Главная страница

Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті


Скачать 0.97 Mb.
Названиеаза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
АнкорАнатомия
Дата05.05.2022
Размер0.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаumkd vm anatomiya kaz 21-22.docx
ТипДокументы
#512839
страница4 из 46
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Жалпақ сүйектерге (оssa plana) жауырын, жамбас, бассүйектің жабынды жалпақ сүйектері, төссүйек жатады.

Аралас сүйектерге (ossa mixtum) омыртқалар, бассүйектің негіздік сүйектері (шүйде, сынаша және т.б. сүйектер) жатады. Бұларға қысқа және жалпақ сүйектерге тән қасиеттер ортақ болып келеді.

Ауалы сүйектерге (оssa pneumatica) бассүйектің жоғарғыжақ және маңдай сүйектері, құстардың жіліктері жатады. Бассүйектің аталған сүйектерінде ішкі беті кілегейлі қабықпен астарланған іші ауаға толған қойнаулар (қойнаулар қабынғанда гаймарит, фронтит аурулары өрбиді) болады. Ауалы сүйектер берік те жеңіл болып келеді.

Жануарлар онтогенезінде қаңқа сүйектері екі түрлі жолмен дамып жетіледі. Олар: біріншілік сүйектену және екіншілік сүйектену. Біріншілік сүйектену кезінде сүйектер үш даму кезеңдерінен өтеді:

Бірінші кезеңде: мезенхимадан - жарғақтық қаңқа дамиды;

Екінші кезеңде: жарғақтық қаңқадан шеміршектік қаңқа жетіледі;

Үшінші кезеңде: шеміршектік қаңқадан сүйектік қаңқа дамып жетіледі.

Сүйектер дамуының, яғни сүйектенудің екі түрі ажыратылады:

1. Энхондральды сүйектену (ossificatio enchondralis);

2. Перихондральды сүйектену (ossificatio perichondralis).

Әрбір сүйекте сүйектену ошақтары түзіледі. Мысалы, омыртқада 5 сүйектену ошақтары: денесінде, оның екі эпифизинде және омыртқа доғасының екі қапталында; жіліктерде 3 сүйектену ошағы: диафизинде және екі эпифизинде; қысқа сүйектерде 1 ошағы болады.

Екіншілік сүйектену жолымен бассүйектің жабынды сүйектері дамып жетіледі. Бұлар екі кезеңнен өтеді.

Бірінші кезеңде: мезенхимадан - жарғақтық қаңқа дамиды;

Екінші кезеңде: жарғақтық қаңқадан бірден сүйектік қаңқа дамып жетіледі.

Жануарлар филогенезінде де, қаңқа сүйектерінің даму үш кезеңнен өтеді:

1. Жарғақтық қаңқахорда, желі (қандауыршаның жарғақтық қаңқасы);

2. Шеміршектік қаңқа – шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектерден тұрады (акула, скат);

3. Сүйектік қаңқа – сүйекті балықтардан бастап сүтқоректі жануарларға дейінгі жануарлардың барлығында қаңқа негізінен сүйектерден құралған, тек азғана шеміршектер сақталады.
Бақылау сұрақтары:

1. Қаңқа - сүйектер жүйесі ретінде қандай мүшелерден тұрады?

2. Мүше ретіндегі сүйектің анатомиялық құрылысы.

3. Қаңқа сүйектерінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.

4. Сүйектің қалыпты жағдайдағы химиялық құрамына тоқталыңыз.

5. Сүйектер құрамында минеральдық заттар қалыпты жағдайдан (нормадан) көп болса, қандай қасиеттермен ерекшеленеді?

6. Сүйектер құрамында органикалық заттардың қалыпты жағдайдан көбейіп, минеральды заттардың азаюы – жануарларды қандай ауруларға шалдықтырады?

7. Қаңқадағы сүйектер түрлері.

8. Сүйектер дамуының онтогенезі.

9. Сүйектер дамуның филогенезі.
Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К., Жүнісова Р.Ж. «Жануарлар анатомиясы» Оқу құралы. «Айтұмар», 2015.

  2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

  3. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015

  4. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 184 - 192 беттер.


3 ДӘРІС.

Тақырыбы: Сүйектер байланысы
Дәрістің мақсаты: Студенттерді қаңқа сүйектерінің байланыс түрлерімен, олардың құрылысымен және қаңқа бөлімдеріндегі сүйектер байланыстарының ерекшеліктерімен таныстыру.

Түйінді сөздер: тұтаса байланыс, буынды байланыс, синсаркоз, синэластоз, синдесмоз, синхондроз, синостоз.

Иллюстрация: сүйектер байланыстары түрлерінің таблицалары, слайдтар, атлас.

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

1. Қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың жалпы сипаттамасы. Сүйектердің тұтаса байланысының түрлері.

2. Буынды байланыстың құрылысы және түрлері.

3. Біліктік және шеткі қаңқа сүйектерінің байланыс ерекшеліктері.

4. Сүйектер байланысының дамуы.

Дәрістің мазмұны:

1-сұрақ. Қаңқа сүйектерінің байланыс түрлерін зерттейтін морфология ілімінің саласын syndesmologia (грек. syn – байланыс, desmos - дәнекер, logos - ілім) деп атайды. Сүйектер байланысы (Juncturae ossium, s. Articulationеs) – қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысып, сүйектер жүйесінің денедегі қимыл, тіректік, қорғаныс қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді. Организмдегі атқаратын қызметіне байланысты қаңқа сүйектері бір-бірімен түрліше байланысады. Негізінен қаңқа сүйектері байланысының екі түрі болады. Олар: сүйектердің тұтаса байланысы (synarthrosis)жәнесүйектердің қозғалмалы байланысы немесе буынды байланыс(diarthrosis). Қаңқа сүйектері бір-бірімен түрлі ұлпалар арқылы өзара тұтаса байланысады, яғни байланысқан сүйектер аралықтарында қуыс қалмайды. Қаңқа сүйектері тұтаса байланысының жануаралар организмдерінде, оларды байланыстыратын ұлпаларға байланысты бес түрі ажыратылады. Олар:

1. synsarcosis – қаңқа сүйектерінің бұлшықеттер арқылы байланысы (жауырынның тұлғаның көкірек керегесімен байланысы);

2. synelastosis – қаңқа сүйектерінің серпімді талшықты дәнекер ұлпасы (эластинді ұлпа) арқылы байланысы (бассүйек шүйде сүйегінің мойын және көкірек омыртқаларымен желке және омыртқалараралық эластинді байламдар арқылы арқылы);

3. syndesmosis - қаңқа сүйектерінің дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Синдесмоз өз кезегінде дәнекер ұлпалық аралықтың құрылысына байланысты үш түрге бөлінеді:

1) жарғақ (membranа) – қаңқа сүйектерінің коллаген талшықтарынан тұратын жұқа жарғақпен байланысы (шүйде-атлант буынының жарғағы, құйымшақ пен жамбас сүйектер аралықтарындағы жарғақ);

2) байлам (ligamentum) – берік коллаген талшықтары шоғырларынан құралған сіңір баламмен сүйектердің байланысы (иттің кәрі жілігі мен шынтақ сүйегін жалғастырып тұрған сіңір байлам);

3) жік (sutura) – аралықтарындағы тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы сүйектердің байланысы. Жіктік байланысқа жас төлдер бассүйектерінің өзара жіктермен байланысы жатады. Жіктер – пішініне байланысты үш түрге бөлінеді: 1) тегіс жік (sutura plana), тісше жік (sutura serrata) және қабыршақша жік (sutura squamosa);

4. synchondrosis – қаңқа сүйектерінің шеміршек ұлпасы арқылы байланысы (омыртқалар денелері арасында, төссүйек бөлікшелері аралығында);

5. synostosis – қаңқа сүйектерінің сүйек ұлпасы арқылы байланысы немесе сүйектену (сақа жануарлар бассүйектерінің, құйымшақ омыртқалардың, жамбас сүйектерінің, кейбір тізі және тілермек сүйектерінің сүйектенуі).

2-сұрақ. Буынды байланыс (diarthrosis) немесе буын (articulatio) – қаңқа сүйектерінің буын қуысы арқылы бір-бірімен өзара қозғалмалы байланысып, организмдегі түрлі қимыл қозғалыстарды қамтамасыз етеді. Буын қуысында байланысатын сүйектер бастарын майлап тұратын қоймалжың сұйық – синовия (synovia) болады.

Буынның құрылысы: 1. Буын қапшығы (capsula articularis) – буынды құрайтын сүйектер бастарын сыртынан қаптап, буын қуысындағы синовияның ағып кетпеуін қамтамасыз етеді (буын қапшығы сүйекқаптың тікелей жалғасы). Буын қапшығы өз кезегінде екі қабаттан тұрады:

талшықты (фиброзды) жарғақ (membrana fibrosa) – сыртқы сүйекқаптың талшықты қабатының жалғасы;

синовиялы жарғақ (membrane synovialis) – синовияны бөлетін бір қабат немесе бірнеше қабат жалпақ дәнекер ұлпалық жасушалардан тұратын ішкі қабат;

2. Буын қуысы (cavum articularis) – буындарды құрайтын сүйектер бастарының арасындағы қуыс. Буын қуысында сүйектер бастарын қаптап тұрған буын шеміршектерінің беттерін майлап тұратын қоймалжың сұйық - synovia болады. Оның 98 % - су, 2% - протеин.

3. Буын шеміршегі (cartilagо articularis) – буынды құрайтын сүйектер бастарының буындық беттерін қаптап тұратын гиалинді шеміршек ұлпасынан тұрады. Буын шеміршегі - синовия арқылы қоректенеді және өзінің ыдырау өнімдерін де, синовияға шығарады.

Буындарың жіктелуі:

Жануарлар қаңқасындағы буындар құрылысына байланысты: қарапайым буындар және күрделі буындар болып екі топқа бөлінеді:

Қарапайым буындар – екі сүйек бастарынан құралған. Олардың аралығында синовияға толған тек бір буын қуысы (тіласты сүйек бунақтарының буындары, шүйде-атлант буыны, білік-атлант буыны, иық буыны, жамбас-ортан жілік буыны, бақай буындары) болады.

Күрделі буындар – буынды құрайтын негізгі екі сүйек бастарының арасында бір немесе бірнеше қатарда орналасқан майда сүйектер болмаса шеміршектер аралықтары болады. Нәтижесінде күрделі буындарда екі немесе бірнеше буын қуыстары (самай-төменгіжақ буыны, шынтақ буыны, тобық буыны, тізе буыны, тілерсек буыны) болады.

Қаңқа буындары қызметіне байланысты: бірбілікті буындар, қосбілікті буындар, көпбілікті буындар және сырғанай қозғалатын буындар болып төрт топқа бөлінеді.

Бірбілікті буындарда қимыл тек бір біліктің бойымен жүреді. Бірбілікті буындарға: сүйектер бастарының пішіні: шығыр тәрізді буындар (шынтақ буын, тізе буын, тобық буын, тілерсек буын, бақай буындар), цилиндр тәрізді буындар (білік-атлант буыны) және бұранда тәрізді буындар (жылқының тілерсек буыны) жатады.

Қосбілікті буындарда қимыл бір-біріне перпендикулалы екі біліктің бойымен жүреді. Қосбілікті буындарға сүйектер бастарының пішіні: сопақ буындар (шүйде атлант буыны, самай-төменгіжақ буыны) және ер тәрізді буындар (күйіс қайтаратын жануарлардың қабыртқа-омыртқа буындары) жатады.

Көпбілікті буындарда қимыл бір-біріне перпендикулалы үш немесе оданда көп біліктің бойымен жүреді. Көпбілікті буындарға пішіні: шар тәрізді буындар (иық буын, жамбас-ортан жілік буыны) жатады.

Сырғанай қозғалатын буындарға сүйектер бастарының пішіні жалпақ буындар (омыртқалардың краниальды және каудальды буындық өсінділерінің буындары, құйымшақ-мықын буыны) жатады.

Буындардағы қозғалыстардың түрлері: жызылу (экстензио), бүгілу (флексио), алыстау (абдукцио), жақындау (аддукцио), айналу (ротацио): сыртқа айналу )супинацио) және ішке айналу (пронацио).

Буынның көмекші мүшелері: шеміршек дискі, шеміршек тегіршіктер, байламдар, тиекше сүйектер.

3-сұрақ. Біліктік қаңқа сүйектерінің байланысы:

Бассүйек сүйектерінің байланыс түрлері: жіктер (тегіс, тісше, қабыршақша), буындар (самай-төменгіжақ буыны, тіласты сүйек бунақтарының буыны).

Омыртқалар байланысы: синхондроз (омыртқа денелерінің байланысы), синостоз (құйымшақ омыртқаларының денелері), синдесмоз (омыртқа доғалары), қарапайым жалпақ буындар (омыртқалардың буын өсінділері).

Омыртқа бағанындағы байланыстар: 1. Байламдар: 1) сегментаралық байламдар (доғааралық, жоталыө өсінділераралық, көлденең өсінділераралық); 2) жалпы байламдар (дорсальды ұзын байлам, вентральды ұзын байлам, жотаүстілік байлам, желке – арқанша және тақташа бөліктер); 2. Буындар (шүйде-атлант буыны, атлант-білік буыны).

Көкірек керегесі сүйектерінің байланысы: буындар: қабыртқа-омыртқа буындары (қабыртқа бастарының буындары, қабыртқа-көлденең өсінділер буындары, күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада – төссүйек тұтқасы-денесі буыны, қабыртқа-төссүйек буындары); байламдар (буыніші байламдар – қабыртқа басы мен омыртқа ойысын жалғастырады, қабыртқалар бастарыаралық байламдар).

Аяқтар сүйектерінің байланысы:

Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы: иық буыны, шынтақ буыны (латеральды және медиальды бүйір байламдар), тізе буыны (ұзын және қысқа бүйір байламдар, қатараралық байламдар, сүйектераралық байламдар), бақай буындары: тұсамыс буыны (бүйір байламдары, арнайы тиекше сүйек байламы), топай буыны (бүйір байламдар, пальмарлы байлам), тұяқ буыны (бүйір байламдар, жылқыда – тұсамыс-тиекше байлам, тұяқ-тиекше байлам, жұп тұяқты жануарларда – тұяқаралық крест тәрізді байламдар).

Артқы аяқ сүйектерінің байланысы: құйымшақ-мықын буыны (дорсальды ұзын және дорсальды қысқа құйымшақ-мықын байламдары, құйымшақ-шонданай байламы), жамбас-ортан жілік буыны (көлденең байлам, жұмыр байлам, жылқыда – жұмыр байлам), тобық буыны: тобық сүйек буыны (көлденең латеральды және медиальды ортан жілік-тобық байламдары, тобық сүйектің: латеральды, ортаңғы, медиальды тік байламдары), ортан жілік-асықты жілік буыны (ортан жілік-тегіршік байламы, алдыңғы асықты жілік-тегіршік байламы, артқы асықты жілік-тегіршік байламы, латеральды және медиальды бүйір байламдары, буын ішіндегі крест тәрізді байламдар), тілерсек буыны (ұзын, қысқа латеральды және медиальды байламдар, қатараралық байламдар, сүйектераралық байламдар, дорсальды және плантарлы тілерсек байламдары), бақай буындары.

4 – сұрақ. Сүйектердің тұтаса байланыс түрі – сүйектераралық мезенхимадан, ал буынды байланыстар сүйекаралық мезенхиманың ыдырауынан буын қуысы мен ондағы синовия, буын қапшығы, буын шеміршегі, байламдар – мезенхимадан дамиды.
Бақылау сұрақтар:

1. Қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысының түрлері.

2. Буынның құрылысы, олардың түрлері.

3. Біліктік қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері.

4. Аяқтар сүйектерінің байланыс түрлері.

5. Сүйектер байланыстарының даму.
Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К., Жүнісова Р.Ж. «Жануарлар анатомиясы» Оқу құралы. «Айтұмар», 2015.

  2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

  3. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015

  4. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 184 - 192 беттер.



4 ДӘРІС.

Тақырыбы: Бұлшықеттер жүйесінің морфологиясы.

Дәрістің мақсаты: Студенттерді бұлшықеттердің түрлерімен, олардың құрылысымен, анатомиялық бөліктерімен, қаңқа бұлшық еттерінің жіктелуімен және бұлшықеттердің көмекші мүшелерімен таныстыру.

Түйінді сөздер: бұлшықеттер, миосимпласт, миоглобин, экстензор, флексор, аддуктор, абдуктор, супинатор, пронатор, шандыртензор, леватор, депрессор, ретрактор, констриктор, дилятатор.

Иллюстрация: жануарлар бұлшықеттерінің таблицалары, слайдтар, атлас.

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

1. Бұлшықеттер жүйесінің жалпы сипаттамасы, бұлшықеттердің дамуы.

2. Мүше ретіндегі бұлшықеттің құрылысы, оның анатомиялық бөліктері.

3. Ішкі құрылысына, пішініне және қызметіне байланысты бұлшықеттердің жіктелуі.

Бұлшықеттердің көмекші мүшелері.

  1. Қаңқа бұлшықеттерінің жіктелуі.


Дәрістің мазмұны:

1-сұрақ. Жануарлар организмдерінде даму тегіне байланысты бұлшықеттер: сомалық бұлшықеттер және висцеральдық (іштік) бұлшықеттер болып екі топқа ажырайды. Ұрықтың сегменттелмеген мезодермасынан (спланхнотомынан) қалыптасатын желбезек аппаратынан дамып жетілетін висцеральдық бұлшықтерге: бастың бет (мимикалық бұлшықеттер) және шайнау бұлшықеттері, көздің бұлшықеттері, құлақтың бұлшықеттері, бастың теріасты бұлшықеттері, тіласты сүйектің бұлшықеттері, жұтқыншақтың бұлшықеттері, көмекейдің бұлшықеттері, трапеция тәрізді бұлшықет, төс-бас және иық-бас бұлшықеттер, ішкі мүшелер құрамындағы етті қабықтар мен етті қабаттар жатады. Жануарлардың бас аумағындағы висцеральдық бұлшықеттер түрөзгеріске ұшырап, сомалық бұлшықеттер тәрізді бас сүйектерімен байланысып, қаңқа бұлшықеттеріне айналған.

Сомалық бұлшықеттер – сегменттелген мезодерма – сомиттің миотомынан склеротомымен бірге дамиды. Сондықтан, сомалық (денелік) бұлшықеттер қаңқа сүйектерімен байланысып, біртұтас тірек-қимыл аппаратын құрайды. Осыған байланысты бұларды қаңқа бұлшықеттері деп те атайды. Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігін, ал қаңқа сүйектері - оның енжарлы, бірақ, тым қажет бөлігін құрайды.

Сомалық бұлшықеттерді зерттейтін морфология ілімінің саласын myologia (грек. myon – ет, бұлшықет; logos – ілім) деп атайды. Бұлшықеттер жүйесі - жануарлар организмдерінің кеңістіктегі қозғалысы (жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, ұшу, жүзу, жорғалау т.б.) мен дене мүшелерінің салыстырмалы қимылын іс жүзіне асырады. Бұлшықеттердің тіршілік қасиеттері: жиырылғыштық, тітіркенгіштік, серпімділік және ширығушылық (тонус). Бұлшықеттердің жиырылу процесін іс жүзіне асыратын құрылымдарға бұлшықеттер паренхимасын құрайтын ет талшықтары (миосимпласттар) цитоплазмасындағы арнайы органеллалар – миофибриллалар (протеиндік жіпшелер).

Бұлшықеттер – дененің кеңістіктегі қозғалысын және тепе-теңдігін сақтаумен қатар, организмдегі тыныс алуды, шайнауды, құсақ қабырғасын қатайтып қысу арқылы нәжісті, несепті бөліп шығару процестерін және т. б. қызметтерді іс жүзіне асырады. Сондай-ақ, олар қоректік заттар құрамымен (протеиндер, липидтер, көмірсулар) организмге келген химиялық қуаттың 70 % - жылу энергиясына (дене қызуын реттеуге қатысады), ал 30 % - механикалық энергияға айналдырып, трансформатор қызметін де атқарады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46


написать администратору сайта