|
Әдебиеттік оқу 2-сынып Әдістеме 1 бөлим 2022. Б. Т. абатай, Д.. Тлеулесова, В. А
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.2.2.1 – мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді.
Көптеген оқушылар мұғалім көмегімен қарапайым сұрақтар қояды.
Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегімен нақтылау сұрақтарын қояды және оның жауабын шығармадан табады.
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Басталуы 5 мин
| Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз, Еш уайымды білмейміз.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
|
Қимылдарды жасайды. Оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтасады.
|
|
| Ортасы 35 мин
| Мағынаны тану.
1-тапсырма. Суреттегі үйірмелер туралы әңгімелеңдер.
Оқушылардың үйірмелер туралы білетіндерін анықтау мақсатында алдымен жетекші сұрақтар қояды.
Үйірме деген не? Қандай үйірмелерді білесіңдер? Үйірме не үшін қажет?
|
Оқушылар өздері білетін үйірмелер туралы әңгімелейді. Содан соң суреттегі үйірмелер жайлы кезекпен сөйлейді.
| «Бас бармақ» әдісі.
|
|
| Білу. Түсіну. Оқылым. 2-тапсырма.
Әнуарбек Дүйсенбиев. «Үйірмеден үйірме»
|
Өлеңді іштей оқиды. 1–2 оқушы дауыстап оқып береді.
|
|
|
| Топтық жұмыс.
3-тапсырма. Өлеңдегі автордың көңіл күйіне сәйкес келетін сөздер бар ма? Белгілеп, түсіндіріңдер:
а) мақтау; ә) ренжу; б) сүйсіну;
в) риза болу;
г) көңілі толмау.
|
Топта ой бөліседі. Өз пікірлерін дәлелдеу үшін, өлеңнен үзінділер келтіреді.
|
|
| Қолдану. Айтылым.
4-тапсырма. Өлеңде қандай үйірмелер туралы айтылған? Өзің қандай үйірмеге қатысасың?
|
|
| Сергіту сәті.
Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық.
Жүгiргiмiз келедi, Әдемiлеп ән салып. Топ-топ басайық, Жаттығулар жасайық.
Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық. Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк-биiк секiрiп, Ойнап-ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп.
Тұрып қалмай жантайып, Бiр еңкейiп, шалқайып, Жылдам-жылдам қозғалып, Асқақ әндер айтайық!
|
Қимылмен көрсетеді.
|
|
|
| Талдау.
Жұптық жұмыс.
5-тапсырма. «Иә/жоқ» деп жауап бер.
Пікірлер:«Иә/жоқ».
Үйірме жаңалықты үйретеді. Үйірме тек мектепте болады.
Үйірмеде қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Үйірмеге арнайы уақыт бөлмейсің.
|
Оқушылар «иә» деп жауап берсе, бір рет шапалақтайды, «жоқ» десе, екі рет шапалақтайды.
|
Дескриптор:
үйірме туралы біледі; тақырып бойынша сұрақ құрастырады; сұраққа жауап береді.
|
| Жұптық жұмыс. 6-тапсырма.
Қатысып жүрген үйірмелерің жайлы сұрақ- жауап құрастырыңдар.
Саралау: «Тапсырма» әдісі бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.
|
Оқушылар сұрақ құрастырады. Құрастырған сұрақтарын бір- біріне қояды, жауап алады.
|
| Соңы 5 мин
| «Тазалық» ойыны.
Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңды шабаданға салыңдар (жазыңдар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңдар (жазыңдар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңдар (жазыңдар).
|
|
| Шабадан Қоқыс жәшігі Еттартқыш
|
| Үй тапсырмасы. Өлеңді мәнерлеп оқы.
|
|
|
|
Бөлім:
| Менің мектебім
| Педагогтің аты-жөні
|
| Күні:
|
| Сынып:
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
№35-сабақтың тақырыбы
| Мектептегі қамқор жандар
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 2.3.3.1 – шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну.
| Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын айтады.
Көптеген оқушылар мәтін бойынша қандай сурет салатынын ауызша айтады.
Кейбір оқушылар шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет арқылы ұсынады.
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Басталуы 5 мин
| Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сыныптықалыпқакелтіру.Ойсергек
Үйдіңсуреті.
Оқушыларға үйдің суретін салу тапсырылады. Барлығы бітіп, бір-біріне көрсеткеннен кейін, мұғалім олардың қандай мағына беретінін айтады:
егер сурет қатты шимайланбай салынса, онда суретшінің өз-өзіне сенімді екендігін білуге болады; егер үйдің терезелері кең, үлкен болса, ол оқушының мазасыздығын көрсетеді; есікте тұтқа болса, суретшінің қонақжай екендігін білдіреді; үйдің баспалдақтары болса немесе үй алдына жол салынса, ол оқушының қыдыруды ұнататынын байқатады. (Мұндай тестілер әзілге негізделетінін естен шығармау керек).
|
Оқушылар үйдің суретін салады.
|
|
| |
|
|