Главная страница
Навигация по странице:

  • Мальпиги өзекшелері

  • 13 ДӘРІС Дәрістің тақырыбы

  • Түйінді сөздер

  • Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар

  • Дәрістің қысқаша мазмұны

  • 14 ДӘРІС Дәрістің тақырыбы

  • Анатомия. аза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті


    Скачать 0.97 Mb.
    Названиеаза лтты аграрлы зерттеу университеті коммерциялы емес акционерлік оамы Технология жне биоресурстар факультеті
    АнкорАнатомия
    Дата05.05.2022
    Размер0.97 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаumkd vm anatomiya kaz 21-22.docx
    ТипДокументы
    #512839
    страница10 из 46
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46

    Зәр бөлу мүшелері – жануарлар денесінде зат алмасу үдерісі нәтижесінде соңғы ыдырау өнімдерінен түзілген зәрді (несепті) организмнен сыртқы ортаға бөліп шығарады. Құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты зәр бөлу мүшелері екі: несеп түзу мүшелері және несеп өткізу жолдары болып екі бөлімге бөлінеді. Несеп түзу мүшесіне құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше – бүйрек, ал несеп өткізу жолдарына – несепағар, қуық және несепшығар өзегі жатады.

    Зәр бөлу мүшелері өзінің филогенезінде даму үдерісінің көптеген сатыларынан өтеді.

    1. Төменгі сатыдағы жәндіктерде (қарапайымдар, ішекқуыстылар) ыдырау өнімдерін жасуша немесе дене қабықшалары арқылы диффузиялық жолмен бөледі. Инфузорияларда ыдырау өнімдерін сыртқа шығару қызметін жиырылғыш вакуольдер атқарады.

    2. Көпжасушалы күрделі организмдерде (жалпақ құрттарда) зәр бөлу жүйесі шығару өзекшелер (протонефридийлер) түрінде қалыптасады. Протонефридийлер жәндіктердің дене паренхимасында тарамдалып, тұйықтаушы жасушалардың көмегімен соңғы ыдырау өнімдерден зәр түзіледі және сыртқа шығарылады. Бұларда протонефридийлер эктодермадан дамиды.

    3. Екінші дене қуысты (целомалы) жануарларда (жауын құрты) протонефридийлер дене сегменттеріне сәйкес орналасады. Протонефридийлердің зәр бөлуге маманданған жасушалары соленоциттер – деп аталады.

    4. Жануарлар организмдерінің күрделенуіне байланысты (мыс. Қылтанаяқты құрттарда) зәр түзу қызметін мезодермадан дамитын өзекшелер – нефридийлер атқарады. Дене сегменттеріне сәйкес орналасқан бұл өзекшелердің құйғыш тәрізді кеңейген ұштары ішкі жағындағы кірпікшелерінің көмегімен екінші дене қуысындағы сұйық ыдырау өнімдерін сорып сыртқа шығарып отырады. Нефридийлерден басқа екінші дене қуысынан кеңейіп басталатын қуысты өзекшелер – целомодуктер арқылы жыныс өнімдері сыртқа шығарылады. Целомодуктер де мезодермадан дамиды. КЕйбір жануарларда нефридийлер мен целомодуктер бірігіп, екі жүйеге ортақ мүше – нефромикцияны түзеді. Насекомдарда зәр бөлу қызметін Мальпиги өзекшелері атқарады.

    5. Төменгі хордалыларда (қандауырша) зәр бөлу қызметін мезодермадан дамыған 100 шақты жұп нефридийлер атқарады. Дене қуыстарындағы нефридийлер ұштары тұсында зәр бөлетін қан капиллярларының шумақтары жетіледі. Нефридийлердің сыртқы ұштары бір-бірімен бірігіп, қарапайым несепағар түзеді. Омыртқалы жануарларда нефридийлер құрылысы жағынан күрделеніп, қан капиллярлары шумақтарымен бүйрек сатыларына сәйкес түрлі деңгейде әрекеттесіп бірігіп, қомақты зәр бөлу мүшесі – бүйректі құрайды. Омыртқалы жануарлар филогенезінде бүйрек – бірін-бірі алмастырып отыратын үш сатыдан өтеді:

    1.Бастапқы бүйрек – пронефрос, (пронефрос несепағарынан аналық көбею мүшелерінің жыныс жолдары дамиды), дененің бас аумағында 2-10 дене сегменттері тұсында қалыптасып дамиды, 3-4 жұп құйғышты нефрондардан тұрады (дөңгелекауыздыларда, кейбір сүйекті балықта, қосмекенділер дернәсілдерінде);

    2.Аралық бүйрек – мезонефрос, (мезонефрос несепағарынан аталық көбею мүшелерінің жыныс жолдары дамиды), 10-30 дене сегменттері, яғни дене тұлғасы тұсында қалыптасып, бастапқы бүйректі алмастырады. Мезонефроста нефрондардың метамериялық орналасуы бұзылады, целомамен байланысы үзіледі, нефронның тостаған тәрізді ұшы мен қан капиллярлар шумағынан бүйрек денешігі түзіледі (балықтарда, қосмекенділерде тұрақты түрде, ал бауырымен жорғалаушылар мен құстар және сүтқоректілер эмбриондарында болады).

    3.Тұрақты бүйрек – метанефрос, 31-32 дене сегменттері, яғни тұлғаның жамбас тұсында қомақты мүше ретінде қалыптасып дамиды (бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, сүтқоректілерде).

    Жануарлар онтогенезінде бүйрек паренхимасы (нефрондар бөлімдері) - мезодерма нефрогонадотомының нефротомынан (сегменттік аяқшалардан), ал стромасы – мезенхимадан дамып жетіледі.



    1. Зәр бөлу мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы.

    2. Зәр бөлу мүшелері қандай бөлімдерге бөлінеді?

    3. Несеп түзу мүшесіне қандай мүше жатады?

    4. Несеп өткізу мүшелерін қандай мүшелер құрайды?

    5. Зәр бөлу мүшелерінің дамуы (филогенезі және онтогенезі).

    6. Бүйректің құрылысы, түрлері, топографиясы.


    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К., Жүнісова Р.Ж. «Жануарлар анатомиясы» Оқу құралы. «Айтұмар», 2015.

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

    3. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015

    4. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 184 - 192 беттер.


    13 ДӘРІС

    Дәрістің тақырыбы: Еркек жануарлар көбею мүшелер жүйелері
    Дәрістің мақсаты: Студенттерді еркек жануарлар көбею мүшелерінің даму процестерімен, макро – және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне байланысты олардың құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру.

    Түйінді сөздер: ен, сперматогенді жасушалар, ен қосымшасы, несеп-жыныс өзегі, енқап, шәуетжолы, енбау, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі.

    Иллюстрация – еркек жануарлар жыныс мүшелері, ен мен ен қосымшасы құрылысының схемасы, енқап, еннің анатомиялық және гистологиялық құрылысы (таблицалар, слайдтар).
    Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

    1. Көбею мүшелерінің жалпы сипаттамасы және құрылыс заңдылықтары.

    2. Көбею мүшелерінің филогенезі және онтогенезі.

    3. Еннің құрылысы, топографиясы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардағы ерекшеліктер.

    4. Енқаптың және жыныс жолдарының (ен қосымшасы, енбау, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі) құрылысы.

    Дәрістің қысқаша мазмұны:

    1-сұрақ. Көбею мүшелері – жануарлар түрлерінің сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін ішкі мүшелер жүйесі. Жыныс мүшелері құрылысы мен қызметіне байланысты екі бөлімге бөлінеді:

    1. Жыныс бездері (паренхималы мүшелер) – еркек жануарларда – ен; ұрғашы жануарларда – жұмыртқалық.

    2. Жыныс жолдары (түтікше мүшелер) – еркек жануарларда – ен қосымшасы, енбау, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі; ұрғашы жануарларда – жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі, сыртқы жыныс мүшелері.

    2 – сұрақ. Филогенез. 1.Жыныссыз көбею (жасушалардың бөлінуі, шизогония) – қарапайымдар.

    2.Жыныссыз және жыныстық көбею (макрогаметалар, микрогаметалар) – ішекқуыстылар.

    3.Гермафродитизм (бір организмде аталық және аналық жыныс мүшелері болады) – ақ планария, паразит құрттар

    4. Жыныстық көбею – дара жынысты жануарлар.

    Онтогенез. Жыныс бездері - аралық бүйректің медиальды бетіндегі мезотелийдің (мезодерма сегменттік аяқшасы – нефрогонадотомынан жетіледі) жыныс қатпары (гонад) ретінде қалыптасады. Сарыуыз энтодермасынан жетілген гаметобласттар қанның ағысымен гонадқа келіп қоныстанады. Гонад жасушалары жыныс жасушаларын қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіректік жасушаларға, ал гаметобласттар – жыныс жасушаларына (болашақ жынысына байланысты сперматозоидтарға немесе жұмыртқа жасушаларына) айналады. Еркек жануарлардың жыныс безі – ен, ал ұрғашы жануарлардың жыныс безі – жұмыртқалық дамып жетіледі.

    Жыныс жолдарының дамуы зәр бөлу мүшелері дамумен тікелей байланысты. Еркек жануарларда аралық бүйрек (Вольф) өзегінен – ен қосымшасының өзегі және шәует жолы дамиды. Ұрғашы жануарларда бастапқы бүйрек (Мюллер) өзегі белсенді жетіліп, жұмыртқа жолына, жатырға және қынапқа айналады. Жұп Мюллер өзегінің бір-бірімен түрлі дәрежеде қосылып дамуына байланысты әр түрлі жануарларға тән жатыр түрлері дамып жетіледі.

    1.Мюллер өзектері бір-бірімен қосылмай несеп-жыныс кіреберісіне жеке дара ашылуы нәтижесінде қосқынапты қосжатыр дамиды (кенгуру, қалталы аю - коала, қалталы пері, қалталы көртышқан т.б.).

    2.Мюллер өзектерінің соңғы ұштарының қосылуынан бірқынапты қосжатыр жетіледі (пілде, кейбір кеміргіштерде).

    3.Мюллер өзектерінің одан әрі көбірек қосылуынан қосбөлімді жатыр дамиды (кейбір кеміргіштер, жарғанаттар).

    4.Мюллер өзектерінің жартылай қосылуынан жоғарғы плаценталы жануарларға тән қосмүйізді жатыр дамып жетіледі.

    5. Мюллер өзектерінің толық қосылуынан қарапайым жатыр жетіледі (адам, приматтар).

    3 – сұрақ. Ен – пішіні сопақша келген жұп еркек жануарлардың жыныс безі. Құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше. Еркек жануарлар жыныс безінде аталық жыныс жасушалары – сперматозоидтар көбейіп пісіп жетіледі және аталық жыныс гормоны – тестостерон түзіледі. Ен – құрсақ қабырғасының қалта тәрізді туындысы – енқапта орналасқан. 1. Еннің бөліктері: Ен екі қабықпен қапталған: 1.Өзіндік қынаптық қабық (висцеральды ішперде жалғасы), сыртқы қабық, 2.Ақ қабық (тығыз дәнекер ұлпасы), ішкі қабық. Ақ қабық ен басынан ен құйрығына қарай үңгілей еніп, ен ортасын жасайды. Ақ қабықты ен ортасымен жалғастырып, ен паренхимасын (ирек тұқымдық өзекшелер) бөліктерге бөлетін тығыз дәнекер ұлпалық аралықтар ен перделіктері – деп аталады. Еннің стромасын: дәнекер ұлпалық ақ қабық, ен ортасы, ен перделіктері құрайды. Ен бөлікшелері – 2 – 4 ирек тұқымдық өзекшелерден тұрады. Сперматогенез процесі ирек тұқымдық өзекшелердің қабырғаларында жүреді. Ирек тұқымдық өзекшелер сыртынан өзіндік қабықпен (дәнекер ұлпасы) қапталған. Бұлардың қабырғаларын құрылымдық негізде бір-бірімен тығыз байланысқан екі түрлі жасушалар: пішіні конус тәрізді эпителиоциттер (торфикалық синцитий, Сертоли жасушалары) мен сперматогенді жасушалар (өзектің сыртқы жағынан оның қуысына қарай даму сатысындағы жыныс жасушаларының орналасу қатарлары: сперматогониялар, біріншілік сперматоциттер, екіншілік сперматоциттер, сперматидалар, сперматозоидтар) құрайды. Бұлардың аралығында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасы мен тестостерон гормонын бөлетін интерстициальды жасушалар (эндокриноциттер) болады. Бөлікшелерден шығатын түзу тұқымдық өзекшелер ен ортасында бір-бірімен байланысып, ен торын жасайды.

    4 – сұрақ. Тұқымәкеткіш өзекшелер (10 - 30) – ен торынан пісіп жетілген сперматозоидтарды алып шығып, ен қосымшасының өзегіне жеткізеді. Бұлар ен қосымшасының басын құрайды. Қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі – бірқабатты эпителий қабаты (призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттер және кірпікшесіз текше тәрізді эпителиоциттер), сыртқы – құрамында жекеленген миоциттер болатын дәнекер ұлпалық қабат. Призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттер – сперматозоидтардың тұқымәкеткіш өзекшелерден ен қосымшасына қарай қозғалуын қамтамасыз етеді, ал кірпікшесіз текше тәрізді эпителиоциттер – сперматозоидтардың қоректенуіне керекті сөл бөледі. Тұқымәкеткіш өзекшелер – ен қосымшасының басын құрайды.

    Ен қосымшасы – пісіп жетілген шәует (сперма) уақытша жиналып сақталатын түтікше мүше. Ен қосымшасының өзегі тұқымәкеткіш өзектердің қосылуынан пайда болады. Оның сөлі сперматозоидтардың қимыл қозғалыстарын тежеп, олардың тіршілік қасиеттерінің ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етеді. Аталмыш өзек ен қосымшасының денесі мен құйрығын құрайды. Қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі – бірқабатты екіқатарлы эпителий қабаты (екі түрлі эпителиоциттер құрайды: 1.сопақ ядролы призма тәрізді эпителиоциттер – ядролары жоғары орналасады, сөл бөледі; 2.дөңгелек ядролы текше тәрізді эпителиоциттер – ядролары негіздік жарғаққа жақын орналасады, камбиальды қызмет атқарады) және сыртқы – дәнекер ұлпалы-етті қабат (құрамында бірыңғай салалы ет миоциттері болады).

    Шәуетжолы – шәуетті ен қосымшасынан алып шығатын түтікше мүше. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан тұрады. 1.Кілегейлі қабық – екі қабаттан: эпителий және өзіндік тақташадан құралған. Эпителий қабаты – ен қосымшасынан басталған бөлігін – екіқатарлы кірпікшелі эпителий, ал несеп-жыныс өзегіне жақын бөлігін – бірқатарлы призма тәрізді эпителий астарлайды. Несеп-жыныс өзегіне ашылар тұста кеңейіп, ампула тәрізді без түзеді. Бездің сөлі сперматозоидтарды қоректендіреді. 2.Етті қабық – екі қабаттан: ішкі – сақинаша, сыртқы – ұзынша қабаттардан тұрады (бірыңғай салалы ет ұлпасы). 3.Сірлі қабық.

    Енбау –шәуетжолынан, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден құралған пішіні кесілген конус тәрізді құрылым. Ол шап өзегіндегі қынаптық өзекте жатады, тамырлар және шәуетжолы қатпарларынан құралған.

    Несеп-жыныс өзегі – шәуетэжолының қуық мойнына ашылған жерінен басталады. Ол екі бөліктен: жамбастық және жыныстық мүше бөліктерден тұрады. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, кеуекті және етті қабықтардан тұрады. 1.Кілегейлі қабық (көпқабатты ауыспалы эпителий және өзіндік тақташа), 2.Кеуекті қабық (дәнекер ұлпалық перделіктер – миоциттер, эластин талшықтары; эндотелиймен астарланған үңгірқуысты вена қан тамырларының торы), 3.Етті қабық (көлденең жолақты бұлшық ет).

    Қосалқы жыныс бездері – несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігі қабырғасында орналасады: 1.Көпіршікше без – жұп без. Қабырғасы үш қабықтан: 1.Кілегейлі қабық (бірқабатты призма тәрізді эпителий, өзіндік тақташа – көпіршікше-түтікше бездер – кілегейлі сөл бөледі), 2.Етті қабық (нашар жетілген), 3.Адвентиция.

    2.Қуықалды без – қабырғалық бездер (шашыранды без – кеуекті қабықта) және қабырғадан тыс бездер (оң, сол бүйір бөліктер, мойыншығы, денесі). Құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездергежатады. Без – дәнекер ұлпалық перделіктермен бөлінген бөлікшелерден тұрады. Без альвеолалары қабырғаларын бірқабатты безді эпителий құрайды. Олардан без сөлін алып шығатын өзекшелер бір-бірімен қосылып, несеп-жыныс өзегіне ашылатын негізгі без өзегін (көпқабатты ауыспалы эпителий астарлайды) түзеді. Без секреті шәуетпен бір мезгілде бөлініп, шәуеттің қышқылдық ортасын бейтараптандырып, сперматозоидтардың қимыл қозғалысын арттырады.

    3.Баданаша без – несеп-жыныс өзегі жамбастық бөлігінің соңғы жағында орналасқан жұп без. Безді бадана-кеуекті бұлшық еті жоғарғы жағынан жауып тұрады. Без құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Без альвеолалары қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий құрайды.

    Енқап – құрсақ қабырғасы қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тәрізді ен орналасқан қуысты мүше. Енқаптың қуысы құрсақ қуысымен шап өзегінде орналасқан қынаптық өзек арқылы жалғасады. Қабырғасы үш қабықтан: ұмадан, сыртқы көтергіш бұлшық еттен және жалпы қынаптық қабықтан құралған. Ұма мен жалпы қынаптық қабық борпылдақ дәнеер ұлпасы арқылы байланысқан. Ұма екі қабаттан: сыртқы – теріден, ішкі етті-серпімді қабаттан (беткей шандыр, бірыңғай салалы ет ұлпасы) тұрады. Етті-серпімді қабаттың жалғасы – ұма пердесі енқап қуысын екіге бөлікке бөледі. Оларда жалпы қынаптық қабықпен (сыртқы - фиброзды қабат, ішкі - сірлі қабық -құрсақ қуысы іш пердесі қабырғалық жапырақшасының жалғасы) қапталған және сыртқы көтергіш бұлшық етпен (ішкі қиғаш бұлшық еттің жалғасы) арқауланған жұп ен орналасады. Сірлі қабықпен астарланған енқаптың қынаптық қуысында сірлі сұйық болады. Қынаптық қуыс – құрсақ қуысының енқаптағы жалғасы.

    Жыныстық қатынас мүшесі (пенис) – кеуекті дене мен несеп-жыныс өзегінен құралған. Айғырда қаса, күйісті жануарлар мен қабанда қамшы, төбетте шүкі (түкі) – деп аталады. Ол жыныстық мүше түбірінен, денесінен, басынан тұрады.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Көбею мүшелерінің жануарлар организміндегі маңызы.

    2. Көбею мүшелері қандай бөлімдерге бөлінеді?

    3. Көбею мүшелерінің дамуы (филогенезі және онтогенезі).

    4. Еннің анатомиялық және гистологиялық құрылысы, топографиясы.

    5. Еркек жануарлар жыныс жолдарының (тұқымәкеткіш өзекшелер, ен қосымшасы, енбау, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі) макро – және микроқұрылысы.

    6. Қосымша жыныс бездерінің құрылысы.
    Ұсынылған әдебиеттер:

    1. Жаңабеков К., Жаңабекова Г.К., Жүнісова Р.Ж. «Жануарлар анатомиясы» Оқу құралы. «Айтұмар», 2015.

    2. Исембергенова С.К., Жылкышыбаева М.М. Латино- русско- казахско-английский терминологический словарь «Айтұмар» 2016

    3. Жаңабеков К., Джунусова Р.Ж., Жылқышыбаева М.М., Байтакова З.Е. Сүйектер және бұлшық еттер жүйесінің бейнелі оқу құралы. А.А.2015

    4. «Жануарлар морфологиясы және латын терминологиясы» оқулығы, 2005, 184 - 192 беттер.


    14 ДӘРІС

    Дәрістің тақырыбы: Ұрғашы жануарлар көбею мүшелер жүйелері
    Дәрістің мақсаты: Студенттерді ұрғашы жануарлар көбею мүшелерінің даму процестерімен, макро – және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне байланысты олардың құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру.

    Түйінді сөздер: жатыр, жатыр түтігі, жұмыртқалық.

    Иллюстрация – жатыр, жатыр түтігі, жұмыртқалықтың анатомиялық және гистологиялық құрылысы (таблицалар, слайдтар).
    Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

    1. Ұрғашы жануарлар көбею мүшелерінің құрылыс заңдылықтары.

    2. Жұмыртқалықтың құрылысы, топографиясы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардағы ерекшеліктер.

    3. Ұрғашы жануарлар жыныс жолдарының (жатыр түтігі, жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі, сыртқы жыныс мүшесі) құрылысы.
    Дәрістің қысқаша мазмұны:

    1-сұрақ. Ұрғашы жануарлар көбею мүшелері екі бөлімнен тұрады: жыныс безі – жұмыртқалық және жыныс жолдары. Жұмыртқалық – құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше (паренхима, строма), жыныс жолдары – түтікше мүшелер (қабырғалары үш қабықтан: кілегейлі, етті, сірлі немесе адвентиция.

    2 – сұрақ. Жұмыртқалық – аналық жыныс жасушалары (овоциттер) дамып, пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары бөлінетін, пішіні сопақша келген жұп паренхималы қомақты мүше. Ол үй жануарларында мезогастрий бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде, шажырқайға ілініп тұрады. Шажырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді.

    Оның түтіктік ұшына жатыр түтігінің құйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына өзіндік жұмыртқа байламы арқылы жатыр мүйізі байланысады. Жұмыртқалық – екі қабықпен: сыртынан бастама эпителиймен (бірқабатты текше тәрізді) және оның астындағы ақ қабықпен (тығыз дәнекер ұлпасы) қапталған. Жарып қарағанда жұмыртқалық бір-бірінен анық ажырап көрінетін екі аймақтан: фолликулалы және тамырлы аймақтардан тұрады. Фолликулалы аймақта – овогенез процесі жүреді, ал тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тасырлары мен жүйкелер өтеді. Фолликулалы аймақта түрлі даму сатысындағы жыныс жасушаларының фолликулдары (фолликулалы жасушалармен қапталған овоциттер) орналасады:

    Алғашқы (примордиальды) фолликулдар (бірқабатты фолликулалы жасушалармен қапталған жетілмеген жас овоцит) – фолликулалы аймақтың шеткі жағында топтасып жатады;

    Өсуші фолликулдар - фолликулалы аймақтың ортасына қарай орналасқан ірі фолликулдар. Жұмыртқа жасушасы цитоплазмасында сарыуыз жинақталып, фолликулдардың көлемі ұлғаяды. Овоциттерден мөлдір негіздік жарғақ (шыныша жарғақ) арқылы бөлінген фолликулалы қабық – фолликулдардың мөлшеріне байланысты бірқабатты жалпақ жасушалардан бірқабатты текше тәрізді, бірқабатты призма тәрізді жасушаларға, одан әрі ұлғайған сайын – көпқабатты жасушаларға айналады. Фолликул қабығының сыртындағы жұмыртқалық стромасынан (борпылдақ дәнекер ұлпасы) ішкі - тамырлы қабық және сыртқы - талшықты (фиброзды) қабық (фолликул текасы) түзіледі. Кейіннен фолликул жасушалары аралықтарында осы жасушалардың сұйық өнімдеріне толған қуыстар пайда болады. Олар бір-бірімен қосылып, фолликул қуысына айналады да, мөлшері тым ірі көпіршікті фолликул түзіледі. Жұмыртқа жасушасы көпіршікті фолликул қуысының бір жағындағы пішіні призма тәрізді бір қабат фолликул жасушаларымен қапталған жұмыртқа төбешігінде орналасады. Жұмыртқа жасушасын сыртындағы бір қабат фолликул жасушаларымен біріктіріп, «сәулелі тәж» деп атайды. Жарылуға дайын тым ірі көпіршікті фолликул - жұмыртқалықтың сыртқы бетіне жақын орналасады да, жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) деп аталады. Қабырғасы төрт қабаттан тұрады. Олар: ішінен сыртына қарай – фолликулалы қабат, шыныша жарғақ, тамырлы қабат, талшықты қабат. Фолликул қабатының жасушалары фолликул қуысындағы фолликул сұйығына эстроген гормонын бөледі. Гипофиздің ЛГ гормонының әсерінен жетілген фолликул жарылады да, даму сатысындағы жұмыртқа жасушасы фолликул сұйығымен бірге жатыр түтігі құйғышына құйылады. Процесс овуляция деп аталады. Аденогипофиздің лактотропты гормоны әсерінен жарылған көпіршік орнында сары дене өсіп жетіледі. Жасушалары лютеоциттер деп аталады. Фолликул текасы жасушаларынан текалютеоциттер жетіледі. Аталған жасушалар прогестерон гормонын бөледі. Фолликулдардың көбі толық жетілмей, кері ыдырап, ыдырама (атреттік) денеге айналады.

    Сары дененің түрлері: 1. Буаздық сары дене, 2. Жыныстық айналым сары денесі (кері ыдырап, ақ денеге айналады), 3. Дерттік (патологиялық) сары дене.

    Фолликулдарың, сары, ақ ыдырама денелердің аралықтарында қоректендіруші қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін борпылдақ дәнекер ұлпасы (строма) болады.

    Жұмыртқалықтың тамырлы аймағы арқылы аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен қызметін реттейтін жүйкелер өтеді. Осы аймақтың стромасында эпителий жасушаларына ұқсас интерстициальды жасушалар (интерстициоциттер) топтасып әр жерде орналасады. Бұл жасушалар да эстроген гормонын бөліп, екінші жыныстық белгілердің дамуына ықпалын тигізеді.

    Барлық жануралар жұмыртқалығында фолликулалы аймақ аналық жыныс безінің сыртқы жағында, ал тамырлы аймақ оның ішкі жағында орналасады. Тек биеде ғана аталмыш амақтар керісінше орналасады. Бие жұмыртқалығында овуляция процесі бастама эпителиймен қапталған вентральды жұмыртқа шұңқырында жүреді.

    3 – сұрақ. Жатыр түтігі (жұмыртқа жолы) – жатырға ашылатын иректелген жіңішке түтікше мүше. Оның жұмыртқалық жағындағы кеңейіп басталатын ұшын жатыр түтігінің құйғышы, ал құйғыштың шеткі шашақталған жиегін түтік салпыншағы деп атайды. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі қабық (екі қабаттан: бірқабатты кірпікшелі эпителий қабаты – призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттер, текше тәрізді кірпікшесіз эпителиоциттер – секрет бөледі, өзіндік тақташа қабаты – Б.Д.Ұ., жекеленген миоциттер болады), етті қабық (ішкі сақинаша, сыртқы ұзынша) және сірлі қабық.

    Жатыр – плаценталы сүтқоректі жануарларда ұрық толық дамып жетілетін түтікше мүше. Үй жануарларында жатыр – қосмүйізді жатыр. Ол жатыр мүйізінен, жатыр денесінен және жатыр мойнынан тұрады. Қабырғасы үш қабықтан тұрады: эндометриум, миометриум, периметриум. Жатыр мүйізі мен жатыр денесінің кілегейлі қабығында кілегей бөлетін жатыр бездері болады. Жатырдың жалпақ баламын периметриум түзеді.

    Сиыр, қой мен ешкіде жатыры кілегейлі қабығында 10-14 – тен төрт қатарда жатыр сүйелшелері (карункулалар) болады.

    Мегежін жатыр мүйізінің ұзындығы 140 – 150 см, жатыр денесінің – 5 см, жатыр мойнының – 15 см.

    Қаншық жатырының денесі оның мүйізінен 4 – 5 есе қысқа.

    Қынап – жыныстық қатынас және төлдің туу процесін қамтамасыз ететін түтікше мүше. Қабырғасы үш қабықтантұрады: кілегейлі (көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған), етті (сақинаша, ұзынша), сірлі қабық және адвентиция.

    Несеп-жыныс кіреберісі – қабырғасының құрылысы қынапқа ұқсас. Етті қабығын сыртынан кіреберістік қысқыш бұлшық ет сақина тәріздес қаптап жатады.

    Сыртқы жыныс мүшесі (жыныс ернеулері) – жоғарғы және төменгі жағынан дорсальды және вентральды бітістермен (комиссура) байланысқан. Олардың негізін жыныс саңлауының қысқыш еті құрайды.

    Клитор (тылақ) – жыныстық қатынас мүшесі (пенис) сияқты нашар жетілген үңгірқуысты мүше. Ол екі клитор аяқшаларынан, клитор денесінен, клитор төбесінен тұрады. Клитор аяқшалары шонданай төмпегіне бекиді.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46


    написать администратору сайта