Главная страница

Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ. Білім беру йымы


Скачать 380.86 Kb.
НазваниеБілім беру йымы
Дата06.10.2022
Размер380.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖаһандық құзіреттілік ҚМЖ.docx
ТипДокументы
#717954
страница6 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Техниканы қауіпсіз пайдалану

Сабақтың мақсаты:

Техника қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде қолдана білуді үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.

Миға шабуыл

Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады?

Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?
Өрт қауіпсіздігі бойынша тест

 

Өрт шығып жатқанын көрсен қандай іс-әрекет жасайсын?

А) «101»  нөміріне қоңырау соғамын -1

Б) Көмекке шақырамын- 2

В) Ешкімге айтпай, қашып кетемін- 1

 

Егер бөлменін іші ащы түтін болса ?

А) Есікті жаппай, терезені ашамын -0

 Б) Шығып кетемін  -0

 В) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3

 

Электр сымы өртенсе ше?

А) Су құямын -0

Б) Үлкендерді көмекке шақырамын- 3

 

Үстіңдегі киім өртенсе ше?

А) Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын – 0

Б) Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3

В) Көрпеге оранамын -2

 

 

Егер, тамақ әзірлеген уақытта тападағы май жанса?

А) Суланған орамалды жабамын -3

Б) Су құямын -0

В) Тапаны далаға шығаруға тырысамын -0

 

Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсан не істейсің ,телефон жоқ?

 А) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3

Б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1

В) Көмекке шақырамын  -1

 

Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек?

 

А) Бағдарламаны көремін- 0

 Б) Үлкендерді көмекке шақырамын -2

 В) Телидидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге  хабарлаймын -3
Электр құралдарын пайдаланған кезде біз қандай техника қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек?

-Ақауларды ажыратқыштарды,розеткаларды мен патрондарды қолдануға болмайды.

-Электр сымдарына мөлшерден тыс салмақтың түсуіне,жоғары қуатты электр құралдарын бір розеткаға қосуға болмайды.

-Ашық тұрған сымдарды ұстауға болмайды,себебі ток ұруы мүмкін.

-Электр құралдарын қосып,қараусыз қалдыруға болмайды.




Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

Интербелсенді тақта

Интербелсенді тақта

http://youtube.com/watch?v=UjiIs6ZTWxk

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....






Кері байланыс тақтайшасы




Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мен не жеймін? Азық-түлік қауіпсіздігі.

Сабақтың мақсаты:

Жалпы тақырып жайында түсінік беру, оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы

Амандасу.
-Пайдалы әрі пайдасыз тағам түрлерін атаңдар....

-Сенің күнделікті жейтін тағамын...
Азық-түлік қауіпсіздігі - қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына  айналып отырған мәселелердің бірі және бұл еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің негізгі салаларының бірі болғандықтан ерекше маңыздылыққа ие. 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай анықтама берілген: «азық-түлік қауіпсіздігі – тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі».

Қазіргі уақытта Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірушілер

ретіндегі ішкі қатерлерге төмендегілер жатады:

- егін алқаптарының қысқаруы және астық жинаудың төмендеуі;

- ауыл шаруашылық малдарының қысқаруы;

- ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу салаларының дамымағандығы;

- ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиелеудің тиімді механизмінің болмауы;

- жер ресурстарының тозуы, топырақтың құнарлығының төмендеуі және

тұздануы;

- импорттық азық-түлік пен ауылшаруашылық технологияларына тәуелділіктің өсуі;

- табиғи апаттарға: жер сілкінісі, қуаңшылық, су тасқыны және т.б. жағдайларға дайындықтың болмауы;

- агроном кадрларды дайындау сапасының төмендігі;

- ауыл жастарының қалаға массалық ағылуы, бұл ауылдың демографиялық дағдарысына алып келеді.

Азық-түлік қауіпсіздігінің үш деңгейі бар. Біріншіден, әр мемлекетте қолжетімділік болуы тиіс, яғни өнім мемлекеттің өзінде өндірілуі керек немесе ондай жағдай болмаса шетелден әкелінуі қажет. Екіншіден, азық-түлікті халықтың сатып алуға мүмкіншілігі болуы керек. Басқаша айтқанда, азаматтың өз қаражатына азық-түлік қоржынын нарықтық бағамен алуға шамасы келуі тиіс. Ал үшінші деңгейде азық-түлік сапасы жоғары болуы қажет.




Оқушылармен ой -толғау

Азық-түлік қауіпсіздігімен танысады.


Презентация


Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....






Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Экологиялық мәдениет

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Менің өлкемнің, елімнің экологиясы

Сабақтың мақсаты:

«Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек» тақырыбында ой қозғайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.
Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.

Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Жоғарыда айтылған қасіреттерді болдырмау үшін

«Табиғатым- тал бесігім» деп дана халқым айтқандай өзіміздің туған өлкеміздің табиғатын қорғап, ластамау біздің парызымыз.

«Табиғатпен бірлікте қалай өмір сүру керек»

Оқушылар бейнесюжетпен танысады.

Оқушылар осы тақырыпта эссе жазады.

http://youtube.com/watch?v=zw8Afy-jIlU


Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Экологиялық мәдениет

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

7

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатпен үйлесімділік

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға табиғатты аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.

Тыныштық сәті. «Орманға серуен». Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы

болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз.

Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны

жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып

кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз.Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!Рахмет.
« Табиғат тазалығы - адамзат амандығы»

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Табиғат тазалығын қалай сақтау керек?

2. «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

«Күн, су, жер, өсімдіктің адамға қандай пайдасы және

адамның оған тигізер пайдасы»


Оқушылар мұғалімді тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді

Аудио музыка

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не?

Сабақтың мақсаты:

Термин сөздермен таныстыра отырып,Жаһандық сөзінің мағынасын ашу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Амандасу.

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт РостоуДэниел БеллАлвин ТофлерПитер ДракерДжон НейсбиттЛестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

Жаһандық құзыреттілік – бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде (яғни, адамның қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін, ұлттық шекаралары жоқ проблемаларды түсінуін талап ететін жағдайларда) табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым-қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы. 
Курстың юниттері


Оқушылар жаһандану сөзіне талдау жасайды.


Жалпы жаһандану мәселелеріне тоқталады.
Курс юниттеріне толық мағлұмат береді.


http://youtube.com/watch?v=QVb8EpkD7yo

Презентация


Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Жалпы Жаһандық сөзінің мағынасы қандай?

-Қандай жаһандық проблемалар бар екен?






Кері байланыс тақтайшасы



Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Махаббат мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Махаббат туралы түсінік бере отырып, сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Амандасу.

«Бәрінің бастауы махаббат»

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі.  Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы .Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды.

Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады

Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.

Ешбір геометриямен

Өлшенбейтін көлемі

Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері

Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді

Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар ағамыз айтқандай.

Махаббат - бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Махаббат: сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп аталады.

Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген

Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген

Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген

Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген

Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген

Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген.

Махаббаттың 25-ке тарта түрі бар.Аталған махаббаттардығ қайсысы сіздің бойыңызда бар?

-Ананың махаббаты...

Әкенің махаббаты...

-Бауырға махаббат

-Отанға деген махаббат

-Достыққа махаббат

-Өмірге махаббат

-Табиғатқа махаббат........

Екі топқа тақырыптық байқау...Тірек сигналдары арқылы өлең шумағын құрастыру немесе эссе жазу.

1 топқа. Армансыз адам болмайды,қиялым,үмітімді үзбедім,іздей-іздей шаршадым.

2 топқа. Сұлу сұлу емес,сүйген сұлу,адам құдіреті,лаулаған сезім,ғашық болып....

Нақыл сөзге түсініктеме береді.

Оқушылар пікірі

Оқушылар тапсырманы орындайды.

Интербелсенді тақта


Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Тіршілік қауіпсіздігі.

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Елің үшін еңбек қыл, отыра берме бекерге» (Дулат Бабатайұлы)

Сабақтың мақсаты:

Ақын шығармашылығының тәрбиелік мәнін ұғыну.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.

Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы


СҮЛЕЙМЕНГЕ

...Күні өтіп, айы асқан,

Енді қазақ ел болмас.

Дәрігері дарын болса да,

Ауруына ем қонбас.

Мүйіздескен сиырдай,

Байласаң, басжіп жетер ме?

Еңбегің – еш, тұзың – сор,

Қайратың селге кетер ме?

Толқынды теңіз заманнан

Сенімді кеме болмаса,

Желқайықпен өтер ме?!

Елің үшін еңбек қыл,

Отыра берме бекерге.

Көмбеге таяп қалғанда,

Жүйрікке керек көтерме
«Сүлейменге» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көрген өлең. 2003 жылы шыққан жинақта жарияланған өлең мәтіні негізінде беріліп отыр. Сүлеймен – ХІХ ғасырда өмір сүрген ел билеушісі. Төре тұқымынан

Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады.

Өлең шумағын тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=fu7lBoA3b7o

https://www.youtube.com/watch?v=1uITvnwXJhg


Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау)

Сабақтың мақсаты:

Жырау шығармашылығынан мағлұмат беру. Дос сөзінің қадір қасиетін білдіру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Амандасу.

Әкесі баласына достарының шынайы дос еместіктерін қанша айтып жүрсе де, баласы онымен келіспей «Сіз оларды білмейсіз – олар менің шын достарым» деп үнемі қарсылық көрсетеді. Бір күні әкесі: «Олай болса достарыңды сынап көрелік. Бір қойды сойып, оны бөлшекте дағы, қан-қан күйінше етті бір қапқа салып кел» – дейді. Бозбала айтқанды жасайды. «Енді», – дейді әкесі – «осы қапты алып достарыңа бар да «біреуді өлтірдім, сүйегі мына қапта… маған көмектес», – деп сұра. Достарыңның саған адал болғанын, болмағанын сонда көресің», – дейді. Бозбала  бір досының үйіне барады да, біреуді өлтіріп қойдым деп, одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды. Бірақ досы келіспейді. «Менен алыс жүр!» бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді. Тағы бір досына барса, ол да көмектеспей қайтарып жібереді. Басқалары да солай. Көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «Айтқаныңыз рас екен. Шын дос емес екен олар маған. Ешбірі көмектескісі келмеді», – дейді ол мұңая. Әкесі «Айттым ғой, саған», – деп, енді пәлен жерде тұратын, пәленше деген кісіге сәлемімді айтып бар да, достарыңнан сұрағанды одан да сұра дейді. Бозбала айтылған жерге барып, әкесінің досына жолығады. Әкесінің сәлемін айтып, «Біреуді өлтіріп қойдым, әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан», – дейді. Әкесінің досы дереу оны үйге кіргізіп, өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады. Қапты сол орға көміп, үстінен қызғалдақтарды егіп тастайды. Бозбала үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін, қапты бақшасына көміп, үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді. Бұл жолы әкесі: «Енді сол досыма қайтып бар да, ел-жұрттың алдында бүлік шығарып, оны мазала», – дейді. Баласы таң қалады, бірақ әкесінің айтқанын орындайды.  Қайтып барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып, ел-жұрттың алдында бүлік шығарады. Сонда да ол кісі балаға: «Әкеңе сәлем айт. Мен бір боғауыз сөз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын адам емеспін», – дейді.

Әңгіме не жайында?

Дос,достық дегенді қалай түсінесің?
Ал енді Бұхар жыраудың осы достық жайында не айтқанын тыңдайық.

Жал-құйрығы қаба деп 

Жал-құйрығы қаба деп,

Жабыдан айғыр салмаңыз!

Қалың малы арзан деп,

Жаман қатын алмаңыз!

Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат тумас.

Жаман қатын алсаңыз,

Топқа кірер ұл тумас.

Жаман қатын алғаның

– Төркініне бата алмай,

Төсегіне жата алмай,

Тең құрбысы келгенде,

Оңды жауап қата алмай,

Жалғанда қор болғаның.

Таудан аққан тас бұлақ,

Тасыса, құяр теңізге.

Қанша малы көп болса,

Бай қуанар егізге.

Жаманнан жақсы туса,

Жақсыдан жаман туса,

Тартпай қоймас негізге. 

Жар басына қонбаңыз 

Жар басына қонбаңыз,

Дауыл соқса, үй кетер.

Жатқа тізгін берсеңіз,

Жаламенен бас кетер.

Жаманмен жолдас болсаңыз,

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айырылмасқа серт етер.

Ит жүгіртіп, құс салсаң,

Киген тоның түлкі етер.

Сыпайы сырын білдірмес,

Ақырын ғана бүлк етер.

 

«Досыңызды кафеге шақырыңыз» рөлдік ойыны

Оқушылар әңгімені тыңдайды.

Жалпы өз ойларын ортаға салады.


Оқушылар ойы.

Оқушылар рөлдерді сомдайды.




https://www.youtube.com/watch?v=1QeW91CZtgE

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Азаматтық және патриотизм 

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Толеранттылық деген не?

Сабақтың мақсаты:

Жалпы мағлұмат беру. Адам қарым- қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақтың ортасы

Амандасу.

— Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар? — Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер? Ендеше мен сіздерге толеранттылық деген сөздің мағынасын білдіретін сөздерді табуды ұсынамын. Керекті сөздер: Бірлік, татулық, шаңырақ, тыныштық, татулық, тұрақтылық, бейбітшілік, мерейтой, халық, ел , тағдыр, бауыр, болашақ, ынтымақтастық, патриотизм, этнос, жанжал, реформа, үйлесімділік, шыдамдылық, мәдени мұра, сенімділік, қамқорлық, төзімділік, еркіндік достық, сабырлық, агрессия, өшпенділік, ашу, адал, мейірімді, шыншыл қайырымды, ұқыпты. жанашыр. қамқор. түсіністік, сыйластық.
«Толеранттылық»

Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-. құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Толеранттылық -халықаралық қолданыстағы термин. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады. Толеранттылық мәні қазақ тілінде тіпті терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді.

Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.

Толеранттылықтың негізгі маңызы — әр мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың қауіпсіздігі болып табылады. Ұлттық толеранттылық- біздің жалпы тарихи — мәдени кеңістігімізді қоғамда топтастыратын белгілі фактор. Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды. Қабан жырау Асанұлы өсиет өлеңдерінде: -Бақыт қайда барасың? -Соғысқа құмар ойы жоқ, Ұлан-асыр тойы көп, Бейбіт елге барамын! -Бақыт қайда барасың? -Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибадат тірлігі, Ұйымшыл елге барамын!-деп, өрелі жұртты өрге сүйрейтін негізгі құндылық бейбітшілік пен бірлік екенін еске салады. Бүгінгі таңда толеранттылық — қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі қағидатына айналуда.

«Төлерантты адам» тезистерін құрастырайық.

Ø Толеранттылық- жеке қасиет.

Ø Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.

Ø Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісе алатын , оны түсіне білетін адам.

Ø Абсолютті толерантты немесе толерантсыз адам болмайды.

Мына бір аңызға тоқталайық «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан…. » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма,ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.

Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе,әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам.Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!


Әр топ алдына сөздер таратылады. Соның ішінен тауып тақтаға жапсырады.

Бейнесюжетті тамашалайды.

Тақырып жайлы ой қозғау.

Аңыз жайында оқушылар пікір білідіреді.


https://www.youtube.com/watch?v=e6_Z5e9nLX0

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы






Білім беру ұйымы

Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

Бөлімі

Азаматтық және патриотизм 

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:

8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Біз – біртұтас халықпыз!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы

Амандасу.

Оқушыларға сурет көрсетіледі.


-Жалпы қандай құндылық түрлері бар еді?

Дүниеде өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұны ұғыну үміт ұялатып, болашаққа деген сенімді нығайтады. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Тұңғыш Елбасымыз Н. Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!   деп сөйлеген сөзінде: 
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, 
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. 
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды»  деді.
Байлықтың  ең  үлкені – халықтар  достығы. Біз  осы  достықты нығайта білуіміз  керек, бір-бірімізді  құрметтеп, еліміздің ертеңі  үшін қызмет  етуіміз  керек. Жасасын, жүрегі  бауырмал  қазақ  елі!

Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

Әлеуметтік жоба

Суреттен не байқадыңдар?
Достық,татулық құндылығы жайлы ой пікір.

Оқушылар әлеуметтік жоба құрастырады.



https://www.youtube.com/watch?v=NP3ZANBrL8

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....

-Сен үшін маңызды ақпарат болды....





Кері байланыс тақтайшасы



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта