Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогтің аты жөні: Акдаулетова С Күні

  • Сабақтың тақырыбы: Отан деген мен үшін... Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі (уақыты) Педагог әрекеті

  • Амандасу. Миға шабуыл

  • Білім беру ұйымы Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі Бөлімі

  • Сабақтың тақырыбы: Өз елін танымал еткен тұлғалар Сабақтың мақсаты

  • Кері байланыс

  • Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ. Білім беру йымы


    Скачать 380.86 Kb.
    НазваниеБілім беру йымы
    Дата06.10.2022
    Размер380.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаһандық құзіреттілік ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #717954
    страница2 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Азаматтық және патриотизм 

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Отан деген мен үшін...

    Сабақтың мақсаты:

    Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    Миға шабуыл «Отан» сөзжұмбақ

    1.Отан сөзінің синонимі

    2.Мемлекеттік рәміздердің бірі

    3.Ең жақын адам

    4.Қасиетті тағам

    О
















    т
















    А
















    н
















    Отан дегеніміз - адамның туып - өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

    Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып есептеледі. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.
    «Отанды сүю иманнан» әні



    Сөзжұмбақты шешеді


    Отан сөзіне түсініктеме алады.

    Постер құрастырады

    Әнді тыңдай отырып,болашақта кім болатындығын атап өтеді




    Инт.тақта
    https://www.youtube.com/watch?v=Xo2Ye-q2GmA

    https://www.youtube.com/watch?v=yGliM_IKDh8



    Сабақтың соңы

    Кері байланыс






    Кері байланыс тақтайшасы






    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Азаматтық және патриотизм 

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Өзге тілдің бәрін сүй, өз тіліңді құрметте!

    Сабақтың мақсаты:

    Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу,  оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы


    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    Миға шабуыл

    -Бұл кісінің жан айқайы не деп ойлайсыңдар?

    -Бүгінгі күннің өзекті тақырыбы қандай?

    Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

    Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:

    Ана тілің – арың бұл

    Ұлтың боп тұр бетте

    Өзге тілдің бәрін біл

    Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл,барлығымызға қойылатын талап.

    Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы тілі»  дейді. Ендеше анамның тілін мен құрметтеп, оны мақтан етемін.  Ана тілі деп аталуы да содан, сондықтан оны ұмыту, білмеу  бұл үлкен қателік. Осыны түсінсе деп ойлаймын.

    Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды..Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

    «Тіл – еліміздің іргетасы»


    .
    Оқушылар бейнесюжетті көріп,ой қозғайды.

    Оқушылар мегажоба жасайды.

    http://youtube.com/watch?v=TK-cL8icepg


    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Бүгінгі сабақтан не қызық болды?

    -Бүгін сабақта қиын болды...

    -Бүгінгі сабақта қоржыныма саламын....

    «ҚҚҚ» әдісі

    Кері байланыс тақтайшасы






    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Азаматтық және патриотизм 

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Өз елін танымал еткен тұлғалар

    Сабақтың мақсаты:

    Жалпы тұлға сөзін ұғына отырып,еліне танымал тұлғалар туралы бейнеролик жасайды. Оларға құрметпен қарап үйреніп,болашаққа деген өз мақсаттарын айқындайды.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы


    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    Миға шабуыл

    -Бейнебаяннан нені байқадыңдар?

    -Не себепті ана қызды қасқырларға тастап,ұлды алып кетті?

    Әлем адамды өзгерте алмайды, бірақ адам әлемді өзгертуі әбден мүмкін. Адамзат баласының дамуы, әлемнің дамуы. Әр заманның өз тұлғасы, танымал азаматы болады. Қазақтың өткен тарихына көз салған адам еліміздің арғы-бергі тарихында көптеген ел басқарған хан-сұлтандар, қол бастаған жаужүрек батырлар және сөз ұстаған ділмәр би-шешендер өткенін байқайды. Бұл сөз жоқ өткен тарих. Еліміздің мақтанышы. 

    "Ел тұлғаны жасайды,
    Тұлға елдің атын шығарады" демекші, тарихты тұлғалар жасайды. Мысалы: Томирис, Күлтегін, Абай және Абылай хан десек, санамызға сол дәуір мен үлкен тарихи оқиғалар еске оралады. Осы есімдер арқылы ұлттың рухы жаңғырады, төл мәдениетін таниды. 
    Сонымен қатар, республиканың түкпір-түкпірінде жүрсе де, туған жердің атағын шығарып жүрген жерлестеріміздің еңбектері, суреттері мен жасаған ерліктері каншама.  Қазақ даласынан шығып әлем өркениетіне үлес қосқан тұлғалар аз емес. Мысыр асып ел билеген - Бейбарыс, Түркі даласынын тарихын тастақ ашаған- Күлтегін, Әл фараби, Яйсауи, Жүгенекей, Қашғариллар секілді тұлғалар жахан ғылым біліміне нұрын шашқан. Бұл тұлғалардын мұралары бугінге дейн жетті. 

    Тұлға болмаса өркениетті өмір жоқ. Оған қоса сапалы білім, еселі еңбек, өнiктi өнiм де болмақ емес. Сондай-ақ тұлға болмаса, ғылым мен мәдениетте, өндірісте бәсекелестік те болмайды. 
    Корыта айтканда, Туған өлкемізден шыққан өнер және мәдениет қайраткерлерінің мұраларын ұрпаққа ұлықтап, тарихты таныту, рухани кәдеге жарату мұрат тұтқан ұрпақтың перзенттік парызы. Өйткені, өз халқына қалтқысыз қызмет еткен ата-бабаларға деген ұрпақ ізет әрбір азаматтың көкірегінде желкен жайып, көктеп тұрары даусыз.
    «Еліміздің мақтанышы»



    Оқушылар бейнебаянды көреді, сұрақтарға жауап береді.
    Жалпы қазақ елінің тұлғалары жайында түсінік алады.

    Оқушылар тақырыпқа сай бейнеролик даярлайды.

    http://youtube.com/watch?v=_iyllyQvlFw

    Интербелсенді тақта

    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Сабақтан алған әсерім....

    -Алға қойған мақсатым....





    Кері байланыс тақтайшасы



    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта