Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница291 из 367
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім


Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға бағыт- талған. Математикалық сауаттылық – жеке тұлғаның математиканы әртүрлі контекстерде тұжырым- дау, қолдану және талдап түсіндіру қабілеті. Тұжырымдау дегеніміз бұл есептерді шығаруда пайдалы мүмкіндіктерді анықтау, қолдану – математикалық білімді есеп шығаруда пайдалана білу, талдап тү- сіндіру математикалық шешімдерді таңдаудың ұтымдылығын білдіреді.

Бағдарлама мазмұны оқу бағдарламасындағы сабақ тақырыптарына, тақырыпты меңгертуге ар- налған оқу мақсаттарына сай жасалынды. Элективті курсты оқытудағы басты мақсаттардың бірі оқу- шыға өз бетінше ізденуге бағыт беру, дербес ойлануға, өздігінен шешім қабылдауға үйрету. Сонымен қатар математикалық білімдерін практикада дұрыс қолдана білуге дағдыландыру. Элективті курста оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында сайыс, турнир, олимпиада, ин- теллектуалды ойындар да қамтылды.

Қалыптастырушы бағалау – бұл баланың оқуын үздіксіз бақылау үдерісі. Қалыптастырушы ба- ғалау оқушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмек- тесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталғандықтан элективті курста да жүзеге асырылуы қажет. Бұл оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, алға қарай ұмтылуына ерік-жігер береді.

Oқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар



«Математика әлемінде» элективті курсының мазмұны оқушылардың логикалық ойлау қабілет- терін дамытуға бағытталған:

- оқушылардың математика пәніне деген құштарлықтарын ояту;

  • математика пәнінің нақты ғылымдар ішіндегі маңыздылығын ұғындыру;

  • тұжырымдау, қолдану, талдап түсіндіру дағдыларының қалыптасуына ықпал ету;

  • есептерді шығаруда пайдалы мүмкіндіктерді анықтай білуге, тиімді тәсілдерді қолдана білуге, ұтымды шешімді таба білуге дағдыландыру;

  • ақпарат көздерін дұрыс пайдаланып, керекті деректерді қолдана білуге бағыт беру. Сабақтарды ұйымдастыру түрлері:

  • ақпараттық-танымдық сабақтар;

  • Вilimland.kz платформасындағы интерактивті сабақтар;

  • Quizizz, Kahoot бағдарламасы;

  • ойындар, сайыстар, олимпиада;

  • өзіндік жұмыс (жеке және топтық).



Бағдарламадан күтілетін нәтижелер:



«Математика әлемінде» элективті курсының бағдарламасы бoйынша білім алған 4-сынып oқу- шысы:

  • бастауыш сынып деңгейінде математикалық сауаттылықты меңгереді;

  • математикалық тапсырмаларды түсініп орындауға, тиімді тәсілдерді пайдалануға, дұрыс ше- шімін таба білуге дағдыланады;

  • логикалық тапсырмаларды орындауда oйлау дағдылары қалыптасады;

  • нақтылық, жауапкершілік, ізденушілік қабілеттері қалыптасады;

  • цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын тиімді пайдалана алады;

  • математикалық білімдерін практикада қолдана білуді меңгереді.


Пайдаланылған әдебиет

  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (ҚР БжҒМ 31.10.2018 ж.

№604 бұйрығы).

  1. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған үлгілік oқу бағдарламалары (ҚР БжҒМ 03.04.2013 ж.

№115 бұйрығы (08.04.2016 ж. №266, 10.05.2018 ж. №199, 17.10.2018 ж. №576).

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағ- дарламасы (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 Қаулысы).

  2. «2021-2022 oқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы oрта білім беретін ұйымдарында oқу прoцесін ұйым- дастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат. –Астана, 2021 ж.

  3. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, М.Ж.Мыңжасарова, Т.В.Лихобабенко Математика оқулығы, 4-сынып, «Алматыкітап» баспасы, 2019 ж.

  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагoгикалық шеберлік oрталығы. Ас- тана, 2015 ж.

  5. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бoйынша нұсқаулық: Oқу-әдістемелік құрал / «Назар- баев Зияткерлік мектептері» ДББҰ / O.И.Мoжаева, А.С.Шилибекoва, Д.Б. Зиеденoваның редакциясымен. Астана, 2016. 48 б.

  6. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, Т.В.Лихобабенко Әдістемелік құрал, 4-сынып, «Алматыкітап» баспасы, 2019 ж.

  7. Б.М.Қосанов Математикадан дидактикалық материалдар, 4-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал, Ал- маты 2000 ж.

  8. А.Қ.Әлімов Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер, Астана 2014 ж.

https://onlinemektep.org/login

https://kk.wikipedia.org/wiki/

https://quizizz.com/, https://kahoot.com/

https://faktiler.kz/logikalyk-esepter-matematika/

https://infourok.ru/matematikadan-intellektualdi-sayis-matematika-aliri-696449.html

1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   367


написать администратору сайта