хииир лекция. Бас аурулары мен заымдары бар науастарды зерттеу дістері. Туа біткен аурулар. Науасты тексеру дістері
Скачать 148.64 Kb.
|
БелгілеріАурудың дамуы үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке, тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл кезеңде құрсақ қуысындағы қабыну үдерісі әлі дамымайды, жергілікті перитонит жайылған перитонитке ауысады. Әрине, перитониттің туындау себебіне қарай ауру әр адамда әрқалай дамиды. Яғни науқастың іші қатты ауыруы немесе ешқандай ауырсыну сезімі болмауы да мүмкін. Екінші кезеңде іштегі жел шықпайды, науқас үлкен дәретке отыра алмай қалады, зәрінің түсі қоюланады, кіші дәретке отыру ауырсыну әкелуі мүмкін. Тік ішек арқылы зерттеу ауырсыну әкеледі. Науқас бұл кезеңде ақыл-есін сақтайды, бірақ оқтын-оқтын қозып, сандырақтауы мүмкін. Көбіне еңсесі түсіп, көңіл-күйі нашарлайды. Үшінші кезең – қайтымсыз кезең. Ауру басталған соң 3 тәуліктен немесе одан кештеу басталады, 3-5 тәулікке созылады. Науқастың жағдайы өте ауыр. Ақыл-есі шатысады, кейде эйфория байқалады. Терісі бозғылт, сарғайған, цианоз. Іші мүлде ауырмайды деуге болады. Тынысы терең емес, аритмиялы, тамыр соғысы жиі әрі әрең білінеді, қан қысымы төмен. Ауру адам біресе қимылсыз жатады, біресе аласұрады, селк етіп шошиды, көзі көмескіленеді. Іші торсиып, ұстап көргенде ауырсынбайды, тыңдағанда — тым-тырыс. Перитониттің бір кезеңнен екіншісіне ауысуы біртіндеп өтеді. Араларында айқын шекара жоқ. Перитониттің жедел септикалық түрлерінде оның кезеңдерін ажырату мүмкін емес. ЕміХирургиялық емге лапаротомия, перитонит көзін ерте алып тастау немесе оқшаулау; құрсақ қуысын интра- және отадан кейін санациялау; аш ішекті жаншылудан босату, яғни декомпрессиялау жатады. Жалпы емге әсері бағытталған массивті антибактериялық ем; гемостаз бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен жөндеу; экстракорпоральды гемокоррекция әдістерімен организмнің маңызды уытсыздандыру жүйелерін ынталандыру немесе уақытша орнын толтыру кіреді. Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам Сепсиске ұшырайды. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай: терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); бадамша бездік (іріңді баспа); хирургиялық (шиқан шыққанда); гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); отогендік (іріңді отиттің асқынуы); кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар. Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) Сепсис деп атайды. Сепсис кезінде науқастың дене қызуы 39 — 40ӘСепсисқа дейін көтеріледі, басы қатты ауырады, асқа тәбеті шаппайды, дел-салданады, кейде есінен танып сандырақтайды, ісінеді, жүрек соғуы жиілеп, тыныс алуы қиындайды. Сепсистің кенеттен дамитын, жедел, жеделдеу және созылмалы (хрониосепсис) түрі болады. Жедел түрі 1 — 2, жеделдеуі 5 — 7 күнде өтеді. Клиник.-морфол. белгілеріне қарай: септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит болып бөлінеді. Септицемия — Сепсистің метастазсыз түрі. Бұл кезде көкбауыр үлкейіп, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі органдарда дистроф. өзгерістер, қабынулар байқалады. Септикопиемия кезінде Сепсистік ошақтар өкпеде, бүйректерде, ми тінінде, жүректе басталады. Іріңді қабыну Сепсис ошағынан айналадағы тіндерге өтіп, іріңді плеврит, перикардит, перитонит дамиды. Сепсистік эндокардит жүрек қақпақшаларынан басталады. Соның нәтижесінде некроз ошақтары пайда болады. Өзгерген қақпақшалар ыдырап, олардың бетінде тромбтар түзіледі. Тромбоз организмде инфаркт ошақтарының қалыптасуына жағдай туғызады. Кейбір жағдайда ішектің, аяқтың және терінің гангренасы дамуы мүмкін. Сепсис — өте қауіпті ауру, сондықтан, көп жағдайда бұл аурумен ауырған адамдар жазылып кетпейді. Емі: Сепсистік ошақтар сақталып қалған жағдайда оларды хирург. жолмен тазартып, антибиотиктермен және антисептиктер қолданып, іріңді тазартып жуып-шаю; антибиотиктер қолданып, организмнің инфекцияға төзімділігін арттыру; құнарлы тағам, витамин беру, қан құю арқылы организмді әлдендіру. Сепсис жануарлар мен мал арасында да жиі кездеседі. Хирургиялық аурулар және несеп-жыныс жүйесінің зақымдалуы. Бүйрек пен қуықтың жарақаттары. Несеп тас аурулары. Ашық жəне жабық жарақаттар кезінде медициналық алғашқы көмек көрсет Несеп-жыныс жүйесінің органдары зақымдалған ауруларға көрсетілетін көмек пен жасалатын мамандандырылған емдеудің мән-мазмұнына мына факторлардың елеулі ықпалы бар: — несеп-жыныс жүйесі органдарының жарақаттануларын ерте бастан диагноздаудың әсіресе бұлармен бір мезгілде іш пен жамбастың басқа органдары зақымдалған жағдайда қиынға соғатыны; — несеп-жыныс жүйесінің зақымдануларының өздеріне тән ерекшеліктері; мұның өзі айналадағы тіндерге несептің жайылып кетуіне саяды ( несеп іркілмелерінің, клетчатканың некротикалық флегмондарының түзілуі, уросепсистің дамуы және т.б.); — несеп-жыныс жүйесінің функцияларына тән ерекшеліктері бұл жүйенің зақымдануы оған ауыр жарақат деп қарауды ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар көрші органдар мен тіндердің және тұтас алғанда бүкіл ағзаның зақымдалуына жол бермеуді көздеген диагностиканың, хирургиялық емдеу мен медикаментоздық терапияның арнаулы әдістерін қолдануды да қажет етеді. Бүйректің жарақаты жабық болған кездегі көрсетілетін көмек жөнінде әлі күнге дейін бір-біріне мүлдем кереғар, қарама-қарсы келетін ұсыныс-нұскаулар бар. Бір авторлар мұндай науқастарды операциялау керек десе, енді бір авторлар консервативтік емдеу жағына шығады. Қай органды болсын, соның ішінде жұп екі мүшенің біреуін болсын алып тастау науқастардың денсаулызғына кеп нұқсан болатыны мәлім, сондықтан бүйректің жарақаттануы кезінде нефроэктомия үшін өте мұқиятталдап-белгілеу айрықша қажет. Қуықтың жарақаттануын, әсіресе ішперде ішіндегі зақымдалуларының ерте бастан анықталған диагностикасы және несеп іркілмелерінің дер кезінде анықталуы дәрігерге емдеу әдісін таңдаған кезде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қуықтың зақымдануларының диганостикасы жөніндегі қазіргі бар әр түрлі рекомендациялар жарақатты ерте бастап танып-білуге әр кезде бірдей жәрдемдесе бермейді. Бүйректің жабық жарақаттанулары арасында оның талшықтық капсуласының тұтастығы сақталуы, осы себепті бүйрек маңында гематома түзілуімен қабаттаспайтын кездедамитын морфологиялықөзгерістерді, бүйректің және оның өз капсуласының жыртылып бүйрек маңында гематома (урогематома) түзілуін және бүйрек ашасы тамырларының зақымдануын ажыратып саралау керек болады. Бүйрек зақымдануларының өз капсуласының тұтастығы бұзылмайтын (капсула астындағы жарақаттанулар) тобында қан құйылуының әр түрлі тарап жайылулары (өз капсуласы астында, паренхимада не бүйректің астауы мен тостағаншаларының кілегей астында), бүйрек тінінің ұзақтығы әртүрлі жыртылулары кездеседі; бұл жыртылулардың органның бетінен немесе оның тостағанша-астау жүйесі жағынан басталып, тұйықталып аяқталатындары, немесе, керісінше, капсула астындағы кеңістікпен және (немесе) бүйрек қуыстары жүйесімен қатынасатындары, немесе бүйрек паренхимасының қалың қабатында шоғырланып, ол жақпен де, бұл жақпен де қатынастары болмайтындары кездеседі. Бүйректердің оның талшықтық капсуласының қуысы бұзылуымен ұштасатын жарақаттанулары кезінде де бүйрек тінінің тереңдігі мен жайылып таралғандығы жөнінен әртүрлі жыртылулары байқалады; мұндай жыртылулардың қыртыс қабаттағы беткілерінен бастап жұмсақ қабаттың тереңіне бойлап кететіндері, бірақ бүйректің тостағанша-астау жүйесімен қатынаспай, бүйрек маңы гематомасы түзілуімен қабаттасатындары немесе, керісінше, бүйрек қуыстары жүйесіне өтіп, урогематома түзілуімен кабаттасатындары болады. Ілуде бір жағдайларда паренхиманың көптеген терең жыртылулары түзілуінің салдарынан бүйрек қанмен жабдықталуын және бір-бірімен байланысын жоғалтқан не ішінара сақтаған, саны көп не аз бөліктерге бөлініп қалған болып шығады. Бүйректің жарақаттануының бұл түрі бүйректің езілуі деп аталады. Практикада әдетте бүйректің жарақаттануының ілгеріде айтылған көріністерінің әр түрлі болып ұштасулары, сондай-ақ әр текті өтпелі формалары кездеседі. Бүйректің ашық жарақаттанулары кезінде ондағы морфологиялық өзгерістер барынша әр алуан болуы мүмкін; мұныңөзі жаралаған заттың сипатына (пышақ, оқ, бытыра), жара арнасының бағытына атқан тұстың қашықтығына (атылған оқтан жараланғанда) және т.б. байланысты. Сондықтан бүйрек жарақаттануларының толып жатқан формалары кездесуі мүмкін. Пышақтан болған жарақаттар әдетте тілме сызықтық формада болады да, ондай жағдайда бүйрек паренхимасының көп бұзылуы қабаттаспайды. Ал атылған оқтан, оның үстіне жақыннан атылған оқтан, әсіресе бытырадан болған жаралар бүйректің жеке-жеке бөліктерге ыдырауына не оның езілуіне әкеліп соғады. Егер оқалыс қашықтықтан атылып, оғы үлкен болмаса, бытырадан жараланғандағы сияқты мұндайда бүйректің жарақаттануы болмашы болуы мүмкін. Авторлардың көпшілігі бүйректің жанама, тесіп өткен, тұйық жаралары және бүйректің езілуі деп саралайды. Атылған оқтан жараланулар кезінде соққы толқынының әсерімен және бүйректе гидродинамикалық эффект пайда болуымен байланысты, бүйрек тінінің жаралатан заттан болған зақымданумен қоса белгілі бір дәрежеде жабық жаралану кезіндегі сияқты анатомиялық өзгерістер басталуы мүмкін. Бүйректерінің зақымданулары оқшауланған, сондай-ақ қабаттасқан сипатта болып келетін науқастарды, әсіресе бірнеше жарақат ұштасқан науқастарды емдеудің күнбе-күнгі практикасында ұтымды клиникалық классификацияның ерекшемаңызы бар; ол дұрыс хирургиялық тактика таңдау жолында бүйрек жарақаттануының ауырлығын клиникалық көзқарас тұрғысынан нақпа-нақ бейнелей алады, емдеудің қажет әдісін, хирургиялық шаралардың кезектілігі мен бағытталуын анықтауға, емдеудің оңтайлы мерзімін белгілеуге, бүйректердің зақымдалуының барысын болжамдауға жағдай жасайды. Жабық зақымдануларды зақымның сипатына және бүйрек пен оның айналасындағы паранефралдық клетчаткадағы жарақаттық өзгерістерге байланысты алты топқа бөледі. Қуық аурулары. Қуықасты безі аурулары – жіті жəне созылмалы простатит, простата аденомасы. Инфекция немесе қоздырғыш факторлардан туындаған бір ауру болғаны себепті Қуық асты безінің қабынуының белгілері жиі зәр шығару, зәрдегі қан, безгек, суық тию, зәр шығару кезінде ауырсыну, шаршау және әлсіздік болып табылады. Шамамен кез-келген 10 адамның төртеуінде кездесетін бұл ауру ерлердің өмір сүру сапасын едәуір төмендетеді. Жыныстық дисфункция мен психологияға кері әсер ететін бұл аурудың қайталануы мүмкін. Қуық асты безінің қабынуын емдеуде табиғи әдістер мен ұсыныстар былай: Бұл ауруыңыз шамамен 1-2 жылдан бері жалғасатын болса, үйде дайындауға болатын кейбір әдістер сіздің шағымыңызды азайтуы мүмкін. 1 литр су қайнатылып, оған шамамен 250 грамм брокколи қосылады. Баяу отта брокколиді 5 минут қайнатады, кейін сууға қалдырады. Су салқындағаннан кейін сүзу арқылы алынған суы үшке бөлінеді және таңертең, түсте, кешке аш қарынға ішеді. Брокколи шырынын ішкен соң таза ауыз суынан басқа 20 минут бойы ешбір тағамды тұтынбаңыз. Суға қайнатылған брокколиді болса тағам немесе салат ретінде қолдануға болады. Бұл өсімдікпен емдеу әдісі бір апта бойы үздіксіз қолданылады. Үш күндік үзілістен кейін қайта басталады. Жалпы 21 күнбойынша 7 күн үздіксіз ішіп, үш күн үзіліс жасау арқылы жалғастырылады. Бұл емдеу аяқталғаннан кейін шағымдарыңыз азаюы мүмкін. Алайда болашақта егер аурудың белгілері қайта пайда бола бастаса, онда бұл жолы брокколи емдеуін 15 күн қолдану керек. Созылмалы қуық асты безінің қабынуын шөппен емдеуде орташа үлкендікте бір пиязды ашып тураған соң бір тілім нанмен жеу керек. Бұл аурудан туындаған қабынуды азайтып, ауырсынуды басады. Кешке ұйықтар алдында бір литр суға қабығы ашылған екі пиязды салады, таңертең аш қарынға бір стакан ішеді. Күн сайын жүйелі түрде бір уыс шикі асқабақтың тұқымын жеген жөн. Немесе асқабақтың шикі тұқымын (500 гр) турағыштан өткізіп ұсақтау арқылы сұйық балмен (200 гр) араластыруға болады. Бұл қоспаны бір шай қасықпен таңертең ішуге болады. Күніне үш мезгіл 8-10 тал кішкентай жапырақты ақжелкенді қайнатып ішіңіз. Ұнтақталған куркуманы жүйелі түрде тұтыну өте тиімді. Салат, сорпа, йогурттың үстіне бір сорпа қасықпен қойып тұтынылады. Сәбіз шырыны мен шпинат шырыны қуық асты безінің қабынуы кезінде өте пайдалы. Эхинацея ағзаның инфекциямен күресуіне көмектесе алатын керемет иммунитет күшейткішке ие. С дәрумені – антиоксидантты витамин. Қабынуға қарсы препараттар және иммунитетті көтеретін құрал. Сонымен қатар зәрді одан да қышқылдандырады, осылайша бактериялар оңай өсе алмайды. Шамамен 500 мг тәулігіне екі рет қабылданады. Қабынуға қарсы препараттық қасиетке ие құрамында маңызды май қышқылдары бар зығыр тұқымын йогуртпен араластыру арқылы тұтынуды ұсынуға болады. Сонымен қатар көп сусын ішу керек. Күніне кемінде алты немесе сегіз стакан су ішіңіз. Қуыққа зақым келтіріп, несеп шығарудың кейбір проблемаларын одан әрі нашарлатуы мүмкін болғандықтан құрамында кофеин (шай, кофе және кола) бар газдалған сусындар, жасанды қант алмастырғыштарды қолдануға болмайды. Ащы тағамдарды шағымдарды одан да нашарлататындықтан қолданбаған жөн. Велосипед тебу сияқты қысым жасайтын әрекеттерден аулақ болу керек. Симптомдарды нашарлатуы мүмкін. Егер сіз велосипедпен жүруді жалғастырғыңыз келсе, гельден жасалған арнайы орындық қолдануды сынап көру керек. Іш қату қабынған қуық асты безін тітіркендіреді және науқастың қатты ауырсынуына себеп болады. Талшықты тағамдарды тұтыну керек. Сонымен қатар, үнемі дене шынықтырып, ұйықтау маңызды болып табылады. Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады. Әдетте ауру микроорганизмдерден туындайды (бактериялық цистит), бірақ ол патогенді микрофлораның қатысуынсыз дами алады (аллергиялық, уытты). Негізінен цистит қуыққа микроорганизмдердің енуіне байланысты пайда болады. 80-95% жағдайда бұл зәр шығару мүшелерінің жанында орналасқан тік ішекте тұратын ішек таяқшасы. Көбінесе гигиеналық ережелерді елемеу мен дұрыс жууға байланысты бактериялар уретраға енеді. Қабынуды басқа микробтар да тудырады - стафилококктар мен энтерококктар, жыныс мүшелерінің инфекцияларының қоздырғыштары - хламидиоз, трихомонас, Candida саңырауқұлақтары, герпес вирусы. |