Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогтің аты жөні: Акдаулетова С Күні

  • Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа деген сүйіспеншілік Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі (уақыты) Педагог әрекеті

  • Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды....

  • Білім беру ұйымы Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі Бөлімі

  • Сабақтың тақырыбы: Болашақта жер қандай болуы керек Сабақтың мақсаты

  • Амандасу. «Жер-Ана»

  • Амандасу. Табиғат апат

  • климаттық құбылыстар, геоморфологиялық процестер, биологиялық факторлар немесе кеңістіктік құбылыстар тудырған.

  • Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ. Білім беру йымы


    Скачать 380.86 Kb.
    НазваниеБілім беру йымы
    Дата06.10.2022
    Размер380.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаһандық құзіреттілік ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #717954
    страница10 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Экологиялық мәдениет

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    8

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Табиғатқа деген сүйіспеншілік

    Сабақтың мақсаты:

    Балаларға қоршаған ортаға саналы, мейірімді көзбен қарауға, табиғат аясында ережелерді сақтауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу, туған өлкесінің сұлулығына, табиғат тіршіліктеріне деген  сүйіспеншілігін, махаббатын ояту.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы


    Сабақтың ортасы

    Амандасу.
    Табиғат – біздің ортақ үйіміз.Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Қазіргі уақыттағы әлемдегі экологиялық жағдай  адам көзқарасының өзгеруін талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпақта жаңа экологиялық сезім қарастырылуы керек деп санаймыз. Келешекте балалар кім болса да, олар қоршаған ортада рөлдерін бөліп, табиғат заңдылықтары бойынша өз түсініктері болуы керек. Экологиялық тәрбие мен білім беру – қазіргі таңдағы айқын бағыттардың бірі. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ. Баланың сәби кезінен экологиялық мәдениеттілік санасын тәрбиелеу – осы мәселелердің шешілу жолдарының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы экологиялық тәрбие берудің маңызды міндеті — балаларды табиғаттың әсемдігін көріп түсіне білуге ,тірі табиғатқа қамқор бола білуге үйрету және экология саласы бойынша нақты білім беріп, аймақта қолданылатын ресурстары шектеулі екенін түсіндіру керек. Біз баланы табиғатты пайдаланып қана қоймай, оған қамқор болуға, оны күтіп аялауға үйретуіміз керек.
    Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
    -өсімдіктермен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.

    -қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.

    -қоршаған ортаны сүйе, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру.

    -табиғат пен бала арасындағы оңтайлы қарым-қатынас орнату.

    -адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.
    Ақпараттық буклет жасау


    Тақырып жайында түсінік алады.

    Оқушылар топқа бөлініп буклет жасайды немесе лэбпку жасайды.


    Презентация



    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

    -Сен үшін маңызды ақпарат болды....





    Кері байланыс тақтайшасы






    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Экологиялық мәдениет

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    8

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Болашақта жер қандай болуы керек?

    Сабақтың мақсаты:

    Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы


    Сабақтың ортасы

    Амандасу.
    «Жер-Ана»
    Табиғат, Жер - Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген киелі сөздер құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті ұғымдар.
    Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау – адамзаттың азаматтық борышы. Бұл туралы Елбасымыз өз Жолдауында: «Жаһандандыру және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайда қазақстандықтар адам дамуының басты салаларындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселелерін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс» деген болатын.

    «Көгілдір қазына» дегеніміз не? Әрине тіршіліктің тірегі – су. «Су бар жерде өмір бар» деп ата - бабаларымыз текке айтпаса керек. Осы «Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер адамның жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған береке бастауы болып саналады. Ендеше,осы су жайында өз ойларыңды ортаға салсандар.
    «Күн райын бақыла»

    1. Шырыны ақ қайыңның көк түске енсе,
    Онда жауын жауады сүт піскенше.

    2. Құстардың тынса үндері,
    Күн күркірерін білгені.
    3. Ұлу шөптің сабағын,
    Бойлап жайлап жоғары,
    Өрмелесе қарағын,
    Аптап ыстық соғады.
    4. Ақ тиіндер жаңғақты көп жинаса,
    Алдағы қыс ұзақ, суық тым аса.
    5. Осқылап тырналаса мысық жерді,
    Дей бер қыста бұрқасын қысып келді.
    «Жасыл желек»

    Шыңғыс Айтматовтың трагедиясынан үзінді тамашалайды.

    Жер-Ананың қадір,қасиеті туралы ой қозғайды.
    Оқушылар пікір алмасады. Бұл бөлімде оқушылар ата - бабаларымыздың табиғат құбылыстарына қарап ауа - райын қалай болжағаны туралы мәлімет алады.

    Оқушылар осы тақырыпта экологиялық жоспар құрады.

    http://youtube.com/watch?v=sT-8ZUp0YHo

    Презентация

    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

    -Сен үшін маңызды ақпарат болды....





    Кері байланыс тақтайшасы






    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Экологиялық мәдениет

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    8

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Табиғи апаттар.

    Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік /2 сағат/

    Сабақтың мақсаты:

    Табиғат апаттары туралы мағлұмат бере отырып,қоршаған ортаға зиян келтіру бойынша жауапгершілікті күшейту.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Амандасу.
    Табиғат апат

    Табиғи зілзала - бұл орын алған аумаққа айтарлықтай зиян келтіретін орасан зор күші бар жойқын құбылыс. Мұндай апат кезінде үлкен шығын келтіріледі. Олар мыналар болуы мүмкін: жер сілкінісі, цунами, көшкін, құрғақшылық, су тасқыны, торнадо, дауыл және т.б.

    Табиғи апаттар - бұл адамның араласуынсыз болатын, өмірге және адамға кері әсер ететін оқиғалар. Көптеген жағдайларда адамдар техникалық ақаулардың, немқұрайлылықтың немесе жаман жоспарлардың салдары үшін жауап береді.

    Байланысты апаттарды тудыратын табиғи құбылыстардың түрлеріне сәйкес табиғи апаттардың себептері көп. Жалпы, табиғи апат болып табылады климаттық құбылыстар, геоморфологиялық процестер, биологиялық факторлар немесе кеңістіктік құбылыстар тудырған. Бұл құбылыстар шегіне жеткенде апат болып саналады. Климатқа байланысты табиғи апаттарға тропикалық циклондар, су тасқыны, құрғақшылық, дала өрттері, торнадо, ыстық және суық толқындар жатады. Екінші жағынан, бізде ғарыштық апаттар жиі кездеседі, олар метеориттер мен астероидтардың әсерінен әлдеқайда аз.

    «Экологиялық құқық бұзушылық» және «экологиялық зиян» ұғымдарын теориялық тұрғыдан терең зерттеу қажеттілігіне 80-ші жылдардың басында белгілі ғалым С.Б.Байсалов назар ауда­рған. Қазақстандық құқықтық әдебиетте экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мәселелері бойынша жекеле­ген зерттеулер шығып, онда қаралып отырған мәселенің кейбір аспектілері өз шешімін тапты. 

    Заң жобасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. «Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғи ресурстарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерінде қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Заң жобасымен заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, келесі көрсеткішті төмендету ұсынылады: елеулі залал 100-ден 50 АЕК-ке дейін, ірі залал 1000-нан 500 АЕК-ке дейін. Бұл ретте аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалады және 2000 АЕК құрайды. Сондай-ақ, 324, 325, 326, 328, 329, 330 және 333-баптардағы «қоршаған ортаға келтірілген залал» ұғымының қылмыстық заңнамада құқықтық анықтамасы болмағандықтан, «залал» деген ұғыммен ауыстырылды», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.



    Постер құрастыру


    Жалпы түсініктеме алады.

    Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік Қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік түрлерімен танысады.


    https://www.youtube.com/watch?v=mmQQSCeEI10


    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

    -Сен үшін маңызды ақпарат болды....





    Кері байланыс тақтайшасы




    Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    «Жаһандық құзіреттілік» таңдау курсының

    Күнделікті сабақ жоспары

    (7,8 сынып, Барлығы 36 сағат саны)

    2022-2023 оқу жылы

    Құрастырған:

    музыка пәнінің мұғалімі

    Акдаулетова С.Н.

    Қарсақбай кенті
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта