанды ат, қазығына оралар.

    4. Досқа ат берме,

    Ат берсең, жай жүр деме.

    1. Жақсы көрер тамырдың

    Атын алма, тайын ал.

    1. Ат – адамның қанаты

    Ас – адамның қуаты.

    1. Аттан айырылсаң да,

    Ер-тоқымнан айырылма.

    1. Атың барда жер таны.

    2. Ер қанаты – ат.

    3. Жақсы ат – көлік,

    Жаман ат – өлік.

    1. Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы [34, б. 395].

    Ел қорғаған атақты батырлармен бірге олардың ерекше қасиетке ие тұлпарлары қатар айтылады. Әсіресе осындай сәйгүліктердің есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Халқымыз атақты сәйгүліктердің, жүйрік бәйге аттарының, батырларға серік болған тұлпарлардың етін ешқашан жемеген. Өз ажалынан өлген мұндай аттарды қадірлеп жерлеген. Атап айтар болсақ, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Қабанбайдың Қубасы, Бөгенбайдың Қызыл аты, Ақанның «Құлагері», Бармақ батырдың Сандалкөгі, Исатайдың Ақтабаны, Амангелді батырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің Кераты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұбары, Ерқосайдың Торысы, Сегіз серінің Бозжорғасы, т.б. Көріп отырғанымыздай, батырдың сенімді серігі – аттарының болу дәстүрі көне замандардан біздің дәуірімізге дейін жібін үзбей келе жатыр.

    Көне түркі жырларында сипатталған жылқыларды жоғарыда талдадық. Ал қаһармандық жырларда көркемдік басым. Бұл шығармаларда батырдың серігі жылқыларға тіл бітіп, сөйлейді, тылсым іс-әрекеттер көп кездеседі.

    Мысалы:

    Тобылғы сапты қамшымен,

    Тартып-тартып жіберді,

    Тайбурылдың санына.

    Жан серігі Бурылдың,

    Жаман батты жанына.

    Жанына батпай не қылсын,

    Қарға, құзғын тойынды,

    Санынан аққан қанына.

    Қобыландының қамшысы

    Тайбурылға шын батты,

    Шыбын жаны тым тәтті,

    Санына қамшы батқан соң,

    Жоғарғы ерні жыбырлап,

    Төменгі ерні қыбырлап,

    Тайбурыл сонда тіл қатты:

    «Қарағай менен бітер тал,

    Кімге келмес керімсал.

    Наз бедеу атқа бітер жал,

    Аямай тарттың қамшыңды

    Батыр туған Қобылан нар!

    Өлмесем де кеудемнен

    Шаға жазды шыбын жан,

    Қызылбастың шәһәріне

    Мұнша болдың ынтызар [30, б. 53]!

    Қаһармандық жырларда жылқыларды түр-түсімен қоса, сөйлегендегі қимыл-қозғалысын жан жақты суреттейді. Және де жау жылқысында сипаттап жазады. Қобыланды батыр жырында Көбікті батырдың тарлан атын төмендегідей жырлайды:

    Көбіктінің Тарлан ат

    Жылқы ішінде жүр екен.

    Жамандатқыр Тарлан ат

    Құйрығын құстай тарады,

    Кіндігінен жарады,

    Шекесінен қарады,

    Әуеге қарап есінеп,

    Ием бе деп кісінеп,

    Жау екенін білген соң,

    Сыртына құйрық салады,

    Қайта айналып шәһәрге

    Тарлан ат қашып барады [30, б. 76]...

    Әрбір халық өзі жақсы таныған нәрсесіне ат қоя білген. Жылқы малына ат қоюға келгенде қазақ алдына жан салмаған халық. Жылқының тегіне, жасы мен жынысына, түр-түсіне, ерекше белгілеріне қарай халқымыз оларды сан алуан түрге бөліп саралаған. Жылқыға қатысты дүниелерді қастерлеп, асыл мұра ретінде бағалап, көзінің қарашығындай сақтап, жетілдіріп, дамытып, келер ұрпаққа жеткізіп отырған. Осы күні жылқы малына қатысты салт-дәстүрлер көптеп сақталған. Ұлттың бірегейлігі мен бірлігін сақтай білген азаматтардың айнымас серігіне айналған жылқы малы туралы тарихи да, әдеби де, зерттеу еңбектер де баршылық. Бұл да бір елдікті сақтауда, елдің дәстүр жалғастығының белгісі деп нық айта аламыз. Дәстүр жалғастығының үзілмеуі Мәңгілік Ел белгісі деуімізге саяды.

    Халық ауыз әдебиетіндегі дүниетаным көне түркі әдебиеті үлгілерінде басқа күйге еніп, жаңғырып отыруы түпсанадағы танымға байланысты. «Күлтегін» жырының басты идеясы: сыртқы жауға қарсы күрес ұйымдастыра отырып, елдікті, ұлттық бірегейлікті сақтап қалудың астарында ұлттық кодтың негізі жатыр деп сеніммен айта аламыз. Түркі халқын ауыз бірлікке шақырып Күлтегін батыр, Білге, Елтеріс, Бумын, Қапаған қағандардың жорыққа шығудағы мақсатымен танысамыз.

    Көк тәңірінің оғландары

    Бүкіл түрік жұртының

    Арландары мен қабыландары,

    Бумын қаған мен

    Істемі қаған таққа қонды.

    Елімді ел етемін деп,

    Жерімді көгертемін деп

    Оттай асау,

    Оқтай ұшқыр

    Атқа қонды [16, б. 96]...

    Бұл шумақта ел болу идеясы тұр. Көк тәңіріне сыйынған, сенген жұрт ел болу тәңірдің қалауы, қолдауы деп түсінген. «Көк Тәңірі» мифтік бейне. Көне түркілер тәңірді – әлемнің билеушісі деп түсінуін де ұлттық кодтың ізін аңғарамыз. Жердің де иесі, киесі бар деп ұғынғанын келесі шумақтардан байқаймыз.

    Жердің Иесі қозғалып,

    Түрік халқы жоғалмасын деген!

    Құлдықта қамалмасын деген!

    Ел болсын деген!

    Басқа жұрт аса алмайтын

    Бел болсын деген [16, б. 156]!

    Тәңір сыйлаған жерді сақтап, халықты «құлдықта қамалмасын» дегеннің астарынан «тәуелсіз ел болып, еркін өмір сүру» мақсаты жатқанын айқын аңғарамыз. Жерді қадірлеу, оны күтіп-баптау, оны анадай ардақтау сезімі бүгінгі күнге дейін келе жатқан ізгі қасиеттер. Бұл да түпсанадағы болмыстың сәулесі.

    Күлтегін екеуіміз

    Өліп-өшіп жүріп

    Дұшпанның қанын

    Белуардан кешіп жүріп

    Елді – қайтадан! –

    Ел еттік,

    Жерді – қайтадан! –

    Жер еттік [16, б. 161].

    Бұл шумақтан сыртқы жаумен арпалысының нәтижесін көре отырып, шашыраған халықтың басын қайта қосып, түркілерге тиесілі жерді қорғап шыққаны батырлардың ерлігімен танысамыз. Жалпы, жыр ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға шақырған қағанның өз халқына айтқан үндеуі, жолдауы деуге болады.

    «Қағаны дара

    Ақылшысы дана

    Іргеміздегі Түрік елі

    Қуатты ел боп барады.

    Мен де атқа қонбасам,

    Түрік елі

    Құм астында қалар еді.

    Күл астында қалар еді.

    Шүкір!

    Елім ел болды.

    Ерлерімді былай қойғанда,

    Құлыма дейін өр болды [16, б. 162]!

    Табғаштардан жеңіліп, шашырап кеткен түркі жұртының басын қосып, біріктірген қолбасшы – Білге Тоныкөк еді. Түркілерді қуатты елге айналдыру үшін халқына ұран тастады. Тәңірге сыйына отырып:

    Тәңірі Ием мен

    Ұмай анам

    Жар болып тұр емес пе?! [16, б. 164] – деп, ұрандатып қол бастайды. Байқап отырғанымыздай бұл жолдарда «Ұмай ана» мифі айтылады. «Көне түркі мифологиясы бойынша, Ұмай ана – ұрпақ жалғастығын жебейтін періште. Ертеде қазақтар қыздарын ұзатқанда, неке қиғызу рәсімінде, сондай-ақ әйелдер босанғанда Ұмай анаға жалбарынып, одан медет тілегені мәлім. «Ұмай» деген сөз ежелгі түркі тілінде «баланың ізі», «бала орны», «ана жатыры» деген мағынаны білдіреді. Ұмай құдай-әйел түркітілдес халықтардың көшілігінің этнографиясында да кездеседі» [16, б. 3].

    Тоныкөк жырында Ұмай ана Көк тәңірімен қатар айтылып отырады. Тәңірге сыйынып жорыққа аттанғанын, жорықтың қалай болғанын суреттей келе:

    Мен де атқа қонбасам,

    Түрік елі

    Құм астында қалар еді.

    Күл астында қалар еді.

    Шүкір!

    Елім ел болды.

    Ерлерімді былай қойғанда,

    Құлыма дейін өр болды [16, б. 165]! – деп жеңіске жеткенінен хабар береді. Жырда Тоныкөктің жорықтарда қолданған әдіс-тәсілдері, түрк халқының басын біріктірудегі еңбегі, ел іргесін бекітудегі арманы баяндалады. Нәтижесінде мақсатына жетіп, түркі халқы іргелі елге айналып отыр.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта