Главная страница

Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті


Скачать 0.97 Mb.
Названиеаза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
АнкорАнатомия
Дата05.05.2022
Размер0.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаumkd vm anatomiya kaz 21-22.docx
ТипДокументы
#512839
страница8 из 46
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46

Таңдай шымылдығының бұлшықеттері:

1.Таңдай бұлшықеті (m. palatinus) – сүйек таңдайдың артқы жиегінен басталып, таңдай доғасына қарай бағытталады, ол жұтынғаннан кейін жұмсақ таңдайды қысқартады.

2.Таңдай шымылдығын көтергіш бұлшықет (m. levator veli palatini) – самай сүйектің ет өсіндісінен басталып, жұмсақ таңдайдың орта тұсында аяқталады.

3.Таңдай шымылдығын қатайтқыш бұлшықет (m. tensor veli palatini) – таңдай шымылдығын көтергіш бұлшықетпен бірге басталып, қанатша сүйек ілмегіне қарай бағытталады да, одан асып өтіп, таңдай шымылдығының екі бүйірінде аяқталады.

Ауыз қуысының түбінде негізінен тіл орналасады. Тіл мен қызыл иек аралығындағы тіласты қатпарларына көпөзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері ашылады.Тіл ұшының төменгі жағында, ауыз қуысы кілегейлі қабығының тілге қарай өтетін қатпарын – тіл жүгеншігі (frenulum linguae) деп атайды. Оның екі қапталында тіласты сүйелшелері (caruncula sublingulis) көрінеді. Бұлардың төбесіне төменгіжақ және бірөзекті тіласты сілекей бездерінің өзектері ашылады.

Тіл (linqua, s. glossa) – қимылы жақсы жетілген бұлшықетті мүше. Бұлшықеттер арқылы төменгіжақ және тіласты сүйектермен байланысқан. Тіл – ауыздағы азықты араластырып, шайнау мен жұту процестерін іс жүзіне асырумен қатар, азықтың татымын анықтайды. Тіл – тіл түбірінен (radix linguae), тіл денесінен (corpus linguae), тіл ұшынан (apex linguae), тіл арқалығынан (dorsum linguae) және екі бүйір бетінен (facies lateralis) тұрады. Тілдің негізін ұзынынан, көлденеңінен және биігінен орналасқан бұлшықет талшықтарының шоғырлары құрайды. Сыртынан ауыз қуысының кілегейлі қабығымен қапталған. Тілдің бетінде механикалық және татым емізікшелері болады. Механикалық емізікшелерге: жіпше емізікшелер (papillae filiformes) және конусша емізікшелер (papillae conicae), ал татым емізікшелеріне: саңырауқұлақша емізікшелер (papillae fungiformes), қорғанша емізікшелер (papillae vallatae) және жапырақша емізікшелер (papillae foliatae) жатады. Татым емізікшелерінде азықтың дәмін анықтайтын татым бүршіктері болады. Тілдің қатысуымен дәм сезімі, сипап сезімі, су мен азықты қабылдау қызметтері атқарылады. Итте тіл дене қызуын ретеуге де қатысады.

Тілдің бұлшық еттері:

1.Тілдің өзіндік бұлшықеті (m. lingualis proprius) – тілдің еттік негізін құрайды.

2.Біз-тіл бұлшықеті (m. stiloglossus) немесе тілдің бүйірлік бұлшықеті – тіласты сүйектің үлкен бұтағының бүйірінен басталып, тілдің екі қапталын бойлай, оның ұшына жетіп аяқталады.

3.Тіласты-тіл бұлшықеті (m. hyoglossus) – тіласты сүйектің денесінен және көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бұлшықетінде аяқталады. Тілді артқа тартып қысқартады және жалпақтандырады.

4.Иек-тіл бұлшықеті (m. genioglossus) – төменгіжақ сүйектің иек бұрышынан басталып, тілдің ұшы мен денесінде аяқталады. Тілді алға тартып, жалпақ пішін береді, қатты таңдайдан ажыратады.

5.Иек-тіласты бұлшықеті (m. geniohyoideus) – төменгіжақ сүйектің иек бұрышынан басталып, иек-тіл бұлшықетінің төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе оның тіл өсіндісінде аяқталады.

Ауыз қуысының бездері (glandulae oris) – ауыз қуысына қабылданған азықтың өңделуі мен қорытыла бастауы үшін маңызды рөль атқарады. Шайналып ұсақталған азық ауыз қуысының сілекей бездері бөлетін сөлмен араласып, шыланып шайланып ұсақталғаннан соң, жұтуға ыңғайлы жағдайға келеді. Сілекей құрамындағы ферменттердің көмегімен шайналған азық құрамындағы күрделі көмірсулар, мысалы крахмал, ауыз құрамында қорытылып, мономерлеріне ыдырай бастайды. Сілекейдің құрамында микроорганизмдерді жоятын (лизоцим) және қарын бездерінің белсенді қызметіне ықпал ететін биологиялық белсенді заттар да болады. Ауыз қуысының сілекей бездері, олардың мөлшері мен орналасуорындарына байланысты: қабырғалық (интрамуральды) сілекей бездер және қабырғадан тыс жатқан (экстрамуральды) сілекей бездер болып екі топқа бөлінеді. Қабырғалық бездер - ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабықтарында, ал тілде ет талшықтары аралықтарын да орналасатын майда бездер. Бұлардың майда шығару өзектері ауыз қуысына ашылады. Қабырғадан тыс жатқан бездер ірі болады. Олар ауыз қуысынан тыс орналасады, бұлардың ірі шығару өзектері де ауыз қуысына ашылады. Бұларға: құлақтүбі (шықшыт), төменгіжақ (алқым) және тіласты (бұғақ) жұп сілекей бездері жатады.

Құлақтүбі (gl. parotis) – сыртқыесту жолының төменгі жағында, төменгіжақ пен атлант аралығында орналасқан көлемді без. Құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге, сірлі сілекей бөледі. Шығару өзегі (ductus parotideus) – жақаралық кеңістіктегі қанатша бұлшықеттің медиальды бетімен ұрт аумағына бағытталып, төменгіжақтың вентральды жиегіндегі тамырлы ойықпен төменгіжақтыңлатеральды жағына шығып, үлкен шайнау бұлшықетінің алдыңғы жиегімен жоғары көтеріліп, 3 – 4 жоғарғы азу тістер деңгейінде ұрттың кілегейлі қабғындағы емізікше (papilla parotidea) төбесіне ашылады.

Төменгіжақ безі (gl. mandibularis) – төменгіжақаралық кеңістікте орналасады. Бездің артқы бөлігін шықшыт безі сыртынан жауып тұрады. Шығару өзегі (ductus mandibularis) – бездің жоғарғы жиегімен алға қарай бағытталып, тіласты безінің медиальды бетімен өтіп, іласты сүйелшесінің төбесіне ашылады. Сірлі-кілегейлі (аралас) сілекей бөледі.

Тіласты безі (gl. sublingualis) – ауыз түбіндегі тіласты қатпарының кілегейлі қабығында, тілдің екі қапталында орналасқан. Без екі бөлімге: алдыңғы бөлімі – көпөзекті тіласты безі (gl. sublingualis polistomatica), артқы бөлімі – бірөзекті тіласты безі (gl. sublingualis monostomatica) бөлінеді. Көпөзекті без барлық жануарларда болады, тілдің бүйірлік бұлшықетінің медиальды бетінде орналасады. Бірөзекті без жылқыда болмайды. Тіласты безі аралас сілекей бөледі.

Сілекей бездері – құрылысы жағынан паренхималы мүшелерге жатады,яғни паренхимадан және стромадан тұрады. Без паренхимасын сілекей бөлетін соңғы бөлімдер және шығару өзектері құрайды. Без бөлікшелері – соңғы бөлімдер мен майда шығару өзектерінен (ендірмеөзектер, жолақты өзектер, бөлікшеішіндегі өзектер) тұрады. Олар өзара жұқа дәнекер ұлпалық аралықтармен байланысқан. Ірі шығару өзектері бөлікшелераралық дәнекер ұлпалық аралықтарда орналасады. Шықшыт безінің соңғы бөлімдері сероциттерден, ал алқым және бұғақ бездерінің соңғы бөлімдері - сероцитерден (құрамында ферменттер болатын сілекей бөледі) және мукоциттерден (құрамында муцин болады) тұрады.

Жұқыншақ (pharynx) – ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастыратын, екі жүйеге ортақ пішіні түтікше етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақта 7 тесік: 3 кіреберіс (2 хоана тесіктері және есін) және 4 шығаберіс (2 есту түтігінің, 1 өңешке, 1 көмекейге) болады. Түтікше мүше ретінде қабырғасы үш қабықтан: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы адвентиция қабығынан тұрады. Жұтқыншақ қуысында ауа жүретін тыныс алу жолы мен ауыз қуысында өңделіп жұтылатын азық жүретін азық жолы бір-бірімен айқасып жатады. Тыныс алу жолын аңқа немесе мұрын-жұтқыншақ (nasopharynx) жолы деп те атайды. Аңқаның кілегейлі қабығы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары сияқты бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен, ал азық жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен сатарланған. Жұтылу процесі кезінде тынысжолы жабылып қалады. Жұтылатын өңделген азықтың қысымымен жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, хоана тесіктерін жабады. Ал тіл түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекейдің кіреберіс тесігін жауып тастайды. Өңештің кіреберіс тесігі алға қарай тартылып, ауыз қуысының шығаберіс тесігі – есінге жанасады да, азық жұтқыншақтың етті қабығының көмегімен есіннен өңеш тесігіне итеріліп, азық жұтылады. Жұтудан кейін тіл түбірі алға, өңеш артқа жылжып,жұмсақ таңдай төмен түседі де, бөбешік алға серпіліп (негізін эластинді шеміршек құрайды), тыныс жолы ашылады.

Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері (gl. pharyngeae) және лимфа фолликулдары болады. Лимфа фолликулдары жұтқыншақтың артқы жағында жұтқыншақ бадамшасын (tonsilla pharyngeae) жасайды.

Жұтылу процесін іс жүзіне асыратын жұтқыншақтың ортаңғы етті қабығы: үш жұп тарылтқыш және бір жұп кеңейткіш бұлшықеттерден тұрады.

Жұтқыншақтың тарылтқыш бұлшықеттері:

1. Ростральды (алдыңғы) тарылтқыш бұлшықеттер:

1) таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті (m. palatopharyngeus),

2) қанат- жұтқыншақ бұлшықеті (m. pterygopharyngeus).

Бұлар таңдай, қанатша сүйектерден және таңдай бұлшықетінен басталып, таңдай-жұтқыншақ жігінің (raphe pharyngis) каудальды бөлігінде аяқталады. Ростральды бұлшықеттер аңқаны тарылтып, өңешті кеңейтеді.

2. Ортаңғы тарылтқыш бұлшықет немесе тіласты-жұтқыншақ бұлшықеті (m. constrictor pharyngis medius s. m. hyopharyngeus).

Жұп бұлшықет тіласты сүйектің ортаңғы бунағынан (стилогиоид) және осы сүйектің үлкен мүйіздігінен (тиреогиоид) басталып, жұтқыншақ жігінде аяқталады.

3. Каудальды тарылтқыш бұлшықеттер (m.m. constrictores pharyngis caudales).

1) қалқанша-жұтқыншақ бұлшықеті (m.thyreopharyngeus),

2) сақинаша- жұтқыншақ бұлшықеті (m. cricopharyngeus).

Жұтқыншақтың ортаңғы және каудальды тарылтқыш бұлшықеттері – қысқыш бұлшықеттер (өңделіп жұтылуға тиісті азықты өңешке қарай жылжытуға көмектеседі).

Жұтқыншақтың кеңейткіш бұлшықеті:

Каудальды біз-жұтқыншақ бұлшықеті (m. stylopharyngeus) – тіласты сүйектің ортаңғы бунағының медиальды бетінен басталып, көмекейдің қалқанша шеміршегінде аяқталады. Бұлшықет жұту кезінде жұтқыншақтың артқы бөлігін кеңейтіп, аңқаны тарылтады.
Бақылау сұрақтары:

1. Азық қорыту аппаратының маңызы, оның бөлімдері.

2. Азық қорыту аппаратының онтогенезі және филогенезі.

3. Азық қорыту аппараты бас бөлімінің бөлімдері.

4. Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысы.

5. Тіс, оның түрлері, құрылысы.

6. Жұтқыншақтың құрылысы, бұлшықеттері.
Ұсынылған әдебиеттер:

  1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 312 - 345 беттер.


9 ДӘРІС

Тақырыбы: Азық қорыту жүйесінің алдыңғы бөлімі мен ортаңғы бөлімінің құрылысымен топографиясы
Дәрістің мақсаты: Студенттерді азық қорыту аппаратының бөлімдерімен, алдыңғы бөлімдері мүшелерінің құрылысымен және олардың топографиясымен таныстыру.

Түйінді сөздер: өңеш, қарын, аш ішектер, бауыр, ұйқы безі.

Иллюстрация: өңеш, қарын, аш ішектер, бауыр және ұйқы безі таблицалары, слайдтар, атлас.

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

1. Азық қорыту аппараты алдыңғы бөлімі мүшелерінің жалпы құрылысы.

2. Өңештің анатомиялық құрылысы

3. Қарынның түрлері, құрылыс ерекшеліктері

4. Бірбөлімді қарынның құрылысы

5. Көпбөлімді қарынның құрылыс ерекшеліетері
Дәрістің мазмұны:

1 - сұрақ. Алдыңғы бөлімге - өңеш пен қарын жатады.

Ортаңғы бөлімге – ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі ас қорыту бездері (бауыр, ұйқы безі) жатады.

Өңеш (пищевод) — oesophagus — жұтқыншақты қарынмен жалғастырып, жұтылған азықты ауыз куысынан қарынға жеткізетін, ұзын түтікше мүше. Денедегі орналасу орындарына байланысты ол үш бөліктен: мойын бөлігінен (pars cervicalis), көкірек бөлігінен (pars thoracica) және құрсақ бөлігінен (pars abdominis) тұрады. Түтікше мүше ретінде өңештің қабырғасында үш қабық ажыратылады. Олар: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы мойын бөлігінде адвентиция қабығы, ал көкірек пен құрсақ бөліктерінде сірлі қабық.

Өңештің мойын бөлігі жұтқыншақтан басталады да, қарынға қарай бағытталып, көмекей мен кеңірдектің дорсальды бетінде орналасады. Ол көкірек қуысына кірер алдында, 5 -інші мойын омыртқаның тұсында кеңірдектің сол жағына қарай иіліп төмен түседі де, көкірек қуысында ол қайтадан кеңірдектің жоғарғы жағана көтеріледі. Одан әрі жүректің үстімен, қолқа доғасының оң жақ бетімен өтіп, 9-10-ыншы қабырғалар тұсында көкеттің өңеш тесігі арқылы құрсақ қуысына өтеді. Өңеш қарынның сол жағындағы кардиальды ұшына барып ашылады. Өңештің қарынға ашылатын тесігін қарын кіреберісі (ostium cardiacum) — деп атайды.
Қарын (ventriculus, s. Gaster) – азық қорыту түтігінің қапшық тәрізді кеңейген бөлігі. Қарын – сөл бөлу, механикалық (азықты қозғау, араластыру, сығу), биологиялық өңдеу (микроорганизмдердің көмегімен – көпбөлімді қарынның алдығы бөлімдерінде), қорыту (ферменттердің қатысуымен химиялық өңдеу – күрделі органикалық заттардың полимерлерін мономерлерге ыдырату: протеиндерді амин қышқылдарына), сіңіру, экскреция қызметтерін атқарады.

Бөлімдерінің санына байланысты: бірбөлімді қарын және көпбөлімді қарын, ал кілегейлі қабығының құрылысына сәйкес: безсіз қарын, безді қарын және аралас (безсіз-безді) қарын болып бөлінеді.

Бірбөлімді қарын – құрсақ қуысында диафрагмадан кейін, сол жаққа ығыса көлденең орналасады. Оның алдыңғы қабырғалық беті (facies parietalis) – бауыр және диафрагмамен, артқы висцеральды беті (facies visceralis) – ішек ілмектерімен жанасыды. Жоғарғы алдыңғы жағында қарынның кіші иіні (curvatura ventriculi minus), ал төменгі артқы жағында қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi majus) болады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік (жүрекке - kardia - жақын орналасады), ал оның он екі елі ішек шығатын оң жақ бөлігін қақпақшалық бөлік (қақпақ - pylorus), бұлардың арасындағы қарынның негізгі бөлігін қарын түбі (fundus) немесе қарынның фундальды бөлігі деп атайды. Қарынның қабырғасы да үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан тұрады. Бірбөлімді безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителиймен астарланған. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын сөлін бөлетін бездер болады. Олар орналасу орындарына сәйкес: кардиальды бездер (gl. cardiaca), фундальды бездер (gl. fundalis) және пилорустық бездер (gl. pylorica) болып бөлінеді. Кілегейлі қабықтың безді бөлігі орналасқан бездеріне байланысты үш аймаққа: кардиальды, фундальды және пилорустық аймақтарға бөлінеді. Кілегейлі қабықтың безсіз аймағын көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Итте бірбөлімді безді қарын, жылқы мен шошқада бірбөлімді аралас қарын. Безді қарынның кілегейлі қабығының ішкі эпителий қабатының астындағы өзіндік тақташада (борпылдақ дәнекер және ретикулалы ұлпалардан тұрады) қарапайым түтікше бездер орналасады. Қарын сөлін бөлетін негізгі бездер – фундальды бездер. Пішіні түтікше келген қарын түбінің бездері кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі қарын шұңқырларына ашылатын без мойнынан, өзіндік тақташа боймен ұзынынан орналасқан без денесінен және кілегейлі қабықтың етті тақташасымен жанасып жатқан без түбінен тұрады. Без мойнының қабырғасында бөлініп көбею арқылы камбиальды қызмет атқаратын және кілегейлі қабықтың ішкі бетін сылап тұратын кілегей бөлетін мукоциттер (сопақ ядролы, цитоплазмасы солғын базофилді боялады), бездің денесі мен түбін пепсиноген ферментін бөлетін негізгі клеткалар (дөңгелек ядролы, цитоплазмасы базофилді боялады) құрайды. Негізгі клеткалардың сыртқы жағында мөлшері үлкендеу келген, дөңгелек ядролы, қышқылдық бояумен қызыл түске боялған париетальды (көмкерме) клеткалар орналасады. Бұлар тұз қышқылын түзуге қажет хлоридтер бөледі.

Кардиальды және пилорустық бездердің қабырғасын кілегей бөлетін мукоциттер құрайды. Олардың араларында жекеленген негізгі және париетальды клеткалар кездеседі. Кардиальды бездер сөлі құрамында крахмалды ыдыратын амилоидты ферменттер болады.

Жекеленген эндокринді клеткалар түтікше бездер денелері мен түбінде кездеседі.

Көпбөлімді аралас қарын күйіс қайтаратын жануарларда болады. Ол төрт бөлімнен тұрады. Олар: мес қарын (rumen), жұмыршақ (reticulum), қатпаршақ (omasum) және ұлтабар (abomasum). Алдыңғы үш бөлімнің кілегейлі қабығында без болмайды. Оларды алдыңғы қарындар деп атайды. Бұларда азық механикалық биологиялық өңдеулерден өтеді. Ферменттердің қатысуымен азықты химиялық қорыту процесі ұлтабарда жүреді. Оның кілегейлі қабығында да кардиальды, фундальды және пилорустық безді аймақтар болады. Ащы ішек (тонкая кишка) — intestinum tenue — қарын мен бүйеннің аралығында орналасқан азық қорыту аппаратының ортаңғы бөлімі. Ащы ішек өз кезегінде: он екі елі ішек, аш ішек және мықын ішектен құралады. Азық қорыту аппаратының ортаңғы бөліміне аталмыш ішектерден басқа, өзектері он екі елі ішекке ашылатын ірі ас қорыту бездері бауыр мен ұйқы безі жатады. Он екі елі ішек (двенадцатиперстная кишка)— intestinum duodenum — жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см -120 см дейінгі, қысқа шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Аш ішек (тощая кишка) — intestinum jejunum — ащы ішектің ең ұзын бөлігі (сиырда — 40 м, қойда — 30-35 м, жылқыда — 30 м, шошқада — 20 м, итте — 2-7 м). Ол ұзын шажырқайға ілініп, көптеген аш ішек ілмектерін (ansae intestinalis) түзеді. Ол он екі елі ішекті мықын ішекпен жалғастырады.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46


написать администратору сайта