Главная страница

Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті


Скачать 0.97 Mb.
Названиеаза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
АнкорАнатомия
Дата05.05.2022
Размер0.97 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаumkd vm anatomiya kaz 21-22.docx
ТипДокументы
#512839
страница9 из 46
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Бауыр (печень) — һераг — организмдегі ең ірі ас қорыту безі. Бауырда диафрагмальды бет (facies diaphragmatica), артқы бетін висцеральды бет (facies viceralis) — деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis) доғал, вентральды жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың оң және сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы куыс венаның өтетін орны көрінеді. Вентральды қырлы жиегіндегі бөлікаралық ойықтар (incisura interlobularis) бауырды оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сол бөлікке (lobus hepatis sinister) және олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі. Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе және бүғыдан басқа жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі (ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам (іштөлінің бұрынғы кіндік венасы) — ligamentum teres, ал оң бөліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жұмыр байламның жалғасы орақша байлам, одан әрі қысқа көлденең немесе тәждік байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам оз кезегінде екіге ажырап, оң және сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum triangulare dextrum et sinistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена (v. portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы қүйрықты бөлікке (lobus caudatus) және төменгі шаршы (квадратты) бөлікке — lobus quadratus — бөлінеді. Құйрықты бөлік деп аталу себебі, бұл бөлікте көп жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сөйтіп, бауырда төрт: оң, сол, шаршы және құйрықты бөліктер ажыратылады. Аталған бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тән. Жылқыда оң бөлік қосымша ойық арқылы латеральды және медиальды бөліктерге (lobus dexter lateralis et medialis), ал шошқа мен итте оң бөлікпен қатар сол бөліқ те екіге: латеральды және медиальды бөліктерге — lobus dexter et sinister lateralis et medialis — бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) жақсы көрінеді.

Ұйқы безі — паренхималы мүше. Ол он екі елі ішек шажырқайының екі сірлі жапырағының аралығында орналасады. Ұйқы безі оң, сол және орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі елі ішекке ашылады. Бұдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын ұйқы безінің қосымша өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Өңештің бөлімдері, құрылысы.

2. Бірбөлімді және көпбөлімді қарын, олардың құрылысы.

3. Аш ішек бөлімдері, әр жануарда құрылысындағы ерекшеліетер

4. бауырдың құрылысындағы ерекшеліктер

5. ұйқы безінің әр жануарда анатомиялық ерекшеліктері
Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 312 - 345 беттер.

10 ДӘРІС

Тақырыбы: Азық қорыту жүйесінің соңғы бөлімінің құрылысымен топографиясы. Үй жануарлары мен құстардағы ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты: Студенттерді азық қорыту аппаратының бөлімдерімен, соңғы бөлімі мүшелерінің құрылысымен және олардың топографиясымен таныстыру.

Түйінді сөздер: бүйен, тоқ ішек, тік ішек.

Иллюстрация: бүйен, тоқ ішек, тік ішек таблицалары, слайдтар, атлас.

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

1. Азық қорыту аппараты соңғы бөлімі жуан ішектің жалпы құрылысы.

2. бүйеннің анатомиялық құрылысы

3. Тоқ ішек құрылыс ерекшеліктері

4. Тік ішектің құрылысы
Дәрістің мазмұны:

Жуан ішек (толстая кишка) — intestinum crassum — азық қорыту аппаратының артқы бөлімі. Ол бүйеннен, тоқ ішектен және артқы тесік ануспен аяқталатын, тік ішектен тұрады. Бұл ішектерде аш ішектен келген азықодан әрі қорытылып, қоректік заттар, су және тұздар сіңіріледі. Ал қорытылмаған азық қалдығынан нәжіс қалыптасып, сыртқа шығарылады. Кейбір жануарлар жуан ішектерінің қабырғаларында етті қабықтың ұзынша қабатынан түзілген ет таспалары мен олардың аралықтарында қалташалар болады.

Бүйен (слепая кишка) — intestinum caecum — жуан ішектің тұйық қалта тәрізді басталатын бөлігі. Барлық жануарларда ащы ішектің соңғы бөлігі мықын ішек бүйен мен тоқ ішектің шекарасына барып ашылып, жуан ішектің аталған екі бөлігінің шекарасы қызметін атқарады. Тек, жылқы малында ғана мықын ішек тікелей бүйенге ашылады.

Тоқ ішек (ободочная кишка) — intestinum colon — жуан ішектің ортаңғы бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қөректену сипатына байланысты. Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппен қоректенетін жануарларда ұзын болып келеді.

Ерекшеліктері. Жылқы тоқ ішегі үлкен тоқ ішек (intestinum colon crassum) және кіші төқішек (intestinum colon tenue) болып екіге бөлінеді. Үлкен тоқ ішектің пішіні тағаға құсас. Ол құрсақ қуысында орналасқан екі қатардағы вентральды және дорсальды жарты ілмектен тұрады.

Күйіс қайтаратын жануарлар тоқ ішектерінің пішіні оралып жатқан дискі немесе дискі-конус тәрізді болып келеді. Ол құрсақ куысының оң жағында орналасады. Тоқ ішек басталған бойда проксимальды ілмек (ansa coli proximalis) жасап, сағаттілі бойынша бір-бірмен шажырқай арқылы байланысқан орталыққа тепкіш (центрипетальды) оралымдар (gyri coli centripetales) - (сиырда -1,5; қой мен ешкіде - 3 оралым) жасап, орталық иілім (flexura coli centralis) түзеді де, қайтадан сағат тіліне қарсы бағытталған орталықтан тепкіш (центрифугальды) оралымдар (gyri coli centrifugales) жасайды. Центрифугальды оралым дистальды ілмек (ansa coli distalis) түзеді де, тік ішекке өтеді.

Тік ішек (прямая кишка) — intestinum rectum — жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында, құйымшақтың төменгі жағындағы шажырқайға ілініп тұрады. Тік ішек артқы тесік — ануспен аяқталады. Анусқа өтер алдында тік ішек кеңейіп, тікішек ампуласын (ampulla recti) түзеді. Тік ішекті сірлі қабық тек құйымшақтың төменгі жағындағы бөлігін ғана сыртынан қаптайды. Ал оның жамбас қуысынан тыс жатқан соңғы бөлігі сыртынан адвентициямен (борпылдақ дәнекер ұлпасымен) қапталған.
Бақылау сұрақтары:

1. Күйіс қайтаратын жануарларда тоқ ішектің құрылысы.

2. Жылқыда бүйеннің анатомиялық құрылысы

3. Жылқы мен итте тоқ ішек құрылыс ерекшеліктері

4. Итте тік ішектің құрылысы
Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 312 - 345 беттер.
11 ДӘРІС

Дәрістің тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің анатомиясы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді тыныс алу аппараты мүшелерінің даму процестерімен, макро – және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне байланысты олардың құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру.

Түйінді сөздер: мұрын, мұрын қуысы, мұрын жолы, аңқа, көмекей, кеңірдек, бронхтар (ауатамырлар), бронхиола, өкпе, ацинус, өкпеқап, альвеола.

Иллюстрация – жануарлардың мұрын ұштары, мұрын қуысының ұзын кесіндісі, жануарлар көмекейінің құрылысы, бронхтар тарамы, альвеолалар тарамы (таблицалар, слайдтар).

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

1. Тыныс алу мүшелерінің жалпы сипаттамасы және құрылыс заңдылықтары.

2. Тыныс алу аппараты мүшелерінің филогенезі және онтогенезі.

3. Тыныс жолдары мүшелерінің (мұрын қуысы мүшелерінің, аңқаның, көмекейдің, кеңірдектің, бронхтардың, бронхиоланың) құрылысы.

4. Өкпенің макро - және микроскопиылық құрылысы (өкпе газ алмасу бөлімі – альвеолалар тарамы).

Дәрістің қысқаша мазмұны:

1-сұрақ. Тыныс алу аппараты (apparatus respiratorius) жануарлар организмінде сыртқы газ алмасу үдерісін іс жүзіне асырады. Аппарат ауадағы оттегтің қанға өтуін, керісінше, қандағы көмірқышқыл газдың ауаға шығарылуын қамтамасыз етеді. Бұнымен қатар, ол дененің қызуын және эндокриндік қызметті де реттеуге қатысады. Тыныс алу аппараты мүшелерінде иіс сезімі және дыбыс мүшелері орналасады. Қызметіне байланысты бұл аппарат екі бөлімнен: тыныс жолдары мүшелерінен және газ алмасу мүшесінен тұрады.

Тыныс жолдары мүшелеріне – мұрын қуысы, аңқа, көмекей, кеңірдек, түрлі арналы бронхтар, бронхиолалар, терминальды (соңғы) бронхиолалар жатады. Тыныс жолдарында ауа: 1) құрамындағы шаң-тозаңнан тазаланады;

2) су буымен дымқылданады;

3) қуысты мүшелер қуысында жылынады;

Сонымен қатар, тыныс жолдарында ауа құрамындағы заттардың иісі анықталады және дыбыс шығарылады.

Газ алмасу мүшесін немесе өкпені: бронхтар (ірі бронхтар, орта бронхтар, кіші бронхтар, бронхиолалар, соңғы бронхиолалар) және альвеолалар (альвеолалы бронхиолалар, альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар, альвеолалар) тарамдары құрайды.

2-сұрақ. Филогенез: 1.Диффузиялы тыныс алу – біржасушалы және төменгі сатыдағы көпжасушалы жәндіктер;

2.Желбезекпен тыныс алу – желбезек саңлаулары арқылы жұтқыншақтан сыртқа ағып өтетін су құрамындағы оттегтің желбезек капиллярларына сіңірілуі. Суда тіршілік ететін жануарлар.

3.Кеңірдек арқылы тыныс алу – омыртқасыз жәндіктер;

4.Тері жабыны арқылы тыныс алу – құрттар, насекомдар дернәсілдері;

5.Ішек арқылы тыныс алу – жұмыр құрттар;

6.Өкпе арқылы тыныс алу – хордалылар.

Онтогенез. Тыныс алу мүшелері энтодермадан дамып жетілетін алдығы ішектің төменгі қабырғасындағы тыныс алу түтігінен дамиды. Жануарлар эмбриондарында тыныс алу аппараты (мұрын) кіреберісінің эпителий қабаты – эктодермадан, қалған мүшелердің эпителий қабаттары мен қабырғалық бездер паренхималары – энтодермадан, сірлі қабықтар – мезодерма спланхнотомынан, мүшелер стромасы – мезенхимадан дамиды.

3-сұрақ. Мұрын қуысы – қуысты мүше. Мұрынның сыртқы бетінде: мұрын арқалығы, мұрын түбірі, мұрын ұшы ажыратылады. Ол мұрын қуысының кіреберісі және негізгі мұрын қуысы болып екі бөлімге бөлінеді. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, сүйекті-шеміршекті және бұлшық ет-тері қабықтардан тұрады. Кіреберіс - мұрын тесіктері және шығаберіс – жұп хоана тесіктері болады. Мұрын пердесі мұрын қуысын екі: оң және сол бөлікке бөледі. Мұрын қуысының әр бір бөлігі 4 мұрын жолдарынан: дорсальды мұрын жолынан, ортаңғы мұрын жолынан, вентральды мұрын жолынан және жалпы мұрын жолынан тұрады. Мұрын қуысы тесіктер арқылы мұрын қойнаулары (жоғарғы жақ қойнауы, маңдай қойнауы, сынаша қойнауы, таңдай қойнауы) қуыстарымен қатысады.

Аңқа – жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі. Мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады.

Көмекей – тыныс алу процесінде ауаны екі бағытта өткізетін, жұтыну кезінде тыныс жолын жауып, азықтың кеңірдекке түспеуін қамтамасыз ететін,кеңірдекті тіласты сүйекке бекітіп, жұтқыншақтың каудальды тарылтқыш бұлшық еттері мен өңеш үшін тіректік және дыбыс шығару қызметін атқаратын қуысты мүше. Көмекейдің қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, шеміршекті-талшықты, адвентиция қабықтарынан тұрады. Ішкі кілегейлі қабығы жағындағы қуысы екі бөліктен: көмекей кіреберісінен (дыбыс қатпарына дейінгі) және негізгі көмекей қуысынан тұрады. Ожауша шеміршек өсіндісінен төмен кететін дыбыс қатпарының негізін дыбыс сіңірі және дыбыс бұлшық еті құрайды. Ортаңғы шеміршекті-талшықтың қабықтың негізін – сақинаша, қалқанша, жұп ожауша және бөбешік шеміршектер құрайды. Көмекей қабырғасына әсер ететін бұлшық еттер үш топқа бөлінеді. Олар: 1. Көмекей қуысын кеңейткіш бұлшық еттер тобы:

1.Дорсальды сақинаша-ожауша бұлшық ет,

2.Сақинаша-қалқанша бұлшық ет,

3.Тіласты-бөбешік бұлшық еті.

2. Көмекей қуысын тарылтқыш бұлшық еттер тобы:

1.Латеральды сақинаша-ожауша бұлшық ет,

2.Дыбыс бұлшық еті,

3.Қарынша бұлшық еті,

4.Көлденең ожауша бұлшық еті.

3. Көмекейге жалпы әсер ететін бұлшық еттер тобы:

1.Төс-қалқанша бұлшық еті,

2.Тіласты-қалқанша бұлшық еті.

Кеңірдек – көмекейді өкпе бронхтарымен жалғастыратын түтікше мүше. Топографиясы – денеде орналасу орындарына қарай кеңірдек екі: мойын және көкірек бөліктерге бөлінеді. Қабырғасы үш қабықтан (кілегейлі,талшықты-шеміршекті, адвентиция немесе сірлі қабықтар) құралған. Талшықты-шеміршекті қабығының негізін гиалинді шеміршек сақиналар (жылқыда – 48-60, сиырда – 46-50, қой мен ешкіде – 45-56, шошқада – 31-36, итте – 42-46) түзеді.

4 – сұрақ. Өкпе – пішіні конус тәрізді құрылысы жағынан паренхималы газ алмасу мүшесі. Өкпеде өкпе негізі, өкпе төбесі, дорсальды доғал және вентральды қырлы жиектері, қабырғалық, диафрагмалық медиальды беттері ажыратылады. Өкпенің ішкі медиальды беті өз кезегінде екі бөлікке: омыртқалық және көкірек ортасы бөліктерге бөлінеді. Төменгі жағындағы бөлікаралық сайлар өкпені бірнеше бөліктерге бөледі. Сол өкпеде: краниальды, ортаңғы және каудальды бөліктер; оң өкпеде: краниальды, ортаңғы, каудальды және қосымша бөліктер болады. Паренхималы мүше ретінде өкпе –паренхимадан және стромадан тұрады. Өкпе стромасын - мүше паренхимасын дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас ететін және қоректендіруші қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін жұқа борпылдақ дәнекерұлпалық аралықтар құрайды. Өкпе паренхимасы бронхтар және альвеолалар тарамдарынан тұрады. Бронхтар тарамы – тыныс жолдарына жатады. Бронхтарда ауа тазаланады, ылғалданады (су буымен), жылиды да, өкпенің газ алмасу (респираторлы) бөліміне өтеді. Орналасу орындарына, құрылысына және арнасының диаметріне байланысты бронхтар кеңірдектен кезегімен таралып, төмендегідей бронхтарға ажырайды. Олар: негізгі бронх, ірі бронх, орта бронх, кіші бронх бронхиолалар, соңғы (терминальды) бронхиола. Бронхтардың соңғы тармақтары мен бронхиолалардың ішкі кірпікшелі эпителий қабатында басқа бронхтар эпителий қабатындағыдай: призма тәрізді кірпікшелі, бокал тәрізді (құтыша), базальды (негіздік), эндокринді жасушалардан басқа көбелі (жиекті), кірпікшесіз жасушалар мен Клар жасушалары кездеседі. Биік көбелі жасушалардың апикальды ұшында хеморецепторлардың қызметін атқаратын микробүрлер. Клар жасушасының секреті альвеолардың ішкі бетіндегі үлдірлі қабат – сурфактантты ерітеді. Альвеолалар тарамы - өкпе бөлікшелерін (өкпе ацинустарын) құрайтын өкпенің газ алмасу (респираторлы) бөлімі. Бұл тарам – альвеолалы бронхиолодан, альвеолалы жолдардан, альвеолалы қапшықтардан және альвеолалардан құралған. Альвеолалардың қабырғаларын негіздік жарғақта орналасқан альвеолоциттер (пневмоциттер) астарлайды. Олар: респираторлы және үлкен пневмоциттер болып екі түрге бөлінеді. Респираторлы пневмоциттердің орташа қалыңдығы 0,2 – 0,3 мкм. Олардың ядролар орналасқан тұсының биіктігі 5 – 6 мкм. Жасушалар цитоплазмасында барлық органеллалар жеткілікті деңгейде жетілген. Пневмоциттердің альвеола қуысына қараған беті белоктардан, фосфолипидтерден және гликопротеидтерден құралған жұқа үлдір тәріздес сурфактант қабатымен қапталған. Сурфактант – альвеолалардың ішкі беттерінің өзара жабысып қалуынан сақтап, ауаның құрамындағы микроорганизмдердің өкпе ұлпаларына өтпеуін қамтамасыз етеді. Үлкен пневмоциттер – респираторлы пневмоциттердің аралықтарында жекеленіп немесе топтасып орналасады. Ірі ядролы үлкен пневмоциттердің апикальды ұшында қысқа микробүрлер болады. Бұлардың цитоплазмасында органеллалардан басқа фосфолипидтерден құралған тығыз денешіктер (цитосомалар) кездеседі. Үлкен пневмоциттер – альвеолалардың ішкі бетін қаптап тұратын сурфактант бөледі. Өкпе ацинусын – бір альвеолалы бронхиоладан таралған альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар және олардың қабырғаларындағы альвеолалар мен бұларды дәнекерлеп біріктіріп тұрған борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар және осы аралықтар арқылы өтетін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер құрайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тыныс алу аппаратының жануарлар организміндегі маңызы.

  2. Тыныс алу аппараты қандай бөлімдерге бөлінеді?

  3. Тыныс жолдары мүшелеріне қандай мүшелер жатады?

  4. Газ алмасу мүшесін қандай мүшелер құрайды?

  5. Тыныс алу аппараты мүшелерінің дамуы (филогенезі және онтогенезі).

  6. Тыныс жолдары мүшелерінің (мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек, бронхтар) құрылысы.

  7. Өкпенің анатомиялық құрылысы. Газ алмасу мүшесін құрайтын альвеолалар тарамының құрылысы.

  8. Пневмоциттердің түрлері, олардың маңызы. Өкпе ацинусының құрылысы.


Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К., Жүнісова Р.Ж. «Жануарлар анатомиясы» Оқу құралы. «Айтұмар», 2015.

  2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

  3. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015

  4. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 184 - 192 беттер.


12 ДӘРІС

Дәрістің тақырыбы: Несеп бөлу жүйесінің анатимиясы

Дәрістің мақсаты: Студенттерді несеп бөлу мүшелерінің даму процестерімен, макро – және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне байланысты олардың құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру.

Түйінді сөздер: бүйрек, несепағар, қуық, несеп-жыныс өзегі, несеп шығарар қойнау.

Иллюстрация – бүйрек, несепағар, қуық, несеп-жыныс өзегі құрылысы (таблицалар, слайдтар).

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

  1. Несеп шығару мүшелер жүйесінің анатомиясына жалпы сипаттама, дамуы.

  2. 2.Бүйректің түрлері, құрылысы және қызметі.

  3. Жануарлардың түрлері мен жас ерекшеліктеріне байланысты несеп бөлу мүшелерінің құрылысы мен орналасуының ерекшеліктері.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46


написать администратору сайта