|
брошюра робототехникаМухамбеткалиеваМ.Н, Набек Г.О. Батыс азастан облысы білім басармасыны мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалы жне ксіптік білім беру
18-19 сабақ
Сабақтың тақырыбы
| Робот және робототехника
| Уақыты:
| Мұғалімнің аты – жөні:
| Сынып: 5
| Қатысқан білім алушылар саны:
| Қатыспағандар:
| Сабақтың
мақсаты
| Білім алушылардың бойынан жаңа технология, ақпараттық технология дағдысын дамыту
| Бағалау критерийі
| 1.Технология сөзінің мазмұнын толық түсінеді;
2.Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре
алады;
3.Сұрақтарды жүйелі құрастыра алады; талқылауға белсенді қатысады;
| Пәнаралық байланыс
| Информатика, физика
| АКТ –ны қолдану дағдылары
| Таныстырылым
| Құндылықтарды игерту
| «Мәңгілік ел» құндылығы:
Тіл және мәдениет
НЗМ құндылықтары:
• Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
• Ынтымақтастық;
• Жауапкершілік;
• Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет
| Жоспар
|
| Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс - әрекеттер
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
5 мин
| Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру (шаттық шеңбері)
|
|
| Сабақтың ортасы
30 минут
.
| Жаңа сабақ
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдер өз ықпалдарын тигізуде. Заманауи қоғамда мамандардың кәсіби - шығармашылық деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Бұған, Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО - лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» - деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс - шаралардың бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айрықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады. Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросының (NBER) ғылыми - зерттеу жұмыстарына жұмылдырылған ғалымдардың болжамы бойынша, еңбек нарығында мамандықтарды машиналармен, автоматтандырылған жүйелермен және роботтармен алмастыру күтілуде. Робототехника, автоматтандыру және басқару жаңа сұранысқа ие мамандыққа айналуда. Алдағы жылдары роботтарды бағдарламалайтын, оларды құрастыратын, олардың жағдайын жақсартып және олардың аккаунтингімен айналысатын, автоматтандырылған тораптар мен өнеркәсіпті жобалау, қаптамалау және монтаждаумен айналысатын адамдар сұранысқа ие болады. Автоматтандырылған технологиялар мен робототехника әр сала бойынша барлық орындаушы мамандықтарды араластырады. Қазіргі заман жастарына өзі тәріздес түлектермен ғана емес, сонымен қатар жансыз роботтармен де бәсекеге түсуге тура келеді. Робот - болашақ кепілі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2010 жылғы ЮНЕСКО – ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін – білім ғана деген байлам жасады. Иә, білім – ғылымның адамзат қауымдастығының болашағы үшін атқарар рөлін ештеңемен салыстыру мүмкін емес. Қазақстанның тұрақты дамуы үшін еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын, бүгінгі бастамаларды ертеңге апаратын заманауи біліммен қаруланған озық ойлы, білікті мамандар қажет. Сондықтан, қазіргі заманға сай заманауи технологиялармен жұмыс жасауымыз қажет. Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін көп еңбекті қажет етеді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Жаңартылған білім беру мазмұнына» көшу арқылы заманауи ақпараттық қоғам қалыптастыру жағдайында қазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қанат жайып отырған келешегі зор бағыттардың бірі робот техникасы болып табылады. Мектептің сабақтан тыс шараларында, сондай - ақ қосымша білім беруде оқытушы конструкторлар кеңінен қолданылады. Робот техникасы бойынша конкурстар мен сайыстарға қатысу балаларды ғылыми – техникалық шығармашылыққа құлшындырады, сондай - ақ оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.
Үлгі сұрақтар
1Роботтың атқаратын қызметі қандай?
2.Роботтың пайдасы? Дескрипторлары:
1.Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
2.Сұрақтарды жүйелі құрастыра алады; талқылауға белсенді қатысады.
|
|
| Соңы
5 мин
| Рефлексия.
Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба?
Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?
|
|
| Қосымша ақпарат
|
|
| Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?
| Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
| Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ны қолдану
Құндылықтарменбайланыс
(тәрбие элементі)
|
|
| Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді.
| Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау
| Пәнаралық байланыс:география
Белсенді оқыту әдістерін қолдану,
Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,
|
|
| Рефлексия
| Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
| Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен
|
|
| 20-21 сабақ
Сабақтың тақырыбы
| Робототехника түсінігі
| Уақыты:
| Мұғалімнің аты – жөні:
| Сынып: 5
| Қатысқан білім алушылар саны:
| Қатыспағандар:
| Сабақтың
мақсаты
| Білім алушылардың бойынан жаңа технология, ақпараттық технология дағдысын дамыту
| Бағалау критерийі
| 1.Технология сөзінің мазмұнын толық түсінеді;
2.Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре
алады;
3.Сұрақтарды жүйелі құрастыра алады; талқылауға белсенді қатысады;
| Пәнаралық байланыс
| Информатика, физика
| АКТ –ны қолдану дағдылары
| Таныстырылым
| Құндылықтарды игерту
| «Мәңгілік ел» құндылығы:
Тіл және мәдениет
НЗМ құндылықтары:
• Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
• Ынтымақтастық;
• Жауапкершілік;
• Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет
| Жоспар
|
| Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс - әрекеттер
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
5 мин
| Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру (шаттық шеңбері)
|
|
| Сабақтың ортасы
30 минут
.
| Жаңа сабақ
Робототехника (робот және техника; ағылш. robotics - роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.
Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.
Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойлана бастаған, алайда сол тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ертегі кезеңнен бастап, роботтар бір күні адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты адамдардың жұмыстарын істей алады деп болжалған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.
Үлгі сұрақтар
1.Робототехниканың негізгі қызметі?
2.Робототехниканың пайдасы. Дескрипторлары:
1.Берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;
2.Сұрақтарды жүйелі құрастыра алады; талқылауға белсенді қатысады.
|
|
| Соңы
5 мин
| Рефлексия.
Бүгінгі сабақ несімен ұнады?
Оқу мақсатына жеттім деп ойлайсыз ба?
Қай тапсырма сізге көбірек ұнады?
|
|
| Қосымша ақпарат
|
|
| Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?
| Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
| Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ны қолдану
Құндылықтарменбайланыс
(тәрбие элементі)
|
|
| Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді.
| Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау
| Пәнаралық байланыс:география
Белсенді оқыту әдістерін қолдану,
Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,
|
|
| Рефлексия
| Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
| Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен
|
|
| |
|
|