Алимбаев аслан есемканович
Скачать 263.17 Kb.
|
Зерттеу жұмысының әдістері. Диссертациялық жұмыста тарихи-типологиялық, жүйелік-салыстырмалы, салыстырмалы талдау, сондай-ақ жинақтау мен салғастырмалы әдістер қолданылды. Зерттеу жұмыстың құрылымы: анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, кіріспеден, негізгі екі бөлімнен (әр бөлім үш тарауға бөлінген), қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының аясында дайындалға жұмыстардың жариялануы келесідей: Scopus impact factor базасында: The Idea of Eternal Country in the First Epic Poems of the Turkic People // Rupkatha Journal on Interdisciplinary Studies in Humanities. – 2020. – Vol. 12, №4. – Р. 1-11 (ISSN 0975-2935) Indexed by Web of Science, Scopus, L.N. Daurenbekova, K.R. Kemenger, S.K. Imanberdiyeva N.K. Bashirov ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдарда жарияланған еңбектер: Көне түркі әдеби мұралары – мәңгілік ел идеясының жаршысы // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы ғылыми журналы. – 2019. – №1. – Б. 190-196 (ISSN 1999-4214). Күлтегін жырындағы елдік мұрат // Қазақ білім академиясының баяндамалары ғылыми журналы. – 2019. – №1. – Б. 319-325 (ISBN 2305-7831). «Күлтегін» жырындағы мәңгілік ел идеясы // Қазақ білім академиясының баяндамалары ғылыми журналы. – 2019. – №2. – Б. 269-276 (ISBN 2305-7831), Л.Н. Дәуренбекова Қаһармандық жыр-аңыздаудағы мотивтер жүйесі // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. – 2019. – №4. – Б. 162-166 (ISSN 1999-4214), Г.С. Сағынадин 1 КӨНЕ ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР Көне түркі әдебиетінің зерттелу мәселелері Түркі халықтарының жазу-сызуы, мәдениеті, дәстүрі, жүріп өткен жолдары, жалпы тарихы болғанын V-VІІІ ғасырдың өзінде-ақ тасқа қашалып жазылған жазулар дәлелдей түседі. Зерттеуімізде Орхон-Енисей ескерткіштерінде жазылған Орта Азияны мекендеген түркі халықтары жөнінде деректермен танысамыз, сондай-ақ көне түркілердің V ғасырдың өзінде-ақ «Мәңгілік тәуелсіз ел» жолында күрескені айқындалады. Қазақ халқы тарихқа V-VІ ғасырда «түркі» деген атпен белгілі болған. Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан, ертедегі ғұндар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың ІХ ғасырын қамтиды. Ел болған соң, өзіне тән дәстүрі, мәдениеті, жазу-сызуы болатыны анық. «Тюркоязычные народности и их языки имеют весьма древнюю письменную традицию, восходящую, по крайней мере, к рубежу нашей эры. В процессе исторического развития у тюркоязычных народности сменилось немало письменностей, иногда письменная традиция по каким-либо соуиально-экономическим и политическим причинам временно прерывалась [2, б. 17]. Түркі халықтарының жазу-сызуы, мәдениеті болғанына V-VІІІ ғасырда тасқа қашалған жазулар дәлел. Осы жазулардан ежелгі түркілердің сыртқы жаудан елін-жерін қорғап, мәңгілік, тәуелсіз ел болуды мақсат еткенін, сол жолда аянбай күрескенін оқып біле аламыз. Мәселен, VІІ–VІІІ ғасырдағы түркі халықтарының шежіресінен сыр шертетін «Орхон ескерткіштері» әйгілі батырлар – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк батырлардың ерлік істеріне арналған. Солтүстік Моңғолиядан табылған Орхон ескерткіштеріндегі жазуларға алғаш рет 1893 жылы көп тілді меңгерген Дания ғалымы В. Томсен назар аударып, тастағы алфавиттерді анықтайды. Осы жылы орыс ғалымы В. Радлов алфавит бойынша тастағы мәтінді орыс тіліне аударады. С.Е. Малов ежелгі түркі жазба ескерткіштері жөнінде жазылған еңбегінде: «В.В. Радлов пользуясь открытием В.Томсена, первый дал перевод этих больших надписей. Памятник на берегу Орхона, открытый Н.М. Ядринцевым, оказался поставленным в честь тюркского кагана Могилияна (ум. В 734 г.) и его брата принца Кюль-тегина (ум. в 732 г). Так был найден новый источник для истории кочевых государств, о которых раньше черпали сведения только из китайских летописей. Но главным образом они ценны для нас со стороны своего языкового материала» [3. б,181] – деп, бұл ескерткіштердің түркі тілдес халықтардың тілін зерттеуде пайдалы болатынын айтады. В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, С.Е. Маловтар мәтінді орыс тілінде жолма-жол, қарасөз үлгісінде берсе, И. Стеблева өлең түрінде береді. Бертін келе ескерткіштердегі жазулар басқа да ғалымдардың қызығушылығын тудырып, көптеген тілге аударылып, зерттеле бастайды. Мәселен, түріктанушы Х. Оркунтүрік тілінде аударып, транскрипциясын берсе, Х. Оркуном [4]. Т. Текин де ағылшын тіліне аударып, транскрипциясын береді [5]. Ал қазақ тіліне А. Аманжолов, Ғ. Айдаров [6] транскрипциялап аударады. Қазіргі кезде қазақ тілінде бұл ескерткіштердің заманауи түрі М. Жолдасбеков, Қ. Сартқожаұлы, Қ. Мырзалиев, Н.Г. Шаймерденовалардың аударма нұсқалары қолданылып жүр. Ғалымдардың анықтағанындай, Орхон ескерткіштері Түрік қағанатына кіретін қазіргі түркі халықтары: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, татар, азербайжан, түркімен, алтай, хакас, қарақалпақ, башқұрт, чуваш, ойраттарға ортақ болып келеді. Себебі, V-VІІІ ғасырда бұл халықтар қазіргі Орта Азия, Еділ бойы, Каспий жағалауларында скиф, үйсін, қаңлы, дулат, оғыз, қыпшақ деген ру атауларымен аталған еді. «V ғасырдан бастап осы аталған рулардың бәріне түсінікті, ортақ түркі тілі қалыптаса бастайды. Бүкіл Сібірді, қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны түгел жайлаған «ұзын найзалы, жарау атты» түріктер үш ғасыр (VІ, VІІ, VІІІ ғасыр) бойы кең далада адам айтқысыз алапат, жойқын соғыстарды басынан кешкен» [7, б. 224]. «Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ататегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек, бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни «патша» шыққан тайпаның символына айналған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түркілер деп атап кеткен» [8, б. 264]. Ұрпаққа үлгі етер істері мол екенін тасқа қашап жазған жазулармен қатар Иран, Парсы, Қытай т.б. жазба деректерінен табатынымыз анық. Әдебиеттанушы ғалым А. Қыраубаева: «Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХV ғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түркілер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк Түріктер атанғанбыз» [7, б. 232] – дейді. Көне түркі әдебиеті нұсқаларының сюжеттік байланыстар мен кейіпкерлер табиғатын жан-жақты, жүйелі қарастыру керек. Жалпы, қазақ филологиясы ғылымында бұл тақырып төңірегінде белгілі әдебиеттанушы және лингвист ғалымдар А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, М. Жолдасбеков, С.А. Қасқабасов, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, А. Егеубаев және т.б. ғылыми еңбектер жазған. Сақтар, ғұндар және түрк қағанаты дәуірі туғызған қаһармандық дастандар: «Алып Ер Тоңға», «Шу», «Аттила», «Көк бөрі», «Ергенекөн», «Күлтегін», «Тоныкөк» және т.б. Бұл жырлардың біразы құлпытастарға өте мәнерлеп жазылған. Бұларды тасқа жазылған кiтап деуге болады. Зерттеуімізде аталған соғыстарда ерлік көрсеткен ежелгі түркі халқынының батырлары мен хандары жайында жазылған ескерткіштерге тоқталамыз. Ескерткішке қашалып жазылған жазуларды түрколог ғалымдар «руна жазбалары» деп атаған. Руна – «құпия» немесе «белгісіз» деген мағынаны береді. Бұл жазу VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында көне руна жазуының кеңінен қолданылғанын балбал тастардан, ескерткіштер айғақтай түседі. Ескерткіштегі жазулар ежелгі түркі халқы қолданған ең алғашқы алфавит саналады. «Бұл жазулар түркі тайпаларының талабы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыбыстық ерекшеліктерін дәл бере алған» дейді профессор П. Мелиоранский. Орхон алфавитінің шығуы жөнінде тюрколог ғалымдар арасында талас пікірлер де бар. Мәселен, Орхон ескерткіштеріндегі әріптерді В. Томсен, В. Радлов, П. Мелиоранский, С. Толстов арамей жазуынан келген десе, В. Радлов пен С. Киселев бұл әріптер батыстан келген деп топшылайды. В. Радлов ескерткіштер тілінде диалектілік ерекшеліктердің бар екендігін айтады да, ежелгі солтүстік диалектіге: түркі тілдерін, ежелгі оңтүстік диалектіге: ұйғыр тілін, аралас диалектіге: батыс және шығыс көне түркі тілдерін жатқызады. Десек те, бұл жазулар қазіргі кезде түркологияда көне түркі жазуы деп аталады. Тастағы жазбаларды жанрлық тұрғыдан анықтау ғалымдарға оңайға соқпайды. Бірі жыр десе, бірі қарасөзге, естелікке, тіпті шежіреге балады. Бұл жұмысымызда Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың мазмұнына, құрылымына назар аударып, түркі халықтарының алғашқы эпикалық жыр екенін дәлелдейміз. Сонымен қатар Орхон ескерткіштеріндегі мәтіндерге қазақ, орыс тіліндегі транскрипциясын, аудармасын салыстыра отырып, автордың жазудағы мақсатына, идеясына және таңдаған жанрына мән бердік. Кейіпкер сомдау жүйесін, стильдік-тілдік қолданыс ерекшелігіне назар аудардық. Көне түркі жазуының ескерткіштері Орта Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі – Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Орхон ескерткіштері деп аталады. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі Білге қаған, батыры Күлтегін, кеңесші Тоныкөктің ерліктері баяндалады. Осы ескерткіштерді біз Күлтегін тасынан бастап қарастырамыз. Ескерткіш Моңғолия өлкесі, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының жанына орнатылыпты. Ескерткіштің биіктігі – 3,15 метр, ені – 1,34 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Тастағы жазуда Күлтегін батыр туралы, халқы үшін жасаған ерліктері айтылады. «Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу, ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұл екі дастанның да авторы – өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (VІІІ-ғасыр)» [9, б. 210]. Үлкен жазу мен кіші жазудағы сюжеттер бір-бірін толықтырады. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы – 40 жолдан, ал кіші жазу 13 қатардан тұрады. Жырда бастан-аяқ Күлтегіннің ерлігі айтылады. Тарихшылардың зерттеуі бойынша Күлтегін – 684-731 жылдары өмір сүрген ежелгі түркі қағанатының әскери қолбасшысы. Әкесі Құтлұғ белді қаған болған. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, Күлтегіннің ағасы Білге «қаған» болып сайланады. Қытай деректерінде Білге қаған Могилян (Mogіlan) деп берілген екен. Ол 717-734 жылдар аралығында билік құрған. Білге қаған тұсында Түрік қағанаты үлкен империяға айналғанын «Білге қаған» ескерткішінен білеміз. Білге қағанның ұлы Иолығ-тегін – Күлтегін жазуының авторы. Иолығ-тегіннің мақсаты – түркі елінің дәстүрін, тарихын мәңгіге тасқа жазып қалдыру. Ескерткіште Түркі қағанатын нығайту барысындағы Білге қағанның ел басқарудағы серігі Күлтегіннің атқарған рөлі ерекше баяндалған. «Мазмұны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ырғаққа – үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі тұрғысынан да поэзиялық сипатқа ие» дейді орхон ескерткішін жан-жақты зерттеген орыс ғалымы И.В. Стеблева [10, б. 73]. Демек, ғалым тастағы жазуларды поэзиялық шығармаға жатқызады. Ал белгілі түрколог-ғалым Л. Гумилев И.В. Стеблеваның пікіріне қарсы шығып: «Бұл жазуларды ақындық шығармаға жатқызуға болмайды, себебі, біз одан өлеңге қажетті ырғақты таба алмадық [11, б. 322] дейді. Л. Гумилев Орхон жырлары тек қана өлеңге құрылмаған, арасында қара сөз араласып келетіндігіне де назар аударса керек. Қазақ эпостық жырларының бір ерекшелігі – жыршы жырдың негізгі оқиғасын баяндамас бұрын өзі туралы ақпаратты берумен бастайды. Бұл тәсілді «Тоныкөк» жырынан кездестіреміз. «Білге Тоныкөк, мен өзім, табғаш елінде тәрбиелендім. Түрк халқы (ол кезде) табғаштарға бағынышты еді». Байқап отырғанымыздай, бұл сөйлемде поэзияға тән ырғақ жоқ, автор қарасөзбен өзі туралы түсіндіріп кетеді. Бұл әдебиет теориясында эпостағы баяндау тәсілі деп аталады. Демек, өлеңге қарасөздердің араласып берілуі кейінгі түркі эпостарының стиліне тән тәсіл. Академик Ә. Марғұланның «Қазақтың да эпосында, негізінен, өткен тарихта орын алған оқиғалар, үйішілік-тұрмыстық суреттер, ру-тайпалардың ара-қатынастары жырланады» [12] деген анықтамасына сүйенсек, Орхон ескерткіштеріндегі жазулар қазақ эпосының бастауы десек те болады. Қазақ эпосының тууы жөнінде айтқан академик Қажым Жұмалиевтің мына бір пікіріне назар аударайық: «Қазақтың осы күнгі ұзақ эпостарының бастамалары ерте замандағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ замандарында, әр рудың өз істерін ерлікке айналдырып жыр еткен қысқа көлемді жырларынан бастау алады» [13]. Қазіргі кезде Күлтегін жазуы қазақ әдебиетінде де эпостық жыр деп оқытылып келеді. Жырда 16 жастағы Күлтегіннің өмірінің соңына дейін жасаған ерлік істері айтылады. «Бүкіл Сібірді, қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны түгел жайлаған «ұзын найзалы, жарау атты» түріктер үш ғасыр, яғни VI-VII-VIII ғасырлар бойы кең далада жойқын соғыстарды басынан кешкен [14]. Түркі жұрты табғач жұртымен көп соғысқан. «Tabγač табғач. «Тауғаш//табғаш». Табғачтар. Қазіргі атау бойынша «қытайлар». Б.з. IV-VI ғасырларда «Табғачтар // тобалар» солтүстік «қытай» Вэй (386-534) мемлекетін билеген жатылай көшпелі этнос болған. Қытайға толық сіңіп кеткен соң көне Түрктер бүкіл «қытайды» табғач деп атаған. Сол сияқты «қытаң // қытай» деген сөздер де отырықшы «қытайды» билеген жартылай көшпелі этностың атауы» [15]. VII ғасырдың аяғында Қытай имперясымен соғысқан Түркі қағанаты жеңіліске ұшырайды. Кейіннен Құтлығ қағанның бастауымен Қытайға қайта соғыс ашып, жерін тартып алады. Түркі халқын біріктірген Құтлығ қаған 693 жылы қайтыс болады. Ал қағанның соңынан қалған екі баласы Білге мен Күлтегін ержеткенде 716 жылы Білге – қаған, Күлтегін – әскербасы болып тағайындалады. «Күлтегін» жырының кіші жазуы мен үлкен жазуының композициялық құрылымы да реттілік сақтаған. «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлім – мазмұны жағынан бір-бір хикая. Оның бірінші бөлімі қағанның өз халқына айтқан үндеуімен басталады. Транскрипциясы: Теңрі тег, теңрі йаратмыш. Түрк Білге қаған, Бұ өдке олуртым. Сабымын түгеті есідгіл: Улайу інійігүнім, оғланым, Бірікі оғушым, будунум, Берійе-шад-апыт беглер, Йырайа – тарқат буйрук беглер, Отуз [16, б. 344]. Орыс тілінде: «Небоподобный, неборождённый (собств. «на небе» или «из неба возникший») тюркский каган», я нынче сел (на царство). Речь мою полностью выслушайте (вы), идущие за мною мои младшие родичи и молодёжь (вы), союзные мои племена и народы; (вы, стоящие) справа начальники шад и апа, (вы, стоящие) слева начальники: тарханы и приказные, (вы) тридцать... [3, с. 181]. Қазақ тілінде: Тәңірідей тәңірден жаралған Түрк Білге қаған Бұл шақта отырдым. Сөзімді түгел естіңдер: Бүкіл жеткіншегім, ұланым, Біріккен әулетім, халқым, Оңымда шад, апа бектер Солымда – тархан, бұйрық бектер Отыз [16, б. 349]. Өлеңді ұйқасы, не тармақтары (жолдары), буын саны бірдей келмесе де, дәл емес деуге болмайды. Мазмұнды берудегі образ, сөз мәнері дәлме-дәл. Бұл шумақта түркі халықтарының ұрпақтарына арналып айтылған үндеуі тұр. Екінші бөлімінде Түрік қағандығы қоныстанған жерінің кеңдігін бейнелейді. Транскрипциясы: Ілгерү – күн тоғсыққа, Бергерү – күн ортусыңару, Құрығару – күн батсықыңа. Иырғару – түн ортусыңару Анта ічрекі будун қоп маңа Көрүр, анча будун Көрүр, анча будун [16, б. 349]. Орыс тілінде: Впереди, к солнечному восходу, справа, (в стране) полуденной, назади, к солнечному закату, слева, (в стране) полночной, – (повсюду) там (т.е. в этих пределах) живущие (букв. находящиеся внутри) народы – все мне подвластны; столь много народов я всех устроил. Қазақ тілінде: Ілгері – күн шығысында, Оң жақта – күн ортасында Кейін күн батысында, Сол жақта – түн ортасында Осының ішіндегі халықтың бәрі Маған қарайды, халықты Осынша көп еттім [16, б. 349]. Бұл шумақтар түркі елінің жері үлкен, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. Жыр түркілердің әскери жорықтарын айта отырып, Білге қағанның ел басқару шеберлігі мен Күлтегіннің жасаған ерліктеріне арналған. Жырдан түркі халқын басқарған Елтеріс қаған, Қапаған қаған, Білге қаған жөнінде мәліметтер аламыз. Бумын қаған мен Істемі қаған қайтыс болғаннан кейін түркі елінің өз ішінде алауыздық орнап, Түркі мемлекеті ыдырай бастайды. Осы кезең жырда: «Табғаш халқына бек ұлдары – құл болды, Пәк қыздары – күң болды», (сделавшийся рабынями и сделавшийся рабами) деп елдің тіршілігінен хабар береді. Түркі елін жаудан азат ету үшін оғыз, соғды, түргеш, табғаштарға Күлтегін батырдың жасаған 23 жорығы бейнеленеді. Қарсы шыққан жауларды жеңіп, түркі еліне бейбіт өмір орнатады. Ақын Күлтегіннің ерлігі туралы: Бастыны – еңкейтті, тізеліні – бүктірді, Кедей халықты бай қылды. Аз халықты көп қылды. Тату елге жақсылык қылды, – деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады. Түркі ескерткіштерінде топонимикалық атаулар молынан кездеседі. Олар сол өңірді мекендеген ұрпақтың тарихы, тіршілігі жайында хабардар болып, белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Негізі Күлтегін ескерткішінде отызға жуық топоним, оншақты ел, тайпа аты кездеседі екен. Осы топоноимдердің басым көпшілігі Білге қаған мен Тоныкөк ескерткіштерінде қайталанып келеді. Атаулар арқылы түркі халқының орналасқан аймағын, әскери жорықтарын біле аламыз. «Ескерткіште шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік жағында қоныстанған халықтар жөнінде, қалалар мен елді-мекендер және олардың тұрған орындары жөнінде көп көңіл бөлінді. Бұның барлығы соғдылар мен қытайларға өздерінің географиялық білімін кеңейтуге мүмкіндік туғызды. Ортағасырлық қытай географтары мен саяхатшылары Орталық Азияның жер-аттары мен этнонимдерін тікелей түріктерден қабылдаған [17]. Мәселен, «Күлтегін» жырында Өтікен деген жер сөз болады. Кейбір деректерде Өтікен түркілердің астанасы болған деп айтылады. «Күлтегін» жырының кіші жазуында: Тоғыз оғыз бектері, халқы, Бұл сөзімді мұқият тыңда. Терең ұқ. Ілгері – күн шығысында, Оң жақта – күн ортасында Кейін – күн батысында, Сол жақта – түн ортасында Осының ішіндегі халықтың бәрі Маған қарайды, халықты Осынша көп еттім. Егер қазір баяғы кексіз түрк қағаны Өтүкен қойнауында отырса, (онда) ел мұңсыз» [16, б. 349]. Демек, «Күлтегін» дастандарына өзек болған идея – халыққа құтты қоныс, жерұйық, бақытты өмір іздеу сарыны бар. «Күлтегін» жырының басты идеясы – түркі халқының Мәңгілік Ел болу үшін елін сыртқы жаудан азат етудегі күресін көрсету. Кейінгі түркі жұртына береке-бірлікті сақтап, тәуелсіз ел болуға үндеуі десек те болады. Күлтегін 10 жасында ер атанады. 16 жасынан бастап табғаштарға қарсы күрес ашады, 47 жасында ерлікпен қаза табады. Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырады. Жырда батырды жерлеуге жер-жерден көптеген атақты елшілер, батырлар, бектер, тас қашайтын шеберлер келгені айтылады. Ескерткішті тұрғызуға, оны өрнектеп, тасқа қашап жазу үшін мықты шеберлердің атсалысқаны туралы да анық жазылған. Түркі халықтарының ішкі бірлігін жыр еткен «Күлтегін» жырының елдің идеялық мазмұны «Тоныкөк» жырымен үндес келеді. Бұл жырлардың көркемдік дәрежесі де жоғары. «Тоныкөк» жыры 313 өлең жолынан тұрады. Түркологтардың есептеуінше ескерткіш таста 62 руналық жазу жолынан тұрады. Жырда 14 оқиға бар. Жырдың композициялық тұтастығы сақталынған. Түркі қағанатының белгілі басшылары: Елтеріс, Қапаған, Білге қағандарға кеңесші болған ақын, жауынгер Тоныкөк «түрік әскерінің саяси жетекшісі» деген лауазымға ие болған. Тоныкөк табғаш (қытай) елінде туып, сонда білім алғаны жырда анық айтылған. VІІІ ғасырда жазылған «Тоныкөк» жыры кейіпкердің: «Білге Тоныкөк, мен өзім табғаш елінде тәрбиелендім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп өзін таныстырумен басталады. Демек, Қытай елінде жүріп, олардың түркілерге көрсеткен қорлық-зорлығының бәрін көріп, біліп өскен Тоныкөк 683 жылы Құтылыққа қосылып, қытайларға қарсы көтеріліске шығады. Осы жолы түркі халқы жеңіске жетіп, Екінші Шығыс Түркі қағанатын құрып, Құтылық «қаған» болып сайланады. Табғаштардың айдап салуымен көтеріліске шыққан оғыздарды жеңіп, қолға түскен тұтқындарды Тоныкөктің ақылымен Құтылық қаған босатып, еліне қайтарады. Тоныкөк оғыздарға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Өтікенге келсін» дейді. Осы сөзден кейін оғыздар түгелдей түркі туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей-ақ келтірдім-ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады. Құтылық қаған қайтыс болғаннан кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып қызмет етеді. Бірақ, жырда Қапаған қатыгез қаған болып, ақылсыз бола бастады деп суреттеледі. Қарамағындағы ру-тайпалардың арасында алауыздық туып, өзара жанжалдасады. Тоныкөк ел бірлігін сақтамақ болып, «күндіз отырмай, түнде ұйықтамай», ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғары болғанын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда-жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады. Қапаған қаған қайтыс болғаннан кейін таққа Білге (Могилян) отырады. Білге қаған Қапаған кезеңінде шашырап кеткен ру-тайпаларды біріктіріп, Түркі қағанатын қалпына келтіреді. Күлтегіннің ағасы Білге қаған (Могилян) тасын 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің бойынан Н.Я. Ядринцев тапқан. Ондағы оқиғалар Күлтегін ескерткішімен дәлме-дәл келеді. Түркі қағанатын нығайтуға елеулі үлес қосқан Білге қаған 683 жылы туып, 734 жылы қайтыс болған. Бұл таста 80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Ескерткішті алғаш рет тауып, жұртшылыққа таныстырған – Е.Л. Клеменц. Ал дат ғалымы В.В. Радлов ескерткіштің аудармасын жасап, неміс тілінде баспадан шығарды. Білге қаған – екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты билеушісі. «Білге қаған» сөзінің мән-мағынасы «білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған» деген ұғымды білдіреді. Білге қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты аса қуатты империяға айналады. Бұл жырда да ел тұтастығын сақтау идеясы бар. Білге қаған ескерткішінде оғыз, тоғыз-оғыз, қырқыз, құрықан, отұз татар, татабы, қытан, ұйғыр, үч құрықан, қарлұқ, түргеш секілді көшпелі түркі этностары және де моңғол-манжұр тектес ру-тайпаларымен қатар Бөклі чөллік ел, түпүт, апар, пұрұм, табғач, т.б. отырықшы елдер туралы тарихи деректер нақты келтірілген. Білге қаған інісі Күлтегінге әскерлерді сеніп тапсырып, әскербасы сайлайды. Ал Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындаған. Тарихи деректерге сүйенсек, Білге қаған тұсында 20 жыл шамасында қытаймен екі ел арасында бейбіт өмір қалпына келеді. Жырда тек Білге қаған ғана емес, Құтылық, Күлтегін, Тоныкөктердің ел қорғау жолындағы ерліктері айтылады: Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі халқына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Елтеріс қаған жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін [16, б. 335], – дейді дана қарт. Тарихшылардың жазбаларында Тоныкөк 741 жылы 95 жасқа жетіп, ал 734 жылы Білге қаған уланып қайтыс болған деген деректер кездеседі. Көне түркілердің ел бастаушы көсемдері мен батырларын суреттейтін Орхон ескерткіштеріндегі мәтінді эпостық жырға жатқызамыз. Себебі, жыр поэзиядағы бейнелеу тәсілдерімен жазылып, шығарманың поэтикалық образын арттырып тұр. «Қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал», – дейді ғалым Б. Кенжебаев [18]. Сондықтан да Орхон ескерткіштеріндегі жазулар көне түркі, шағатай (шағатай, тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру-тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанмен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының бастауы деп танимыз. Ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ. Себебі, қазақ халқы өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Олар қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекен еткен. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан, түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болатыны анық. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқа жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоныкөк, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Яассауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды. Бұл шығармалардан көне түркі елінің атақ-даңқы артып, елдің іші де, сырты да бейбіт өмір сүргенін көреміз. Бейбіт өмір сүру салты түркі халықтарының ата-бабаларынан, яғни сақтар заманынан бастау алса, қазақ халқы тарих сахнасына Мәңгілік Ел идеясы ретінде жалғастырып келеді. Мәңгілік Ел идеясы барлық түркілердің бір тарихи кезең ҮІІ ғасырда, бір шаңырақ астында тұрғанда қабылданған және жарияланған идея болатын. Ендеше, тарих сынынан өткен бұл идея бүкіл түркі дүниесі үшін ортақ және осы идея төңірегіне бірігу қазіргі замандағы түркі тектес халықтардың мұраты десек, қателеспейміз» [19]. Демек, түркі елдері мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстана білген. Ұлы Түрік қағанатын ешбір жау әскер күшімен жеңе алмағаны тарихта жақсы жазылған. Алайда, жұдырықтай жұмылып отырған түркі елінің ішіне жау жағы ғасырлар бойы іріткі салып келді. Ақыры Ұлы Түрік империясы екіге бөлінеді. Мұндай ауыр кезеңдер де жырларда баяндалады. Дегенмен, тек қана жақсылыққа үміттенген халықтың жігерін қайрау мақсатында елдің мүшкіл халін суреттейді. Ақылды кісілерді, батыл кісілерді табғаштар қозғай алған жоқ. (Егер) бір кісі алданса (онда) руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып Түрк халқы, қырылдың, Түрк халқы, жойылдың, Түстікте Шұғай қойнауы түгіл, Түн жазығына қоныстансақ десуші ең. Түрк халқы, жойылдың... [16, б. 349]. Бұл жолдар арқылы түркі халқы ақылды, батыл көсемдердің арқасында сақталып қалатынын түсінуге болады. Елдің жігерін көтеру мақсатында жазылатын жырлардың бастауы осы кезеңдерден нәр алатынын байқаймыз. Тасқа қашап жазған жырларда, Парсы, Қытай деректерінде кездесетін аңыз-дауларда Түрк елінің бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірі суреттеледі. Бұның өзі мәңгі тастар арқылы болашаққа ата-бабаларының жүріп өткен соқпақ жолдарын және жеткен жетістіктерін болашақ ұрпақ біле жүрсін деген ниетпен жасалған іс деп ойлаймыз. Бұны «Күлтегін» жырының мына жолдарынан көреміз: Биікте көк Тәңірі, Төменде қара жер жаралғанда, Екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне ата-тегім Бумын қаған, Істемі қаған отырған. Отырып, түрк халқының ел-жұртын Қалыптастырған, иелік еткен Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен, Сарбаздарымен аттанып, Төрт бұрыштағы халықты Көп алған, бәрін бейбіт еткен, Бастыны еңкейткен, Тізеліні бүктірген, Ілгері – Қадырқан қойнауына дейін, Кері – Темір қақпаға дейін жайлаған [16, б. 352]. Түркі халқының өз алдына ел болып, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасауды Көне Түркілер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналып отыр. Орхон ескерткіштерінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйтқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айрылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар мұнда Мәңгілік Ел ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. |