Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогтің аты жөні: Акдаулетова С Күні

  • Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі (уақыты) Педагог әрекеті

  • Амандасу. Жаһандану

  • Білім беру ұйымы Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі Бөлімі

  • Рухани - адамгершілік құндылық

  • Сабақтың тақырыбы: Қарым-қатынас жасау мәдениеті Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың мақсаты: Сабақтың барысы

  • Ресурстар Сабақтың басыСабақтың ортасы Амандасу.

  • Жаһандық құзіреттілік ҚМЖ. Білім беру йымы


    Скачать 380.86 Kb.
    НазваниеБілім беру йымы
    Дата06.10.2022
    Размер380.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаһандық құзіреттілік ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #717954
    страница1 из 10
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Парасаттылық және әдеп

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не?

    Сабақтың мақсаты:

    Термин сөздермен таныстыра отырып,Жаһандық сөзінің мағынасын ашу.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт РостоуДэниел БеллАлвин ТофлерПитер ДракерДжон НейсбиттЛестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

    Жаһандық құзыреттілік – бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде (яғни, адамның қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін, ұлттық шекаралары жоқ проблемаларды түсінуін талап ететін жағдайларда) табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым-қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы. 
    Курстың юниттері


    Оқушылар жаһандану сөзіне талдау жасайды.


    Жалпы жаһандану мәселелеріне тоқталады.
    Курс юниттеріне толық мағлұмат береді.


    http://youtube.com/watch?v=QVb8EpkD7yo

    Презентация


    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Жалпы Жаһандық сөзінің мағынасы қандай?

    -Қандай жаһандық проблемалар бар екен?






    Кері байланыс тақтайшасы



    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Парасаттылық және әдеп

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    «Рухани қасиеттер - адам өміріндегі ең бастысы» (Абай)

    Сабақтың мақсаты:

    Тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Сабақтың ортасы

    Амандасу

    Миға шолу

    Еңбек етсем, ертеңгі

    Бақытыма сенемін.

    Мақсатыма жеткізер

    Уақытыма сенемін.

    Достық іс пен қасты да

    Жеңеріме сенемін.

    Ақыл, сана, білім мен

    Өнеріме сенемін.

    Арым таза, ақкөңіл

    Адалдыққа сенемін.

    Абыройлы ақ ниет

    Адамдыққа сенемін.

    Әр адам - бір-бір қайталанбас тұлға, ол ерекше, тек өзіне ғана тән жеке қасиеттері бар.

    -Адам бойындағы қасиеттер.....

    «Рух» сөзіне постер
    Рухани бай адам қандай адам?

    Әділ,ізетті,ақылды,қонақжай,мейірімді,әдепті,қанағатшыл.

    Рухани - адамгершілік құндылық -

    адамдық қасиеттің өлшемі

    • Адамның жақсылыққа талпынуы;

    • Өзге адамға жанашырлық білдіруі;

    • Айналадағы адамдарға қайырымы;

    • Өмір сүру мәселелері жайында ізденуі;

    • Өзін-өзі танып, сол арқылы дүниені, әлемді тануы;

    Құндылық өзегі-адам,

    Тәрбиесі-адам болу.
    Ізетті ұрпақ бойындағы асыл қасиеттер:Тұрақты,қуатты,сабырлы,білімді,ар-ұятты,тұрақты,әділетті,иманды......


    Өлең шумағын оқиды.

    Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап шығады

    Құрастырады.

    Презентация


    Инт.белсенді тақта



    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Бүгінгі сабақта не ұнады?

    -Бүгінгі сабаққа қандай ұсыныс ұсынар едің?





    Кері байланыс тақтайшасы






    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Парасаттылық және әдеп

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Қарым-қатынас жасау мәдениеті

    Сабақтың мақсаты:

    Тренинг жаттығулары арқылы бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы
    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    «Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та бақыт та қонбайды»-деп Ж. Баласағұни айтқандай, адам өзінің түзу ниеті, ойы, іс – әрекеті арқылы жеңіске жетеді.
    Халқымыздың дамуында, халық болып қалыптасуында қарым-қатынас мәдениетінің алатын орны ерекше. Қарым-қатынас-белгілі бір әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын күрделі қоғамдық үрдіс. Қарым-қатынастың жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше. Адам қарым-қатынасындағы ерекше орын алатын сәлемдесудің өз әдебі, жөн-жосығы бар. Әр халықтың сәлемдесу үрдісінде өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, Айн халқы /Хоккайда аралында тұратын халық /бір-бірінің құлағынан ұстап амандасса, самоастар бір-бірінің беттерін иіскеу арқылы сәлемдеседі. Сонымен қатар, лаонга қауымы қол соғу арқылы, үнділер екі алақанын біріктіріп, бас ию арқылы амандасады. Осының бәрі әрбір ұлт мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді. Қазақ дәстүрінде сәлемдесудің бірнеше түрі қалыптасқан. Мәселен, жасы кішілер үлкендермен, ақсақалдармен кездескенде әдетте, «Ассалаумағалейкум» деп қол алысады. Оған жауап, яғни сәлемді қабылдау ретінде «Уағалейкумассалам» сөзі қолданылады. «Ассалаумағалейкум» – Ей, бауырым! Бейбітшілік, тыныштық, сенім, бақыт, көркем суретте болған әр нәрсе сенікі болсын дегені. «Уағалейкумассалам» – өзіңізге де тыныштық, бақыт болсын дегені. «Сәлем» сөзі арабша бейбітшілікті, сенімді баяндайтын мағынадан тұрады. «Сәлем» – адамдар арасындағы қарым-қатынасты, жастықты, адалдықты арттыратын құралдың бірі. Көптен кездеспеген ағайын-туыс, аға-іні, құда-жекжат, дос-жаран құшақтасып амандасады.

    Әр адамның қарым-қатынас мәдениеті оның жеке-даралық қасиеттеріменде тікелей байланысты.

    Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу.

    «Ұқсастық шегі» жаттығуы

    Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады

    «Суретті аяқта» жаттығуы

    Шарты: Оқушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек-кезек шығып, сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.



    Ой-толғау

    Оқушылар қарым-қатынас туралы түсінік алады.


    Тренингтерге қатысады.



    http://youtube.com/watch?v=oEZunwPnO9E

    Сабақтың соңы

    Кері байланыс






    Кері байланыс тақтайшасы






    Білім беру ұйымы

    Жамбыл Жабаев атындағы №15 тірек мектебі

    Бөлімі

    Парасаттылық және әдеп

    Педагогтің аты жөні:

    Акдаулетова С

    Күні:




    Сынып:

    7

    Қатысқандар саны:


    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Зорлық-зомбылық және қорлау: алдын алу және қорғану

    Сабақтың мақсаты:




    Сабақтың барысы:

    Сабақтың кезеңі (уақыты)

    Педагог әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Ресурстар

    Сабақтың басы
    Сабақтың ортасы

    Амандасу.

    Миға шабуыл

    -Суреттен нені байқадыңдар?

    -Адамға зорлық-зомбылық жасауға болады ма?
    «Зорлық-зомбылық пен қатыгездік» түсінігі тар мағынада «агрессия» түсінігіне кіреді. Қатыгездік – адамның қайғысына енжарлық танытудан тұратын немесе оларға қайғы әкелуге ұмтылатын тұлға қасиеті . Зорлық – зомбылық бұл бөтеннің жүріс тұрысын бұзу.

    Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы

    Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

    Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

    Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.

    «Зорлық – зомбылық» түсінігі :

    Физикалық: итеру, жұлмалау, алақанмен жұдырықпен немесе басқа да заттармен ұру;

    Сексуалды: күштеп жыныстық қатынасқа итермелеу, қорқыту, бопсалау, зорлау;

    Психологиялық: ауызша тіл тигізу; бопсалау; өзіне қатысты немесе басқалардың тарапынан қоқан лоқы күш көрсету, қорқыту; бақылауға алу;

    Эмоционалдық: оның намысына тие отырып, орындауына мәжбүрлеу;

    Экономикалық: балаларды тәрбиелеуден бас тарту;

    Балалар еңбегін қанау: еңбек етуге мәжбүрлеу, құлдық, бопсалаушылық.

    Зорлық-зомбылық түрлері.Вербальды,Эмоциялық,физикалық,сексуалдық.


    Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашады.

    Зорлық-зомбылық туралы түсінік алады.

    Зорлық-зомбылық бойынша оқушыларға кеңес.


    Презентация


    http://youtube.com/watch?v=6m9E-72K6vg

    Сабақтың соңы

    Кері байланыс

    -Бүгін сабақты өте жақсы түсіндім

    -Бүгінгі сабақта маған қызықты болды

    -Бүгін мен үшін қиын болды





    Кері байланыс тақтайшасы



      1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    написать администратору сайта