|
Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ. Білім беру йымы
Білім беру ұйымы
| Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі
| Бөлімі
| Тіршілік қауіпсіздігі.
| Педагогтің аты жөні:
| Акдаулетова С
| Күні:
|
| Сынып:
| 8
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Ережелер мен заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік.
| Сабақтың мақсаты:
| Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
| Сабақтың барысы:
| Сабақтың кезеңі (уақыты)
| Педагог әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| Амандасу.
«Бала құқықтары»
«Қылмыс» деген сөзді қалай түсінесің?
Қосымша мәліметтер:
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 ке толған, бірақ 18ге толмаған адамдар танылады (78-бап)
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері – 79-бап
• Айыппұл :
• Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту ;
• Түзеу жұмыстары ;
• Бас бостандығын шектеу ;
• Бас бостандығынан айыру ;
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады
· Азамат 14 жастан бастап қылмыстың - кісі өлтіру (96 – бап)
• Денсаулығына зиян келтіру – 103 бап
• Тонау – 175 бап
• Ұрлық – 178 бап
• Бұзақылықтың ауыр түрін жасау - 179 бап
• Мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою – 187 бап
• Қаруды, әскери оқ- дәріні ұстау – 255 бап
• Адам ұрлау – 125 бап
• Терроризм – 233 бап
Жаза түрлері :
• Айып салу
• Құқықтан айыру
• Қоғамдық жұмысқа тарту
• Еңбекпен түзету жұмысы
• Бас бостандығын шектеу
• Тұтқындау
• Әскери тәртіп бөлімінде ұстау
• Бас бостандығынан айыру
• Сотталушының мүлкін тәркілеу
• Өлім жазасы
Статистика көрсетіледі.
«Сенің құқығың!» бөлімі
ҚР Конституциядағы баптармен танысайық.
«Әділет» тобы
14-бап 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды. Бала құқығы конвенциясы
«Әділет» тобы
1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
15-бап. 1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
|
Бейнероликті тамашалайды. Постер құрастыру. Ережелермен танысады.
|
https://www.youtube.com/watch?v=RPiqH-z7I_g
Презентация
| Сабақтың соңы
| Кері байланыс
-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....
-Сен үшін маңызды ақпарат болды....
|
| Кері байланыс тақтайшасы
|
|
Білім беру ұйымы
| Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі
| Бөлімі
| Тіршілік қауіпсіздігі.
| Педагогтің аты жөні:
| Акдаулетова С
| Күні:
|
| Сынып:
| 8
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Жеке басына қол сұқпаушылық құқығы
| Сабақтың мақсаты:
| Тақырып туралы түсінік беру. Өз ата заңын құрметтеуге тәрбиелеу.
| Сабақтың барысы:
| Сабақтың кезеңі (уақыты)
| Педагог әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| Амандасу. Бар екен де жоқ екен
Ерте, ерте, ерте екен
Ешкілері бөрте екен
Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен
«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Ия, 37 бап азаптау жәнек бас бостандығынан айыру) Жеке басқа қол сұқпаушылық — азаматтардың конституциялық құқы мен бостандықтарының негізгі принципі. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында (12-бап, 2-тармақ.) “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” деп жазылған. Сондықтан азаматтарды заңда көрсетілген реттерде ғана соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Тұтқындалған адам заңсыз әрекет туралы сотқа шағымдануға құқылы. Прокурордың санкциясынсыз азаматтарды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана қамауда ұстауға болады. Қажетті жағдайда әр адамның білікті заң көмегін алуға құқысы бар. Әрбір адамның жеке өмірі, отбасының құпиясы, абыройы мен ар-намысы, жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы алысқан хабарларының құпия сақталуы заңмен қорғалады. Сонымен бірге азаматтардың тұрғын үйіне заңсыз басып кіруге, тексеру, тінту жүргізуге жол берілмейді, ол үшін заң орындарының тиісті рұқсаты қажет. Тұрғын үйден айыруға сот шешімінсіз жол берілмейді. Адамдардың жеке басы мен өміріне қол сұғу әрекеттері азаматтардың конституциялық құқығын бұзу болып табылады, ол үшін айыпты деп табылған адам тиісті жауапкершілікке тартылады.
| Оқушылар сұраққа жауап береді.
Жеке басқа қол сұқпаушылық бойынша түсінік алады.
|
Презентация
| Сабақтың соңы
| Кері байланыс
-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....
-Сен үшін маңызды ақпарат болды....
|
| Кері байланыс тақтайшасы
|
|
Білім беру ұйымы
| Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі
| Бөлімі
| Тіршілік қауіпсіздігі.
| Педагогтің аты жөні:
| Акдаулетова С
| Күні:
|
| Сынып:
| 8
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Алғашқы көмек көрсету ережесі
| Сабақтың мақсаты:
| Оқушыларға алғашқы көмек туралы түсінік беру.
| Сабақтың барысы:
| Сабақтың кезеңі (уақыты)
| Педагог әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
| Амандасу. Бейнесюжетте не жайында айтылған?
Алғашқы көмек — адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ АЛГОРИТМІ
Абдырап қалмай, алғашқы көмекті дұрыс көрсету үшін мына әрекеттер тізбегін сақтау маңызды:
Өзінің, зардап шегушінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (мысалы, зардап шегуші адамды жанып жатқан автокөліктен шығару). Зардап шегушінің өмір белгілерін (пульс, тыныс алуы, қарашығының жарыққа реакциясы) және есін білуін тексеру. Тыныс алуын тексеру үшін зардап шегушінің басын шалқайтып, оның ауызы мен мұрынына қарай еңкейіп, тыныс алуын естуге немесе сезінуге тырысу керек; пульсті «тыңдау» үшін зардап шегушінің күре тамырына саусағыңыздың басын қою қажет; есін бағалау үшін зардап шегушіні иығынан ұстап, ақырын қозғап, қандай-да бір сұрақ қою қажет (мүмкіндігіне қарай). Оқиға орнына мамандарды шақыру (112 – ұялы телефоннан,қалалық телефоннан – 103 (жедел жәрдем)немесе 101 (құтқарушылар). Шұғыл алғашқы жәрдемді көрсету.
Ол жағдайға байланысты мынадай болуы мүмкін:
- тыныс алу жолдарының өтуін қалпына келтіру;
- жүрек-өкпе реанимациясы;
- қан кетуді тоқтату және басқа шаралар.
Зардап шегушіге дене жайлылығын және психологиялық көмек көрсетіп, мамандардың келуін тосу.
Жағдаяттар шешу
|
Бейнесюжетті талдау.
Алғашқы көмек жайында түсінік алады.
Алғашқы көмек көрсету алгоритімімен танысады.
| https://www.youtube.com/watch?v=h8pmXpZo858
Презентация
| Сабақтың соңы
| Кері байланыс
-Сабақтың ең қызықты тұстарын ата.....
-Сен үшін маңызды ақпарат болды....
|
| Кері байланыс тақтайшасы
|
| |
|
|