брошюра робототехникаМухамбеткалиеваМ.Н, Набек Г.О. Батыс азастан облысы білім басармасыны мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалы жне ксіптік білім беру
Скачать 0.75 Mb.
|
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Робототехника факультатив курсы бойынша әдістемелік көмекші құрал (6 сынып оқушыларына арналған) Орал, 2019ж Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды. Хаттама № 2 15.04. 2019ж. Құрастырушылар: Мухамбеткалиева Майра Нурмагамбетовна - Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ-нің жоғары санатты математика, информатика пәнінің мұғалімі; Набек Гулдана Оразғалиқызы – Ақсай қаласының № 4 ЖОББМ-нің І санатты информатика пәнінің мұғалімі. Рецензия жазғандар: Әліпбаева С.Ғ - ОблББАО ББҮҰӘҚ бөлімі басшысы А.Ж.Абдрахманова - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» Аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі Бұл әдістемелік нұсқау «ІТ және робототехника» факультатив курсының бағдарламасына сай мұғалімдерге әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр. Әдістемелік құралда күнтізбелік тақырыптық жұмыс жоспары құрылған және жоспар бойынша қысқа мерзімдік жоспар үлгі ретінде жасақталып, оқушыға арналған жұмыс дәптері жасалған. Жұмыс дәптерінде бөлімдер бойынша қызықты тапсырмалар, трек – сызбалар, ой – толғау , сәйкестендіру және топтастыру жұмыстары қамтылған. Мазмұны : 1.Түсінік хат...............................................................................................4бет 2. «ІТ және робототехника» факультатив курсының оқыту жоспары.............5бет 3. «ІТ және робототехника» әдістемелік нұсқаулық............................................8 бет 4. «ІТ және робототехника» жұмыс дәптері.........................................................85 бет5.Қорытынды ............................................................................................120бет 6.Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................121 бет Түсінік хат Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы. ТҮСІНІК ХАТ 6 сынып оқушылары үшін «Робототехника» пәнінен факультатив бағдарламасы Бұл бағдарлама 6 сынып оқушыларына информатика пәніне қосымша факультатив курсы ретінде ұсынылады. Бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және оқушылардың жалпы еңбектік білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды. «Робототехника» курсын оқу барысында білім алушылар өздерінің мүсіндерінің дұрыс қалыптасуына жағдай жасай отырып, толқындардың сақталуы, электромагниттік толқындардың мәні мен мазмұнын оқып – үйренеді. Аталған курсты оқу арқылы жас ұрпақтың бойында робототехниканы меңгеруге деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек, жобалай және жоспарлай білу, жаңа технологияны игеру, жауапты шешімдерді қабылдау және тәуекелге бару заман ағысы, уақыт талабы. Курсты оқу барысында экономикалық білімге көп көңіл бөлінеді. Президенттің егеменді және құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөлін оқып – үйренуге ерекше маңыз берілген. МАҚСАТЫ «Робототехника» курсының ІТ және робототехниканы оқытуда ақпараттық технологияның білім алушылар үшін алатын орнын ашып көрсету, білім алушыларды зерттеудің қыр-сырымен таныстыру, білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. МІНДЕТТЕРІ: «Робототехника» курсының білім алушылардың ақпараттық технологиялық білімдерін қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту; мемлекеттік стандартта белгіленген міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейіне жету; мүсіннің дұрыс қалыптасуына жағдай жасауға дағдыландыру; Зерттеу жұмыстарын дамыту; Зерттеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Күтілетін нәтиже Ойлау мәдениетіне ие болу, мақсат қою мен оған жету жолында ақпараттарды қабылдауда оны кеңейту, талдау қажет; Зерттеу жұмыстарына деген көзқарастың артуы; Зерттеу жұмыстары туралы жалпы мағлұмат алады; Зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін ұғына біледі; Зерттеу жұмыстарының түрлерін меңгереді; Қазіргі заманға сай рухани құндылықтарды игеріп, өз танымы мен ұлттық танымды үндестіре алады. «ІТ және робототехника» факультатив курсының оқыту жоспары
|