Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогтің аты жөні: Акдаулетова С Күні

  • Сабақтың тақырыбы: Тарих беттерінен Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі (уақыты) Педагог әрекеті

  • 1- ТУР ОЙЛАН ТАП

  • 1 топ

  • АЕПКТИОСРТЛВА

  • 2-ТУР «БҰЛ КІМ» 1 топ.

  • 3-ТУР СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 1 топ.

  • 4-ТУР ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 1 топ.

  • 5-ТУР ҰШҚЫР ОЙ

  • Кері байланыс -Бүгінгі сабақтан алған әсеріңмен бөліс

  • Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ. Білім беру йымы


    Скачать 380.86 Kb.
    НазваниеБілім беру йымы
    Дата06.10.2022
    Размер380.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаһандық құзіреттілік ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #717954
    страница3 из 10
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Азаматтық және патриотизм 

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Тарих беттерінен

    Сабақтың мақсаты:

    Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыққа, отаншылыққа, төрт түлікті қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеу.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    «Білім – білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» — деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов.

    Ойын 5 турдан тұрады.

    1- ТУР   ОЙЛАН ТАП

    2-ТУР    БҰЛ КІМ?

    3-ТУР    СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

    4-ТУР   ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

    5-ТУР   ҰШҚЫР ОЙ
    1-Тур

    ОЙЛАН ТАП

    1 топ.

    1. Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар? – Жәнібек пен Керей

    2. Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың (күйдің) классигі – Құрманғазы

    3. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? – 3 топтан: абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер

    4. Ерте палеолит – 2,5 млн-12 мың жыл

    5. Мезолит – 12-5мың жыл

    2 топ.

    1. Жер беті күрт суи бастады – 100 мың жыл бұрын

    2. Неолит – 5-3 мың жыл

    3. Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар – қытайлар

    4. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? – 1991жылы, 16 желтоқсан

    5. Қазақстан Республикасы жер көлемінен нешінші орында – 9 орын

    1 топ. 1. РХЕАГИЯОЛО – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.

    1. ТРОЕПФЛИГ – тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет.

    1. АЕПКТИОСРТЛВА – ең алғашқы адам.

    2 топ. 1. ГРАЭТФИЯНО – әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.

    1. ТСИРМОИ – сақтардың ханшайымы.

    1. ПОСЭК – 2017 жылы Астанада өтетін дүниежүзілік көрме. Тақырыбы: «Болашақтың энергиясы».


    2-ТУР

    «БҰЛ КІМ?»

    1 топ.

    1. Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел патша: Томирис б.з.б. 570-520 ж.ж.

    2. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? Тауке хан

    3. Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттен екінші ұстазы аталған данышпан ойшыл, энциклопедист ғалым кім? Әл-Фараби

    4. Египетте жүріп құлдық дәрежеден ел билеуші дәрежесіне дейін жеткен қазақ бабасы: Бейбарыс сұлтан

    5. «Географияның» авторы. Оның кітабында Кавказ бен Орта Азиядағы ежелгі халықтар мен тайпалар туралы көптеген құнды мағлұматтар келтірген. Ежелгі грек тарихшысы және географы. Б.з.б. 64 жыл – б.з-дың 24 жылдар шамасында өмір сүрген. Страбон

    2 топ.

    1. Қазақтың тұңғыш шығыстанушы, ғалымы, географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, әрі суретші. Қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш қағазға түсіруші. Шоқан Уалиханов

    2. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, Автономиялық қазақ үкіметінің басшысы, «Айқап», «Қазақ», «Қазақстан» газеттеріне мақалалар жазып тұрған, 1894 жылы Петербургтегі Орман шаруашылығы институтын бітірген кім? Ә.Бөкейханов

    3. Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы, атасы Түркістан билеушісі болған,

    1778 ж. ІІ Екатерина оны орта жүздің ханы етіп бекітті. Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.

    1. Қазақ тілінде тұңғыш «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған ғалым-ағартушы.

    Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.

    1. Б.з.б. 484-425 ж.ж. шамасында өмір сүрген грек тарихшысы. Цицерон оны «тарихтың атасы» деп атаған. Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазған. Геродот

    3-ТУР

    СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ

    1 топ.

    • Бұл жәдігер қай ғасырда, қай тайпаға тән? V-IV ғ. Сақ

    • Суретте қай ғашықтардың мазары көрсетілген? Қозы Көрпеш – Баян Сұлу

    ХІІІ-XIV

    • Бұл қандай оқиға? 1986 жыл 16-17 желтоқсан

    2 топ.

    • Уақытын және қайдан табылғанын айт? 1969 ж. Есік қорғаны Жетысу К.Ақышев

    • Бұл қай билеуші? Ол туралы не білесіңдер? Шыңғыс хан 1155-1227 ж.ж.

    • Бұлар кімдер? Бұл тұлғаларды қандай қоғам біріктіреді? А.Байтұрсынов 1873-1937, Ә.Бөкейханов 1866-1937, М.Дулатов «Алаш партиясы»


    4-ТУР

    ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

    1 топ.

    1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991

    2. Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданған жыл? 1992

    3. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? Көшпенділер

    4. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енген жылы — 1993

    5. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына қашан мүше болды? 1992

    2 топ.

    1. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? 1998 жыл, 10 маусым

    2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

    1995 жыл, 30 тамыз

    1. Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қашан мүше болды? 1992 жыл, 2 наурыз

    1. «Тәуелсіз монументінің» ұшар басындағы бейнелер?

    (алтын адам және жолбарыс)

    1. Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі (Бәйтерек)

    5-ТУР

    ҰШҚЫР ОЙ

    Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра.

    Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ.

    Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу.




    Ой-толғау


    Оқушылар топқа бөлініп интелектуалды сайысқа түседі.




    Интербелсенді тақта


    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Бүгінгі сабақтан алған әсеріңмен бөліс





    Кері байланыс тақтайшасы



    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта