Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
БАҒДАРЛАМААУЫЗ ӘДЕБИЕТІ Мектепалды даярлық тобына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 32 сағат) ЕРКЕБАЕВА А.И.№76 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Пікіржазған:Уайсова Г.Н., Абай атындағы Қаз ҰПУ профессоры, п.ғ.к. Түсінік хат, мазмұныБерілген бағдарлама халық ауыз әдебиетінің түрлерін танып, білуге арналған. Бағдарламаны оқу барысында оқушылардың сөйлеу тілдері дамып, ой-өрісі мен сөйлеу шеберлігі қалыптасады. Бағдарламаның мақсаты:оқушыларды өз ана тілінде көркем, сауатты байланыстырып сөй- леуге үйрету; қазақ фольклорынан жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, өтірік өлең, ертегі тыңдау ар- қылы сөздік қорларын байыту, ойлау қабілеттерін арттыру арқылы тілін дамыту. Бағдарламаның міндеттері:- оқыған әңгіме, ертегі, өлеңдерді түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу; өз ұлтының әдет – ғұрпы, салт – дәстүріне деген сүйіспеншілік сеземін ояту; баланың ойлау, қиялдау, елестету, есте сақтау, еңбек ету қабілетін ояту; ана тілін жетік білу, және оны сүйіп – құрметтеу;- естіген ертегі , өлеңдердің мазмұнын бейнелей алуға машықтандыру. Бағдарламаның өзектілігі:Бұл бағдарламада халқымыздың асыл мұрасы – «Ауыз әдебиеті» түрлерімен таныса отырып,халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрпы туралы білім,шығармаларды жаттап, мәнерлеп, мазмұнын дұрыс айту дағдысын қалыптастырып;оқыған шығарма, ертегі, жаңыл- тпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер мен өлеңдерді түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта бі- луге үйренудің жоғарғы сыныптарға барғанда әдебиеттік оқу пәнінде көп септігін тигізеді. Маңыздылығы: жалпы білім беретін мектептің базистік жоспарына қосымша материалдармен та- ныстыру арқылы әңгіме, ертегілерді, шешендік сөздерді өз бетінше құрастырып, еңбектене білуге;ер- тегілерді сахналау ойындарын меңгеруге ықпал ету. Қажеттілігі:ауыз әдебиеті түрлерін меңгерту, ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту. Бұл бағдарламада мынадай іс – әрекеттер қамтылады: Диалог Жұрт алдында сөйлеу Тыңдаған әңгімені мазмұндау Топпен әңгімелесу Суреттеу Сахналау Тұрақтылық (мазмұндық) бөлімі№1 бөлім Өлеңдер сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Қуыр, қуыр, қуырмаш!» «Қуырмаш» ойыны әр баланың көңілін көтеру үшін, әрі еңбекке тәрбиелеп, дүние танымын артты- рады. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Өтірік өлең» Өтірік өлең туралы түсінік алады. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Мазақтау өлеңдері» Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу. 4-сабақ. (1 сағат) Тақырыбы: «Санамақ» Санамақ айту арқылы бала сан үйренеді, ойы дамиды, тілі ширайды. 5-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Айтыс. Санамақ айтыс» Айтыс туралы жалпы түсінік алады. Санамақ айтыста санға ұйқас сөз табады. №2 бөлім Тұрмыс-салт жырлары 6-сабақ. (1сағат). Тақырыбы: «Шілдехана» Салт-жырларының бір түрі шілдехана өлеңдерін жаттайды. 7-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Бесік жыры» Бесік жырын жаттайды. 8-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Бата тілек» Бата-тілек сөздерінің мағынасын ашып жаттайды. 9-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Ар ма, Әз Наурыз!» Наурыз жырын жаттайды. №3 бөлім Төрт- түлік туралы жырлар сабақ. (1сағат). Тақырыбы: «Төрт түлікті қалай шақырады?» Өлеңді тыңдай отырып, әр түліктің қасиетін, адамға берер молшылығын, қалай шақыру керектігін айтады. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Төрт түлік пірілері» Әр түліктің өз иесі болатындығын аңғарады. №4 бөлім Мақал- мәтелдер сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Мақал-мәтел айта білейік» Мақал-мәтелді айту арқылы, жаманнан сақтандырып, жақсынын үлгі етеді. 13-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Оқу, білім туралы мақал-мәтелдер» Оқу, білім туралы мақал-мәтел айтып жарысады. №5 бөлім Жұмбақтар, жаңылтпаштар сабақ. (2 сағат). Тақырыбы: «Тапқыр болсаң тауып көр!» Жұмбақ жасырып сайысқа түседі. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Сиқырлы жұмбақтар» Жұмбақ шешу арқылы танымдық ойлау қабілетін дамытады. 16-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Жаңылтпаш» Сөздерді дұрыс, анық айтады, жаттығады. №6 бөлім Нақыл, тыйым сөздер сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Ы. Алтынсаринның шешендік-тапқырлық, нақыл сөздер» Нақыл сөздердің мағынасын түсінеді. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Тыйым сөздер» Тыйым сөздерден қайырымдылықты, сақтықты түсінеді. №7 бөлім Мысалдар сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Мысал. «Түлкі мен Ешкі»» Кейіпкерлерге мінездеме береді. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Мысал. «Түлкі мен Ешкі»» Кейіпкерлерге мінездеме береді. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Мысал. «Түлкі мен Ешкі»» Кейіпкерлерге мінездеме береді. №8 бөлім Ертегілер сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Қазақ ертегілерінің түрлері» Ертегі түрлерін, олардың айырмашылығы туралы түсінеді. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Хайуанаттар туралы ертегілер» Хайуанаттардың іс-әрекеті адамға тән етін суреттелетіндігін аңғарады. 24-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Күлдіргі ертегілер «Ұр, тоқпағым, ұр!»» Ертегі түрлерімен, олардың айырмашылығы туралы түсінеді. Сөздік қорлары дамиды. 25-сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Қиял-ғажайып ертегі «Алтын-Айдар»» Мазмұнымен танысады. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Тұрмыс-салт ертегі «Айлакер бала»» Ертегіні оқиды, мазмұнын түсінеді. №9 бөлім Шешендік сөздер сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Шешендік сөз. «Не тәтті?»» Шешендік сөздердің мағнасын ашу, жаттайды. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Шешендік сын «Сөз анасы не?»» Сырым мен Үргеніш ханның айтысының мәнін аңғарады. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Шешендік өсиет. «Жерден ауыр не?»» Балаби өсиеттерін жаттайды. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Жиренше шешеннің ұлағатты өсиет сөздері» Шешендік сөздің мағынасын түсінеді, сахналық қойылымға дайындалады. №10 бөлім Аңыздар сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Аңыз әңгімелер. Әл-Фараби туралы аңыз.» Аңыз әңгімелер туралы түсінік алады. сабақ. (1 сағат). Тақырыбы: «Аңыз ертегі. «Алдар көсе мен Бай»» Алдар көсенің тапқырлығын байқайды. Мазмұнын айтады. |